Главная / Информатика / СЫныптан тыс іс-шара Ғажайып МИФ кеші 9-11 сыныптар

СЫныптан тыс іс-шара Ғажайып МИФ кеші 9-11 сыныптар

Название документа МИФ.docx

«Ғажайып МИФ» кеші

Мақсаты: физика және информатика пәндеріне қызығушылығын арттыру;

өтілген тақырыптарды қайталау;

творчестволық белсенділігін арттыру.


« Ғажайып МИФ» кафесі

1-ші Жүргізуші

-Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Есеп шешіп, жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып

2- Жүргізуші

Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық

1-жүргізуші

Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Еркіңді билеп барынша
Жарыста сірә, қалыспа
Кеш қызығын ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.

2-жүргізуші

Мұнда қызық табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Айтыс, тартыс тағы бар
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.
О-о-ой, бір қызық кеш болар,
Өздеріңмен бес болар.

1-жүргізуші (Физика)\

Менің физика формулам бар өрнекті

Торричелли, Аристотель, Паскалдай

Ғалымдарым көрнекті

Ньютонда алмасымен ардақты

Тартылысты ашу үшін талай қызық жасалды,

Ал басқалар жерді көкті зерттеп

Табиғатта физиканың бір бөлігі деп кетті.


2-жүргізуші(Информатика)

Армысыңдар, бүгінгі  кешке  жиналған  қауым!
Құтқарып  ауыр  бейнеттен
Техниканы  үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл  бітіріп  сөйлеткен
Компьютер  емей  немене
Білмегенді  білдірген
Өлшеп  киім  кигізген
Барлық  істі  атқарып
Пайдасын  елге  тигізген

Компьютер  емей немене
Бәріңіз  маған  қараңыз!
Ойынымызды  бастайық
Алуан  түрлі  ойларды
Ортамызға  тастайық.
Информатика  пәнінен
Көрсетіп  біздер  батырлық
Ой  толғалық  жүйелі
Таңдайымызға  татырлық

1-жүргізуші(Математика )

Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпкек келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрінде

Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.


МАТЕМАТИКА ( «Ананың тілі» әнінің мотиві)

Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім.
Сан менен
өрнек,  теңдеу мен бөлшек,
Сырына оның, үңіліп көрсек.
Математика – бар ілім басы,
Математика – ғылым патшасы.
Математика- өмір ті
регі
Математика – шәкірт жүрегі.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз

Информатика

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақпар
ат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың


І-жүргізуші:

Армысыздар, қымбатты төрешілдер.

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздер де әділ баға берерсіздер-

дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысамыз.

(Алдымен жарысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасы сайланады. Әр топ өзін таныстырып, өз атауын айтады )


ІІ-жүргізуші:

Кезек келіп, өжеттеніп, сөз аппын.

Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та,бай да емес,

Емеспіз бе, азаматы қазақтың!-демекші

Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көрермендерге және қарсыластарына сәлем береді. Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға берейік.


1-жүргізуші: Енді сіздерді ойын шартымен таныстырып өтейік

Біздің кафеміздің алғашқы қонақтарына мына төмендегі ас мәзірін ұсынамыз. Ас мәзіріміз 1 - 2 тамақ, салат және сусындардан құралған. Әр столдағы қонақтар өз қалаулары бойынша тағамдарды таңдайды.

Ас мәзірі:

Салаттар ( логикалық сұрақтар, жұмбақ, есеп)

1. « МИФ-тік ассорти»
2. «Жұмбақтар оливьесі»
3. «Логикалық винегрет»

4. «Цезарь есебі»
Бірінші тағам (пәндік сұрақтар)


1. МИФ кеспесі (аралас сұрақтар)
2. Математикалық тұшпара
3. Информатикалық борщ

4. Физикалық лағман
Екінші тағам (кестені толтыр)


1. Бесбармақ
2. Палау
3. Манты

4. Котлет гарнирімен
Сусындар


1. Заңдылықтар коктейлі

2. Логикалық кофе
3. Алгоритм шырыны

4.Газдалған МИФ сусыны


«МИФ-тік ассорти»

  1. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?(4 мысық)

  2. Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)

  3. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?(3 үйрек)


1. Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)


2. Атадан 10 боламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз.(цифрлар)

(Есеп)

1.Спортшы 400 м қашықтықты жүгіріп өтіп қайтадан мәреге оралғандағы жолы мен орын ауыстыруы


2-жүргізуші

«Жұмбақтар оливьесі»

  1. Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ)

  2. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)

  3. Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?(6)


1. Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

2. Бүтін, бөлшек бөліктерден

Үтір айырып тұрады,

Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? (ондық бөлшектер)

(Есеп)

1. Еркін құлаған дененің 4 с жүрген жолы (g = 10 м/с2 )

1-жүргізуші

«Логикалық винегрет»

  1. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)

  2. Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)

  3. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?(50)


1. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)

2. Түзудің бір бөлігі

Екі шеткі нүкте көрігі

Ұзындығы және бар

Айтшы сыйлық сенікі (кесінді)

(Есеп)

1. Екі дененің қозғалыс теңдеулері hello_html_m1236f092.gif және hello_html_m318c6007.gif. Олардың кездесетін орны мен уақыты

2-жүргізуші

«Цезарь есебі»

  1. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)

  2. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.(98)

  3. Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?(2)


1. Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)

2. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жаң-жағына қарамай? (натурал сандар)

(Есеп)

1. Тұрақты 2 м/с2 үдеумен қозғалған автомобильдің жылдамдығы 20 м/с-қа жеткенге дейінгі жүрген жолы


1-жүргізуші

Бірінші тағам
«МИФ кеспесі»(аралас)

  1. 1969 жылы айға алғаш табан тіреген американ ғалымдары кім? (Н.Армстронг пен Э.Олдрин)

  2. Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін зерттеген ғалым. (Блез Паскаль)

  3. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін алғаш байқаған қай ғалым еді. (Э.Торричелли)

  4. м/с қандай формуланың өлшем бірлігі. (жылдамдықтың)

  5. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны? (файл)

  6. Әртүрлі программа орналасқанWindows экраны? (жұмыс үстелі)

  7. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (CapsLock)

  8. Сегіздік санау жүйесі қандай сандардан тұрады? (0,1,2,3,4,5,6,7)

  9. Қысқаша көбейту формалар саны 7

  10. Жауабы 0-ге тең болу үшін қай санға бөлу керек? 0


2-жүргізуші

«Математикалық тұшпара»

1) Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар.(натурал)
2) 0 - ден үлкен сандар.(оң сандар)
3) Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі.(оң сан)
4) Ең кіші жай сан.(2)
6) Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
7) Кері сандардың көбейтіндісі. (1 - ге тең)
8) Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі. (180º)
9) Екі қатынастың теңдігі. (пропорция)
10) Барлық қабырғалары тең үшбұрыш. (тең қабырғалы)


1-жүргізуші

«Информатикалық борщ»

1. Ақпараттың кіші өлшем бірлігі? (бит)

2. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор қалай аталады? (пентиум)

3. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (латын)

4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)

5. Функционалдық пернелер нешеу? (12)

6. ASCII коды қанша жолдан, қанша бағаннан тұрады? (16/16)

7. «Бит» сөзінденеше бит бар? (24)

8. Жыпылықтап тұратын тік сызықша? (меңзер)

9. Логикалық қосу қалай аталады? (дизъюнкция)

10. Алгоритм қай ғылымның есімімен байланысты? (Әл-хорезми)


2-жүргізуші

«Физикалық лағман»

  1. Келвин шкаласында судың қайнау температурасы? /373К/

  2. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/

  3. Энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен азырақ қызған бөлігіне қарайтаралуы. – Жылуөткізгіштік

  4. Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – Қатаю, кристалдану.

  5. Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді?-Спидометр

  6. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/

  7. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/

  8. Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/

  9. Жарық Күннен Жерге дейін қанша уақытта жетеді?8 минут

  10. Сублимация дегеніміз не? - Заттың қатты күйден сұйыққа айналып, буға айналу құбылысы


1-жүргізуші

Екінші тағам

Өздеріңіз білетін рецептеріңіз бойынша мына кестемізді толтырыңыздар.

Шама

Белгіленуі

Бірлігі

Шама

Белгіленуі

Бірлігі

Күш

F

Н, Ньютон

Жол

S

М

Жылдамдық

V

м/с

Циклдік жиілік

hello_html_2d7a3096.gif

Рад/с

Жұмыс

A

Дж

Период

T

С

Уақыт

T

С

Толқын ұзындығы

hello_html_70989999.gif

М

Үдеу

A

м/с2

энергия

Е

Дж

Кернеу

U

В

Тербеліс амплитудасы

хм

М

Кедергі

R

Ом

Орын ауыстыру

hello_html_m58ffbf70.gifS

М

Қуат

N(P)

Вт

Электр өрісі кернеулігі

hello_html_m58ffbf70.gifhello_html_64e04b66.gif

В/м, Н/Кл

Жиілік

hello_html_m758a710a.gif

Гц

Масса

m

Кг



Атауы

Мәні

Атауы

Мәні

Электрон массасы

9,1*10-31кг

Жер массасы

5,976∙1024кг

Жарық жылдамдығы

3∙108м/с

Гравитация тұрақтысы

6, 67∙10-11Н∙м2/кг2

Электрон заряды

1,6∙10-19Кл

Еркін түсу үдеуі

9,8м/с2



1-жүргізуші

Сусындар

Заңдылықтар коктелі ( ғалымдар, қандай заң ашқаны)
● Исакк Ньютон
● Гук
● Паскаль
● Торричели
● Вольт
● Ампер Андре Мари.
● Г. Ом


2-жүргізуші

Логикалық кофе

1. 2 бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмелердегі адамдардың саны тең болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған.
Жауабы: 33 адам және 43 адам

2. Тырналар әдетте топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады: алдында бір тырна, екінші қатарда екеу, үшінші қатарда үшеу, тағы да сол сияқты. Егер соңғы қатарда 15 тырна ұшып бара жатса, тырналар тобында барлығы неше тырна ұшып барады?
Жауабы: 120 тырна

3. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?
Жауабы: 20

4. Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы осы жолды күніне екі шақырым жүріп, бір шақырым кейін қайтады. Жолаушы қыстаққа неше күнде жетеді?
Жауабы: 9 күнде

5. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірден алады. Сонда бір асық дорбада қалады, бұл қалай болғаны?
Жауабы: дорбаымен бірге алады.

6. Қорада тауықтар және сиырлар бар: олардың аяқтарымен мүйіздерінің саны -100. Сонда қорада қанша тауық және қанша сиыр болғаны?
Жауабы: 8 тауық 14 сиыр


1-жүргізуші

Алгоритмдік шырын

  1. «Компьтерді өшіруді» алгоритмін және блок-схемасын жаз.

  2. «Үй тапсырмасын орындау» алгоритмін және блок-схемасын жаз.

  3. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

  4. Сегіздік санау жүйесі қандай сандардан тұрады? (0,1,2,3,4,5,6,7)

  5. Компьютердің ең зиянды құрылғысы? (монитор)

  6. Кормпьютердің атасы? (Чарльз Бэббидж)

  7. Аты бар байттар тізбегі (файл)

  8. Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа (Операциялық жүйе)

  9. Принтердің неше түрі бар? (3)

  10. Бір килобайтта неше байт бар? (1024)

2-жүргізуші

Газдалған МИФ сусыны

1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. /энергияның сақталу заңы/
2. Терек қисайған жағына жығылады. /ішкі энергия/
3. Жұпарды жасырғанмен исі білінеді. /диффузия құбылысы/
4. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. /ішкі энергияның өзгеруі/
5. Ит жүгіріп тазы болмас. / жылдамдық/
6. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. /Күш/
7. Таң атпайын десе де, күн қоймайды. /Жердің өз осінен айналуы/
8. Көктеректің жапырағы, желсіз де сыбдырлайды. /Конвекция/
9. Қол жұмылмай - жылынбайды. /Жылу берілу/
10. Ас - адамның арқауы. /Энергия/

2-жүргізуші

«Формулалар биі».

Ұлдарға мына карточкалар таратылады:

V=, A=, P=, N=, Fa=, M=,

Fүйк=, I=, F=, U= т.с

R= C2= S=

Қыздарға мына карточкалар таратылады:

p/m, mg, μN, gph, FS, Fd, IR т.с a2+b2 hello_html_5cea5b3.gif

Ұлдар мен қыздар жұптарын тауып, әділқазыларға көрсетіп, дұрыс тапқандар жұптарымен билейді.



(Сөз беру әділ-қазыларға, сыныптарды марапаттау)

Информатик ағайдың жиында берген батасы:
- Ал, енді құрметті қонақтар, ерлерше бата берейік- дейді.
-  Ғ1 әрқашан көмекке келе берсін, Ғ2 пәле- жаладан сақтай берсін,  CTRL ALT DEL  үнемі жар болып қолдай берсін,  ENTER!

1 жүргізуші:

Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренерміз аман болсақ! Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар

Кешімізді тамашалағандарыңызға мыңда бір рахмет.



Название документа Презентация1.pptx

«Ғажайып МИФ» кафесіне Қош келдіңіздер!!! МИФ апталығы
 1 кезең Т а н ы с т ы р у
2 кезең С а л а т т а р (логикалық сұрақтар, есептер, жұмбақтар)
3 кезең Б і р і н ш і Т а ғ а м (пәндік сұрақтар)
 4 кезең Е к і н ш і Т а ғ а м (кестені толтыр)
 5 кезең С у с ы н д а р (сұрақтар)
 Қ о р ы т ы н д ы
 Қонақ Болғандарыңызға рахмет!
1 из 8

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 «Ғажайып МИФ» кафесіне Қош келдіңіздер!!! МИФ апталығы
Описание слайда:

«Ғажайып МИФ» кафесіне Қош келдіңіздер!!! МИФ апталығы

№ слайда 2  1 кезең Т а н ы с т ы р у
Описание слайда:

1 кезең Т а н ы с т ы р у

№ слайда 3 2 кезең С а л а т т а р (логикалық сұрақтар, есептер, жұмбақтар)
Описание слайда:

2 кезең С а л а т т а р (логикалық сұрақтар, есептер, жұмбақтар)

№ слайда 4 3 кезең Б і р і н ш і Т а ғ а м (пәндік сұрақтар)
Описание слайда:

3 кезең Б і р і н ш і Т а ғ а м (пәндік сұрақтар)

№ слайда 5  4 кезең Е к і н ш і Т а ғ а м (кестені толтыр)
Описание слайда:

4 кезең Е к і н ш і Т а ғ а м (кестені толтыр)

№ слайда 6  5 кезең С у с ы н д а р (сұрақтар)
Описание слайда:

5 кезең С у с ы н д а р (сұрақтар)

№ слайда 7  Қ о р ы т ы н д ы
Описание слайда:

Қ о р ы т ы н д ы

№ слайда 8  Қонақ Болғандарыңызға рахмет!
Описание слайда:

Қонақ Болғандарыңызға рахмет!

Название документа ас мазірі.pptx

«Ғажайып МИФ» кафесіне қош келдіңіздер!
Ас мәзірі Бірінші тағам: 1. МИФ кеспесі 2. Математикалық тұшпара 3. Информати...
1 из 2

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 «Ғажайып МИФ» кафесіне қош келдіңіздер!
Описание слайда:

«Ғажайып МИФ» кафесіне қош келдіңіздер!

№ слайда 2 Ас мәзірі Бірінші тағам: 1. МИФ кеспесі 2. Математикалық тұшпара 3. Информатикал
Описание слайда:

Ас мәзірі Бірінші тағам: 1. МИФ кеспесі 2. Математикалық тұшпара 3. Информатикалық борщ 4. Физикалық лағман Екінші тағам: 1. Қазақша ет (бешбармақ) 2. Кестелі палау 3. Толықтыр мантысы 4. МИФ гарнирі Салаттар: 1. «МИФ-тік ассорти» 2. «Жұмбақтар оливьесі» 3. «Логикалық венегрет» 4. «Цезарь есебі» Сусындар: 1. Заңдылықтар коктейлі 2. Логикалық кофе 3. Алгоритм шырыны 4. Газдалған МИФ коктейлі Ас мәзірі

СЫныптан тыс іс-шара Ғажайып МИФ кеші 9-11 сыныптар
  • Информатика
Описание:

«Ғажайып МИФ» кеші

Сыныптан тыс іс-шара "Ғажайып МИФ" кеші математика-информатика-физика апталығы үшін арналып, оған 9-11 сыныптар қатыстырылады. Іс-шараның мақсаты: физика және информатика пәндеріне қызығушылығын арттыру; өтілген тақырыптарды қайталау; творчестволық белсенділігін арттыру.

Мұрағатта іс-шараның жоспары, презентация және ас мәзірінің дидактикасы бар. Іс-шарада жюрилеріміз жаңадан ашылған кафенің ашылуына арналған құттықтау сөздерін айтады. Кадімгі кафе сияқты, ол жерде әкімші, әкімшінің көмекшісі және даяшылар орын алған. Әр топтан даяшылар тапсырманы қабылдайды

Автор Usarova Nurbike Iskandarovna
Дата добавления 04.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 1416
Номер материала 28482
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓