Главная / Другое / статья на тему функциональной граммотности

статья на тему функциональной граммотности

Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі емн әдебиет пәнінің мұғалімі

Халелова Шынар Дауленқызы


PISA Халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың фунционалдық сауаттылығын дамыту бағдарламасы бойынша құрастырылған тапсырмалар.

Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі қазақ тілі пәні – мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартына сәйкес міндетті түрде оқытылатын пән. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын орта буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.

PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шешу біліктілігін бағалауға бағытталған.

Қазақстан халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысуы елдің білім сапасын дамытуда стратегиялық маңызы бар. Көптеген елдерде бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері болып білім алушылардың математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағытындағы білімдерінің жоғары деңгейі негізгі ғылым мен заманауи технологияның дамуы арқылы қарастыралады.

Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар құрастырылды.


Сарыарқа жазығы


Облыс аймағының басым бөлігін қазақтар ежелден Сарыарқа деп атаған далалы жазық алып жатыр. Ол шын мәнінде өз қойнауына орасан зор байлық жасырған. Павлодар облысы Қазақстан Республикасының минералды шикізат кешенінде жетекші орындардың біріне ие. Оның аумағында республика көмірінің баланстық қорының үштен бір бөлігінен астамы, алтынның 9,4 %-ы, мыстың 3,7 %-ы, молибденнің 2,3% -ы, флюсті әктастың 30,8% -ы, қалыптағыш құмдардың 32,5%-ы, мырыш пен басқа да пайдалы қазбалар шоғырланған. Аймақтың аумағында барланған 115 қатты пайдалы қазба кен орнының ішінде 48-і іске пайдаланылуда. Мамандардың есебі бойынша тек қатты пайдалы қазбалардың өзінің ғана баланстық қорларының жалпы құны 460 млдр. АҚШ долларына бағаланады.

1-тапсырма. Географиялық тұрғыдан жердің Сарыарқа деп аталуының себебін түсіндіріп көр. (Пәнаралық байланыс жасау тапсырмасы).

2-тапсырма. «Өз қойнауына орасан зор байлық жасырған» деген фраза бойынша келісесің бе? Ойыңды дәлелде. (Зерттеу жұмыстарына бағытталған тапсырма).


Мойылды шипажайы


Мойылды шипажайы Мойылды тұзды көлінің жағасында Павлодар станциясынан 15 шақырым жерде орналасқан. Шипажай ретінде 1922 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда жүйке ауруларын, сүйек-буын сырқаттарын, тағы басқа да ауру түрлерін емдейтін 560 орындық /қыста 360 орындық/ санаторий бар. Жазда жасөспірімдер үшін 60 орындық бөлімше жұмыс істейді. Шипажайда батпақпен, минералды қайнармен емдейді. Батпақ қоры 150 мың тонна. Мойылды шипажайы аумағында бұрғылау арқылы 700 метр тереңдіктен ішуге және емдеуге жарамды су алынады. 1975 жылға дейін шипажай жазғы маусымында ғана жұмыс істесе, қазір жыл бойы емделушілерді қабылдайды.

1-тапсырма. «Мойылды шипажайында» ем алған екі адамның ойы берілген...

шипажайдың жүйке ауруына зияны да бар...

шипажайдың жүйке ауруына пайдасы мол...



 







Сен қалай ойлайсың? Ойыңды дәлелде. (Тұлғааралық қарым-қатынасты шеше білу қабілетіне бағытталған тапсырма).

2-тапсырма. «Жыл бойы емделушілер қабылдайды» дегенге қандай жарнама дайындар едің? (Тәжірибеге бағытталған тапсырма).




Баянауыл әлемі


Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи саябағы 1985 жылы құрылған.

Баянауыл мемлекеттік саябағы жануарлар, өсімдіктер әлемін қорғау жұмысымен айналысады. Баянауыл ұлттық саябағында 9 көл бар.

Онда Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр көлдері және табиғи үңгірлер, небір бейнелі жартастар, бұлақтар бар. Аққайыңды орман-тоғайы, таза ауа, мөлдір суы – жанға жайлы табиғи орта.

Баянауыл жерінің массивті және ең биік тауы – Ақбет тауы (1027м).

Баянауыл өңірінен қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына ірі үлес қосқан Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қаныш Сәтбаев сынды тұлғалар шыққан.

1-тапсырма. Ұлттық саябақта 9 көл бар делінген. Осы көлдердің тартылып қалуына қауіп төнуі мүмкін бе? Ойыңды өрбітіп жаз. (Қоғам өміріне белсенділік танытуға арналған тапсырма).

2-тапсырма. «Жануарлар, өсімдіктер әлемін қорғау жұмысымен қалай айналысар едім». Өз ойыңды дәлелде. (Міндеттерді жан-жақты шеше білу қабілетін дамуға арналған тапсырма).

3-тапсырма. Бұл саябақтың ең негізгі талабы не деп ойлайсың?

4-тапсырма. «Қорғау жұмысымен айналысу» үшін қандай бағдарлама жасар едің? (Өмірлік жағдаяттарға бейімделген тапсырма).


Бұл тапсырмалар бір мәселені суреттеген мәтінді қамтиды. Сұрақтардың кейбір бөлімдеріне оқушылар өз жауаптарын құру керек, олардың кейбірі қысқа жауапты, қалғаны толық жауапты талап етеді.



статья на тему функциональной граммотности
  • Другое
Описание:

Актуализация научных исследований по проблемам определения ожидаемых результатов образования и их достижению. Формирование особого внимания профессиональной общественности, всех заинтересованных лиц к созданию условий и средств по развитию функциональной грамотности.

Возникает вопрос: для чего нужно что-либо менять? В современном обществе необходимо не просто грамотно писать, а уметь адаптироваться к изменяющимся условиям труда и жизнеобеспечения. Уровень грамотности учеников снижается. Надежда на доучивание «потом» успехов не приносит. Всё это усложняе процесс адаптации к взрослой жизни. Теперь уже мало умения читать, писать и считать.


Автор Халелова Шынар Дауленовна
Дата добавления 07.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 268
Номер материала MA-063596
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓