Главная / Начальные классы / 1 сынып " Қош бол сүйікті әліппем!"

1 сынып " Қош бол сүйікті әліппем!"



Шолаққарғалы орталау мектебі

Бекітемін

Мектеп директоры

---------Ж.С.Жадыкова







«Қош бол, менің сүйікті әліппем!»

(ашық тәрбие сағаты )









Сынып жетекшісі: Суйенбайқызы Гүлнұр

















2014-2015 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Қош бол, менің сүйікті әліппем!

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету.

2. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Әдеби-музыкалық монтаж

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтарға арналған банерлер, слайд, фотомонтаж.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгін сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақшы. Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығы. Міне, бүгін сіздер барлық ғылымның анасы біздің болашағымыздың негізі- әліппемен қоштасу тойына келіп отырсыздар. Тойларың тойға ұлассын. Шәкірттеріміз ата-ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

Әліппені бітірді балаларым

Әліппеден нәр алған даналарым

Өзі оқып жазатын халге жетті

Құтты болсын білімі балалардың.

Мұғалім: Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың.

Бала деген шіркін-ай балдай екен

Тәттілігі жая мен жалдай

Арып –ашып даладан келгеніңде

Бал иісін таттырып алдайды екен- деп Кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салайық

1 - оқушы

Өлшеулі ар-намысы халқымыздың

Қорғаны адамдықпен салтымыздың

Армысыздар аяулы ұстаздарым

Сенері сендерсіңдер халқымыздың.

2 - оқушы Өмір берер ертеңгі бағаларын

Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген

Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым.

3- оқушы Бүгін бізде үлкен қуанышты күн.

Біз алғаш мектепке келіп, оқу, жазу үйренген алғашқы оқулығымыз әліппені аяқтап, қоштасқалы отырмыз.

4 - оқушы Алғаш қолымызға гүл шоғын алып мектептің табалдырығын аттап өткелі 6 ай уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып та, жаза да аламыз.

1- оқушы : Ең алғаш алғанымда «Әліппені»

2: - оқушы Қызығып қарай бердім әріптерді.

3- оқушы: Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

4- оқушы: Ұстазым кілтін оның алып берді.

Мұғалім:- Балалар, бүгінгі соңғы рет әліппе оқулығына саяхат жасап, қош айтысасыңдар.Әліппеге саяхат жасауға әзірміз бе?

1- оқушы: Алыстан бір зат көрінеді.(дүрбімен қарап, қатты дауыспен) -Қайықты жағаға бұр.Бұл не екен?

2- оқушы: Суреттермен сөйлеткен,

Әріптерді үйреткен.

Баспа әріп пен жазба әріп.

Дауысты мен дауыссыз.

Айтыңдаршы, балалар

Қай оқулық үйреткен?

Оқушылар хормен ӘЛІППЕ!ӘЛІППЕ!

Әліппе : Армысыздар , жас достар!

Армысыздар ата-аналар!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажайыптың,

Әліпбиін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Әліппенің сұрағы: 1-сұрақ: Балалар, әліппені алғаш жазған кім? Ыбырай Алтынсарин

2– сұрақ: Дыбыс қаншаға бөлінеді?

3- сұрақ Тапсырма: «Әріптен сөз жазу» /оқушыларға парақша беріліп сол парақшада қандай әріп бар сол әріпке байланысты сөз жазу/ А. Алма, Т Тарақ, О орақ, С сағат

4- сұрақ Сөздерден сөйлем құрау.

1.Әжеде бер,атада жоқ,

Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)

2.Біреуі «белде»

Біреуі «көлде» («Л» әрпі)

3.Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

.Ірімшікті біз жеген,

Қай әріптен басталған. («І» әрпі)

Мұғалім: -Құрметті Әліппе, сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық, балалардың саған айтар алғысы мол, отырып, тыңда.

1- оқушы: Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым ағасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

2- оқушы : Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Әліппені аламыз,

Мектепке біз барамыз.

3- оқушы: Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Барлық білім-ілімнің

Ағасы осы әліппе.

4- оқушы: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпті де

Оқимыз қазір ертегіні де

Үйреткен оны Әліппе.

5- оқушы: Әліппе деген даңғыл жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа

6- оқушы: Апа-ата атын сен

Бізге үйреттің әліппе

Бізге нағыз жақынды

Сенен білдік әліппе.

Ән «Мектебім аяулы , мектебім» / барлығы/

Әліппе: Балалар! Сендер менімен достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Ал енді ортаға Математиканы шақырайық.

Математика:

Сәлемет пе, достарым,

Сабағы боп жоспардың

4 амалды қолданған

Математика достарың.

-Кәне, қайсың жүйріксің?

1.Сағаттың тілі нешеу? /екеу/

2.Бағдаршам көзі нешеу? /үшеу/

3.Апта күні нешеу?/жетеу/

Ретімен тізбелі

Әрбір санды даралап,

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ?

1 - оқушы: Бейбарыс. 1 дегенім - бесік,

Шықтың содан өсіп.

2 - оқушы: Мұрагер. 2 дегенім – елім,

Далам, тауым, көгім.

3 - оқушы: Асылзат. 3 дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

4 - оқушы: Альбина. 4 дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

5 - оқушы: Айдос. 5 дегенім – бақыт,

Бағалайтын бақыт.

6 - оқушы: Аружан. 6 дегенім – ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

7 - оқушы: Айсана. 7 дегенім – жалау,

Жүректегі алау.

8 - оқушы: Данагүл. 8 дегенім – сөзің,

Серт беретін кезің.

9 - оқушы: Жанарыс. 9 дегенім – тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

10- оқушы: Аманғали. 10 дегенім – Отан,

4. Сандардың құрамын табу

Математика -Дұрыс, балалар! Математика - ғылымдардың атасы деген.

Ән: «Оқуда озат боламын»

Би: «Батырлар»

Мұғалім:Қымбатты балалар! Әліппе тек әріптермен таныстырып қана қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережесін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Ата-анамызды және ұстаздарымызды құрметтеуге үйретті.

-Сыйлап үлкен ағаны, сәлем берген баланы кім дейміз?

Хормен: Әдепті екен бұл дейміз.

Мұғалім:-Кітап, дәптер, қаламы, кір шалмаған баланы кім дейміз?

Хормен:Ұқыпты екен бұл дейміз.

Мұғалім:-Таудай биік талабы, жақсы оқитын баланы кім дейміз?

Хормен:Үлгілі екен бұл дейміз.

Мұғалім:Жарайсыздар, балалар! Біз әр сабақта жақсы сөздермен танысамыз. Әдептілікке үйренеміз. Егер сендер осы күннен әдепті болып өссеңдер, есейгенде ата-аналарыңның, өз Отаныңның мақтанышына айналасыңдар.

Ән: Ата-ананы тыңдаймыз

Жүргізуші: Әр жігіттің үш жұрты болады демекші, әліппе осы қуанышты бөлісуге туған- туысқандарын ала келіпті.

1 - оқушы Әліппенің өз жұрты дауысты дыбыстар.

2- оқушы Нағашы жұрты- дауыссыз дыбыстар.

3- оқушы: Қайын жұрты: ъ, ь белгілері.

Жүргізуші : Ендігі сөз кезегін туған-туысқандарға берейік.

Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.

І - жүргізуші:

Енді ортаға әріптерді шақырайық.

«ОТАН» «ӘЛІППЕ» сөздері шығатындай

( О, Т, А, Н, Ә, Л, І, П, П, Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.

1 - оқушы:

Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады.

Мына менен басталған

Екеуінің аттары.

2 - оқушы:

Торғай, торғай, торғайсың

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тонбайсың.

3 - оқушы:

Астана - Астанам,

Астана - бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастаман.

4 - оқушы:

Ас біткеннің атасы

Қасиетті «нан» осы.

Қайсы әріптен басталып

Аяқталғанын қарашы.

5 - оқушы: Әлияны білесіз,

Көңілге мені түйесіз.

Ә әрпі де атымда

Оқып – біліп жүресіз.

6- оқушы Лағым,менің лағым,

Селтеңдейді құлағың.

Босқа жүрмей сенімен,

Л-дан сөзді құрадым

7- оқушы :Іл-іл ілмешек,

Ірі шарды үрлесек.

Ренжиді інілер,

«І» дыбысын білмесек.

8- оқушы:Бала отыр партада,

Оқы,үйрен шаршама.

П-дыбысы дауыссыз,

Мәлім болды баршаңа.

9 –оқушы : П – дегенде парасат,

Жақсылардан шарапат.

Еңбекқор бол перзентім

Несібеңді адал тап.

10-оқушы :Е- дегенде ертегі,

Бізге сырын шертеді.

Еңбек, есті, ерлікті

Үлгі қылып ертеді.

Жүргізуші: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

Қыздар: Балаларға ақ тілек,

Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.

Хормен: Біздерге білім үйреткен,

Әліппе, саған рахмет.

  1. Оқушы : Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.

2– оқушы : Таныстырып 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи жаза білгенің

Сауатты адам санатына кіргенім.

3-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Жүргізуші: Әріптердің иесі, құрметті әліппе! Сізге шексіз алғысымызды білдіре отырып, сізді демалыс сауықтыру орталығына жібергелі отырмыз.

Әліппе: Рахмет, балалар! Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым Ана тілі де келіп қалыпты. Қарсы алыңдар

Мұғалім: Балалар ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?

Мұғалім: Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой- деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.

Ана тілі: Туған елдің тілімін,

Елдос Ақылыммен таныламын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін

Ана тілі ұраным

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым. Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде. Ол туралы қандай мақалдар білесіңдер?

1-оқушы : Кітап-білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

Ердаулет: Ақыл- тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.

2-Оқушы: Кітапсыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

3-оқушы: Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

4-оқушы: Оқу инемен құдық қазғандай.

5 - оқушы: Білім іздеген озар,

Бүлік іздеген тозар.

Слайд: 1 – сынып оқушылары

Ата –аналармен ой сергіту

Би:

Мұғалім:-Балалар, енді сендердің достарың Ана тілі, Математика және басқа оқулықтар. Оларды жақсы оқып, таза ұстауға ант бересіңдер ме?

Хормен:- Иә.

-Кітапты ұқыпты таза ұстауға -Ант береміз!

-Ішіндегі білімді маржандай теруге -Ант береміз!

-Сабақты жақсы оқуға -Ант береміз!

-Мектеп ережесін сақтауға -Ант береміз!

Бәрі бірге:

Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен

Ән: «Ұстазым менің ұстазым»

Мұғалім:

Жеміске құты тола ма,

Бір-бірлеп теріп алмасақ.

Әп-сәтте шыға қоя ма,

Еккен дәнің ойласаң.

Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың,

Басы болар «Әліппе» - деп ақын Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай, бұл білімнің, ғылымның алғашқы жолы ғана.

Басқарып бүгін келесіз

Ата – ана ұстаз балаға

Ақ жарқын сәлем етесіз

Шақырып едік келдіңіз

Сөз кезегін береміз

Мектеп директоры Жадыкова Жазира Сапарбаевнаға

Оқушыларды марапаттау.

Ата - аналар шашу шашады:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.

Әліппеден Ана тіліне көшіру салтанаты.


Ана жанын ана болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың,
Балаң үшін кеуде керіп қуанып,
Балаң үшін биіктен де құларсың
Сөз кезегін ата - аналарға береміз.


Мұғалім: Әліппемен қоштасу салтанатын аяқтай келе, Әліппені сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма болашақтада осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін.
Аяқтап кешті, бүгінгі
Гүлдерге толсын қолдарың.
Қызықтап қысты қайтыңдар
Сәт - сапар болсын жолдарың!!!



.



1 сынып " Қош бол сүйікті әліппем!"
  • Начальные классы
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Қош бол, менің сүйікті әліппем!

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету.

2. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Әдеби-музыкалық монтаж

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтарға арналған банерлер, слайд, фотомонтаж.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгін сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақшы. Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығы. Міне, бүгін сіздер барлық ғылымның анасы біздің болашағымыздың негізі- әліппемен қоштасу тойына келіп отырсыздар. Тойларың тойға ұлассын. Шәкірттеріміз ата-ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

ал иісін таттырып алдайды екен- деп Кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салайық

1- оқушы : Ең алғаш алғанымда «Әліппені»

2: - оқушы Қызығып қарай бердім әріптерді.

3- оқушы: Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

4- оқушы: Ұстазым кілтін оның алып берді.

Мұғалім:- Балалар, бүгінгі соңғы рет әліппе оқулығына саяхат жасап, қош айтысасыңдар.Әліппеге саяхат жасауға әзірміз бе?

1- оқушы: Алыстан бір зат көрінеді.(дүрбімен қарап, қатты дауыспен) -Қайықты жағаға бұр.Бұл не екен?

2- оқушы: Суреттермен сөйлеткен,

Әріптерді үйреткен.

Баспа әріп пен жазба әріп.

Дауысты мен дауыссыз.

Айтыңдаршы, балалар

Қай оқулық үйреткен?

Оқушылар хормен ӘЛІППЕ!ӘЛІППЕ!

Әліппе : Армысыздар , жас достар!

Армысыздар ата-аналар!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажайыптың,

Әліпбиін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Әліппенің сұрағы: 1-сұрақ: Балалар, әліппені алғаш жазған кім? Ыбырай Алтынсарин

2– сұрақ: Дыбыс қаншаға бөлінеді?

3- сұрақ Тапсырма: «Әріптен сөз жазу» /оқушыларға парақша беріліп сол парақшада қандай әріп бар сол әріпке байланысты сөз жазу/ А. Алма, Т Тарақ, О орақ, С сағат

4- сұрақ Сөздерден сөйлем құрау.

1.Әжеде бер,атада жоқ,

Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)

2.Біреуі «белде»

Біреуі «көлде» («Л» әрпі)

3.Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

.Ірімшікті біз жеген,

Қай әріптен басталған. («І» әрпі)

Мұғалім: -Құрметті Әліппе, сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық, балалардың саған айтар алғысы мол, отырып, тыңда.

1- оқушы: Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым ағасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

2- оқушы : Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Әліппені аламыз,

Мектепке біз барамыз.

3- оқушы: Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Барлық білім-ілімнің

Ағасы осы әліппе.

4- оқушы: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпті де

Оқимыз қазір ертегіні де

Үйреткен оны Әліппе.

5- оқушы: Әліппе деген даңғыл жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа

6- оқушы: Апа-ата атын сен

Бізге үйреттің әліппе

Бізге нағыз жақынды

Сенен білдік әліппе.

Ән «Мектебім аяулы , мектебім» / барлығы/

Әліппе: Балалар! Сендер менімен достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Ал енді ортаға Математиканы шақырайық.

Математика:

Сәлемет пе, достарым,

Сабағы боп жоспардың

4 амалды қолданған

Математика достарың.

-Кәне, қайсың жүйріксің?

1.Сағаттың тілі нешеу? /екеу/

2.Бағдаршам көзі нешеу? /үшеу/

3.Апта күні нешеу?/жетеу/

Ретімен тізбелі

Әрбір санды даралап,

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ?

1 - оқушы: Бейбарыс. 1 дегенім - бесік,

Шықтың содан өсіп.

2 - оқушы: Мұрагер. 2 дегенім – елім,

Далам, тауым, көгім.

3 - оқушы: Асылзат. 3 дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

4 - оқушы: Альбина. 4 дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

5 - оқушы: Айдос. 5 дегенім – бақыт,

Бағалайтын бақыт.

6 - оқушы: Аружан. 6 дегенім – ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

7 - оқушы: Айсана. 7 дегенім – жалау,

Жүректегі алау.

8 - оқушы: Данагүл. 8 дегенім – сөзің,

Серт беретін кезің.

9 - оқушы: Жанарыс. 9 дегенім – тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

10- оқушы: Аманғали. 10 дегенім – Отан,

4. Сандардың құрамын табу

Математика -Дұрыс, балалар! Математика - ғылымдардың атасы деген.

Ән: «Оқуда озат боламын»

Би: «Батырлар»

Мұғалім:Қымбатты балалар! Әліппе тек әріптермен таныстырып қана қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережесін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Ата-анамызды және ұстаздарымызды құрметтеуге үйретті.

-Сыйлап үлкен ағаны, сәлем берген баланы кім дейміз?

Хормен: Әдепті екен бұл дейміз.

Мұғалім:-Кітап, дәптер, қаламы, кір шалмаған баланы кім дейміз?

Хормен:Ұқыпты екен бұл дейміз.

Мұғалім:-Таудай биік талабы, жақсы оқитын баланы кім дейміз?

Хормен:Үлгілі екен бұл дейміз.

Мұғалім:Жарайсыздар, балалар! Біз әр сабақта жақсы сөздермен танысамыз. Әдептілікке үйренеміз. Егер сендер осы күннен әдепті болып өссеңдер, есейгенде ата-аналарыңның, өз Отаныңның мақтанышына айналасыңдар.

Ән: Ата-ананы тыңдаймыз

Жүргізуші: Әр жігіттің үш жұрты болады демекші, әліппе осы қуанышты бөлісуге туған- туысқандарын ала келіпті.

1 - оқушы Әліппенің өз жұрты дауысты дыбыстар.

2- оқушы Нағашы жұрты- дауыссыз дыбыстар.

3- оқушы: Қайын жұрты: ъ, ь белгілері.

Жүргізуші : Ендігі сөз кезегін туған-туысқандарға берейік.

Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.

І - жүргізуші:

Енді ортаға әріптерді шақырайық.

«ОТАН» «ӘЛІППЕ» сөздері шығатындай

( О, Т, А, Н, Ә, Л, І, П, П, Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.

1 - оқушы:

Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады.

Мына менен басталған

Екеуінің аттары.

2 - оқушы:

Торғай, торғай, торғайсың

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тонбайсың.

3 - оқушы:

Астана - Астанам,

Астана - бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастаман.

4 - оқушы:

Ас біткеннің атасы

Қасиетті «нан» осы.

Қайсы әріптен басталып

Аяқталғанын қарашы.

5 - оқушы: Әлияны білесіз,

Көңілге мені түйесіз.

Ә әрпі де атымда

Оқып – біліп жүресіз.

6- оқушы Лағым,менің лағым,

Селтеңдейді құлағың.

Босқа жүрмей сенімен,

Л-дан сөзді құрадым

7- оқушы :Іл-іл ілмешек,

Ірі шарды үрлесек.

Ренжиді інілер,

«І» дыбысын білмесек.

8- оқушы:Бала отыр партада,

Оқы,үйрен шаршама.

П-дыбысы дауыссыз,

Мәлім болды баршаңа.

9 –оқушы : П – дегенде парасат,

Жақсылардан шарапат.

Еңбекқор бол перзентім

Несібеңді адал тап.

10-оқушы :Е- дегенде ертегі,

Бізге сырын шертеді.

Еңбек, есті, ерлікті

Үлгі қылып ертеді.

Жүргізуші: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

Қыздар: Балаларға ақ тілек,

Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.

Хормен: Біздерге білім үйреткен,

Әліппе, саған рахмет.

  • 1-Оқушы : Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.

2– оқушы : Таныстырып 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи жаза білгенің

Сауатты адам санатына кіргенім.

3-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Жүргізуші: Әріптердің иесі, құрметті әліппе! Сізге шексіз алғысымызды білдіре отырып, сізді демалыс сауықтыру орталығына жібергелі отырмыз.

Әліппе: Рахмет, балалар! Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым Ана тілі де келіп қалыпты. Қарсы алыңдар

Мұғалім: Балалар ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?

Мұғалім: Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой- деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.

Ана тілі: Туған елдің тілімін,

Елдос Ақылыммен таныламын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін

Ана тілі ұраным

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым. Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде. Ол туралы қандай мақалдар білесіңдер?

1-оқушы : Кітап-білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

Ердаулет: Ақыл- тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.

2-Оқушы: Кітапсыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

3-оқушы: Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

4-оқушы: Оқу инемен құдық қазғандай.

5 - оқушы: Білім іздеген озар,

Бүлік іздеген тозар.

Слайд: 1 – сынып оқушылары

Ата –аналармен ой сергіту

Би:

Мұғалім:-Балалар, енді сендердің достарың Ана тілі, Математика және басқа оқулықтар. Оларды жақсы оқып, таза ұстауға ант бересіңдер ме?

Хормен:- Иә.

-Кітапты ұқыпты таза ұстауға -Ант береміз!

-Ішіндегі білімді маржандай теруге -Ант береміз!

-Сабақты жақсы оқуға -Ант береміз!

-Мектеп ережесін сақтауға -Ант береміз!

Бәрі бірге:

Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен

Ән: «Ұстазым менің ұстазым»

Мұғалім:

Жеміске құты тола ма,

Бір-бірлеп теріп алмасақ.

Әп-сәтте шыға қоя ма,

Еккен дәнің ойласаң.

Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың,

Басы болар «Әліппе» - деп ақын Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай, бұл білімнің, ғылымның алғашқы жолы ғана.

Басқарып бүгін келесіз

Ата – ана ұстаз балаға

Ақ жарқын сәлем етесіз

Шақырып едік келдіңіз

Сөз кезегін береміз

Мектеп директоры Жадыкова Жазира Сапарбаевнаға

Оқушыларды марапаттау.

Ата - аналар шашу шашады:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.

Әліппеден Ана тіліне көшіру салтанаты.


Ана жанын ана болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың,
Балаң үшін кеуде керіп қуанып,
Балаң үшін биіктен де құларсың
Сөз кезегін ата - аналарға береміз.

Мұғалім: Әліппемен қоштасу салтанатын аяқтай келе, Әліппені сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма болашақтада осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін.
Аяқтап кешті, бүгінгі
Гүлдерге толсын қолдарың.
Қызықтап қысты қайтыңдар
Сәт - сапар болсын жолдарың!!!

.

Автор Суйенбайқызы Гүлнұр
Дата добавления 31.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другое
Просмотров 291
Номер материала MA-064278
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓