Инфоурок Музыка Конспекты2 сыныптың музыкадан сабақ жоспарлары

2 сыныптың музыкадан сабақ жоспарлары

Скачать материал

 Бекітемін:

 

Пәні :

Музыка

Сыныбы:

2 а

Уақыты: 

17.01.17

Тоқсанның тақырыбы:

Концерт залына саяхат   10 сағат

Сабақтың тақырыбы:

 Концерт залымен танысайық

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру .

 

Б)Коммуникативтік

Концерт залында өзін ұстау мәдениетіне бағыттау .

 

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Көпшілік ортадағы мәдениетке , қоғамдағы орынын сезінуге тәрбиелеу.

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік  технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Үнтаспадан , Слайд

 

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

 Ұстаз   еңбегін   бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.                                                                           

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ?  – ұстазымыз,

   Өнер – білімге      құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы  бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға  дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Өткен тоқсандардағы  үйренген әндер , тақырыптар  сұрақ – жауап арқылы қайталанылады .

Оқушы  үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Сыныпты театр залына айналдыру . Яғни парталарды жинақтап отырғыштармен  бірінің артына – бірі отырып  театрды сезінуі керек.

4 ереже .Бірінші ереже :  Кешікпей келуің керек .Спектакль немесе концерттің басталуынан  20-30 минут бұрын келуің керек .   Театрға ата – анаңмен келсең бірінші жүгіріп кірмеуің керек . Ең бірінші әкең есікті ашып сенімен анаңды кіргізеді де , қызметкерге билетті көрсетеді .  Театрға кірген соң фойеден  әртістердің әдемі суреттерін көресің де , киімдеріңді гардеробқа ілесіңдер . Өйткені театрға сырт киіммен кіруге болмайды .

Екінші ереже :  Егер сен достарыңмен кездесіп қалсаң  жай ғана басыңды изеп амандасуың керек . Бей- берекет қимыл жасап ,дауыс көтеріп сөйлемегенің жөн .

Үшінші ереже : Шулауға болмайды , Тәрбиелі адамдар  театрға келгенде телефондарын сөндіріп қояды . Өйткені ол сахнадағы әртістерге кедергі келтіріп , қасыңдағы көрерменнің мазасын алады .  Концерт кезінде сусын ішіп , балмұздақ жеуге болмайды . Ал үзіліс уақытында ата – анаңмен буфетке бара аласың .

Төртінші ереже :  Әртістер мен музыканттар сахнадан кеткенше күту керек .  Концерт аяқталған соң әртістер көрермендерге иіліп ізет көрсетеді . Ал көрермендер қол шапалақтайды.  Қазақстанда ек і Академиялық опера  және балет театры бар  Алматы мен Астанада .

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Музыкалық сауаттылық:

Театр түрлері

 

 

Сөз қорына жаңа сөз қосылады

Ән  жаттау:

«Домбырасыз сән қайда»Х.Талғаров. И.Нүсіпбаев.

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

Абай , Жамбыл , сал Біржан ,

Таңқалдырып ән салған .

Жүрегіңді жандырған ,

Естіген жан тамсанған .

 

 

Домбырамен сөйлеген ,

Махаббаты халқымның.

Жігер беріп күй деген ,

Шақырады алтын күн.

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау: Дж.Верди «Кармен »  операсынан үзінді.

 

 

Үлкен театр симфониялық оркестрінің  орындауында тыңдалады .

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Түрлі түсті суреттер, буклет көрсетіледі баланың танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

Театр мен концерт залына барғанда өзіңді қалай ұстауың керек ?

Театрға барудың қандай ережелерін білесің ?

Театрға барып көрдің бе ?

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы бойында проблеманы шешу құзыреттілігі шыңдалады, жаңа материалды қорытындылай-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру;  Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды.  Баға алған оқушы  күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

 

Үй тапсырмасы

Тақырыпты оқу , төрт ережені жаттау .

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

 

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

 

Пәні :

Музыка

Сыныбы:

2 а,

Уақыты: 

10.01.17

Тоқсанның тақырыбы:

Концерт залына саяхат   10 сағат

Сабақтың тақырыбы:

Өнер ордасы - театр

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Театр жұмысымен танысу .

 

Б)Коммуникативтік

Спектакль қойылымымен танысу .

 

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Театр қызметкерлеріне қошеметпен қарау .

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік  технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Слайд, үнтаспа

 

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

 Ұстаз   еңбегін   бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.                                                                           

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ?  – ұстазымыз,

   Өнер – білімге      құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы  бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға  дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Тақырыпты оқу , төрт ережені жатқа айту .

Оқушы  үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Театрдағы ең басты адам- режиссер.Ол спектакльдің қойылымын жасайды.Сонан соң суретшілер режиссерге сахнаның декорациясын жасауға көмектеседі.Ал моделер болса,сахна әртістерінің киім үлгілерін даярлайды.Бір спектакльді сахнаға шығару үшінбір үлкен ұжымның аса зор жұмыс жасап шығуы қажет.Ең әуелі әртістер өз алдына дайындалады.Хор әншілері мен оркестр музыканттары өз шығармаларын әзірлейді.Балет әртістері өз жетекшілерімен бірге би қоййылымдарын жасайды.Ең үлкен жұмыс спектаклдің жеке орындаушыларына жүктеледі . Олар өз кейіпкерлерінің рөлін  сомдау үшін аса көлемді музыкалық шығармаларды жаттайды .  Барлығы дайын болғандағы соңғы дайындыққа кіріседі .  Көрермендер театрға шынайы өнерді , жанды дауысты тыңдау үшін келеді  Фильм түсіргенде  бір көріністі бірнеше рет түсіреді . Соның ішінде ең сәтті түсірілімін таңдап , көрермендерге ұсынады . Ал , театрда  әртістер сахнада ,  яғни көрермендер алдында өнер көрсетеді . Сондықтан режиссер , суретші  және әртістер  барлығы бірдей шын шеберліктерін көрсету  керек  . Сонда ғана спектакль сәттілікке және көрермендердің  аса  құрметіне ие болады .  Театрға келген көремендер де  спектакльдің  өтуіне  өз үлесін қосады . Олар әртістер үшін  шын ықыласымен қамығып , жетістіктеріне  қуанып , өз көңіл күйлерін қол шапалақтау арқылы білдіреді . Спектакль сәтті өткенде ғана көрермен үлкен ләззат алып , көңілдері шаттыққа толып қайтады . Өйткені көрермен спектакль  барысында нағыз өнермен қауышып , жан рахатына бөленеді .

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Ән  жаттау: Домбырасыз сән қайда ? Талғаров ,  И. Нүсіпбаев .

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

Елдің жырын жырлаған ,

Қайғысын да  толғаған .

Домбырасыз ешқашан ,

Жүрекке ем қонбаған

Домбырасыз сән қайда ,

Домбырасы ән қайда ?

Әнмен күй бар өмірде ,

От та лаулап жанбай ма ?

 

 

Оқушылар хормен , жеке орындайды.

Құрманғазы Тәттімбет,

Домбырамен сайраған

Жүрекке от жақсын деп ,

Елге күйін арнаған .

Қ-сы

 

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау: Ж.Бизе. «Кармен» операсынан үзінді

 

 

 Вердидің «Кармен» операсынан салтанатты шеру.

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Түрлі түсті суреттер, буклет көрсетіледі баланың танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

Спектакльдің қойылымын кім жасайды?

Спектакльді дайындауға кімдер көмектеседі?

Көрермендер көңілдерін қалай білдіреді?

Адамдар театрға не үшін барады?

 

 

 

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы бойында проблеманы шешу құзыреттілігі шыңдалады, жаңа материалды қорытындылай-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру;  Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды.  Баға алған оқушы  күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

 

Үй тапсырмасы

Ән жаттау . Тақырыпты түсінгені айту .

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

 

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

 

Пәні :

Музыка

Сыныбы:

2 а,

Уақыты: 

24.01.17

Тоқсанның тақырыбы:

Концерт залына саяхат   10 сағат

Сабақтың тақырыбы:

Филормония өнер шаңырағы

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Филормония ұжымдарымен танысу .

 

Б)Коммуникативтік

Ән айту , шығарма тыңдау өнерін дамыту .

 

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Оқушылардың филормонияға бару дағдысын қалыптастыру .

Түрі:

Саяхат сабақ

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік  технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Әншілерпортреті, үнтаспа

 

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

 Ұстаз   еңбегін   бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.                                                                           

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ?  – ұстазымыз,

   Өнер – білімге      құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы  бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға  дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Ән жаттау . Тақырыпты түсінгені айту .

Оқушы  үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Мұғалім  мәтінді   өнер ұжымдарының суреттеріне назар аудартқаны дұрыс . Бұл ұжымдардың барлығын   Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық  филормонияның  шаңырағының астына көруге болады . Филормония залында  классикалық музыка   концерттері өтіп  отырады .  Ол концерттерден симфониялық оркестр , фальклорлық – этнографиялық  оркестр ,  үрмелі аспаптар оркестрі және  вокалды аспаптар , а, каппелла өнерлерін тамашалауға болады. Бұл ұжымдар  филормония залында өнер көрсетеді.  Әншілер , скрипкашылар , пианистер , аспабын орындаушылардың жеке концертін тыңдауға болады.   Филормония залында үлкен  рояль аспабы бар. Онда өнер кештері  өткізіліп тұрады. Филормония артистері гастрольдік  сапарларға шығып отырады .  Олар Қазақстанның көптеген қалаларында және шетел мемлекеттерде өз өнерлерін  көрсетеді . Сонымен қатар көптеген атақты дирижерлермен , танымал орындаушыларды шақырып , олардың өнерлерін көрермендерге ұсынады .  Облдыстық филормония   облысымыздың  мақтанышы .

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Музыкалық сауаттылық:

Оркестр

 

 

Сөз қорына жаңа сөз қосылады

Ән  жаттау:

Ш.Сариев. К.Дүйсекеев «Ана»

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

Ана өмір шырағы ,

Ана өмір бұлағы .

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады .

Әлди – әлди , әлди – ай,

Жүрегімде тұрады .

Гүлді өмірде мәуелі ,

Нұрлы өмірде мәуелі .

Анамыздан тыңдадық ,

Әсем әнді әуелі

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау:

Р.Корсаковтың «Салтан патша  туралы» ертегі операсы «Араның ұшуы»

 

 

Симфониялық  оркестрдің орындауында тыңдалады.

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Түрлі түсті суреттер, буклет көрсетіледі баланың танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

Не себепті филормонияны өнер шаңырағы деп ойлайсың ?

Филормония залынан қандай концерттерді тыңдауға болады ?

Концертке барып көрдің бе?

 

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы бойында проблеманы шешу құзыреттілігі шыңдалады, жаңа материалды қорытындылай-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру;  Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды.  Баға алған оқушы  күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

 

Үй тапсырмасы

Ән жаттау , Тақырыпты оқу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

 

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

 

Пәні :

Музыка

Сыныбы:

2а,

Уақыты: 

31.01.17

Тоқсанның тақырыбы:

Концерт залына саяхат   10 сағат

Сабақтың тақырыбы:

Камералық музыка

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Музыка мәдениетіне баулу

 

Б)Коммуникативтік

Музыкалық сауаттылығын арттыру

 

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Ән айту өнерін дамыту . Өнер ұжымдарына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру .

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік  технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Суреттер, үнтаспа

 

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

 Ұстаз   еңбегін   бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.                                                                           

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ?  – ұстазымыз,

   Өнер – білімге      құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы  бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға  дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Ән жаттау . Тақырыпты түсінгені айту .

Оқушы  үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Ерте заманда  Еуропада  филормония мен концерт залдары болған жоқ. Сондықтан музыканттарды бай әрі ауқатты адамдар арнайы  үйлеріне  шақырып тыңдаған . Мұндай  концертке бір немесе бірнеше  орындаушылар қатысқан . Әсіресе  , скрипка , альт , фиоланчель орындаушыларының концертін тыңдауды дәстүрге айналдырған .  Концертті үй иесінің туыстары , достары  және арнайы шақырылған қонақтар тамашалаған . Мұндай концертті камералық концерт деп атаған . Бұл атау   Италияның  «Камера» бөлме деген сөзінен шыққан . Бүгінгі күнде камералық музыка концерттерін филормонияның кіші залынан тыңдай аламыз .  Мысалы :  Ішекті аспаптардың квартеті . Үрмелі аспаптардың квинтеті . әншілердің дуэті  немесе қобызшылардың триосын айтуға болады. Осылайша үйде  пайда болған камералық музыка үлкен сахнаның төрінен орын алады. 

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Музыкалық сауаттылық:

Дуэт,трио,квартет,квинтет

 

 

Сөз қорына жаңа сөз қосылады

Ән  жаттау:

«Ана»

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

Гүлді өмірде мәуелі ,

Нұрлы өмірде мәуелі .

Анамыздан тыңдадық ,

Әсем әнді әуелі

 

 

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау:

Моцарттың «Кішкентай кешкі серенадасы»

 

 

 

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Түрлі түсті суреттер, буклет көрсетіледі баланың танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

Ертеде концерттерді қайда өткізген ?

Не себепті камералық музыка деп атаған ?

Дуэт, трио , квартет , квинтет дегеніміз не ?

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы жаңа материалды қорытындылай-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру;  Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды.  Баға алған оқушы  күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

 

Үй тапсырмасы

Саз тыңдау

Талдау

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

 

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

 

Пәні :

Музыка

Сыныбы:

2а,

Уақыты: 

07.02.17

Тоқсанның тақырыбы:

Концерт залына саяхат   10 сағат

Сабақтың тақырыбы:

Ең үлкен музыка аспабы - орган

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Музыкалық аспаппен танысу  Орган аспабының құрылысымен танысу .

 

Б)Коммуникативтік

Еуропа аспаптарына сүйіспеншілікпен қарау .

 

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Музыка әлеміне жетелеу .

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік  технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Үнтаспа, аспап

 

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

 Ұстаз   еңбегін   бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.                                                                           

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ?  – ұстазымыз,

   Өнер – білімге      құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы  бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға  дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Саз тыңдауталдау

Оқушы  үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Қазақстанда орган аспабын Алматы , Астана , Қарағанды қалаларынан көруге болады .  Сондықтан мұғалім оқушылардың назарын орган аспабының суретіне аударғаны жөн  Суретке қарап оқушылар орган аспабының көлемі мен қалай жасалғандығын көруі тиіс .  Музыкалық аспаптар ішіндегі ең үлкені орган  болып табылады . Бұл аспапты  фортепианоны ойнағандай  басқыштарын басып ойнайды.  Бірақ  , органның жоғарғы жағына көптеген түтіктер орнатылған , осы түтіктерге ауа жіберу арқылы дыбыс шығарады.  Сондықтан орган аспабын үрмелі аспабын аспаптар тобына жатқызамыз . Түтіктерн темірден жасалады . Олардың ұзындығы бірнеше см- ден. басталып  бірнеше м-рге жетеді . Түтіктер  үлкен болған сайын дыбысы жуан болса , кішірейген сайын дыбысы да  жіңішкере береді .  Қанша түтік болса соншалықты дыбысы да күшие түседі . Орган аспабының басқыштары бірнеше қатардан тұрады . Аспаптың басқыштарын қолмен , ал төменгі аяқ тұсына орнатылған  басқыштарды аяқпен басу арқылы орындайды. Орган аспабы дыбыс бояуы жағынан өте бай . Бір өзінің дыбысы бір симфониялық оркестрмен тең . Бүкіл әлемде бірдей жасалған орган аспабын кездестіре алмайсың . Аспаптың көлемі  оны орнататын  ғимараттың үлкендігіне байланысьты . Ерте заманда  орган аспабын христиан шіркеулеріне орнатқан . Қазіргі кезде орган  музыкасының концертін  көптеген  шіркеулерде ,  кейбір концерт залдарынан тыңдауға болады .

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Музыкалық сауаттылық:

.Жылдамдық

 

 

Сөз қорына жаңа сөз қосылады

Ән  жаттау:

Анамызға мың алғыс  Ж.Өмірбеков .

Б.Ғизатов

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

Аялаған баптаған ,

Асыраған , сақтаған.

Сақтанырып күнде еппен ,

Айтып бәрін үйреткен .

Анамызға мың алғыс.

 

Адал бол деп балдырған ,

Әділдікке баулыған .

Жүрегінде – махаббат,

Тілегінде – мархабат .

Анамызға мың алғыс .

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау:

Дж . Каччинидің «Аве Мария»шығармасы

 

 

Органның сүйемелдеуімен орындайды .  Мария қызына арналған католиктік жалбарыну әні  Бұл ән жеке дауыспен және хормен орындалады .

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Түрлі түсті суреттер, буклет көрсетіледі баланың танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

Не себепті органды ең үлкен аспапқа жатқызамыз ?

Орган аспабын қалай орындайды ?

Орган аспабын қайдан естуге болады ?

Қазақстанның қандай қалаларында орган аспабы орнатылған ?

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы бойында проблеманы шешу құзыреттілігі шыңдалады, жаңа материалды қорытындылай-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру;  Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды.  Баға алған оқушы  күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

 

Үй тапсырмасы

Ән жаттау .

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

 

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

 

Пәні :

Музыка

Сыныбы:

2а,

Уақыты: 

14.02.17

Тоқсанның тақырыбы:

Концерт залына саяхат   10 сағат

Сабақтың тақырыбы:

   Хор капелласының концерті

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Хор өнерімен таныстыру

 

Б)Коммуникативтік

Хор өнерінің пайда болуы

 

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Хормен ән айтуға тәрбиелеу

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік  технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Хор ұжымы суреттері, үнтаспа

 

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

 Ұстаз   еңбегін   бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.                                                                           

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ?  – ұстазымыз,

   Өнер – білімге      құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы  бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға  дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Ән жатқа айту ..

Оқушы  үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

 

Ақ әжелер ансамблі

  халық әні  «Жар- жар» Сапрано, тенор,

Мұғалім  адамдардың не себепті  бірге қосылып ән орындайтындығын айтып береді . Мерекелерде  , сен балалармен қосылып мектеп, ұстаз немесе аналар жайлы ән шырқайсың . Көп адамның бірігіп ән орындауын хор деп атаймыз . Ал барлығымыз бірге ән айтқанда көңіл күйіміз көтеріліп қалады . Теледидардағы музыкалық бағдарламадан 4-5 адам қосылып орындаған  әншілік топтарды көруге болады . Мұндай орындауды шағын хор  ансамблі деп атайды .  Ауылда ата – әжелеріңіз жиын тойларда ән шырқайды .  Әсіресе ерте заманғы халық әндерін шырқап , тойдың сәнін келтіреді . Қазір үйлену , қыз ұзату тойларында жар – жар әнін орындайды .  Халық әндерін көпшілік болып орындайтын топты  халықтық хор деп атайды .  Халықтық хорлар көптеген халықта бар . Әр халық өздерінің  ертеден жеткен халық әндерін көпшілік болып шырқайды . Ең қызығы олар бірнеше дауыспен орындайды . Ал қазір кәсіби хор ұжымдары бар . Оларды опералық театрлар мен филармонияда кездестіруге болады .   Көп дауыста орындайтын  ұжымды кәсіби хор деп атайды . Кәсіби хор 4 дауысқа  бөлініп орындайды . Олар әрі жуан дауысты – бас , орта дауыста – тенор ,  жоғары дауыста – альт және ең жіңішке дауысты сопрано деп атайды . Кәсіби хорда бас және тенор дауысты ерлер , альт пен  сопрано дауысын әйелдер орындайды . Ал балалар хорында альт және сопрано дауыстарын кездестіре аламыз . Балалар хоры да кәсіби хорға жатады .  Өйткені олар музыка мектептерінде музыкалық сауатын ашып , арнайы хор ұжымында орындайды . Хорды  көбіне аспаптың сүйемелдеуінсіз орындайды . Аспапсыз а капелла деп аталады .

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Ән  жаттау:

Анамызға мың алғыс  Ж.Өмірбеков .

Б.Ғизатов

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

Ерлік еткен біз үшін ,

Еңбек еткен біз үшін .

Еркелеткен біздерді ,

Еркіндеткен біздерді .

Анамызға мың алғыс .

 

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау:

 

 

Әжелер  ансамбілінің орындауында халық әні «Жар -Жар».

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

Хор дегеніміз не?

Халықтық хор дегенді қалай түсінесің?

Кәсіби хордың ерекшілігі неде?

Не себепті хор капелласы деп атайды?

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы жаңа материалды қорытындылай-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру;  Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды.  Баға алған оқушы  күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

 

Үй тапсырмасы

Анамызға мың алғыс  Ж.Өмірбеков .

Б.Ғизатов

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

 

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

 

Пәні :

Музыка

Сыныбы:

2 а

Уақыты: 

21.02.17

Тоқсанның тақырыбы:

Концерт залына саяхат   10 сағат

Сабақтың тақырыбы:

Квартет өнер көрсетеді

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру.

 

Б)Коммуникативтік

Концерт залында өзін қалай ұстау керек.

 

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Оқушыларды концерт залында өзін қалай ұстау керектігіне тәрбиелеу.

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру . Ойын сабағы.

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік  технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Үнтаспак, әншілер суреті

 

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

 Ұстаз   еңбегін   бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.                                                                           

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ?  – ұстазымыз,

   Өнер – білімге      құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы  бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға  дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Анамызға мың алғыс  Ж.Өмірбеков .

Б.Ғизатов

Оқушы  үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Үшінші тоқсанның сабақтары оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырады.Көптеген балалар алғаш рет клкссикалық музыкамен танысады.Сыныпта мүмкіндік болса парталардыысырып қойып,орындықтарды театрдағыдай бірінің артынан бірін қою керек.Оқушылармен бірге театрға алғаш келгендей елестетуге болады.Сынып театр залына айналады.Мұғалім 4 ережеге байланысты 4қойылым ойын өткізуге болады.1ереже кешікпей келуің керек.Спектакльнемесе концерттің басталуына 20-30минут қалғанда келген жөн.Егер сен ата анаңмен бірге келсең,олардың алдына түсіп жүгіріп келмегенің дұрыс.Ең әуелі әкең есікті ашып,анаңмен бірге сені өткізеді.Сосын театр қызметкерлеріне кіру билетін ұсынады.Театрға ене бергенде төбесі биік,әдемі фойе,мөлдір аспа шам,үлкен айналармен сәнделген және әйгілі әртістердің суретін көресің.Гардеропқа сырт киіміңді ілесің.Театрда сырт киіммен жүруге болмайды.2 ереже.Өте сыпайы болу керек.Егер сен достарыңды кездестіріп қалсаң,олармен сыпайы бас изеп амандасқан дұрыс.Артық қимыл жасап сөйлемеген жөн.Театрда дауыс көтеріп сөйлеу өте әдепсіздік болып табылады.Оқушыларды театр залына отырғызыңыз.Бизенің «Кармен»операсынан үзінді қойып,ал екі оқушы музыка басталғаннан кейін кешігіп кіретін болсын.Олар өз орнын іздеп,көрермендерді мазаламаған дұрыс болады.Ең дұрысы,бос орындардың біріне жайғасып отырғаны жөн.3ереже.Шулауға болмайды.Тәрбиелі адамдар ұялы телефондарын сөндіріп қояды.Өйткені адамдардың мазасын алады.Спектакль,концерт кезінде сусындар ішіп балмұздақ жеуге болмайды.Тек үзіліс кезінде ата анамен буфетке бара аласың.4ереже.Әртістер мен музыканттар сахнадан кеткенше күту керек.Сонан соң залдан шыққан жөн.Спектакль,концерт аяқталған соң әртістер көркрмендерге иіліп ,ізет көрсетеді.Ал көрермендер қол шапалақтап алғыстарын білдіреді.Қазақстанда екі опералық-балет театры бар.Алматыда және Астанада.

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Ән  жаттау:

Дүкенбаев .«Наурыз келді»

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

Наурыз келді далама ,

Наурыз келді қалама .

 Қуанады ата – ана ,

Қуанады бала да .

Оң боды да жорамыз ,

Төлге толды қоамыз.

Айран қымыз  толығып ,

Аққа толды шарамыз

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау:

 

Ғ.Жұбанова «Квартет для струнных» №1 .Ансамбль

 

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

Ертеде концерттерді қайда өткізген ?

Не себепті камералық музыеа деп атады ?

 Дуэт,трио,квартет,квинтет дегеніміз не ?

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы жаңа материалды қорытынды-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру;  Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды.  Баға алған оқушы  күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

 

Үй тапсырмасы

Дүкенбаев .«Наурыз келді»

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

 

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

 

Пәні :

Музыка

Сыныбы:

2а,

Уақыты: 

28.02.17

Тоқсанның тақырыбы:

Концерт залына саяхат   10 сағат

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының биі

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Қазақ биінің пайда болуы.

 

Б)Коммуникативтік

Қазақтың би өнерімен танысу

 

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Ән айту дағдысын дамыту.Оқушылардың биге деген өнерін дамыту.

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік  технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы  Би өнері

Пайдаланылған көрнекілігі:

Бишілер суреті, үнтаспа

 

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

 Ұстаз   еңбегін   бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.                                                                           

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ?  – ұстазымыз,

   Өнер – білімге      құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы  бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға  дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Дүкенбаев .«Наурыз келді»

Оқушы  үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

 

 

Сабақта  оқушылар  орындарынан тұрып «Қара жорға биін» билеумен бастауға  болады . Би орындалып болған  мұғалім «оқушылардан » көңіл күйлерің көтеріліп қалды ма ? деп сұрайды . Содан кейін  би тарихы туралы  баяндайды . Қазақстанда әртүрлі ұлттар өмір сүреді . Орыс , Украйн , Корей , Неміс , Грузин  халықтары  . Әр халықтың ұлттық билері бар . Мысал : орыс хороводы , Украйн гопагі .Неміс ленглері , Грузин лезгинкасы . Халық билері арқылы  әрбір ұлттың табиғатын , сұлулығы мен әсемдігін тануға болады .  Ерте замандарда Қазақ халқы көшпелі өмір сүрген , Олар жазда жайлауда , қысты қыстақта өткізген . Сондықтан қазақ билері  де халықтың тұрмыс тіршілігін бейнелеген .  Апа-  әжелеріміз  үнемі жүн түтіп , ұршық иіріп , кесте тігіп ,  киіз басумен айналысқан . Олар барлығы жиылып , бір қимылмен  ырғаққа салып , ән шырқай отырып ,  текемет ,  сырмақ жасайтын болған . Мұндай ырғаққа  салып қимыл жасау  қазақтың ең алғашқы билерінің бастауы болды .Олар тұрмыстық би деп аталады . Ал қазіргі кезде қазақ билері  сұлуланып  , әртүрлі   қимывлмен толығып жетіле түсті . Мысалы , келіншектер қолдарына асатаяқ аспабын алып , бір ырғақпен  киіз басу қимылын бейнелейді. Бұл биді хореографтар  Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйіне қойды . Халықтың «Қамажай » әнін  қыздар кесте тігіп , қолдарына айна алып , шаштарын өріп , шашбауларын сәндеп  жүрген қимылын көрсетеді . Ал ұлдар болса  қолдарына қамшы алып , атпен шауып жүрген жігіттердің би қимылдарын жасайды . Хореографтар көбіне мұндай биіне  Құрманғазының  «Балбырауын» сияқты  жігерлі  күйлерді пайдаланады . Сүйтіп қазақ билері қайта жаңғырып , адам өмірін әрлетіп , сұлулай түсті . Бүгінде қазақ халық билері  ұлкен сахналардың ,  әртүрлі мерекелер мен жиын тойлардың сәніне айналды .

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүйелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Музыкалық сауаттылық:Вальс, полька

Ең алғашқы қазақ халық бюиі ансамблі   1939 жылы Жамбыл атындағы филормонияда  құрылған .

Қазақ билерінің жаңа қойылымдары өалықтың ыстық ықыласына бөленді . Олардың репертуары  қазақстанда тұратын ұлттардың билерімен толықтырылды . Қазір Қазақстанда «Салтанат» , «Гүлдер», «Наз» би ансамблдері бар .

 

Сөз қорына жаңа сөз қосылады

Ән  жаттау:

Наурыз келді .Н.Дүкенбаев,

Қ.Смағұлов

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

Наурыз болсын әніміз ,

Наурыз болсын сәніміз .

Наурыз көже көп ішсек,

Жасарамыз бәріміз .

 

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау: Н.Тілендиев «Ата толғауы» шығармасына қойылған биі «Асатаяқ»

Отырар сазы  ансамблінің орындауында тыңдалады .

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Түрлі түсті суреттер, буклет көрсетіледі баланың танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

 Қандай ұлттардың билерін  білесің ?

Не себепті тұрмыстық би деп атаймыз ?

Қазақ билері  қандай  қимылмен бейнеленген ?

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы жаңа материалды қорытындыл-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру;  Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды.  Баға алған оқушы  күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

 

Үй тапсырмасы

Би қимылдарын жаттау. Оқулықтан «біліп ал» рубрикасын оқып келу . Ән жаттау .

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

 

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

 

Пәні :

Музыка

Сыныбы:

2а,

Уақыты: 

07.03.17

Тоқсанның тақырыбы:

Концерт залына саяхат   10 сағат

Сабақтың тақырыбы:

Эстрада музыкасының концерті

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Қазіргі заман музыкасымен танысу . Қазақ эстрада өнерімен таныстыру .

 

Б)Коммуникативтік

Оқушылардың ән айту өнерін дамыту .

 

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Отаншылдыққа тәрбиелеу .

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік  технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Қазіргіәншілерпортреті, үнтаспа

 

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

 Ұстаз   еңбегін   бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.                                                                           

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ?  – ұстазымыз,

   Өнер – білімге      құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы  бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға  дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Би қимылдарын жаттау. Оқулықтан «біліп ал» рубрикасын айту . Ән жатқа орындау .

Оқушы  үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Р.Рымбаева  «Әлия» С.Бәйтереков.

Аранжировка

ХХ ғ ортасына бастап  қазақ музыка өнерінде эстрада әндері дүниеге келді . Эстрада әндері тыңдауға жеңіл  , бір ырғақты жүреді .Ал мазмұны жағынан әртүрлі болады . Мысалы : табиғатқа , махаббьатқа , Отан , туған жерге арналады . Музыкасын композитор жазса , ақын сөзін шығарады . Қазақтың эстрада жанрын жасауда  зор еңбек сіңірген композитор Ш.Қалдаяқов болды . Шәмшінің әндерін елге танытқан  қазақ әншісі Роза Бағланова . Роза қазақ эстрада әндерінің   шебер орындаушысы .  Сондай әншілердің бірі Р.Рымбаева , М.Жүнісова  т.б. Дүниежүзілік эстрада әншілерінің сайысында қазақты  алғаш әлемге танытқан  Р.Рымбаева. Ол  батыр қызымыз Әлияға арналған  С.Бәйтерековтың  «Әлия»  әнін орындады. Бұл ән қазақ қызының ерлігін баяндайды 

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, білімін жүйелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Музыкалық сауаттылық:

 Музыка сауаты

 

Сөз қорына жаңа сөз қосылады

Ән  жаттау:

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді.

 

 

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау:

 

 

Эстрадалық ән тыңдау .

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Түрлі түсті суреттер, буклет көрсетіледі баланың танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

Эстрада әндерін  қайдан естуге  болады ?

Сен қандай әндерді ұнатасың ?

Әнші болу оңай деп ойлайсың ба ?

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы жаңа материалды қорытындыл-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру;  Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды.  Баға алған оқушы  күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

 

Үй тапсырмасы

Музыка сауаты.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

 

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.

 

 

Бекітемін:

 

Пәні :

Музыка

Сыныбы:

2а,

Уақыты: 

14.03.17

Тоқсанның тақырыбы:

Концерт залына саяхат   10 сағат

Сабақтың тақырыбы:

Қайталау

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Өткен  тақырыптарды  меңгергенін тексеру .

 

Б)Коммуникативтік

Ойын арқылы музыкалық білімін дамыту .

 

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Өнерге , ән айтуға , музыка тыңдауға бағыттау .

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік  технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы Өнер

Пайдаланылған көрнекілігі:

Аспаптар, үнтаспа Тоқсан бойына суреттер , күй .

 

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

 Ұстаз   еңбегін   бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.                                                                           

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ?  – ұстазымыз,

   Өнер – білімге      құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы  бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға  дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Кіріспе сөз-слайтар бойынша сұрақ-жауап өткізу.

Оқушы  үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Әндер

Сабақ айтар  кез келді

Сөйлемейміз, күлмейміз.

Сабақтан  басқа өзгені,

Көзімізге ілмейміз – деп осы тоқсан бойынша үйренген , оқыған тақырыптарымызды пайдалан отырып,  ойын ойнаймыз. Ойын  «Мен айтамын» деп аталады, қолдарыңызға берілген «Мен айтамын» деген қағазды  берілген сұрақтың жауабын білсең көтере қоясың, көп жауап берген оқушыға  тақырыптарға байланысты  әдемі суреттер беріледі . Сол суреттерді көп жинаған оқушы жақсы бағаға ие болады .

.Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Ән  жаттау:

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

«Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер»  жеке – жеке үйренген әндерді орындау арқылы оқушылардың ән айту мүмкіндігін байқау .

 

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау:

 

 

Барлық тыңдалған  шығармалар жіберіліп оқушылар жауап береді .

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Түрлі түсті суреттер, буклет көрсетіледі баланың танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

«Концерт залына саяхат»  Орал қаласының  филормониясының суреттері арқылы сұрақтарға жауап беріп , бөлмелеріне өткізу .

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы, жаңа материалды қорытындыл-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру;  Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды.  Баға алған оқушы  күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

 

Үй тапсырмасы

Қайталау Салыстырмалы жұмыстар

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

 

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "2 сыныптың музыкадан сабақ жоспарлары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2017 1389
    • DOCX 61.4 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тайпакова Светлана Максутовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тайпакова Светлана Максутовна
    Тайпакова Светлана Максутовна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25290
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкальный менеджмент: стратегии успеха и профессиональное развитие в бизнесе

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания электромузыкальных инструментов и компьютерной музыки в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в детской музыкальной школе

Преподаватель детской музыкальной школы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека