Главная / Химия / СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУДАҒЫ «ЖЕТІ МОДУЛЬДІҢ ҚАСИЕТІ»

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУДАҒЫ «ЖЕТІ МОДУЛЬДІҢ ҚАСИЕТІ»

СЫни тұрғыдан ОҚЫТУДАҒЫ «ЖЕТІ МОДУЛЬДІҢ ҚАСИЕТІ»

Нығызбаева Г.Ж.

Өскемен қаласы Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-гиназиясы КММ


«Сыни тұрғыдан ойлау –саналы, рефлексивті, шыңдалған ойлау қабілеті» Дж. А.Браус, Д. Вуд

XXI ғасырдың жан жақты зерделі, дарынды, талантты жастарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік білім кеңестігіне ену,білім беруді одан әрі ізгілендіру жаңа талаптары қойылуда. Жаңаша көзқарас, жаңаша қарым қатынас қалыптасуда. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті.

Қазіргі кезде өтіп жатқан үш айлық курс бағдарламасында мұғалімдерге қазіргі заманғы оқыту әдістері жеті модуль арқылы ұсынылады. Атап айтқанда, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойдауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды баларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Қазақта жеті санын қасиетті санға теңесе, мен үшін осы бағдарлама мазмұнындағы жеті модульдің қасиеті ерекше болды

Жеті модуль идеяларын басшылыққа ала отырып, сабақта оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыруға ерекше назар аудару.

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. «Мұғалімге арналған нұсқаулықта» сыни тұрғыдан ойлауға мындай анықтама берілген: Сыни тұрғыдан ойлау- бақылаудың, тәжірибенің,ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған .Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.

Сыни ойлау күрделі психологиялық үрдіс. Оқушылардың барлық іс әрекетке терең оймен қарап, саралап, талдау жасап, өз ой пікірін жеткізе білуі, ой елегінен өткізуі. Сыни тұрғыдан ойлау оқушыны ойлауға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Басты мақсаты оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Бұл технологияның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту күрделі міндет, сондықтан когнитивті психологияның негізгі түсініктері мен тұжырымдамаларына көңіл аудару қажет деп, сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастырудың меңзейді.

Себебі бұл бағдарламаның бұрынғы дәстүрлі оқу технологиясынан айрықша ерекшелігі бар, олар мынадай:

-аз уақыт ішінде оқушының интеллектуалды дамитындығы;

-оқушы мен мұғалімнің белсенділігінің үйлесім табуы;

-мұғалім мен шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынаста жауапкершілік пен сенімділіктің болуы;

-оқушылардың өз бетімен ізденуге, шығармашылыққа талпынуы.

Бірін-бірі сыйлау, таңдап жүйелі сөйлеу, өздігінен жұмыс істеу қабілеті дамиды. Сонымен бірге оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеуге,бақылауға мүмкіншілік береді .

Оқушылар өз ойларын айта алады, пікірлесе отырып, оқуды түсінеді. Алда тұрған жұмысты жоспарлау мен мақсат қоя білу арқылы, оқушыларды ынталандырамыз және де оқушылардың барлығын, белсенді ете аламыз. Оқушыны оқуда белсенді ету үшін оның нені білетіні мен не білмейтіндігіне көңіл бөлуіміз қажет. Оқушыға әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру барысында оларды орындауына уақыт бөліп, тыңдап, түсіністікпен қарап, бірін-бірі оқытуына мүмкіндік берген жөн. Сонда ғана оқытуда оқушылар өздеріне деген жауапкершілікті сезінеді, өзіне деген сенімі күшейіп, оқуға деген белседілігі артады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы оқушының өздігінен меңгеріп, өзі үшін оқу керектігін түсінуі болып табылады... Оқушылар оқу үдерісінде қызығушылықпен белсене қатысқан кезде ғана жаңа материалды терең меңгеруіне жол ашылады. Осыған қарап бізде оқушы нені қалайтынын, не жасағысы келетінін түсінуге тырысамыз.. Оқушылар өз қолдарымен жасап көрсе, талқыласа, бір-біріне білім берсе көп жетістікткерге жетеді. Дереккөздерге сүйенсек (Ұлттық оқу зертханалары, Бефель, Мэн штаты, АҚШ) 50 пайыз талқылағанда, 75 пайыз практикада, 90 пайыз білім беруде есте жақсы сақталатынын көрсеткен. Мен бұл пікірмен келісемін, өйткені өзімнің іс-тәжірибемде байқадым. Сабақ соңында оқушыларға рефлекцияны ынталандыру, өз ойларын қорытып айту, алған білімдерін қорытындылау үшін береміз. Мен сыны тұрғыдан ойлау әдісін көбінесе жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында қолдандым. Сабақ барысында үй тапсырмасын орындағаннан соң оқушылардың өздері жаңа тақырыпты ашуына байланысты тапсырмалар беріп отырдым. Бұл әдіс оң әсерін беріп отырды. Сабақ барысында кездескен сұрақтарды, кедергілерді қалай жою керектігін оқушылардың өздерімен пікірлесу арқылы дамытып отырдым. Оқушыларға тақырыпқа қатысты «Сен қалай ойлайсын?» дегендей сұрақтар бере отырып, олардың ойлау деңгейін бақыладым. Әсіресе ортаға ой тастап отырсаңыз, олардың сабаққа деген қызығушылығымен жауап беру кезіндегі белсенділігі артқанын байқадым. Пікір алмасады, өз пікірін дәлелдей алады. Қарама-қарсы айтылған пікірлерді сыни тұрғыдан ойлай отырып, шеше алады. Дұрыс және нанымды жауаптарды қайтаруды үйренеді. Дәстүрлі оқытуда біз көбінесе оқушылардың ойларын тыңдай бермейміз.. Ал, осы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда біз олардың пікірлерін тыңдап, өзгелердің де пікірін тыңдай білуіне жағдай жасаймыз. Сыни тұрғыдан ойлау баланың оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, кез келген нәсені бақылап, талдай алатын, озық ойлы, білімді, өзін-өзі реттей алатын тұлғаны тәрбиелеуде көп көмегін тигізеді.

Диалогтік оқыту білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Біз көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ-жауап ретінде қолданамыз. Диалогтік оқыту да барлық пәндер үшін тиімді оқыту түрі болып табылады. Өз пәніме қатысты айта кетер болсам, бізде көбінесе теориямен практиканы ұштастырып оқытамыз. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлері мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды. Оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас орнайды. Диалогтік оқыту оқушы мен оқушы арасында да туындауы мүмкін. Мұнда оқушылар бір -біріне сұрақтар қояды. Бір-бірінің жауабына қанағаттанбаса, қосымша да сұрақтар беруі мүмкін. Диалогтік оқыту оқушылар арасындағы пікірталас кезінде көп туындайды. Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу, яғни пікірлесу арқылы диалог құрады. Мұның барлығы диалогтік әңгіме болып табылады. Оқушыларға ойын кеңейтетін, яғни ойын дамытатын тапсырмалар беріп отырсақ, онда олардың ойлау деңгейлерін көтеріп, сөйлеу дағдыларын арттырамыз деген ойдамын. Сабақ соңындағы кері байланыстың өзін де диалогқа жатқызуға болады.

Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. Өйткені кез келген істі жасған кезде оған критерийлер қойып, сол талаптар арқылы өзін-өзі бағалайды, мен осы қойылған талаптарға сай жұмыс жасадым ба?, қандай дәрежеде орындадым? – дегендей сұрақтарды өздеріне қойып, жақсы жетістікке жетуге, алға қарай ілгерілеуге қадамдар жасайды. Бағалау – одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен. Яғни, бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз. Бағалаудың екі түрі қарастырылған: формативті бағалау және жиынтық бағалау. Формативті бағалау оқыту үшін бағалау болып табылады да, ал жиынтық бағалау оқытуды бағалау болып табылады. Жиынтық бағалауды оқудың қорытындысын шығаруда, оқудың алға ілгерілеуін тіркеу мақсатында қолданамыз. Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді. Мен өз іс-тәжірибемде көбінесе оқушыларды өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына баса назар аудардым. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Қате кеткен жерлерін түсініп, әділ бағалауды үйренеді, дағдыланады. Бағалау оқушылардың өзі-өзінің, басқалардың ойлары мен жұмыс жасауын бақылау болып табылатындықтан оқушы өзінің ойлауын, түсінуін, тәртібін қадағалап отыруды үйренеді, дағды қалыптасады. Балаларға әртүрлі бағалау әдістерін қолданып көрдім. Мұндағы мақсатым, оқыту үшін бағалауда қайсысы ыңғайлы. Алғашында бағалау кездерінде кішкене қиындықтар болды, айтар болсам оқушылар өздеріне жоғары баға беріп, бірін-бірі көтермелеп қулық жасады, бірақ бұл алғашқы кезде ғана орын алды. Сабақ барысында оқушылар бағалаудың маңыздылығын түсінді. Мысалға алар болсам, топтардың бірін-бірі бағалауы, марапаттауы. Олардың сөз мәнері, идеялары, өз ойларын дұрыс жеткізе алуы, тәртіптері, алтын ережені сақтауы т.б. қарастырылса, бірін-бірі бағалағанда дәптерде жазылған жауаптарының дұрыстығына, қатесіз жазылуына, яғни критерийлерге сүйене отырып бағаласа, ал өзін-өзі бағалағанда оқушыда әртүрлі сұрақтар туындайды. Мен өз ойымды жеткізе алдым ба?, жауабымның дұрыстығына нақты дәлелдер келтіре алдым ба?, өзгелердің пікірін тыңдай алдым ба?,неге үй тапсырмасын орындауда салғырттық таныттым? Осының нәтижесінде бала жауапкершілікті сезінді, өз білімін жетілдіру қажеттігін түсінді, талдау жасауды, өз білімін басқалармен салыстыруды, білім алу барысында шешімдерді қабылдай білуді үйренеді, дағдыланады. Білімін жақсарту үшін бағауды түсінді. Оқушыларды бағаламас бұрын ол оқушы нені біледі, нені білмейтінін анықтап алу қажет. Көбінесе тапсырманы бере отырып, олардың іс-әрекетін, өзара әңгімелерін, пікірлерін, жауаптарын тыңдап, бақылап отырдым және де оқыту үшін бағалау қорытындысына сүйене отырып, баланы ары қарай дамытуды ойластырдым. Оларға білім алу үшін бағалауды үйренуі қажет екенін, ол өзінің білімін жақсартуына көмекші екеніне талдау жасалынды. Бұл ары қарай өзінің нәтижесін, білім деңгейін көтеру үшін не істеу қажеттігін түсінуіне мүмкіндік береді. Қорыта келгенде бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы, оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім алуға көп көмегін тигізеді, өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатынын түсінеді. Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Басты мақсат ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгеру және оқушыларға меңгерту. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы.Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды. АКТ-ні тек қана сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қолданамыз.. Қазіргі кезде қашықтан оқыту тәсілі қолға алынған. Яғни кез келген АКТ-ны меңгерген адам қашықтан оқи алады, білімін шыңдап, әрі қарай жетілдіре алады. АКТ-ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға, АКТ пайдалану машықтарын арттыруға көмектеседі. Бұдан басқа электронды оқулықтар мен тесттер жетерлік. Өз білім деңгейін анықтап, салыстырып отырады. Оқушылардың да технологиялық білімдері міндетті түрде болуы қажет. АКТ-ны қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Дарынды және талантты оқушылардың да білімін шыңдауда осы АКТ-ның қосар үлесі мол. Оқушының дарынды және талантты екенін қалай анықтаймыз? Ол қандай талантымен көзге түседі? Баланың бойынан талантты байқай отырып, мұғалімдердің, ата-аналардың, достарының пікірін тыңдай отырып, ары қарай дамуына ықпал жасауымыз қажет. Баланың бірі өзін көрсетіп, алға ұмтылса, ал біреулері өз ойын қорытып жинақтағанмен өзін көрсете алмайтындары бар. Тағы бір байқағаным дарынды бала өз өйын салмақтап, қалай жасау қажеттігін ойланып,өзін-өзі реттеп алып, жұмыс жасайды. Яғни талантты және дарынды оқушылардың есте сақтау қабілеттері жоғары, ақпаратты өз кезегінде пайдалана алады.Нақты жоспар құрып, кез келген мәселені анықтай алады, шығармашыл, проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, дұрыс шешім қабылдай алады. Қорыта келгенде барлық пәндік сала бойынша қабілетті болмайды, бірақ басқа пәндерді жақсы оқуы мүмкін. Дарынды бала ақпаратты саналы қабылдап, өмірмен байланыстырып қарай біледі.. Іс-тәжірибе жүргізу барысында оқушылардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес тақырыптар бере отырып, олардың сол тақырыпты қабылдауы, түсінуі, есте сақтауына мән бердім. Бұл жерде байқағаным әр бала ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдайды.Қорыта келгенде бүкіл жеті модуль идеяларын күнделікті іс-тәжірибемізге ендірсек, білім сапасы артады-деген ойдамын.



СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУДАҒЫ «ЖЕТІ МОДУЛЬДІҢ ҚАСИЕТІ»
  • Химия
Описание:

XXI ғасырдың жан жақты зерделі, дарынды, талантты жастарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік білім кеңестігіне ену,білім беруді одан әрі ізгілендіру  жаңа талаптары қойылуда. Жаңаша көзқарас, жаңаша қарым қатынас қалыптасуда. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. 

 

Қазіргі кезде өтіп жатқан үш айлық курс бағдарламасында мұғалімдерге қазіргі заманғы оқыту әдістері жеті модуль арқылы ұсынылады. Атап айтқанда, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойдауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды баларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Автор Ныгызбаева Гулмира Жанымхановна
Дата добавления 20.11.2014
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров 1864
Номер материала 4105
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓