Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыСыныптан тыс жұмыс "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ"

Сыныптан тыс жұмыс "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ"

Скачать материал

 

№31 орта мектебі

 

 

 

 

«Өзге тілдің бәрін біл, 
өз тіліңді құрметте»

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  апталығы

 

 

«1001 мақал
 101 жұмбақ»

Сыныптан  тыс сайыс сабағы

(5-7 сыныптар)

 

Өткізген: пән мұғалімі  Уразбаева Г. К.

                                          

 

3333

 

 

 

2013-2014 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

Сабақтың мақсаты:

                                  1. Мақал  - мәтелдердің  қуатты тәрбие құралы

                                      екендігін  таныту; Оқушыларды сөз өнерін, тіл

                                     мәртебесін жоғары бағалай білуге және тапқырлыққа,

                                     жылдамдыққа  үйрету

                                  2. Шешендікке,  сөз  мәдениетіне, оқушылардың  өз  ойын

                                      жүйелі айтуға, танымдық қасиеттерін шыңдауға

                                      тәрбиелеу.

           3. Оқушылардың  ауызша  ой –өрісін, сөздік қорын, тіл

                                       байлығын дамыту.

Көрнекілігі: Тіл туралы нақыл сөздер, эмблемалар,

                         жауап беруге арналған белгілер.

Сайыстың шарты: 5-7 сынып оқушыларына алдын ала мақал-мәтел жаттауға беріледі.

           Сайыс 2 турдан тұрады. І турдың 1-2-бөлімінде әр сынып өздеріне параллель сыныптармен мақал-мәтел айту және жұмбақ шешу сайысына түседі. Әр сыныпқа 5 минуттан уақыт беріледі, осынша уақыт ішінде жылдам, көп және нақты мақал айтып және жұмбақ шешкен оқушы ұпай жинап, келесі ІІ турға өтеді.

         ІІ турдың шарты-мақалды толықтыру, яғни мақал-мәтелдің алғашқы жартысы айтылып, екінші жартысын жалғастыру керек. 

        Әр турдан жинаған ұпайлары қосылып, ең көп жинаған оқушылар І, ІІ, және ІІІ орындармен марапатталады.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі сыныптан тыс 5,6,7-сыныптар арасында өткелі отырған «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысымызға қош келдіңіздер.

      Сайысымыз мақал-мәтел айту және жұмбақ шешу жарысы болғандықтан  сіздерге  алдымен   мақал-мәтел деген не? Жұмбақ деген не? Соған кішкене түсінік бере кетсек.  

       Мақал-мәтелдер бір ғасырдың  ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра, ақылына ақыл қосатын, жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін, өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған, халық даналығы сақталған.

        Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін, айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын, сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.

        Халық шығармасының басқа түрлері секілді мақал мен мәтелдерді де әуел баста  жеке адамдар шығарады, оны біреуден біреу естіп, жаттап айта жүреді, өңдейді, өзгертеді, сөйтіп олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады.Демек,мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген –білгенін жасаған қорытындысы, ақыл-ой түйіні деуге болады.

        Мақал-мәтелде, көбінесе, ортақ ой, жалпы ереже, анықталған қағидалар айтылады, формасы жағынан тілге жеңіл, құлаққа жағымды дыбысқа, ырғақ-ұйқасқа құрылады, көбінше көркем тілмен-өлеңмен жасалады.

       Ал жұмбақтар бұл да ертеден келе жатқан халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Онда адам өмірі мен мен тіршілігі, табиғат құбылыстары туралы қысқаша, көркем және қыықты, астарлы түрде айтылады. Жұмбақтар адамның ақылын дамытады, тапқырлыққа үйретеді.

      Сонымен, жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.

       Әділқазылар алқасымен және сайысқа қатысушы оқушылармен таныстыру

                          Ендеше сайысымызды бастайық. Бәріңізге  сәттілік  тілеймін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1001       мақал, 101  жұмбақ

 

І  тур

1. Мақалшылар сайысы  (15 минут)

         5 сыныптар -3 оқушы

         6 сыныптар -3 оқушы

         7 сыныптар -3 оқушы

2. Жұмбақшылар сайысы (15 минут)

         5 сыныптар -3 оқушы

         6 сыныптар -3 оқушы

         7 сыныптар -3 оқушы

ІІ тур

 

Мақалды  жалғастыру (5 минут)

         5 сыныптан -1 оқушы

         6 сыныптан -1 оқушы

         7 сыныптан -1 оқушы

 

Қорытындылау. Марапаттау   5 мин

 

Жұмбақтар

1.   Ақ сандығым ашылды,

      Ішінен жібек шашылды. (Күннің көзі)

2.   Әуеден  күбі  түсті

      Күбінің түбі  түсті. (найзағай яғни күннің күркіреуі)

1.      Жылт-жылт еткен

     жылғадан өткен. (Су)

2.      Отқа жанбас,суға батпас (Мұз)

3.      Екі ағайынды,

Екеуі де бірін бірі көрмейді. (Көз)

4.      Асқар тауда қара орман. (Шаш)

5.      Қатар-қатар тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (Тіл мен тіс)

6.      Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (бес саусақты қолғап)

7.      Үй ішінде -бөлме,

Бөлме іші-көлде.

Түрлі ұсақ балық

Жүзді сайран салып. (аквариум)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

10. Үйде тұр  бір  жұлдыз,

       Ол барда түн-күндіз. (электр  шамы)

11.   Дала тегіс сарғайды,

 Шаруа  қысқа қамданды.

 Күн  қысқара бастады,

Тауға тұңғыш қар жауды. (Күз мезгілі)

12.  Қуыста қызыл әтеш  билейді. (от)

13.  Үй жанында көгенде

Жатыр бір зат жалықпай.

Сарғыш шапан кигенде,

Жесең дәмі қанттай. (Қауын) 

14.  Қабат-қабат киінген,

Төбеден шашы түйілген. (Пияз)

15.  Ғажайып арба жүгі  көп,

Жүріп кетсе ізі  жоқ. (Қайық)

16.  Өзі ұшады, аспанда жүреді,

Теңізден де, таудан да өтеді. (ұшақ)

17.  Таусылмайтын ақ мақта,

Қысы-жазы  тау жақта. (қар)

18.  Сыбырлайды құлаққа,

Көре алмайсың бірақ та. (Жел)

19.  Аяғы жоқ  жүреді,

Сылқ-сылқ күледі. (Су)

20.  Өркеш-өрекш түйені,

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Сауыры жатыр көгеріп. (Тау)

21.  Алдыңа бір нәрсе әкеп берсе, тегі,

Оңын сол, солын оң ғып көрсетеді. (айна)

22.  Жорғалаған тасбақа,

Болаттан киген көйлегі.

Жапырып жауды үстінен,

Баса-көктеп өтеді. (Танк)

23.  Білерімнің куәсы,

Білмесімнің куасы.

Іші толған қолтаңба,

Алып шығам әр таңда. (Күнделік)

24.  Киім деуге жатпайды,

Киімді кірден сақтайды. (Алжапқыш)

25.  Ақ дааға қара дәнді

Қолыммен себемін,

Көзіммен теремін. (Жазу мен оқу)

Өзіңмен бірге өседі,

Өзіңмен бірге төсегі.

Көргенде оны жіп дейсің,

Бірақ та киім тікпейсің. (Шаш)

26.  Қанаты бар ұшпайды,

     Су астында қыстайды. (балық)

27.  Керегінше әрқайсың,

     Сіміресің, қанбайсың.

      Онсыз жерде бір минут,

      Өмір сүре алмайсың. (ауа)

28.  Бірі-апасы, бірі-атасы,

Бірнеше мың  баласы.

29.   Айнала тақтай ағаш үй,

Төбесі жайдақ, аласы үй.

 Елу тұрғын еркін  сыйған

 Бұл не деген тамаша үй. (сіріңкенің қорабы)

30.  Түгел айтсақ не бары,

Төрт құлақта бір қарын. (Қазан)

31.  Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

32.  Алпыс төрттен бөлмеде

Отыз екі  тұрғын  бар.

Ақ, қарасын   бөлгенде,

Бірін-бірі қуғындар. (шахмат)

33.  Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу  талтаңдап. (Балапан)

34.  Жұмсасаң тіл алмайды,

Өзіңнен бір қалмайды. (көлеңке)

35.  Бесікте тентек сәби шырылдайды,

Көтерсең құлағыңа сыбырлайды. (телефон)

36.  Қызыл, жасыл түсім бар,

Соңымнан, кәне, ұшыңдар (шар)

37.  Тұрып-тұрып тербеліп, бәрін берер теңгеріп. (таразы)

38.  Мінсең қанат,

Сүті  дәрі,

Еті тамақ  (Жылқы)

39.  Жабайын десем ашылды,

Ашайын  десем жабылды. (кір қыстырғыш)

40.  Қажетке жарады

Отынсыз жанады. (газ)

41.  Қабат-қабат қаттама,

     Ақылың болса аттама. (кітап)

42.  Ерте тұрдым,

     Екі айыр жолға түстім (шалбар) 

43. Сылдыр сұйық, су емес,

      Ішсең сусын қанады.

      Ақ болса да қар емес,

      Шешуін кім табады?  (Сүт.)

44. Қарап тұрсаң өзіне,

      Сурет түсер көзіңе.

      Ол суретің ұқсайды

      Дәл қазіргі кезіңе.  (Айна)

45. Аяғы біреу, қолы жоқ,

      Шиыр-шиыр жолы көп.

      Өзі сөйлей білмейді.

      Салған ізі сөйлейді.  (Қарындаш)

46. Күндіз де жүреді,

      Түнде де жүреді,

      Аяғы жоқ, қолы жоқ,

      Не жүрген жолы жоқ.

     Ол не, кім біледі? (Сағат)

47. Өзі тас қара
      Пешке салып қала. (көмір) 

48. Жалт-жұлт етеді,

      Жалмай-жалмай жұтады. (от)

49. кірш-кірш етеді,

      Ішіне кіріп кетеді (ине)

50. Бір нәрсе білмегенді білгізеді,

      өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.

      Жалғанда әңгімесі сондай қызық,

     Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді. (кітап)

51. Белі бүкір, алысқа түкір (мылтық)

52.Ұзын-ұзын жіп,

     Ұшы қайдан табылар (Жол)

53. Еңкейсем еңкейеді,

      Шалқайсам шалқаяды. (Көлеңке)

54. Екі  басы  жұдырықтай,

     Ортасы қылдырықтай (құмырсқа)

55. Ерте тұрады, жар шақырады. (Қораз)

56.Біреудің бір ұлы бар және қызы.

     Біледі ол екеуін дүние жүзі.

     Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз,

     Жүргенде білінбейді басқан ізі. (Күн мен Ай)

57. Шыр-шыр етеді,

      Құлағыңнан өтеді.

      Ұстай алсаң,

      Сөйлеп кетеді.  (Телефон)

58. Менің үш көзім бар.

      Бір көзім: «Кідір!» дейді,

      Бір көзім: «Жүгір!» дейді,

      Бір көзім: «Абайла!» дейді

     «Қарап ал, маңдайға!» дейді. (Бағдаршам)

59. Аппақ, аппақ мақталар
      Көк жүзінде жүзеді. (бұлт)
60. Керемет бір ит бар,

      Үй  бағады, үрмейді,

      Аяғы  жоқ  жүрмейді.

       Көмейін тықсаң сөйлейді,

      Тілін адам біледі,

      Ұрықсатсыз ол иттен

      Адам үйге кірмейді. (Құлып)

 

Мақал-мәтелдер

Жалғасын тап

1.Тау мен тасты су  бұзар,

Адамзатты сөз бұзар.

2.Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

3.Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

4.Ұрыс ырысты қашырар,

Ынтымақ халықты асырар

5. Ерді намыс өлтірер,

Қоянды қамыс өлтірер.

6.Батыр туса -ел ырысы,

Жаңбыр жауса -жер ырысы.

7. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың  жаны тәтті.

8.Әдепті бала-арлы бала,

   Әдепсіз бала-сорлы бала.

8.      Отансыз  адам-ормансыз бұлбұл.

9. Адам жерге нәр  береді,

Жер адамға нан береді.

10.Бірінші байлық-денсаулық,

Екінші байлық-ақ жаулық,

Үшінші байлық-он саулық.

11. Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме,

Ниетің қисық  болса, ағайынға өкпелеме.

12. Таяқ  еттен өтеді,

Сөз сүйектен  өтеді.

13.Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

14.Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

15. Айтылған сөз-атылған  оқ.

16.Көзің ауырса, қолыңды тый,

     Ішің ауырса, аузыңды тый.

17.Малдың аласы-сыртында,

    Адамның аласы- ішінде.

18. Ертеңгі асты тастама,

      Кешкі асқа қарама

19. Оқу-білім бұлағы,

      Білім-өмір шырағы.

20. Шеше  көрген тон пішер,

      Әке көрген оқ жонар

 

 

 

І  ТУР

1. Мақалшылар сайысы

1. Мақалшылар

5-сыныптар

Гүлназ  5 «А»

Айсұлу   5 «Б»

Сәуле 5«Б»

2

17

11

 

1. Мақалшылар

6-сыныптар

Нұрай  6 «А»

Ғабит  6«А»

Нұрбибі   5 «А»

31

19

18

 

1. Мақалшылар

7-сыныптар

Мейрамбек

      7 «А»

Нұрсәуле  5 «А»

 Жасмин  7 «Б»

13

7

14

2. Жұмбақшылар сайысы

2. жұмбақшылар

5-сынып

Гүлназ  5 «А»

Айсәуле   5 «Б»

Сәуле 5«Б»

6

1

1

 

2. жұмбақшылар

6-сынып

Нұрай  6 «А»

Ғабит  6«А»

Нұрбибі   5 «А»

13

5

8

 

2. жұмбақшылар

7-сынып

Мейрамбек

      7 «А»

Нұрсәуле  5 «А»

 Жасмин  7 «Б»

10

1

14

 

                                                                           ІІ  тур

 

 

Мақалды жалғастыр

 

 

 

 

НҰРБИБІ

 

 

НҰРАЙ

 

 

ЖАСМИН

 

І ТУР бойынша жинаған ұпайы

1

44

26

28

2

 

 

 

ІІ ТУР бойынша жинаған ұпайы

1

6

7

1

Жалпы қорытындысы

 

50

33

29

 

 

І ОРЫН           Әскербек Нұрбибі     

 

ІІ ОРЫН          Әбдіғани Нұрай

 

ІІІ  ОРЫН       Садек Жасмин

 

 

           gest2

 

j0238267

 

 

tulip05

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  1. Мақал  - мәтелдердің  қуатты тәрбие құралы                          екендігін  таныту; Оқушыларды сөз өнерін, тіл                                     мәртебесін жоғары бағалай білуге және тапқырлыққа,                      жылдамдыққа  үйрету 2. Шешендікке,  сөз  мәдениетіне, оқушылардың  өз  ойын жүйелі айтуға, танымдық қасиеттерін шыңдауға тәрбиелеу. 3. Оқушылардың  ауызша  ой –өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.Көрнекілігі: Тіл туралы нақыл сөздер, эмблемалар, жауап беруге арналған белгілер.Сайыстың шарты: 5-7 сынып оқушыларына алдын ала мақал-мәтел жаттауға беріледі.       Сайыс 2 турдан тұрады. І турдың 1-2-бөлімінде әр сынып өздеріне параллель сыныптармен мақал-мәтел айту және жұмбақ шешу сайысына түседі. Әр сыныпқа 5 минуттан уақыт беріледі, осынша уақыт ішінде жылдам, көп және нақты мақал айтып және жұмбақ шешкен оқушы ұпай жинап, келесі ІІ турға өтеді. ІІ турдың шарты-мақалды толықтыру, яғни мақал-мәтелдің алғашқы жартысы айтылып, екінші жартысын жалғастыру керек. Әр турдан жинаған ұпайлары қосылып, ең көп жинаған оқушылар І, ІІ, және ІІІ орындармен марапатталады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 614 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.01.2015 865
    • DOCX 1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уразбаева Гульсайран Кенжегазиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 6450
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения испанскому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 272 человека из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 052 человека

Курс повышения квалификации

Повышение мотивации и эффективности обучения иностранному языку с помощью интерактивных тренажеров (на примере английского языка)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 055 человек

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 696 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 303 человека