Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыСочинение на тему "Қазақстан-қаһарлы жылдарда"

Сочинение на тему "Қазақстан-қаһарлы жылдарда"

Скачать материал

Қазақстан - қаһарлы жылдарда

Жауға жаныңды берсең де,

Сырыңды берме! (Б.Момышұлы)

Жоспар:

І. Кіріспе:  Қазақстан қаһарлы жылдарда

ІІ. Негізгі бөлім:

1.     Ұлы Отан соғысы ардагерлері сөзімен

2.     Жерлес ардагерлеріміз сұрапыл сұм соғыста

3.     Жеңіске жеткен күн

ІІІ. Қорытынды. Ой толғау

Төрт жыл, бір мың төрт жүз он сегіз күн мен түн, отыз төрт мың сағат...

Осы уақыт аралығында қаншама қала қирап, қаншама ауыл өртке оранды?! Кеңес Одағының 27 миллионға жуық азаматының өмірі қиылды. Олардың арасында талай Қазақстандық азаматтар бар. Солардың ішінде, періштесі қолдап, елге аман-есен оралған батырларымыз да аз емес.

Әр кездегі уақиға өзіне тән ерекшелігімен есте сақталады. Бірақ, кейбір уақиға қанша уақыт өтсе де еш ұмытылмай, кешегі өткен күндей әрбір адамзат есінде сақталмақ. Осындай ұмытылмас өткен күндердің бірі Ұлы Отан соғысы жылдары. Бұл өшпес отты күндер жүзжылдықтар ғана емес, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жететін құнды дүние десек те болатын. Өткенді есте сақтау арқылы біз болашаққа ұмтыламыз, оның құндылықтарын сақтаймыз. Сонымен қатар бізге сенім мен өзімізге сенімділігімізді арттырады. Өз еліміздің ертеңі үшін қан майданда шайқасқан ардагерлерімізді естен шығаруға құқымыз жоқ десек те болады. Сол ардагерлеріміз азайып бара жатқан сайын, біз олардың ерлігін ертеңгі ұрпаққа жеткізу мақсатында, есте сақтауымыз керек! Бұл біздің бірден-бір парызымыз! Бұл біздің ғана емес, бүкіл Еуропа халқы есте сақтаған күн. Ол Ұлы Жеңіс күні!

Қазақта «Қариясы бар елдің қазынасы бар» деген жақсы бір қанатты сөз бар. Сол қарияларымыздың арқасында бүгінгі бейбіт күннің балалары бақытты. Былтырғы жылы Жеңіс күні қарсаңында «Астана ТВ» телеарнасында «Сырласу» хабарында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып жатқанын көрген болатынмын. Студияға шақырылған қонақтардың бірі Ұлы Отан соғысы ардагері Қасым Жолдыбаев атамыз болатын. Мені бұрыннан қызықтыратын сұрақтың бірі:«Біз жеңіске қалай жеттік?»-болатын. Сол сұрағыма жауап естірмін деген ниетпен бағдарламаны соңына дейін тыңдадым. «Соғыстың басталғаны туралы естіген кезде мен тек студент болатынмын.»-деп бастады сөзін қария. « Жасым тек он жетіде ғана еді. 1941 жылдың 22 маусымының таңы болатын. «Фашистік Германия әскерлері шекараны бұзып кірді»,-деген суық хабар тез тарады. Әскер қатарына жасымыз жеткенде ғана қабылдады. Кеудеден саз-балшыққа батып жүріп шайқастық. Жау жаяу жүрген жоқ, олар матоциклмен жүрген болатын. Ең қиын болғаны, қару жеткіліксіз болды. Соғыстың заңы қатал, аяушылық деген болған жоқ. Жауға жанымыз ашып, аяушылық көрсеткен жоқпыз. 1944 жылы Беларусь жерінде жараланып, елге оралдым. Жеңіске жеткенімізді елде жүріп естідім. Қазір, бейбіт кезде ойланып, ой елегінен өткізсем, жеңіске жетуіміздің бірден-бір себебі, бізде патриоттық сезім күшті болды»-деп еске алды ардагер.

Сонымен қатар өзіміздің жерлес ардагерлеріміз туралы да көптеген қызықты мағлұмат жинадым. Солардың қатарында Георгий Канцев, Шүкір Еркінов, Қайырғали Смағұлов, Александр Афанасьев, Иван Махорин және Боран Нысанбаев. Сол соғыста ерлік көрсетіп қана қоймай, соғыстан кейін де елдің ертеңі үшін бар күш-жігерін жұмсаған атақты ардагерлеріміз бүгінгі ұрпақ, біздердің мақтанышымыз. Солардың бірі Әбілхасов Мұхит, Әубекіров Айтқали, Айсин Ідіріс туралы айтқым келеді. Мұхиттың жеткіншек кезі, әрине, соғыс жылдары басталған болатын. Гурьев әскери дайындық училещін қысқа мерзім ішінде аяқтап, майданға аттанды. Сталинград түбіндегі 292-ші дивизияны басқарып, соғыстың нақ отты жылдарын бастан кешті. Басшы ретінде қайсарлығы мен жігерлігі жағынан өзін көрсете білді. «Әрине, мыңдаған қолды басқару оңай емес, олар да өзім сияқты, өрімдей жастар болатын. Әр тапсырмадан келген кезде, қатарымыздың азайғаны ең үлкен тақсірет еді. Мен үшін ең қиыны, оттың ортасына кімді жұмсау емес, қыршыннан қиылған жеткіншектердің отбасына, әке-шешесіне ұл-қыздарының өмірден өткендігі туралы қаралы хабарды жіберу еді»,-деп еске алады қария. Беларуссия мен Прибалтика жерлерін азат ету кезінде де ерен ерлігімен көріне білген ардагеріміздің бірнеше құрмет белгілірі де соған дәлел. Ардагер соғыстан қираған еліміздің қалаларын қалыпқа келтіру жұмыстарына да, өзінің нашар денсаулығына қарамастан, кіріскен еді. Ал Әубекіров Айтқали қарттың естелігінен ұққаным, жастайынан ұстамды, шыдамдылыққа бейім, бір сөзді адам болған көрінеді. Өзі туралы көп айтқанды ұнатпайтын, сөзге жоқ адам болған. Отан қорғау соғысында «Біз күн санаған жоқпыз»,- деп бастады қария тілші қойған сұраққа жауабын. «Солтүстік-батыс майданына 1942 жылдың 1 сәуірінде шақырылдым. Фашист танкілеріне қарсы атқыштар дивизиясына түстім»-деді ардагер.  Майдандас жолдасын  құтқару жұмысында бір аяғынан айрылған жауынгер майдан ауруханасында есін жинапты. «Қатарға жарамсыз болғандықтан, елге ерте келген болатынмын. Майдандағы жолдастарымның ішінде тек бірнешеуі ғана қайтып келді. 9 Мамыр Жеңіс күнін тойлағанда кездесіп тұрамыз»,-деп сөзін аяқтады қария. Айсин Ідіріс қарт болса, 9 Мамыр Жеңіс күнін әрдайым көңілсіз қарсы алады екен. 1943 жылдың шілдесінде майданға аттанған жас жауынгер сол кезде тек 17 жаста болатын. Балтық теңізінен бері қарай шайқастың қақ ортасында жүрген жас жауынгерді де соғыс оғы аямаған екен. Аяғынан айрылған жауынгер 1944 жылы ұзақ аурухана төсегінен мүгедек болып елге оралады. 

 Әскерінде  жүздеген  қазақстан азаматы бар Кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қантөгіс, аяушылығы жоқ  шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда әскер қатарына 300 мыңдай, ал соғыс күндерінде 1 млн 200 мыңдай  қазақстандық әскери адамдар  шақырылды. Соғыстың бірінші  күндерінен бастап барлық жерде әскери жасақтар  мен бөлімшелер құрыла бастады. Жиырмадан  астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрамалар құрылды.

1945 жылы 8 мамырда Потсдамда гитлерлік Германияның сөзсіз тізе бүгу Актісіне қол қойылды. 9 Мамыр Жеңіс күні деп жарияланды.  Б.Момышұлының: «Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың» деген сөзін ұран қылған қазақ батырлары фашистік германияға аянбай соққы берді. Осы аяусыз соғыста  мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай ақылшы  болып жүрген ардагерлерімізге басымызды иіп тағзым етуге әркім де міндетті деп ойлаймын. Олардың елін қорғаудағы ерлік істерін ешкімнің  де ұмытуға құқы жоқ дегім келеді. Мен осындай азат та егемен, барлық ұлт өкілдері тату тұрып жатқан Қазақстандай мемлекетте туып-өсіп, тәрбиеленіп жатқанымды мақтан тұтамын. Осындай қиын да кінәсіз қан төгіспен келген азаттығымызды қадірлейік дегім келеді.

Сөзімді ардагеріміз Құлқадір Заниевтің: «Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді»-деген сөзімен аяқтағым келеді.

Пайдаланған әдебиет:

1. Қазақстан тарихы (очерктер жинағы) Алматы 1993ж

2. Прикаспийская коммуна газеті 2005жыл

3.  kaztube видеоматериалы «Астана ТВ»

4. Военная издательство минестерство обороны СССР ,М,1970 г. «СССР в Великой Отечественной Войне»

5.  Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет «Алаш айнасы. Тағылым»

6.www.bilimdiler.kz

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сочинение на тему "Қазақстан-қаһарлы жылдарда""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 995 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2015 490
    • DOCX 18.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурмуханова Саягул Сарсеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурмуханова Саягул Сарсеновна
    Нурмуханова Саягул Сарсеновна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4041
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания французского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы билингвального обучения иностранным языкам

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Письмо: методика подготовки учащихся к ОГЭ по английскому языку

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 34 регионов

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и крьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 22 регионов

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе