Главная / Начальные классы / Сөз және оның құрылымы

Сөз және оның құрылымы


Сөз және оның құрылымы
  • Начальные классы
Описание:

                                                                                                                                   Осакаров ауданы
                                                                                                                                    №2ОМ КММ
                                                                                                                              Бастауыш сынып мұғалімі
                                                                                                                                Мугарав Бахытжан

№6. Тақырыбы:  Сөз және оның құрылымы

          Мақсаты:  сөздердегі я, ю әріптерінің ерекшеліктерін,  сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету; сөздік қорын, қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,  жинақтау, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері:мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Жазда» тақырыбында жазылған шығармаларын оқу, талдау. Сөйлемдерде кездесетін у дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату.

ІІІ.  Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс:   а) оқулықпен жұмыс 1. Қоян сөзінде неше әріп бар? Неше дыбыс естіледі? Аю сөзінде ше? Я және ю қанда дыбыс болып есептелінеді? 2. Я және ю дыбыстары ездесетін сөздерді айту.  ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу: Ғ ғ Ғ ғ Ғалия.
   
 36-жаттығуды өшіріп жазу, сөздердің мағынасын ашу, ю, я әріптерінің атылуы мен жазылуындағы ереекшеліктерін айту.  Оюшы, зиян  сөздерінде неше буын бар? Я, ю дыбыстары қандай дыбыстар? «Өз орнын тап» ойынын ойнату. Ойынның шарты: орны ауыстырылып берілен сөздерден сөйлем құрау.
 
38-жаттығу ю деп айтып көрейік. Алдымен қандай дыбысты естисіңдер? Мына сөздердің қайсысына у дыбысын қосқанда ю шығады?  Жи-ю, ки-ю, қо-ю, жа-ю.
39-жаттығудағы сөлемдерді и,я,ю әріптерімен толықтырып жазу.
40-жаттығудағы өлеңдерді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу,  суреттпен жұмыс жүргізу.
41-жаттығудағы сұрақтардың жааптарындағы сөздерден сөзжұмбақ құрастыру. Неше сұрақ берілген? Бес әріпті сөз шығатын неше және қандай жауап бар? Осыны негізге ала отырып сөзжұмбақ құрастыру.
қ    о    я    н
т    а    қ    и    я
қ    а    р    и    я
п    и    я    з
ұ    я
    т    а    қ    и    я
қ    а    р    и    я
    қ    о    я    н
п    и    я    з
ұ    я


42-жаттығудағы ребустың жауабы «хайуанат». Осы сөзге қатысты шағын әңгіме құрастыру, оқу, талдау. в) Сергіту жаттығуы
Ү.   Бекіту:  1.  Ю, я дыбыстары қандай дыбыстар? Олар қандай әріптердің қосындысынан тұрады? 2.   Өздік диктант:  жи+у= ....,  ки+у=....,  жыми+у=....,   бұрти+у=....,   тымпи+у=....,   жай+у=....,   есей+у=....,   үлкей+у=....,   түй+у=... .
ҮІ. Қорытындылау  Балалар, бүгін біз не үйрендік? 
ҮІІ.  Үйге тапсырма:   43-жаттығу, 15-бет түсіндіру.
 ҮІІІ. Оқушыларды бағалау


Автор Мугарав Бахытжан
Дата добавления 21.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 636
Номер материала 54580
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы