Главная / Другое / Сыныптан тыс жұмыстардың талдамалары

Сыныптан тыс жұмыстардың талдамалары

Ана тілі аруы байқауы

1-ші жүргізуші:

Армысыздар,қадірлі қонақтар! Құрметті ұстаздар! Аяулы оқушылар!



2-шi жүргізуші: 22-қыркүйек-Тілдер күні баршаңызға құтты болсын!



1-ші жүргізуші: Тілдер мерекесіне арналған “Ана тілі аруы” байқауына қош келдіңіздер!



2-шi жүргізуші: Құтты болсын бәріңе,

Тілдер күні мереке!

Қазақстан жерінде,

Болсын бірлік,мереке!



1-ші жүргізуші: Тәуелсіздік-мәніміз,

Достық-біздің сәніміз.

Мемлекеттік тіл болған,

Қазақ тілі-әніміз!



2-шi жүргізуші: Қазақ осы айтпатұғын елге сыр,

О,ағайын,халық емес,ол кесір.

Қазақ осы аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы ағыл-тегіл,көл көсір.

Қазақ осы «Өнер алды-тіл» дейтін,

Қазақ осы қарасың ба,ақсың ба,

Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,

деп ақын ағамыз Қадір Мырза Әли айтқандай,қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өілдері бір шаңырақ астында татулықта,сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Әрбір қазақ баласы өз Отанын сүю,мәдениеті мен ана тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет. Осы мақсатпен бүгін “Ана тілі аруы” атты байқау өтейін деп отыр.



1-ші жүргізуші: Байқауға сөзге шебер,білімді де өнерлі қыздар қатысқалы тұр. Байқау 5 кезеңнен тұрады;

1-кезеңде:Байқауға қатысушылар өздерін таныстырады;

2-ші кезеңде:“Менің ана тілімнің болашағы” деген тақырыпта эссе оқу;

3-ші кезеңде: “Білімді мыңды жығар”деп аталады. Мұнда түрлі сұрақтарға жауап береді;

4-ші кезеңде: Мақал-мәтел айтудан жарысқа түседі;

5-ші кезеңде: Аруларымыздың мәнерлеп оқу шеберлігін танып білеміз;

Әр бөлім 5 ұпаймен бағаланады.



2-шi жүргізуші:

Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім,мен де бірге өсемін,

Өлсе тілім,мен де бірге өлемін,деген ұранмен аруларымызды ортаға шақырамыз.

(жереби бойынша арулар өз нөмірлерін алады.)

Нөмірлері бойынша аруларды атап шығады.



1-ші нөмірлі аруымыз

2-ші нөмірлі аруымыз

3-ші нөмірлі аруымыз

4-ші нөмірлі аруымыз

5-ші нөмірлі аруымыз

6-шы нөмірлі аруымыз

7-ші нөмерлі аруымыз

8-ші нөмірлі аруымыз

9-ші нөмерлі аруымыз

10-шы нөмірлі аруымыз



1-ші жүргізуші: Енді аруларымызға әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.

2.

3.

4.



2-шi жүргізуші:

Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын арулар өздерін,

Өнеріне ду қол соғып тастайық!

Өзін таныстыруға 1-ші нөмерлі аруды ортаға шақырайық. (Барлық арулар өздерін таныстырып шығады.)



1-шi жүргізуші:

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады.

2-ші кезеңде арулар «Менің ана тілімнің болашағы» тақырыбында көркем сөзбен өз ойларын жеткізеді.

1-ші нөмерлі........................ (Барлық арулар болған соң)



2-шi жүргізуші:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсеңде бұл,дұрысы

Ана тілді көп білгенің жөн болар,-деп қазақтың тілін құрметтеңдер дегіміз келеді.

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауабын таба ма екен арулар,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

3-ші кезең «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Бұл бөлімде арулар 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап беруі тиіс.

Аруларды ортаға шақырамыз. Мына жәшіктің ішінен сұрақтарды өздеріңіз таңдап аласыздар. Біртіндеп алып,дауыстап оқып беріңіздер. Егер жауаптарыңыз дайын болса,бірден жауап берулеріңізге болады.

(Біртіндеп сұрақтарға жауап береді).



1-шi жүргізуші:

Өнерлінің өнерін,

Тағы да байқап көрейік.

Жүйрік аттай желейік,

Мақалаға кезек берейік.

(Аруларды ортаға шақырайық).

Қазір арулар, жереби бойынша мақал-мәтелдердің тақырыптарын аласыздар. Сол тақырыптарға әрқайыңыз 5 мақал-мәтелден айтасыздар. (Алған тақырыптары бойынша мақал-мәтелдерін айтады).



2-шi жүргізуші: соңғы шешуші кезеңде аруларымыздың















1-шi жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?

Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,-деп жеңімпазды анықтау үшін әділ-қазыларға сөз береміз.

(Сөйлейді,жеңімпазды анықтап,марапаттайды)



2-шi жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тіл мерекесіне орайластырылған «Ана тілі аруы» атты байқауымыз өз мәресіне жетті! Тіл-ұлттың қайталанбас байлығы. Тілден артық қазына,тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы да көз жеткіздік. Отанымыз,еліміз,тіліміз көркейе берсін!

Келесі кездескенше сау болыңыздар! ! !













Сыныптан тыс жұмыстардың талдамалары
  • Другое
Описание:

Тілден аскан байлық жоқ .

                            (Қорытынды кеш)

Дауыс (Сахнаның сыртында)

Тілден аскан байлык жок,

Тілден биік аскар жок,

Тілден терең теңіз жок,

Тон-торқа ,мал-мүлік,алтын-күміс   байлыгы  түпкілікті емес. Күндердин күнинде  саркылады, тозады. Халықпен бірге  мәнгі  жасайтын  тіл   байлығы екенің ұмытпайық!

Сүйемін туған тілім-ана тілім,

Бесікте жатканымда-ақ  берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутынан,

Кұлағынма сіңірген тыныс үнін.

Автор Ожханова Улдахан ---
Дата добавления 26.12.2014
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 432
Номер материала 12477
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓