Главная / Другое / "ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС" ұстаздық жолға қадам

"ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС" ұстаздық жолға қадам

Ұстаздық еткен жалықпас

Автор: Жаппасбаева Гульбаршин Айткуловна

Жұмыс орны: №20 ОМ

Қызметі: Информатика пәнінің мұғалімі

Пошта адресі: Жұмыс: sch_20@mail.ru

Жеке: Zhappasbaeva_91@mail.ru

Телефон: 8-702-798-74-45

ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС

Жаппасбаева Гульбаршин Айткуловна

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М. Хәкімжанова атындағы

20 орта мектебі» ММ

Мен бақыттымын! Неге дейсіз бе? Себебі, мен өмір сүріп жатырмын! Мен құр босқа өмір сүріп жатқаным жоқ, өмірді көріп, біліп жатырмын. Көріп-білген сайын өмір сүруді үйренудемін. Үйренген сайын өмірге деген құлшынысым мен арман-мақсаттарым артуда.

Міне, менің бақытты күндерімнің келесі парағы ашылды. Тым көңілдімін! Төсегімнен тұрып, далаға шықтым! Айнала аппақ қар! Тап-таза ауаны көзімді жұмып тұрып құшарлана жұтып, қайта жай ғана мейірленіп көзімді аштым. Керемет! Мына дүниені жан-тәніммен жақсы көріп кеткендеймін! Себебі, әр құбылыс, айналадағы қар мен үшін жалт-жұлт етіп тұрғандай! Барлығын жан-тәніммен жақсы көріп, әр ісімді өзінше жаңартқым келгендей! Мектепке аяңдап келемін. Күн сайын сыныбымның есігін ашып, оқушыларымды көргенде, мамандығымның қандай керемет екеніне тамсанып, таңырқаймын. Аңсағаныма қол жеткізіп, болашақ арманымның бір ұшынан ұстап, қалықтап жүргендеймін.

Бізді ғұмыр бойы, сірә, шаршатпай, шалдырмай, қалжыратпай, ұдайы биік арман асуларына бастап отыратын қандай күш екенін білесіз бе? Ол – Сенім! Өз күшіне деген Сенім, достарының мейірімділігіне деген Сенім, ертеңгі күннің шуақты болатынына деген Сенім, шәкірттерімнің менің сабағыма қызыға қарайтынына деген Сенім. Күн сайын бойымызға күш-қуат құйып, көңілімізге шалқар шабыт, жүрегімізге ыстық махаббат сыйлайтында сол Сенім емес пе?

Мен Арманыма деген сенім арқылы бойыма жігер құйылуда. Сол арманға жету жолында әр нәрсеге тырысудамын.

Ертегілерде ғана кездесетін Арман ауылын емін-еркін аралаудың өзі де бір ғанибет емес пе? Балауса шақта қиял қуып, армандап көрмеген жандар өмірде көп нәрседен құр алақан қалғанын сезе ме екен? Егер адамдар тек нақты есептерге ғана арқа сүйеп, арман атаулыны ұмытып кетсе не болар еді? Армандауды ұмыту жөнінде ойлаудың өзі үрейлі емес пе?

Арман – адамның қанаты емес пе? Әр адамның өз армандары болады. Менің арманымның жетістігі – өзім қалаған маман иесі болғаным. Иә, Сенімнің ұлы күші бар. Меніңше, тек өз бойындағы күш-қуатқа, ерік жігерге, дарын-қабілетке қалтқысыз бар жан-тәнімен сенген адам ғана биік мұрат-мақсат шыңдарына шыға алады.

Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, үшінші біреулерге әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б.

Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?» , «Қалай өмір сүрем?» деген сұрақ қоймайтын адам кемде-кем.

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Мамандық дегеніміздің өзі - қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды.

Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат.

Жас кезімнен қолымыздағы компьютердің қыр-сырына қанық болсам деп армандайтынмын. ХХІ ғасыр — ақпараттық технология ғасыры. Оның қазіргі қоғамда алатын орны ерекше. Дөңгелек дүниенің қай саласы да осы техникаға тәуелді және ешбір қызметті онсыз елестету мүмкін емес. Адам сусыз бір күнде өмір сүре алмайтындай, әрбір қызмет иесі де алдындағы интернет, компьютер, тіпті, ұялы телефонсыз ештеңе атқара алмайды. Яғни, «информатика» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтарының қатарына кіреді.

Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …

- деген дана халқымыз. Осы мамандықты таңдап алғаннан соң көп ойландым. «Оқушыларға тәрбие, өмірге азық болар кеңес бере аламын ба?» деп те ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені, бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан мұндай жауапкершілікті мойныңа алған соң, оны ықыласпен атқарып, болашақта шәкірттеріңнің арасынан ел басқарған елбасы, елін алға сүйрер азамат шығатындай етіп тәрбиелеуің қажет.

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де әр мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде.

Ұстаздан тәлім алған әрбір шәкірт елімізді жетістікке, табысқа жеткізетін азамат болсын.

"ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС" ұстаздық жолға қадам
  • Другое
Описание:

ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС

Жаппасбаева Гульбаршин Айткуловна

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М. Хәкімжанова атындағы

№ 20 орта мектебі» ММ

Автор Жаппасбаева Гульбаршин Айткуловна
Дата добавления 09.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 734
Номер материала 55984
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓