Главная / Начальные классы / 1-сынып, Ана тілі пәнінен "Құлын мінген бала" ашық сабағы

1-сынып, Ана тілі пәнінен "Құлын мінген бала" ашық сабағы

hello_html_1f812f9a.jpg

Ашықбаева Гаухар Калмұратқызы

ГСБ №20 М.Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі







Құлын мінген бала


Сабақтың тақырыбы: Құлын мінген бала
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қазақтың батыр да тапқыр, қолбастаған аталарымыз туралы мәлімет беру. Мәтін мазмұнын түсініп, ондағы негізгі ойды анықтау. Жуан дауысты және жіңішке дауысты дыбыстарды қайталау.
2.
Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, жаттығулар, топтамалар арқылы баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
3.
Оқушыларға Отанын, туған жерін мақтан етуге тәрбиелеу. Ерлікті паш ету.
Сабақтың түрі: топтық жарыс
Әдіс - тәсілдері: бақылау, өзіндік бағалау
Көрнекілігі: үстелдегі сілтемелер, суреттер, топшамалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

Ойға толып санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар, үйге не берілді?
- Жеңіс деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Бейбітшілік, қуаныш, тыныштық, күн, бірлік, күлкі...
- Осы сөздердің ішінен өздеріне ұнаған үш сөзді таңдап алуларыңа болады.

III. Осы таңдап алынған сөздер бойынша үш топқа бөлінеді.
- Үйге берілген «Жеңіс күні» өлеңін кім маған мәнерлеп оқып береді?1-2 оқушыдан сұрау
- Сонымен, балалар, сендер таңдап алған «бейбітшілік», «жеңіс», «тыныштық» деген сөздер кімдердің тілектері екен?
- Ананың, әкенің, атаның, әженің, ағаның, баланың яғни барлық халықтың тілегі.
- Осындай жеңіс күніне бізді жеткізген кімдер деп ойлайсыңдар?
- Бізді осындай бейбітшілік өмірге жеткізген батыр аталарымыз бен апаларымыз.

IV. Батырлар туралы бейнебаян интерактивті тақтадан көрсетіледІ.
Бауыржан Момышұлы сөйлеген сөздер арқылы жаңа сабаққа түсу

- Олай болса балалар бүгін біз аты аңызға айналған Бауыржан атамыздың балалық шағынан үзінді оқимыз.

1)Мұғалімнің түсіндірмелі оқуы. Тақтада түсіндірмелі сөздер.Боз,аңыз,фашист.

2)Оқушыларға тізбектей оқыту.

V. Ойын күн көзіне көмектес.

Қара бұлттың тапсырмалары:1.Бауыржан бала күнінде құлынын қалай бақты?

2.Ол құрбыларына не деп мақтанатын еді?

Мылтықтың тапсырмалары:1.Бауыржан ата соғыста жүргенде қандай атқа мініп жүрді?

2.Бауыржан ата неліктен батыр атанды?

Танктің тапсырмалары:1. Отанымызды қорғаған қандай батырларды білесіңдер?

2.Туған елді ,жерді не үшін қорғау керек?

VI.Сергіту

4)Балалар сіздер күн көзіне жедел көмек көрсеттіңіздер .Сөйтіп ерлік жасадыңыздар .Сіздерге үстел үстінде тағы да тапсырмалар берілген .Шашылған сөздерден мақал сөз жасаңдар.

1-топ-Отансыз адам ормансыз бұлбұл.

2-топ -Ел бақыты -ер қолында.

3.Отан үшін отқа түс,күймейсің.

Әр топ өз қатарының мақалдарын жазып,жуан дауыстыларды бір,жіңішке дауыстыларды екі сызықпен сызады.Бауыржан атамыздың сөздері екен нақыл сөздер.

VII.Үй жұмысы :Мәтінді мазмұндау,ерлік туралы 2 мақал жазу,жаттау.

VIII.Қорытындылау.

.Сонау соғыс кезеңінен бар игі дәстүр.Батырлық істеген ержүректілерге әр кезде қалампыр гүлі сыйланады екен. Олай болса бүгін жеңіске жеткен оқушыларға оқушылық ерліктерің үлкен батыр болуға негіз болсын дей отырып,бағалаймыз.

IX."Жыламасын балбөбек "әнімен аяқтау.





1-сынып, Ана тілі пәнінен "Құлын мінген бала" ашық сабағы
  • Начальные классы
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Құлын мінген бала

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қазақтың батыр да тапқыр, қолбастаған аталарымыз туралы мәлімет беру. Мәтін мазмұнын түсініп, ондағы негізгі ойды анықтау. Жуан дауысты және жіңішке дауысты дыбыстарды қайталау. 2. Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, жаттығулар, топтамалар арқылы баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту. 3. Оқушыларға Отанын, туған жерін мақтан етуге тәрбиелеу. Ерлікті паш ету.

Сабақтың түрі: топтық жарыс Әдіс - тәсілдері: бақылау, өзіндік бағалау Көрнекілігі: үстелдегі сілтемелер, суреттер, топшамалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі Ойға толып санамыз, Бестік болсын бағамыз. Баласындай бір үйдің, Тату болсын арамыз

Автор Ашыкбаева Гаухар Калмуратовна
Дата добавления 11.06.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 896
Номер материала 59943
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓