Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы"Шәмшіге табыну" атты сыныптан тыс іс-шараның жоспары

"Шәмшіге табыну" атты сыныптан тыс іс-шараның жоспары

Скачать материал

Мақсаты:  Оқушыларды Шәмші Қалдаяқовтың өмірімен, өнерімен таныстыру, Шәмші сияқты бір-ақ рет өмірге екелетін ұлы адамды, оның өнерін сүюге, құрметтеуге үйрету, эстетикалық тәрбие бере отырып, өнерге қызығуын арттыру.

Көрнекілігі:  нақыл сөздер, портреті, әндер жинағы, шарлар.

Сабақтың барысы:

 

1.Сол күндер ғой – жүректің  аңсағаны,

Соған шөлдеп, айызым тамсанады.

Өкініш пе, білмеймін, қуаныш па?

Өз-өзінен жүрегім ән салады.

 

Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма?

Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма?

Махабатқа арнап бір ән шығарсын,

Шәмші-ау! Шәмші қайда? Шәмші қайда?

 

Шімшіге айт, тағы да бір тамсандырсын,

Жандандырсын жүректі, жандандырсын!

Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер,

Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын!

 

2. Ән падишасы халық берген атағы,

Әндерімен күліп таңым атады.

Ғашықтардың жан сезімін тербетіп,

Әуеніңмен нұрланып күн батады.

 

Перзенті едің Отырардай өлкенің,

Өзіңе арнап жан сезімін шертемін.

Әңдеріңіз, ұрпақтарға тұмар боп,

Шәмші аға, жарық болды ертеңің.

 

Халық жатыр әндеріңмен көз ілмей,

«Құдыреттей» өзіңді аға сезінген.

Бақилыққа сен аттанып кетсең де,

Рухың бірге, рухың бірге елменен.

 

3. Бойыңда қандай құдырет

Шыққандай әнің құймадан

Өзіңмен қанша ән кетті

Кеудене аға сыймаған.

 

Сыр бойын шарлап, қыр астың,

Арыспен кейде сырластың.

Қайықта әнін қалқытып,

Іздедің әнін Алаштың.

 

Даламның тыңдап әуезін,

Жүрекке ектің әуенін,

Елекке салып, екшеп ап,

Ұсындың елге мәуесін.

 

Әнің  барда тірісің,

Өмір сүрдің  ел үшін.

Алты Алашқа белгілі,

Заңғарлардың бірісің.

 

Мұғалім: Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер шығарып, өзі елеусіз де аянышты тірлік кешкен қайран Шәмші! Бірақ біз - ән сүйер қауым, оның өмірі дәл осылай бақытсыздау өткенін білмедік, ән әлемінің падишасы атанған талант иесі социалистік жүйенің елеусіз құрбанына айналды. «Ештен кеш жақсы» демекші, егемендігіміздің арқасында бүгінде «Вальс королі» атанған бір-ақ адам. Ол – Шәмші Қалдаяқов. Ендеше, сол Шәмшіге арналған бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

1-оқушы: Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылдана бастады. 1956-1962 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда В.В. Великанов класында оқыды.

 

2-оқушы: Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында «Сарыкөл» деген шағын көл бар. Міне, осы көлдің жағасында Қалдаяқ деген кедей мекен етіпті. Қалдаяқтың шын аты Әнәпия екен. Оның балтырындағы үлкен қалды көріп, жеңгелері Қалдаяқ  атап кетіпті. Татарлардың гармонын, қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келді. «Оу, Қалдаяқ, ұлды болдың» деген хабарды естіп, үйіне асыға жеткен Қалдаяққа шүберекке оранған нәрестені ұстата қойыпты. Нәресте болса да, ересек адамның қарулы қолын сезіп, бала шыр ете түседі. Басқа балалардай шыңғырып жыламай, бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн шығарған ұлына қарап: «Мен сені Шәмшид патшаның атымен атағалы жүр едім. Бірақ мына дауысың патшанікіне емес, әншінікіне көбірек ұқсайды екен»- депті Қалдаяқ.

    «Оу, Қалдаяқ, балаң адамдардың емес, әннің патшасы болса да, тақияңа тар келмес»- депті оған Құдайберген деген құрдасы.

    «Айтқаның келсін. Есімі Шәмшид болсын»- депті сонда баладан басқа байлығы жоқ әрі кедей, әрі өнерпаз әке. Дәл сол кезден аттай отыз жыл өткен соң, Шәмшид деген ат алған сол бала, Шәмші Қалдаяқов болып, бүкіл Қазақстанға «Вальс королі» атанып, атағы алысқа жайылатынын сол тұрғандар білген жоқ.

Мұғалім: Шәмшид деген ат алған сол бала, аттай 30 жыл өткен соң Шәмші Қалдаяқов болып өсіп жетіліп, бүкіл Қазақстанға «Вальс королі» атанып, атағы алысқа жайылатынын сол тұрғандар білген жоқ. «Король» деген аты дардай болғанымен, бұл өмірдегі басқа бақыттан жұрдай болып өтетінін де білген жоқ олар.

    Иә, оған табиғат әннен қанат бітірді. Әні шарықтап, бүкіл қазақ даласын самғады. Ол әнді өміріне серік етті, әні халыққа 35 жыл рухани азық болды. Әндерінің ғұмыры ұзақ болып, жас ұрпақтарға да жетті. Оның сазгерлік шығармашылығы халқымыздың ән өнерінің жарқын бір белесі.

     Шәмшінің сырлы да сыршыл әндері талай ұрпақтарды жан-жүрегін тербеп, рухани дүниесін байытты, сұлулыққа, ізгілікке іңкәр етті.

3-оқушы: Аты аңызға айналды Шәмші бүгін,

Тиісті еркелеуге елге дүйім.

Жүректен орын алған сазды әуеннің,

Көтерер алты Алаштың көңіл күйін.

Вальстің королісіз өзі алтын,

Бағалай білген қазақ өнер парқын.

Әуеннен күмбез салған өзіңізді,

Құрметтеп тағзым етер бүгін халқым.

 

4-оқушы: Шәмші өзінің құдайдай сыйлап, жанындай жақсы көретін әкесіне ол өлген соң моласының басына үлкен кешене ғимарат салдырды. Ал өзін ақ сүтімен асыраған аяулы анасына арнап әннің ең асылын жазды.

«Ана туралы жыр» әнінің шығу тарихы

Көрініс

Қатысушылар: анасы,  Шәмші, автор.

Шәмшид Шәмші атанып, оның композиторлық атағы шартарапты шарлап кеткенде, оның ғазиз анасы қайта айықпастай кеселге ұшырайды. Өзінің о дүниелік екенін айқын сезген ол Алматыдағы Шәмшіні шақырады.

-Балам, - дейді кіреуке тартқан көздеріне қос тамшы үйіріліп. – Бұл өмірден жас кеттім демеймін, арманда кеттім деймін... Жазмыш маған келіннің қызығын көруді,, немере сүюді бұйыртпады. Тағдыр солай да... Қайтейін? ... Жалғыз тілеуім - сен аман бол... Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа кетсін. Бақыл бол, балам.

    Ойлап қараса, анасы оған әлемнің жарығын сыйлапты, даланың ең әсем гүлін жинапты, самсаған құстардың қанатын беріпті, мол дүниенің жаннатын ұсыныпты. О, ана! Ана! Бұл өмірдегі өзінің ең жақын, ең асыл адамынан мәңгілік айырылғалы тұрғанын сезген Шәмші оның ыстық төсіне басын қойып, еркінен тыс өксіп жылап жібергенін сезбей де қалды.

- Апа, қарыздармын саған... қарыздармын, апа! Сенің басыңа мавзолей орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ, саған әсем әннің ең сұлуы, ең нәзігінен ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын...- деді Шәмші дауысы үзілді-кесілді шығып, көз алдындағы бар дүние тұманға сүңгіп.

 

Мұғалім: Бұл 1957 жылдың 4 қырқүйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 1961 жылы орындады. Осы жылы оның «Ана туралы жыр» деген әні дүниеге келді. Бұл ән – қазақ совет музыкасындағы ана туралы жазылған тұңғыш ән еді. Бұл ән – ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді... Бұл ән есейген ер жүрек ұланның бұл өмірдің теңізін адал кешуге берген анты еді... Бұл аналар туралы гимн еді.

     Қазір «Ана туралы жырды» білмейтін бірде-бір қазақ жоқ десем мұным өтірік бола қоймас. Бұл, ән, тіпті, татар, башқұрт ағайындардың да төл әніндей болып кетті. Монголиядағы қазақ мектептерінің оқушылары сабақ басталмастан бұрын алдымен Моңғолияның гимнін, сонан соң осы әнді айтады екен.

                  «Ана туралы жыр» әні.

Мұғалім: Әр адамның өз өмірі секілді әр әннің өз тарихы бар. Жұмекен Нәжімеденовтың  сөзіне жазылған «Менің Қазақстаным» әнінің шығу тарихынан көріністі тамашалаңыздар.

«Менің Қазақстаным» әнінің шығу тарихы.

Көрініс

Қатысушылар:  автор, Шәмші, «Мәдениет және тұрмыс» журналынын редакторы.

     Ол тұс Ақмоланы  Целиноград атап, сол жақтағы бес облысты бір өлке етіп, оны Ресей жаққа бермекші болып жүрген кез еді. Қазақ жері осылайша бөлшектенгелі жатқанда, оның асқақтығын жырлайтын  әнұран қажеттігін сезген Шәмші «Менің Қазақстаным» әнін жазады. Әнді баспасөзге жарияламақ болып, «Мәдениет және тұрмыс» журналына апарғанда, оның редакторы:

-         Коммунистік партия туралы бір ауыз сөз жоқ. Қазіргі басты ұранымыз – жетіжылдық жоспар жайлы да ештеңе айтылмаған, - деді ол дауысын қатайтып.

-         Мен әнімді қайран елім – Қазақстаныма арнап отырмын. Өз елімді, өз жерімді ешбір саясатсыз, адал көңіліммен жырлағым келеді, - деді Шәмші.

-         Жоқ, болмайды! Партия – заманымыздың ары, ожданы, ол біздің бастаушымыз. Жетіжылдық жоспар оның ұраны. Біз алдымен соны жырлауымыз керек.

-         Ал Қазақстан ше?

-         Партия туралы ештеңе жазбағаныңнан сенің аяғыңа түскен тұсау аз емес. Сен немене, партияға қарсысың ба?

-         Жеті жыл жоспары,

Жеті қыр асқаны

Думанды бастады,

Қазақтың жастары.

5-оқушы: «Менің Қазақстаным» әнінің хикаясы мұнымен біткен жоқ. Бұл әнді «елімнің әнұраны болады» деп Шәмші біліп айтқан екен. 1986 жылғы  17 желтоқсанда бостандықты аңсаған қазақ жастары Алматыдағы Республика алаңына «Елім-аймен» бірге осы әнді айтып шықты. «Менің Қазақстаным» деп шырқаған айналайын жастардың арманы орындалып, Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Қазақ халқының үш жүз жылға созылған бодандықтан босануына Шәмшінің әні осылайша септігі тиді. Бірақ «Желтоқсан жаңғырығы» қозғалысын ұйымдастырушылар сол Желтоқсанға рухани қару болған Шәмшінің әнін де, өзін де ауыздарына алған жоқ.

«Менің Қазақстаным» әні

6-оқушы: Ән де адам секілді өз тағдырымен туады. Жақсы айтатын әнші болмаса, қандай ән болса да оп-оңай қор болады. Шәмшінің «Сыр сұлуы» осындай жағдайға дұшар болды. Бұл 1963 жылы еді. Қызылорда облыстық комитетінің хатшысы Жарқымбек Қаржаубаевтың гұсқауымен ән-би ансамблін құру керек болды. Бағдарлама дайын болғанда ансамблдің шыққан тегін, затын білдіретін, жалау етіп ұстайтын ән жоқ екен. Сол кісінің тапсырмасымен Алматыдан Шәмші Қалдаяқовты шақырып алып, «Сыр сұлуы» әнін жазғызады. Сөзін Зейнолла Шүкіров жазған. Сол әнді алғаш рет обкомның белді бір қызметкерінің қарындасына айтқызамыз деп әнді өлтіріп алды. Елден ұялып, Шәмші Қызылордадан кетуге асықты. Тоғыз ай өткен соң, сәтін салып «Сыр сұлуы» әні Ришад Абдуллиннің орындауында қайта тіріліп, құлпырып, бүкіл республиканы шарлап кетті.

«Сыр сұлуы» әні.

 

Мұғалім: Мағжанның өлеңіне ән жазбақ түгілі оның  атын ауызға алудың өзі о тұста өзін-өзі орға жығмен бірдей болатын. Сөйте тұра, тағдыр оған Мағжан ағасының бір ауыз өлеңіне ән жазуды бұйыртыпты. Ол былай болды.. Қазақ радиосының музыка редакциясында Мақсұт Майшекин деген қартаң редактор болды. Сол кісі бір күні: «Мен бір текст берейін. Соған ән жазып көресің бе?»- дейді. Шәмші: «Әкеліңіз»- дейді.

     О, ғажап! Өлеңде еш мін жоқ. Аспандағы ай да сұлу, жарқырап атқан таң да сұлу, бұрқырап аққан бұлақ та сұлу, мүлгіп тұрған орман да сұлу, бәрі, бәрі сұлу. Бірақ, мен үшін бәрінен де сен сұлу. «Бәрінен де сен сұлу» әні осылайша жазылып, ел арасына жылдам таралып кетті. Оның өлеңінің жалған авторы Майшекин Мағжан Жұмабаев ақталған күнге жете алмай кетті. Бірақ, Шәмші қалай еткенмен де қазақтың бір асыл ақынының қайта тірілуіне айтарлықтай үлес қосты.

«Бәрінен де сен сұлу»

«Арыс жағасында»  әнінің шығу тарихы.

Көрініс

Қатысушылар: Шәмші, Қалқожа, автор.

-         Мен Қалқожа Жолдықожаевпын

-         Е, болсаң бол. Оны маған несін айтып тұрсың?

-         Екеуіміз де Арыстың бойында туыппыз. Бір өзеннің суын ішіппіз. Артымда Арыс тұрғанда алдымда жолыққан ешкімнен де сескенбеймін. Осы өзеннің жағасында мен өзімнің ең сұлу нақ сүйерімді тауыппын. Шәмші деген атыңыз бар, қалайша осы өзеннің бойында бір сұлу жолықпады сізге?

-         Неге олай дейсің? Ондай сұлу менің қиялымда осы Арыстың бойында туды.

-         Олай болса, әндеріңізде неге Арыс жоқ? Айналайын ерке өзеннің аруларын неге  ән етпедіңіз? Оларды әлде жақтырмайсыз ба?

-         Әй, бала, сен қалай-қалай сөйлейсің? Мен кімді ән қылам, кімді... онда сенің не шаруаң бар?

-         Шаруам бар! Өскен жеріңіздің сұлуларын неге жырламайсыз? Мен- Қалқожа, соны айтуға келдім, - деді де тайып тұрды.

-         Өй, әлгі кісі не деп кетті?- деді қасындағылары.

-         Ол менің нағыз ауру жерімді түртіп кетті.

«Арыс жағасында» әні

7-оқушы: Құдыретті ән иесінің 60-қа келсе де ешқандай атаққа ілікпегенін, ең болмаса Композиторлар одағына да мүше еместігін былайғы жұрт біле бермейтін.

    Шәмшінің мұндай мүшкіл халін жұртшылыққа «Жас алаш» газеті арқылы дабыл көтеріп жариялаған досы Оразбек Бодықов болды.

8-оқушы: Оразбек Бодықов Шәмшінің тек әндерін орындаудан түскен қаржымен ғана күн көріп жүргенін, тек шығармашылықпен айналысқанын, еңбек стажы түгілі, еңбек кітапшасы да жоқ екенін, бірақ сонын есесіне көптеген әндері халыққа 35 жыл бойы рухани азық болғанын, бірақ заңға салса, оған зейнетақы төленбейтінін, 60-қа келген шағында көк тиынсыз қалғанын, зейнетақы алу үшін Шәмшіге «Қазақ ССР-ы өнеріне еңбегі сіңген қайраткер» атағын бергізу керек екенін баса айтты.

1-оқушы: Оразбек Бодықов досы Шәмшінің 60-жылдық  мүшел тойын Шымкентте, Жамбылда, Алматыда Шәмшінің туған ауылы Шәуілдірде өтуіне себепкер болды.

2-оқушы:  Ең бастысы, 1990 жылы маусымда Шымкент қорғасын зауытының мәдениет сарайында өткізілген кеште «Шымкент» жұртшылығының атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа хат қабылданып, онда Шәмшіге «Қазақ ССР-ы халық әртісі» деген атақ берілуі сұралды. «Қазақстан халық әртісі» деген атақ Шәмшіге 1991 жылы 29 желтоқсан күні берілді. Ал, бұл кезде Шәмші ауруханада жатқан еді. Ол ауруханадан 1992 жылдың 29 ақпанында мәңгілікке көз жұмған күйі бір-ақ шықты.

Мұғалім: Шәмші осылайша «Қазақстанның халық әртісі» деген құрметті атақты бар – жоғы 60-ақ күн иеленді. Ал, жұртшылық сонша зарлап сұраған зейнетақыны алмай-ақ дүниеден өтті.

Шәмшінің соңғы хаты оқылады.

Мені «Шәмші» деп сыйлайтын

ҚЫМБАТТЫ БАУЫРЛАРЫМА!

  Мен осы алпыс жыл өмірімнің ішінде қазақтың небір ұлы азаматтарымен сырлас, достас, дастархандас болдым. Небір өкінішті, өткір күндерім де соларға аян.

    Былтыр 1990 жылы алпысқа толғаныммен не Композиторлар одағына мүше емес, не зейнетақы, ат-атағым жоқ, өзім науқас, айдалада қалған шағымда солардың ешқайсысы да мені іздеген жоқ. Мен туралы бір ауыз сөз, жылы лебіз де білдірмеді. Мұқағали секілді мен де бұл дүниеден таршылық, жоқшылықпен өтіп барамын.

   Міне, осындай кезде менің қасымнан Оразбек Бодықов табылды. Республикалық «Жас алаш» газеті арқылы дабыл көтеріп, өзінің тік мінезіне басып, менің мүшел тойымды Шымкент, Жамбыл, Алматыда өткізуге себепкер болды.

   Ол- ол ма, мен туралы деректі повесть, пьеса жазды. Бұл шығармашылығында менің әдеби бейнемді жасауға талпынған ол, менің өмірім, творчеством арқылы менің заманым, замандастарым туралы жазды. Яғни, қазақ өнерінің соңғы отыз жыл ішіндегі шежіресіне талпыныс жасады. Ол қалай шықты – оны оқырмандар айтар. Мен басқа ешкімге айтпаған сырымды Оразбекке айттым. Мен не нәрсеге қолым жетсе де, не нәрсені арман ғып өтсем де, Орекең соның бәрінің куәсі болды. Соларды ол қағазға түсірді.

   Жасы жетпіске қарай кеткен Орекең де талай қағажу көріп жүр. Мен туралы шығарма үшін де талайлардан таяқ жеуі мүмкін. Сондықтан да менің әндеріме жаны ашып, мені «Шәмші» деп сыйлайтынадамдарды, қоғамдық ұйымдарды Оразбек Бодықовқа демеуші болуларын осы газет арқылы өтінер едім. Өйткені, менің көптеген сырларымды, ойларымды, армандарымды айналайын халқыма Оразбек досым жеткізер деп сенемін.

Шәмші Қалдаяқов.

Қараша айының 7-ші жұлдызы, 1991 жыл.

Мұғалім:  Қазақ жазушысы Ғ.Мүсірепов «Қазақ өнерін білгісі келетінде Қастеевтің суреттерін, Қалдаяқовтың әндерін зерттеулері керек» десе, ал Бибігүл Төлегенова әншіміз «Шәмші тау бұлағындай таза әуенімен ән-жырға сусаған халқының мейірін қандырды» деген еді.

    «Шәмші бүгін бар, ертең жоқ, әкім, саясаткер емес. Ол- мәңгілік», - деп Қали Сәрсенбаев ағамыз айтқандай, мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған Шәмші ағамыздың жұлдызы мәңгі биік тұрады. Тәрбие сағатымызды «Ән аға немесе Шәмшімен сырласу» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.

«Ән аға немесе Шәмшімен сырласу» әні.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Шәмшіге табыну" атты сыныптан тыс іс-шараның жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты:  Оқушыларды Шәмші Қалдаяқовтың өмірімен, өнерімен таныстыру, Шәмші сияқты бір-ақ рет өмірге екелетін ұлы адамды, оның өнерін сүюге, құрметтеуге үйрету, эстетикалық тәрбие бере отырып, өнерге қызығуын арттыру.

Көрнекілігі:  нақыл сөздер, портреті, әндер жинағы, шарлар.

Сабақтың барысы:

 

1.Сол күндер ғой – жүректің  аңсағаны,

Соған шөлдеп, айызым тамсанады.

Өкініш пе, білмеймін, қуаныш па?

Өз-өзінен жүрегім ән салады.

 

Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма?

Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма?

Махабатқа арнап бір ән шығарсын,

 

Шәмші-ау! Шәмші қайда? Шәмші қайда?

Мұғалім: Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер шығарып, өзі елеусіз де аянышты тірлік кешкен қайран Шәмші! Бірақ біз - ән сүйер қауым, оның өмірі дәл осылай бақытсыздау өткенін білмедік, ән әлемінің падишасы атанған талант иесі социалистік жүйенің елеусіз құрбанына айналды. «Ештен кеш жақсы» демекші, егемендігіміздің арқасында бүгінде «Вальс королі» атанған бір-ақ адам. Ол – Шәмші Қалдаяқов. Ендеше, сол Шәмшіге арналған бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

 

1-оқушы: Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылдана бастады. 1956-1962 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда В.В. Великанов класында оқыды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 842 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2015 570
    • DOCX 23.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Еслямова Макпал Солтангазиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 6
    • Всего просмотров: 71090
    • Всего материалов: 44

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 765 человек из 75 регионов

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе