Главная / Классному руководителю / Тақырыбы: «Ана- -өмірдің гүлі» (8 наурыз!)

Тақырыбы: «Ана- -өмірдің гүлі» (8 наурыз!)

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет, сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер
,эстетикалық безендірулер
Барысы:
Кіріспе:
Жүргізуші:
Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Ана деген асыл заттан жаралған,

Күн нұрынан сарқылмайтын нәр алған.

Аналардың бойындағы қасиет,

Жер бетіне нұр боп шалқып таралған.

Бүкіл әлем аналардың құдіретінен жаралған.

Айтыңыздаршы халайық,

Бұл өмірде қымбат бар ма анадан?

Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілеймін! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. –
дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары : Д.Ботагөз Слямбекқызына беріледі.
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне
қыздарыңыз Махамбетова Камалдың орындауындағы «Асыл ана» атты әнін қабыл алыңыздар.

Бүгін – наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі,- деп «Анашым» атты өлеңімен ортаға қыздарыңыз Назымбекова Жанарды шақырамын.

Жүргізуші:

Ал енді ата- ананы

Қол соғып қарсы алайық

Бой сергітер ойынға

Ойынның тәртібі ортаға

1 ойын Шеңбермен қыздар тұрады.Аналары сол қыздардың ішінен өз қызын тауып алуы қажет.

2 ойын «Сіріңке қорабын үрлеп көр» атты ойын.Шарты: Белгіленген жерге дейін үрлеп алып барулары керек.Жеткен соң орнына жүгіріп келулері шарт.

1-жүр: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Балалар шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса балаларыңыздың аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. (5а-сынып оқушыларының жыр шашуы)
2.Ортаға қыздарыңыз Хымбат Хулынды шақырамын.

3. Ортаға қыздарыңыз Аубакир Аххайыңды шақырамын.

4.Ортаға ұлдарыңыз Бегзат Нұрмешітті шақырамын.

Жүргізуші:

Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті қазақ биімен ортағаару қыздарымызды шақырамын.

Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.

Жүгізуші:Тағы бір ойынға кезек берейік.

3 ойын .Әр жұптың қолына бір шардан беріледі.Сол шарды арқаларына қойып түсірмей билеулері керек.

4 ойын.Ал енді балалар келесі кезек сендерге .Ойынның шарты мынадай :Орындықтар қойылады сол орындыққа музыка аяқталғанда отыра қалуларың керек.Егер отырып үлгермесе ойыннан шығып отырады және орындығы алынады.
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда
қыздарыңыз Киноятова Залинаның орындауында «Келіншек» күйі . Қабыл алыңыздар!

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Құрметті қонақтар ,біздің бүгінгі мерекеміз осымен тәмам. Кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Сау-саламатта болыңыздар!

Тақырыбы: «Ана- -өмірдің гүлі» (8 наурыз!)
  • Классному руководителю
Описание:

Тақырыбы: «Ана- -өмірдің гүлі» (8 наурыз!)

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет, сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,эстетикалық безендірулер
Барысы:
Кіріспе:
Жүргізуші:
Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Ана деген асыл заттан жаралған,

Күн нұрынан сарқылмайтын нәр алған.

Аналардың бойындағы қасиет,

Жер бетіне нұр боп шалқып таралған.

Бүкіл әлем аналардың құдіретінен жаралған.

Айтыңыздаршы халайық,

Бұл өмірде қымбат бар ма анадан?

Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілеймін! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. –
дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары : Д.Ботагөз Слямбекқызына беріледі.
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне
қыздарыңыз Махамбетова Камалдың орындауындағы «Асыл ана» атты әнін қабыл алыңыздар.

Бүгін – наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі,- деп «Анашым» атты өлеңімен ортаға қыздарыңыз Назымбекова Жанарды шақырамын.

Жүргізуші:

Ал енді ата- ананы

Қол соғып қарсы алайық

Бой сергітер ойынға

Ойынның тәртібі ортаға

1 ойын Шеңбермен қыздар тұрады.Аналары сол қыздардың ішінен өз қызын тауып алуы қажет.

2 ойын «Сіріңке қорабын үрлеп көр» атты ойын.Шарты: Белгіленген жерге дейін үрлеп алып барулары керек.Жеткен соң орнына жүгіріп келулері шарт.

1-жүр: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Балалар шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса балаларыңыздың аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. (5а-сынып оқушыларының жыр шашуы)
2.Ортаға қыздарыңыз Хымбат Хулынды шақырамын.

3. Ортаға қыздарыңыз Аубакир Аххайыңды шақырамын.

4.Ортаға ұлдарыңыз Бегзат Нұрмешітті шақырамын.

Жүргізуші:

Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті қазақ биімен ортағаару қыздарымызды шақырамын.

Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.

Жүгізуші:Тағы бір ойынға кезек берейік.

3 ойын .Әр жұптың қолына бір шардан беріледі.Сол шарды арқаларына қойып түсірмей билеулері керек.

4 ойын.Ал енді балалар келесі кезек сендерге .Ойынның шарты мынадай :Орындықтар қойылады сол орындыққа музыка аяқталғанда отыра қалуларың керек.Егер отырып үлгермесе ойыннан шығып отырады және орындығы алынады.
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда
қыздарыңыз Киноятова Залинаның орындауында «Келіншек» күйі . Қабыл алыңыздар!

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Құрметті қонақтар ,біздің бүгінгі мерекеміз осымен тәмам. Кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Сау-саламатта болыңыздар!

Автор Сагандыкова Жана Жанымхановна
Дата добавления 26.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Планирования
Просмотров 742
Номер материала 58266
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓