Главная / Информатика / "Сызықты алгоритмдерді программалау" (7 класс)

"Сызықты алгоритмдерді программалау" (7 класс)

Пән аты:   Информатика

Сынып: 

Күні__________________

Сабақтың тақырыбы: Сызықты алгоритмдерді программалау

 Білімділігі: оқушылардың Pascal тіліндегі сызықты қүрылған алгоритмдер мен программалар құру туралы білімдерін жүйелеу.

 Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.                                                                   

  Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,   пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың барысы:    

І Ұйымдастыру кезеңі

II Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

Сызықты құрылған алгоритмдерге программа құруды үйрену;

III Үй жүмысын тексеру

Өткен тақырыпты мазмұндау.

IV Білім деңгейін тексеру.

Алдыңғы тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін тексеру. Жаңа материалды меңгеруге дайындық.

  1. Компьютерде есеп шығару кезеңдерін атаңдар.

  2. Формула таңдау, есепті математикалық түрде шешу қай кезеңде өткізіледі?

  3. Алгоритм құрастыру қай кезеңде жүргізіледі?

  4. Алгоритм анықтамасын беріңдер

V Жаңа материалды оқып-үйрену

Әрекеттері бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын алгоритмдер сызықты алгоритмдер деп аталыды.

Сызықты алгоритмдерді кезеқмен программалауды мысалда қарастырайық.

Мысал:

Ботагөздің үйден мектепке дейінгі жолы бірнеше кесінділерден тұрады. Алдымен түзу, одан кейін оңға бұрылып, жүру ңажет. Осыдан кейін ол құрбысы Құралайды кездестіреді және олар мектепке қарай қалған арақашықтықты жүріп өтеді. Оның қасындағы қыздың қозғалыс жылдамдығы тұраңты және ол км/сағ-пен өлшенеді. Бірақ Ботагөз құрбысымен мектепке келе жатып, жол бойы екеуі әңгіме-дүкен қүрғандықтан әрі кездескен мысықтарға қарап, алаңдағандықтан ақырын жүреді. Ботагөздің үйден мектепке дейінгі уаңытын есептейтін программа құрыңдар.

Есепті шешу қадамдары:

1. Есептің математикалық шешімі.

a+b=r1 (м) - Ботагөздің үйден Құралайға кезіккенге дейінгі арақашыңтығы м-мен өлшенеді.

r1:1000=r2 (км) Ботагөздің үйден Құралайға кезіккенге дейінгі араңашыңтығы км-мен өлшенеді.

Арақашықтық өлшемі - м-ді, км-ге айналдыру керек, себебі әрі қарай қозғалу жылдамдығы км/сағ-пен өрнектеледі.

r2:d=t1 (с) - Ботагөздің үйден Құралайға кезіккенге дейіпгі жұмсаған уақыты. Дәл осылай қыздардың мектепке дейін бірге барған уақытын табамыз: c:1000:e=t2 (c).

Енді табылған уақыт аралықтарын қосу қалды: t1+t2=t (c).

2. Алгоритмнің блок-сұлбасын құрайық .
Блок-сұлба үшін мына мәліметтерді енгізу қажет болады:

a - Ботагөздің бұрылысқа дейін жүрген арақашыңтығы;

b - Ботагөздің құрбысын кездестіргенге дейінгі жүрген екінші араңашыңтығы;

с - Құрбылардың бірге жүріп өткен арақашықтығы;

d - Ботагөздің жалғыз жүрген қозғалыс жылдамдығы;

е - Ботагөз бен Құралайдың бірге жүрген қозғалыс жылдамдығы.

3. Блок-сұлбаны осындай түрде қалдыруға немесе формулаларды түрлендіруге болады, сол бойынша ізделініп отырған уақыт табылады:

t=(a+b)/1000/d+c/1000/e

4. Программалау кезеңіне өтейік. Блок сұлбаны Pascal тілінде ауыстырайық.

5. Компиляция жасап, программаны орындайық.

Жаңа сабақты бекіту:

1-тапсырма

Мемлекеттің тұрғын саны мен аумағы белгілі. Осы мемлекеттің халқының тығыз-дығын табыңдар.

uses crt;

var n,s,p:real;

begin

clrscr;

write('s,n=');readLn(s,n) ;

p=n/s;

write (p=' ,p:0:2) ;

end.

2-тапсырма

Екі жай бөлшек қосындысын санайтын программа жазыңдар.

uses crt;

var a,b,c,d:integer;

begin

clrscr;

write('a/b='); read(a,b);

write('c/d='); read(c,d);

write (a, '/',b, '+',c, V,d, ' = ') ;

write(a*d+b*c,'/',b*d);

write('=',(a*d+b*c)/(b*d):2:3;

readkey;

end.


VІІ Қортындылау, бағалау

ІІІ Үйге тапсырма

Оқулықтан 86-бет, бақылау сұрақтары мен тапсырмаларын орындау



"Сызықты алгоритмдерді программалау" (7 класс)
  • Информатика
Описание:
Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім.
Автор Кәдірбай Ұлжан
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров 255
Номер материала MA-064893
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓