Главная / Другое / Сын тұрғысынан ойлау модулін пайдалана отырып, арқылы оқытудың тиімділігін арттыру

Сын тұрғысынан ойлау модулін пайдалана отырып, арқылы оқытудың тиімділігін арттыру



Мұғалім: Бозкенова Б.А.

Өткізілетін күні: 31.10.14ж


Коучинг сабағының тақырыбы:

Сын тұрғысынан ойлау модулін пайдалана отырып, арқылы оқытудың тиімділігін арттыру


Коучингтің

мақсаты:

Мұғалімдерге тренинг арқылы сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдануды үйрету


Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық, 41-49бб


Оқу нәтижелері:

Сын тұрғысынан ойлау әдістерінің оқу үрдісін дамытуға қажеттігін түсініп, оқу үрдісінде қолдану жолдарын меңгереді.


Түйінді идеялар:

Балалардың жауабын бақылау, жазып алу мен талқылау сауатты оқытуға ықпал етеді.


Жаттығулар

Суретпен жұмыс, мәтінді аяқтау, сурет салу, «Ақылдың 6 қалпағын» пайдалана отырып, берілген мәтін бойынша өз ойларымен бөлісу.


Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

1.Постер қорғау

2.Сұрақтарға жауап беру

3.Бірін-бірі бағалау


Сабақта қолданылған материалдар

Үлестірме материалдар, сюжетті суреттер, перфокарталар, плакаттар, түрлі-түсті фломастерлер.


Сергіту сәті

«Қызыл өрік» биі.


Бағалау

Бірін-бірі бағалайды, көшбасшылары бағалайды







Сабақтың барысы:

  1. Топқа бөлу.

Коучинг сабағына қатысушыларды нақыл сөздер жазылған қима қағаздар арқылы 2 топқа бөліп аламын: (1- Жұмысты жұп немесе топ құрамында орындау үйренушілердің барлығын дерлік белсенділендіреді. 2-Әр сабақта шәкірттердің белсенді әрекеттері ұстаздың басты мақсаты болуы қажет!).


  1. Психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Шаттық шеңбері» ойыны.

Қатысушылар шеңбер құрып, сағат тілі бойынша айналып бір-біріне жақсы тілектер айтады.

  1. Миға шабуыл. «Сын тұрғысынан ойлау» дегенде сіздерде қандай ассоциация туындайды? (постер қорғайды).


  1. «Сын тұрғысынан ойлау» тақырыбымен таныстыру (слайдпен жұмыс)


  1. Суретпен жұмыс. Берілген суреттен жануардарды тауып, жазу.(мұхитта мекендейтін жануарларды тізбектеп жазу).

hello_html_m1f6fb260.png







  1. Акула туралы ассоциациялық жұмыс жүргізу (акуланың суреті беріледі).

hello_html_m3a40ca04.png







  1. Берілген мәтінді аяқтау. «Акула».

...Біздің кемеміз Африка жағасында зәкір тастап, тоқтап тұр еді. Күн райы өте жақсы, теңізден салқын самал есіп тұрған-ды, бірақ кешке таман ауа райы өзгеріп кетті: қапырық бола бастады, сахара шөлінен ескен ыстық желдің лебі қызған пештен шыққан лептей тиді.

Күн батарда алдында капитан палубаға шықты да, «шомылыңдар!»деп айғайлады. Матростар бір минут ішінде суға секіріп түсті, суға желкен түсірілді, желкенді байлап, шомылуға ыңғайланды.

Кемеде бізбен бірге екі бала бар еді. Балалар суға ең алдымен қарғып түсті, бірақ желкен ішінде шомылуға тар болғандықтан, ашық теңізде жарыса жүзбекші болды.

Екі бала су ішінде кесірткеше созылып, бар күштерін салып, зәкір үстіндегі кеспек тұрған жерге шейін жүзіп барды. Баланың біреуі ең әуелі өзінің жолдасынан озып кетті, содан кейін артта қалып қойды. Осы баланың әкесі, қарт артиллерист, палубада өзінің ұлына сүйсіне қарап тұр еді. Баласы кейін қала бастағанда, әкесі: «Қалма! Серме құлашыңды!» деп айғай салды.

Бір кезде палубадан біреу: «Акула!...» деп айғайлады. Бірақ балалар оның дауысын естімеді, ілгері жүзе берді, сықылықтап күлісіп, онан сайын көңілдене қатты айғайлап жүзіп барады.

Артиллерист құп-қу боп, тырп етпей балаларға қарап тұр. Матростар суға қайық түсірді де, жалма-жан отырып, ескекті еңкейе есіп, бар пәрмендерімен қимылдап, балаларға қарай жүзе жөнелді, бірақ акула балаларға жиырма қадамдай қалғанда, матростар мен балалардың арасы әлі едәуір жер еді.

Балалар ең әуелі айғайлаған дауысты естімеді, акуланы да көрген жоқ. Балалардың біреуі жалт қарады да, сол кезде жан түршігерліктей жауыс есіттік. Балалардың әрқайсысы әр жаққа қарай жүзе жөнелді.


  1. «Ақылдың алты қалпағы».(слайдпен жұмыс, И.Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалын талдау. А.Байтұрсыновтың аудармасы).


...Бір түйір ірімшікті тауып алып,

Ағашқа қарға қонды ұшып барып.

Тоқ санап ірімшікті көңіліне,

Жей қоймай отыр еді ойға қалып.

Қашаннан белгілі аңқау ала қарға,

Нәсіпке бұйырмаған шара бар ма?

Шығатын шығасыға болып себеп,

Ағашты Түлкі залым аралар ма!

Тістеген ірімшігін түлкі көріп,

Аяғын ептеп басып жақын келіп:

«Уһ!-деді,-Көретін де күн бар екен,

Жүруші ем сырттан асық болып өліп!

Тамаша қарағанға түрің қандай!

Мынау көз, мынау мойын, мұрын қандай!

Көркемдік сипатыңнан табылғанда,

Даусың да болса керек шырын-балдай!

Көптен-ақ дыбысыңды естісем де,

Болған соң келе алмадым жерім шалғай.

Сені іздеп келіп тұрмын алыс жерден,

Сұлу деп мақтаған соң әркім көрген.

«Халық айтса, қалып айтпайды» деген рас,

Арман жоқ жанда сені көріп өлген!

Көркіңді бітіре алман жазып хатқа,

Я сөйлеп жеткізе алман айтып жатқа.

Мен қайран: «Неғып патша қоймаған?»деп,

Даусың да сипатыңдай болған шақта!

Нұрыңды күн секілді көріп тұрмын,

Шыдамай, бойым балқып, еріп тұрмын.

Даусыңды тым болмаса бір шығаршы,

Естуге құмар болып өліп тұрмын!»

Мәз болып, мақтағанға насаттанып,

Қайтпасын, деп ойлады, сағы сынып.

Алыстан арып-ашып іздеп келген

Байғұстың кетсін деді көңілі тынып.

Өтірік мақтағанға Қарға еріп,

«Қарқ» етті пәрменінше жағын керіп.

Ірімшік «қарқ» еткенде жерге түсіп,

Жеп алып Түлкі кетті жортып- желіп.


Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

Қызыл(от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

Қара(тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”

Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»

Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.


9. Екі топқа тапсырма: Сұрақтарға ауызша жауап береді.hello_html_3ef8ba93.pnghello_html_3ef8ba93.png

а) Мұғалімдер үшін еңбекақы деген не?

ә) «Скрепканы» не үшін пайдалануға болады?

б) Берілген бәлішті 8 бөлікке бөлу керек, өйткені қызыңыздың туған күніне келетін қонақтың саны-7 және 8-өзіңіздің қызыңыз. (пышақпен 3-ақ рет кесу арқылы).

в) «3 сөз».

1- Сіздің адам ретіндегі 3 жақсы қасиетіңізді атаңыз.

2-Сіз басқа адамдардан қандай жеке 3 қасиетіңізбен ерекшеленесіз?

3- Өз бойыңызда әрі қарай дамытқыңыз келетін 3 қасиетті атаңыз?

  1. «Мен кіммін?» жаттығуы. (Берілген ойды аяқтайды).


  1. Мұғалімнің қорытынды сөзі:

  • Сын тұрғысынан ойлау дағдылары: проблемаларды анықтау және шешу, тиісті ақпарат жинау, нақтылықты сақтай отырып, сөзді түсіну және пайдалану, дәлелдер мен дәйектерді бағалау мақсатында деректерді интерпретациялау, сөйлемдер арасындағы логикалық байланыстардың болуы, қорытындылар мен шолу жасау, қорытындылар мен шолуларды сараптау. Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі тиісті ақпарат жинауды, дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды, кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар, ауқымды тәжірибелер негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.

  • Соңғы берілген тапсырмадағы ойлаудың 4 типі берілген:

1-қорытынды жасау, сыни ойлау, ойды жинақтап, аргумент жинау;

2-креативті ойлау әдісі;

3- логикалық ойлау, кеңістіктік ойлау;

4-рефлексивті ойлау. (кез келген адамның жеке тұлға ретінде дамуын реттейді, ойын ұштайды).


  1. Кері байланыс. «Тілек ағашына» бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, пікірлерін және тілектерін жазып, ілу.
















Сын тұрғысынан ойлау модулін пайдалана отырып, арқылы оқытудың тиімділігін арттыру
  • Другое
Описание:

Сабақтың барысы:

  • 1.Топқа бөлу.
  • Коучинг сабағына қатысушыларды нақыл сөздер жазылған қима қағаздар арқылы 2 топқа бөліп аламын: (1- Жұмысты жұп немесе топ құрамында орындау үйренушілердің барлығын дерлік белсенділендіреді. 2-Әр сабақта шәкірттердің белсенді әрекеттері ұстаздың басты мақсаты болуы қажет!).
  • 2.Психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Шаттық шеңбері» ойыны.
  • Қатысушылар шеңбер құрып, сағат тілі бойынша айналып бір-біріне жақсы тілектер айтады.
  • 3.Миға шабуыл. «Сын тұрғысынан ойлау» дегенде сіздерде қандай ассоциация туындайды? (постер қорғайды).
  • 4.«Сын тұрғысынан ойлау» тақырыбымен таныстыру (слайдпен жұмыс)
  • 5.Суретпен жұмыс. Берілген суреттен жануардарды тауып, жазу.(мұхитта мекендейтін жануарларды тізбектеп жазу).


  • 6.Акула туралы ассоциациялық жұмысжүргізу (акуланың суреті беріледі).


  • 7.Берілген мәтінді аяқтау. «Акула».
  • ...Біздің кемеміз Африка жағасында зәкір тастап, тоқтап тұр еді. Күн райы өте жақсы, теңізден салқын самал есіп тұрған-ды, бірақ кешке таман ауа райы өзгеріп кетті: қапырық бола бастады, сахара шөлінен ескен ыстық желдің лебі қызған пештен шыққан лептей тиді.
  • Күн батарда алдында капитан палубаға шықты да, «шомылыңдар!»деп айғайлады. Матростар бір минут ішінде суға секіріп түсті, суға желкен түсірілді, желкенді байлап, шомылуға ыңғайланды.
  • Кемеде бізбен бірге екі бала бар еді. Балалар суға ең алдымен қарғып түсті, бірақ желкен ішінде шомылуға тар болғандықтан, ашық теңізде жарыса жүзбекші болды.
  • Екі бала су ішінде кесірткеше созылып, бар күштерін салып, зәкір үстіндегі кеспек тұрған жерге шейін жүзіп барды. Баланың біреуі ең әуелі өзінің жолдасынан озып кетті, содан кейін артта қалып қойды. Осы баланың әкесі, қарт артиллерист, палубада өзінің ұлына сүйсіне қарап тұр еді. Баласы кейін қала бастағанда, әкесі: «Қалма! Серме құлашыңды!» деп айғай салды.
  • Бір кезде палубадан біреу: «Акула!...» деп айғайлады. Бірақ балалар оның дауысын естімеді, ілгері жүзе берді, сықылықтап күлісіп, онан сайын көңілдене қатты айғайлап жүзіп барады.
  • Артиллерист құп-қу боп, тырп етпей балаларға қарап тұр.Матростар суға қайық түсірді де, жалма-жан отырып, ескекті еңкейе есіп, бар пәрмендерімен қимылдап, балаларға қарай жүзе жөнелді, бірақ акула балаларға жиырма қадамдай қалғанда, матростар мен балалардың арасы әлі едәуір жер еді.
  • Балалар ең әуелі айғайлаған дауысты естімеді, акуланы да көрген жоқ. Балалардың біреуі жалт қарады да, сол кезде жан түршігерліктей жауыс есіттік. Балалардың әрқайсысы әр жаққа қарай жүзе жөнелді.
  • 8.«Ақылдың алты қалпағы».(слайдпен жұмыс, И.Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалын талдау. А.Байтұрсыновтың аудармасы).
  • ...Бір түйір ірімшікті тауып алып,
  • Ағашқа қарға қонды ұшып барып.
  • Тоқ санап ірімшікті көңіліне,
  • Жей қоймай отыр еді ойға қалып.
  • Қашаннан белгіліаңқау ала қарға,
  • Нәсіпке бұйырмаған шара бар ма?
  • Шығатын шығасыға болып себеп,
  • Ағашты Түлкі залым аралар ма!
  • Тістеген ірімшігін түлкі көріп,
  • Аяғын ептеп басып жақын келіп:
  • «Уһ!-деді,-Көретін де күн бар екен,
  • Жүруші ем сырттан асық болып өліп!
  • Тамаша қарағанға түрің қандай!
  • Мынау көз, мынау мойын, мұрын қандай!
  • Көркемдік сипатыңнан табылғанда,
  • Даусың да болса керек шырын-балдай!
  • Көптен-ақ дыбысыңды естісем де,
  • Болған соң келе алмадым жерім шалғай.
  • Сені іздеп келіп тұрмын алыс жерден,
  • Сұлу деп мақтаған соң әркім көрген.
  • «Халық айтса, қалып айтпайды» деген рас,
  • Арман жоқ жанда сені көріп өлген!
  • Көркіңді бітіре алман жазып хатқа,
  • Я сөйлеп жеткізе алман айтып жатқа.
Автор Бозкенова Бахытгуль Амантаевна
Дата добавления 30.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 354
Номер материала MA-062798
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓