Главная / Физика / "Студент - шығармашыл - патриот" ғылыми жоба

"Студент - шығармашыл - патриот" ғылыми жоба

Студент-шығармашыл-партриот

...Студент – қандай да бір жеке тұлға. Ой-санасы дамыған, ел болашағының тізгінін ұстауы үшін өз алдына бір мамандық иесі боламын деп үлкен мақсат қойған индивид, яғни өз ұстанымын анықтаған, алдына қойған айқын мақсаты бар адам.

Шығармашылық – сол индивидтің жаңадан ойлап табу болмысын немесе бір игі істі жалғастыруға қызығушылығы болсын, тым болмаса әрекетке ұмтылуы деп алайық. Студенттің ғылыми жұмыспен айналысуы, мәдени шараларға белсене араласуы, қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуы, қазіргі күні белең алған ең ізгі шара. Студенттердің өзін-өзі басқаруының бір мүшесі болуы, міне, осының барлығы студенттің тек жеке басы үшін ғана емес, алғашында өзінің оқу орны үшін, кейін елі үшін атқарар ісінің бастамасы болып есептелінеді. Яғни, шығармашылық шырқау шегінің нәтижесіне жетуге осы кезден қамдана бастайды. Яғни бойындағы қабілетін дарытады. Оның барлығына ықпал ететін тылсым күш иесі бұл оқытушылар болмақ. Егер ғылыми іспен айналысатын болса, ғылыми жетекшісі, шығарма жазатын болса, тіл байлығы мықты, сөзге шебер ұстаз керек, өнер саласында жүрер болса, биші, жезтаңдай әнші дегендей әр саланың бабына сай бапкері студенттердің шығармашылықпен айналысуына ықпал жасайды. Нәтижесінде студент оқу бітіргеннен кейін келелі мол келешектің тізгінін ұстайтын, бостандыққа толы болашақты бастайтын, айбаты арыстандай, қайраты жолбарыстай, аузы дуалы, білегі қуатты, білімі мол, қай салада болса да аянбай тер төгуге бар жас маман иесі болып шығады. Бұл сөзсіз шындық.

Төрт-бес жыл еңбектеніп, жарқын болашағының іргетасын қалап, бойына жігерлілік пен қайсарлылықты, рухшылдық пен жаңашылдықты жиып өскен студент енді елі үшін жұмыс жасауға сақадай сай. Күші асып, жігері тасып, өзінің емес, ұлтының мүддесі үшін жан қиюға әзір.

Менің ойыма, осы жағдай, яғни студенттің шығармашылық жұмысын дамыту арқылы Жаңа қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеудің бірден-бір жолы осылай жүзеге асу керек секілді. Болмаса тек «ілім-білім» деп өзге елдердің ғылымынан сусындап, өз ғалымдарымыз толық зерттей алмай жатқан салаларының кесірінен ол студенттердің қызығушылығы құны бөлек өзге елге ауып кетуі мүмкін. Бұл – үлкен қорлық. «Өзге елде – сұлтан болғанша, өз еліңде – ұлтан бол». Осы бір сөздің астарын зерделей білген жанның санасының еш сергелдеңге түспей, яғни өз елінің құндылығын, құдіреттілігін, таңертең шапағатын арайлатар ақ таңының, күндіз шуағын шашып тұрар күнінің, кеш бата бозараңдап, түн ортасында адам баласына сәуледей жарық сыйлаған айының, әрбір құбылыстарының сондай ыстық, қымбат екенін сезінері хақ.

«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» дейді қазақтың данасы М.Әуезов. Бесіктен белі шығып, ананың ақ сүтімен әлдиіне, ыстық алақанына құмарланып, оны бір жыл бойы сол отбасының жанында, яғни кіші отбасында бойына ұлтжандылықтың, Отан сүйгіштіктің, патриоттық тәлім тәрбиенің құндылықтарын сіңірген жас буын иесінің, үлкен өмірге аяқ басып, ата-анасынан жырақ, яғни басқа қалаға білім нәрімен сусындауға келіп, студент атанған, қаймағы бұзылмаған уыздай сүттің болашақ сол сүт болып қалуына немесе сол сүттен ашыған салып, ащы айран етіп алу да осы студент кездің үлесінде екен. Егер осы кезде сол студент жан-жақты іспен айналысуға талпынар болса, онда оның болашағы айқын, басар биігінің бастауы жарқын болмақ.

Әрбір жастың жүрегінде осы секілді істер болатын болса, онда олардың бойында Отанға, ұлтқа, елге деген сүйіспеншілік те сөзсіз болады. Қандай жағдайда болмасын, ел, мемлекет үшін патриоттықтың қажет екендігі өзінен-өзі белгілі. Себебі, көне грек мемлекетінде қалыптасқан бұл ұғым өз елін сүю, өз халқына берілген, елі, жұрты үшін қандай да болсын қиындыққа төзуді аңғартады. Сондықтан да бұл ұғымның интернационалдық бағыты да бар. Әр елде азаматтар бұл ұғымға өзінше баға береді. Әр елде әр жас шамасындағы азаматтардың ой-санасы әртүрлі деңгейде дамитыны тағы бар, сонда бұл ұғымның сан қырлы бағыты бар дегенді білдіреді. Түрлі елдің азаматтарының патриоттығы әр деңгейде болғанымен, барлық жерде патриоттар Отанының бүгінгі дұрыс өмірі және жарқын болашағы жайында күрескерлер болып қала береді.

Болашақ Қазақстанның іргетасын берік қалауда оның әрбір құмын, кірпішін, тасын Отанға деген сүйіспеншілікпен, елге деген ерлікпен, өр рухпен ұстап сезінетін болсақ, теңдік алуға талпынған тіленші ұлтшылдық жолында аянбай тер төккен тарих тарландарының еңбегінің зая кетпегендігі. Өткеннің осындай іскерлігі – бүгіннің үстемдігі.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табуы үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренеді. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.

Бұл жалпы адам бойындағы құбылыс. Ал студенттердің шығармашылығын дамыту болашақтың үлкен сапарына аяқ бастырар сәтте оған тура жол сілтеу үлкен маңызды іс. Әрбір студент өз жүрегінде күш жігері мықты сезім орнатуы тиіс. Ол ешқашан жасып қалмауы керек. Студент өз бойынан шығармашылық қабілеттерін, даралық бейімділіктерін, өзгеге таныта білуі керек. Студенттердің қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек философы Сократ өз ізбасарларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған. Шығыстың әйгілі ойшылы әл-Фараби адамның ақыл-ойын қабілетін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған. Халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөзінде (43-ші қара сөзі) де адам бойындағы қабілеттерін әрі қарай дамыту, шыңдау қажеттілігін алға тартады. Сонда ғана олар пайдаға асатынын жазады.

Қазіргі таңда жаңа Қазақстанда қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді шығармашылық адам қажет. Ол үшін әрбір оқытушы сабақтарда тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, студенттердің жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырғаны жөн. Өз ұлтын, өз Отанын сүйетін адам ең бірінші өзін, өзінің жанұясын сүюі керек. Соны қорғай білу керек. Сонда ғана біз бойында патриоттық сезімі басым студенттерді кездестіре аламыз.

Студент кез келген уақытта ізденіп, тың мәселелерді зерттеп, тыңнан тыңшыға айналуы керек. Тың оқиғалармен барша жұртшылықты хабардар етіп отырған студент қана жан-жақты жүргендігін көрсете алады. Содан барып ол өзінің шығармашылық жолын бастайды. Ал шығармашылық ұғымы – жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз.

Барлығына да ең әуелі үлкен сенім мен тәуекел керек. Сенімділік пен бойыңдағы күш-қайрат болмаса, онда біз бағындырмайтын биік белес жоқ. Бұған біздің жігеріміз де, жүрегіміз де жетеді. Себебі, біз шыдамның шегіне жеткенде, намыс оты еті түгел сүйегінен өткенде, кеудесінде жанартауы жарылып, көздің алды қанталап, өзіне қарай анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып, бір-ақ тоқтаған елміз. Міне, біз осындаймыз. Студент қабілеті мен дарынын, шығармашылын дамыту арқылы бойындағы қаһары қатты патриот сезім туралы жүрегінде иненің көзіндей сәуле ашу – бүгіннің ең басты талабы.

Елбасы өз сөзін жастарға арнағанда: «...Бүгін барлық ауыртпашылықтар артта қалып, мемлекетіміз өркениетті елдің өркенді жолына қадам басты, дамудың даңғыл жолына түсті деп айта аламыз...

...Мен Сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. ...Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын құрдым.

Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде.

Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар – сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер.

Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз – ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы...».

Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтарға арнаған Жолдауында білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік салаға ерекше қамқорлықтар көрсетілгендігін атап өтті.

Жас толқынның қоғам өміріне белсене араласуы қазақ елінің өркендеп өсуіне зор ықпалын тигізері анық. Жастарымыз мән-мағынасы зор түрлі шараларға белсене араласып, өз ойын жетік білдіріп, еліміздің саясатына тікелей ат салысса, қадамымыз оңды болмақ. Үміттің ақталғаны деген осы болмақ.

Жаңа ғасыр табалдырығын аттап тұрып ел президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «…Біздің жас мемлекетіміз өсіп - жетіліп, кемелденеді біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олардың өз ішінде жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері бар.
Олар бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі бүкіл әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады,»- деген болатын. Олай болса бүгінгі мұғалімнің алдында шығармашылыққа бейім жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.
«Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдай жасау қажет’’.
Оқушының дарындылығының даму, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Ұстаздың алдында қолын созған, өмірге ерекше талпынған жас ұрпақ тұр. Білім берудегі шынайы мақсат – адамға белгілі бір білімді зерттеу ғана емес, сондай - ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Бүгінгі таңда балалардың өмірден орын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсінуіне де көмектесудің қажеттілігі арта түсуде.
Көбінесе « дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсінбеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көз қарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Оқушының шығармашылығын арттыру үшін жеке тапсырма қосымша сабақтар өткізу, сабақта қызығушылығын арттыру, кесте толтыру, бақылау жұмыстарын әр тақырып бойынша өткізу, тест дайындығын үйрету. Өзін - өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін - өзі жетілдіріп басқадан үлгі алуға, қоршаған орта жағдайында өзін - өзі бағып алуына, өз бетінше бір шешім айта алуына, әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Бірақ бұл жолда мұғалімге үлкен шығармашылықпен ізденіс керек.
Онсыз ұстаздың бала жүрегіне жол табылуы мүмкін емес. Биология пәні сабақтарының ерекшелігі - оқушылардың үнемі қарым - қатынаста болатындығы. Балалар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез - келген іс - әрекетіне қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады. Сабақтың өзіне тән ерекшелігі - сабақтың стандартты емес түрлері ұсынылады: талдау сабақтары, сайыс сабақтары, экскурсия сабақтары, ойын сабақтары, топ серуен сабақтары т. б. Биология пәнінің сабақтан тыс жұмыстары сабақта меңгерген білімдерін іс - жүзінде қолдана білуді және қоғамға қызмет етуді қарастырады.
Халқымыз табиғат аялауға, қорғауға ерекше көңіл бөлген. Тіпті адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді де өзінің туып - өскен табиғатымен сабақтастырып жазады.
Мысалы, халық арасында жаны жаздай, көңілі көлдей, пейілі кең даладай деген сөз тіркестерін жиі кездестіруге болады.
«Шығармашылық жұмыс» -
физика пәнінің ең маңызды бөлігі дегеніміз дұрыс болар, балалар үнемі шығармашылық жұмыста болады., мысалы, табиғатпен ұштастыра отырып сурет салу, кеппе шөптер жасау, өлең жазу, тілек құрап айту, кітапшалар жасау сияқты жұмыстарымен балалардың шығармашылық шабыты оянады, өз ісіне сын көзбен қарап, басқаның еңбегін бағалауды қалыптастырады.
«Алдыңғы қатарлы мұғалімдер оқуды бітіргеннен кейін өз беттерінше дамымайды немесе мұғалім болып туыла салмайды. Керісінше олар әрқашан даму үстінде болады. Өз мамандықтарын алғаннан кейін мұғалімдер әріптестерімен әңгімелесіп, бірігіп жұмыс жасау арқылы жалғаспалы, тұрақты білім мен өз өнерлері жөнінде терең ойлану арқылы өздерінің кім екендігімен не үшін қызмет жасайтындықтарын анықтауды қажет етеді», деген екен.

Оқытудың жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді

ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан – жақты технологияны жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңның 11-бабының 9-тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қасиеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.

Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамада қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіні туралы баяндалады.

Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Физика сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • -  Оқушының өз бетімен жұмысы;

  • -  Аз уақытты көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • -  Білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • -  Шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

  • -  Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • -       Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстау сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

  • -       Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу - оқытушыға сабақты физикалық ұғымдардың мағнасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді. Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаға сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.

«Физика» оқу пәні ретінде өз білім саласында қоршаған әлемнің сансыз құбылыстарында орын алатын табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады. Физика ғылымы адамзат мәдениетінің маңызды құраушысы бола отырып ғылыми, техникалық және гуманитарлық әлеуетке ие.

«Физика» оқу пәнінің мақсаты-оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу, табиғатқа ғылыми көзқарасты бекіту, физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуде шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру болып табылады.

Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Өз мазмұнына физиканың деректерін, түсініктерін, заңдарын, теорияларын, модельдерін, тәжірибелері мен әдістерін т.б. енгізе отыра, физикалық теориялар аясында адамзат іс-әрекетінің түрлі саласында қолданылатын біршама түсініктер қалыптасады. Физиканың жалпы мәдени мәнін ашу және осы негізде ғылыми көзқарас және ойды қалыптастыру қазіргі жағдайда оқу пәнінің басымдық мақсатын құрайды.

Қазіргі заманда ғылым мен техниканың жедел түрде дамуы әр оқушының білім дәрежесінің жоғары болуын талап етеді. Сондықтан оқушылардың шығармашылық пен белсенді түрде жұмыс жасауы, өз бетінше терең ойлауы арқылы білім алуы өмір қажетіне айналып отыр.

Елбасымыздың білім сапасына қойып отырған талабы- оқуышлардың ғылым мен техниканы кез-келген саласын меңгере отырып, бәсекелестікке қабілетті, құзырлы болуы. Білім жүйесінің соңғы жетістіктерінің бірі кез-келген сабақты интерактивті тақтамен өткізу болса, сол тақтаны емін-еркін пайдалануды тек мұғалім ғана емес, оқушының да білгені абзал.

12 жылдық білім беру жүйесінде 10-12 сыныптар 3 бағыт бойынша жаратылыстану – математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейінді жүзеге асыруы керек.

Демек, қазіргі оқулықтарымыздың бағдарламалары, оқулық мазмұны, әдістемелік жүйе қайта қарастыруды, жетілдіруді қажет етеді.

Мектеп қабырғасынан ел болашағы- жастарымыз заманға сай білімнің бастауын алады. Оқушылардың ойлауы мен тілінің дамуына жағдай жасау, дарынды балаларды назарда ұстау сияқты озық идеяларды жүзеге асыру үшін, оқыту әдістемелерінің жаңаша тұрғыдан құрылуы міндетті болмақ.

Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық , шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс.

Жақын болашақта орта білімді 12 жылдық жүйеге толығымен көшіру үрдісі басталмақ.

Осыған орай оқыту технологиялары жаңартылып, педагогика мамандарының шығармашылық бастамасына қолдау жасалуда. Жеке тұлға қалыптастыруда жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады.. мұғалім қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.

Орта білім берудің негізгі мақсат- міндеттерінің бірі-білім алушылардың тұлғалық қалыптасуына, олардың рухани әлеуетін дамытуға, өзіндік әлеуетін анықтауға, өзін-өзі дара көрсете алуына жағдай жасау болып табылады.

Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Өзінің мазмұнында деректерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, модельдерді, іргелі тәжірибелерді, физика әдістерін және т.б. қамти отырып, адам қызметінің түрлі саласында кеңінен қолданыс табатын түсініктер, ойлау жүйесі мен практикалық қызметі үшін тиімді тәсілдер қорын жинақтайды. Физиканың жалпы мәдени мәнділігін және оның негізінде ғылыми дүниетаным мен көзқарасты қалыптастыру қазіргі кездегі оқу пәнінің басты мақсаттарына жатады.

Оқушылардың физика пәнінен білімділігін қалыптастырудың негізгі түрі –есеп шығарту және белгілі проблемалық жағдаятты шешуді кең қолдануға үйрету. Сол себептен құзыреттілікті қалыптастыру кілті-арнайы дайындалған құзыретті бағытталған тапсырмалар.

Құзырет ( компетенция-латын сөзі «өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағына білдіреді) алға қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық. Құзыреттілік –оқушылардың нақты, әлеуметтік, қажетті іс-әрекеттерінің жан жақты тәсілдерінің жиынтығын меңмгеруінен көрінетін тікелей білім нәтижесі.

Қазіргі таңда құзыреттілік құрамына кіретін түсініктерге бірнеше көзқарастар бар, соның бірі Хуторский ұсынған құзыреттілік жиынтығы.

Осы жиынтық ішінен физика пәніне сай құзыреттіліктер деп іріктеп алғандарым төменде көрсетілген:

  • ·Оқу-танымдылық құзыреттілігі;

  • ·Ақпараттық құзыреттілік;

  • ·Коммуникативтік құзыреттілік.

Оқу –танымдылық құзыреттілігі- оқушының өз бетінше таным әрекетінің жиынтық құзыреттілігі, құрамына логикалық, әдістемелік, жалпы білім алу әрекеттерінің элементтері кіреді.

Сабақ басында қойлыған гипотезаны тапсырмалар орындау арқылы тексерді.

Мысалы:

  • ·барлық заттар бөлшектерден тұрады;

  • ·сұйықтар мен газдарда кері итеруші күштер бар;

  • ·қатты дене тұрақты балқу температурасына ие.

Бұл жағдайда оқушылар берілген тапсырмалар арқылы физикалық тәжірибе, бақылау, сараптау және жасалған жұмысы туралы көпшілік алдында хабарлама жасау білігі қалыптасады.

Ақпараттық құзыреттілік – қоршаған ортадағы қазіргі ақпарат құралдарын жетік меңгеру іскерлігі. Физика оқу пәні ретінде оқушылардың ақрараттық құзыреттілігін қалыптасуына үлкен септік тигізеді.

Қажетті ақпаратты табу, сараптау, өңдеу және қажеттісін алу.

Мысалы : Мобильді телефонның адам денсаулығына зиян екенін біз жиі естиміз.

Физика заңдарының негізіне сүйене отырып, зиян немесе зиянды емес туралы баяндама жаз.

Бұл тапсырмаларды орындай келе, оқушылар қосымша ақпарат көздерінен (Интернет желісі, ғылыми мақалардан, анықтама) өз бетінше қажетті мәліметті іріктеп алады.

Коммуникативті құзыреттілік- бұл тілдерді жетік білу, айналадағы және қашықтағы оқиға немесе адамдармен қарым-қатынас құру, топпен ұжымда жұмыс жасап, әртүрлі әлеуметтік рөлдерге ену дағдылары.

Оқушының өзін ұсына білуі, сұрақтар қоя білуі, пікірталас жүргізуі, сұрақтарға жауап қайтара білуі – осы құзіреттіліктен күтілетін нәтиже.

Ақпараттық құзыреттілік. Мысалы: келесі сөйлемде бірнеше сөз айрықша белгіленген: «Астрономдар болжауынша, келесі жүз жылда Нептун планетасынан Күн дискісі арқылы Сатурн планетасы өтетінін бақылауға болады». Осы үш айрықша белгіленген сөздер ішінен қайсы сөз арқылы кітапханадан және интернет желісінен іздеуге қолайлы?

Орта мектептің физика сабақтарында жетекші құзыреттіліктерді қалыптастыру ерекше орын алады. Құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану физика пәнінен білімді сапалы меңгерумен қатар тәжірибеде қолдана алу қабілеттілігін дамыту проблемасын шешеді.

Сөзімді қортындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын: -кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету; - кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру.

«Қазіргі заманда болашақ мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құруға қойылған талаптар анықталып, физика пәні мұғалімдерінің тәжірибесі зерттелгеннен кейін құзыреттерге негізделген тапсырмаларды құру әдістемесі жасалды.

Құзыреттілікке бағыттап оқыту арқылы жан-жақты дамыған оқушы тұлғасы қалыптасатыны сөзсіз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.«ҚР білім беру жүйесінің 2015 жылға дейінгі
«ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарты».

2. Әбілқасымова А.Е. «Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру»

3. Акитай Б.Е. «Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері»,



















Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі





Баяндама


Тақырыбы:«Студент-шығармашыл-партриот»


E:\Foto\Фото1261.jpgE:\Foto\Фото1258.jpg











Орындаған:2аФК тобының студенті

Карипуллиев Р.












Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі


Облыстық ғылыми-практикалық конференция




Баяндама


ТақырыбыСыни тұрғысынан ойлау технологиясын физика сабағында қолданудың тиімділігі »








Физика пәнінің оқытушысы

Д.Ф.Сарсенова


"Студент - шығармашыл - патриот" ғылыми жоба
  • Физика
Описание:

...Студент – қандай да бір жеке тұлға. Ой-санасы дамыған, ел болашағының тізгінін ұстауы үшін өз алдына бір мамандық иесі боламын деп үлкен мақсат қойған индивид, яғни өз ұстанымын анықтаған, алдына қойған айқын мақсаты бар адам.

Шығармашылық – сол индивидтің жаңадан ойлап табу болмысын немесе бір игі істі жалғастыруға қызығушылығы болсын, тым болмаса әрекетке ұмтылуы деп алайық. Студенттің ғылыми жұмыспен айналысуы, мәдени шараларға белсене араласуы, қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуы, қазіргі күні белең алған ең ізгі шара. Студенттердің өзін-өзі басқаруының бір мүшесі болуы, міне, осының барлығы студенттің тек жеке басы үшін ғана емес, алғашында өзінің оқу орны үшін, кейін елі үшін атқарар ісінің бастамасы болып есептелінеді. Яғни, шығармашылық шырқау шегінің нәтижесіне жетуге осы кезден қамдана бастайды. Яғни бойындағы қабілетін дарытады. Оның барлығына ықпал ететін тылсым күш иесі бұл оқытушылар болмақ. Егер ғылыми іспен айналысатын болса, ғылыми жетекшісі, шығарма жазатын болса, тіл байлығы мықты, сөзге шебер ұстаз керек, өнер саласында жүрер болса, биші, жезтаңдай әнші дегендей әр саланың бабына сай бапкері студенттердің шығармашылықпен айналысуына ықпал жасайды. Нәтижесінде студент оқу бітіргеннен кейін келелі мол келешектің тізгінін ұстайтын, бостандыққа толы болашақты бастайтын, айбаты арыстандай, қайраты жолбарыстай, аузы дуалы, білегі қуатты, білімі мол, қай салада болса да аянбай тер төгуге бар жас маман иесі болып шығады. Бұл сөзсіз шындық.

 

Автор Сарсенова Дидар Фазыловна
Дата добавления 12.01.2015
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров 690
Номер материала 53853
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓