Инфоурок Другое Другие методич. материалыСуицид- тығырықтан шығатын жол емес

Суицид- тығырықтан шығатын жол емес

Скачать материал

Тақырыбы     Суицид – тығырықтан шығатын жол емес

Мақсаты  Суицид туралы толық  жан-жақты  ақпарат беру       

Тәрбиелік маңызы   Суицидтің адамның өзінің ішкі болмысына жасалған      қаттыгездігі, жауыздығы мағынасын терең ашып оқушы санасына                       жеткізе отырып, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу

Көрнекіліктер   Суреттер, слайд, бейне көрністер

 Суицид- (лат.тілінен sui – өзін + caedere – өлтіру) — өзін – өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті. Былайша айтқанда, бұл адамның өзінің «ішкі болмысына» жасалған қаттыгездігі, яғни жауыздығы. Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай – ақ, өз – өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін.Жалпы, суицид қылмысының тарихы пұтқа табынушылық кезеңіне, Ежелгі Грек мәдениетіне барып ұштасады. Тамыры тым тереңде жатқан бұл кеселдің адамзатқа тигізген зияны орасан зор. Уақыт өткен сайын өмірден түңілген адам баласы о дүниеге«оңай» әрі «жылдам» аттану үшін өз – өзіне қол жұмсаудың сан түрін ойлап тапты.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша, бүгінгі күні соғыс пен қанды қылмыстарға қарағанда әлемде өз – өзіне қол жұмсау салдарынан өлетін адамдар көп екен. Әлемде жыл сайын шамамен бір миллиондай адамның өз – өзіне қол жұмсап, 10 – 20 миллиондай адамның өз өмірлерін қиюға әрекет жасайтындығы соның айғағы. Тіпті, әр 40 секунд сайын дүниежүзінде бір кісінің өз өмірін қиятындығы бұл өлімнің қаншалықты жиі кездесетіндігін көрсетедіДДҰ – ның мәлімдеуінше, 2020 жылға қарай жыл сайынғы әлемдегі өзін – өзі өлтіру көрсеткіші 1 миллионнан енді 1,5 миллионға артпақЖалпы әлемде жыл сайын шамамен миллионға жуық адам өз – өзіне қол салып көз жұмады. Олардың 8 мыңы – қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсең, жаның түршігеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сенсек, Қазақстан суицид бойынша әлемнің алдыңғы бестігіне кіреді екен. Ал Орта Азияда «бәйгенің» басында келеміз. Елімізде әрбір 100 мың адамның 53 – інің ажалы өздерінен болатыны анықталған. Нақтылы айтсақ, еліміз, өкінішке қарай, өзін – өзі өлтірушілердің жалпы саны жағынан әлемде үшінші орынға, ал қыз балалар өлімі бойынша бірінші орынға шыққан.Бұл Қазақстандағы суицид саны жалпыәлемдік стандартпен салыстырғанда, өте жоғары деңгейде екендігін білдіреді. Сондықтан қазір әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде біздің елде де суицид пен нашақорлық проблемасы ерекше маңызды мәселеге айналып отыр. Осы орайда, төл дініміз Исламда мұндай әрекет қалай қаралып, бағаланатыны жайлы түсінік беруді жөн көрдік.Қазақ: «Өлімнен басқаның бәрі ерте болғаны абзал», — деп өмір сүруге үндеген халық.Шариғатымызда Алла Тағала берген нығметке қиянат жасау – харам. Жаратқан иеміз пенделеріне өмір сүру, ішіп  жеуді өлшеп берген болса, адам оны дұрыс, орынды және толық пайдалануы тиіс. Ал, кейбір өткінші қиындықтарға шыдамай, өзіне нәсіп етілген нығметке разы болмай, одан бас тарту үлкен күнә саналады. Алла Тағала пенделерін сынау үшін адамға жан беріп, ол дүниеге бір мәрте ғана келеді. Сондықтан қандай қасіретті, қиын жағдайда да өзіне қол жұмсауды қайтарып Алла Тағала қасиетті Құран – Кәрімде: «Өздеріңді өздерің өлімге қимаңдар», – яғни өздеріңе қол салмаңдар дейді.Дінімізде мұсылман болудың негізгі шарттарының бірі – жақсылықтың, жамандықтың да Алладан екеніне сену. Адам баласы тағдырға сенбесе, қиыншылығына төзбесе мұсылман саналмайды. Сондықтан ауыр, жазылмайтын дертке шалдыққан адам бұл дерт Алланың оған берген нығметі деп түсінулері қажет. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің хадис  шарифтерінде: «Дерт –күнәға кәффарат болады»,  деген. Яғни, адам ауырып қиналуы пенделеріне жіберген сынағы. Кімде  кім бұл сынақтан, оған ризашылық білдіріп шүкірдесе, екі дүниенің жақсылығына бөленеді. Адамға өмірді тек Алла ғана береді. Сондықтан оны пенденің өз еркімен қиюы үлкен күнә.Дінге сенімі бар адам өмірдің қиындықтарын сынақ деп біледі, өткінші деп қарайды. Әрбір қиындықтан кейін жеңілдіктің келетініне сенеді. Құдайдан үмітін еш үзбейді, сабыр етеді, ең қиын сәттерде де өзін өлтіруге бармайды. Ендеше, өзін – өзі өлтірудің себептерін өмірдің қиындықтарынан іздеу дұрыс емес. Мұндағы басты себеп – сенім болып тұр. Иманы толық адамдарда қандай да бір қайғыны жабыла көтеру, қиыншылыққа ортақтасу бар. Ал, өзімшіл адамдарда бауырмалдық пен жанашырлық атымен болмайды. Сол себепті, қиналған кезде қайғысы еселеніп, бұл дүниеден безуден басқа жолы қалмайды. Өйткені, о дүниеге деген сенім жоқ. Сөйтіп, онсыз да қызығы қашқан өмірден өліп құтыла салғанды жөн көреді. Бір сөзбен айтқанда, суицид дертінің емі – иманда. Анығырақ айтқанда имани тәрбиеде. Осы тұрғыдан алып қарағанда жасөспірімдер отбасында, мектеп қабырғасында имани тәрбиеге мұқтаж.Ислам дінінде жазықсыз адамды өлтіру немесе өзін – өзі өлімге қию – Алланың ашуын тудырып, аса ауыр азапқа душар ететін ауыр күнә. Себебі, Ислам дінінің, қасиетті Құран мен хадистің көрсетуінше, адам баласының орны жаратылыс атаулының бәрінен жоғары әрі үстем. Мейлі, ол әйел болсын, еркек болсын, кәрі болсын, жас болсын, әрбір адам қадірлі және құрметті. Қасиетті Құранда: «Біз адам баласын ардақтадық...”, “...оларды басқа жаратқандарымыздан әлдеқайда артық жараттық» Исра» сүресі, 70 – аят), – делінген. Сондықтан әрбір жанның өмірі өте қымбат. Оның өміріне қол сұғуға, арнамысына тиюге, малына зұлымдық жасауға, еркінен айыруға дінімізде рұқсат жоқ. Тіпті, адам өмірінің қымбаттығы сонша – жазықсыз бір адамды өлтіру бүкіл адам баласын өлтірумен пара – пар. (Маида сүресі 32 аят) Адамзат баласының іші – сыртын осындай рухани және материалдық інжу – маржандармен безендіре жаратқан Алла Тағала олардың өмірі мен өліміне де белгілі бір шарттар мен өлшемдер белгілеген. Қасиетті Құранда: «Алла Тағала сендердің араларыңнан қайсыларыңның ізгі іс істейтіндіктеріңді сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан. Ол – тым үстем, аса жарылқаушы» (Мүлк сүресі, 1, 2 – аяттар), – делінген. Бұл аятқа қарасақ, адамның бүкіл тіршілігі де, өмірден озуы да – сынақ. Адамның өзіне қол жұмсауы – осы сынақтан омақаса құлаудың айқын бір белгісі.

Сондай – ақ кісінің өзін – өзі өлтіруі Алланың кешірім, мейірімінен, рақымынан қол үздіреді. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мүмін арам қанға былғанбайынша (малынбайынша), дінінде кеңдік ішінде», – деп, өзінің немесе өзгенің қанын төкпеген адам ақыр бір Алланың рақымына бөленуі мүмкін екендігін білдірген. Ал өзін немесе өзгені өлтіруші кісі осы кеңдіктен құр қалады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) келесі бір хадистерінде өзін – өзі өлтірген адамның ақыреттегі азабы жайлы былай дейді: «Кімде – кім өзін – өзі қандай да бір темірмен өлтірсе, жаһаннамда қолына темір алып, мәңгі бақи өзін – өзі түйреумен болады. Ал кімде – кім у ішіп өлсе, жаһаннам отында мәңгілік у ішумен қалады. Ал кім өзін таудан тастап өлтірсе, жаһаннамда да өзін мәңгі отқа лақтырып тұрады». Бұл хадис өзін – өзі өлтірудің ақыры ауыр азаппен аяқталатынын білдірсе, екінші жағынан осы сұм өлімнің бірнеше негізгі түрлерінен сақтандырады.

Міне, осы секілді аят – хадистер жазықсыз қан төгу қылмысының ақыры өте ауыр екендігін білдіруде. Демек, мұсылман адам қандай қиындыққа тап болса да, бұл іске бармауға тиіс. Соңғы жылдары шетелдерде суицолог мамандар жүргізген зерттеу жұмыстары өзіне – өзі қол жұмсау әрекеттері көбінесе ешбір дінге сенбейтін жандардың (атеист) арасында кездесетінін дәлелдеп отыр. Оның себебі дінсіздер өз келешектерінен үміт күтпейді, іштей уайымшыл болады және ешкіммен бастары бірікпей, бытыраңқы өмір сүреді. Оларда Аллаға және ақырет күніне иман келтірмеулері және айқын бір мақсаттарының болмауы да көбіне – көп өзін – өзі өлтіруге әкеліп соқтыратын көрінеді. Осымен қатар, зерттеушілер дінсіздік жайылған елдерде суицидтің де көбірек байқалатынын анықтаған. Демек, елімізде суицид эпидемиясын жоюдың бір тетігі – жастар арасында имандылық тәрбиесін күшейту. Өйткені, Ислам дінін ұстанушылардың арасында өзін де, өзгені де өлтіру өте сирек кездеседі.

Ұлы Жаратушы Иемізді танып – білу, бұл дүниенің уақытша сынақ алаңы екендігіне илану, үміт, жақсы көру, қорқу, сабыр, тәуекел, т.б. имани ұғымдар адамды өмірмен байланыстырып тұрады. Бұл асыл ұғымдарға мән бермеу өмір мен адам арасындағы байланыстардың біртіндеп үзілуіне алып келеді. Содан барып өмірден безу сияқты әрекеттер туындайды.Өзін – өзі өлтірудің үлкен күнә екеніне тағы бір дәлел: егер адам аштықтан өлер халге жетсе, онда харам деп саналған доңыздың етіне де шариғат рұқсат етеді. Яғни өзін өлімге көпе – көрнеу қимай, доңыздың еті болса да, жанын сақтап қалу маңызды саналады.Соңғы кездері елімізде орын алған өзін – өзі жарып жіберу оқиғалары көптеген отандастарымыздың көңіліне үрей ұялатып, елдің тыныштығына нұқсан келтірді. Жарылысты діни ұйым мүшелері ұйымдастырды деген хабарды естіген қарапайым халық, тіпті, кез келген дін өкіліне, намаз оқыған мұсылманға секеммен қарайтын жағдайға жетті. Дегенмен, бұл жағдайлар біздің бейбіт еліміздің берекесін алуға себеп болмауы керек.

Қазіргі таңда кейбір адасқан, білімі таяз топтардың өзін – өзі өлтіруді «шаһид» деп атап жүргендер де бар. Олар жоғарыда келтірілген Құран аяттарына, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистеріне қарсы шығушылар болып табылады. Аллаға және пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бойсұнбай, өз – өзіне қол салған пенде қияметте қалай жәннатқа кірмек?! Мұның ар жағында өз мақсаты үшін айдап салушы жат пиғылды адамның, не белгілі бір топтың тұруы мүмкін. Олар әлі оң – солын танып үлгермеген жастарға «осындай амал жасасаң, «шейіт» боласың, Алланың ризалығына бөленесің, жұмаққа барасың» деп адастырып, өз – өзін құрбан етуге итермелеп отыруы мүмкін. Сол себептен, ата-аналар, ұстаздар, дін

        

өкілдері, жалпы барша қоғам ел ертеңі болар жастарды жат әрекеттен, адасудан сақтап, түзу жолды көрсете білуіміз керек.

Қорыта келе айтарымыз, құрметті мұсылман бауырлар! Өзіне – өзі қол салу – үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен, жан тынышсыздығынан туындайды. Ал жүрегіне иман нұры ұялаған, шынайы Исламнан нәр алған адам мұндай дерттен аулақ болады. Алла Тағала өзінен қорқып, фәни дүниенің сынағына шыдаған адамға тосын сый беретінін айтып қасиетті Құранда:«Кім Алладан шын қорықса, Алла оны кез келген қиындықтан құтқарады және күтпеген жерден ризық – несібе береді» – дейді. Оның үстіне өмір – Алланың адамға берген ең үлкен нығметі және аманаты. Ендеше аманатқа қиянат жасамай, өлшеулі өмірді өнегелі өткізсек, ең бірінші өзіміз үшін пайдалы. Сондай – ақ, Жаратушының бергеніне үлкен жауапкершілікпен қарау есеп күніне дайындықтың алғышарты екендігін де ұмытпағанымыз абзал.

Иманды жанның бұл дүниедегі тартқан азаптары мен көрген қайғы – мұңдары арғы өмірде мәңгілік бақытқа айырбасталатыны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде білдірілген. Ендеше адам баласының бұл өмірде белгілі бір мөлшерде қасірет тартуы – заңды құбылыс. Оған иман тұрғысынан қарауымыз керек.

Сондықтан үмітсіздік, мақсатсыздық, келешекке сенімсіздік пиғылдан аулақ болайық! Қараңғы түннен кейін жарық күннің, әр қиыншылықтан кейін жеңілдік барына сенейік! Әркімнің өз тағдыры – өз қолында. Өзіне-өзі қол жұмсау арқылы еш мәселе шешілмейді. Қандай болмасын қиындықты жеңе білсек, өміріміз мәнді, тұрмысымыз сәнді болмақ.

 

      

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Суицид- тығырықтан шығатын жол емес"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәрбиелік маңызы Суицидтің адамның өзінің ішкі болмысына жасалған қаттыгездігі, жауыздығы мағынасын терең ашып оқушы санасына жеткізе отырып, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу Суицид- (лат.тілінен sui – өзін + caedere – өлтіру) — өзін – өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті. Былайша айтқанда, бұл адамның өзінің «ішкі болмысына» жасалған қаттыгездігі, яғни жауыздығы. Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай – ақ, өз – өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін.Жалпы, суицид қылмысының тарихы пұтқа табынушылық кезеңіне, Ежелгі Грек мәдениетіне барып ұштасады. Тамыры тым тереңде жатқан бұл кеселдің адамзатқа тигізген зияны орасан зор. Уақыт өткен сайын өмірден түңілген адам баласы о дүниеге«оңай» әрі «жылдам» аттану үшін өз – өзіне қол жұмсаудың сан түрін ойлап тапты.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша, бүгінгі күні соғыс пен қанды қылмыстарға қарағанда әлемде өз – өзіне қол жұмсау салдарынан өлетін адамдар көп екен. Әлемде жыл сайын шамамен бір миллиондай адамның өз – өзіне қол жұмсап, 10 – 20 миллиондай адамның өз өмірлерін қиюға әрекет жасайтындығы соның айғағы. Тіпті, әр 40 секунд сайын дүниежүзінде бір кісінің өз өмірін қиятындығы бұл өлімнің қаншалықты жиі кездесетіндігін көрсетедіДДҰ – ның мәлімдеуінше, 2020 жылға қарай жыл сайынғы әлемдегі өзін – өзі өлтіру көрсеткіші 1 миллионнан енді 1,5 миллионға артпақЖалпы әлемде жыл сайын шамамен миллионға жуық адам өз – өзіне қол салып көз жұмады. Олардың 8 мыңы – қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсең, жаның түршігеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сенсек, Қазақстан суицид бойынша әлемнің алдыңғы бестігіне кіреді екен. Ал Орта Азияда «бәйгенің» басында келеміз. Елімізде әрбір 100 мың адамның 53 – інің ажалы өздерінен болатыны анықталған. Нақтылы айтсақ, еліміз, өкінішке қарай, өзін – өзі өлтірушілердің жалпы саны жағынан әлемде үшінші орынға, ал қыз балалар өлімі бойынша бірінші орынға шыққан.Бұл Қазақстандағы суицид саны жалпыәлемдік стандартпен салыстырғанда, өте жоғары деңгейде екендігін білдіреді. Сондықтан қазір әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде біздің елде де суицид пен нашақорлық проблемасы ерекше маңызды мәселеге айналып отыр. Осы орайда, төл дініміз Исламда мұндай әрекет қалай қаралып, бағаланатыны жайлы түсінік беруді

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 586 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.05.2020 447
    • DOCX 586.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Волова Наталия Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Волова Наталия Александровна
    Волова Наталия Александровна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74295
    • Всего материалов: 212

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 86 человек

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 157 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 84 человека