Главная / Биология / Сутек.Сутектің табиғатта таралуы,алынуы

Сутек.Сутектің табиғатта таралуы,алынуы

Сутек.Сутектің табиғатта таралуы,алынуы
  • Биология
Описание:

Сутек.Сутектің табиғатта таралуы,алынуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.

Дамытушылық: Экзо, эндотермиялық реакцияларды қайталай отырып оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, зертханалық жұмыс ЭО 8 сынып

Құрал-жабдықтар,көрнекі құралдар:Газ жинайтын құрал (тұрғы,сынауық, спиртшам), Кипп аппараты, мырыш, тұз қышқылы, күкірт қышқылы,кальций,су, периодтық кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Күтілетін нәтиже:Оқушылар эксперименттік тәжірибелердің орындалуын мұқият қадағалап, қауіпсіздік ережесін еске түсіреді, зертханалық тәжірибелерден қорытынды жасап,реакция теңдеулерін жазып,реакция типтерін ажырата біледі.

САБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Өткен материалдарды қайталау: «Қызығушылықты ояту»

1. « Миға шабуыл»

1.Заттар нешеге жіктеледі? Жай және күрделі заттар дегеніміз не?

Химиялық элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипттама беріп көрелік( аты, таңбасы, сал.ат.массасы, молекуласы, сал.мол.массы,валенттілігі, периодтық кестеде орны бар,аллотропиялық түр өзгерісі бар)

3.Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз

4.Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция,ол нешеге жіктеледі?

Автор Оразақынова Майгүл Батырханқызы
Дата добавления 02.06.2015
Раздел Биология
Подраздел Планирования
Просмотров 394
Номер материала 59842
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓