Главная / Классному руководителю / Сыныптан тыс іс-шара "Менің Қазақстаным "

Сыныптан тыс іс-шара "Менің Қазақстаным "

Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным

Сабақтың мақсаты:

 а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.

ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.

б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, слайд, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Қазақстан егемендігін алды. Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 23 жыл.

Өткен күннің ұмыттырған азабын,

Тәуелсіздік халқым үшін ғажап үн.

Көк байрағын көк жиекке көтерген,

23 жылдық құтты болсын, ағайын!

 

Келеміз құлаш жайып ырыс дарып,

23 жылда өркендедік дұрысталып.

Самғасын биіктерден биіктерге,

Еркіндік берген шақта дұрыс бағыт.

 

Қазақстан елі де кең, жері де кең,

Елімізде талай қазақ мекен еткен.

Бүгінгі Қазақстан тіптен бөтен,

Байлығы шалқып жатқан теңізге тең.

 

Сары алтын боп сапырылған дәні бар,

Қара бұлттай қаптап жатқан малы бар.

Қазақстан – қазыналы бай өлке,

Қойнынан не керегі табылар.     

 Оқушы: Тыңда жолдас,тыңда дала,тыңда ел! Сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке - менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!

 Оқушы:  Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман,  көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз – Қазақстан көркем жер!

Оқушы: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!

 Оқушы:Қазақстан – бүгін міне,достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар,бір кісідей маңдай терін төккен жер!

Оқушы:    Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке,байлық пенен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғасқан көңіл тым қатты!

Оқушы: Бүгін міне, өркендеуге өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!

Оқушы:Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты  сан ғасырлық шерімен!

Оқушы:  Бүгін міне,азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды!

Ән: «Менің елім» әні орындалады.

(Сөзі Н.Назарбаевтікі,әні Б.Тілеухановтікі)  

 Оқушы:1990 жыл ...  24 сәуірде Қазақ ССР – інің ХII шақырылған Жоғарғы Кеңесінің I- сессиясында Н.Ә. Назарбаев республиканың алғашқы Президенті болып сайланды. 25 қазан. « Қазақ ССР –інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация заң жүзінде бекітілді. Декларация республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет Қаз ССР – інің егеменділік құқығы жағдайы үшін  мемлекеттік  - құқықтық нормаларын бекетті.

 Оқушы: 1991 жыл ... 1 желтоқсан республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ ССР-інің алғашқы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Содан міне, тағы да елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты 2011 жылының 3 сәуір күні барлық халық бір кісідей жұмылып сайлап, тағына отырғызды.

Оқушы:       Елің үшін қуанғын және қайғыр,

           Даңққа бөлен өзің де данадай бір.

           Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,

           Аяздарға тоңдырмай аялай біл.

 

           Тарихтың жадында даусың қалсын,

                    Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.

                    Баста бізді бақытқа, көзіндегі

                   Елге деген мейірім таусылмасын!    

 

Оқушы: 10 желтоқсанда Қазақ ССР Президенті Н.Ә.Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының өркениетті демократиялық қоғамды таңдағанын білдірді

Оқушы:16 желтоқсан ҚР-ның  Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Бұл заңды көп күткенді. Енді республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін заңды тұрғыда рәсімдеді. ( отырғандар шапалақ ұрады).

Оқушы:                         Мерейім – нұрлана бер,азат Күнім,

                              Көрейін бақытымның азаттығын.

                             Тауымды тамылжытқан бостандықтан

                             Танылды бар әлемге қазақ бүгін.

                             Құттысың тәуелсіздік – киелі күн!

                             Құт күшім –егемендік иелігім,

                             Уақыттың биігінен шуақ төгіп,

                             Бақытым – еркіндік боп үйілер күн.

  Оқушы:   Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,

         Мемлекет мерейінің сенген күші.

        «Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар,

         Шалқалап сол биіктен көрген кісі

  Оқушы:  Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,

       Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

      Мен сенің салтанатты сағатыңа,

      Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Оқушы:  Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,

      Қалықта Елтаңбасы  - шаңырағым.

Оқушы: Қазақстан жалауы.

             Көк аспанда көкпеңбек,

             Қазақстан жалауы.

             Көк емес ол тектен – тек,

             Елдің ашық қабағы.

             Ақ ниеті – Алтын күн

             Асқақ арманы – қыраны.

             Жалауы бұл халқымның

             Мәртебесі, ту, ары.

Оқушы:Елтаңба.

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар,

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес ұғып ал!

Көгілдір түсті аясы,

Бейбіт дала елесі,

Шаңырақ – жұрт панасы,

Уықтар – күн сәулесі.

Оқушы: Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,

     Аспандат Атам қазақ Аруағын!

Оқушы:Мерейім - нұрлана бер азат Күнім!           

     Көрейін бақытымның азаттығын,

              Таңымды тамылжытқан бостандықтан,

              Танылды бар әлемге қазақ бүгін.

              Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым,

              Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын.

     Байрағым желбіреп тұр биіктерде,

             Байладым тәуелсіздік - өмір бауын!

Оқушы:   1998 жыл ... Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы!Өткенді еске түсіру көп уақыт көмескіленіп келген ұлттық тарихымыздың жай –жапсарына жан– жақты көз салғызды.Сол арқылы адамзат дамуының бағыт – бағдырын  терең пайымдап,бүгінгі күрделі дүниедегі өз орнымызды деп басып,өз аяң – жөніндегі байыпты бағамдай білуімізге түрткі болды. Дәл осы жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан  Астанаға көшірілді.

Оқушы: Қала жөнінде жалпы мәліметтер. Құрылған жылы – 1832 жыл. Теміржол бекітінің атауы – Астана станциясы. 1961 жылға дейін Ақмола қаласы.  1961 жылдан 1992 жылға дейін Целегоград қаласы. 1993 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола қаласы. 1997 жылғы 20 қазандағы Президент Жарлығымен Ақмола қаласы қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. 1998 жылғы 6 мамырдағы Президент жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.

    1999 жылы жылдың шілде айында Елордамыз ЮНЕСКО – ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды.

     Бүгінде Елорадамызды Мәскеу, Минск, Киев, Ташкент, Анкара, Баку, Варшава, Рига, Берлин, Будапешт, т/б секілді әлемнің 20 қаласымен достық және бауырластық қарым – қатынас тығыз байланыстырады.

Достық пейіл – татулықтың тірегі.

Біздің халық бейбіт өмір сүреді,

Бар  әлемді бір өзіне қаратқан.

Елордамыз – Еуразия жүрегі!

Оқушы: Ұштастырып жер мен көктің арасын.

               Күннен – күнге сұлуланып барасың.

               Пана болған құтты мекен – Астанам!

               Қазағыма қасиетті қаласың.

Барлығы бірге: Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін!

Оқушы:Таңғажайып дархан да алып жеріміздің нақ ортасы кіндігі – Астана қаласы! Тәнірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс-құт сұраған еліміздің баспанасы, түндігі сенсің, Астана!

Оқушы: Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің шын жыры сенсің, Астана! Биыл қимылының ырғағы да, әнші көмейінің сыңғыры да сенсің, Астана!

 Ән: Астана

Оқушы: Әуелі Отан – ана алды, оттың басы,

              Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.

              Сағынғанда тым ыстық көрінеді,

              Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

                Отан дейміз кең байтақ астананы,

                Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

                 Отанның шеті де жоқ, шагі жоқ,

                 Ол бәрақ өз үйіңнен басталады.\

Оқушы: Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туыс – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.

Оқушы: Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Осы республиканың жас ұланы екенімді мақтан етемін. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматы болу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарихи жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.

Оқушы:

О, Туған жер, қасиетті топырағың,

Сендік махабатымның оты жалын.

Сені қалай сүюдің керектігін,

Мен ешқандай кітаптан оқымадым.

Сенде тас та қастерлі, аспанда алау.

Сенде жанды тербетер дастан бар – ау.

Мына менің өмірге құштарлығым,

Сені жақсы көруден басталған – ау.

Оқушы:Қадыр Мырзалиевтың «Не үшін?» өлеңін екі оқушы кезектесіп оқиды.

-         Екі көзің не үшін керек?

-         Жақсылықты көру үшін.

-         Екі қолың не үшін керек?

-         Елге көмек беру үшін.

-         Құлақ деген не үшін керек?

-         Ақыл – кеңес тыңдау үшін.

-         Жүрек деген не үшін керек?

-         Жауларынан қыңбау үшін.

-         Тіл мен жағың не үшін керек?

-         Ақиқатты айту үшін.

-         Ал аяғың? ...

-         Шетте жүрсем,

-         Туған жерге қайту үшін.

Ән: «Өз елім»

Оқушы: Даңғыл ... Алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын – ұлы даңғыл. Тәуекел қайығына мініп, тәуелсіздік даңғылына түскенімізге – 20 жыл толды. Басқа халықтар ғасырлар бойы өткен бұл даңғылдан біз 20  жылда өттік.  

Оқушы: Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды  шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп маң–маң басатын болды. Елміз  өркениетті замана ағысына қосылды.   

Оқушы:Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат. Себебі тәуелсіздік ата–баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің  отын маздатты, елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендірді.

Оқушы: Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді.

Мұғалім сөзі: Кешегі ұрпақ бүгінгіге, бүгінгі ұрпақ болашаққа үміт артты. Елдің болашағы – тәуелсіздік тұғырының беріктігіне, өміріміздің көріктілігіне байланысты болды. Жаңа жарқ еткен дәуірде ерікті де, еркін дәурен сүру сәті туды.

      Мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында біз артта қалған ғасырларға көз жіберіп, алдарына зор мақсат қоя білген, оны іске асырып қаһармандық танытқан, сол жолда тар жол тайғақ кешуден өткен ата-бабаларымыздың іс-қимылына баға беру мәртебесіне ие болдық.

Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын Заңың құтты болсын қымбатты,

Туған күнің құтты болсын алыбым!

Армандарды жақындатып тым алыс,

 Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік – ел бақыты ертеңі.

О, халайық!

Құтты болсын қуаныш.

Тәрбие сағатының соңында слайд көрсетеп, қорытынды жасау. 



Сыныптан тыс іс-шара "Менің Қазақстаным "
  • Классному руководителю
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным

Сабақтың мақсатыОқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, слайд, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Қазақстан егемендігін алды. Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 23 жыл толды.

Өткен күннің ұмыттырған азабын,

Тәуелсіздік халқым үшін ғажап үн.

Көк байрағын көк жиекке көтерген,

 

23 жылдық құтты болсын, ағайын!

Автор Аязбекова Зауреш Каримовна
Дата добавления 23.12.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 659
Номер материала 11233
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓