- 03.01.2021
- 298
- 0
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
«Толағай» спорттық отбасылар сайысыОрал қаласы №9 «Еркемай» бөбекжайы тәрбиешісі Базарбаева Заря Қ2016жТолағай» спорттық отбасылар сайысы«Еркемай» балабақшасы. «Құлыншақ» тобы.Мақсаты:ата-аналарды қатыстыра отырып, өткізілетін бұл сайыста баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту.Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімділікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:спорттық іс-шара.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: сайыс тақырыбы, топ аттарын жазу, эмблемалар, дипломдар.Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, көрсету, ойын.Жүргізуші:Еркемай балабақшасының құрметті қонақтары мен ата-аналары, бүгінгі ата-аналар мен тәрбиеленушілерінің арасында өтетін «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер! Сайыс еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын –сауықты спорттық іс-шара.Толағай: ОУ-у мына жерде балалар жиналып қалыпты ғой.Сәлеметсіңдер ме,балалр, ата-аналар, қонақтар!Менсіз қалай «Толағай» отбасылық сайысын өткізгелі жатырсыздар?Жүргізуші:Сәлеметсіңбе, Толағай? Кел, онда сайысты бірге жүргізейік.Толағай:Ал, қанекей, қонақтар, Ортаға назар салайық. Ойыншылар келеді, Қол соғып қарсы алайықМемлекетіміздің ән ұраны айтылады.Жүргізуші: Ақ түсті киімде «Бүркіт» тобы, қызыл түсті киімде «Тұлпар» тобы, көк түсті киімде «Барыс» тобы.Сайысымызды бастамас бұрын, денелерін қыздырып, жарысқа белсенді қатысуы үшін сайыскерлеріміздің «От шашу» биін тамашалайық.Толағай:Сайыс болған соң, спорт заңы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын тағайындайтын құрметті әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік: «Еркемай» балабақшасының әдіскері: Кубалиева Г.Г.«Еркемай» балабақшасының психологі Абдулова З.А.«Еркемай балабақшасының медбикесі: Хусаинова Н.Ю.Ата-ана:Қажихан С.Қ.Жүргізуші: Өнер қуып отбасы өтер деймізБір басына өнері жетер дейміз- Сайысқа келген топтар кезектесіп, Таныстырып өздерін өтсе дейміз. (әр топ өз ұрандарымен таныстырады)«Бүркіт» тобы: Ұраны: Ұшақтан да ұшқырмыз, (Нұрсұлтановтар Жедел озған жүйрікпіз Отбасы) Келіп тұрған жарысқа, «Бүркіт тобы боламыз«Тұлпар» тобы. Ұраны: Біз балдырған бақытты, (Көпжасаровтар Әкеміз бен анамыз да Отбасы) Жеңілмейміз , озамыз, «Тұлпар» тобы боламыз.«Барыс» тобы: Ұраны: Арыстандай айбатты (Иманғалиевтар Жолбарыстай қайратты Отбасы) «Барыс» тобы боламыз, Жарысамыз салмақты!Толағай: бәрекелді, әр топ өздерін таныстырып өтті:Ендігі кезекті сайысқа берейік:Жүргізуші:Бүгінгі спорттық сайыс 6 кезеңнен тұрады:1.«Құлатпай алып өт» сайысы2. « Кім шапшаң?» сайысы3.«Жұмыртқаны түсірме» сайысы4.«Кім жүйрік» сайысы 5.«Допты түсірме» сайысы.6..Келесі 6 шы яғни соңғы сайысымыз балалар сайысы «Дәлдеп лақтыру»Әр сайыстан кейін әділқазылар алқасы әділ бағасын беріп отырады.Сайысты ысқырықпен ысқыру арқылы команда берілген уақытта бастайсыздар.Толағай: Қалма жұрттың соңында,Қажет болса мың атта Аздық етер оның да, Жету үшін мұратқа.«Құлатпай алып өт» сайысы.Шарты: ата-аналар қолдарын айқастырып, баласын отырғызып, кедергілер арасымен жүгіріп, жүгіріп өтеді.Бірінші келген топ жеңімпаз.Әділқазылар алқасынан ұпай сандарын көрсетулерін сұраймыз.Жүргізуші: «Кім шапшаң» сайысы Шарты: допты екі аяқтың арасына қысып, түсірмей доптарды қапшыққа салу,ал анасымен баласы қаптың аузын ашып тұрады.Толағай: «Жұмыртқаны түсірме» сайысы шарты:Кедергілер арасымен қасықтағы жұмыртқаны түсірмей өтіп, қайта келеді.Бірінші келген топ жеңімпаз.Әділқазылар алқасының ұпай сандары:Жүргізуші: «Кім жүйрік» сайысы Шарты: қаптың ішіне кіріп қос аяқпен секіреміз.Ойынның шартын бұзбаймыз.Белгіленген мәреге дейін және кері орындарына секіріп бару. Толағай:»Допты түсірме» сайысы Шарты: әкесі мен анасы маңдайларына допты қысып түсірмей кедергілер арасымен жүріп өтіп орындарына дейін барады№Бірінші келген топ жеңімпаз.Әділқазылар ұпай санын көрсетіп қойыңыздар.Жүргізуші: Ойын ойнап ән салмай Өсер бала бола ма? Күміс күлкі көрмей ол, Кемеріне толар ма? Айгөлек-ау, Айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Айдай толған кезімде, Би билейміз дөңгелеп.Олай болса келесі соңғы сайысымыз балалар арасында «Дәлдеп лақтыру»сайысы Шарты: Құм салынған қапшықты берілген себетке дәл түсіру.(кім көп салды, нешеу салды санау)Жарайсыңдар!Жүргізуші: Сайыс осымен тәмам.Төреші әділқазыларымыз ұпай сандарын есептеп, қай отбасы топтары топ жарып жеңіске жететіндігін хабарлағанша, барлық қатысушылардың орындауында «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.Жүргізуші:(Қорытынды) Ендеше, осы денсаулықты зор байлық деп білетін белсенді де білгір, денсаулығы мықты спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшейік.Сөз кезегі әділқазылар алқасында.Жүргізуші: Салауатты өмір салтын қолдаймыз,Жамандықтан жанымызды қорғаймыз Денсаулықты жанымызға серік қып Болашаққа аманат қып жолдаймыз.Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!
6 663 033 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Махнев Андрей Рафаилович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
72/108/144 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Мини-курс
10 ч.
Мини-курс
5 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.