Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыСынып сағаты "Жол жүру ережесі"

Сынып сағаты "Жол жүру ережесі"

Скачать материал

Жолда жүру ережесі

 

Сабақтын тақырыбы: Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

 

Сабақтын мақсаты: 1) Балаларды жол, көлік апаттарынан сақтандырып,  

                                          жол ережесін қатаң сақтауға үйрету.

                                      2) Жол белгілерімен таныстыру.

                                      3) Оқушылардың бағдаршам туралы түсініктерін  

                                          кеңейту, жолда жүру ережесі өз өмірлері үшін қажет        

                                          екенін түсіндіру.

 

Сабақтын барысы: -Балалар, біз бүгінгі сынып сағатымызда «Жолда жүру                        

                                    ережесін сақта» деп атадық.Ойткені біз кішкене    

                                    кезімізден жолаушы болып көлікке мінеміз, жаяу    

                                    жүргінші болып көшеге шығамыз, мектепке бару үшін

                                    көшені қиып өтеміз. Өз өмірімізді сақтау үшін басқа

                                    адамдарға қауіп төндірмеу үшін көшеге жүру тәртібін

                                    ересектер де, балалар да қатаң сақтау керек. Сендер

                                    ойын баласы болғандықтан қыстыгүні шана, коньки

                                    тебесіңдер, жазда доп, футбол ойнайсыңдар.кейбір

                                    балалар сырғанақтап машина артына жабысып ойнайды,

                                    кейбір балалар жақын келе жатқан көліктің алдынан

                                    өткенді «ерлік» деп санайды.Осының бәрі  өз өмірлеріңе  

                                    үлкен қауіп екенін, ойынның да орны барын               

                                    естен шығармау керек.

 

Мұғалім: Енді  біз өз сыныбымыздың оқушылары жол ережесі туралы не 

                  білетіндерін тыңдап көрейік.

 

1 оқушы: Сен көшеге шықтың. Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау  

                  үшін әуелі сол жағыңа, содан кейін оң жағыңа қара.

 

2 оқушы: Мектепке барар жолды не көшені барынша аз қиындықпен өтетін 

                  жолды таңдап ал.

 

3 оқушы: Қала көшесімен келе жатқанда абай бол. Асықпа, тротуармен

                  немесе жол жиегімен ғана жүр.

 

4 оқушы: Еш уақытта жүріп келе жатқан көлікке секіріп мінуге болмайды.

 

5 оқушы: Сондай-ақ көлік тоқтағанша одан түсуге де рұқсат етілмейді.

 

6 оқушы: Қыстыгүні машина артына жабысуды қызық көрген қауіп

                 туғызады.

 

 

Мұғалім : - Балалар, біздің оқушыларымыз  жол тәртібі туралы көп нәрсе

                   біледі екен. Оларды тындап біз де көп мағлұмат алдық. Енді

                   жұмбақ шешіп көрейік.

 

1.     Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам (ГАИ қызметкері)

 

2.     Көзін ашып, жұмады

Бағыт сілтеп тұрады ( бағдаршам)

 

3.     Екі аяқты, бір ізді

Үстіне адам мінгізді (велосипед)

 

4.     Үш көзі бар қаз-қатар,

      Кезек-кезек ашады

     Үшеуіне байқасақ

     Үш түсті нұр шашады (бағдаршам)

 

Мұғалім:- Дұрыс балалар. Ал енді біз бағдаршам туралы не білеміз?

 

1 Оқушы: Үш түсті түрі бар,

                   Жөн сілтер тілі бар

                   Бағдаршам дегеннің,

                   Сырын жақсы біліп ал.

 

2 Оқушы: Қызыл жарық жанғанда

                   Қалт тоқтай қал табанда.

Қызыл түс қозғалысқа тыйым салады,  өйткені бөл қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де  жақсы көрінеді.

 

3 Оқушы: Сары жарық жанғанда,

                   Сақ абай бол барынша!

Сары түс негізгі белгі және жасыл мен қызыл түстердің арасындағы айырым белгісі. Бұл да көрінетін түс.

 

4 Оқушы: Жасыл жарық жол ашық

                    Зымырай бер, бел асық

Жасыл түс қозғалысқа рұқсат береді. Сондай-ақ бұл түс қызыл түстен ажаратылады.

 

Мұғалім: Жарайсындар, дұрыс, балалар. Ал қазір көрініс көріңіздер.

 

Көрініс: түлкі, қоян, мысық, инспектор. Түлкімен қоян сөз таластырып,

               белдері майысып келек жатқан. Инспектор таң қалып қарап  

               қалады.

 

Инспектор: Түлкі, қоян сендерге не болды?

 

Түлкі: Мен өзім жүр едім серуендеп, қыдырып,

           Қоян ғой, келді де мақтанды жұлынып.

           Мінгізіп алды да айдады-ай құтыртып,

           Байқамай қалдық бір тасқа сүрініп.

 

Қоян: Сен қашан қоясың қылықты алдаған?

           Өзін ғой мінгіз деп артымнан қалмаған.

           Рульде мен емес, сен едің ғой отырған,

           Маған кеп пәлені жабасың жалма-жан.

 

Инспектор: Өздерің жол тәртібін білмейсіңдер,

                      Тағы да бір-бірінді тілдейсіңдер.

                      Инспектор сынақтан өткізбесе,

                      Бұдан кейін великке мінбейсіндер.

 

Осы кезде аянышты мияулап мысық шығады.

 

Инспектор: Мысығым-ау не болды?

 

Мысық : Анау жерде достарым тұр, тіл алмай тығылып,

                 Футбол тептік білместікпен дәл көшеге жиылып.

                 Ескертсе де, тындамаушы ек

                 « Жол тәртібін бұзба» деп,

                 Жүргізуші сақ кісі қалар едік қырылып

 

Инспектор: Шуақты өміріміз күндей күліп,

                     Жүректе бүршік атып, гүлдей үміт,

                     Арманға сапар тарту мүмкін емес,

                     Жол жүру ережесін білмей тұрып.

-         Түлкі, қоян, мысық енді жол ережесін сақтаймыз ба?

-         Сақтаймыз

-         Балалар, сендер де жол ережесін сақтаңдар.

 

Мұғалім:- Ал, енді, балалар, мен сендерге ситуациялық сурақтар қоямын,   

                  сендер жауап беріндер.

 

1.     – Жолаушылар дегеніміз кім? (кез келген көлікке мінетін адам)

2.     – Жолаушылар қоғамдық көлікті қай жерден күтеді? Ол қалай аталады? (Аялдама)

3.     – Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді? (жол жиегімен)

4.     – Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған, себебі   не? (Ойын қызығымен жүріп балалар  жол қауіпсіздігін ұмытып, көліктердің астына түсіп кетуі мүмкін.)

5.     Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады? ( оңға бұрылатын көліктің оң бұрылысты білдіретін жарығы жанады)

6.     Қандай көліктін түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығында жүруге рұқсат етіледі? (Өрт сөндірушілерге, жедел жәрдем, милиция)

 

Мұғалім: -Дұрыс балалар,Рақмет!

 

Оқушы: Қай көшеге, қалаға барсаңыз да,

                Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

                Жолда жүру ережесі-заңды тәртіп

                Ол ортақ-үлкен, кіші баршамызға.

 

Хормен: Басталар әр қадамың аттауменен,

                Жолда жүру ережесін сақтауменен.

 

-         Балалар, бүгінгі алған мағлұматтарыңызды ұмытпай, өз керектеріңе   

     жаратады деп ойлаймыз.

Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты "Жол жүру ережесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

1) Балаларды жол, көлік апаттарынан сақтандырып, жол ережесін қатаң сақтауға үйрету. 2) Жол белгілерімен таныстыру. 3) Оқушылардың бағдаршам туралы түсініктерін кеңейту, жолда жүру ережесі өз өмірлері үшін қажет екенін түсіндіру.Сабақтын барысы: -Балалар, біз бүгінгі сынып сағатымызда «Жолда жүру ережесін сақта» деп атадық.Ойткені біз кішкене кезімізден жолаушы болып көлікке мінеміз, жаяу жүргінші болып көшеге шығамыз, мектепке бару үшін көшені қиып өтеміз. Өз өмірімізді сақтау үшін басқа адамдарға қауіп төндірмеу үшін көшеге жүру тәртібін ересектер де, балалар да қатаң сақтау керек. Сендер ойын баласы болғандықтан қыстыгүні шана, коньки тебесіңдер, жазда доп, футбол ойнайсыңдар.кейбір балалар сырғанақтап машина артына жабысып ойнайды, кейбір балалар жақын келе жатқан көліктің алдынан өткенді «ерлік» деп санайды.Осының бәрі өз өмірлеріңе үлкен қауіп екенін, ойынның да орны барын естен шығармау керек.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 315 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2020 398
    • DOCX 47 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Крыуленко Лилия Евгеньевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Крыуленко Лилия Евгеньевна
    Крыуленко Лилия Евгеньевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 118177
    • Всего материалов: 235

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 769 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 834 человека

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 748 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 953 человека

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 601 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 205 человек

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе