Тақырыбы: «Дарабоз»
Мақсаты: Ұлттық ойынды
насихаттай отырып, нағыз
қазақ баласының бойындағы қасиеттерін
бастауыш сынып оқушыларының бойына сіңіру.
Әр түрлі жағдайлардан шыға білу, тапқырлық,
ептілік, мергенділік пен шапшаңдылық қабілеттерін
дамыту. Ұлттық ойындарды ойната отырып,
ата –салтын ардақтауға, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Міндеті: Спорттық
ойындармен бірге ұлттық ойын-
дарды салауатты омір салтында қолдана білу.
Түрі:
Ұлттық ойын сайысы
Тәрбиелік бағыты: Салауатты өмір салтын
насихаттау.
Керекті құрал: Арқан,қамшы,
асықтар,қоржындар,
тиын -тенгелер, бейне таспа, аттар т.б.
Ж о с п а р:
І.Ұйымдастыру. 1.Сайысқа қатынасушылардың дайындығын
бақылау
2.сайыстың мақсатымен, жоспарымен таныстыру
ІІ.Негізгі бөлім. 1.Сәлемдесу.2.Асық ату.3.Бес тас.4. Теңге
алу.
5.Қамшылау.6.Арқан тартыс
ІІІ.Қорытынды. 1. Әділ қазылар алқасына сөз беріліп,
жеңімпаз топты
анықтау.
Мұғалім: Шынықсаң шымыр
боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаңда ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті: қонақтар,
ұстаздар мен оқушылар, доданы тамашалауға қош келдіңіздер! Бүгін бізде 4-
сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Дарабоз» атты
ұлттық ойын сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Әр таңды бақытпен атырамыз.
Өнерді, ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға.
«Тұлпар», «Жас қыран», «Салауат» - атты топтарымызды ортаға шақырамыз.
«ТҰЛПАР»
тобы «ЖАС
ҚЫРАН» тобы «САЛАУАТ»
тобы
«Дарабоз» сайысының
кезеңдерімен таныс болыңыздар. Барлығы 6 кезеңнен тұрады.
1. «Сәлемдесу» (әр топтың ұйымшылдығын бақылау)
2.
«Асық ату» (1-2
метр қашықтықтан асық ату,ұлдардың мергендігін бақылау)
3.
«Бес тас» (епті ,әрі
шапшаң төртік ойынына дейін қыз балаларды сайыстыру ойнау )
4.
«Теңге алу» (шапшаң
жүгіріп барып,жердегі теңгені алу)
5.
«Қамшылау» (топ
басшылардың сайысы)
6.
«Қол күрес» (топ ішіндегі мықты ойыншы
шығады)
7. «Арқан
тартыс» (екі топ бір-бірімен арқан тартысады)
«Дарабоз» ұлттық ойынына қатысушы сайыс қырандардың
шапшаңдылығы мен тапқырлығын, икемділігі мен ептілігін, қайраты мен күшіне баға
беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрағасы: Мектеп директоры – Елемесова Анар Муратовна, мүшелері: мектеп директорының оқу – тәрбие жөніндегі орынбасары – Құрмашева Алмагүл Амантайқызы, Дене шынықтыру
мұғалімі – Оспанов Руслан Рахметтоллаевич.
Бұл
сайыс шыншыл бағдарлама желісімен алынып отырғандықтан әр кезеңнен кейін
бағасы беріліп отырады. Бағаланған асықты қоржынға жинау арқылы бағаланады.
(«Қара жорға» әнінің
сүйемелдеуімен ұлттық киім киген оқушы асықтарды қазылар алқасына ұсынады)
Жігіттер, ойын
арзан,күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой
сыр мен сымбат.
Арзан, жалған,
күлмейтін шын күлерлік,
Ер табылса жарайды
қылса сұхбат – дей отырып сайыстың бірінші кезеңі сәламдесуге кезек берейік.
І кезең «Сәлемдесу»
(Әр топ топтарының аттарын,ұрандарын
таныстырады)
4 «А»- «Тұлпар» тобы
4 «Б»- «Жас қыран» тобы
4 «В»- «Салауат» тобы
Қазылар алқасынан бірінші
кезеңнің бағасы сұралады. 5 – өте жақсы, 4 – жақсы, 3 – қанағаттанарлық
бағамен бағаланады.
ІІ кезең. «Асық ату»
Ежелден бері келе
жаткан ұлттық болмысымызға сіңісті әр түрлі ойындар бар.Оны ретіне қарай
жаста, жасамыста ойнаған. Мысалы: тойда,қонақ шақырылса бозбалалардың бас қосу
салтанатында «Асық ойнау», «Ханталапай»,» Тоғыз құмалақ»,» Көкпар» т,б.Солардың
бірі « Асық ату» ойыншының мергендігін, ептілік қабілетін арттыра түседі.Асықты
дәл тигізіп, көп асық жинаған ойыншы жеңіске жетеді.Нағыз мерген болып
саналады.Сайыскер ұлдарды 1-2 м. қашықтықтан мергендеп асық атуға шақырамыз.
(3-топ асық атып,бағалары талқыланады)
ІІІ кезең. «Бес тас»
Қыз
балаларға тән ұлттық ойынымыздың бір түрі.Бұл кезде қыздардың ептілігі
байқалады. Пішіндері бірдей бес тастың бірін лақтырып, қалғанын ретімен шапшаң
жинап алу қажет.(4-тік ойынына дейін мұғалім орындап көрсетеді. 3-топ бес тас
ойнап,ұпайлар саны қосылады)
ІV кезең. «Теңге алу»
Жазықтық жерге 5 жерге тиын қойып, әр топтың бір – бір
ойыншысы 1бір – бірден жинайды. Содан кейін тиын есептелінеді. (Ұпайлар саны
есептеліп қоржынға асық салынады)
V кезең. «Қамшылау»
Ауылдың сері
жігіттері жиналып ойын-сауық кезінде « Қамшылау» ойынын ойнайды. Бұл ойынға
қазір әр топтың топбасшылары қатысады.Кім бірінші жүгіріп барып қамшыны
алса,сол адам жеңімпаз болып есептелінеді.Қарсыласы қамшылатпай қашып кеткен
жағдайда ойын қайта басталады.Кім шапшаң екенін бақылаймыз.(Әр топтың
топбасшылары «Қамшылау» сайысын ойнап, ұпайлар саны есептелінеді).
VІ кезең. «Қол күрес»
Әр
топтан бір – бір мықты ойыншы шығып бақ сынасады.
.(Әр
топтың мықтылары «Қамшылау» сайысын ойнап, ұпайлар саны есептелінеді
VІІ кезең. «Арқан тартыс»
Халық арасында ертеден келе жатқан танымал ойынның
бірі-АРҚАН ТАРТЫС. Сайысқа қатысушылар теңдей екі топқа бөлінеді.Арқанның қақ
ортасынан белгі үшін түйін түйіледі.Ойынға қатысушылар теңдей екі топқа
бөлінеді.Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өтсе,солар жеңіп,
жүлде алады. Ойында жеңіске жету үшін қара күшпен қатар әр топтың қозғалысындағы
біріңғайлық, ұйымшылдық қажет.
(Жеңімпаз
топты анықтап, әр топтың қоржынына бағалау асығы салынады.)
Қорытытынды.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көрдіңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
- дей келе сөз кезегін
әділ қазылар алқасына береміз!
Осымен «Дарабоз» сайысымыз өз мәресіне жетті,
Сау болыңыздар!
Жеңісті күндері
жолыққанша!
КЕЛІСЕМІН:
БЕКІТЕМІН:
Мектеп директорының Мектеп
директоры
оқу-тәрбие жөніндегі
орынбасары .............. А.М.Елемесова
.... ..........А.А. Құрмашева
« » қаңтар 2013 ж. «
» қаңтар 2013 ж.
Өткізген мұғалім: Жомартова А.Р.
2012- 2013 оқу жылы.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.