Главная / Биология / Өсімдіктер дүниесі (7 сынып)

Өсімдіктер дүниесі (7 сынып)

Сынып:

Күні


Тақырыбы: Өсімдіктер дүниесі


Мақсаты: Білім алушыларға өсімдіктердің жіктелу ерекшеліктерін, олардың ортақ белгілерін түсіндіріп, оқыту


Міндеті:Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбею ерекшеліктерімен таныстыру, өсімдіктердің жүйелену жолдарымен таныстыру.


Дамытушылығы: Білім алышылардың өсімдіктер дүниесі туралы білімдерін одан әрі дамыту


Білімділігі: Білім алушыларға туыс, тұқымдас, қатар, клас ұғымдарын түсіндіру

Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, қорғай, аялай білуге баулу. Оларды ұжымшылдыққа, топтастыруға үйрету.

Сабақ типі: қайталау сабағы, аралас сабақ


Құрал – жабдықтар: электронды көрсетілімдер, өсімдіктердің көбею жолдары көрсетілген суреттер.


І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Түгендеу


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: І бөлімді тексеру:

  1. Мақта өсімдігінде ауру туғызатын вирус

  2. Бактерия жасушасына енетін вирус

  3. Көзге көрінбейтін тірі ағзаларды зерттейтін ғылым

  4. Бактерия спораларының атқаратын қызметі

  5. Өлі ағза денесінде тіршілік ететін бактериялар қалай аталады?

  6. Тұмау ауруын тудыратындар

  7. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым

  8. Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қоректік қор затынын атуы

  9. Талшығы бар спораның атауы

  10. Споралар түзілетін орын

  11. Нан ашытуға пайдаланатын саңырауқұлақ

  12. Көгілдір зең саңырауқұлағының атауы

  13. Лимон қышқылы алынатын саңырауқұлақ

  14. Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемісті денесі неден тұрады?

  15. Саңырауқұлақтың өсімдікпен селбесуі

  16. Қалпақшасы қызыл түсті улы саңырауқұлақ

  17. Қалпақшалы саңырауқұлақтың топырақ ішінде көрінбей жататын бөлігі

  18. Қайынқұлақ саңырауқұлағы улы ма, усыз ба?

  19. Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ

  20. Жүгері собығында болатын паразит саңырауқұлақ

  21. Тасқа жабысып өсетін қына қалай аталады?

  22. Қандай балдыр қына денесін құрайды?

  23. Бұғы қынасы ғылымда қалай аталады?

  24. Қына жақсы өсу үшін қандай жағдай керек?

  25. Қалалардың лас ауасына қына өсе ме? Неге?

  26. Сыртқы орта тазалығын көрсететін ағза

  27. Қынадағы фотосинтез үдерісіне қатынасатын ағза

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


Жүйелі жіктеу

1. Өсімдіктер дүниесіне жалпы сипаттама

Жалпы өсімдіктер төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер деп үлкен екі топқа бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырлар ғана жатады. Бұрын төменгі сатыдағы өсімдіктерге топтастырылған қыналар тіршілік ерекшеліктерне байланысты саңырауқұлақтар дүниесінің қыналар бөлімі болып жеке қарастырылуда. Ал балдырлар қарапайым құрылысты біржасушалы және күрделі құбылысты көпжасушалы болып келеді. Алайда олардың сабағы да, жапырақтары да болмайды. Бұлардың спора түзетін спорнгийі және жыныс жасушалары бір жасушадан пайда болады. Мүктер, қырықбуындар, плаундар, қырықжапырақтар спора арқылы, жынысты, жыныссыз жолмен көбейетін жоғары сатыдағы өсімдіктер. Олардың тамыры, сабағы, жапырағы бар. Жыныстық мүшелері – көпжасушалы. Ал жоғары сатыдағы өсімдіктерге жататын ашық және жабық тұқымды өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді. енді біз төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің дүние тармағын қарастырамыз

Әсер етуші факторлар


IV. Бекіту. Білім алушылармен өсімдіктер дүниесі туралы сұхбат-дәріс өткізу


V. Сабақ қорытындысы: Өсімдіктер дүниесі қалай бөлінеді?


VІ. Бағалау


VІІ. Үй тапсырмасы: ІІ бөлімнің кіріспесін оқып, өсімдіктер туралы білімінді қорытындыла.


Өсімдіктер дүниесі (7 сынып)
  • Биология
Описание:

Мақсаты: Білім алушыларғаөсімдіктердің жіктелу ерекшеліктерін, олардың ортақ белгілерін түсіндіріп, оқыту

 

Міндеті:Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбею ерекшеліктерімен таныстыру, өсімдіктердің жүйелену жолдарымен таныстыру.

 

Дамытушылығы: Білім алышылардың өсімдіктер дүниесі туралы білімдерін одан әрі дамыту

 

 Білімділігі: Білім алушыларға туыс, тұқымдас, қатар, клас ұғымдарын түсіндіру

 

 

Тәрбиелігі: Білім алушыларды табиғатты сүюге, қорғай, аялай білуге баулу. Оларды ұжымшылдыққа, топтастыруға үйрету.

Автор Смагулов Нурлан Берикович
Дата добавления 04.01.2015
Раздел Биология
Подраздел
Просмотров 2067
Номер материала 25963
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓