Главная / Начальные классы / сыныптан тыс: "Білімділер бәйгесі"

сыныптан тыс: "Білімділер бәйгесі"

hello_html_5ee5bdd.gifhello_html_5ee5bdd.gifhello_html_5ee5bdd.gifhello_html_5ee5bdd.gifhello_html_5ee5bdd.gifСыныптан тыс.

Тақырыбы: Білімділер бәйгесі

Мақсаты:

  1. Оқушылардың жан-жақты ойлауларын арттырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуге, өз беттерімен жұмыс істей білуге, топта жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру;

  2. Танымдық логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру;

  3. Дүниетанымдарын арттыру;


Сабақтың түрі: бәйге сабақ

Сабақтың типі: сыныптан тыс

Сабақтың әдісі: Кес-Стади әдісі, топтық жұмыс.

Керек құрал жабдықтар: интербелсендірілген тақта,смайликтер,мадақтама,жабық хат.


Кіріспе.

Білімділер бәйгесіне қош келдіңіздер. Бүгінгі сайыста білімділер бәйгесінде тек қана жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар ғана алға сытылып шығады. Бүгінгі сайысымыздың шартымен таныстыра кетейін. ІІІ кезеңнен тұрады.

I. Бәйге II. Көкпар III. Дода

Бірінші ойынды бастамас бұрын Кейс-Әдісі бойынша топтасып алайық. Менің қолымда жабық хат бар сол жабық хатта тапсырмалар бар. Сол тапсырманы орындайық балалар.





9-Мамыр қандай күн. Бұл мейрам туралы не білесіңдер?






Қазақстанда қанша халық тұрады?





Бейбітшілік күніне арналған суреттерді топтастыр





1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Осыған орай сурет сал.





Қатысушыларға сәттілік тіле!



















І Бәйге

Бәйге кезеңінде 10 сұрақ беріледі. Тез, дұрыс жауап беру керек. Әр дұрыс жауап – 10 ұпай.

  1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Үшке үнді, ұяң, қатаң

  2. Әке тәлімі” кімнің шығармасы? Жәнібек Кәрменов

  3. Бастауыш дегеніміз не?

  4. Сен ұйықтап жатқанда” әңгімесі кімдікі? Бердібек Соқпақбаев

  5. 2 мен 100-дің көбейтіндісін 100-ге бөл. 2 шығады

  6. Ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім? Ы.Алтынсарин

  7. Адамның сезім мүшелерін ата.тіл, мұрын,тері.

  8. 16 желтоқсан қандай мереке? ҚР Тәуелсіздік мерекесі

  9. Ең тұңғыш қазақ ғарышкері кім? Т.Әубәкіров

  10. Біз қай ауданда тұрамыз? Қордай ауданында

ІІ топқа

  1. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Екіге жуан-жіңішке

  2. Мәңгі жасар өмір” кімнің шығармасы? Тұрсынбек Кәкішов

  3. Баяндауыш дегеніміз не?

  4. Джаз дегеніміз не?Негрлер халық музыкасының негізінде пайдаболған жанр

  5. 5 мен 100-дің көбейтіндісін 100-ге бөл. 5 шығады

  6. Ең алғаш қазақ балаларына арнап әліппе жазған кім кім? А.Байтұрсынов

  7. Жоғалып бара жатқан өсімдіктер қайда тіркеліп, қорғауға алынады?Қызыл кітап

  8. 9-мамыр қандай мереке? Ұлы жеңіс меркесі

  9. ҚР гимнің авторын ата?Н.Жұмекенов,Н.Ә.Назарбаев, Ш.қалдаяқов

  10. Біз қай ауылда тұрамыз? Жамбыл ауылында

ІІІ топқа

  1. Сөз таптарын ата Зат есім, Етістік, Сын есім, Сан есім

  2. Мейірім” кімнің шығармасы?Сапарғали Бегалин

  3. Зат есім дегеніміз не? Заттың атын білдіреді

  4. Мажор дегеніміз не? Қуанышты көңіл күйді білдіретін әуен

  5. 6 мен 100-дің көбейтіндісін 100-ге бөл. 6 болады

  6. Суық түстерді ата? Көк, қара, қоңыр,көкшіл, сұр

  7. Жануарлар тобын ата.жәндік,сүтқорек,балық,қосмекн,құс,жорғалауш.

  8. 1-мамыр қандай мереке?Қазақстан халықтарының бірілігі

  9. ҚР тұңғыш президенті кім? Н.Ә.Назарбаев

  10. Біз қай облыста тұрамыз? Жамбыл


ҮІ топ

  1. Етістік дегеніміз не? Заттың іс-қимылын білдіреді

  2. Бір кесе меруерт” кімнің шығармасы? Ш.Құдайбердіұлы

  3. Тұрлаулы мүшелерді ата? Бастауыш пен баяндауыш

  4. Минор деген не? Қайғылы мұңды көңіл күйді білдіреді

  5. 4 пен 100-дің көбейтіндісін 100-ге бөл. 4ке тең

  6. ҚР-ң туының авторын ата? Шота-Аман Уәлиханов

  7. Желбағар деген не?Желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал

  8. 22-наурыз қандай мереке? Мұсылман елінің жаңа жылы

  9. Жамбыл Жабаев кім? Жыршы, ақын, ХХІ ғасырдың Гомері

  10. Біз қай Республикада тұрамыз? Қазақстан


Ү топ

  1. Сын есім дегеніміз не? Заттың сынын түрін түсін білдіреді

  2. Жазғытұры” кімнің шығармасы? АБАЙ

  3. Судың күйлерін ата? Қатты, бу, сұйық

  4. Аранжировка деген не? Ән ме күйге сүйемел жасап өңдеу

  5. 9 бен 100-дің көбейтіндісін 100-ге бөл. 9 болады

  6. Елтаңбаның авторын ата?Мәлібек Ниязбеков

  7. Қашықтықты табу үшін не істеу керек? Жылдамдықты уақытқакөбейту

  8. 8-наурыз қандай мереке? Әйел-қыздар мерекесі

  9. Ас қорыту мүшелерін ата ауыз қуысы, жұтқыншақ,өңеш,қарын ішек.

  10. Біз қандай елміз? Тәуелсіз елміз


II. Көкпар ойынының шарты бойынша әр оқушы ұяшық таңдайды. 8 ұяшық бар. Әр ұяшықта 5 сұрақ бар. Дұрыс жауап – 10 ұпай.

hello_html_m3e296679.png

1-ұяшық

  1. Ең үлкен екі таңбалы сан. 99

  2. Сиыр атасы кім? Зеңгі баба

  3. Бес асылды ата. Талап, еңбек, рақым, ақыл, терең ой

  4. Ер елі үшін туады, елі үшін өледі

  5. Сөз атасы не? Сәлем

2-ұяшық

  1. Ең кіші үш таңбалы сан. 100

  2. Жылқы атасы кім? Қамбар ата

  3. Әйгілі суретші ата кім? Әбілхан Қастеев

  4. Білімдіге дүние жарық, білімсізге дүние кәріп

5.Су атасы не?

3-ұяшық

  1. Ең кіші екі таңбалы сан. 10

  2. Қой атасы кім? Шопан ата

  3. Қайрат Рысқұлбеков кім?Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қайсар рухты батыр

  4. Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады

  5. Жол атасы не?

4-ұяшық

  1. Ең үлкен бір таңбалы сан. 9

  2. Түйе атасы кім? Ойсылқара

  3. Аңдардың үйі. Апан

  4. Сағынған ер елін аңсайды,Сарыала қаз көлін аңсайды

  5. Қазақтың ұлы ойшылы, ақын. Абай

5-ұяшық

  1. Ең кіші бір таңбалы сан. 9

  2. Ешкі атасы кім? Сексек ата

  3. Құмырсқаның үйі. Илеу

  4. Қыс – қысыларсың, Жаз- жазыларсың

  5. Зерттеуші-ғалым. Шоқан Уәлиханов

6-ұяшық

  1. Ең үлкен үш таңбалы сан. 999

  2. Түйенің төлін қалай атайды? Бота

  3. Адамдағы матор не деп аталады? Жүрек

  4. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды

  5. Әліппенің атасы кім? Ахмет Байтұрсынұлы

7-ұяшық

  1. 2 жүздік, 5 ондық, 7 бірлік қандай сан? 257

  2. Сиырдың төлі қалай аталады? Бұзау

  3. Шығыстың қос жұлдызы. Әлия мен Мәншүк

  4. Күннің шуағы жылы, Ананың құшағы жылы

  5. Қазақтың тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров

8-ұяшық

  1. 4 жүздік, 7 ондық, 0 бірлік қандай сан? 470

  2. Жылқының төлі қалай аталады? Құлын

  3. Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан, Рақымжан.

  4. Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді

  5. Үш биді ата. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би


III. Дода ойынының шарты бойынша 4 негізгі пәндер бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұрақ 20,30,40,50 ұпайлармен бағаланады. Жауап дұрыс болмаса, қарсыластар қол көтеріп жауап береді. hello_html_m1dd2857.png






сыныптан тыс: "Білімділер бәйгесі"
  • Начальные классы
Описание:
  • 1.Оқушылардың жан-жақты ойлауларын арттырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуге, өз беттерімен жұмыс істей білуге, топта жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру;
  • 2.Танымдық логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру;
  • 3.Дүниетанымдарын арттыру;
  • Сабақтың түрі: бәйге сабақ
  • Сабақтың типі: сыныптан тыс
  • Сабақтың әдісі: Кес-Стади әдісі, топтық жұмыс.
  • Керек құрал жабдықтар:интербелсендірілген тақта,смайликтер,мадақтама,жабық хат.
Автор Cултамуратова Молдир Бекбосыновна
Дата добавления 28.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 466
Номер материала 58470
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓