Инфоурок Начальные классы КонспектыТақырыбы: Абай шаңырағы.

Тақырыбы: Абай шаңырағы.

Скачать материал

Сабақ жоспары

Пәні: Ана тілі

Күні: 25.01.2016ж

Сыныбы: 3«г»

Сабақтың тақырыбы: «Абай шаңырағы» Кәмен Оразалин.

Сабақтың мақсаттары:

         Оқушыларға қазақ жазушысы Кәмен Оразалинның өмірінен білімдеріне сүйене отырып мәлімет беру.  Әңгімені сауатты, мәнерлеп оқуға машықтандыру.

         Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өз ой пікірін айта білуге баулу.

         Жақсылыққа, сыйласымдыққа, тәлім-тәрбиеге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, тізбектей оқыту.

Сабақтың көрнекіліктері: Жазушының портреті, әңгімеге байланысты сурет.

Сабақтың барысы:

Жоспар

                     Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің аты жөнім Ақерке Серікқазықызы. Мен бүгін сіздерге ана тілі сабағын жүргіземін.

         Сәлемдесу

         Түгендеу

         Балалар зейінін сабаққа аудару

                     Үй тапсырмасын тексеру.

                     Жаңа сабақ:

     – Балалар, жазушы Кәмен Оразалин «Абай шаңырағы» атты шығармасымен танысамыз. (197бет)

     Кәмен Оразалин 1920 жылы 16 маусымда Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай ауданының Құрметті азаматы. Шығармалары; «Ақ жазық»,«Көктем салқыны »,«Жазушы»,«Ана тілі»,«Елорда» деген шығармалары бар.

             Қазір мен «Абай шаңырағы» әңгімесін мәнерлеп оқимын, зейін қойып тыңдап отырыңыздар.

                                 Абай шаңырағы

                                             I

    Абай үйін өзінің көзі тірі кезіндегі қалпына өзгертпей ұстау міндетін Күнжан алды. Қыс бойы уық, керегесінің кеткенін қайта жөндетті. Ағашын қызыл күрең сұрмен боятты. Шымшилерді тоқыттырып, бояуларын ызғызды. Біркелкі ақ жүннен киіз басқызды. Басқұр, дөдеге, желбау, таңғыштарды шебер әйелдердің қолына берді. Жаз келіп, жайлауға шыққанша бітірулерін  тапсырды. Үйдің сыртқы жабдығын реттетті. Алаша, сырмақ сияқты төсеніштердің де таңдаулыларын іріктеді. Жаңадан жасалатын бұйымдарды да  Абайдың ұнататын өрнек-бояуларымен көркемдеуді ескерді. Осындай жабдықтарды әзірлеткен Күнжан Абайдың сүйікті қонысы Ботақан ошағына көшіп, қонаға жетіп еді.

                                               II

   Күнжан қонақтарға тігілген үйлер мен шатырларды аралатты. Келе жатқан Әуез, Кәрім, Кәкітай, Мекайіл, Зәкендерді көрді. Олар жақындаған кезде, Кәкітай өз ойын Күнжанға естірте сөйледі:

    – Өз ауылымды өзім танымай қалдым ғой. Жақсылық атауларының бәрін кейінге іркіп жүрген екенбіз.

  Кәкітай үйінді айнала бір жүріп, бір тоқтап рақаттанды:

   –Абай ағаның жақсы көретін ою-өрнек, бояуларын да ұмытпағаныңыз жөн болған. Рақмет сізге!- деді Күнжанға.

 Қасындағылардан әлдеқайда зор, әрі бітімді тұтас тұлғалы келген Кәрім Кәкітайдың сөзін қостай түсті:

  – Тек осындай көрікті үй Абай ағамның атына ғана лайық деп, басқасын да ұмытпасақ, - дейді.

 Бұл сөздерге Күнжанның да көңілі жай тауып, үйдің ішіне кірулерін өтінді. Кәрім Әуезге жол беріп, әлгі ойын жалғастырды:

  – Нағашы, бұл үйдің шаңырағын өзіңізге көтерткен жеңешеме біз разы боп, алғыс айтып жатырмыз.

                                             III

  Үй ішіне кіргеннен кейін Әуезде көпке дейін үнсіз бір орында тұрып қалды. Оң жақта қаттап жиналған сүйек төсек тұр. Одан жоғары орналастырылған кітап шкабы мен үш ішікті домбыра, әсіресе, Әуездің көзіне жылы ұшырап, ыстық көрініп кетті.

  Төр алдында жазылған қызыл күрең кілемнің үстіндегі  жеке-жеке қонақ көрпелер мен дөңгелек үстел  Абайдың да алыста жүрмегенін аңдатқандай сезім құшағына бөледі. Қазір, қазір-ақ Абайдың:

    – Нағашы, төрлетіңіз! – деген қоңыр дауысы естілетін сияқты. Қатты толқуға түскен Әуез:

    – Алда, қарағым, Абайжан-ай! –деп қалды.

   Үлкен адамның қобалжыған күйін аңғарған Кәрім:

    –Ау, – деп сөз аралатты, – нағыз сахараның ақ күнбез ғой мынауыңыз.

     Көз талдыра жан-жағына қарасқандардың үнсіздігін әлден соң Әуез бұзды:

     – Қайырлы болсын! Біз бұдан артық не тілейміз, бәріңе де рақмет!

   Осылайша тілек еткен Әуез төрге шығып жайласқан еді.

  

– Енді қазір бірінші қатардан бастап мәтінді бір – бір сөйлемнен тізбектей оқып шығайық!

– Суретпен жұмыс

– Мәтіндегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді тауып оқы.

– Осы сөздерді пайдаланып, суреттегі Абай үйін сипаттап айт.

 

         Балалар, әңгімеде не жайлы айтылған?

         Суреттен не көріп тұрсыңдар?

         Абайдың үйін осындай әдемі ұстаған кім?

         Әңгімеде қандай кейіпкерлердің есімдері аталды?

          Киіз үйді көрен Әуез қарт қандай  күйде болды?      

           Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді?                                                                  

         Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?

 

        Қорытындылау:

                     Үй тапсырмасын беру:

 «Абай шаңырағы» әңгімесін уйден мазмұндап келу.

                     Бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Абай шаңырағы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: «Абай шаңырағы» Кәмен Оразалин.Сабақтың мақсаттары:•Оқушыларға қазақ жазушысы Кәмен Оразалинның өмірінен білімдеріне сүйене отырып мәлімет беру. Әңгімені сауатты, мәнерлеп оқуға машықтандыру.•Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өз ой пікірін айта білуге баулу.•Жақсылыққа, сыйласымдыққа, тәлім-тәрбиеге үйрету.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 984 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.11.2020 440
    • DOCX 6.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Халитова Ирина Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Халитова Ирина Владимировна
    Халитова Ирина Владимировна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 93023
    • Всего материалов: 224

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека