Главная / Классному руководителю / «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»

Тәрбиелік шараның тақырыбы: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»

Құзыреттілікке бағытталған тәрбиелік шараның мақсаты:

А) Ақпараттық: Ұстаздар мамандығы туралы ақпарат беру, ұстаздық мамандықтың қоғамда алатын рөлінің мәнін ашу.

Ә) Коммуникативтік: Ұстаздық тақырыбында еркін ойын жеткізе білуге дағдыландыру.

Б) Проблеманы шешу: Студенттерге патриоттық тәрбие беру, өз таңдаған мамандықтарын сүюге және құрметтеуге ұмтылдыру,ұстаздық қасиеттерді бойларына дарыта білу,әділдікті қалыптастыру, болашақ ұстаз болуға үйрету.

Тәрбиелік шараның түрі: Дөңгелек үстел, кездесу.

Тәрбиелік шараның әдісі: Сөздік, көрнекілік.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: гүлдер,нақыл сөздер жазылған плакаттар,интерактивтік тақтада слайдтар.

































Тәрбиелік шараның барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі: Кабинет алдын ала дайындалады, студенттер отырғызылады.

2. Негізгі бөлім:

Құттықтаймыз!
Төл мерекелеріңізбен, ұстаздар!

1-жүргізуші:

Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.
Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “...1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған.

2-жүргізуші:
Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

3-жүргізуші: Dear teachers we want to congratulate You with your holiday! We wish You success and good luck! Happy holiday!

1-жүргізуші:

Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.
Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі.
Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды. Ежелгі Шығыс елдерінде мұғалім негізінен (дін иелері) болатын. Капитализм дәуірінде мектеп ісінің дамуына байланысты мұғалімдік кәсіп кең тарап, түрлі типті училищелер мен мектептерде штатты қызметке айналды. Осылайша мұғалімдік өз алдына мамандық болып танылды.
ХIX ғасырдың 2-жартысында қала мұғалімдері шыға бастады. (орыс-қазақ училищелері, жаңалыққа бет алған жеке дара оқытушылар). Олар орыс халқының ұстаздық тәжірибесіне зор көңіл аударды. Қазақ жастары түсіп оқитын бірнеше мұғалімдер семинариясы ашылды. Ел ішіндегі мұғалім правосыз және жалақысыз, көбінесе өз белсенділігімен қызмет атқарды.
Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін халық Мұғалімдері толық правосын алып, өзінің басты мақсатын коммунистік тәрбие мүддесіне бағыттады.

2-жүргізуші:
Қазақ Мұғалімдері өзінің өсу және толысу жолын мол қамтитын жас ұрпақты тәрбиелеу, мәдени революция міндеттерін өтеу жұмысына белсене кірісті. Осы биік мақсаттарға сай оның беделі барынша арта түсті. Коммунистік партияның әр кезеңде Мұғалімге деген қамқорлығы, мұғалімнің беделін өсірді, педагогикалық тәжірибесін жетілдірді. Біздің елде арнаулы “Мұғалімдер күні” белгіленген. Мұғалімдер ордендермен, медальдармен марапатталады. Арнайы мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары ұйымдастырылған. Көптеген арнайы газет, журналдар бар.
Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.
Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.

1-жүргізуші:
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

2-жүргізуші:
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Ендеше ортаға кездесу кешіміздің құрметті қонағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде көп жылдар бойы қызмет еткен ардагер ұстаз Батыкова Жұмабике Мурзағалиқызын қошеметпен ортаға шақырайық!

3– жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып, сан – салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуеленген әсем ән жолданады. – дей отырып,
концертімізді әсем әнмен ашуға рұқсат етіңіздер. орындауында «Ұстазым» әнін қошеметпен қарсы алыңыздар. 
1 – жүргізуші: 
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, 
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
2 – жүргізуші: 
Ажырамай колледжден бір елі
сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз! – деп ортаға екінші анамыз
Ахметова Замзагүл Ермекқызын шақырамыз. (Куратор сөзі)

(Ұстаздарға тосын сый, видео құттықтаулар мен ойындар.)
1 – жүргізуші: 
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін – дей отырып, құрметті студенттерімізді қарсы алыңыздар.
(өлеңдерін оқиды)

Раджана

Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,

Шәкіртіне дем бергізген, жеткізеді деп баққа арман.

Ұстаздардың күні бүгін, бар тілегі өмірде

Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.

Мұғалімдер күні бүгін, шаттық күйге кенелген,

Ұстаз жүрек сырлас әр кез білім атты өнермен.

Олар шәкірт кеуделерге сол білімнен нәр құйып,

Өмір жолда ізгілікті еңбегімен еленген.

Тойланатын әр жыл сайын, қазан айы туғанда,

Ұстаздардың мейрамы осы, толы ән мен жырларға.

Төрдегі орын Сізге, Ұстаз, төр Сіздікі, Мұғалім!

Барлық жан да соны қалар, ұстаз көңіл тұрғанда.

Мұғалімдер күні бүгін, көңілге бар сыйлары,

Шәкірттері оларға гүл, ән де, жыр да сыйлады.

Тек ұстаздың мерекесі емес бүгін, шынында,

Сол Ұстаздан тәлім көрген барлық жанның мейрамы!


Айнұр

Обучать — нелегкая задача,

Научить — задачка посложней.

Только тот учитель настоящий,

Кто легко справляется и с ней.

Он, конечно, без сомненья мастер.

Он, конечно, чудо-педагог!

Тот, кто не приемлет лжи и фальши,

Тот, кто в жизни каждому помог.

В нем живет так много разных судеб,

А эмоций — просто миллион!

Потому, играя и рискуя,

В класс заходит как по трапу он.

И ведет как штурман корабельный

Свой фрегат по знания волнам,

Царствует легко и безраздельно

Он наперекор судьбы ветрам.

Он наук известных всех ревнитель,

В его сердце целый мир живет.

Он простой, российский наш учитель,

Заслуживший славу и почет!

Гүлдана

I love my teacher 

She is full of life 

I love my teacher 

She doesn't cause any strife 

I love my teacher 

For she is full of light 

I love my teacher 

She is always bright 

I love my teacher 

For she doesn't get in a fight 

And, I love my teacher 

For she tells me to look on the side that's bright 


3 – жүргізуші:  Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас,
Қамдан, жатпа заманыңмен хабарлас.
Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң,
Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмасдеп алдарыңызда өз өнерімен тобымыздың студенті 2 а,с КШИ биін қошеметпен қарсы алыңыздар
2 – жүргізуші: 
Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз сенсің білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана, ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.
Құлпырған еліміздің ұлқызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
1 – жүргізуші
Домбыралы, кернейлі,
Өнерпаздар, алға шық.
Мерекеміз, мерейлі,
Кетсін күйге жалғасыпдей отырып,тобымыздың студенті Жумирова Аселдің орындауында «Балбырауын» күйін қабыл алыңыздар.


1 – жүргізуші
Ұстаз болған баршаға,
Ардақты жандар қаншама.
Шәкіртің күнде қуансын,
Шаршама ұстаз, шаршамадеп, ұстаздарға арнаған «КШИ құрамасы» атты Жайдарман тобын қабыл алыңыздар.


2 – жүргізуші: 
Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама.
Біз үшін сенсің мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана да.
Анадай құс ұйқымен көз ілдірер,
Арманын аласартпас, сезімділер.
Бағбандай мәуелі бақ мәпелеген,
Бала үшін бар азапқа төзімділер – дей отырып, Альбинаның орындауында «Ұстазым менің, ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші: 
Шәкірттің жүрегіне дем бересің,
Екінші анам болып сен келесің.
Мейірім – шуағыңды күндей шашып,
Барлығына шәкірттің дән себесің – дей отырып, ағылшын тілі кафедрасының жетекшісі Амандыкова Гүлнар Набиғалиқызына сөз береміз. 
2 – жүргізуші: 
Ұстаздар қартаймасын, қажымасын,
Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын.
Немере, шөберенің бетін сүйіп,
Тәңірім бақтан бізді айырмасын.
Жақсылық атаулыға жаршы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар.
Баланы сусындатып өсіруге,
Білімнің бұлақ көзін аршығандар ...! – дей отырып, осымен ұлағатты ұстаздарға арнаған кешімізді жабық деп жариялаймыз!

Қорытынды бөлім:

Мұғалім : Құрметті,ұстаздар қауымы және болашақ студенттер! Сіздерді бүгінгі “Ұстаздар күні” мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ұлы мереке деп ойлаймын, себебі қоғамымыздағы әрбір қайраткерді тәрбиелеп әрі біліммен сусындатқан осы ұстаздар қауымы екендігін бәріміз жақсы білеміз. Ұстаз- ұлы тұлға! Сондықтан біз әркез ұстаздарға қарыздармыз. “Ұстаздық” мамандықты таңдауда дұрыс мамандықты таңдағандығыңызды тағы бір мәрте қайталап өткім келеді. Тек шынайы ұстаз ғана өз шәкірттерінің бойына адалдық пен қайсарлықты да, біліммен тең алып жүретіндігін нық айтқым келеді. Жауапкершілігі мен талабы, қызығы мен қиындығы мол бұл мамандықтың жолында болашақ ұстаздар ретінде Сіздерге тек ақ жол тілегім келеді. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!








«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»
  • Классному руководителю
Описание:

Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» тақырыбында өткізілген әдеби-сазды кеш.

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Автор Ахметова З Е
Дата добавления 09.11.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другое
Просмотров 41
Номер материала MA-068417
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓