Инфоурок Информатика Конспекты6 сыныпқа сабақ жоспары

6 сыныпқа сабақ жоспары

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат.Программаның интерфейсі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  WORD мәтіндік процессоры, негізгі түсініктер мен әрекеттер,

                     MICROSOFT WORD-

                     ты іске қосу,мәтіндік құжат құру,емлесін тексеру,мәтіндік құжатты

                       пішімдеу, пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері туралы білімдерін қалыптастыпу;

Тәрбиелік:  Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,

                              пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум  элементтерінің көмегімен демонстрациялау,баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер,оқулық,практикум.

Сабақтың өту барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Модель қандай топтарға бөлуге болады?            Оқу модельдеріне мысал келтіріңдер

Материалдық модель деген не?                            Ақпараттық модель дегеніміз не?

Графикалық модельдерге мысал келтіріңдер.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру .

          MS  WORD –бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа. Демек, WORD-та жұмыс жасау принципі Windows жүйесіндегідей: бірдей уақытта бірнеше ашық терезелер және бумалармен жұмыс жасау, жүйелік меню, т.с.с.

          MS  WORD іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:

·         құжаттарды құру және теру;

·         қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;

·         кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;

·         емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;

·         іскер хаттарды, келісім –шарттарды, есеп беру формаларын және т.с.с. дайындауға Шеберді (Мастерді) және Шаблонды пайдалану.

Мәтіндік процессордың кемшіліктері:

·         математикалық формулаларды енгізу күрделі;

·         растрлық графикаларға арналмаған

Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:

1)      негізгі менюден Жіберу-Программалар- Microsoft Office- MS  WORD командаларын орындау арқылы;

2)      Жұмыс үстеліндегі   таңбашамен;

3)      Microsoft Office тақтасындағы батырмаларымен.

Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:

1)      файл-Шығу (Выход) командаларын таңдаңыз.

2)      ALT+F4 батырмалар комбинациясын басыңыз;

3)      Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасына шертіңіз.

Word  терезесін жабу кезінде құжатқа  енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтік терезе шығады. Осы диалогтік терезе арқылы сіз файлдағы өзгерістерді сақтай аласыз.

Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе бейнеленеді. Ашылған құжат қосымша терезенің жұмыс аймағында бейнеленеді. WORD терезесінің негізгі элементтері барлық Office қосымшалары үшін  ортақ болып табылады. Әдеттегі Windows –дағыдай редактор терезесінің жоғарғы бөлігінде негізгі меню бар:  Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама (Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Таблица, Окно, Справка).

Терезенің бөлігі элементтеріне қосымша ретінде Word  процессорының ерекшеліктерін атап өтейік.

  1. Горизонталь сызғышта үшбұрыштар орналасқан.
  2. Айналдырудың (Прокрутка) горизонталь жолының сол жақ бөлігінде режімін таңдау батырмасы орналасқан, солдан оңға қарай Әдеттегі (Обычный), Веб –құжат (Веб -документ), Беттерді белгілеу (Разметка страницы), Құрылым (Структура) батырмалары бар.

               Әдеттегі – амалдарды  орындауға өте ыңғайлы;

Веб-құжат – құжатты Веб –құжат түрінде бейнелеу;

Беттерді белгілеу – құжаттарды баспаға шығаруға сәйкестендіріп бейнелеу;

Құрылым – құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтінді және әр түрлі тереңдікте сатылап орналасқан мәтіннің басын  көрсетуге және жасыруға мүмкіндік береді.

Қалып - күй жолы.  Microsoft WORD терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Одан әр түрлі хабарлама және анықтама ақпараттары шығады.

Microsoft Word-пен жұмыс істей отырып, негізінде, екі құрал-саймандар тақтасын пайдаланасыз: суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты («Стандартная») тақтасы мен Форматтау («Форматирование») тақтасы. Әрбір батырмаға команда сәйкес келеді, ал батырмадағы сурет команданың мазмұнын көрсетеді. Батырмалардың көбісі менюге кіруге оңай, жиі қолданылатын командаларды қайталайды.  Батырмамен байланысты  команданы шақыру үшін осы батырмаға тышқанмен шерту қажет. Егер тышқанның сілтемесін  батырмаға қойсаңыз, жанында команда аты жазылған жақтау (рамка) шығады.

Тақтаны  экраннан шығару немесе алып тастау үшін Түр (Вид) менюінен Құрал-саймандар тақтасы (Панели инструментов) пунктін таңдап, сонан соң қажет тақтаның атауына шертіңіз. Егер тақта экранда тұрса, оның атауы жанында   ٧  таңбасы тұрады.

Мәтіндік құжатты форматтау.Мәтінді форматтау – құжатты толығымен немесе оның белгілі бір бөліктерінің сыртқы пішінін өзгертуге мүмкіндік береді. Құжаттың сыртқы пішіні де көп  нәрсені анықтайды. Сондықтан құжаттың мазмұнының тартымды болуымен қоса, оның сыртқы пішіні де көркем болуы керек.

Мәтінді форматтау дегеніміз – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.

Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу керек. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады.

Мәтінді форматтауға мыналар жатады:

·                    әр түрлі қаріптерді пайдалану;құжат өрісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрісін айқындау;

·                    мәтінді бағандарға бөлу;

·                    символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау.

Форматтаудың осы әрекеттерін Формат менюіндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады. Құжатты форматтау, яғни алдын ала белгіленген құжат мәтініне жаңа формат элементтерін енгізу негізінде орындалады.             Жаңа құжатты құру.  Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдау қажет. Ашылған диалогтік терезеден алдымен қосымша бетті, сонан соң шаблонды таңдаймыз, соның негізінде құжат құрылып, ОК батырмасы шертіледі.

Microsoft Word құжаттары шаблондарының кеңейтілуі doc .   

       Құжаттарды ашу. Бар құжатты ашу үшін Файл менюінде Ашу командасын таңдау немесе  батырмасын шерту қажет, сонан кейін Құжатты ашу (Открытие документа) диалогтік терезесі ашылады.  Бума өрісінен қажетті құжаты бар диск таңдалынады.

          Құжатты сақтау.   Құжатты сақтау үшін Файл менюінде Сақтау (сохранить) командасын таңдау немесе  батырмасын шерту қажет.

          Құжатты бірінші рет сақтағанда Құжатты сақтау (Сохранение документа)  диалогтік терезесі пайда болады.  Бума өрісінде дискіні, ал төмен орналсқан өрістен құжат сақталатын форматты таңдаңыз. Файл аты (Имя файла) өрісінде файлдың атын жазып, Сақтау батырмасына басыңыз.

       Қайталап сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, құжат автоматты түрде сол файлда қайта сақталады.       Құжатты басқа атпен сақтау немесе басқа бумада сақтау үшін Файл менюінен Қалай сақтау керек (Сохранить как) командасын таңдаңыз, содан кейін экранда Құжатты сақтау терезесі пайда болады.

IV. Сабақты бекіту.  Семантикалық картаны толтыру

 

Орындатпау, болдырмау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Буферден қою

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көшіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын ауыстыру, жылжыту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаріп өлшемі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтіннің екі жаны бойынша туралау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінді ортасына туралау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баспаға беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа құжат құру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.  Microsoft Word мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?

2. Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады?  Ал Форматтау тақтасына ше?

3. Жаңа Word құжаты қалай құрылады?                          4. Word құжатын қалай сақтауға болады?

V. Үйге тапсырма беру:    Microsoft WORD-пен танысу.  

VI. Оқушыларды бағалау.

 

     

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:   Ақпаратты қорғау.Вирусқа қарсы программалар

Сабақтың  мақсаты:  

           Білімділігі:   Компьютерлік ақпартты қорғау, ДК-ді қорғау ерекшеліктері.  

                                  Компьютерлік вирус, Антивирустық құралдар туралы

                                білімдерін қалыптастыру.

           Тәрбиелігі:  Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

           Дамытушылығы: Антивирусты пайдалана отырып көрсетілген

                                             нысанды тексеруді

Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау, баяндау арқылы   түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер, сызба,тест тапсырмасы.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымадстыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Ақпарат дегеніміз  не?

Ақпарат қасиеттерін атаңыздар.

Адам ақпаратты қалай қабылдайды

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Компьютерлік вирустардан қорғау

  1988 жылы американдық компьютерлік құралдар Ассоциациясы 30қарашаны « ақпаратты сақтаудың  халықаралық» күні деп жариялаған.   Бұл күннің мақсаты  пайдаланушыларға олардың  компьютерлерін және онда сақталған  барлық ақпараттарды қорғау  туралы естеріне салу болып табылады.

Ақпаратты қорғау дегеніміз:

·        Антивирустық программалар орнатау

·        Желіаралық экрандар орнату.

·        Қиын анықталатын парольдер қолдану

Қазіргі уақытта  компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі.  Компьютерлік  программаларға  қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.

         Компьютерлік вирус -  өздігінен  көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.  Мекендеу ортасына қарай  вирустарды былай бөлуге болады:

        

Файлдық

Жүктейтін (загрузочный)

Макровирустар

Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізіліген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі

Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.

Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат  файлын ашқанда орындалады.

 

Компьютерді  және  файлды сақтау үшін пайдаланушы компьютерлік вирустардан қорғанудың негізгі әдістерін білу қажет.

Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын-оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар

 

IV.Сабақты  қорыту

Өзіңді өзің тексер:

1.     Вирус ол............

А( дискілерді тексеру құралы

В) файлдарды көшіруге арналған программа

С) Операциялық жүйедегі қателердің салдары

Д) көбеюге қабілетті зақымдаушы программа

2. Вирустың компьютерге өтуінің көзі бола алмайтын құрылғы?

       А) модем

       В) электрондық плшта

       С) қатты диск.

       Д) ажырап алынатын тасығыштар

3. Антивирус –ол......

        А) файлдарды сығуға арналған программа

        В) файлдарды көшіруге арналған программа

        С)  комьютерлік вирустарды жоюға арналған программа

        Д)  вирустарды құруға арналған программа

4. Антивирус не істей алмайды?

         А) файлдарды сканерлей алмайды

         В)  мұрағаттарды қарай алмайды

         С)  файлдарды қайта қалрына келтіре алмайды

          Д) файлдарды сығыстыра алмайды.  

5. Компьютердің вируспен зақымдануының алдын алудағы бұрыс кеңесті табыңдар:

         А) бейтаныс адамдар жіберген хаттарды  және хаттардың тіркемелерін

             ешқашан ашпау.

         В) компьютерде «әкімшілік»  мәртебесінде емес, шектелген есепке алу

            жазбасында жұмыс істеу.

         С) компьютердегі барлық бумаларға толық қол жеткізу  құқын әрқашан

            ашып қою

         Д) вирусқа қарсы қорларды жүйелі түрде жаңартып отыру.

Кілті:

1

2

3

4

5

Д

А

С

Д

С

Саьбақты бекіту:               

1. Антивирустық программа дегеніміз не?  Ол  неге  қарсы арналған? (не үшін керек?)

2. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар.

3. Ақпаратты  компьютерлік вирустардың  қорғау шараларын атап шығыңдар.

4. Ақпаратты сығу дегеніміз не?

V. Үйге тапсырма беру:    Компьютерлік вирустардан қорғау

VI. Оқушыларды бағалау.

                                                                         Тексерілді_________________          

 

 

Сабақтың тақырыбы:     Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары

Сабақтың  мақсаты:   

           Білімділігі:   Файлдарды архивтеу  туралы білімдерін қалыптастыру.

           Тәрбиелігі:  Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

           Дамытушылығы:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі:    практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау, баяндау арқылы  түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер,  электронды оқулық .

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымадстыру кезеңі.Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Антивирустық программа дегеніміз не?  Ол  неге  қарсы арналған? (не үшін керек?)

2. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар.

3. Ақпаратты  компьютерлік вирустардың  қорғау шараларын атап шығыңдар.

4. Ақпаратты сығу дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ақпаратты қорғау тәсілдерінің бірі-деректердің көшірмесін сыртқы тасығыштарда сақтау. Сыртқы тасығыштарда көп ақпарат сақтау үшін оның мазмұнын жоғалтпастан көлемін кішірейту- мұрағаттауды орындау қажет болады.

Мұрағаттауды сонымен қатар ақпараттық желі арқылы жөнелткенде немесе сирек қолданылатын деректерді ұзақ уақытқа  сақтағанда жүзеге асырады.

  Мұрағат бір немесе бірнеше файлдан, бумалардан, басқа мұрағаттардан тұруы мүмкін. Резервтік (Қорда сақталатын) көшірмені құру үшін немесе компьютерлік желілер арқылы жылдам беру үшін файлдар архиватор деп аталатын арнайы программалардың көмегімен архивтеледі. Программалар –архиваторлар бір немесе бірнеше файлдың орнына бір архивтік файл құрады. Архивтеу компьютер жадында орынды үнемдеуге  ғана емес, сонымен қатар ақпараттарды сенімді сақтау үшін де қажет.

Файлды архивтік файлға жазу процесі архивтеу (буып –түю, сығу), ал файлды архивтен алу- архивтен шығару деп аталады. Буып-түйілген (сығылған) файл архив деп аталады.

Ақпараттар көлемі кішірейетін, ал ақпарат саны сол қалпында қалатын әр түрлі архивтеу алгоритмдері бар.  Мәтіндік және графикалық файлдар жақсы сығылады, ал іс-жүзінде архивтер файлы сығылмайды.

Кейбір архиваторлар архивтегі файлдарды бұрынғы қалпына келтіру үшін   архиватор-программаны қажет етпейтінімен өзгешеленетін, архивтерден арнайы программасыз өзі шығаратын  архивтерді құра алады.

Программашылар көптеген әр түрлі архиваторларды құрды,  олардың ішінде кеңінен тарағаны WinRar және  WinZip, сол сияқты Windows операциялық жүйесіне деректерді Архивтеу қызметші программасы кіреді. Архиваторды таңдағанда олардың әмбебаптығы және сенімділігі басшылыққа алынады, бірақ, әрине, оның негізгі параметрлерін – сығу сапасы және жылдамдығын ұмытпаған жөн.

Архивтерді құру және оларды басқарудың бірден-бір кеңінен тараған әйгілі құралына, орыс

  

 

тіліне толығымен көшірілген архиватор WinRar жатады.

WinRar   RAR  және   ZIP архивтермен жұмыс  жасауға мүмкіндік береді, жоғары нәтижелі деректерді сығу алгоритмін пайдаланады, көптомдық және архивтен өзі шығаратын архивтерді           ( SFX, ағылшын тілінде Self-extracting)   құрады және т.с.с.

Көптомдық архивтер –бірнеше бөліктен тұратын архивтер. Жалпы томдар үлкен архивті бірнеше дискетада немесе басқа сменалық тасушыда сақтау үшін пайдаланылады.

Windows  үшін  WinZip  программасы архивтік файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кең тараған архиватор болып табылады.

 

IV. Сабақты бекіту.

1.  Файлды сығу, архив, архиватор дегеніміз не?

2. Сығылған файл әдеттегі файлдан қалай ерекшеленеді?

3. Архиватор-программаларды атаңыз.

 Тапсырмалар  орындау:

А) деңгейі

 

В) деңгейі

 

С) деңгейі

 

Өзіңді өзің тексер:

1.Файлдарды мұрағғаттау деген не?

А) файлдарды қоржынға қою

В) оларды жеке бумаға біріктіру

С) оларды бір мезгілде сыға отырып, бір файлға қою

Д) кеңседегі құжаттарды қоюға арналған арнайы орын.

2. Мұрағаттауды қашан орындау керек?

А) дискіде орын жетпесе

В) файлдар көп болса

С) файлдар аз болса

Д) ойын ойнағанда

3. Мұрағаттық программалардың құрамына не кіруі мүмкін?

А) тек бумалар

В) файлдар да, бумалар да

С) тек файлдар

Д) файлдар да емес, бумалар да емес

4. Мұрағаттауды жүзеге асыратын программаны көрсетіңдер:

А) Windows

B) Microsoft Word

C) Paint

Д) WinRar

 

1

2

3

4

С

А

В

Д

 

V. Үйге тапсырма беру:    Файлдарды архивтеу

VI. Оқушыларды бағалау.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буындары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды  ЕТ-ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі                     

                    принциптерімен таныстыру,ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі 

                   рөлін түсіндіру;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын                             

                         дамыту.

Тәрбиелілік:  Оқушылардың тәрбилілікке ұқыптылықа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,   кесте

Сабақтың өту мақсаты:

                                1.Оқушыларды ұйымдастыру

                                2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

                                3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                4.Сабақты бекіту

                                5.Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

1.  Файлдарда  архивтеу не үшін қолданылады?

2. Архивтік файл дегеніміз не?

3.  Қандай  архивтер көп томды деп аталады?

4. Архивтен алу дегеніміз не?

Жаңа түсініктер:

Есептеуіш техниканың даму тарихы

         Есептеудің, оған пайдаланылатын аспаптар мен құрылғылардың тарихы өте көне заманда жатыр. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды.

            Есептеу көлемінің күн санап артуы есептеулерді қалайда бір құралдың көмегімен жүргізуді талап етті. Бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында балған.

           Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак», қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған.

           17 ғасырдың аяғында  шотландиялық Джон Непер  логорифм түсінігін енгізді. Логорифм кестесін құрды.

Деректерге қарағанда есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында қосу машинасын құрастырды. Ол жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.  

        Есептеуіш техниканың XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.

  1694 ж неміс математиці Лейбниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрі құрды.

1761 ж.Ағылшын Д.Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Исаак Ньютон  ұсынған.

    Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған бағдарлама бойынша адамның қатысуынсыз есептеулер орындайтын құрылғылар жасау болды. Мұндай алғашқы есептеуіш автоматтың авторы ағылшын оқымыстысы Чарлз Бэббидж еді, сондықтан көптеген адамдар оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды. 1833 ж. Ол бағдарлама арқылы басқарыла алатын «Аналитикалық машина» жобасын жасады. Бұл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген бағдарлама бойынша есептеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды.

            ХХ ғасырдың 1- жартысында радиотехника қарқындап дамыды. Радиоқабылдағыштар мен радио арқылы хабар беретін құралдардың негізгі элементі – эллектронды - вакумды шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ – тың Пенсилван университетінде жасалды, оны ENIAC – тың конструкторлары – Дж. Моучли мен Дж. Экерт. Ол соншалықты үлкен болғандықтан, оны әуелі орнынан қозғау мүмкін емес еді.

                    XIX ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші перфарциялық машинасын құрды. Холлерит 7 жыл бойы пайдаланылды. Холлерит  есепші-перфорациялық машинаны жасайтын фирманың негізін қалады. 1944 американ математигі   Говард Айкен Гарвард Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.Бірінші  электронды машиналар  1946 жылы  Пенсильван университетінде ENIAC деп аталды, 1949 жылы  EDSAC  машинасы құрастырылды.

Бұрынғы кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-48 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен жасалды, оны МЭСМ деп аталды.

1952-53 жылдары оның жетілдірілген түрі БЭСМ пайдалануға енгізілді

ЭЕМ буындары:

ЭЕМ буындары

Элементтік базасы

Сипаттамалары

Бірінші буыны

1946-1958жж

Электрондық шамдар

 Секундына 2000 операция

Екінші буыны

1958-1964ж

Жартылай өткізгіштер, транзисторлар

Секундына  бірнеше мыңдаған операция

Үшінші буыны

1964-1972ж

Интегралдық схемалар

Секундына  бірнеше миллиондаған операция

Төртінші буыны

1972ж-........

Микро-процеесор

Жоғарғы жылдамдық

Бесінші буын құру талаптары 

 

Жасанды интеллект

Бірінші буында – бірінші электрондық машиналар 1940-1955 жылдар

Екінші буынға 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер, транзисторлар пайда бола бастады.

Үшінші буынға – интегралдық негізінде құрылған  ЭЕМ-дер. Қазіргі кездегі компьютерлер төртінші  буынға жатады.

Төртінші буынға -  ЭЕМ –дар қолданылуда.

Бесінші буындағы  компьютерлер әлі шыққан жоқ.

ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда.

Сабақты  бекіту сұрақтары:

1.      Бірінші  электронды-есептеуіш машина қалай аталған?

2.      Ол қай жылы жасалды?   Марк-1 машинасы қандай элементтерде жатады?

3.      Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды?

Оны кім жасады?

4.      ЭЕМ  буындарын атаңдар.

5.      Олардың бір-бірнен айырмашылығы неде?

6.      Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?

Сабақты тест  тапсырмасы арқылы қорыту:

Кілті:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

С

Д

С

А

Д

А

В

С

А

С

Үйге  тапсырма:  Есептеуіш техникасының даму тарихы.

Оқушы білімін бағалау

 

 

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм жəне оның атқарушылары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға алгоритм жəне оның атқарушылары туралы түсінік беру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру,

                   логикалық ой-өрістерін дамыту;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:  компьютер, оқулық,жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын сұрау

1.      Бірінші  электронды-есептеуіш машина қалай аталған?

2.      Ол қай жылы жасалды?   Марк-1 машинасы қандай элементтерде жатады?

3.      Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды?

Оны кім жасады?

4.      ЭЕМ  буындарын атаңдар.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

   «Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

           Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.

 Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

               Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін – программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.

             Алгоритм – информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі.

             Техникалық құрылғылдары дұрыс пайдалана алу үшін есеп шешу жолы, яғни орындалатын іс-әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі нақты болуы қажет.

Алгоритм қасиеттері

1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген әрбір іс-әрекет мағынасы айқын, нақты анықталып, орындаушыға түсінікті болуы тиіс. Алгортмде тек көрсетілген қадамдар ғана орындалады. Есеп шығару жолы бірмәнді  анықталғандықтан орындаушы алгоритм командаларын ойланбай орындауына болады.

 2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритм орындау процесі бірнеше қадамнан тұрады. Алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар қадамдарға бөлінеді,  әр қадам өз кезегінде жеке әрекеттерге жіктеледі. Бір қадамда бір немесе бірнеше әрекет орындалады. Бұл әрекеттерсаны шектеулі болуы тиіс. Алдыңғы әрекеттің қорытындысы  келесі  әректтің керекті мәліметі ретінде қолданылады. Орындаушы алғашқы әрекетті аяқтамай, келесіге көше алмайды.

    3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір уақыт ішінде қандай да бір нәтиже беруі тиіс. Алгоритм орындалып болғанда есептің шешуін немесе шешуі жоқ деген нәтиже беруі қажет. Әрбір алгоритмде бастапқы деректер болады, алгоритм орындалып болғанда нәтиже шығады.Мысалы, сандарды қосу алгортмі үшін қосылғыштардың мәні- бастапқы деректер, нәтижесі - қосынды болады. Кейде алгоритмнің бірнеше қадамы қайталана беріп нәтиже бермейді. Ондай алгоритм циклден шықпайтын, нәтижесіз  болғандықтан қайта құру  қажет .

   4.Алгоритмнің жалпыламалық немесе ортақтық қасиеті.

            Белгілі бір алгоритм жеке есепті ғана емес, оған ұқсас басқа да есептер ді шешуге мүмкіндік беруі тиіс. Берілген мәліметтерге қатысты нәтиже ғана өзгеше болады. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген a,b,cмәндері үшін құрылады. Ал берілген бұрыштың синусын анықтау алгоритмі кез келген алғашқы бұрыш аргументі арқылы оның (sin) нақты мәнін есептеуге мүмкіндік береді, т. с. с.

   5.Алгоритмнің формалды орындалуы.

       Орындаушы алгоритм мағынасын,есептің қойылуын түсінбегенмен, әр команданы (әрекетті) орындай отырып, дұрыс нәтиже алады. Алгоритм қадамдарында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындау үшін, әрбір әрекет орындаушыға  түсінікті болуы қажет. Мысалы, х санын квадратта дегенді төменгі сынып оқушылары түсінбейді, ал оны х санын  х санына көбейт деп айтса, онда бұл айтылғанды олар орындай алады. Демек, алгоритм белгілі бір орындаушыға (адамға, адамдардың білім деңгейіне, машинаға т. б.) арналып құрылады.

            Орындаушы алгоритм командаларын орындай отырып, өзі атқарып отырған істің мән – жайына көңіл аудармай - ақ белгілі бір нәтиже ала алады, яғни орындаушы формалды әрекет етеді. Алгоритмнің бұл маңызды ерекшелігін оның формалды орындалуы деп  аталады. Бұл қасиет алгоритмнің орындалуын компьютерге жүктеуге мүмкіндік береді.

Алгортим- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

            Алгоритм құруға мысалдар: Жолдан өту ,қала аралық телефонмен байланысу, қазынаны іздеу, т. б. келтіруді ұсынуға болады. Күн тәртібі, шай қайнату, үй тапсырмасын орындау, компьютерде ойнау, футбол ойнау, шахмат ойнау, т. б. алгоритмдерді талдап мысал келтіруге болады.

           Алгоритмнің орындалуы

Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу үшін алгоритм мынадай      қадамдарын орындау керек:

1.   Мектепті тәмамдау.

2.   Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.

3.   Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытыдысымен белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.

4.   Конкурстан өту.

5.   Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.

Бұл пункттердің орнын ауыстыруға бомайды. Олар көрсетілген ретпен кезегі орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді.

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау

Үй тапсырмасын беру: Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері.

Бағалау

 Алгоритм қасиеті және жазылу түрлері

Сабақ тақырыбы: Алгоритм қасиеті және жазылу түрлері
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға Алгоритм және оның қасиеттері, орындаушы жазылу түрлері туралы жалпы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың Алгоритм жазылу түрлерінің көмегімен есептер шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Қарапайым алгоритмдер құра білу, нәтижесін талдай алу;
Сабақ көрнекілігі: тақырып бойынша мультимедиалық слайд, оқулық.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету.
Оқушылар білуі қажет: алгоритм ұғымын, алгоритмдер қасиеттерін және жазылу түрлерін.
Оқушылар орындай білу керек: алгоритм қасиеттерін ерекшелеу және алгоритм жазылу түрлері арқылы есептер шығара білу.
Пән аралық байланыс: математика, қазақ тілі, геометрия, технология.

І. Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
2. Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.
«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл - Хорезми ( 763 - 850 ж. ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан.
Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет - ретімен орындалуы.

Алгоритмнің атқарушылары:
Адам
Автоматты құрылғы
Компьютер
Робот
Алгоритм қасиеттері
Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болу керек. Онда қандай қадам көрсетілсе тек солар ғана орындалуы қажет. Есеп шығаруға керектің бәрі анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.
Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек. Бұл қасиеті бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар одан кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке - жеке әрекеттер жіктеледі. Сондықтан алгоритмді, екі - үш бқлікке бөліп, оларды жеке қабылдай алатын дәрежеде жұмыс істелінуі қажет.
Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез - келген алгоритмнің нәтижесі болу керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет.
Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға қарсы ғана арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.
Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындаушы оныәр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді.
Алгоритм жазу жолдары
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын - ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
Табиғи тіл
Алгоритмдік тіл
Программалау тілі
Блок - схема
Мысалы, у=2x -(х+8) өрнегін алгоритм жазылу түрлерін де жаз.
табиғи тілде:
а және х мәндерін енгізіңіз.
х және 6 - ны қосу.
x на 2 - ге көбейту.
2x – дан (х+8) қосындысын азайту.
Өрнектің есептелген нәтижесі ретінде у - ті шығару.
Алгоритм тілінде
алг у=2x -(х+8) өрнегін орындау
Арг х, м1, м2
Нәт у
басы
м1:=х+8
м2:=2*x
у:=м1 - м2
соңы
Программалау тілінде:
Program №1;
Var x: integer;
Begin
Writeln(‘х енгіз’);
Readln (a, x);
y:=2*x -(x+8);
Writeln(‘y=’, y);
End.
Блок - схемасы

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
У=3х -(5+3х) өрнегін алгоритм жазылу түрлерінде жаз.
Z=8x -(5y - ab) өрнегінің блок - схемасын сыз.
Суретшінің суретті салуына алгоритм құр.
Алгоритм тілінге жазылған есепті өрнекке айналдыр.
2 - ні х - ке көбейтте А1 - ге меншікте.
А1 - ді 8 - ге қоста А2 - ге меншікте.
3. 3 - ті у - ке көбейтте А3 - ке меншікте
4. А3 - ті 5 ке азайтта А4 - ке маншікте.
5. А2 - ні А4 - ке бөлде У - ке меншікте
Жауабы y=(2x+8)/(3y - 5)

ІҮ. Үйге тапсырма: Жаңа сабақты оқу. Есептер шығару
Өрнектерді табиғи және алгоритм тілдерінде жаз.
1. У=2х+(2х+5);
2. у=(4+3х)/3х
3. у=(5z+(2x - 8))/(2x - 10)
Ү. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Циклдық алгоритм.

Білімділік: Оқушыларды циклдық алгоритмімен таныстыру, циклге арналған блок-

                   сызба элементімен таныстыру

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,циклік құрылымды алгоритмның блок-

                         сызбасын сауатты құруғаүйрету, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық,жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:   1.Оқушыларды ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау:

А) Алгоритм дегеніміз не?

В)  Алгоритмнің жазылу түрлерін атаңыздар

С) Блок-сызба дегеніміз не?

Д) Алгоритм   түрлерін атаңдар.

                                          2.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          3.Тапсырмаларды орындау

                                          4.Сабақты бекіту

                                          5.Үйге тапсырма

2.Жаңа түсініктер:

    Есептерді шығару кезінде әрекеттерді анықтайтын  параметрлердің әртүрлі мәндеріне біртипті әрекеттерді бірнеше рет қайталау туындайды.

   Осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмдер циклдік деп, ал бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі циклдер деп аталады.

  Қорэжынға салынған асықтардың ішінде жалғыз қызыл асық бар,  сол қызыл асықты табудың алгоритмін құрыңдар.

 Мысалы, ол мына түрде болуы мүмкін:  қоржынға қолды саламыз, ілінген асықты аламыз. Қызыл асық па?

 Иә, қызыл асық табылды. Жоқ, қайта қоржынға қолды саламыз, асықтарды біртіндеп алып қараймыз және т.с.с

  Қызыл асық табылғанша берілген мысалдағы осы іс-әрекеттер қайталана береді.. Бұндай алгоритмдерді  циклдік алгоритм дейміз.

  Алгоритмнің бірнеше рет қайталануын циклдік алгоритм деп атайды.

Блок-сызбада циклдік алгоритмнің шарты алтыбұрышты фигараға жазылады. Шарт циклдік алгоритмның басында немесе соңында келуі мүмкін. Бұл жағдайды түсіну үшін келесі беттегі суреттерді қарап, салыстырыңдыр.

Циклдік шарт басында келетін блок-сызбасы келесідей болады:

 

 


                                                  Шарт                           жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 


Циклік шарт соңында келетін  алгоритмнің болк-сызбасы төмендегідей болады:

 

 

 

 

 

 


                          Жоқ              шарт

 


                                                            иә

 

 

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру

Қандай алгоритмдерді циклдік деп атайды?

Қызыл асықты іздеу мысалына сәйкестендіріп, алгоритмнің блок-сызбасын құру. Бұл жағдайда шарт циклдің соңына келеді.

 

 

 

 

 


                         жоқ 

 

 


                                                    Табылды ма?

 

 

 

 

 


Өзіңді тексер:

1. Қайсысы алгоритиге жатпайды?

А) сызықтық                          В) бұйрықтық

С) тармақталу                        Д) циклдік

2. Циклдік алгоритм дегеніміз-....

А) алгоритмнің бірнеше рет қайталануы

В) іс-әрекеттің орындалуы қойылған шартқа тәуелді алгритм

С) егер алгоритм тізбектеле орындалса

Д) алгоритмнің графикалық түсіндірілуі

3. Блок-сызбада циклдік алгоритмнің шарты.................. жазылады.

А) тіктөртбұрышта                         В) ромбта

1

2

3

В

А

Д

С) параллелограмда               Д) алтыбұрышта

 

Сабақты қорытындылау: оқушылардың біліміне сәйкес бағалау

Үй тапсырмасын беру: §11.  68 бет оқу

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Модель түрлері

 Сабақтың мақсаты:   

Білімділік:   Оқушыларды модель  түрлерімен таныстыру, модельдеудің 

                       қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру

Дамытушылық: Оқушыларға модель түрлері  туралы түсінік бере отырып 

                               ой – өрістерін,  білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік:  Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың барысы:

 1.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару

 2. Өткен материалды қайталау сұрақтары

Модель дегеніміз не?

Модельдің өмірдегі нақты объектіден немесе процестен қандай айырмашылығы бар?

Модельдеу деген не?

Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

3.Жаңа сабақты түсіндіру

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынандай топтарға жіктеуге болады:

1.      Қолдану аймағы бойынша;  

2.     Уақыт факторы бойынша;

 3.Білім саласына қарай;    

 4.  Модельді көрсету тәсіліне қарай.

1. Қолдану аймағы бойынша:

   Оқыту модельдері-үйрету, оқыту барысында қолданылады. Әртүрлі жаттықтырушылар, көрнекі құралдар, оқыту бағдарламалары. 

   Зертханалық модельдер-үлкейтілген немесе кішірейтілген көшірмесі нысанды зерттеуге және  болашақ қасиеттерін болжауға арналған;

  Ғылыми-техникалық-әртүрлі құбылыстар мен үдерістерді зерттеуге. Мысалы күн жүйесі ғалам шарлардың жылжу моделі.

  Ойын модельдері-әскери ойындар, экономикалық. Мұндай модельдер арқылы әртүрлі  жағдаяттарда нысанның іс-әрекетін қарастыруға, шиеленісті жағдайларды шешуге, психологиялық көмек көрсетуге болады.

 Еліктеу модельі-нақты нысанды әртүрлі дәрежеде  көрсетіп қана қоймай, оған  еліктейді..

2. Уақыт факторы бойынша:

Статикалық-нақты бір уақыт аралығында, болып жатқан өзгерістерді  елеп-ескермейтін нысандарды сипаттайды.

 Динамикалық-бір уақыт ішінде нысанның өзгеру үдерісін сипаттайды. Мысалы зертханада өткізілетін тәжірибе  динамикалық модельге жатады.

3. Білім саласына қарай: Бұған келесі модельдерді жатқызуға болады:физикалық, химиялық, географиялық, тарихи, математикалық. Биологияда  модель арқылы әртүрлі биожүйелерді зерттеуге болады.

4. Модельді көрсету тәсіліне қарай-материалдық, ақпараттық болады.

 Материалдық модельдер- түпнұсқаның физикалық және геометриялық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық  модельдердің қарапайым мысалдары: ойыншықтар, глобус, адам қаңқасы, физикалық тәжірибелер.

0021-034-9  материалдық модель.

 Ақпараттық модель-нысанның қасиеттерін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы ортамен өзара байланыс болып табылады. Бұл тәсіл қоршаған ортамен теориялық түрде танысу әдісі болып табылады.

Ақпараттық модель вербальдық және таңбалық  болып бөлінеді.

Вербальдық  модель дегеніміз-  ойша немесе әңгіме түрінде жасалған модель.

Әртүрлі таңбалармен көрсетілген ақпараттық модель таңбалық болып табылады.

Ақпараттық модельдер:  ауызша модель- ауызша және жызбаша сиапттаулар. Кез-келген әдеби шығарманы  модель деп қарастыруға болады.

Суретші салған картина,  оқулықтың ішіндегі сызбалар графикалық модельдерге жатады. Құрылымына қарай ақпараттық модельдер кестелік болады.

 

Аялдама аттары

Аялдау уақыты

Цирк

0:20

Жастар көшесі

0:15

Абай даңғылы

0:10

Мектеп

0:15

 

4. Сабақты бекіту сұрақтары:

Модель қандай топтарға бөлуге болады?

Оқу модельдеріне мысал келтіріңдер

Материалдық модель деген не?

Ақпараттық модель дегеніміз не?

Графикалық модельдерге мысал келтіріңдер.

5. Сабақты қорыту:

Оқушылардың модель құруы, мысалдар келтіру.

 Өзіңді өзің тексер:

Кілті:

1

2

3

4

С

В

В

В

 

Үйге тапсырма: §13.1 Модель, 127-131 беттер оқу.

Оқушы білімін бағалау

Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу

 Сабақтың мақсаты:   

Білімділік:   Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдеудің 

               қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру

Дамытушылық: Оқушыларға модельдер және модельдеу туралы түсінік бере отырып

                        ой – өрістерін,  білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік:  Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың барысы:

 1.Ұйымдастыру. Оқушыларды үгендеу, назарын сабаққа аудару

 2. Өткен материалды қайталау сұрақтары

·        Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?

·        Алгоритмдері графиктік түрде кескіндеу ерекшілектері қандай?

·        Блок-схема дегеніміз не?

·        Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?

·        Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?

3.Жаңа сабақты түсіндіру

Ертеден бері адамзат үдерістерді, нысандарды, құбылыстарды зерттеу барысында  модель тәсілін қолданып келеді   бала туылғаннан бастап қызықты да күрделі қоршаған ортамен танысады  баланың ойыншықтары қоршаған ортадағы адамдарға, автокөліктерге ұқсайды.

Мектепте әртүрлі нысандар  және құбылыстар модельдер көмегімен оқытылады. Мысалы, сурет сабағында түрлі бейнелер, биология кабинетінде аңдардың, құстардың, қолдан жасалған мүсіндері,  география пәнінде глобус, әртүрлі карталар қолданылады.. Яғни, модельдерді құру  және оларды зерттеуадамның кез-келген іс-әрекетінің бөлінбейтін бөлшегі болып табылады.

Модель термині көп мағыналы:

Модель ол-

-нысанның қарапайым көшірмесі;

-заттың кішірейтілген түрі (макеті;

-табиғатта, қоғамда болып жатқан  кейбір құбылыстарды сызба, сурет немесе сипаттау түрінде көрсету

Модель- нысанның, құбылыстың, үдерістің кейбір ерекшеліктерін сипаттайтын көрсетілім.

Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Әрбір адамның күнделікті іс - әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу т.б. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.

Модель – көрнекті түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақыттта біздің ойымызда бейнеленетін прототип болғанға дейін жасалады.

Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.

Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала  туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз.Мұндағы мақсатымыз – басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты – үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіпқайта жаңарту болып табылады.

Алдын ала сызбасын салмай күрделі механизмнен бұрын, қарапйым детальды да орындау мүмкін емес. Ғимараттарды, зәулім сарайларды жобалау алдында сызбадан басқа олардың сұлбасын жасайды.

Модельдеу- модельді құру және зерттеу үдерісі.

Модель- модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып-үйренетін нысанның, құбылыстың кейбір жақтарын ұқсатып бейнелейтін жаңа нысан.

Модель-нысанның нақты жұмысын істеуіне сәйкес  келетін анықталған өлшемдер бойынша жұмыс істейтін физикалық, ақпараттық алмастырушы.

Модельдеу  дегеніміз- нысан құбылыстарын, үдерістерін немесе жиындарының моделін құру мен зерттеу тәсілі. Модельдеу арқылы бұрын болып , жойылып кеткен нысандарды зерттеуге болады.

Модель мақсаты:

-ұшақты басқаруды үйрететін жаттығу құрылғысы;

- киім үлгілерін көрсететін манекен;

-Бәйтеректің сызбасы;

Сонымен,  модельдеудің негізгі мақсаты-нысанды немесе құбылыстарды зерттеу үшін құрылған модель.

Бір нысанға қолдану  мақсатына қарай  сан алуан модель құруға болады, әр түрлі нысандарды бір модель арқылы сиапттауға болады. Мысалы, нысан-адам.

Овал:
 


              Манекен                                                 Фотосурет

 

               Қуыршақ                                                      Видеофильм

 

               Скульптура                                                 Анкета

 

   Өндірістік жұмыстар                                            Медициналық карточка  

 

 

Механикада ол-материалды нүкте, химияда  неше түрліхимиялық заттардан құралған нысан, биологияда-өзін-өзі қорғайтын жүйе.

Модельдің негізгі қасиеттері:

-бейімділік;

-дәлдік;

-құндылық. 

Модельдердің қасиеттері модельдеу мақсатына байланысты болады.

4. Сабақты бекіту сұрақтары:

Модель дегеніміз не?

Модельдің өмірдегі нақты объектіден немесе процестен қандай айырмашылығы бар?

Модельдеу деген не?

Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

5. Сабақты қорыту:

Оқушылардың модель құруы.

Үйге тапсырма: §13 Модель, 123-125 беттер оқу.

Оқушы білімін бағалау

 

Сабақтың тақырыбы:    Пернетақта.

Сабақтың  мақсаты:  

 Білімділігі Оқушыларды пернетақтамен,  пернелердің атқаратын

                    қызметімен таныстыру

Тәрбиелік: Оқышылардың тәрбиелікке, ұқыптылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –

                             абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, пернетақта

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру. Түгендеу, назарын сабаққа аудару.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

·        Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар

·        Монитор, жүйелік блок, пернетақта

·        Компьютер жадысының қандай түрлері бар

·        Тұрақты жад пен жедел жатың айырмашылықтарын айтыңдар

·        Ақпаратты енгізу – шығару құрылғыларын атаңдар

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

 

ЭЕМ-ға мәлімет енгізетін ең негізгі құрылғы пернетақта болып саналады, ол арқылы мәтіндік информацияны теріп, әртүрлі командалар енгізіп орындауға болады.

Пернетақта   (Клавиатура)           

     Пернетақта  - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда  101 немесе  105  перне  болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып  табылады.

Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:

1.Пернені басқанда  пернетақтаға  орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.

2. Скан-код  микросхемаға  түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.

3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаныңадресін табады.

4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

5.  Енгізілген (бірақ  өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.

Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:

 -басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық   пернелер)

 -функционал пернелер: F1-F12

 -арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab, Ctrl, Alt,  BackSpace

 -меңзерді басқару және редакциялау  пернетақтада.

 -сандық пернетақта.

Функционалдық  пернелер-   Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар  компютердің  күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі  қызмет  атқарады.

Символдық  пернелер – пернетақтаның  негізгі  бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.

       Нұсқаушы  немесе  меңзерді  экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

       Цифрлық-қосыма   NumLock  пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.

Enter - енгізу  пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.

←  немесе Backspace   пернесі  алдыңғы  символды өшіреді.

Shift  - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.

Caps Lock  - алкен әріптер енгізіледі.

Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

Ctrl Alt  -кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің  комбинациясын пайдаланады. 

Тапсырмалар:

1.     Пернетақта тренажерімен жұмыс істеу.

Үйге  тапсырма:   

 Дербес компьютермен.

 Компьютермен танысу.

 Компьютердің құрылымы.

Оқушы білімін бағалау

 

  

 

 

Алгоритм және оның қасиеттері

Сабақ тақырыбы: Алгоритм және оның қасиеттері
Сабақ мақсаты:
1. «Алгоритм» ұғымын қалыптастыру, оның қасиеттерін білу, орындаушы мен оның командалары ұғымын қалыптастыру;
2. Алгоритм құру дағдысын қалыптастыру, негізгі қасиеттеріне мысалдар келтіре білу, алгоритмнің берілу тәсілдерін қолдана білу, алгоритмді орындау түсінігін дамыту;
3. Қарапайым алгоритмдер құра білу, нәтижесін талдай алу;
Сабақ көрнекілігі: тақырып бойынша мультимедиалық слайд, оқулық.
Сабақ түрі: түсіндіру - пікірталастық, теориялық.
Оқушылар білуі қажет: алгоритм ұғымын, алгоритмдер қасиеттерін.
Оқушылар орындай білу керек: алгоритм қасиеттерін ерекшелеу.
Пән аралық байланыс: математика, қазақ тілі, геометрия, технология.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
2. Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақ.

«Алгоритм» ұғымы.
Проблемалық ситуация:
Мына интегралдық функцияның х=3 болғандағы мәнін шығара аласыңдар ма?
? (жоқ, біз ондайды өткен жоқпыз)
Онда былай істеңдер: бұл таңбаны интеграл дейді.
Мына нұсқауларды --- орындаңыздар.
1. х - тың дәрежесіне 1 қосыңыз; х3
2. осыны 3 ке бөліп, бөлшек етіп жазыңыз;
3. х - тың орнына алдымен интеграл белгісінің үстіңгі санын қойып 1 - бөлшек етіп жазыңыз,
4. х - тың орнына алдымен интеграл белгісінің астыңғы санын жазып 2 - бөлшек өрнек жазыңыз;
5. 1 - бөлшектен 2 - бөлшекті шегеріңіз;
6. шыққан санды нәтиже ретінде жазыңыз; 3

Нәтиже 3 шықты. Мен айтқан нұсқаулар бойынша сіздер білмесеңіздер де жоғарғы математиканың есебін шығардыңыздар. Мен есептің алгоритмін айтып тұрдым, сіздер орындадыңыздар.
Алгоритм дегеніміз - берілген есептің шығару жолдарын реттелген амалдар түріне келтіру.
Мысалдар келтіру...

Бұл термин алға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын іс - әрекеттердің тізбектеліп орындалуы.
Алгоритм сөзінің пайда болуы ұлы математик Мұхаммед әл - Хорезмидің атымен байланысты.
Алгоритм мен атқарушы ұғымы өзара тығыз байланысты. Алгоритмді тек адамдар жасайды. Одан алгоритмді құру ережелері талап етіледі. Ал алгоритмді адамдар немесе әртүрлі құрылғылар - компьютерлер, автоматтар, тұрмыс техникасы және роботтар орындайды.
Алгоритмдегі әрбір іс - әрекет команда, ал командалар жиынтығы атқарушы командалар жиынтығы д. а.
Алгоритмдер. Айналамыздың барлығы алгоритмдер, яғни іс - әрекеттердің көбісін белгілі бір алгоритммен орындаймыз, оны өзімізде кейде байқамай қаламыз (өрт кезінде эвакуациялау нұсқаулықтары, егін егу, салат жасау т. б.). мыс: ағаш отырғызу алгоритмі
1. Жерді қазамыз;
2. Ағашты отырғызамыз;
3. Құммен жабамыз;
4. Ағашқа су құямыз.

алгоритмдер барлық салада да болады.
Мысалы: қазақ тілінде, математикада, биологияда және т. б.
Қазақ тілінде: «Жаңбырбаст жауып баянд, күнбаст суытыпанықт тұрбаянд» берілген сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау. Мұнда сөйлемді оқимыз, мағынасын талдаймыз, құрылымын талдаймыз, сосын біріншіден сөйлемнің баяндауышын және бастауышын табамыз, содан толықтауышты, анықтауышты, пысықтауышты табамыз.

Алгоритм қасиеттері:
1. Түсініктілігі – атқарушыға алгоритмнің орындау жолы түсінікті болатындай, алгоритмнің жазылу түрі дәл және толық болуы тиіс.
2. Дискреттілігі немесе үзіктілігі – алгоритм тізбектеп орындалатын қарапайым қадамдарға бөлінуі тиіс. Келесі қадамға көшу алдыңғы қадам аяқталған соң ғана мүмкін болады.
3. Анықтылығы – алгоритмнің әрбір қадамы бірнеше болмай, дәл және бір мағыналы болуы керек.
4. Нәтижелігі – алгоритмнің барлық қадамдары орындалғаннан кейін ол дұрыс шешім әкелуі тиіс.
5. Жан - жақтылығы немесе жалпылылығы – алгоритм, ұқсас есептерді шешекенде кез - келген адам қолдана алатындай етіп жалпы түрде жазлады.
Алгоритмнің қасиеттеріне мысал қарастырайық: «оливие» салатын дайындау.
1. Керекті компоненттерді дайындаймыз: 2 картоп, 2 сәбіз, 2 жұмыртқа, 0, 2 гр шұжық, ¼ бөлік консерві бұршағы, ¼ бөлік консерві жүгері дәні және 0, 3 гр майонез, су, тұз, қақпағы бар ыдыс, салатты қосатын ыдыс.
2. Картоп, сәбіз, жұмыртқаны қақпағы бар ыдысқа салып, үстіне су құйып қайнатамыз
3. Шұжықты кішкентай төртбұрышты етіп тураймыз.
4. Піскен компоненттерді де кішкентай төртбұрышты етіп тураймыз.
5. Барлық компоненттерді салат салатын ыдысқа салып, бұршақты, жүгері дәнін салып, тұз салып, майонезін қосып араластырамыз.
Ал енді оның қасиеттерін анықтаймыз:
1. Алгоритм түсінікті, себебі біз салатты қалай дайындау керек екенін білеміз.
2. Алгоритм дискретті, себебі барлық процесс жеке қадамдарға бөлінген
3. Алгоритм анық жазылған, себебі әрбір қадам атқарушыға түсінікті.
4. Алгоритм нәтижелі, себебі алгоритмді дәл орындалса оливье түскі асқа дайын болады.
5. Алгоритм жалпы, себебі мұнда ыдыстың түрі, картоптың сорты, майонездің түрі дегендей және т. б. қадамдар қарастырылмаған. Мұнда барлық әрекеттер жалпылама түрде сипатталған.
Сынып жұмысы: оқулықта 1 - тапсырманы дәптерге орындау.
Сабақты бекіту:
Сұрақтар:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм термині қалай пайда болған?
3. Күнделікті өмірде кездесетін құбылыстар алгоритмінің мысалдарын келтіріңдер?
4. Алгоритмді орындаушы?
5. Алгоритм қасиеттерін атаңдар?
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы: оқулықта 45 - бетте ІІІ тарау, §12 оқу. Дидактикалық материалдарда 23 - бетте 1, 3, 4, 6, 7 тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Алгоритмнің жазу пішімі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алгоритмді жазу пішімдері.

Білімділік: Оқушылардың есептеу  техникасының  даму  тарихымен таныстыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:компьютер, оқулық,жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру

                                          2.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                          3.Тапсырмаларды орындау

                                          4.Сабақты бекіту

                                          5.Үйге тапсырма

Жаңа түсініктер:

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын - ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
Табиғи тіл
Алгоритмдік тіл
Программалау тілі
Блок - схема
Мысалы, у=2x -(х+8) өрнегін алгоритм жазылу түрлерін де жаз.
табиғи тілде:
а және х мәндерін енгізіңіз.
х және 6 - ны қосу.
x на 2 - ге көбейту.
2x – дан (х+8) қосындысын азайту.
Өрнектің есептелген нәтижесі ретінде у - ті шығару.
Алгоритм тілінде
алг у=2x -(х+8) өрнегін орындау
Арг х, м1, м2
Нәт у
басы
м1:=х+8
м2:=2*x
у:=м1 - м2
соңы
  Атқаратын қызметіне қарай блоктар негізгі және көмекші болып бөлінеді.Негізгі блоктарға өңдеу (процесс, арифметикалық амал ), шартын тексеру (логикалық),енгізу және шығару блоктары жатады. Көмекші блоктарға алгоритмге түсініктеме беру, алгоритм басы, соңы және байланыс сызықтары жатады.Орындалатын амалдар мүмкіндігінше блоктардың ішіне жазылады.

           Блок – схема құруда келесі ережелер сақталуы қажет: 

·         блок – схеманың басын және соңын міндетті түрде көрсететін блок болуы керек;

·         блок – схемада бірімен – бірі қосылмаған блоктар болмауы тиіс;

·         блоктар орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы қажет;

 y: a+ b

 арифметикалық амалдарды орындайтын блоктардың бір ену, бір шығу сызығы, ал шарттың орындалуын тексеретін ромб түріндегі логикалық блоктың бір ену, екі шығу сызығы болуы қажет.

 Ал алтыбұрышты фигурамен берілген цикл басы блогының екі кіру және екі шығу сызығы болады

 

Ромб: шарт
 


 

 


                                       жоқ                                         иә

 

Блок-схема: документ: құжат
 

 

 

 

 

 


                           Түсініктеме                        модификация

 

 

 


Мысалы, y = a + b  формуласы бойынша есептеу алгоритмінің схемасы 

·         Алгоритмді бастау блогы;

·         а мен b мәндерін енгізу;

·         y = a + b өрнегін есептеу;

·         y = мәнін басуға шығару;

·         алгоритмді аяқтау. 

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру

У=3х -(5+3х) өрнегін алгоритм жазылу түрлерінде жаз.
Z=8x -(5y - ab) өрнегінің блок - схемасын сыз.
Суретшінің суретті салуына алгоритм құр.
Алгоритм тілінге жазылған есепті өрнекке айналдыр.
2 - ні х - ке көбейтте А1 - ге меншікте.
А1 - ді 8 - ге қоста А2 - ге меншікте.
3. 3 - ті у - ке көбейтте А3 - ке меншікте
4. А3 - ті 5 ке азайтта А4 - ке маншікте.
5. А2 - ні А4 - ке бөлде У - ке меншікте
Жауабы y=(2x+8)/(3y - 5)
Сабақты тест  тапсырмасы арқылы қорыту:

Кілті:

1

2

3

4

Д

В

Д

А

 

 Үй тапсырмасын беру: Алгоритмді жазу пішімі

Бағалау, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау

 

    

 

 

Сабақтың тақырыбы:           Алгоритм түрлері

Сабақтың  мақсаты:  

            Білімділігі:  Алгоритм түрлерін, сызықтық және тармақталған алгоритм анықтамасын,

                               тармақталған алгоритм шарттарын анықтаудың блосызба элементін, толық және

                                толық емес блок-сызба құрылымымен таныстыру.

Дамытушылығы:  Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра

                 отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік:    Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Сабақтың барысы:   

                                    1. Ұйымдастыру

-Өткен материалды қайталдау сұрақтары

·  Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?

·  Алгоритмдері графиктік түрде кескіндеу ерекшілектері қандай?

·  Блок-схема дегеніміз не?

·  Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?

·  Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?

2. Жаңа сабақты түсіндіру

Алгоритм командалары

            Алгоритм командалары есеп шартына байланысты жай және құрама командалардан тұрады.

           Жай команда. Кез келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы ақпаратты өңдеудің немесе өрнектеудің операциясын орындайтын жай командадан тұрады. Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу және нәтиже алу командалары жатады.

            Құрама командалар. Жай командалардан құрылымы күрделі құрама командалар құралады. Құрама командалар құрылымына байланысты тізбекті, тармақталу және циклдік  топтардан немесе бірыңғайланған алгоритмдік құрылымдардан тұрады. Олардың жай командадан ерекшелігі бірнеше командадан құрылады және орындалуы берілген шарттарға негізделеді.

Алгоритм құрылымы

               Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.

              1.  Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуысызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы:

алг үй тапсырмасын орындау

басы

           күнделікті алу, тиісті бетін ашу,

           үй тапсырмасын анықтау

           үй тапсырмасын орындау

           күнделікті орнына қою

соңы

         Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

         Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді. Мысалы, төменде көрсетілген Z функциясының сандық мәнін есептеп шығару алгоритмін жасау керек болсын.

                                                  Z = ax2  + b + cos (ax2   + b) – tg (ax2+ b)          

         Бұл функцияның мәнін табу үшін алдымен жақшада тұрған  ax 2 + b көпмүшелігін жеке есептеп алу қажет, себебі ол   тізбек үш рет есептеліп, орындаушы машина оған уақытты  көп кетіреді. Есептеліп болған Z функциясының мәні    қағазға не экранға басылып шығуы тиіс. Жалпы компьютер   жадына a, b, x мәндері алдын – ала енгізілуі керек.

    алг   Z функциясын есептеу

            (нақ  a, b, x, z )

             арг  a, b, x

            нәт  z

             басы

                      a, b, x  енгізу  

                      t : = ax 2 + b

                      z : = t + cos + tgt

                      x, z  шығару

 соңы

  Сонымен қарастырылған алгоритм қарапайым сызықтық  алгоритмнің мысалы болып табылады. Мұндағы 2-блок - a, b, x   мәндерін пернелерден программаға енгізу блогы, 3-блок t - ның,

 ал 4-блок Z функциясының мәндерін есептейді. 5-блок х  айнымаласының және Z функциясының нәтижесін қағазға басып шығарады.

           2.  Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік алгоритмдік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпеес, бітті

түйінді сөздері пайдаланылады. Орынду тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.

           3.  Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуы цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритдер тобы циклдік алгоритмдер жатады. Қайталану командасын алгоритмдік жазу үшін әзірше (әзір), цикл бар (цб), және цикл соңы (цс) түінді сөздер қолданылады.

Тапсырма:  (33 бет 2 жаттығу)

              Екі үшбұрыш қабырғалары a, b, c және d, e, f  деп берілген. Қайсы үшбұрыштың үлкен екенін               анықтау қажет.

  1. Күрделі тармақталу
  2. Күрделі шарттарды пайдалану
  3. Арифметикалық циклдер
  4. Итерациялық (қадамдық) цикл.

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
  • Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
  • Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
  • Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?
  • Есеп шығару:
  • алг  екі санның үлкенін анықтау

(нақ а,b, max)

арг (а,b.)

нәт  (max)

басы

            егер а>b

            онда max:=a

            әйтпесе max:=b

            бітті

соңы

Үйге тапсырма: 1.9 - 1.10 тақырыптарын оқу. 32 бет, 1, 4 жаттығулар.

Оқушы білімін бағалау

 

 

                                                                             

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы: Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау.

                                          Құжатты баспадан шығару.

Сабақтың мақсаты:                                   

Білімділік:  Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға

                     шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу, жиектеу туралы білімдерін

                     қалыптастыру;

Тәрбиелік:    Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс  істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,

                                пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:     Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,

                                 баяндау арқылы түсіндіру.

Сабаққа қолданылатын көрнекті құралдар:       компьютер, оқулық, практикум                                                                  Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

    Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?

2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар?

3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?

4. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?

5. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?

ІІІ. Жаңа  тақырыпты түсіндіру.

 Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу.

Мәтіндік  блокты көшіру үшін, ең алдымен оны белгілеңдер, содан кейін <Ctrl>  пернесін басып тұрып, белгіленген блокты шертіңдер де, оның орнын ауыстырыңдар. Көшіру кезінде ішінде «плюс»

Белгісі бар кішкене тікбұрыш пайда болуы тиіс.

Ақпаратты көшіру және орнын ауыстыру кезінде алмасу буферін пайдалануға болады.

Правка –Копировать командасы арқылы буферге көшіргеннен кейін Правка –Вставить командасы арқылы буферден қою керек. Құжат мәтіндері абзацтардан тұрады. С.И.Ожеговтың  сөздігінде «абзац» мағынасы былай беріледі: 1) қызыл жол, жол басындағы шегініс; 2) осындай екі шегініс арасындағы мәтін.

Абзац MS Word –та Enter  пернесінің басылуымен аяқталады. 

Абзац параметрлерін қою үшін Формат менюіндегі Абзац командасы қолданылады.  Осы команда таңдап алынған соң, Абзац диалогтік терезесі шығады.  Абзац шегіністері мен интервалды қою үшін Шегініс және аралық (Отступ и интервалы) қосымшаларын таңдау керек.

Туралау (Выравнивание) өрісінде абзацты туралау әдістері қойылады:

·        По левому краю – абзацты беттің сол жақ шеті бойынша туралау,

·        По центру – абзацты беттің ортасы бойынша туралау;

·        По правому краю – абзацты беттің оң жақ шеті бойынша туралау;

·        По ширине – абзацты беттің оң және сол жақ шеттері бойынша туралау;

Слева және справа өрісінде абзацтан парақ шеттеріне (сол және оң жақ) дейінгі қашықтықтар қойылады.

Первая строка (Бірінші жол) өрісінде абзацтың бірінші жолының шегініс түрлері берілген:

·      Нет –шегініс қойылмаған;

·      Отступ – қызыл жол, на өрісінде арақашықтық көрсетіледі;

·      Выступ – теріс абзацтық шегініс, на өрісінде арақашықтық көрсетіледі.

·      Перед және после өрісінде абзацтың бірінші жолына дейінгі және соңғы жолынан кейінгі қашықтықтар қойылады.

·      Междустрочный (Жоларалық) өрісінде бзац ішіндегі жоларалық интервалдар белгіленеді:

·      Одинарный – қаріптің типіне сәйкес стандартты интервал;

·      Полуторный – стандарттан 1,5 есе үлкен интервал;

·      Двойной – стандарттан 2 есе үлкен интервал

·      Минимум – мәні (значения) өрісінде көрсетілген интервалдан кіші емес интервал.

·      Точно – Мәні өрісінде көрсетілген интервалға тең интервал.

·      Множитель – Мәні өрісінде көрсетілген мәнге көбейтілген стандартты интервал.

Абзацты форматтаудың басқа түрлері Абзац диалогтік терезесінде орындалады.

Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу.

Үлкен көлемді құжатпен жұмыс жасау барысында құжат беттерін нөмірлеген ыңғайлы. Ол үшін Вставка –Номера страниц командасын таңдау қажет.

Құжаттарды басу

Құжатты баспаға жіберместен бұрын Файл – Предварительный просмотр командасын таңдаймыз. Файл – Печать командасын таңдаймыз .

Принтер бөлімінен қажетті принтерді таңдау қажет.

Копии бөлімінде Число копии өрісінде құжаттың қанша данасы қажет екенін тағайындау қажет.

Страницы бөлімінде құжаттың қай бөлігі баспаға берілетіндігі тағайындалады.

Құжат беттерін рәсімдеу

Бетті белгілеу.  Құжат мәтіні қағаз бетінде жақсы шығу үшін оның бетінің параметрін, яғни жоғары және төмен, сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төменгі  колонтитулының орналасуын қою керек.  Ол үшін Файл-Беттің параметрлері (Файл – Параметры страницы) командасы таңдалынады.

     Терезеге қойылатын беттің өрістеріне Өріс (Поля) қосымшасы қолданылады. Жоғарғы, Төменгі, Сол жақ, Оң жақ (Верхнее, Нижнее, Левое, Правое) өрістері.

Үлгі рамкасында параметрлері таңдалынған беттің сыртқы  түрі көрсетілген.

Таңдалған өрістер дұрыс болса, Ок батырмасы шертіледі.

     Құжат бетінің өлшемдерін таңдауға, Қағаз өлшемі (Размер бумаги) қосымшасында Қағаз өлшемі өрісі орналасқан.  Егер қажет өлшем тізімде болмаса, онда Ені (Ширина) және Биіктігі (Высота) өрісінде беттің ені мен биіктігінің сәйкес мәндерін енгізуге болады.

     Бағдарлау (ориентация) рамкасында қағаз бетінің кітаптық (вертикаль) немесе альбомдық (горизонталь) түрі қолданылады.

Беттерді бөлу. Microsoft Word мәтінді беттерге автоматты түрде бөледі. Бірақ кейбір жағдайда құжаттың белгілі бір бөліктерін жаңа беттен басып шығаруға тура келеді.

Беттің нөмірлерін қою. 

Құжаттың беттерін қағазға баспай тұрып, әдетте, оны нөмірлеп алады. Беттің нөмірлерін қою үшін Қою менюіндегі Беттің нөмірлері (Номера страниц) командасын шақыру керек

Орналасу (Положение)  өрісінде  беттің нөмірлерінің орналасуын (жоғары немесе төмен), ал Туралау (құжаттың бірінші бетіне, егер ол титул парағы болса нөмір қойылмайды) өрісінде – бет нөмірлерін бет өрісіне сәйкес (сол, ортаға қарағанда, оң т.с.с) таңдаңыз.

     Колонтитулдарды орналастыру.

 Колонтитул – құжаттың әрбір бетінің жоғары немесе төмен жағына басылатын мәтін немесе сурет. Әдетте, колонтитулға беттің нөмірлері, кітап аттары немесе ағымдағы бөлім аттары жазылады.  

IV. Сабақты бекіту.

1. Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?

2. Құжаттарды басу үшін қандай амалдар орындау қажет?

3. Бағдарлау дегеніміз не?

V.  Үйге тапсырма беру. VI. Оқушы білімін  бағалау. 

 

      

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі.

                                           Құжаттарды құру  және сақтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі

                                          әдіс-тәсілдері.    Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  WORD мәтіндік процессоры, негізгі түсініктер мен әрекеттер,

                     MICROSOFT WORD-

                     ты іске қосу,мәтіндік құжат құру,емлесін тексеру,мәтіндік құжатты

                       пішімдеу, пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері туралы білімдерін қалыптастыпу;

Тәрбиелік:  Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,

                              пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум  элементтерінің көмегімен демонстрациялау,баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер,оқулық,практикум.

Сабақтың өту барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  • Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?
  • Сыртқы жад құрылғыларының қайсысы музыка ойнату үшін қолданылады?
  • Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?
  • Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?
  • Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?
  • Дыбыс файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?
  • Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру .

Microsoft WORD –пен танысу

          MS  WORD –бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа. Демек, WORD-та жұмыс жасау принципі Windows жүйесіндегідей: бірдей уақытта бірнеше ашық терезелер және бумалармен жұмыс жасау, жүйелік меню, т.с.с.

          MS  WORD іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:

·         құжаттарды құру және теру;

·         қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;

·         кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;

·         емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;

·         іскер хаттарды, келісім –шарттарды, есеп беру формаларын және т.с.с. дайындауға Шеберді (Мастерді) және Шаблонды пайдалану.

Мәтіндік процессордың кемшіліктері:

·         математикалық формулаларды енгізу күрделі;

·         растрлық графикаларға арналмаған

Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:

4)      негізгі менюден Жіберу-Программалар- Microsoft Office- MS  WORD командаларын орындау арқылы;

5)      Жұмыс үстеліндегі   таңбашамен;

6)      Microsoft Office тақтасындағы батырмаларымен.

Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:

4)      файл-Шығу (Выход) командаларын таңдаңыз.

5)      ALT+F4 батырмалар комбинациясын басыңыз;

6)      Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасына шертіңіз.

Word  терезесін жабу кезінде құжатқа  енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтік терезе шығады. Осы диалогтік терезе арқылы сіз файлдағы өзгерістерді сақтай аласыз.

Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе бейнеленеді. Ашылған құжат қосымша терезенің жұмыс аймағында бейнеленеді. WORD терезесінің негізгі элементтері барлық Office қосымшалары үшін  ортақ болып табылады. Әдеттегі Windows –дағыдай редактор терезесінің жоғарғы бөлігінде негізгі меню бар:  Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама (Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Таблица, Окно, Справка).

Терезенің бөлігі элементтеріне қосымша ретінде Word  процессорының ерекшеліктерін атап өтейік.

  1. Горизонталь сызғышта үшбұрыштар орналасқан.
  2. Айналдырудың (Прокрутка) горизонталь жолының сол жақ бөлігінде режімін таңдау батырмасы орналасқан, солдан оңға қарай Әдеттегі (Обычный), Веб –құжат (Веб -документ), Беттерді белгілеу (Разметка страницы), Құрылым (Структура) батырмалары бар.

               Әдеттегі – амалдарды  орындауға өте ыңғайлы;

Веб-құжат – құжатты Веб –құжат түрінде бейнелеу;

Беттерді белгілеу – құжаттарды баспаға шығаруға сәйкестендіріп бейнелеу;

Құрылым – құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтінді және әр түрлі тереңдікте сатылап орналасқан мәтіннің басын  көрсетуге және жасыруға мүмкіндік береді.

Қалып - күй жолы.  Microsoft WORD терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Одан әр түрлі хабарлама және анықтама ақпараттары шығады.

Microsoft Word-пен жұмыс істей отырып, негізінде, екі құрал-саймандар тақтасын пайдаланасыз: суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты («Стандартная») тақтасы мен Форматтау («Форматирование») тақтасы. Әрбір батырмаға команда сәйкес келеді, ал батырмадағы сурет команданың мазмұнын көрсетеді. Батырмалардың көбісі менюге кіруге оңай, жиі қолданылатын командаларды қайталайды.  Батырмамен байланысты  команданы шақыру үшін осы батырмаға тышқанмен шерту қажет. Егер тышқанның сілтемесін  батырмаға қойсаңыз, жанында команда аты жазылған жақтау (рамка) шығады.

Тақтаны  экраннан шығару немесе алып тастау үшін Түр (Вид) менюінен Құрал-саймандар тақтасы (Панели инструментов) пунктін таңдап, сонан соң қажет тақтаның атауына шертіңіз. Егер тақта экранда тұрса, оның атауы жанында   ٧  таңбасы тұрады.

Мәтіндік құжатты форматтау

Мәтінді форматтау – құжатты толығымен немесе оның белгілі бір бөліктерінің сыртқы пішінін өзгертуге мүмкіндік береді. Құжаттың сыртқы пішіні де көп  нәрсені анықтайды. Сондықтан құжаттың мазмұнының тартымды болуымен қоса, оның сыртқы пішіні де көркем болуы керек.

Мәтінді форматтау дегеніміз – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.

Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу керек. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады.

Мәтінді форматтауға мыналар жатады:

·                    әр түрлі қаріптерді пайдалану;құжат өрісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрісін айқындау;

·                    мәтінді бағандарға бөлу;

·                    символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау.

Форматтаудың осы әрекеттерін Формат менюіндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады. Құжатты форматтау, яғни алдын ала белгіленген құжат мәтініне жаңа формат элементтерін енгізу негізінде орындалады.             Жаңа құжатты құру.  Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдау қажет. Ашылған диалогтік терезеден алдымен қосымша бетті, сонан соң шаблонды таңдаймыз, соның негізінде құжат құрылып, ОК батырмасы шертіледі.

Microsoft Word құжаттары шаблондарының кеңейтілуі doc .   

       Құжаттарды ашу. Бар құжатты ашу үшін Файл менюінде Ашу командасын таңдау немесе  батырмасын шерту қажет, сонан кейін Құжатты ашу (Открытие документа) диалогтік терезесі ашылады.  Бума өрісінен қажетті құжаты бар диск таңдалынады.

          Құжатты сақтау.   Құжатты сақтау үшін Файл менюінде Сақтау (сохранить) командасын таңдау немесе  батырмасын шерту қажет.

          Құжатты бірінші рет сақтағанда Құжатты сақтау (Сохранение документа)  диалогтік терезесі пайда болады.  Бума өрісінде дискіні, ал төмен орналсқан өрістен құжат сақталатын форматты таңдаңыз. Файл аты (Имя файла) өрісінде файлдың атын жазып, Сақтау батырмасына басыңыз.

       Қайталап сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, құжат автоматты түрде сол файлда қайта сақталады.       Құжатты басқа атпен сақтау немесе басқа бумада сақтау үшін Файл менюінен Қалай сақтау керек (Сохранить как) командасын таңдаңыз, содан кейін экранда Құжатты сақтау терезесі пайда болады.

IV. Сабақты бекіту.

1.  Microsoft Word мәтіндік процессордв қалай іске қосуға болады?

2. Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады?  Ал Форматтау тақтасына ше?

3. Жаңа Word құжаты қалай құрылады?

4. Word құжатын қалай сақтауға болады?

V. Үйге тапсырма беру:    Microsoft WORD-пен танысу.  

VI. Оқушыларды бағалау.

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:     Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды мультемедиа бағдарламаларының жұмысымен таныстыру,

                     дыбыс жазу мен ойнатуға үйрету;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта. презентация слайд

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

        • Блокнот қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

        • Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?

        • Блокнот қолданбасында қріп пішінін, өлшемін, түрін, әлпетін қалай өзгертеміз?

        • Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу әрекеттері қалай орындалады?

        • Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

        • Калькулятордың қандай түрлері бар?

Жаңа түсініктер:

      Мультемедиа – бұл компьютердің аппаратық жзабдықтамасы және бір уақытта мәтінді, суреттерді, дыбысты, бейнежазбаны, музыканы  жәнеанимацияларды қолданатын бағдарламалар. Бұл пайдаланушымен қары-қатынас қызық және сазды болуына мүмкіндік береді. Мульти-көп, ал меиа – баспа мәтіндерді, дыбыс және  теледидар бейнелерін қолданатын бұқаралық  ақпарат құралдарының жалпы  аты. Көптеген  компьютерлік  ойындар мультимедиа  негізінде құрылған. Компьютерде мультимедианы қолдау үшін қосымша ақпарат құралдары, кем дегенде дыбыстық карта мен мен СД-РОМ құрылғысы болу керек.

ЛАЗЕРЛІК ОЙНАТҚЫШ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы CD-ROM-ды пайдаланып музыкалық компакт-дискіні ойнатуға мүмкіндік береді. Музыкалық компакт-дискіні іске қосып қойып, басқа қолданбаларды жұмыс істей беруге болады.

     Іске қосу: Пуск-Программы-Стандартные-Мультимедия-Лазерный проигрыватель.

     Windows’98-де компакт дискіні ойнату өте оңай, тіпті ештеңе түсіндірудің қажеті жоқ. Ол үші музыкалық дискіні компакт-дискіден оқу құрылғысынаорналастыру жеткілікті.

     Лазерлік ойнатқыштың арнайы батырмалары бар, олардың көмегімен бір әннен екінші тәнге көшуге, ойнатуды тоқтатуға, уақытша үзуге, сондай-ақ компакт-дискіні алып қоюға да болады.

1.      Ойнату         Үзіліс        Тоқта         Алдыңғы жазба           Келесі жазба

2.      Артқы айналдыру         Алдыңғы айналдыру                   Шығарып алу

ДЫБЫС ҚАТТЫЛЫҒЫН РЕТТЕУ

        Лазерлік ойнатқыш, Әмбебеп ойнатқыш, Фонограф бағдарламаларымен жұмыс істеген кезде басқаларға кедергі келтірмеу үшін дауыстың қаттылығын реттеу керек. Дауыстың қаттылығын реттеуге болады:

                    1. Тапсырмалар тақтасындағы громкоговоритель ( дауыстап сөйлегіш радио ) түрінде бейнеленген белгішені бір рет шерткен пайда болатын дауыстың қаттылығын реттеуші пайдалану;

                    2. Тапсырмалар тақтасындағы громкоговоритель ( дауыстап сөйлегіш радио) белгішесіндегі тышқаттың батырмасын екі рет шерткен кезде пайда болатын Лазерлік ойнатқыш үшін дауыс деңгейін баптауға және ойнату кезінде әмбебеп ойнатқыш пен Фонографты да баптауға мүмкіндік беретін Громкость терезесін пайдалану.

7.1.3.Тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

Тапсырманы тақырыпты оқулық бойынша оқумен немесе мұғалімнің түсіндіруімен қатар орындауға болады немесе тақырыпты меңгеруін бақылау үшін қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 Тапсырма. Дыбыс файлын құру ретін кестеде көрсет. Сұрақтарға жауап бер.

Тапсырма тақырыпты оқулықтан оқумен және мұғалімнің түсіндіруімен қатар орындалуы мүмкін немесе тақырыпты меңгеруін тексеру үшін қолданылады.

1

Өзінің дауысын жазу

2

Файлда сақтау

3

Бұл файлды WordPad құжатына қою

1. Фонограф бағдарламасын іске қосу

Команданы таңдаңдар

1. Фонограф бағдарламасын іске қосыңдар

2. Микрофонды іске қосып, Жазу (Запись) батырмасын шерту, содан соң сөйлеу

Файл – Сақтау командасын таңдаңдар

2. Өздерің құрған файлды ашыңдар

3. Сөйлеп болған соң Тоқта (Стоп) батырмасын шерту

 

3. Түзету – Көшіру командасын орындаңдар

4. Тыңдау үшін Басына көшу (Переход в начало) батырмасын шерту

 

4. WordPad құжатын ашыңдар

5. Ойнату

(Воспроизведение) батырмасын шерту

 

5. WordPad қолданбасының терезесінде Түзету – Кірістіріп қою командасын орындаңдар

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?
  • Сыртқы жад құрылғыларының қайсысы музыка ойнату үшін қолданылады?
  • Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?
  • Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?
  • Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?
  • Дыбыс файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?
  • Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?

Үйге тапсырма:    Дыбыс жазу мен ойнату программалары.

Оқушы білімін бағалау

 

 

 

 

 

  

Сабақтың  тақырыбы:  Калькулятор.

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларды  калькулятор программасымен таныстыру.

Білімділік:  Калькулятор программасының міндеттерімен

                                 таныстыру көшіру мен кірістіріп қою  командаларын  үйрету;

Тәрбиелік:  Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа

                                 үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті  құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы:

     1.   оқушыларды ұйымдастыру

2.   Үйге берілген тапсырманы тексеру

1.       Жаңа тақырыпты түсіндіру

2.       тапсырмаларды орындау

3.       сабақты бекіту

4.       үйге тапсырма беру

     Өткен материалды қайталау сұрақтары:

1.       Wordpad  мәтіндік редакторыныңатқаратын қызметі қандай?

2.       WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

3.       WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

4.       WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз

Жаңа түсініктер

Блокнот – бұл өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жадтың аз көлемі қажет.

Блокнот жұмыс уақытында белгі құруға, ке,йін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған.

Блокнот бағдарламасын іске қосу:

Пуск          Программы            Стандартные           Блокнот.

Терезенің негізгі элементтері мен міндеттерін көрсет.

Блокнот мәтіндік редакторының терезесін іске қосқанда, WordPad редакторы сияқты, терезенің әр элементінің арналуына және оның шектелген мүмкіндіктеріне көңіл аударылады.

1.                   Тақырып жолы – Терезені басқару батырмалары, құжаттың аты, жүйелік меню бар.

2.                   Меню жолы – Негізгі командалар бар.

3.                   Жұмыс өрісі – Мәтінді енгізуге арналған.

4.                   Айналдыру жолағы – Терезені қарап шығуға арналған.

 

Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін басқа бағдарламаларға беруге болады. Сонымен қатар калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді. Жүйеде қалькулятор екі түрлі болады: Қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу: Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор. Калькулятордың түрін ауыстыру үшін: Вид менюін пайдаланамыз.

Калькулятордағы цифрлық ақпараттарды басқа бағдарламаларға көшіру үшін: Правка – Копировать немесе Вырезать және Вставить командаларын пайдаланымыз.

Инженерлік калькулятордың түрін көрейік.  Жоғарыда айтылғандай, инженерлік калькуляторды «шақыру» үшін :

                Пуск –Все программы- Стандартные-Калькулятор –Вид Инженерный командаларын орындаңдар.

Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ оның батырмалары көбірек, олардың кейбіреулері 2-3 міндет атқарады.  Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізу, тригонометриялық функцияларды, логарифмді, дәреже табуды орындау үшін қолдануға болады.

                Егер бұл калькуляторда жұмыс істеп отырып, оның кейбір функциялары қалай орындалатынын ұмытып қалсаңдар, онда анықтамалық жүйені  пайдаланыңдар. Мысалы, батырмалардың міндеттерін анықтау үшін, динамикалық менюді пайдалануға болады.

 

 

                Пузырек для мыслей: облако: 1.	«Көзбен мөлшерле».
Қай бағандағы сандардың қосындысы көп болады? Калькулятордың көмегімен қосып, болжауларыңды тексеріңдер.

123456789      1 =

12345678      21 =

1234567      321 =

123456      4321 =

12345      54321 =

1234      354321 =

123      7654321 =

12      87654321 =

1      987654321 =

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Жауабы: Екі бағандағы да сандардың қосу нәтижесі бірдей.

                                                     1083676269

 1 .Бірдей сандармен тек қосу амалдарын пайдаланып:  -     бес екіліктің көмегімен 28 санын;

-                                                                                                    2. сегіз сегіздің көмегімен 1000 санын      жазыңдар :

Жауабы: 1000=888+88+8+8+8;  28=22+2+2+2.

-                                                                                                  Тоқсан тоғыз бен жүз.

Надпись: Нәтижесінде 100 санын алу үшін жеті санның арасына + белгісін қойыңдар.
1     2    3    4     5    6    7  
 Сандардың қатарын өзгертуге болмайды.

                                                                                                                                                                                             




Надпись: Нәтижесінде 100 санын алу үшін жеті санның арасына + белгісін қойыңдар.
1     2    3    4     5    6    7  
 Сандардың қатарын өзгертуге болмайды.
                                                                                                                                                                                             




               

 

 

 

 

 

 

Жауабы:

9+8+7+65+4+3+2+1=99     немесе   9+8+7+6+5+43+21=99

1+2+34+56+6+7=100         немесе    1+23+4+5+67=100

 

  1. Жүз.

Кез келген арифметикалық амалдардың көмегімен не бес бірлікпен, не бес бестіктен 100 санын құрастыр. Бес бестіктен 100 санын екі түрлі тәсілмен құрауға болатынын ескер.

1    1    1    1    1  = 100

5    5    5    5    5  = 100

5    5    5    5    5  = 100

 
 

 

 

 

 

 

 

 


 Жауабы: 100=111-11 немесе  100=5*5*5-5*5 немесе 100=(5+5+5+5)*5

Сандық әткеншек.

37 санының қызықты қасиеті.

37*3=

37*6=

37*9=

37*12=

37*27=

 

 
Калькулятордың көмегімен келесі жазбалардағы амалдарды орында да, олардың сол және оң жақ бөліктерін салыстыр.

Бұл қасиетті тұжырымда.

 
 

 

 

 

 

 

 

 


«Әр түрлі амалдар – бір нәтиже» қасиеті бар 4, одан кейін 5, содан соң 6 және т.б. бірмәнді сандарды табыңдар.

2+2 = 4                                                    1+1+1+2+5 = 1*1*1*2*5

1+2+3 = 6                                                 1+1+1+3+3 = 1*1*1*3*3

1+1+2+4 = 1*1*2*4                                 1+1+2+2+2 = 1*1*2*2*2

2*2 = 4                                                     1+1+1+1+2+6 = 1*1*1*1*2*6

1*2*3 = 6

Сабақты  бекіту  сұрақтары:

            1. Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

2.  Калькулятордың қандай түрлері бар?

 

Үйге тапсырма: Калькулятор 

Оқушы білімін бағалау

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:   Мәтінді редакциялау және пішімдеу. Қаріп. Абзац.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты енгізу, мәтіндік құжаттар мен

                         мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық

                         элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы

                         туралы білімдерін қалыптастыру;

2. Тәрбиелілік:      Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

3. Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін  дамыту,

                                 пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,

                               баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын   көрнекті құралдар:    компьютер, оқулық, практикум,

          Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  1. Мәтінді енгізудің негізгі ережелерін атаңыз?
  2. Символдар және сөздерді жою әдістерін  сипаттаңыз
  3. Мәтінде сөздерді, жолдарды, мәтіннің кез келген фрагментін қалай ерекшелейді?
  4. Емле ережесін және грамматиканы тексеруді қалай жүзеге асырады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтіндік құжатты редакциялау

Мәтінді  редакциялау  электронды құжатқа өзгертулер енгізуге, оның белгілі бір бөліктерін өшіріп немесе орнын ауыстыруға, бірнеше құжаттарды біріктіруге немесе құжатты бірнеше бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді.

Редакциялау дегеніміз -  өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.Редакциялау – құжаттың белгіленген символдарын немесе бөліктерін көшіру, өшіру және орын ауыстыру арқылы  жүзеге асырылады. Көшіру құжаттың белгіленген орындарына қойып көбейтуге мүмкіндік береді. Орын ауыстыру кезінде белгіленген бөлік қиылып алынып, құжаттағы тиісті орынға қойылады, ал өшіргенде ол тек қана қиылып алынады.

1-әдіс:

1) мәтіннің бөлігін айқындап алып, оны алмасу буферіне орналастырыңыз;

2.  1) Орын ауыстыру үшін : Түзету –Қию (Вырезать) командасын орындаңыз немесе Стандарттық аспаптар тақтасындағы  батырмасын шертеміз.

2. 2)  көшіру үшін: Түзету – Көшіру (Копировать)  командасын орындаңыз  немесе  Стандарттық аспаптар тақтасындағы  батырмасын шертеміз.

3. курсорды  керек  (бөлікті  қойғыңыз келген) жерге апарыңыз;

4. Түзету – Қою (Вставить) командасын орындап, Стандарттық аспаптар  тақтасындағы батырмасын шерткеннен кейін бөлік құжат мәтініне алмасу буферінен қойылады.

2-әдіс:

1) мәтіннің бөлігін айқындап алыңыз;

2) бөлікке тышқанның сілтемесін апарыңыз;

3) тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, сол басулы күйінде жібермей ұстап, бөлікті жаңа орынға жылжытамыз.

4) тышқанның сол жақ  батырмасын жіберіңіз.

Мәтіндік құжатты форматтау

Мәтінді форматтау – құжатты толығымен немесе оның белгілі бір бөліктерінің сыртқы пішінін өзгертуге мүмкіндік береді. Құжаттың сыртқы пішіні де көп  нәрсені анықтайды. Сондықтан құжаттың мазмұнының тартымды болуымен қоса, оның сыртқы пішіні де көркем болуы керек.

Мәтінді форматтау дегеніміз – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.

Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу керек. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады.

Мәтінді форматтауға мыналар жатады:

·         әр түрлі қаріптерді пайдалану;

·         құжат өрісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрісін айқындау;

·         мәтінді бағандарға бөлу;

·         символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау.

Форматтаудың осы әрекеттерін Формат менюіндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады. Құжатты форматтау, яғни алдын ала белгіленген құжат мәтініне жаңа формат элементтерін енгізу негізінде орындалады.

Қаріп параметрлерін өзгерту

Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп (Шрифт) диалогтік терезесін ашатын Формат менюіндегі Қаріп командасы қолданылады. Қаріп командасының диалогтік терезесі үш қосымшадан тұрады.

Қаріп қосымшасы қаріптердің параметрін енгізу үшін қолданылады.

Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалынады (әдетте Times New Roman, Arial, Courier  және т.б.)

Сызылым (Начертание) өрісінде қаріптің төменде берілген сызылымы таңдалынады:

·         Обычный – қалыпты сызылым;

·         Курсив – курсив сызылымы

·         Полужирный – жартылай қарайтылған курсив сызылым

·         Полужирный курсив – жартылай қарайтылған курсив сызылым

·         Өлшем (Размер)  өрісінде қаріптің өлшемі таңдалады.

·         Астын сызу (Подчеркивание) өрісінде – «асты сызылған» сызықтарының типтері;

·         Түс (Цвет) өрісінде символдардың түстері берілген

·         Көрінуін өзгерту (Видоизменение) төртбұрыштарына мынадай жалаушаларды қоюға болады:

·         Астын сызу (зачеркнутый) – асты сызылған мәтін бір сызықпен сызылады.

·         Астын екі рет сызу (двойное зачеркивание)- асты сызылған мәтін екі сызықпен сызылды

·         Жоғары индекс (верхний индекс)- мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді

·         Төменгі индекс (нижний индекс) – мәтін төмендеп, символ өлшемі кішірейеді

·         Интервал (Аралық)  - арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді: қалыпты, ашылған, қысылған;

Құжат мәтіндері абзацтардан тұрады. С.И.Ожеговтың  сөздігінде «абзац» мағынасы былай беріледі: 1) қызыл жол, жол басындағы шегініс; 2) осындай екі шегініс арасындағы мәтін.

Абзац MS Word –та Enter  пернесінің басылуымен аяқталады. 

Абзац параметрлерін қою үшін Формат менюіндегі Абзац командасы қолданылады.  Осы команда таңдап алынған соң, Абзац диалогтік терезесі шығады.  Абзац шегіністері мен интервалды қою үшін Шегініс және аралық (Отступ и интервалы) қосымшаларын таңдау керек.

Туралау (Выравнивание) өрісінде абзацты туралау әдістері қойылады:

·      По левому краю – абзацты беттің сол жақ шеті бойынша туралау,

·      По центру – абзацты беттің ортасы бойынша туралау;

·      По правому краю – абзацты беттің оң жақ шеті бойынша туралау;

·      По ширине – абзацты беттің оң және сол жақ шеттері бойынша туралау;

Слева және справа өрісінде абзацтан парақ шеттеріне (сол және оң жақ) дейінгі қашықтықтар қойылады.

Первая строка (Бірінші жол) өрісінде абзацтың бірінші жолының шегініс түрлері берілген:

·      Нет –шегініс қойылмаған;

·      Отступ – қызыл жол, на өрісінде арақашықтық көрсетіледі;

·      Выступ – теріс абзацтық шегініс, на өрісінде арақашықтық көрсетіледі.

·      Перед және после өрісінде абзацтың бірінші жолына дейінгі және соңғы жолынан кейінгі қашықтықтар қойылады.

·      Междустрочный (Жоларалық) өрісінде бзац ішіндегі жоларалық интервалдар белгіленеді:

·      Одинарный – қаріптің типіне сәйкес стандартты интервал;

·      Полуторный – стандарттан 1,5 есе үлкен интервал;

·      Двойной – стандарттан 2 есе үлкен интервал

·      Минимум – мәні (значения) өрісінде көрсетілген интервалдан кіші емес интервал.

·      Точно – Мәні өрісінде көрсетілген интервалға тең интервал.

·      Множитель – Мәні өрісінде көрсетілген мәнге көбейтілген стандартты интервал.

Абзацты форматтаудың басқа түрлері Абзац диалогтік терезесінде орындалады.

IV. Сабақты бекіту.

1.  Редакциялау дегеніміз не?

2.  Қандай әдістермен редакциялауды орындауға болады?

3.  Орын ауыстыру мен көшіру амалдарын салыстырыңыз?

4.  Алмасу буфері дегеніміз не?

Үйге тапсырма беру:    Мәтіндік құжатты редакциялау, форматтау.

VI. Оқушыларды бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі.
                                                 Мәтін бойымен жылжыту. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу.

Сабақтың  мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік:Құжаттың құрылымы , стильі, баспа бетінің  геометриясы туралы және WordPad мәтіндік  редакторының

                    терезесі туралы  түсінік беру, мәтімен     жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды қыруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Тәрбиелік:Оқушыларды тәрбиелікке , ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың  ойлау қабілеттін ,логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері.

Сабақтың  өту барысы.

           1.Оқушылардың ұйымдастыру.

           2.Үйге берілген  тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

        Мәтіндік процессор-бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы.  Сонымен қатар пішмдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіндігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана  DOS-ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ.

           Казіргі кезде дербас компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланылады.

Пуск => Программы => Стандартные => WordPad ( Жіберу => Бағдарламалар =>Стандартты => WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.

            Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

            Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.

            Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланатын командаларды шығару батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін алу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.

WORDPAD қолданбасының арналуы:

1.Мәтінді теру.         2.Мәтін түзету.       3.Мәтінді пішімдеу.

-Қаріптің гарнитурасын таңдау.

-Қаріптің өлшемін өзгерту және таңдау.

-Қаріптің әлпетін басқару

-Қаріптің атрибутын басқару (түсін, алып тастауды, астын сызуды)

-Туралау әдістерін басқару (ортасы бойынша, оң жақ немесе сол жақ шеттері бойынша)

-Абзац мәтінінің сол жақ пен оң жақ өрістерінен шегісін және арнайы бірінші жол шегінісін беру

Құжатпен мәтінді дайындау процесінде дербес компьютердің мүмкіндіктері қандай?

ДК-дің мәтін мен құжатты жасау мүмкіндіктерін ұғыну үшін, төмендегілермен танысу керек:

  1. Мәтінді жөндеуге, мәтіннің үзінділерін кірістіруге, әр түрлі құжаттарды бір құжатқа «жапсыруға», мәтіннің шекараларын түзетуге, жолдарды ортаға туралауға, құжатты қандай да болса санын басып шығаруға және сақтауға болады.
  2. Әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
  3. Мәтінге кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге болады, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлендіруге болады (оны қисық бойы орналастыруға, «көлем» беруге, көлеңкелеуге және т.с.).
  4. Дайын жазудың мәтінін немесе кітаптың мәтінін сканерлеуге және тану бағдарламаларының көмегімен мәтін пішініне түрлендіруге болады.
  5. Стандартты құжаттарды дайындағанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.

ТЕРЕЗЕНІҢ  НЕГІЗГІ  ЭЛЕМЕНТТЕРІ  ЖӘНЕ  ОЛАРДЫҢ   МІНДЕТТЕРІ

  WordPad  мәтіндік  редакторы  қолданбасы  терезенің  құрылымы.

  1. Қолданбаның  пиктограммасы, файлдың  аты,  қолданбаның  аты  мен  терезенің  оң  жақ  бұрышындағы  оның  өлшемін  басқаратын  үш  батырма  бар  тақырыптық  жол.
  2. Меню  жолы.
  3. Құрал-саймандар  тақтасы.
  4. Пішімдеу  тақтасы.
  5. Пішімдеу  сызғышы. Негізгі  мәтінді  теру  өрісінің  басы  мен  аяғын, бас  жолды,  маркерлерді  орнату  үшін  қолданылады.
  6. Жұмыс  өрісі.  Терезенің  негізгі  бөлігі  мәтінді  теру  үшін  пайдаланылады.
  7. Қалып-күй  жолы.
  8. Тақталар, сызғыш  және  қалып-күй  жолы  пайдаланушының  қалауы  бойынша  экранда  болуы  немесе  алынып  тасталуы  мүмкін ( меню  жолындағы   «Түр»  пункті).

Терезенің  негізгі  элементтерін  атап, олардың  арналуы. WordPad  мәтіндік  редакторының  терезесімен  танысқанда, оның  әр  элементінің міндетіне  көңіл  аудару  керек.

     Аты

                     Міндеті

1

Тақырып  жолы

Терезені  басқару  батырмасы,  құжаттың   аты,  жүйелік   меню   бар.

2

Меню  жолы

Негізгі   командалар   бар

3

Құрал-саймандар  тақтасы

Көп  қолданылатын  командаларды  тез  шақыруға  арналған  батырмалар  бар

4

Пішімдеу  тақтасы

Мәтінді  пішімдеу  командаларына  тез  қатынау  батырмалары  бар 

5

Абзац  шегінісінің  маркері

Шегініс  орнатуға  арналған

6

Сызғыш

Мәтінді  шекарасын  реттеуге  арналған

7

Жұмыс  алаңы

Мәтінді  енгізуге  арналған

8

Қалып-  күй  жолы

Терезенің  қазіргі  жағдайын  көрсетуге  арналған

         Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін  ерекшелей білу керек.

Тышқанның көмегімен  ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуін қолданады. Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады    .    Пернетақтадан  ерекшелеген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімдерін бірге басу керек.

Мәтін бөліктерін ерекшелеу.

Кейде экранда бірден жолды, абзацты немесе тұтастай мәтінде ерекшелеген ыңғайлы. Бұл жағдайлар үшін арнайы  тәсілдер ойластырылған.

1.       Тұтас жолды ерекшелеу. Егер тыщқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекшеленеді.

2.       Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшелейді. Мәтінді тұтастай ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде Ctrl пернесі мен цифрлық қосымша пернетақтадан «5» санын басуға болады.

Батырмалардың көмегімен мәтін фрагментін ерекшелеу:          -  курсорды ерекшелейтін мәтіннің басына орнатыңыз;

          - бірдей уақытта  Shift және курсорды жылжыту батырмасын басыңыз.

Фрагменттің ерекшеленуін жою үшін терезенің жұмыс аймағының кез келген жерін тышқанмен шертіңіз.

Мәтінді енгізудің арнайы құралдары.Мәтінмен орындалатын амалдарды өзгерту құралдары. Егер сіз құжатпен жұмыс істеу барысында қате жіберсеңіз немесе соңғы амалды  өзгерткіңіз келсе, онда Түзету (Правка) менюінен Болдырмау (Отменить) командасын таңдаңыз.

          Соңғы өзгертілген амалды қайтару үшін Түзету (правка ) менюінен Қайталау (Повторить) командасын таңдау немесе осы батырманың жанындағы нұсқамасына шерту қажет.

Емле ережесін тексеру. Орфографиялық қатені тексеретін қуатты құралдарға ие. Мәтіндерге тексеру жүргізу үшін:

·         мәтіннің  басына көшу қажет

·         Сервис – Емле ережесі (правописание) командалары таңдалады,  сол кезде экранда диалогтік терезе шығады.

Диалог терезсінде дұрыс емес сөздер шыққан кезде, сіздерге ұсынылған  варианттардың бірін таңдау қажет немесе өз сөзіңізді енгізіп Алмастыру (Заменить)  батырмасын басыңыз. Сөз алмастыруды қажет етпеуі мүмкін , онда Өткізіп жіберу (Пропустить) батырмасын басасыз
Қаріп параметрлерін өзгерту

Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп (Шрифт) диалогтік терезесін ашатын Формат менюіндегі Қаріп командасы қолданылады. Қаріп командасының диалогтік терезесі үш қосымшадан тұрады.

Қаріп қосымшасы қаріптердің параметрін енгізу үшін қолданылады.

Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалынады (әдетте Times New Roman, Arial, Courier  және т.б.)

Сызылым (Начертание) өрісінде қаріптің төменде берілген сызылымы таңдалынады:

·         Обычный – қалыпты сызылым;

·         Курсив – курсив сызылымы

·         Полужирный – жартылай қарайтылған курсив сызылым

·         Полужирный курсив – жартылай қарайтылған курсив сызылым

·         Өлшем (Размер)  өрісінде қаріптің өлшемі таңдалады.

·         Астын сызу (Подчеркивание) өрісінде – «асты сызылған» сызықтарының типтері;

·         Түс (Цвет) өрісінде символдардың түстері берілген

·         Көрінуін өзгерту (Видоизменение) төртбұрыштарына мынадай жалаушаларды қоюға болады:

   Сабақты бекіту сұрақтары:

  • WORDPAD МӘТІНДІК  редакторының атқаратын қызметі қандай?
  • WORDPAD мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
  • WORDPAD мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.

Үйге тапсырма:  WordPad мәтіндік  редакторында жұмыс істеу, оқу

Оқушы білімін бағалау

 

Сабақтың тақырыбы:  Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.

                                             Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау),

                                             баспаға  дайындау. Баспадан шығару.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторына жұмыс істеуге үйрету.

Білімділік: Үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға, үзіндіні көшіруге,

                     жылжытуға және жоюға үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,  логикалық абстрациясын дамыту,

Сабақтың түрі:  Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды  оқулық,

Сабақтың өту барысы:

1.      Оқушыларды ұйымдаастыру

2.      Өткен материалды қайталау сұрақтары:

Соңғы әрекетті болдырмау командасы қалай орындалады?

Суреттерді сақтау командасы қалай орындалады?

Сақталған суреттерді  ашу командасы орыдалады?

Суретке мәтінді қалай енгізуге болады?

3.      Жаңа түсініктер:

Үзінді- Бұл суреттің белгіленген бөлігі. Үзінді мвна құралдар арқылы бөліне немесе белгіленеді:

Белгілеу батырмасы (выделение) Төрбұрышты үзіндіні таңдайды

Кез келген аймақты бөліп алу батфрмасы ерікті пішінді аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.

Үзінділермен орындалатын әрекеттер:

1.Алмасу буферіне қйып алу

2.Алмасу буферіне көшіру

3.Басқа жерге апару

4.Басқы жерге көшіру

5.Сурет бойынша көбейту

6.Пішіні мен көлемн өзгерту

7.Машстабын өзгерту, қисайту

8.Төңкеру және бұру

9.Түсін өзгерту

10.Өшіру (жою)

Үзіндіні жылжыту және  көшіру

1.Үзіндіні белгілейміз

2.Правка- Копировать немесе Вырезать командаларының бірін орындаймыз

3.Правка- Вставить командасын орындаймыз.

Үзіндіні беинелеу немесе бұру әрекеттері:

1.          Үзіндіні белгілеу

2.          Рисунок менюіндегі немесе қосымша менюдегі Оразитъ/Повернутъ коман-дасын орындаимыз

      Бұл команда арқылы үзіндіні тік (вертикалъ)

      Немесе көлденең (горизанталъ) осътеріне қатысты 90, 180, 270         градусқа бұруға болады.  

      Үзіндіні еңкейту немесе созу әрекеттері:

1.             Үзіндіні белгілеу.

2.             Рисунок менюіндегі немесе қосымша менюдегі Растянутъ/Накланутъ командасын орындаймыз.

Суретті қағазға басып шығару үшін Файл-Печать командасын орыңдаңдар.  Баспа (Печать)  диалогтық терезесі пайда болады.  Печатать бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп, Число копий өрісіне қажетті дана санын енгізіңдер.  Содан соң ОК батырмасын шертіңдер.

Құжат басылымға  қандай түрде берілетінін  қарап шығу үшін Файл-Предварительный просмотр командасын орыңдаңдар. Егер құжат кескіні өздеріңе ұнаса, осы терезеде Печать батырмасын шертіңдер.  Олай  болмаған жағдайда Закрыть  батырмасын шертіңдер де, суретті өңдеуді жалғастыру үшін,  Paint   программасының бас менюіне қайтыңдар.

              Масштабты қалай үлкейтеміз?

   Вид – Масштаб (Түр - Масштаб) командасын орындау керек.

Өрт қауіпсіздік ережесі2. Масштабты үлкейткеннен кейін қалай қалпына келтіреміз?

   Масштаб – Обычный (Масштаб- Кәдімгі) командасын орындау керек.

3. Суретті тұсқағаз ретінде пайдалану үшін қандай команданы орындау керек?

   Суретті сақтағаннан кейін Файл - Заполнить рабочий стол

    Windows немесе В центре рабочего стола командасын орындау керек.

4. Суретті басып шығару үшін,қандай команданы орындау керек?

    Файл – Печать (Файл – Баспа)командасын орындап,диалог терезес»нде беттің нөмірі мен көшірмелер санын көрсету керек.

5. Қандай команда суреттің баспаға шығатын түрін көруге мүмкіндік береді?

   Файл – Предварительный просмотр (Файл – Алдын ала көру)командасын орындау керек.

    «Paint графикалық редакторы» тақырыбы бойынша білім тексеру тестін жүргізу ұсынылады.   

 Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене  қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып   отырған оқушыларға ескертпелер бару арқылы   білімдерін бағалау.

1-тапсырма.Суретті өте ұқыпты қарап шығып, амалдар тізбегі мен қолданылатын командаларды ауыстырмай орындаңдар .

  1. Сурет сал:

а)  экран жартысына теңіз (толқын) суретін сал;

ә)  кеме сал;

б) суда жүзіп жүрген балықтарды сал;

в) аспандағы шағалаларды сал;

г)  кеменің сол жағына күннің суретін сал;

д) кеменің сол жағына пальмасы бар арал сал.

2. Суретті боя.

3. Мұғалімді шақыр.

4. Күннің суретін өшір.

5. Күннің орнына айдың  суретін сал.

6. Суда жүзіп жүрген балықты өзгертпей шағаланың аузына апар.

7. Жұлдыздар сал.

8. Кеменің  сол жағына орналасқан аралды, оның оң жағына жылжыт.

9. Кемені басқа жаққа бұр.

10. Біріншісімен бірдей шағаланың 3 көшірмесін сал.

11. Шағаланың екеуіноңға, ал екеуін солға бұр.

12. Мұғалімді шақыр.

      Егер  бұл жұмысты орындағанда тапсырманың барлық пункттерін толық орындап үлгермесеңдер, оны кез келген атпен сақтап қойыңдар. Келесі сабақта сол файлды ашып, тапсырманың орындалмаған тармақтарын орыңдаңдар. 

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Үзінді дегеніміз не?
  • Үзінділерді белгілеу жолдары қандай?
  • Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?
  • Үзіндіні жю әрекеті қалай орындалады?

Үйге тапсырма:    Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.

                                  Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау),

                                  баспаға дайындау.    Баспадан шығару

Оқушы білімін бағалау

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Өзідік жұмыс

Сабақтың  мақсаты:  оқушылардың ақпарат, компьютер құрылғыларынан алған білімдерін тексеру.

Дамытушылық:  Сынақ жұмысын алу барысында оқушылардың ойлау қабілетін,

                                             ой - өрістерін, білі – білік дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік:   Оқушыларды тиянақтылыққа,  ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі:    өзіндік жұмысы

Сабақтың барысы:   

                                    1. Ұйымдастыру

                                    2. Тапсырмаларын орындау

1-нұсқа

1.Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер  және т.б заттар қоюға болмайды?

А) Өте ауыр                                       В) Ауа алмасуы (желдету) бұзылады

С) Ұнамсыз                                        Д) Экран жабылып қалады

2. Компьютермен жұмыс істеген кезде қандай ережелерді міндетті түрде     сақтау керек?

А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау

В) Компьютерді Power батырмасын басу арқылы өшіру

С) Пернелерді ақырын басу

Д) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу

3. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсірмеу үшін не     істеу керек?

         А) Көзге арналған  гимнастиканы әрбір 10-15 минут сайын жасап отыру

         В) Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу

         С) Қолға арналған гимнастиканы әрбір  екі сағат сайын жасау

         Д) Арасында мониторды өшіріп отыру

4. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?

А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша  жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру

В) Компьютерді ажырату батырмасын басу

С) Тұрып кабинеттен шығу

Д) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу  және желдету

5. Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу.......... аспауы керек

А) 6 сағаттан                                     В) 45 минуттан  С) 2 сағаттан                                     Д) 15 минуттан

6. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер?

         А) Мұғалімді шақырамын                             В) Ақауды өз бетіммен жоямын

         С) Компьютерді электр желісінен ағытамын          Д) Сыныптасымнан көмек сұраймын

7. Көзден экранға дейінгі  арақашықтық қанша болуы керек?

А) 10-15 см                                  В) 20-30 см                            С) 40-50см                          Д) 55-65 см

8.  Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерге флешкалар мен  дискілерді қосуға     болмайтын себептерді көрсетіңдер:

А) Мектеп компьютерінен керегі жоқ ақпаратты  көшіріп алуы мүмкін

В) Компьютерді вируспен зақымдау қаупі бар

С) Компьютердің ажыратқыштарын жиі қолданғаннан олардың бұзылуы мүмкін

Д) Компьютерге көп ақпарат тасығыш қосуға болмайды 

9.                   Компьютерде орнатылған барлық программалар нені құрайды?

А) Аппараттық жабдықтаманы   В) Программалық жабдықтаманы

С) Жады құрылғысын                     Д) Процессорды

10. Компьютердің программалық жабдықтамасы  түрлерінің дұрыс тізімін табыңдар:

А) Басқару жүйелері, қосымшалар мен программалау жүйелері

В) Жүйелік ПЖ, қосымшалар мен программалау жүйелері

С) Программалар, ойындар, интернет-қосымшалар

      Д) Жүйелік Пж, қосымшалар, дерек қорлары

11. Мәтіндік процессор программалық жабдықтаманың қандай түріне жатады?

А) Жүйелік ПЖ В) Қосымшалар С) Программалау жүйелері           Д) Программалар

12. Операциялық жүйелер қандай программалық өнімдердің құрамына кіреді?

А) Қолданбалы программалық жабдықтаманың   В) Жүйелік программалық жабдықтаманың

С) Дерек қорларын басқару жүйесінің                      Д) Программалау жүйелерінің

13. Компьютер құрылғыларына қызмет көрсететін программалар қалай аталады?

А) Жүктеушілер В) Драйверлер   С) Трансляторлар            Д) Интерпретаторлар

14. Компьютерге қосылған принтермен жұмыс істеу үшін қандай программа керек?

А) Жүктеуіш                       В) Драйвер                         С) Утилита                         Д) Интерпретаторлар

15. ОЖ жүктелуі деген не?

А) ОЖ компьютердің жедел жадына орналасуы   В) Компьютер жұмысының басталуы

С) Сыртқы тасуыштан ақпарат оқу                        Д) Винчестерден ақпарат оқу

16. . Компьютерде дыбыстар мен жұмыс істеу үшін........ керек:

А) Дыбыс картасы           В) Желі картасы        С) Видеокарта           Д) Прццессор

17. Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:

А) Alt                                    В) Tab                 С) CapsLock                      Д) NumLock

18. Орыс тілінде «,» белгісін жазу үшін  бар пернемен бірге қай пернені басу керек?

А)  Shift В)  Alt                    С) Tab                  Д) Ctrl

19. Мәтін тергенде  сөздердің арасында қандай пернені басады?

А) Бос орын (пробел)      В) Alt                    С) Tab                                                  Д) Ctrl

20. Enter пернесі не үшін керек?

А) Енгізу              В) Курсорды жылжыту

С) Қосымша цифрлық пернетақтаны алмастыру                                  Д) Бас әріптер режимін алмастыру

                                        2- нұсқа

1.                   Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?

А) Әріптер                           В) Мәтіндер                       С) Сандар           Д) Нөлмен бірлер

2. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:

А) Бит                                   В) Байт                С) 1                       Д) Әріп

3. Бір байт –ол:

А) 10 бит                             В) 16 бит                             С) 8 бит Д) 4 бит

4.Бір символдық мәтін әдетте.........кодталады:

А) 1 битпен                         В) 1 байтпен                      С) Әріппен                          Д) Он битпен

5. 1Кбайт-ол:

А) 100 бит                           В) 1000 байт                      С) 1024 байт                       Д) 1500 байт

6. 1Мбайт –ол:

А) 100 Кбайт                      В) 1000 Байт                      С) 1024 Кбайт    Д) 1500Гбайт

7.  1Гбайт-ол:

А) 1024 Мбайт   В) 100 Кбайт                      С) 1000 Мбайт   Д) 1500 Мбайт

8. «Information»  сөзінде қанша бит бар?

А) 14                     В) 88                                     С) 72                     Д) 128

9.  Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады?

А) Мәтін              В) Сурет                              С) Музыка          Д) Видео

10. Қандай ақпарат дискіде ең көп орын алады?

А) Мәтін              В) Сурет                              С) Музыка          Д) Видео

11.Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер:

А) Саймандар тақтасы                                   В) Нысан белгішелері

С) Есептер тақтасы                                         Д) Бастау батырмасы

12. Экранның сағатты көрсететін аймағы

А) Жұмыс үстелі               В) Есептер тақтасы         С) Бас мәзір                        Д) Нысан белгішелері

13. Компьютерді өшіру үшын..........жеткілікті:

А) Бас мәзірдегі тиісті бұйрықта таңдау                  В) Компьютердің жүйелік блогындағы өшіру батырмасын басу

С) Менің компьютерім делгішесін басу                   Д) Тілдер тақтасын қолдану

14. Бас мәзірді шақыру үшін ..............керек:

А) Менің компьютерімді ашу      В) Бастау батырмасын басу          С) Есептер тақтасын ашу    Д) Қоржынды ашу

15. Бас мәзірдің Құжаттар бұйрығы:

А) Музыкалар топтамасын ашады             В) Файлдарды іздетеді.  

С) Бейнеалар топтамасын ашады                 Д) Құжаттар топтамасын ашады

16. Бас мәзірдің бейнелер бұйрығы:

А) Музыкалар топтамасын ашады             В) Құжаттар топтамасын ашады

   С) Бейнелар топтамасын ашады              Д) Файлдарды іздетеді.

17. Бас мәзірдің басқару тақтасы бұйрығы:

А)  Компьютердің параметрлерін баптайды                          В) Файлдарды іздетеді.    

   С) Бейнеалар топтамасын ашады.           Д) Принтерді баптау терезесін шығарады

18  Компьютердің қазіргі уақыттаға негізгі функциясы қандай?

А) Есептеу          В) Басқару        С) Ақпаратты іздеу            Д) Құжат құру

.. Жұмыс қабілеті мен басқаруды  қамтамасыз ететін программа:

А) Интернет        В) Операциялық жүйе     С) Операциялық қабыршық          Д) Windows

20. Артығын көрсет:

А) Суперкомпьютер         В) Үлкен компьютер       С) дербес компьютер       Д) Кіші компьютер

4. Жұмысын талдау

5.  Үйге тапсырма: §13,14 қайталау

Оқушы білімін бағалау

 

 

 

 

  

 

 

 

2-нұсқа

1.Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер  және т.б заттар қоюға болмайды?

А) Өте ауыр                                       В) Ауа алмасуы (желдету) бұзылады

С) Ұнамсыз                                        Д) Экран жабылып қалады

2. Компьютермен жұмыс істеген кезде қандай ережелерді міндетті түрде     сақтау керек?

А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау

В) Компьютерді Power батырмасын басу арқылы өшіру

С) Пернелерді ақырын басу

Д) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу

3. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсірмеу үшін не     істеу керек?

         А) Көзге арналған  гимнастиканы әрбір 10-15 минут сайын жасап отыру

         В) Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу

         С) Қолға арналған гимнастиканы әрбір  екі сағат сайын жасау

         Д) Арасында мониторды өшіріп отыру

4. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?

А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша  жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру

В) Компьютерді ажырату батырмасын басу

С) Тұрып кабинеттен шығу

Д) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу  және желдету

5. Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу.......... аспауы керек

А) 6 сағаттан                                     В) 45 минуттан  С) 2 сағаттан                                     Д) 15 минуттан

6. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер?

         А) Мұғалімді шақырамын                             В) Ақауды өз бетіммен жоямын

         С) Компьютерді электр желісінен ағытамын          Д) Сыныптасымнан көмек сұраймын

7. Көзден экранға дейінгі  арақашықтық қанша болуы керек?

А) 10-15 см                                  В) 20-30 см                            С) 40-50см                          Д) 55-65 см

8.  Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерге флешкалар мен  дискілерді қосуға     болмайтын себептерді көрсетіңдер:

А) Мектеп компьютерінен керегі жоқ ақпаратты  көшіріп алуы мүмкін

В) Компьютерді вируспен зақымдау қаупі бар

С) Компьютердің ажыратқыштарын жиі қолданғаннан олардың бұзылуы мүмкін

Д) Компьютерге көп ақпарат тасығыш қосуға болмайды 

10.               Компьютерде орнатылған барлық программалар нені құрайды?

А) Аппараттық жабдықтаманы   В) Программалық жабдықтаманы

С) Жады құрылғысын                     Д) Процессорды

10. Компьютердің программалық жабдықтамасы  түрлерінің дұрыс тізімін табыңдар:

А) Басқару жүйелері, қосымшалар мен программалау жүйелері

В) Жүйелік ПЖ, қосымшалар мен программалау жүйелері

С) Программалар, ойындар, интернет-қосымшалар

      Д) Жүйелік Пж, қосымшалар, дерек қорлары

11. Мәтіндік процессор программалық жабдықтаманың қандай түріне жатады?

А) Жүйелік ПЖ В) Қосымшалар С) Программалау жүйелері           Д) Программалар

12. Операциялық жүйелер қандай программалық өнімдердің құрамына кіреді?

А) Қолданбалы программалық жабдықтаманың   В) Жүйелік программалық жабдықтаманың

С) Дерек қорларын басқару жүйесінің                      Д) Программалау жүйелерінің

13. Компьютер құрылғыларына қызмет көрсететін программалар қалай аталады?

А) Жүктеушілер В) Драйверлер   С) Трансляторлар            Д) Интерпретаторлар

14. Компьютерге қосылған принтермен жұмыс істеу үшін қандай программа керек?

А) Жүктеуіш                       В) Драйвер                         С) Утилита                         Д) Интерпретаторлар

15. ОЖ жүктелуі деген не?

А) ОЖ компьютердің жедел жадына орналасуы   В) Компьютер жұмысының басталуы

С) Сыртқы тасуыштан ақпарат оқу                        Д) Винчестерден ақпарат оқу

16. . Компьютерде дыбыстар мен жұмыс істеу үшін........ керек:

А) Дыбыс картасы           В) Желі картасы        С) Видеокарта           Д) Прццессор

17. Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:

А) Alt                                    В) Tab                 С) CapsLock                      Д) NumLock

18. Орыс тілінде «,» белгісін жазу үшін  бар пернемен бірге қай пернені басу керек?

А)  Shift В)  Alt                    С) Tab                  Д) Ctrl

19. Мәтін тергенде  сөздердің арасында қандай пернені басады?

А) Бос орын (пробел)      В) Alt                    С) Tab                                                  Д) Ctrl

20. Enter пернесі не үшін керек?

А) Енгізу              В) Курсорды жылжыту

С) Қосымша цифрлық пернетақтаны алмастыру                                  Д) Бас әріптер режимін алмастыру

                                     

 

3- нұсқа

 

2.                   Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?

А) Әріптер                           В) Мәтіндер                      

С) Сандар                           Д) Нөлмен бірлер

2. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:

А) Бит                                   В) Байт               

С) 1                                       Д) Әріп

3. Бір байт –ол:

А) 10 бит                             В) 16 бит                            

С) 8 бит                                 Д) 4 бит

4.Бір символдық мәтін әдетте.........кодталады:

А) 1 битпен                         В) 1 байтпен                     

С) Әріппен                          Д) Он битпен

5. 1Кбайт-ол:

А) 100 бит                           В) 1000 байт                     

С) 1024 байт                       Д) 1500 байт

6. 1Мбайт –ол:

А) 100 Кбайт                      В) 1000 Байт                     

С) 1024 Кбайт    Д) 1500Гбайт

7.  1Гбайт-ол:

А) 1024 Мбайт   В) 100 Кбайт                     

С) 1000 Мбайт   Д) 1500 Мбайт

8. «Information»  сөзінде қанша бит бар?

А) 14                     В) 88                                    

С) 72                     Д) 128

9.  Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады?

А) Мәтін              В) Сурет                             

С) Музыка          Д) Видео

10. Қандай ақпарат дискіде ең көп орын алады?

А) Мәтін              В) Сурет                             

С) Музыка          Д) Видео

11.Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер:

А) Саймандар тақтасы                                   В) Нысан белгішелері

С) Есептер тақтасы                                         Д) Бастау батырмасы

12. Экранның сағатты көрсететін аймағы

А) Жұмыс үстелі               В) Есептер тақтасы        

С) Бас мәзір                        Д) Нысан белгішелері

13. Компьютерді өшіру үшын..........жеткілікті:

А) Бас мәзірдегі тиісті бұйрықта таңдау                 

В) Компьютердің жүйелік блогындағы өшіру батырмасын басу

С) Менің компьютерім делгішесін басу                  

Д) Тілдер тақтасын қолдану

14. Бас мәзірді шақыру үшін ..............керек:

А) Менің компьютерімді ашу                                     В) Бастау батырмасын басу         

С) Есептер тақтасын ашу                                               Д) Қоржынды ашу

15. Бас мәзірдің Құжаттар бұйрығы:

А) Музыкалар топтамасын ашады             В) Файлдарды іздетеді.  

С) Бейнеалар топтамасын ашады                 Д) Құжаттар топтамасын ашады

16. Бас мәзірдің бейнелер бұйрығы:

А) Музыкалар топтамасын ашады             В) Құжаттар топтамасын ашады

   С) Бейнелар топтамасын ашады              Д) Файлдарды іздетеді.

17. Бас мәзірдің басқару тақтасы бұйрығы:

А)  Компьютердің параметрлерін баптайды                          В) Файлдарды іздетеді.    

   С) Бейнеалар топтамасын ашады.                                          Д) Принтерді баптау терезесін шығарады

18  Компьютердің қазіргі уақыттаға негізгі функциясы қандай?

А) Есептеу                                                         В) Басқару       

С) Ақпаратты іздеу                                         Д) Құжат құру

19. Жұмыс қабілеті мен басқаруды  қамтамасыз ететін программа:

А) Интернет                                                       В) Операциялық жүйе    

С) Операциялық қабыршық                          Д) Windows

20. Артығын көрсет:

А) Суперкомпьютер         В) Үлкен компьютер      

С) дербес компьютер       Д) Кіші компьютер

 

 

 

  

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Модель түрлері

 Сабақтың мақсаты:   

Білімділік:   Оқушыларды модель  түрлерімен таныстыру, модельдеудің 

                       қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру

Дамытушылық: Оқушыларға модель түрлері  туралы түсінік бере отырып 

                               ой – өрістерін,  білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік:  Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың барысы:

 1.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару

 2. Өткен материалды қайталау сұрақтары

Модель дегеніміз не?

Модельдің өмірдегі нақты объектіден немесе процестен қандай айырмашылығы бар?

Модельдеу деген не?

Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

3.Жаңа сабақты түсіндіру

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынандай топтарға жіктеуге болады:

3.      Қолдану аймағы бойынша;   

4.     . Уақыт факторы бойынша;

 3.Білім саласына қарай;    

 4.  Модельді көрсету тәсіліне қарай.

1. Қолдану аймағы бойынша:

   Оқыту модельдері-үйрету, оқыту барысында қолданылады. Әртүрлі жаттықтырушылар, көрнекі құралдар, оқыту бағдарламалары. 

   Зертханалық модельдер-үлкейтілген немесе кішірейтілген көшірмесі нысанды зерттеуге және  болашақ қасиеттерін болжауға арналған;

  Ғылыми-техникалық-әртүрлі құбылыстар мен үдерістерді зерттеуге. Мысалы күн жүйесі ғалам шарлардың жылжу моделі.

  Ойын модельдері-әскери ойындар, экономикалық. Мұндай модельдер арқылы әртүрлі  жағдаяттарда нысанның іс-әрекетін қарастыруға, шиеленісті жағдайларды шешуге, психологиялық көмек көрсетуге болады.

 Еліктеу модельі-нақты нысанды әртүрлі дәрежеде  көрсетіп қана қоймай, оған  еліктейді..

2. Уақыт факторы бойынша:

Статикалық-нақты бір уақыт аралығында, болып жатқан өзгерістерді  елеп-ескермейтін нысандарды сипаттайды.

 Динамикалық-бір уақыт ішінде нысанның өзгеру үдерісін сипаттайды. Мысалы зертханада өткізілетін тәжірибе  динамикалық модельге жатады.

3. Білім саласына қарай: Бұған келесі модельдерді жатқызуға болады:физикалық, химиялық, географиялық, тарихи, математикалық. Биологияда  модель арқылы әртүрлі биожүйелерді зерттеуге болады.

4. Модельді көрсету тәсіліне қарай-материалдық, ақпараттық болады.

 Материалдық модельдер- түпнұсқаның физикалық және геометриялық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық  модельдердің қарапайым мысалдары: ойыншықтар, глобкс, адам қаңқасы, физикалық тәжірибелер.

0021-034-9  материалдық модель.

 Ақпараттық модель-нысанның қасиеттерін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы ортамен өзара байланыс болып табылады. Бұл тәсіл қоршаған ортамен теориялық түрде танысу әдісі болып табылады.

Ақпараттық модель вербальдық және таңбалық  болып бөлінеді.

Вербальдық  модель дегеніміз-  ойша немесе әңгіме түрінде жасалған модель.

Әртүрлі таңбалармен көрсетілген ақпараттық модель таңбалық болып табылады.

Ақпараттық модельдер:  ауызша модель- ауызша және жызбаша сиапттаулар. Кез-келген әдеби шығарманы  модель деп қарастыруға болады.

Суретші салған картина,  оқулықтың ішіндегі сызбалар графикалық модельдерге жатады. Құрылымына қарай ақпараттық модельдер кестелік болады.

 

Аялдама аттары

Аялдау уақыты

Цирк

0:20

Жастар көшесі

0:15

Абай даңғылы

0:10

Мектеп

0:15

 

4. Сабақты бекіту сұрақтары:

Модель қандай топтарға бөлуге болады?

Оқу модельдеріне мысал келтіріңдер

Материалдық модель деген не?

Ақпараттық модель дегеніміз не?

Графикалық модельдерге мысал келтіріңдер.

5. Сабақты қорыту:

Оқушылардың модель құруы, мысалдар келтіру.

Үйге тапсырма: §13.1 Модель, 127-131 беттер оқу.

Оқушы білімін бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу

 Сабақтың мақсаты:   

Білімділік:   Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдеудің 

               қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру

Дамытушылық: Оқушыларға модельдер және модельдеу туралы түсінік бере отырып

                        ой – өрістерін,  білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік:  Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың барысы:

 1.Ұйымдастыру. Оқушыларды үгендеу, назарын сабаққа аудару

 2. Өткен материалды қайталау сұрақтары

·        Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?

·        Алгоритмдері графиктік түрде кескіндеу ерекшілектері қандай?

·        Блок-схема дегеніміз не?

·        Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?

·        Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?

3.Жаңа сабақты түсіндіру

Ертеден бері адамзат үдерістерді, нысандарды, құбылыстарды зерттеу барысында  модель тәсілін қолданып келеді   бала туылғаннан бастап қызықты да күрделі қоршаған ортамен танысады  баланың ойыншықтары қоршаған ортадағы адамдарға, автокөліктерге ұқсайды.

Мектепте әртүрлі нысандар  және құбылыстар модельдер көмегімен оқытылады. Мысалы, сурет сабағында түрлі бейнелер, биология кабинетінде аңдардың, құстардың, қолдан жасалған мүсіндері,  география пәнінде глобус, әртүрлі карталар қолданылады.. Яғни, модельдерді құру  және оларды зерттеуадамның кез-келген іс-әрекетінің бөлінбейтін бөлшегі болып табылады.

Модель термині көп мағыналы:

Модель ол-

-нысанның қарапайым көшірмесі;

-заттың кішірейтілген түрі (макеті;

-табиғатта, қоғамда болып жатқан  кейбір құбылыстарды сызба, сурет немесе сипаттау түрінде көрсету

Модель- нысанның, құбылыстың, үдерістің кейбір ерекшеліктерін сипаттайтын көрсетілім.

Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Әрбір адамның күнделікті іс - әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу т.б. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.

Модель – көрнекті түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақыттта біздің ойымызда бейнеленетін прототип болғанға дейін жасалады.

Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.

Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала  туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз.Мұндағы мақсатымыз – басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты – үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіпқайта жаңарту болып табылады.

Алдын ала сызбасын салмай күрделі механизмнен бұрын, қарапйым детальды да орындау мүмкін емес. Ғимараттарды, зәулім сарайларды жобалау алдында сызбадан басқа олардың сұлбасын жасайды.

Модельдеу- модельді құру және зерттеу үдерісі.

Модель- модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып-үйренетін нысанның, құбылыстың кейбір жақтарын ұқсатып бейнелейтін жаңа нысан.

Модель-нысанның нақты жұмысын істеуіне сәйкес  келетін анықталған өлшемдер бойынша жұмыс істейтін физикалық, ақпараттық алмастырушы.

Модельдеу  дегеніміз- нысан құбылыстарын, үдерістерін немесе жиындарының моделін құру мен зерттеу тәсілі. Модельдеу арқылы бұрын болып , жойылып кеткен нысандарды зерттеуге болады.

Модель мақсаты:

-ұшақты басқаруды үйрететін жаттығу құрылғысы;

- киім үлгілерін көрсететін манекен;

-Бәйтеректің сызбасы;

Сонымен,  модельдеудің негізгі мақсаты-нысанды немесе құбылыстарды зерттеу үшін құрылған модель.

Бір нысанға қолдану  мақсатына қарай  сан алуан модель құруға болады, әр түрлі нысандарды бір модель арқылы сиапттауға болады. Мысалы, нысан-адам.

Овал:   


              Манекен                                                 Фотосурет

 

               Қуыршақ                                                      Видеофильм

 

               Скульптура                                                 Анкета

 

   Өндірістік жұмыстар                                            Медициналық карточка  

 

 

Механикада ол-материалды нүкте, химияда  неше түрліхимиялық заттардан құралған нысан, биологияда-өзін-өзі қорғайтын жүйе.

Модельдің негізгі қасиеттері:

-бейімділік;

-дәлдік;

-құндылық. 

Модельдердің қасиеттері модельдеу мақсатына байланысты болады.

4. Сабақты бекіту сұрақтары:

Модель дегеніміз не?

Модельдің өмірдегі нақты объектіден немесе процестен қандай айырмашылығы бар?

Модельдеу деген не?

Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

5. Сабақты қорыту:

Оқушылардың модель құруы.

Үйге тапсырма: §13 Модель, 123-125 беттер оқу.

Оқушы білімін бағалау

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:       Алгоритм және оның атқарушылары

Сабақтың  мақсаты:  

           Білімділігі: Оқушыларды алгоритм ұғымымен таныстыру, мағлұмат беру

           Тәрбиелігі:  Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.                                                                   

           Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, 

                                               пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:   жаңа сабақты меңгерту сабағы   

Сабақтың өту әдісі:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер, интерактивті тақта, презентация. 

Сабақтың барысы:    

                         1) ұйымдастыру кезеңі

                          2) сабақ сұрау

                          3) жаңа  сабақ

                          4) бекіту

                          5) үйге тапсырма

                          6) қорытынды

 1.Қоңырау  соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастау.

2.    * Ақпарат дегеніміз не?

·        Ақпарат тасымалдаушылар түрлері?

·        ОЖ ұғымы мен  файлға анықтама

·            «Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

·            Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.

·  Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

·          Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін – программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.

Алгоритм қасиеттері

Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық әрекеттердің мағынасы айқын, нықты анықталған болу керек. Онда қандай қадам көрсетілсе тек солар ғана орындалуы қажет. Есеп шығаруға керектің бәрі анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.

1.      Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек. Бұл қасиеті бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар одан кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттер жіктеледі. Сондықтан алгоритмді, екі-үш бқлікке бөліп, оларды жеке қабылдай алатын дәрежеде жұмыс істелінуі қажет.

2.      Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез-келген алгоритмнің нәтижесі болу керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет.

3.      Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға қарсы ғана арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.

4.      Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындаушы оныәр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді.

         қолданылады.

Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы

               Алгоритмдік тіл деп – орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерімен пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тіл бір жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін түрінде жазады және оқиды. Алгоритмдік тіл – математикалық белгілер сандар, шамалар мен функция атаулары, арифметикалық белгілері, жақша және басқа да символдармен қатар белгілі бір қызмет атқаратын терминдер қамтиды. Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым белгілер – тілдің символдары деп, ал ондай символдар жиынын – оның алфавиті деп атайды.

                   Алгоритмдерді жәні алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды. Паскаль, Си, Дельфи, Бейсик, Фортран тәрізді программалау тілдері – ағылшын тіліндегі кейбір сөздерді алгоритм құруда кеңінен пайдаланады. Ол сөздердің саны онша көп емес, оларды түйінді сөздер деп атайды. Әр компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады. Алгоритмдік тілде және программалау тілінде программа жазу – ыңғайлы болып табылады. Оларды белгілі бір машинада орындау үшін сол программалау тілін машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш программалар болуы керек, оларды транслятор деп атайды. Трансляторлар үш түрге бөлінеді: интерпретатор, компилятор және ассемблер.

              Интерпретатор – берілген прогамманың әрбір жолын (командасын) жеке-жеке аударып отырып орындайтын транслятор түрі.

              Компилятор – бірден барлық программа мәтінін толық аударып машина тіліндегі бір модуль түріне келтіреді де, сонан соң сол модульді компьютер жадына қайта жазып алып, оны кейін тек біздің алауымыз бойынша орындайды.

Сабақты бекіту сұрақтары

·        Алгоритм дегеніміз не?

·        Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?

·        Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?

·        Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?  Түйінді сөздерге нелер жатады?

·        Интерпретатор, компилятор және ассемблердің айырмашылықтары қандай?

Оқушы білімін бағалау.

Үйге тапсырма:  §2 - тақырыбын оқу

Сабақтың тақырыбы:       Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.

Сабақтың  мақсаты:  

           Білімділігі: Оқушыларды алгоритмді  жазу пішімімен, блок-схемалар

                               ұғымымен таныстыру, мағлұмат беру

           Тәрбиелігі:  Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.                                                                   

           Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, 

                                               пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:   жаңа сабақты меңгерту сабағы   

Сабақтың өту әдісі:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер,  презентация. 

Сабақтың барысы:    

                         1) ұйымдастыру кезеңі

                          2) сабақ сұрау

                          3) жаңа  сабақ

                          4) бекіту

                          5) үйге тапсырма

                          6) қорытынды

 1.Қоңырау  соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастау.

 * Алгоритм дегеніміз не?

§  Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?

§  Алгоритмнің нәтижелік қасиеті.

3.      Жаңа сабақ

Алгоритм жазу жолдары

            Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:

       1) табиғи тілдегі жазылуы;

       2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу;

       3) графиктік жолмен жазу;

       4) программалау тілдеріндегі жазылуы.

            Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен осы программалау тіліндегі программаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өндеу жұмысында кеңінен қолданылады.

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі

               Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс. Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.

Блоктар кескіндемесі

Блоктар қызметі

1

 

Алгоритм басы

2

 

Алгоритм соңы

3

 

Есептеуіш әрекет

4

 

Мәліметтерді енгізу, мәліметтерді шығару

5

 

 

 

 

Ромб: шарт

                             жоқ                иә

 

Шартты тексеру

6

 

Циклдың басы

7

 

Көмекші алгоритмді шақыру

8

 

Байланыс бағытын көрсету

Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы

               Алгоритмдік тіл деп – орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерімен пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тіл бір жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін түрінде жазады және оқиды. Алгоритмдік тіл – математикалық белгілер сандар, шамалар мен функция атаулары, арифметикалық белгілері, жақша және басқа да символдармен қатар белгілі бір қызмет атқаратын терминдер қамтиды. Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым белгілер – тілдің символдары деп, ал ондай символдар жиынын – оның алфавиті деп атайды.

                   Алгоритмдерді жәні алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды. Паскаль, Си, Дельфи, Бейсик, Фортран тәрізді программалау тілдері – ағылшын тіліндегі кейбір сөздерді алгоритм құруда кеңінен пайдаланады. Ол сөздердің саны онша көп емес, оларды түйінді сөздер деп атайды. Әр компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады. Алгоритмдік тілде және программалау тілінде программа жазу – ыңғайлы болып табылады. Оларды белгілі бір машинада орындау үшін сол программалау тілін машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш программалар болуы керек, оларды транслятор деп атайды. Трансляторлар үш түрге бөлінеді: интерпретатор, компилятор және ассемблер.

              Интерпретатор – берілген прогамманың әрбір жолын (командасын) жеке-жеке аударып отырып орындайтын транслятор түрі.

              Компилятор – бірден барлық программа мәтінін толық аударып машина тіліндегі бір модуль түріне келтіреді де, сонан соң сол модульді компьютер жадына қайта жазып алып, оны кейін тек біздің алауымыз бойынша орындайды.

IV.Сабақты бекіту сұрақтары                           

·        Алгоритм дегеніміз не?

·        Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?

·        Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?

·        Блок-схема дегеніміз не?  Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?

·        Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?  Түйінді сөздерге нелер жатады?

·        Интерпретатор, компилятор және ассемблердің айырмашылықтары қандай?

Оқушы білімін бағалау.

V.Үйге тапсырма:  §1.2 - §1.8  тақырыптарын оқу, 13 беттегі тапсырманы  1,2,3 орындау.

 

                                     

Сабақтың тақырыбы:           Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер).

Сабақтың  мақсаты:  

            Білімділігі:  Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету;

Дамытушылығы:  Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік:    Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Сабақтың барысы:   

                                    1. Ұйымдастыру

                                    2. Өткен материалды қайталау

                                    3. Жаңа сабақты түсіндіру

                                    4. Сабақты бекіту

                                    5. Үйге тапсырма

-Өткен материалды қайталдау сұрақтары

  • Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
  • Алгоритмдері графиктік түрде кескіндеу ерекшілектері қандай?
  • Блок-схема дегеніміз не?
  • Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?
  • Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?

Жаңа сабақты түсіндіру

Алгоритм командалары

            Алгоритм командалары есеп шартына байланысты жай және құрама командалардан тұрады.

           Жай команда. Кез келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы ақпаратты өңдеудің немесе өрнектеудің операциясын орындайтын жай командадан тұрады. Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу және нәтиже алу командалары жатады.

            Құрама командалар. Жай командалардан құрылымы күрделі құрама командалар құралады. Құрама командалар құрылымына байланысты тізбекті, тармақталу және циклдік  топтардан немесе бірыңғайланған алгоритмдік құрылымдардан тұрады. Олардың жай командадан ерекшелігі бірнеше командадан құрылады және орындалуы берілген шарттарға негізделеді.

Алгоритм құрылымы

               Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.

              1.  Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуысызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы:

алг үй тапсырмасын орындау

басы

           күнделікті алу, тиісті бетін ашу,

           үй тапсырмасын анықтау

           үй тапсырмасын орындау

           күнделікті орнына қою

соңы

         Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

         Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді. Мысалы, төменде көрсетілген Z функциясының сандық мәнін есептеп шығару алгоритмін жасау керек болсын.

                               

                  Z = ax2  + b + cos (ax2   + b) – tg (ax2+ b)       

         Бұл функцияның мәнін табу үшін алдымен жақшада тұрған  ax 2 + b көпмүшелігін жеке есептеп алу қажет, себебі ол   тізбек үш рет есептеліп, орындаушы машина оған уақытты  көп кетіреді. Есептеліп болған Z функциясының мәні    қағазға не экранға басылып шығуы тиіс. Жалпы компьютер   жадына a, b, x мәндері алдын – ала енгізілуі керек.

    алг   Z функциясын есептеу

            (нақ  a, b, x, z )

             арг  a, b, x

            нәт  z

             басы

                      a, b, x  енгізу  

                      t : = ax 2 + b

                      z : = t + cost + tgt

                      x, z  шығару

 соңы

  Сонымен қарастырылған алгоритм қарапайым сызықтық  алгоритмнің мысалы болып табылады. Мұндағы 2-блок - a, b, x   мәндерін пернелерден программаға енгізу блогы, 3-блок t - ның,

 ал 4-блок Z функциясының мәндерін есептейді. 5-блок х  айнымаласының және Z функциясының нәтижесін қағазға басып шығарады.

           2.  Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік алгоритмдік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпесе, бітті

түйінді сөздері пайдаланылады. Орынду тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.

           3.  Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуы цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритдер тобы циклдік алгоритмдер жатады. Қайталану командасын алгоритмдік жазу үшін әзірше (әзір), цикл бар (цб), және цикл соңы (цс) түінді сөздер қолданылады.

Тапсырма:  (33 бет 2 жаттығу)

              Екі үшбұрыш қабырғалары a, b, c және d, e, f  деп берілген. Қайсы үшбұрыштың үлкен екенін

              анықтау қажет.

  1. Күрделі тармақталу
  2. Күрделі шарттарды пайдалану
  3. Арифметикалық циклдер
  4. Итерациялық (қадамдық) цикл.

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
  • Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
  • Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
  • Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?
  • Есеп шығару:
  • алг  екі санның үлкенін анықтау

(нақ а,b, max)

арг (а,b.)

нәт  (max)

басы

            егер а>b

            онда max:=a

            әйтпесе max:=b

            бітті

соңы

Үйге тапсырма: 1.9 - 1.10 тақырыптарын оқу. 32 бет, 1, 4 жаттығулар.

Оқушы білімін бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "6 сыныпқа сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 615 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 2359
    • DOCX 1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманбаева Анира Барашқанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аманбаева Анира Барашқанқызы
    Аманбаева Анира Барашқанқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26326
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 44 регионов

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: продвинутый дизайн

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов
Сейчас в эфире

Как школьному учителю зарабатывать онлайн?

Перейти к трансляции