Главная / Логопедия / Сөзбен орындалатын ұлттық ойындар

Сөзбен орындалатын ұлттық ойындар

Сөзбен орындалатын ұлттық ойындар.


« Ақ сүйек»

Ойыншылар екі топқа бөлініп, бір сызық бойына көрнекті жерге, бір біріне жақын тұрады.

Содан кейін бірінші топ ішіндегі ақ сүйекті жазық далаға мүмкіндігі болғанша алысқа лақтыруға тырысады. Екінші топтағылар іздеуге кіріседі, ал бірінші топ жайлап, сүйек лақтырып түскен жерге келеді.

Сүйекті тауып алған ойнаушы алғашқы ойын басталған жерге баруы тиіс, ал қарсыластары сүйекті тартып алуға тырысады. Оған арашылыққа өз тобынын ойнаушылары араласып, сүйекті бір біріне береді.

Егер іздеуші топ сүйекті аман есен жеткізіп болса, қарсы топтан бір ойнаушыны өз жақтарына тұтқындыққа алады. Тұтқындықты алып кеткеннен кейін, барлық ойнаушылар куанышты және көңілді ырғақпен « Айгөлек» әнін шырқайды.

Айгөлек, Айгөлек,

Айдың басы дөңгелек,

Сен шақырсаң, мен керек,

Мен шақырсам, сен керек.



«Үй артында қолағаш»

«Үй артында қолағаш» деген ойынында ойнаушылар бір бірімен қол ұстаса тұрып киіз үйдей шеңбер құрайды. Ойнаушылардың бірі қолындағы белдігімен не орамалмен шеңберді айнала жүгіріп өлең айтады

Үй артында қолағаш,

Желбеу тартам,

Есік аш.

Ойнаушылар оны шеңбер ішіне кіргізбейді және олар сол өлеңді айтуға жалғастырады.

Үй артында

Қолағаш,

Жел кірмесін,

Есік жап.

Осы кезде ойнаушы кенеттен өзінің дөңгеленіп тұрғандардың біреуін белдікпен соғады да, белдікті жерге тастап, жүгіруін жалғастырады.

Соғылған ойнаушы тез белдікті ала салып, ойнаушыны қарсы алуға жүгіреді, ал оның орны бос қалады. Барлық ойнаушылар көтерінкі ырғақпен

Қолағаш, қолағаш,

Жел кірмесін,

Есік бас.

Егер ойыншы бос орынға бірінші болып ұмытылса, онда оның жеңіске жеткені, ал жете алмаған ойыншы ойын қайта жалғастырады.



« Соқыр теке»

Ойнаушылар шеңбер жасап, ортасына « теке» қойып, көзін байлап жатқанда, ол өлең айтады.

Әй! Қаранғы көзім жоқ

Тиіп кетсе сөзім жоқ,

Маған жақын келіңдер,

Бір қыз ұстап беріңдер.

« Текенің» көзін байлаған кезде, ызаландра отырып, өлең айтады:

Соқыр, соқыр – соқырақ.

Өз көзіне топырақ,

Топырағым алайын,

Тотыяйын салайын,

Ал, ұстап көр батырым,

Міне келе жатырмын.

Осы кезде ойыншы біреуі «текені» итереді, ол сол кезде оны ұстап алуы керек, ұсталған адам «теке» болып жаңа « текені» ұстауға тырысады.

Ойын осылай жалғаса береді.


«Поезд» ойыны

Жүргізуші балаларды үлкен топқа бөледі.Бірінші топ балалары бір бірінең белінен ұстап поезд болады, ал екінші топ « поезд» әнін айта бастайды.

Кәне кімнің бойы ұзын,

Паровозы ол поездың,

Қатар – қатар тұрайық,

Поезді бір құрайық.

Деген кезде, поезд болған топтың бір баласы топтын алдына шығып паровоз болып тұра қалады. Осы әннін шұмағына бірінші топтың балалары да қосылып, ойында бастайды. Музыка ырғағымен балалар поезд қозғалысын бейнелейтін қимылымен жүреді.

Ал, паровоз баста алға,

Бәріміз басқар да,

Пш – пш, пш – пш, біз кеттік,

Гу – гу, гу – гу гуілде.

Қалып қойма бірің де.

Пш – пш, пш – пш, біз кеттік.

Жүрісті тым үдеттік.

Балалар өз орындарына музыка ырғағымен жүре бастайды. Ілгері жүреді. Балалар гуілдейді, күледі, қуанады, жүгіреді. Қолдарын белдеріне босатып, ілгері – кейінді тербеледі. Поезд соңында тұрған баланы паровоз етіп ауыстырып отыру керек.

Ойынның тәрбиелік мәні: Балалардың саздық қабілеттілігін арттыруға, әннін сөздеріне байланысты әрекет, қимылдар жасап үйренуге зор әсер етеді.



« Қоян» ойыны

Жүргізуші жалпы топтан қояндарша киінген 8 баланы бөлек шығарып алады да, ересер 4 қоян, 4 баланы қоянның көжектері етіп белгілейді. Саздық алғашқы тактісіне үйдің төрт бұрышынан екі екіден қояндар секіріп – секіріп, шыға келеді. Қалған балалармен тәрбиеші «Қоян» деп аталатын әнді айта бастайды:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы – қырлы жерлермен,

Ытқып – ытқып жүгірді,

Қояндар елеңдеп жан жағына қарасады, әннін қайталануында ытқып, секіріп өздерінің жүрістерін салады. ән айтып тұрған балалар бір екі рет қол шапалақтайды.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпандап,

Көжегі екен өзінің.

Қояндар жалақтап артына, бір біріне қарасады.

Ойының тәрбиелік мәні: Айтылған әннің сөздеріне, әуеніне зер салып, ұқыпты жүруге , әннін сөздеріне сәйкесті қимыл қозғалыстар жасауға баулиды.



« Жаңбыр жауады» ойыны.

Ойын үй ішінде өтеді. Жүргізуші әр қайсында 4 баладан 4 топ құрып, әр топқа бір бір орамалдан береді. Бұл топтар орамалдан 4 бұрышынан ұстап, үйдің бұрштарына орналасады. Орамал ұстап жүрген топтарды қалған балалар үй деп есептеулері керек. Олар саз басталғанда екі – екіден гүл теріп, қыдырып жүреді. Саз қатты ойнағанда « күн күркіреді, енді жаңбыр жауады» - деп түсініп жанағы үйлерге келіп енулері қажет. Балалар кірген үй орынын ауыстырып, бұрыштан бұрышқа дамылсыз көшіп отырғаны жөн.

Ойынның тәрбиелік мәні: Балаларда шапшандық пен ыждағаттылыққа икемдейді, жеңіл, ширақ жүрулеріне, саздың дыбыс күшіне бірде қатты, бірде ақырын естілуін аңғара білулеріне мүмкіндік береді.


«Қоянды ұстандар» ойыны.

Жүргізуші бір баланы қоян етіп белгілейді де қалған балаларды үлкен шеңберге тұрғызады. Сөз басталысымен шеңбер жасап тұрған балалар шеңбердің ішінде жүгіртіп жүрген қоянның жүрісін секіруін салады. Бұл жүрістерді қоян болып жүрген бала көрсетеді, қалған балалар қол соғып көшеметтеп, барлығы қоянның қозғалысын жасап, бірге ойнайды. Саз біткен кезде шеңберде тұрған балалар қоянды шеңберден шығармау әрекетін жасап, тез ұстаса қалулары керек. Ал қоян болып жүрген бала шеңберден шығуға ұмытылады, егер қоян шеңберден шығып кете алса, онда ол өзі қалған орныны бір баланы орнына сайлайды. Ал шыға алмаса, қоян – бала айбын тартады: билейді не ән салады.

Ойының тәрбиелік мәні: саз ырғағына ілесіп, еркін қимылдар жасау арқылы балалардың бұлшық еттерінің шируына, денелерінің шынығуына әсері мол, саздың сонын, аяқталысын аңғара білуге үйрету.



« Қасқыр қақпан» ойыны

Ойыншылар үлкен шеңбер құрып, «Қасқыр қақпаны» әнін бастайды:

Қасқыр түссе қораға,

Ұстасқа бола ма,

Қол ұстасып тұрайық,

Қасқыр қақпан құрайық.-

Деп барып бәрі «қақпан» құрады. Осы кезде қасқыр болып жүрген балалар біресе шеңбердің ішіне еніп, біресе сыртына шығып, шеңберді айналып жүгіріп жүреді «Шеңбер» қақпан құрып жүрген балалар әнді онан әрі:

Кәне, кәне тұрайық,

Қасқыр қақпан құрайық,

Біздің қақпан болаттай,

Қасқырды тұр жолатпай.

Деп қасқырларды шеңберден шығармай, әрекеттерін жасай жүріп, шеңбердің сыртында қалған қасқырларды ерегестірген болады. Сол кезде қалған қасқырлар да шеңберге кіре бастайды, ал балалар әнді жалғастырып:

Қасқыр, қасқыр, келіп көр,

Қақпан, қақпан берік бол.

« Ап» деп жүрелеп отыра қалады.

Тәрбиелік мәні: Балалар саздық ойындарды дұрыс білуге, саз тандау тәсіліне, ықшамдыққа, шапшандыққа және ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.



«Кішкентай әтештер» ойыны

Бастарына әтештің суретін киген екі топ қыдырып жүреді. Саз басталғанда қолдарын тік ұстап, манғазданып, қомданып үйдін ортасына топталады. Үйдің ортасында жатқан жемді көріп соған жүгіреді. Саздың екінші бөлімі басталған әтештер оң аяқтарын көтеріп, жемге таласқан болып, иық қағыстырады. Иық қағыстырып жүргенде қайсының аяғын жерге жанасып, тиіп кетсе, ол әтеш жеңілген боп саналып, ойыннан шығып қалады. Жеңіске жеткен әтеш өз орнына жолдастарының бірін сайлайды, жеңілген әтештер би билеп, ән айтып береді.

Ойынның тәрбиелік мәні: Ойын қимыл әрекеттердің бәрін саздың сүйемелдеуімен жасауға, саздың ырғағын сезінуге, дене шынықтыруға баулиды.




Сөзбен орындалатын ұлттық ойындар
  • Логопедия
Описание:

« Ақ сүйек»

Ойыншылар екі топқа бөлініп, бір сызық бойына көрнекті жерге, бір біріне жақын тұрады.

Содан кейін бірінші топ ішіндегі ақ сүйекті жазық далаға мүмкіндігі болғанша алысқа лақтыруға тырысады. Екінші топтағылар іздеуге кіріседі, ал бірінші топ жайлап, сүйек лақтырып түскен жерге келеді.

Сүйекті тауып алған ойнаушы алғашқы ойын басталған жерге баруы тиіс, ал қарсыластары сүйекті тартып алуға тырысады. Оған арашылыққа өз тобынын ойнаушылары араласып, сүйекті бір біріне береді.

Егер іздеуші топ сүйекті аман есен жеткізіп болса, қарсы топтан бір ойнаушыны өз жақтарына тұтқындыққа алады. Тұтқындықты алып кеткеннен кейін, барлық ойнаушылар куанышты және көңілді ырғақпен         « Айгөлек» әнін шырқайды.

Айгөлек, Айгөлек,

Айдың басы дөңгелек,

       Сен шақырсаң, мен керек,

      Мен шақырсам, сен керек.

 

 

«Үй артында қолағаш»

«Үй артында қолағаш» деген ойынында ойнаушылар бір бірімен қол ұстаса тұрып киіз үйдей шеңбер құрайды. Ойнаушылардың бірі қолындағы белдігімен не орамалмен шеңберді айнала жүгіріп өлең айтады

Үй артында қолағаш,

Желбеу тартам,

Есік аш.

Ойнаушылар оны шеңбер ішіне кіргізбейді және олар сол өлеңді айтуға жалғастырады.

Үй артында

Қолағаш,

Жел кірмесін,

Есік жап.

Осы кезде ойнаушы кенеттен өзінің дөңгеленіп тұрғандардың біреуін белдікпен соғады да, белдікті жерге тастап, жүгіруін жалғастырады.

Соғылған ойнаушы тез белдікті ала салып, ойнаушыны қарсы алуға жүгіреді, ал оның орны бос қалады. Барлық ойнаушылар көтерінкі ырғақпен

Қолағаш, қолағаш,

Жел кірмесін,

Есік бас.

Егер ойыншы бос орынға бірінші болып ұмытылса, онда оның жеңіске жеткені, ал жете алмаған ойыншы ойын қайта жалғастырады.

 

 

« Соқыр теке»

Ойнаушылар шеңбер жасап, ортасына « теке» қойып, көзін байлап жатқанда, ол өлең айтады.

     Әй! Қаранғы көзім жоқ

Тиіп кетсе сөзім жоқ,

     Маған жақын келіңдер,

    Бір қыз ұстап беріңдер.

« Текенің» көзін байлаған кезде, ызаландра отырып, өлең айтады:

           Соқыр, соқыр – соқырақ.

Өз көзіне топырақ,

   Топырағым алайын,

   Тотыяйын салайын,

         Ал, ұстап көр батырым,

      Міне келе жатырмын.

Осы кезде ойыншы біреуі «текені» итереді, ол сол кезде оны ұстап алуы керек, ұсталған адам «теке» болып жаңа « текені» ұстауға тырысады.

Ойын  осылай жалғаса береді.

 

«Поезд» ойыны

Жүргізуші балаларды үлкен топқа бөледі.Бірінші топ балалары бір бірінең белінен ұстап поезд болады, ал екінші топ « поезд» әнін айта бастайды.

    Кәне кімнің бойы ұзын,

 Паровозы ол поездың,

    Қатар – қатар тұрайық,

Поезді бір құрайық.

Деген кезде, поезд болған топтың бір баласы топтын алдына шығып паровоз болып тұра қалады. Осы әннін шұмағына бірінші топтың балалары да қосылып, ойында бастайды. Музыка ырғағымен балалар поезд қозғалысын бейнелейтін қимылымен жүреді.

Ал, паровоз баста алға,

                          Бәріміз басқар да,

            Пш – пш, пш – пш, біз кеттік,

                          Гу – гу, гу – гу гуілде.

Қалып қойма бірің де.

             Пш – пш, пш – пш, біз кеттік.

                           Жүрісті тым үдеттік.

Балалар өз орындарына музыка ырғағымен жүре бастайды. Ілгері жүреді. Балалар гуілдейді, күледі, қуанады, жүгіреді. Қолдарын белдеріне босатып, ілгері – кейінді тербеледі. Поезд соңында тұрған баланы паровоз етіп ауыстырып отыру керек.

Ойынның тәрбиелік мәні: Балалардың саздық қабілеттілігін арттыруға, әннін сөздеріне байланысты әрекет, қимылдар жасап үйренуге зор әсер етеді.

 

 

Автор Бегайдарова Назгуль Серикбаевна
Дата добавления 15.04.2015
Раздел Логопедия
Подраздел Планирования
Просмотров 652
Номер материала 59672
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы