Главная / Физика / Сыныптан тыс шара "Физикалық сұрақ-жауап сайысы"

Сыныптан тыс шара "Физикалық сұрақ-жауап сайысы"



Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ

2011-2012 оқу жылы.







Физика пәнінен сабақтан тыс іс-шара.

Физикалық сұрақ-жауап сайысы.



CAJ5IJNI.jpg







Мұғалімі: Ильясов А.Ғ.

















Физикалық сұрақ-жауап сайысы

Сайыстың мақсаты: оқушыларды тапқырлыққа баулау, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

І-топтың аты: «Жас физик»

Ұраны: «Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады»

ІІ-топтың аты: «Астроном»

Ұраны: «Біз білімді боламыз аспан әлемін зерттеп,

Біз астроном боламыз»

І-сайыс: «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір»

(мақалдын мағанасы түсіндіріледі де, қызықты сұрақтар қойылады)

  1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

  2. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (қүс жолымен)

  3. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

  4. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)

  5. Көзіңмен көресін, бірақ қолыңмен ұстай алмайсын? (көлеңке)

  6. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

  7. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)

  8. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

  9. Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

  10. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылымайды)

ІІ-сайыс: «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп!»

(жұмбақтар шешу)

  1. Құрметтейік ғалымды,

Ғылымды алға жылжытқан

Инерция құбылысын

Айтшы, достар, кім ашқан?

(Г.Галилей)

2. Алма түсіп қасына,

Қасына емес, басына.

Тартылыс заңын таптым деп,

Кетті ғалым асыға.

( И.Ньютон)

3.Бір бұлбүл отырады салып әнді,

Жүруге аяғы жоқ, емес жанды.

Өнері қандай асқан деп ойладым

Бір демде жер түбінен хабар алады.

(Радио)







4. Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді,

Бірақ өзі көрмейді.

(Компас)

5.Туыстарын шетінен

Өбеді де бетінен,

Бала-шаға ұсағын

Баурына қысады

(Магнит)

6. Даусы да ілеспес

Өз ұшқанр қарқынға

Созған шүйке іспеттес

Жол қалады артында.

(Реактивті самолет)

7. Тар шеңберді айналып,

Тұр қазықта байланып

Қаға берер тандайды

Әдетінен танбайды.

(Қабырға сағат)

8. Кокке қараған, жұлдыз санаған.

(Телескоп)

9. Алтын теңге кетеді,

Күміс теңге келеді.

(Күн мен ай)

  1. Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды.

(Масса)









ІІІ-сайыс: «Ақылдассаң шешерсің, ақылдаспасаң кем көсерсің!»

(Әр топ оқушылары ақылдаса отырып, әрбір суреттің дұрыс жауаптарын тауп, қазылар алқасына табыс етеді, бағаланады. Екі топ дайындалып болғанша жақтаушылармен ойын ұйымдастырылады)

1-ойын. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Дауысынан біл!». Әр топ жақтаушыларынан үш- үштен алты оқушы ортаға шақырылады. Біреуінің көзі байланып ортада тұрады. Қалған оқушылар оны айнала жүріп физикалық шамалардың өлшем бірліктерін айтады. Ортадағы бала «Тоқта!» дегенде тоқтай қалады, қарсы тұрған бала өзінің соңғы сөзін қайталайды. Қай оқушы екенін дұрыс тапса, орындарын ауыстырады, таба алмаса формулаларды айтады.

2-ойын. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Алтыбақан». Екі топтан екі оқушы шақырылады. Екі оқушы қолдарын айқастырып ұстайды, үшінші оқушы қолдарына отырады. Арлы-берлі тербейді. Сұрақ: бұл ойын арқылы не айтуға болады. Жауап: тербеліс, амплетуда, жиілік, период, ауырлық күші, тартылыс кұші, серпімділік күші т.б.

ІV-сайыс: Топ басшылары сайысы.

І-тур. Сұрақ-жауап

  1. Зат неден тұрады? (молекуладан)

  2. Бізді қоршаған орта. (Табиғат)

  3. Ең жақын жүлдыз. (Күн)

  4. Судың қатты күйі. (Мұз)

  5. Молекулалардың ретсіз қозғалысы салдарынан жанасушы заттарлың арасындағы өтетін құбылыс. (Диффузия)

  6. Температураны өлшейтін аспап. (Термометр)

  7. Мұз қай температурада ериді. 0С)

  8. Бір центнерде қанша килограмм бар? (100 кг)

  9. Аспан денелері туралы ғылым. (Астрономия)

  10. Күшті өлшейтін құрал. (Динамометр)

ІІ-тур. Логикалық есептер шешу.

  1. Жеті үйрек ұшып бара жатыр. Аңшы екеуін атып түсірді. Неше үйрек қалды. (Екеу, өйткені қалғаны ұшып кетті)

  2. Бөлмеде төрт бұрыш бар. Әр бұрышта қара мысық отыр. Әрбір қара мысыққа қарап үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық? (Төртеу)

  3. Қаздар ұшып келеді. Алдында бір қаз және оның артында екі қаз. Ең сонғы қатарда бір қаз және оның алдында екі қаз. Екі қаздың ортасында бір қаз және барлық қаз бір қатарда ұшып келеді. Барлығы неше қаз? (Үш қаз)

  4. Кемпір қалаға келе жатып қаладан шығып келе жатқан аттары бар үш жігітті кездестреді, әрбіруінің жанында бір тазыдан байлаулы. Неше тірі жан қалаға бара жатыр? (Жалғыз кемпір ғана)

  5. Үстелде 4 бұрыш бар. Бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

Қорытынды. Қазылар алқаларының қорытындысы бойынша мақтау қағаздармен марапатталады.











Сыныптан тыс шара "Физикалық сұрақ-жауап сайысы"
  • Физика
Описание:

Физикалық сұрақ-жауап сайысы

Сайыстың мақсаты: оқушыларды тапқырлыққа баулау, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

І-топтың аты: «Жас физик»

Ұраны: «Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады»

ІІ-топтың аты: «Астроном»

Ұраны: «Біз білімді боламыз аспан әлемін зерттеп,

Біз астроном боламыз»

І-сайыс: «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір»

(мақалдын мағанасы түсіндіріледі де, қызықты сұрақтар қойылады)

  • 1.Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
  • 2.Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (қүс жолымен)
  • 3.Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
  • 4.Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)
  • 5.Көзіңмен көресін, бірақ қолыңмен ұстай алмайсын? (көлеңке)
  • 6.Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
  • 7.Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)
  • 8.Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
  • 9.Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
  • 10.Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылымайды)
Автор Тулешова Самал Зинуллиевна
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Физика
Подраздел Другое
Просмотров 319
Номер материала MA-065609
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓