Сыр - сұхбат
«Мұғалім-мамандық,
ұстаздық-қасиет»
Ж.Досмұхамедов
атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы Н.Ө.Ахметова
|
|
Сыр-сұхбаттың мақсаты:
а) Ақпараттық: Кездесуге шақырған адамның жаңа қырларын білу,
студенттерді үлкенді сыйлауға, басқалардың балалық шағымен өз өмірін
салыстырып, өмірде, адамдар арасында болатын түрлі жағдайларға назар аударуға
дағдыландыру.
ә)
Коммуникативтік: Қонақпен сұхбаттаса отырып, өздері таңдаған мамандыққа бейімделуге, өз бетінше ой қалыптастыруға,
өмірді сүюге тәрбиелеу.
б) Проблеманы шешу:
Танымал тұлға мен кейінгі
буын арасын байланыстыра отырып, жақын таныстыру, өмірін үлгі-өнеге ету.
Шараның түрі: Сыр-сұхбат, танымдық шара
Әдісі:
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, презентация.
Көрнекіліктер: Интерактивті
тақта, слайдтар, шарлар, қағаздар, түрлі-түсті фломастерлер, қарындаш,
өшіргіш, смайликтер
Барысы:
- Оқушылармен сәлемдесу
- Қонақты қарсылау
- Сұрақ-жауап
- Қорытындылау
Оқытушы: Құрметті ұстаздар, студенттер, қонақтар!
Біздің бүгінгі сыр-сұхбаттың қонағы, ұстаздардың ұстазы, студенттердің азамат
болып, өз орындарын табуға зор үлесін қосып жүрген Ж.Досмұхамедов атындағы
педагогикалық колледждің оқытушысы, практика меңгерушісі Батишева Зәуре
Дәулетқызы. Қош келдіңіз апай! Көңіл-күйіңіз қалай? Студенттер сұрақтары
іштеріне сыймай кездесуді асыға күтіп отыр. Сыр сұхбаттың дәстүрі бойынша
өзіңіз жайлы анықтамадан бастайық..
Батишева Зәуре
Дәулетқызы
1953 жылы 6 ақпанда Орал
облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі селосында дүниеге келген.
1968-1972ж.ж. Орал педагогикалық училищесінің студенті.
1973-1978ж.ж. Орал педагогикалық институты
тарих факультетінің сырттай бөлім студенті
1972-1980ж.ж.Тасқала ауданы, Ақтау ОМ-нің
бастауыш сынып, тарих пәні мұғалімі, тәрбие ісінің орынбасары.
1980-1994ж.ж. Тасқала ауданы, Камен ОМ-нің ,
тарих пәні мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі.
1994-2001ж.ж. №9 ЖОББМ-нің тәрбие ісі
меңгерушісі.
2001-2007ж.ж. Ж.Досмұхамедов атындағы
педагогикалық колледжнің қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі.
2007-2012ж.ж. №5 ЖОББМ-нің директоры.
2012ж-дан осы кезге дейін Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде
практика меңгерушісі болып қызмет атқарады.
Оқытушы:
Сөк мейлі, сен оларды,
сөкпе мейлі,
Лайық менің балам ерге дейді.
Ұстазың бір сабақтан «мұның не?»-деп,
Баладай бір - біріне өкпелейді.
Кешіміз сұхбат ретінде өтеді,
арнайы тапсырмаларымыз дайындалды, апай ортаға келіңіз, төрге жайғасыңыз.
Студенттер:
1. Балалық шақтан есіңізде
не бар?
2. Туған жер сізге несімен ыстық?
3. Жас кезіңізде қандай қыз болдыңыз?
5. Отбасыңыз, балаларыңыз туралы айтып бересіз бе?
6 Алғашқы ұстаздық жолыңыз
жайлы айтып берсеңіз.
7. Алдағы армандарыңыз жайында айтыңызшы?
8. Шет елде болдыңыз ба?
9. Сыйласатын достарыңыз кімдер?
10. Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
11. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
12. Сіздің әдемілігіңіздің, жас болып көрінуіңіздің себебі неде?
13. Кейде біреу сіздің аяғыңыздан шалса,
мұқалып шаршайсыз ба, қайғырасыз ба?
14. Ұстанымыңыз жөнінде әңгімелесеңіз.
15.Қоғам. қазіргі заман, т.б.туралы қандай
ойдасыз, көңіліңіз тола ма?
Оқытушы:
Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған
батыр да, тілінен бал тамызған ақын да, тегеуріні темір балқытқан ұста да,
бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздарға біздер өмір
бойы қарыздармыз, борыштармыз, басымызды иіп өтеміз.
Ол менің «ұлым менен,
қызым» дейді,
Естісе олар жайлы елеңдейді.
Отырар тілекшің боп, есейсең де,
Қайырылып қалмасыншы «кемең» дейді.
1. Тапсырма: «Жасырын
хат,ойлан тап!» Ерте-ерте-ертеде... әлі адамдар әріп танымаған уақытта, олар
бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Қазір сізден
суретте салынған тапсырманың мағынасын табуыңыз сұралады.
1.Бүгін маған кешкі сағат 6-да телефон
соқшы.
2.Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға
барайық.
3.Жексенбі күні сағат 15:00-де менің туған
күнім.
2. Тапсырма: Өнерге
деген көзқарасыңыз қандай, бір ән айтып, би билеп берсеңіз.
(Оқушылар
қонақпен бірге ән айтып, би беледі. Ұстаз бен кейінгі
буын арасында тығыз байланыс, жақын таныстық орнап, өмірін үлгі-өнеге етті.)
Оқытушы: Студенттер,
апайға қандай баға қоямыз?
Студенттер: Әрине,
5 деген баға қоямыз.
Оқытушы: Сіз сияқты үлкен тұлғамен кездесу, бүгінгі болып жатқан сұхбаттың өзі
тарих деп ойлаймын. Бүгінгі кездесуден сізге қойылған сұрақтардың ішінде
өзіңізге ұнаған, жақын болған сұрақты қойған студентке өз қолтаңбаңызды қойып
кітапты сыйласаңыз.
Сыр сұхбаттың әдемі бір дәстүрі бар. Бұл
смайликтер. Бүгінгі кездесуден өзіңіздің коңіл-күйіңізді осы смайликтердің
біреуін таңдау арқылы корсетсеңіз.
«Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ыбырай
Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске
аспайтыны белгілі. Өмірде қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар,
қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға
қарыздар. Ол – ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды
тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың
еңбегі – ұлы еңбек.
Қорытындылау
Сонымен бүгінгі кештің қонақтары,
ұстаздар, студенттер, қонақтар! Біздің ортамызда жүрген апайымыздың көп қырын,
өнерін үлкендер білгенмен студенттеріміз біле бермейтін еді. Бүгін апайымыздың
да есіне көп нәрселер түсіп, бізге жақсы - жақсы әңгімелерін айтты. Біле
бермейтін жақтарымыз көп екен, жақсы бір сұхбаттың куәсі болдық, апай сізге рахмет.
Өнеріңізді көрдік, әңгімеңізді айттыңыз, бізден ескерткіш болсын деп,
сыйлығымызды қабыл алыңыз. Сау болыңыз.
Студенттермен естелік
суретке түсу.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.