Главная / Начальные классы / Сыныптан тыс "Әке-бала" сайысының жоспары

Сыныптан тыс "Әке-бала" сайысының жоспары

hello_html_36079de6.gifhello_html_mbe5a4fd.gifhello_html_m32754af2.gifСолтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы Мортық ауылы

Мортық орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Дакенова Шолпан Жұмажанқызы

еңбек өтілі – 29 жыл, санаты – І, білімі – жоғары


«Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адами бақытты беруі мүмкін» Сухомлинский

Сайыс “Әке – бала»

Мақсаты: ата-аналарды мектеппен, қоғамдық ұйымдармен өзара белсенді әрекет етуге тарта отырып, қазақстандық ұлтжанды, төзімді, рухани құнды, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты,

рух-жігері шыңдалған, белсенді тұлға қалыптастыру

Күтілетін нәтиже: ата-ана өз баласы туралы өзін мазалап жүрген сұрақтарға мұғаліммен бірге жауап таба алады; ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімі күшееді; мектеп пен ата-ана ынтымақтастығынан тәрбиелі, ұлтжанды, жаңа заманға сай тұлға дамып қалыптасады;

Сахнаны безендіру: мақал-мәтелдер - «Әкеден-ақыл, анадан-мейір», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Жеті атасын білген ұл, Жеті елдің қамын жер. Өзін ғана білген ұл, Құлағы мен жағын жер», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады», «Әке – асқар тау, Ана – етегіндегі бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ»;

Банерде отбасы суреті және сөздер: АТА- беделі әкеден жоғары, өмірлік тәжірибесі мол,әулеттің тірегі. Қазақ отбасында ата мен әженің ролі зор. Отбасындағы шешуші сөз - атанікі.Ол өз отбасы мен әулеттің ғана емес,басқа ағайын-туыстың, тіпті, түйткіл мәселелерін шешіп, ақыл-кеңесін беріп отырған.

ӘКЕ - шаңырақ иесі,отбасындағы орны ерен. Отбасын асырап-сақтау негізінде ер-азаматқа жүктеледі. «Отағасы» деп аталуының себебі де осында болса керек.Үйге табыс кіргізу, бала –шағаны өсіріп-жеткізу ер азаматтың міндеті.

Барысы:

Сайысқа әкесі мен баласы бір топ болып қатысады. Әр топ таныстыру дайындап келеді. Сайысқа әділқазылар сайланады.

Мұғалім: Балалар, қолдарыңды алға созып, алақандарыңа қараңдаршы, бас бармағыңды кімге теңейсіңдер? Қалған саусақтарыңды ше? (Балалар жауаптарын тыңдау). Ендеше менің сөзіме де назар аударып көріңдер:

Бас бармағым – атам, үйдің данасы.

Балаң үйрек – әжем, ошақ анасы.

Ортан терек - әкем, отау панасы,

Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары.

Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.

Балалар және ардақты әкелер, қош келдіңіздер дей отырып, «Әке және бала» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Біздің сайымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділқазылар алқасын сайлайық. (Әділқазылар сайланып орындарына жайғасып отырады).

Мұғалім: Сайыскерлеріміз дайындалғанша, балалардан базарлықты қабыл алыңыздар.

Сабыржан: Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең – өмір тірегің.

Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Айгерім: Әжең – асыл ардағың,

Атаң – дана қорғаның.

Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі соған қуансың!

Ажар: Ағаң – қамқор асқарың,

Інің – мөлдір аспаның.

Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі соған қуансың!

Бақтияр: Қарындасың – қанатың,

Ел-Отаның – жаннатың.

Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі соған қуансың!

Жанар: Атам не айтсам көнетін,

Апам көңіл бөлетін.

Мен осы үйдің кенжесі,

Бәрі жақсы көретін.

Мөлдір: «Бір ісіме қапа ма»

Деп қарайды апама.

Сипаттырып басынан.

Еркелейді атама.

Нұртілеу: Үйде жоқ анашым,

Үйде жоқ әкешім,

Жинадым төсекті,

Суардым көшетті.

Сумкасын апамның,

Үстелін ағамның

Қойдым мен тазалап,

Десін деп Азамат!

Тартпасын ашпадым,

Қағазды шашпадым.

«Мен азамат» деп аталып,

Енді отырмын дем алып.


Оқушылардың орындауында «Отан» әні.




І. Ортақ мекен – Жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымен жарасқан. 2 р


ІІ. Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы. 2р


ІІІ. Туыспыз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз. 2р




Мұғалім: Жеті атасын білген ұл,

Жеті елдің қамын жер.

Өзін ғана білген ұл,

Құлағы мен жағын жер- демекші әр топ өздерін таныстырып өтсе.

І бөлім – Отбасымен таныстыру

Әр топ өзін таныстырып өтеді, әділқазылар өз ұпайларын қойып, әр сайыстан кейін топтың жалпы ұпай санын жариялайды

ІІ бөлім - Әр отбасына жеке тапсырманы орындату

Әр тапсырмаларды орындауда ортаға екі топ шығып орындап тұрады.

1 тапсырма – «Мақал –мәтелдің мағынасын ашу». Берілген мақал-мәтелдің мағынасын ашу

Әкеден-ақыл, анадан-мейір.

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

2 тапсырма – «Балабақшаға жиналдық». Ереже: Екі қатарға он баладан тұрғызылып, киімдері дайындалады. Әкелер 2 минут ішінде неғұрлым көп баланың киімдерін кигізіп балабақшаға дайындағаны есептеледі.

3 тапсырма – «Қызықсыз газет». 1 минут ішінде әкелер газетті бір қолмен ұсақ жыртып тастау керек, сол сәтте бала әкесін екінші қолынан ұстап тұрады. Ұпайға газеттің бөлшектері саналады.

4 тапсырма – «Көп шар». Ереже: Әке 2 минут ішінде бірнеше шарды үрлеп, жіпсіз байлау, баласына ұстату қажет. Ұпайға үрленген шарлар саны есептеледі.

5 тапсырма – «Мен сутасушы асыққан...». Ойыншық машинаның үстіне іші толы су құйылған ыдысты бір сүйреп шығу, шарты: су төгілмеу керек, төгілген жағдайда қай ыдыста су аз төгілгені есепке алынады.

6 тапсырма – «Менің балам». Ереже: әкесі баласын қолынан тану керек, ол үшін әкенің көзі байланып, бірқатар балалар арасынан тауып алады.

7 тапсырма – «Шляпоголик». Газеттен бірнеше түрлі баскиім жасау және оны жарнамалау. Ұпайға баскиім саны есепке алынады

8 тапсырма – «Қара жорға». Әкелер мен балалары бар өнерін салып көрермендер көңілінен шығып билеу қажет

ІІІ бөлім – Марапаттау

Әр отбасына көрсеткен өнеріне қарай номинациялар беру. Ұсынылған номинациялар: «Ең жүйрік», «Ең балажан», «Ең мықты», «Биші жорға», «Ең өнерлі», «Ең білімді», «Көрермендер сыйы», «Ең белсенді»


Мұғалім: Сайысымыз өз мәресіне де жетті. Уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге рахмет. Ал осы біздің іс-шарамызды мына сұрақпен аяқтағым келеді. «Дүниеде не қымбат?» (Жауаптарды тыңдау)


Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,







Мейірімді апаң қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат

Қазыбек бидің сөзінен



E:\от цифровика\SAM_1446.JPG


E:\от цифровика\SAM_1449.JPG


E:\от цифровика\SAM_1462.JPG


E:\от цифровика\SAM_1470.JPG


E:\от цифровика\SAM_1468.JPG

Сыныптан тыс "Әке-бала" сайысының жоспары
  • Начальные классы
Описание:

Сайыс “Әке – бала»

Мақсаты: ата-аналарды мектеппен, қоғамдық ұйымдармен өзара белсенді әрекет етуге тарта отырып, қазақстандық ұлтжанды, төзімді, рухани құнды, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты,

рух-жігері шыңдалған, белсенді тұлға қалыптастыру

Күтілетін нәтиже:ата-ана өз баласы туралы өзін мазалап жүрген сұрақтарға мұғаліммен бірге жауап таба алады;ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімі күшееді;мектеп пен ата-ана ынтымақтастығынан тәрбиелі, ұлтжанды, жаңа заманға сай тұлға дамып қалыптасады;

Сахнаны безендіру: мақал-мәтелдер -  «Әкеден-ақыл, анадан-мейір», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Жеті атасын білген ұл, Жеті елдің қамын жер. Өзін ғана білген ұл, Құлағы  мен жағын жер», «Балапан  ұяда не көрсе, ұшқанда соны  алады», «Әке – асқар тау, Ана – етегіндегі бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ»;

Банерде отбасы суреті және сөздер:   АТА- беделі  әкеден  жоғары, өмірлік тәжірибесі мол,әулеттің тірегі. Қазақ отбасында ата мен әженің ролі зор. Отбасындағы шешуші сөз - атанікі.Ол өз отбасы мен әулеттің ғана емес,басқа ағайын-туыстың, тіпті, түйткіл мәселелерін шешіп, ақыл-кеңесін беріп отырған.

 

ӘКЕ - шаңырақ иесі,отбасындағы орны ерен. Отбасын асырап-сақтау негізінде ер-азаматқа жүктеледі. «Отағасы» деп аталуының себебі де осында болса керек.Үйге  табыс кіргізу, бала –шағаны өсіріп-жеткізу  ер азаматтың міндеті.

Автор Керімбек Шынар Арапбайқызы
Дата добавления 08.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел
Просмотров 422
Номер материала 45904
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓