Главная / Другое / «Сырласайық жеңеше!» сайысы

«Сырласайық жеңеше!» сайысы

12.03.2015 жыл

Сағат: 1400

«Сырласайық жеңеше!» сайысы

9-сынып

Мақсаты: Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Отбасы тарихын және дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

1-жүргізуші:

Көктем келсе сағынған қарашаны,

Ерке қыз жеңгесімен жарасады.

Бәріне бақ-береке біз тілейміз,

Қарсы алыңдар, қол соғып тамашаны.

2-жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірлі қонақтар! Бүгінгі көктем мерекелерінің бірі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Сырласайық, жеңеше!» атты қыз бен жеңге арасындағы жоғарғы сынып оқушыларына арналған сайысымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Қазіргі заман қыз тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Әрбір  қыз бала

бойжетіп, ата – анасының жанында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа үйге келін болып түсуі – өмір заңдылығы. Әсіресе қызға анасы немесе жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайлығы, әсемдік, жинақтылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық қабақтылық туралы үйретуге күш салады.

1-жүршізуші:

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші шаңырақта дұрыс тәрбие

көрмеген сәби ертеңгі күні сол тамырсыз тәрбиені өз отбасында қайталайды.

Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ақылшы әже, әулеттің ұйытқысы.

2-жүргізуші:

Ағайынға аймақ болған жеңешем,

Абысынға қаймақ болған жеңешем.

Жасық болмай жайнап жүрші, жаным деп

Қайын сіңлісіне қайрат берген жеңешем!

1-жүргізуші:

Еркем-ау, ақмаралым, күн мен айым,

Сен сұрасаң мен неге құр қалайын,

Жіберсе біреуден хат-хабарын,

Талай рет түн жамылып жорғалайын.

2-жүргізуші:

Ауылыма көрік берген жеңешем,

Бақ құсындай келіп қонған жеңешем.

Қиынын да, қызығын да тең бөліп,

Жақсы ағаға көрік болған жеңешем.

1-жүргізуші:

Ақ жеңешем үлгі-өнеге көзіндей,

Қазағымның дәстүрлері өзіндей.

Қалпыңменен жет келешек ұрпаққа,

Көнермейтін кемеңгердің сөзіндей.

2-жүргізуші:

Сайыс, сайыс көңіл шіркін тасысын
Сайыс сайын жанкүйерлер қол ұрсын
Өнерлерін аямайтын біздерден
Сайыскерлер ортамызға кеп енсін– дей келе жеңге мен қайынсіңілілерді сахна төріне шақырамыз.

1-жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болайық:

1. Аудандық білім беруді үйлестіру орталығының маманы – Асылбекова Азиза

2. Аудандық жастар денсаулық орталығының басшысы – Сұлтанова Айгерим

3. Қосымша білі беру педагогы – Абенова Нагима

2-жүргізуші:

Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Жолдасқали Оразайұлына беріледі.

1-жүргізуші:

Көп сөйлеп, жөн жобадан біз аспайық
Қандай сайыс болса да біз қашпайық
Ал, ендеше рұқсат болса.
«Сырласайық, жеңеше!» сайысын біз бастайық!

2-жүргізуші:

Олай болса сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар.

  1. «Сәлем - сөздің анасы» (таныстыру)

  2. Салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап

  3. «Қызым, саған айтам, келінім сен тыңда» / жағдаяттық сауалдар, мұнда қатысушылардың актерлік шеберлігін байқау /

  4. «Қыз өссе елдің көркі» сән үлгісі (берілген уақыт ішінде жеңгелер қайынсіңлілерінің киіміне сай шаш үлгісін жасауы керек)

  5. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл
    жаман»
    (өз өнерлері, жеңгелер ұршық иіреді, қайынсіңілілері ою ояды)

  6. «Тату үйдің тамағы тәтті» (отбасында дайындалатын ұлттық тағам)

1-жүргізуші:

Жеңгем менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеме гүл болып тағыламын,

Жұлдызыңдай көгінде жағыламын.  

Алыс кетсем аңсаймын, сағынамын-деп жеңгелер, қыздарымен өздерін таныстырады.

2-жүргізуші:

Сайысымыздың 1-кезеңі «Сәлем – сөздің анасы».

1-жүргізуші:

  • Рахмет!!!

2-жүргізуші:

Жеңгелері мен қайынсіңілдері өздерін таныстырып болған болса қазылар алқасының беретін бағасын көрелік.

1-жүргізуші:

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Аңыз болған жоғалмай бұл ғасырға
Салт - дәстүрі халқымның жалғасуда

2-жүргізуші:

Сайысымыздың 2-ші бөлімі салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап, қайынсіңлілері келіп бір-бір қағаздан алып жеңгелерімен бірге жауап береді. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.

1-жүргізуші:

Сайыскерлеріміздің жауабын тыңдадық, енді қазылар алқасының бағаларын көрейік.

2-жүргізуші:

Олай болса сайысымыздың келесі шарты «Қызым, саған айтам, келінім сен тыңда» жағдаяттық сауалдар, қатысушылардың актерлік шеберлігін байқау.

1-жүргізуші:

Олай болса қазылар алқасының бағаларын көрейік.

2-жүргізуші:

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын -дей келе сайысымыздың келесі кезеңі «Қыз өссе елдің көркі» сән үлгісі бұл кезеңде жеңгелері қайынсіңілілерінің киім үлгісіне сай шаштарын сәндеп беруі керек.

1-жүргізуші:

Қатысушыларымыздың сән үлгісін тамашаладық, енді қазылар алқасының бағаларын көрейік.

2-жүргізуші:

Сайысымыздың келесі бөлімі  «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман» дейді атам қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі – оның қолөнері. Бұл бөлімнің шарты бойынша жеңгелер ұршық иіреді, аруларымыз ою ояды. Күрделі әрі ұқыпты ойылған ою жоғары бағаланады.

1-жүргізуші:

Сайыскерлеріміздің қолөнерін тамашаладық, енді қазылар алқасының бағаларын көрейік.

2-жүргізуші:

Сайысымыздың келесі кезеңі «Тату үйдің тамағы тәтті» деп аталады. Қатысушыларымыз отбасында дайындалатын ұлттық тағамдарының таныстырады.

1-жүргізуші:

Олай болса қазылар алқасының бағаларын көрейік.

2-жүргізуші:

Осымен бүгінгі «Сырласайық, жеңеше!» сайысы аяқталуға жақын, сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

1-жүргізуші:

Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

          Барымен шат-шадымен болыңыздар.

          Қоштасайық, келесі кездескенше,

          Әрдайым сау-саламат болыңыздар!

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар осымен біздің бүгінгі «Сырласайық, жеңеше!» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Сау болыңыздар!

«Сырласайық жеңеше!» сайысы
  • Другое
Описание:

«Сырласайық жеңеше!» сайысы

9-сынып

Мақсаты: Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Отбасы тарихын және дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

1-жүргізуші:

Көктем келсе сағынған қарашаны,

Ерке қыз жеңгесімен жарасады.

Бәріне бақ-береке біз тілейміз,

Қарсы алыңдар, қол соғып тамашаны.

2-жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірлі қонақтар! Бүгінгі көктем мерекелерінің бірі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Сырласайық, жеңеше!» атты қыз бен жеңге арасындағы жоғарғы сынып оқушыларына арналған сайысымызға қош келдіңіздер!

Автор Елгондиева Айгерим Алдабергеновна
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 750
Номер материала MA-063719
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы