Главная / Технология / "Сумоншақпен әшекей бұйымдар жасау" сабақ жоспары (9-сынып)

"Сумоншақпен әшекей бұйымдар жасау" сабақ жоспары (9-сынып)

Сабақ жоспары

9 сынып

Пән: Технология

Сабақтың тақырыбы: «Сумоншақпен әшекей бұйымдар жасау»

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік:Оқушыларға моншақпен жұмыс жасауды үйрету,

моншақ тоқу арқылы оқушылардың шеберлік деңгейін

арттыру, сұлулықты бағалай білуге бағыт бағдар беру.

ә)Тәрбиелік:Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке,

шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеп, еңбек сүйгіштікке, іске

деген қызығушылық сезімін ояту.

б)Дамытушылық: Қыз балаларды ептілікке, шыдамдылыққа баулу,

өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын

қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс, өзара

іздене білу.

Пәнаралық байланыс: Математика, тарих, география, әдебиет, бейнелеу.

Көрнекілігі: Сумоншақпен жасалған дайын бұйымдар, сызбалар, суреттер,

интерактивті тақта

Керекті құрал-жабдықтар: Сумоншақтар, маталар, сызғыш, метр, ине, ішек

(леска)

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды

белгілеу,оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.

Оқушылардың сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі.

«Мен бәрін жасай аламын» деп әр оқушы батыл болу үшін мынадай сөздер айтады.

1. Бүгінгі күн тамаша!

2. Мен өзімді жақсы сезінудемін.

3. Менің көңіл күйім керемет жақсы.

4. Мен барлығы қолымнан келетініне сенімдімін.

5. Барлығы қолымнан келеді.

6. Мен жұмыс істеуге дайынмын.

ІІ.Ой қозғау.

1.Тап-тап, тап жорға,

Табаны жоқ боз жорға.

Желіп кетсе жеткізбес

Жерге түссе таптырмас. (ине)

2. Басы екеу, аяғы да екеу (қайшы)

3. Пластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасалатын түрлі-түсті ұсақ

моншақтар

(сумоншақ)

ІІІ.Жаңа сабаққа кіріспе

Бүгінгі сабағымыз өткен сабағымызға қарағанда өзгеше.Сондықтан ортаға

оқушыны шақырайық. Не дайындап келді екен.

1.Оқушы:

-Пластмассадан,әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі-түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.

2.Оқушы:

Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны Ежелгі Египет болған.Әйнектен

жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар сонау б.з.д.ІV ғасыр ескерткіштерінен табылған.Әйнектік массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де,әйелдер де, әсіресе ақ түсті киімдермен таққан екен.

Ең алғаш бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан,мағынасы «жасалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге «бисер»атауы әйгілі бола бастады.

3.Оқушы:

-Ұсақ моншақтарды кестелеп тігіп, әсем өрнектер (сақина,сырға, білезік)жасайды.

Сонымен қатар, қыз-келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін, жеңін, жағасын және көзәйнектің қабын, сөмке, әмиян, қамзол, сәукеле, жейде, аяқкиімдерді сәндеуге қолданылады.

  • Интернеттен алынған сумоншақтың шығу тарихына қатысты қалалардың суреттері шығады, шолу жасалады.Тақтадан бисермен әшекейленген әр түрлі бұйымдар шығады.

Мұғалім кіріспе сөзі: Қолөнер-мол өнер.Қолөнер-халық өмірімен,тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр.Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмыстық сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген.

Осылардың ішінде бисер өнеріне тоқталайық.

Сумоншақтың отаны-ежелгі Египет.Міне солардан бисер деген атаумен жаңа ұғым пайда болды.Египеттен, Сериядан бисердің технологиясы Рим империясына дейін тарады.Бірте-бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін Италияда, Грецияда,Германияда, Испанияда, Францияда пайда болды.

Бесінші ғасырдың аяғында әйнек өнері Византияға, одан кейін Венецияға ауысады.Көптеген ғасырлар бойы Венеция Республикасы әйнек шығаруды құпия сақтайды.Әйнек шеберлері құпияны сақтамағандарды өлім жазасына кескен. ХV ғасырда әйнек шеберлері Германияда, Францияда, Чехияда пайда болды.Чехия Венециямен бәсекеге түсті.

ІV. Сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмысты техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру мен оқушылардың бір-біріне сәттілік тілеуімен басталады.

Жұмыстың реті:

1. Оқушылардың өз қалауы бойынша жұмыстарының үлгісін жасауы

2. Тоқу үшін қажетті заттарды дайындау

3. Нұсқау карта, қиял бойынша тоқу

4. Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау

Сумоншақтың тоқылу жолдары тақтада көрсетемін.

Сарамандық жұмыс кезінде оқушылар білезік пен алқаның түрін жасайды.

Нәтижесінде сумоншақпен тоқу өнері өте нәзіктілікті, әдемілікті,шыдам-дылықты және қиял ұшқырлығы мен шеберлікті талап етеді екен деп тапты.

V. Сергіту сәті

Сумоншақты тоқуға қажетті құралдарды табу.

Тақтадағы құмыраға сумоншақ тоқуға қажет құралдарды салады да қажет емес құралдар сыртта қалады.

VІ. Қорытындылау

Базардағы алқа мен өз қолымен жасаған алқаны салыстыру.

Базардағы алқа







hello_html_m2c9393c5.gif

Өздері жасаған алқа


hello_html_mfcc7f40.gif



VІ. Үйге тапсырма.Сумоншақпен әшекей бұйымдар жасау.

VІІІ Бағалау. Оқушылар бір-бірінің жұмысын көріп, салыстырып, баға

береді.

Жұмыс орын ретке келтіру


Қолданылған әдебиеттер:

Технология №9 2007 ж

Технология №2 2010 ж

Интернет www.sabak.kz









"Сумоншақпен әшекей бұйымдар жасау" сабақ жоспары (9-сынып)
  • Технология
Описание:

Сабақтың мақсаты:

        а)Білімділік:Оқушыларға  моншақпен жұмыс жасауды үйрету,

                                    моншақ  тоқу арқылы оқушылардың шеберлік  деңгейін

                                    арттыру, сұлулықты бағалай білуге бағыт бағдар беру.

        ә)Тәрбиелік:Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке,

                                    шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеп, еңбек сүйгіштікке, іске  

                                    деген  қызығушылық сезімін  ояту.

    б)Дамытушылық: Қыз балаларды ептілікке, шыдамдылыққа баулу,                                            

                                   өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын 

 

                                   қалыптастыру, ой-өрісін  кеңейту.

Автор Мусаева Ақжол Тоқтамысқызы
Дата добавления 02.03.2015
Раздел Технология
Подраздел Другое
Просмотров 1524
Номер материала 57412
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓