Инфоурок Начальные классы КонспектыТабиғат құбылыстары (3-сынып)

Табиғат құбылыстары (3-сынып)

Скачать материал

                                           Дүниетану    

  Тақырыбы:  Табиғат  құбылыстары (3-сынып)

Мақсаттары: 1) Оқушылардың табиғат құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту,табиғат-адам өмірінің тірегі екенін оқушы санасына жеткізу.
Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын көреді және түсінеді.
Әдісі: әңгімелеу,талдау,сұрақ-жауап.
Түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: оқулық,мақал-мәтел  «Жыл мезгілдері» суреттер.
                                         Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.

 Психологиялық дайындық:
Қоршаған  орта   табиғат,

Жануар,өсімдік,адамзат.

Сүю, қорғау-парасат,

Білейік  мұны жамағат.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты қайталау.
Қызығушылықты ояту
- Ал балалар, қазір қай жыл мезгілі? (Күз)
- Күз айларын атап беріңдер.(қыркүйек, қазан, қараша)
- Бүгін қай күн?
- Дұрыс жарайсыңдар! Балалар күз мезгілінде болып жатқан өзгерістерді байқап жүрген шығарсыңдар. – Иә, дұрыс, күн суытып, жапырақтар сарғайды. Біздің сыныпқа хат келіпті, ал оның ішінде не бар екен? Бұл жапырақтар екен ғой! Қандай керемет! Балалар жапырақтарда  тест сұрақтар жазылыпты. Осы тапсырманы ойланып, дұрыс жауап берулеріңді сұраймын - деп тапсырма орындауға екі минут уақыт беріледі, содан кейін оқып шығады да, оқушылардың жұмыстарын жиып алу.

Слайд арқылы тест жауабын тексеру.
-1.Термометрдің ішінде қандай сұйықтық бар?

а\ қорғасын                          в\ су                            Б

б\ сынап                              г\ құм

2. Табиғатты құрайтын үш негізгіні ата.

а\ жер, су, ауа                    в\ су, тамақ, адам         А

б\ ағаш, адам, жануар       г\  жер, ауа жарық

3. Табиғат неше бөлікке бөлінеді?

а\ 3                               в\ 4                                     Б

б\ 2                              г\ 5

4.Өлі табиғатқа нелер жатады?

а\ жаңбыр, қар           в\ торғай, қарға                  Г

б\ ай,жұлдыз              г\ топырақ, құм

5. Тірі табиғатқа нелер жатады?

а\ ағаш, өсімдік             в\ тас, тау                    А

б\ бұлт, жаңбыр            г\ күн, түн

 

Слайд.
Табиғат құбылыстары жайындағы жұмбақтарды шешу.

 

Дүрліктіріп  қырқаны ,

Шақпақ  тастың  жарқылы

Бұлт көрпесін  жыртады .           (Найзағай)

 

Шашылды  көктен  ақ  моншақ ,

Жоғалды  біздер  тапқанша-ақ .             (Бұршақ)

              

Көзіңе  көрінбейді ,

Қаңғуға  ерінбейді .

Шалғынды  жапырады ,

Жол бойын сыпырады.                   (Жел)

 

Мөлдіреген  жүзімді

Ұстап едім ,езілді .                       (Шық)

 

Шөпті  жапырып ,

Құмды сапырып ,

Қоқысты үйіріп ,

 Әкеткен  не шүйіріп?                  (Құйын) 

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Табиғатта болып  тұратын өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.

    Кейбір табиғат құбылыстары жылдың белгілі бір уақытында ғана болып тұрады. Тірі және өлі табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады. Жылдың 4 мезгіліне байланысты табиғатта өзгереді. Мысалы: ағаштар мен шөптер көктейді және құрайды. Жаңбыр, бұршақ, қар жауады. Жел, боран соғады. Осының барлығы табиғат құбылыстары. 

Балалар, біз күздің кереметтеріне тағы бір тоқталып кетейік.
- Күз қандай?
- Күзде не болып жатады?
- Қандай құбылыстарды байқауға болады - деген сұрақтарға жауап беретін тірек сызбаларды жасайды. Балалардың пікірлеріне мынандай сызба жасалады.
Күз?
↓ 

Жапырақ сарғаяды.

жапырақтар түседі. 

Күн  қысқарады.

Жаңбыр жауады.

Күн суытады.

Егін жиналады .

Жеміс жидектер піседі.

Түн ұзарады .    

Құстар ұшып кетеді.
- Өте жақсы, балалар. «Қоңырқай күз болыпты, қурап жапырақ солыпты»- дегендей Абай Құнанбаевтың «Күз» өлең шумақтарың кім айтып береді екен? ( жатқа айту).

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

 

Кәне,балалар дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді,тақырыпты  жазайық .                                   

 ә) Сергіту сәті: «Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел есейіп...»
б)- Жақсы, сәл демалып алдық, демек кітаппен жұмыс жасауға дайынбыз оқулықтың 40- 42 бетті ашамыз, әр бір парақты 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Оқушылардың оқыған білімдеріне қатысты сұрақ - жауап алынады.
в) «Ойлан ,тап!» ойыны.Әр оқушы  жеке-жеке өзі білетін табиғат құбылыстарының  бірін суреттейді. Басқа оқушылардың міндеті-сол құбылысты табу.

Слайд.

г) Фотомен  жұмыс.Жер сілкінісі,сел,топан су(тасқын),дауыл және басқа да фотоларды /суреттерді оқушылар қарап шығады.
д) Балалар мына дыбыстарды тыңдайықшы. Ненің дыбысын естігендеріңді айтасыңдар.
1. Жел
2. Найзағай
3. Жаңбыр.- (деп жауап береді)
д)- Балалар, бұрын ауа - райын бақылау орталығы болмаған. Ауа - райын қалай бақылаған деп ойлайсыңдар? Табиғат құбылыстарына байланысты ата - бабаларымыз халықтық болжамдар жасаған, соның  бірі жұлдыз жиі болса,қыста суық,жазда ашық ауа-райы болады деп болжаған.

ІV. Білімді бекіту:

-Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
V. Рефлекция:

1.Мен үйрендім...

2.Мені таңғалдырды...

3.Мен білгім келеді...
VІ.Үйге тапсырма: Табиғат құбылыстарын және қосымша материалды оқып келу.

VІІ.Бағалау: Оқушыларды бағалау және мадақтау. 

 


Санай Келдігүл

бастауыш сынып мұғалімі

«Московский орта мектебі»ММ

Есіл ауданы

Ақмола облысы

 



 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Табиғат құбылыстары (3-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Табиғат құбылыстары (3-сынып) Мақсаттары: 1) Оқушылардың табиғат құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту,табиғат-адам өмірінің тірегі екенін оқушы санасына жеткізу. Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын көреді және түсінеді.Әдісі: әңгімелеу,талдау,сұрақ-жауап. Түрі: аралас сабақ.Көрнекілігі: оқулық,мақал-мәтел «Жыл мезгілдері» суреттер. Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық:Қоршаған орта табиғат,Жануар,өсімдік,адамзат.Сүю, қорғау-парасат,Білейік мұны жамағат.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты қайталау.Қызығушылықты ояту - Ал балалар, қазір қай жыл мезгілі? (Күз) - Күз айларын атап беріңдер.(қыркүйек, қазан, қараша) - Бүгін қай күн? - Дұрыс жарайсыңдар! Балалар күз мезгілінде болып жатқан өзгерістерді байқап жүрген шығарсыңдар. – Иә, дұрыс, күн суытып, жапырақтар сарғайды. Біздің сыныпқа хат келіпті, ал оның ішінде не бар екен? Бұл жапырақтар екен ғой! Қандай керемет! Балалар жапырақтарда тест сұрақтар жазылыпты. Осы тапсырманы ойланып, дұрыс жауап берулеріңді сұраймын - деп тапсырма орындауға екі минут уақыт беріледі, содан кейін оқып шығады да, оқушылардың жұмыстарын жиып алу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 760 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.07.2020 263
    • DOCX 18.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бурлакова Светлана Адамовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бурлакова Светлана Адамовна
    Бурлакова Светлана Адамовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 102323
    • Всего материалов: 231

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1102 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 288 человек

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе