Главная / Начальные классы / Спорт түрлері.Буын 5 сынып

Спорт түрлері.Буын 5 сынып


Тексерілді: № 17 сабақ 5-сынып 10.01 .15ж

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Соғыс »

Сабақтың мақсаты: Махамбет өлеңінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту.

Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Әдеби кітаптар оқуға үйрету.

Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүюге, патриот болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Махамбеттің ерлігін,оның қызыл майданда жүріп жазған өлеңдерінің идеясы жайлы біледі.Сыни тұрғыда ойланады,тіл байлығы артады

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: "Венн диаграммасы","Миға шабуыл",рөлдік ойындар,джиксо

Сілтеме: 5 -сыныпқа арналған оқулық күнтізбелік жоспар,суреттер,үлестірме қағаздар

Іс - әрекет түрлері : Топпен

жұмыс Жұптық жұмыс Шығармашылық

жұмыс

Мұғалімнің іс - әрекеті

1. Ұйымдастыру

"Шаттық шеңбері"

Оқушының іс -әрекеті

Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілек айтады.Оқушылар топқа бөлінеді

«Ой ашар»: «Соғыс» сөзінің мағынасын ашу

Соғыс - деген сөзді естігенде еске не түседі? Қандай сезімде боласың?

Соғыс сөзінің антонимі Бейбітшілік - деген сөзді естігенде қандай сезімде боласың?

Қарама -қарсы сөздерге байланысты дыбыстық әуенге назар сала отырып топтастыра отырып жазу

Жаңа сабақ

«Джиксо» әдісі

Тақырыпты өздері оқып,бір -біріне түсіндіреді. Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. - 1846 ж. 20 қазан, Қарой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) - қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.

Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан

«Венн диаграммасы»


«5 жолды өлең»

Махамбет

Исатайды салыстыру

1.Зат есім.- ақын

2.Сын есім - қайсар батыр

3.Етістік - сүйді, соғысты, күй шығарды, өлең жазды.

4.Пысықтауыш - Нарында шайқасты, елін қорғады, Отанын сүйді.

5.Түйін сөз: Ол Отанын сүйген жауынгер батыр ақын.

Дәптермен жұмыс

Жаттығулар орындайды

Сергіту сәті Бейнежазба арқылы оқушылар жаттығу жасайды

Бағалау өз -өзін бағалайды,топ бір-бірін бағалайды

Үйге тапсырма

1.Қабілеті жоғары оқушыларға слайд жасау Махамбеттің өзіңе ұнаған 5 өлеңін жаттап кел.

Рефлексия

Оқушылар өз пікірлерін жазып, кері байланыс білдіреді.

















Тексерілді: № 61 сабақ 5-сынып 4.02.15ж

Сабақтың тақырыбы: Спорт түрлері.Буын

Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, буынды түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйретуБірлікке, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы толық мәлімет беру. Лексикалық тақырып пен грамматикалық тақырыпты байлыныстыра отырып білімдерін нығайту .

Күтілетін нәтиже: Дыбыстар туралы толық біледі оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, толықтыру арқылы мәтін мазмұнының түсініксіз жерлерін айқындайды.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: "Венн диаграммасы","Миға шабуыл",рөлдік ойындар,джиксо

Сілтеме: 5 -сыныпқа арналған оқулық күнтізбелік жоспар,суреттер,үлестірме қағаздар

Іс - әрекет түрлері : Топпен

жұмыс Жұптық жұмыс Шығармашылық

жұмыс

Мұғалімнің іс - әрекеті

1. Ұйымдастыру

"Шаттық шеңбері"

Оқушының іс -әрекеті

Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілек айтады.Оқушылар топқа бөлінеді

«Ой ашар»:

(Тексеру үшін)

1. Таэквондо мен шамамен қанша адам айналысады?

2. Футбол сөзі қай тілден енген?

3.«Шахмат» сөзіндегі «шах» сөзі нені білдіреді?

3. - ыс, іс - с қай етістің жұрнағы?

4. 11 ойыншы 2 команда қай спорт түрі?

5. Раунд қай спорт түрінің сөзі?

Жаңа сабақ




Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуы буын деп аталады. М: ана, ата деген сөздер іштей екі бөлініп айтылады а-на, а-та.

Сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады, өйткені дауысты дыбыс қана буын жасайды. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді.

Сонымен, буын дегеніміз - фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дауысты дыбыс не дыбыстар тобы

Жұлдызды сәт алаңы"Адасқан әріптерді орналастыра отырып, шыққан қанатты сөздердің мағынасын түсіндіру


Асыл сөз маржандары"Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.


Синкуейнәдісі


сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Жаттығулар орындау

1. Бала ата - ананың алтын бағанасы.

2. Анамның тілі - аяулы үні.

"


1. Ат ізін салмау ха - бар - лас - пау

2. Бармағын тістеді ө - кін - ді

3. Жұлдызы оңынан туу жо - лы бо - лу

4. Жігері құм болу шар - шау, жа - сып қа - лу

5. Сөзі мірдің оғындай өт - кір сөз

6. Өрісі кең бі - лім - ді

7. Сіркесі су көтермейді еш - те - ңе - ні кө - ңі - лі жақ - тыр - май - ды

8. Үріп ауызға салғандай сүп - сүй - кім - ді

9. Шырағы сөнді ү - мі - ті ү - зіл - ді

10. Тонның ішкі бауындай ө - те жа - қын, өз а - да - мын - дай Мәтін құру « Мен спотртты сүйемін »


Сергіту сәті оқушылар жаттығу жасайды

Бағалау өз -өзін бағалайды,топ бір-бірін бағалайды

Үйге тапсырма

1.Қабілеті жоғары оқушыларға мәтін жазып келу ережелерді жаттау

2. 248 - жаттығу. бір буынды сөздердің дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:

Ереже жаттау

Рефлексия

Оқушылар өз пікірлерін жазып, кері байланыс білдіреді.

Спорт түрлері.Буын 5 сынып
  • Начальные классы
Описание:

Сабақтың тақырыбы:       Спорт  түрлері.Буын

Сабақтың мақсаты:          тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, буынды       түсіндіру, сауатты жазуға  және сөйлеуге  үйретуБірлікке, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы толық мәлімет беру. Лексикалық тақырып пен грамматикалық  тақырыпты байлыныстыра отырып білімдерін нығайту .   

Күтілетін нәтиже:           Дыбыстар туралы толық біледі оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, толықтыру арқылы мәтін мазмұнының түсініксіз жерлерін айқындайды.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:      "Венн диаграммасы","Миға  шабуыл",рөлдік ойындар,джиксо

 

Сілтеме:     5 -сыныпқа арналған оқулық  күнтізбелік жоспар,суреттер,үлестірме қағаздар

Автор Юлдашева Бахтигуль Розахуновна
Дата добавления 18.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 794
Номер материала 58313
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓