Инфоурок Другое Рабочие программы«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдістері мен тәсілдерін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану» тақырыбындағы коучинг-сессияның жоспары

«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдістері мен тәсілдерін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану» тақырыбындағы коучинг-сессияның жоспары

Скачать материал

№ 24 ГИМНАЗИЯ

КОММУНАЛДЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ

 

 

 

          

                                                            

 

 

«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдістері мен тәсілдерін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану» тақырыбындағы коучинг-сессияның жоспары

 

 

 

 

Дайындағандар: Аманбаева Айжан Шәкірқызы, ІІ деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Түменбаева Динара Қайыпбергенқызы, ІІІ деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

 

 

 

Тараз қаласы,  2014 - 2015 оқу  жылы

 

 

   

                                                                                        

 

 

            

Аманбаева Айжан Шәкірқызы

Еңбек  өтілі – 8 жыл

Қызметі:  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

ІІ деңгей

Түменбаева Динара Қайыпбергенқызы

Еңбек  өтілі – 8 жыл

Қызметі:  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

ІІІ деңгей

 

Тақырыбы:

«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдістері мен тәсілдерін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану»

Жалпы мақсат:

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдістері мен тәсілдерінің негізгі түсініктерімен таныстыру, білімдерін толықтыру. Мұғалімдерді «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулін тәжірибеде қолдануға бағыттау.

Күтілетін нәтиже:

Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауға үйрету туралы білімдері толықтырылады. Оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдістерінің әр түрлі тәсілдерін қолданатын болады.

Түйінді идеялар:

«Сын  тұрғысынан ойлау» деген ұғымда қолданылатын «сын тұрғысынан» деген термин ойдың мәселені немесе проблеманы шешу үдерісіне шоғырлануын білдіреді. Бұл тұрғыдан  алғанда сыни сөзі «мақұлдамау» немесе «теріске шығару» дегенді білдірмейді. Сын  тұрғысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау, пайымдау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады.

Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.

Материалдар және құрал – жабдықтар

флипчарттар, маркерлер, стикерлер (әр түсті),  тапсырма орындауға арналған парақшалар, кубик, хатқалта, кері байланыс парағы

 

 

Өту барысы

Сабақ кезеңдері

уақыты

Коуч және коучингке қатысушылардың әрекеті

Сәлемдесу

1 мин

Коуч пен қатысушылар бір-бірімен амандасады.

Топқа бөлу

2 мин

Алдарыңызда жатқан хатқалтаны алып, ішін оқыңыздар. Ашық хатта тілек сөздер жазылған.

Байлық дегенді қалай түсінесіздер? Байлықтың қандай түрлері бар? Сіз үшін байлық деген не? Сіздің байлығыңызға не кіреді?

Тілектегі сөздерге қарай байлықтың түріне байланысты топтасады:

1-топ: денсаулық, бақыт, табыс, махаббат, сәттілік, бірлік.

2-топ: көп қаражат, үй, ұялы телефон, көлік, саяхатқа жолдама, әшекейлер

Осы сөздерді естігенде ойыңызға бірінші кезекте не келді? Қатысушылар сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәті

2 мин

Бейджикке өз атын жазғызу. Бір-бірімен топ ішінде танысады. Өзінің атын айтып, өзіне ғана тән қасиетті айтады. Бір-бірін қайталамауы керек.

 Миға шабуыл

 

5 мин

 

 

 

 «Білім себетін» толтыру.

Сұрақтар:

 1) «Сын тұрғысынан ойлау» туралы не білесіз?

2) «Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің» қандай әдістерін білесіздер?

3) «Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің» әдістерін қолданасыз ба?

Топ ішінде берілген сұрақтар төңірегінде талқылау жүргізіп, түйінді сөздерді стикерге жазады. Стикерлерді себетке салады. Топ мүшелері бір-бірін қайталамауы керек.

Топ мүшелерінің айтқандарын жүйелей келе коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын айтады.

Топтық тапсырма

5 мин

10мин

1-топ: Кластер жасау. СТО түсінігіне анықтама беру. СТО құрылымын кластер түрінде құрастыру.

Берілген таратпа материалын негізге ала отырып, кластер жасайды.

2-топ: Сабақ жоспарын жасау. СТО үйрету әдістерін пайдаланып өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Қатысушылар қалаған тақырыпты алып, белгілі бір сыныпқа жоспар жасайды.

 

Үлгі тақырып:

Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойындар

Сыныбы: 5

 

Сабақтың кезеңі

Стратегия

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

2 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Екі топ мүшелері бір-бірінің жасаған жұмыстары бойынша екі сәтті кезеңді және бір ұсыныс – тілегін жазады.

 Қайтадан топқа бөлу.

1 мин

Алдыңғы тапсырманы сәтті орындағандары үшін қатысушыларға сый ретінде екі түсті қалам ұсынамыз. Қатысушылар 2 түсті қалам арқылы топқа қайтадан бөлінеді.

Жұптық жұмыс

15 мин

(Тапсырма орындауға 3 мин

Қорғауға 2 мин)

Топ ішінде жұптар құру. «Кубизм» әдісі бойынша тапсырма орындау.

«Алпамыс» мультфильмінен үзінді тамашалайды.

Сұрақ:

Бұл қандай мультфильм деп ойлайсыз?  Бұл қай жыр бойынша түсірілген?

Қатысушылар өз ойларын айтады.

Келесі тапсырма кубизм әдісі арқылы жүргізілетінін айтамыз. Әр топ өз ішінде жұпқа бөлінеді. Жұп бойынша өзіне түскен тапсырманы орындайды.

Шаршының қырлары:

1.     Суреттеңіз

2.     Салыстырыңыз

3.     Зерттеңіз

4.     Қолданыңыз

5.     Жақта

6.     Қарсылас

Тапсырмалар:

1.     Алпамыс батырды суреттеңіз /Үзінді беру. Алпамыс бейнесімен танысып, оны суреттейді./

2.     Алпамыс пен Қобыландыны салыстырыңыз /Венн диаграммасы /

3.     «Алпамыс батыр» жырын зерттеңіз. Жыр оқиғасы қай ғасырда болған? Тарихпен байланыстырыңыз. Берілген үзіндіде қазақтың қай дәстүрі көрініс тапқан? Осы дәстүрге көзқарасыңызды білдіріңіз.

4.     «ХХІ ғасыр Алпамысы» тақырыбында ой-толғау жасаңыз.

5.     Алпамыс батыр өмірде болған ба? (жақта)

6.     Алпамыс батыр өмірде болған ба? (Қарсылас)

Шаршыны тастайды, тапсырманы алады, уақыт беріледі де, жұптардың жауаптары тыңдалады.

Кері байланыс

2 мин

Жеделхат түрінде берілген кері байланыс парағын толтырады.

Жұпта жұмыс жасау сізге ұнады ма?

Қиыншылық тудырған сәт болды ма?

Шаршының  6 қырының қайсысын орындау қиын деп ойлайсыз?

Осы әдісті сабақта қалай пайдалануға болады?

(кестені толтыру)

Рефлексия

3мин

«Күн» рефлексиясы. Күннің сәулелеріне коучинг бойынша не түсінгенін, ұсыныс-тілегін жазады.

Қорытынды

2 мин

Коучингтің қорытындысын шығару.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдістері мен тәсілдерін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану» тақырыбындағы коучинг-сессияның жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдістері мен тәсілдерін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану» Жалпы мақсат: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдістері мен тәсілдерінің негізгі түсініктерімен таныстыру, білімдерін толықтыру. Мұғалімдерді «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулін тәжірибеде қолдануға бағыттау. Күтілетін нәтиже: Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауға үйрету туралы білімдері толықтырылады. Оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдістерінің әр түрлі тәсілдерін қолданатын болады. Түйінді идеялар: «Сын тұрғысынан ойлау» деген ұғымда қолданылатын «сын тұрғысынан» деген термин ойдың мәселені немесе проблеманы шешу үдерісіне шоғырлануын білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда сыни сөзі «мақұлдамау» немесе «теріске шығару» дегенді білдірмейді. Сын тұрғысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау, пайымдау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады.Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Материалдар және құрал – жабдықтар флипчарттар, маркерлер, стикерлер (әр түсті), тапсырма орындауға арналған парақшалар, кубик, хатқалта, кері байланыс парағы

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 674 155 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.12.2020 286
    • DOCX 96.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курлович Ольга Дмитриевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Курлович Ольга Дмитриевна
    Курлович Ольга Дмитриевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84872
    • Всего материалов: 237

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 292 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 192 человека

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе