Главная / Биология / Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. 7-класс

Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. 7-класс


Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

201 орта мектеп-лицей

Алибаева Багия Шынтасовна


Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы.


Сабақтың мақсаты: итті мысалға ала отырып, сүтқоректілердің көбеюі және даму ерекшеліктерін анықтау, олардың алдында өткен кластардың өкілдерімен салыстыра отырып, едәуір күрделі болу белгілерін көрсету.


Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.


Сабақтың түрі : аралас сабақ


Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгіме демонстрация, сұрақ-жауап, проблемалық сабақ.


Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, жануарлар бейнеленген сызбанұсқа


Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Білімдерін тексеру (өткен материал мен жаңаның байланысы)

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.

V. Жаңа сабақты бекіту.

VI. Сабақты қорытындылау.

VII. Үйге тапсырма.

VIII. Бағалау.


Сабақтың барысы :


І. Ұйымдастыру.

а) оқушыларды түгелдеу.

б) оқушыларды сабаққа дайындау.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Сүткоректілер деп қандай жануарларды атаймыз?

б) Сүтқоректілердің сыртқы құрылыс ерекшеліктері қандай?

в) Сүтқоректілердің жүрек құрылысы қандай?

г) Сүткоректілерде қандай сезім мүшелері жетілген?


ІІІ. Білімдерін тексеру.

  1. Хордалылар типі қандай бөлімдерге бөлінеді?

  2. Жоғарғы сатылы хордалылар типіне жататын өткен кластарды атаңыздар?

(балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер).

Енді осы кластардың өкілдері қалай көбейеді екен, соған тоқталып көрейік; олар балықтар – уылдырық салып суға; қосмекенділер – уылдырықты судың бетіне шашып; жорғалаушылар – жұмыртқа туып, құмға көмеді; құстар – ұя салып жұмыртқа басады..

.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.


Ал енді бүгін танысатынымыз және жаңа сабақтың тақырыбы:

«Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы.»



Сабақтың жоспары: Нені білу керек?

1) Сүтқоректілердің көбею ерекшеліктері.

2) Қағанақсыз сүтқоректілер.

3) Қағанақты сүтқоректілер.

4) Төлдерін сүтпен асырау.

5) Ұрпақтарына қамқорлық.


Жаңа терминдер: жатыр, қағанақ, буаз болу, сүт


1)Сүтқоректілердің көбею ерекшеліктері.


Сүтқоректілер дара жынысты, аталық және аналық. Барлық сүтқоректілердің өздерінің балаларын сүтпен асырайтындығын сендер білесіңдер. Сүттің құрамы: су, май, ақуыз, көмірсу, минералды тұздар, витаминдер мол болатын ақ түсті кенеуші сұйықтық. Сүтқоректілердің көбею және даму ерекшеліктеріне байланысты үш топқа бөлінеді (кестені қолдану):

Сүтқоректілердің көбеюі

hello_html_m34293d54.gifhello_html_m56aab817.gif



қағанақты қағанақсыз

hello_html_m49dfa896.gifhello_html_664945f2.gif



жұмыртқа салушылар қалталылар



2) Қағанақсыз сүтқоректілер екі топқа бөлінеді, олар:

а) жұмыртқа салушылар (үйректұмсық, түрпі, түрпітек) тірі бала тумайды, оның есесіне жұмыртқа салады.

Үйректұмсық - өте ерекше жануар, үйректің тұмсығына ұқсас тұмсығы болады, жұмыртқа туып оны басып шығарады, бірақ оның баласы жұмыртқадан соң сүтпен қоректенетіні анықталады. Сүт теріден бөлініп, баласы жалайды.

Түрпі – кірпілерге ұқсас жануар. Олар да жұмыртқа салады, бірақ оны басып шығармайды, керісінше құрсағында болатын қалтасына салып жүреді.

б) Қалталылар : кенгуру, коала, қалталы тышқан, қалталы қасқыр, оппоссум.

Кенгуру – бойының ұзындығы 2 м, бар болғаны 3 см бала туады. Мұндай баласын анасы құрсақ жағындағы қалтасына 6 ай салып жүреді. Қалтасындағы сүт бездерін еміп өсе береді.

Коала – бойы 80 см, тек қана эквалипт деген талдың жапырағымен қоректенеді.

Оппоссум – қалталы мысық, 5-6 баласы болады, талдарға мінгенде бар баласын арқасына мінгізіп, құйрығымен талға жабысып жүреді.


3) Қағанақты сүтқоректілер.

Сүтқоректілердің кішкене жұмыртқасы ұрықтанғаннан соң ерекше мүше жатырда дамиды, ал ұрық жатырдың қабырғасына қағанақ арқылы бекиді. Қағанақта кіндік арқылы анасы мен ұрықтың қантамырлары тығыз байланысады. Анасының қаны арқылы ұрыққа барлық қажетті қоректі заттар мен оттегі келеді, ал керісінше анасының қанына зат алмасу өнімдері шығарылады. Тірі туатын жануарлар мен адамның ана организмінің ішіндегі ұрығының даму процесін буаз болу деп атайды. Сүтқоректілердің буаз болу мерзімі әр түрлі. Кіші сүтқоректілерде ол қысқа мерзімді (мысалы, кейбір тышқан тәрізді кемірушілерде 11-15 тәулік), орташа мөлшердегі аңдарда бірнеше айға, ірілерінде жылға және одан ұзақ созылады. Сонымен бірге бұл мерзімге тіршілік жағдайы да әсер етеді. Аңдардың өз ұрпағын көтеру мерзімі әр түрлі болып келеді. Мұның ішінде ең ұзақ көтеретіндері – піл (22ай), мүйізтұмсық (16 ай), жираф (15 ай), есек (12 ай), түйе (11 ай) – бір ғана бала туады. Қасқыр, арыстан, қабылан секілді аңдарда бұл мерзім 2,5 – 3,5 ай болса, ең жылдам балалайтындар қатарына қоян (50 күн), кірпі (40 күн), тиін (35 күн), көртышқан (40 күн), кенгуру (39 күн).


4) Төлдерін сүтпен асыраубарлық сүтқоректілерге тән басты ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Аналықтарының сүт бөлетін сүт бездері негізінен денесінің кеуде немесе құрсақ тұсында орналасады. Сүт бездерінің өзектері емшектерінің ұшына кішкене тесік түрінде ашылады, емшектерінің саны түрліше (2 – ден 22 – ге дейін) болады. Алғашында өз баласын анасы тек сүтпен асырайды. Төлдері өсе келе басқа тағамға ауысады.


V. Жаңа сабақты бекіту.


1) Көбею ерекшеліктеріне қарай қандай топтарға бөлінеді?

2) Жұмыртқа салушы мен қалталы сүтқоректілерді неліктен қағанақсыз деп атайды?

3) Қағанақ деген не?

4) Қандай қағанақты сүтқоректілердің балалары жақсы жетілген күйінде туылады?

5) Кіші және ірі аңдардың көбеюінде қандай айырмашылық бар?

6) Жатыр дегеніміз не?


Төлдерін ата (ойын)


VI. Сабақты қорытындылау.


1. Сүтқоректілер төлдерін сүт бездерінде түзілетін және қажетті барлық қоректік заттары бар сүтпен асырайды.

2. Түрдің тіршілік әрекетіне қарай, буаздығының ұзақтығына байланысты балалары әр түрлі даму деңгейінде туылады.

3. Сүтқоректілер балаларының даму ерекшелігіне байланысты ұрпақтарына түрліше қамқорлық жасайды.


VII. Үйге тапсырма. § 69 оқып келу.


Аңдардың баласы қалай аталады?

«Малдың баласын сүйю» өлеңін оқып келіңдер


VIII. Оқушылардың білімін бағалау.










Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. 7-класс
  • Биология
Описание:

Сабақтың мақсаты: итті мысалға ала отырып, сүтқоректілердің көбеюі және даму ерекшеліктерін анықтау, олардың алдында өткен кластардың өкілдерімен салыстыра отырып, едәуір күрделі болу белгілерін көрсету.

 

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру сабағы.

 

Сабақтың түрі :  аралас сабақ

 

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, әңгіме демонстрация, сұрақ-жауап, проблемалық сабақ.

 

Сабақтың көрнекілігі:  дидактикалық материалдар, жануарлар бейнеленген сызбанұсқа

 

Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру.

                                           ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

                                           ІІІ. Білімдерін тексеру (өткен материал мен жаңаның байланысы)

                                           IV. Жаңа сабақты түсіндіру.

                                           V. Жаңа сабақты бекіту.

                                           VI. Сабақты қорытындылау.

                                           VII. Үйге тапсырма.

                                           VIII. Бағалау.

 

Сабақтың барысы :

 

     І. Ұйымдастыру.

      а) оқушыларды түгелдеу.

      б) оқушыларды сабаққа дайындау.

 

    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

      а) Сүткоректілер деп қандай жануарларды атаймыз?

      б) Сүтқоректілердің сыртқы құрылыс ерекшеліктері қандай?

      в) Сүтқоректілердің жүрек құрылысы қандай?

      г) Сүткоректілерде қандай сезім мүшелері жетілген?

 

    ІІІ. Білімдерін тексеру.

  1. Хордалылар типі қандай бөлімдерге бөлінеді?
  2. Жоғарғы сатылы хордалылар типіне жататын өткен кластарды атаңыздар?

      (балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер).

Енді осы кластардың өкілдері қалай көбейеді екен, соған тоқталып көрейік;                         олар балықтар – уылдырық салып суға; қосмекенділер – уылдырықты судың бетіне шашып; жорғалаушылар – жұмыртқа туып, құмға көмеді; құстар – ұя салып жұмыртқа басады..

.

     IV. Жаңа сабақты түсіндіру.

 

Ал енді бүгін танысатынымыз және жаңа сабақтың тақырыбы:       

        «Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы.»

 

 

Сабақтың жоспары:                Нені білу керек?

                                 1) Сүтқоректілердің көбею ерекшеліктері.

                                 2) Қағанақсыз сүтқоректілер.

                                 3) Қағанақты сүтқоректілер.

                                 4) Төлдерін сүтпен асырау.

                                 5) Ұрпақтарына қамқорлық.

 

Жаңа терминдер: жатыр, қағанақ, буаз болу, сүт

 

1)Сүтқоректілердің көбею ерекшеліктері.

 

Сүтқоректілер дара жынысты, аталық және аналық. Барлық сүтқоректілердің өздерінің балаларын сүтпен асырайтындығын сендер білесіңдер. Сүттің құрамы: су, май, ақуыз, көмірсу, минералды тұздар, витаминдер мол болатын ақ түсті кенеуші сұйықтық. Сүтқоректілердің көбею және даму ерекшеліктеріне байланысты үш топқа бөлінеді (кестені қолдану):

  

Сүтқоректілердің көбеюі

       
   

 

 

 

 

 

                қағанақты                                                           қағанақсыз

       
   
 

 

 

 

 

 

                                                жұмыртқа салушылар                                 қалталылар

 

 

2) Қағанақсыз сүтқоректілер екі топқа бөлінеді, олар:

а) жұмыртқа салушылар (үйректұмсық, түрпі, түрпітек) тірі бала тумайды, оның есесіне жұмыртқа салады.

            Үйректұмсық - өте ерекше жануар, үйректің тұмсығына ұқсас тұмсығы болады, жұмыртқа туып оны басып шығарады, бірақ оның баласы жұмыртқадан соң сүтпен қоректенетіні анықталады. Сүт теріден бөлініп, баласы жалайды.

            Түрпі – кірпілерге ұқсас жануар. Олар да жұмыртқа салады, бірақ оны басып шығармайды, керісінше құрсағында болатын қалтасына салып жүреді.

б) Қалталылар : кенгуру, коала, қалталы тышқан, қалталы қасқыр, оппоссум.

       Кенгуру – бойының ұзындығы 2 м, бар болғаны 3 см бала туады. Мұндай баласын анасы құрсақ жағындағы қалтасына 6 ай салып жүреді. Қалтасындағы сүт бездерін еміп өсе береді.

       Коала – бойы 80 см, тек қана эквалипт деген талдың жапырағымен қоректенеді.

      Оппоссум – қалталы мысық, 5-6 баласы болады, талдарға мінгенде бар баласын арқасына мінгізіп, құйрығымен талға жабысып жүреді.

 

3) Қағанақты сүтқоректілер.

        Сүтқоректілердің кішкене жұмыртқасы ұрықтанғаннан соң ерекше мүше жатырда дамиды, ал ұрық жатырдың қабырғасына қағанақ арқылы бекиді. Қағанақта кіндік арқылы анасы мен ұрықтың қантамырлары тығыз байланысады. Анасының қаны арқылы ұрыққа барлық қажетті қоректі заттар мен оттегі келеді, ал керісінше анасының қанына зат алмасу өнімдері шығарылады. Тірі туатын жануарлар мен адамның ана организмінің ішіндегі ұрығының даму процесін буаз болу деп атайды

Автор Алимова Гулмира Абдуразаковна
Дата добавления 31.03.2015
Раздел Биология
Подраздел Другое
Просмотров 3282
Номер материала 58956
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓