№ 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп
Шыншылдық-адалдықтың белгісі
Қызылорда қаласы
Тақырыбы:Шыншылдық-адалдықтың белгісі
Мақсаты:
-оқушылардың бойында
адалдық және шыншылдық ұғымы жөнінде түсінік қалыптастыру;
-балалардың бойындағы
адамгершілік қасиеттерді ынталандыру;
-оқушыларды өз-өзіне
және айналасындағыларға жақсылық жасап жүруге үйрету арқылы адал болуға
тәрбиелеу.
-ой белсенділігін,өз
ойын еркін жеткізе білу дағдысын арттыру.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелесу,түсіндіру,оқулықпен
жұмыс,ойын,сұрақ-жауап,интерактивті әдіс.
Қажетті оқу
құралдары:оқулық,дәптер,түрлі суреттер.
Сабақ барысы:
1.Көңілашар
Ø
Балалар,мен сендерді
ортаға шақырамын.Мына өлеңді айтып үйренейік.
Шындықты
сақтаймыз, Өрге баспас өтірік,
Шыншылды
жақтаймыз. Шындықты тек айтамын.
Достықты
дәріптеп, Өз бойымнан бүгін мен
Шығарып
мақтаймыз. Шыншылдықты байқадым.
2.Тыныштық сәті
Ø
Ертеде қаз дауысты
Қазыбектің аулына бір саудагер келіпті.Түстеніп,тамақ ішіп болған соң
Қазыбекке:
- Би,бір сөз сұрайын
деп едім,-депті.
- Сұраңыз,-дейді
Қазыбек би.
- Біз өзара
дауластық та.ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық.Сөздің атасы кім,анасы
кім?-депті
Сонда Қазыбек би:
-Сөздің атасы-бірлік, анасы-шындық ,-деген екен.
Ø
Балалар,бірлік дегеніміз
-тату болу дегенді білдіреді.Ал шындық туралы сендер білесіңдер деп
ойлаймын.
-Егер « шындық-
сөздің анасы» деп түсінетін болсақ, онда ол қандай қасиет болғаны?
Балалардың жауаптары
төмендегідей болды.
ü
Шындық деген өтірік айтпау
ü
Досыңды алдамау
ü
Шыншыл болған жақсы
ü
Өтірікшімен дос болмас
едім
ü
Абай ата да өтірік- бес
дұшпанның бірі деген
3.Оқулықпен жұмыс
Шыншылдық
Естай екінші
сыныпқа көшті.Бойы кіп-кішкентай,білетін адам болмаса,оны оқушы деп ешкім
ойламайды.Жазғы каникулда олар басқа қалаға бармақ боп келісті.Естай:
-Әке,мен де
барайын, -деді.Әкесі анасына көзін қысып қойып:
-Бұрын саған билет
алмаушы едік.Сен енді есейдің.Саған билет алуға ақша жоқ .Сен бармайтын
шығарсың,-деді.
- Әкесі,Естайды әлі
мектепке барған жоқ деп билет алмасақ қайтеді,-деді анасы.
- Жоқ. Ұшқыштарды
алдауға болмайды.Ешқашан өтірік айтпа деуші едіңіздер ғой,-деді Естай.
- Ендеше, үйде
қал,-деді әкесі.
- Бармасам,
бармаймын,-деді Естай өкпелеп.
Келесі күні
ата-анасы жол жүруге дайындалып жатты.Естайда үн жоқ.
-
Естай,бізбен бірге
жүрсеңші,-деді әкесі.
-
Билетсіз бармаймын ,-деді
Естай.
Әкесі көк қағазды
көрсеткенде Естайдың қуаныштан жүзі жайнап сала берді.Олар әуежайға
келді.Ұшаққа отыру басталған екен.Естай билетін жолсерікке ұсынды.
-
Сенде де билет бар ма?-деп
таңданды жолсерік.
-
Әрине.Мен 2 -сыныпта
оқимын ғой,-деді Естай.
-
Бізге қоярда қоймай өзі алғызды,-деді
анасы.
-
Балаңыз шыншыл екен.Бұл
жақсы қасиет қой. «Жаным арымнан қымбат» деген бар емес пе?-деді жолсерік.
Естай аяғын адымдай
басып,жоғары көтеріліп бара жатты.
Ø
Әңгіме сендерге ұнады ма?
Ø
Әңгіме кім туралы?
Ø
Естай қандай бала?
Ø
Егер сен Естайдың орнында
болсаң, не істер едің?
Ø
Осы әңгімеден қандай ой
түйдің?
Ø
Өтірік айтқан кездерің
болды ма?
Балалардың жауаптары:
ü
Өтірік айту- ең жаман
әдет.
ü
Мен де Естай сияқты билет
алғызар едім.
ü
Естай сияқты балалар көп
болса екен.
ü
Шыншыл болған жақсы.
ü
Өтірік өрге баспайды.
ü
Шыншылдық-адалдықтың
белгісі.
4.Дәптермен жұмыс
Ø
Әр жүрекшеге өзіңе ұнайтын
жақсы қасиеттерді жазып шық.
5.«Шын ба,әлде өтірік пе?» ойынының шарты мынадай.Мұғалім әр сөйлем айтқан сайын
«шын ба,әлде өтірік пе?» деп сұрайды.Балалар оның шын-өтірігін тез айтуы керек.
Ø
Жазда қар жауды.
Ø
Асан дәптерге бормен
жазды.
Ø
Сәуле он деген баға алды.
Ø
Көктемде малдар төлдейді.
Ø
Тазша бала тек шындықты
айтады.
Ø
Біздің сыныпта он екі қыз
бар...
6. Дәйексөз
Шындықтың шырағы сөнбейді.
Өтірік
өрге баспайды.
7.Жүректен
жүрекке
- Екі көз не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі құлақ не үшін керек?
- Ақыл-кеңес алу үшін
- Екі қол не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін
- Қызыл тіл не үшін керек?
- Тек шындықты айту үшін керек.
Ø
Олай болса, шындықпен дос
болайық,балалар.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.