Главная / Биология / «Құстар» тарауы бойынша қорытындылау,қайталау

«Құстар» тарауы бойынша қорытындылау,қайталау

hello_html_m48219009.gifhello_html_m591426cb.gifАшық сабақтың жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Құстар» тақырыбын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Өткен тақыраптар бойынша алған білімдерінің сапасын анықтау. Сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын тексеру, оқушыларды сөйлету.Және Оқушыларға құстар туралы мағлұмат беру,сыртқы түрін,түсін ажырата білуге үйрету,дүниетанымын кеңейту,табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасап үйренуге баулу. Жан-жануарларға, құстарға, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сөйлету, сипаттау, жаттықтыру, ойлау, жазу.

Көрнекіліктері: құстардың суреттері, жазылған тірек сөздер, құстың суреттінің бөліктері, Суреттер,кітаптар.

Пән аралық байланыс: жаратылыстану, биология, дүниетану,зоология

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды дайындау,құралдарын тексеру ,оқулықтарының жеткілікті екеніне көз жеткізу)

2. Үй жұмысын тексеру

3. Құстардың аттарын сұрау

ІІ сабақтың мазмұны:

Сергіту сәті

«Кім көп біледі?»

Жұмбақ құс” (танымдық ойын дамыту)

Құстардың келтіретін пайдасы (өз ойыңды қос) оқушылар құстардың пайдасы мен зиянын келтіреді. Венн диаграммасы ретінде

«Кім көп біледі?» кезеңнің сұрақтарына жауап береміз.

1.Қазақ ертегісінде айдаһармен арпалысқан құс? (қарлығаш);

2.Құстардың негізгі мекені не?(ұя);

3.Қандай құс хат тасушы атанған?(көгершін);

4.Құсты аңға салу үшін баптайтын адам?(құсбегі);

5.Сөйлей алатын қолға үйретілген құс?(тотықұс).

1.Алдыңғы аяқтары ескекке айналған құс?(пингвин);

2.Қай құста мүлде ұя болмайды?(көкек);

3.Қыздардың бас киіміне қауырсынын тағатын қасиетті құс?

4.Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс?(калибри);

5.Орман санитары?(тоқылдақ).

1.А.Крыловтың мысал өлеңіндегі құс?(аққу);

2.Абайдың аңшылыққа байланысты өлеңі?(қансонарда);

3.Әлемдегі ең үлкен құс?(түйеқұс);

4.Жұмыртқасы мен еті пайдалы құс?(тауық);

5.Сайрағыш орман құсы?(бұлбұл).

1.Қазақстандағы қорықтар саны?(9);

2.Махамбеттің өлеңіндегі құс?(қызғыш құс);

3.Ең алғашқы көктем жаршысы?(қараторғай);

4.Н.Тілендиевтің күйі қай құстың атымен байланысты?(аққу);

5.Еліміздің тауында бейнеленген құс?(бүркіт).

Құстар ертеден қанат жайып тараған.Археоптерикс-ең ежелгі арғы тегі,қоршаған орта жағдайларына бейімделген жаңа түрлер пайда болған.Қазір құстардың 8600-ге жуық түрлері,Қазақстанда 500-дан астам түрі бар.

Жұмбақ құс”

1.Адамдардан жасқанбай,кез-келген жағдайда бейімделе алатын шағын денелі шуылдақ құс:(торғай);

2.Тұмсығы қашау тәрізді түзу,аяғы қысқа,төрт саусағының екеуі алдыға,екеуі артқа бағытталған,өткір тырнақты құс:(тоқылдақ);

3.Жапалақтәрізділердің ең ірісі және әдемісі.Қауырсыны адамға бақыт және табыс әкеледі деп есептеген құс:(үкі);

4.Африканың ормансыз құрғақ даласында мекендейтін,ұша алмайтын алып құс:(түйеқұс);

Құстардың келтіретін пайдасы:

а) тағам ретінде в) саятшылаққа

ә) тыңайтқыш ретінде г) санитарлық қызмет

б) ауа райын болжауға ғ) сәндік үшін

Құстарға қарап адамдар табиғаттың ерекшелігін болжап отырған.

1.Ұзақ пен қарлығаштың ерте ұшып келуі-ерте көктемнің белгісі.

2.Егер қаздар асығып ұшып бара жатса,қар ерте жауады.

3.Егер тырналар оңтүстікті бет алып ұшса,онда 14 қазанда алғашқы аяз болады,ал ол бағытқа ұшпаса,суық 12 қарашаға дейін түспейді.

Үй тапсырмасын сұрау

  1. 1. Қосарлы тыныс алу дегеніміз не?

  2. Құстың безді қарыны қандай қызмет атқарады.

  3. Құс жұмыртқасындағы нәруыз қабаты қандай қызмет атқарады.

  4. Құстар жыл маусымдарына байланысты қандай топтарға бөлінеді.

  5. Асыранды үй құстарының қандай түрлері өсіріледі.

  6. Жемсау дегеніміз не?

  7. Құс жұмыртқасының құрылысы қандай?

Қайталау сабағын –

1 тапсырма

ҮЙ ҚҰСТАРЫна тапсырма беру оқкушыларға:

hello_html_mfd58fa1.png

  1. суреттегі берілген құсты атай отырып, қандай топқа жататындығын айтып өтіңіз?

  2. Осы құсқа қысқаша сипаттама беріп кетіңіз?

  3. Мекен ететін ортасы?

1_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________3_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқушының аты-жөні_________________________

2 тапсырма

hello_html_6b6846da.png

hello_html_m88b2cbd.png

3 тапсырма

Екінші оқушылармен Құс шарушылығы туралы салыстырмалы түрде жұмыс жасалады

Жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары

Етті бағытта өсірілетін тауық қолтұқымдары

Әрі етті, әрі жұмыртқалағыш

Мұндай тауықтың қолтұқымдары жылына 220-250 кейде одан да көп жұмыртқа береді. Леггорн, минорка, андалуз, орыстың ақ тауығы, орлов, павлов, воронеж осындай қолтұқымдарға жатады. Қолтұқымдар арнайы ірі құс фабрикаларында өсіріліп, оларға ерекше күтім жасалады. Ондағы барлық жұмыстар техника күшімен жүргізіледі.

Тауық еті жеңіл, әрі сіңімді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер, химиялық элементтер көптеп кездеседі. Бұл бағытта виандот, род-айленд, шантеклер, доминикан, дисерсей, корниш, плимутроок қолтұқымдары өсіріледі. Етті бағытта өсірілетін тауық қолтұқымдарының балапандары тез жетіледі, қарқынды өседі. Балапандарды бройлер деп атайды. Бройлер – деген ағылшын сөзі оның қазақша мағынасы «отқа қақтау» деген ұғымды білдіреді.

Бағытта да өсірілетін тауықтың қолтұқымдары бар. Төбелестіру мақсатында малай, үнді, ағылшын қолтұқымдары өсіріледі. Ондай тауықтардың аяқтары ұзын, сіңірлі келеді. Денесі мығын, шоқысуға тепкілесуге бейім. Қолға үйретілген үйректің арғы тегі – жабайы барылдауық үйрек. Қолға үйретілген үйректің тағы бір түрі – мускусты үйрек. Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі – күркетауық. Ол алғаш рет Мексика және американың оңтүстік өңірінде жабайы түрінен қолға үйретілген.

Қорытынды, бекіту сұрақтары және тапсырмалар ретінде сарамандық жұмыстар жүргізіледі.

20 Құс жұмыртқасының құрылыс

Жұмыстың мақсаты:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Құрал-жабдықтар:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жұмыстың орындалуы

Сыртқы пішініне сипаттама

Себебін анықтау

Атқаратын қызметі

Қорытынды жасау

Піскен жұмыртқа

Шикі жұмыртқа

Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылығы деп аталады. Құс шаруашылығы – мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзаттың нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстан алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі.

Тауықтектестерден – тауық, күркетауық, мысыр тауығы, тауыс және жапон бөденесі
сұрақтар:
. Алғаш қай құс, қашан қолға үйретілді?

2. Асыранды тауықтың жабайы тегі қай құс және қай жерлерде таралған?

3. Қолтұқым ұғымына анықтама беріңдер?

4. Леггорн,орыстың ақ тауығы қай бағытта өсіріледі?

5. Бройлер деген ұғым нені білдіреді?

6. Етті бағыта өсірілетін тауықтың қолтұқымдарын атаңдар?

«Құстар» тарауы бойынша қорытындылау,қайталау
  • Биология
Описание:

                                                                                            Молдабекова Н.Е

                                                                                            Биология пән мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Құстар» тақырыбын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Өткен тақыраптар бойынша алған білімдерінің сапасын  анықтау. Сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын тексеру, оқушыларды сөйлету.Және Оқушыларға құстар туралы мағлұмат беру,сыртқы түрін,түсін ажырата білуге   үйрету,дүниетанымын кеңейту,табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу.

Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасап үйренуге баулу. Жан-жануарларға, құстарға, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сөйлету, сипаттау, жаттықтыру, ойлау, жазу.

Көрнекіліктері:   құстардың суреттері, жазылған тірек сөздер, құстың суреттінің бөліктері, Суреттер,кітаптар.

Пән аралық байланыс: жаратылыстану, биология, дүниетану,зоология

Автор Иманбаева Баян Есиркеповна
Дата добавления 20.12.2014
Раздел Биология
Подраздел
Просмотров 2061
Номер материала 8799
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓