Главная / Другое / Ш.Мұртаза "Тұтқын бала"

Ш.Мұртаза "Тұтқын бала"



Ш.Мұртаза "Тұтқын бала"

Пәні: қазақ әдебиеті 
Сыныбы: 6 «А» 
Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртаза «Тұтқын бала» 

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушылардың қазақ әдебиетінің көркемсөз зергері Ш.Мұртаза өмірінен, шығармаларынан алған мәліметтерін кеңейту. «Тұтқын бала» әңгімесінің мазмұнын бекіту, кейіпкерлерге талдау жасау дағдысын дамыту. Тұрар бейнесін ашу, мінездеме жасау. 
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін дамыту, қосымша деректер арқылы дүниетанымдарын дамыту; оқушылардың сөздік қорларын байытып, әдеби тілдерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін, өз бетінше зерттеу жұмыстарына машықтандыру; 
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; өз елдерінің біртуар ұлдарын біліп, сыйлауға баулу. 
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.  Ағылшын тілі мен қазақ әдебиеті
Сабақтың әдісі-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, іздену, зерттеу, талдау әдістері, көрініс көрсету 
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, Ш.Мұртаза, Т.Рұсқұловтың портреттері. 
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, Ағылшын тілі, орыс тілі 
Сабақтың барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі: 
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. 
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына тоқталып өту. 

Ш.Мұртаза өмірінен, шығармаларынан алған мәліметтерін кеңейту. «Тұтқын бала» әңгімесінің мазмұнын бекіту, кейіпкерлерге талдау жасау. Тұрар бейнесін ашу, мінездеме беру.

Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Бізге ерекше қонақтар келді сонымен қатар бүгінгі сабағымыз кіріктірілген сабақ яғни ағылшын тілі мен әдебиет сабағы.

(Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Оқушыларға сәттілік тілеп) бүгінгі сабақта 4 топ жұмыс жасайды. Қағаздар алу арқылы топқа бөлінеді. 
1-топ. «Тұрар» тобы 
2-топ. «Наташа» тобы 
3-топ. «Аркаша» тобы 
4-топ. «Атамырза» тобы 

Әр топ өз топ басшыларын бекітеді, топ басшылары өз тобының білімдерін бағалап отыруы ескертіледі.

Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала» әңгімесінен үзінді СЛАЙД.
Балалар, алдыңғы сабақта біз шығарманың мазмұнымен толық танысып, жоспар жасағанбыз. Сондықтан да талдау сендерге қиындық туғыза қоймас деп ойлаймын.

Балалар, сендердің мәтінді қаншалықты меңгергендеріңді,мәтінді оқу барысында қандай ой түйгендеріңді байқау үшін сұрақтарға әр топ кезек пен жауап берулерің керек. Тақырыпқа орай, қысқа жауап берейік.

I. Үй тапсырмасы. «Кім жылдам?»

1.« Оян,Тұрар!»-деп Тұрарды камерада оятқан кім? (әкесі)

2.Приходько мырзаның ұлының аты кім? (Аркаша)

3.Аркаша сабақты қалай оқыды?

4.Надзиратель Тұрарға барқылдап ұрысқанда араша түскен кім? (Бронников)

5.Рысқұлды айдауға әкетіп бара жатқанда тұтқындар қалай қоштасты? тарсылдатып)

6.Әке мен баланың арасын жалғап келе жатқан жіпті штыкпен қиып жіберген кім? ( айдауыл)

7.Түрмеден қашқан Тұрар кімнің үйін паналады? (Қырғызбайдың)

8.Қырғызбай Тұрарды оқуға жаздыруға неден қорықты?

9.Тұрардың фамилиясы кім болып жазылды?







C:\Users\BALNUR\Desktop\Куанышгул Ерназаровна\IMG-20160325-WA0023.jpgC:\Users\BALNUR\Desktop\Куанышгул Ерназаровна\IMG-20160325-WA0020.jpg











10.Тұрар мектепте алғаш жазған сөздер?

11.Тұрар тақтаға шыққанда жырқылдап күлген бала кім?(Атамырза)

12.Атамырза Тұрарға не үшін күлді?

13.«Шынтақ жеңнен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды» деген Ломоносовтың сөзін кім айтты? (Иван Владимирович) Ломоносов кім?

14.Сұлу мұртты,бойы тіп-тік,әскери кісі кім? (Мерке учаскесінің тергеушісі Семашко мырза)

15.Семашко мырза оқушы-шәкірттерді қалай таңдады?

16.Тұрарды Семашко мырза қандай қызметке қабылдады? (әрі тілмаш, әрі писарь)

17.Оқу бітіру куәлігін толтыру кезінде Тұрар қандай қылмыс жасағаны үшін директордан кешірім

сұрады?

18.Директор сол кезде не істеді? (жүрегі сыздаған адамша отыра кетті)

19.«Диірменде туған тышқанның баласы диірменнің дүрсілінен қорықпайды».Кімнің сөзі? (Тұрар)

20.«Сен жаралы арыстанның баласысың,бауырым,Қызыл Жебе!»деген сөзді кім айтты? (Мектеп

директоры Иван Владимирович)

Жаңа сабақ
Суретші өз ойын бояу арқылы жеткізсе, сазгер әуен арқылы сезім қылын шертеді. Ал әдебиетте мұның бәрі тілдің құдіреті арқылы жасалады. Тіл, яғни ана тіліміз – әсем де әсерлі, көркем тіл.

«Атадан асыл ұл туса, елінің қамын жейді» деп халық даналығында айтылғандай, қазақ халқы тарихында елі үшін еңіреген, халқы үшін күңіренген ұлдар аз болған жоқ. Солардың бірі – «Қызыл жебе» романының басты кейіпкері Тұрар Рысқұлов. Ендеше, осы романның «Тұтқын бала» тарауы бойынша алған білімдеріңізді ортаға салайық. 

II. «Болар бала алысқа қарайды».

1-топ. Топпен жұмыс Әңгіменің компоцизиялық құрылысына талдау жасау  
Әңгіменің басталуы Рысқұлдың Тұрарды түрмеге алдыруы 
Әңгіменің дамуы Надзиратель қыспағы 
Әңгіменің байланысуы Әке мен баланың айырылысуы 
Әңгіменің шиеленісуі Тұрардың фамилиясын өзгертуі 
Шарықтау шегі Тұрардың қылмысы 
Әңгіменің шешімі Иван Владимировичтің көмегі 
2-топ Шығарманың негізгі кейіпкерлері  мен қосалқы кейіпкелері
Рысқұл Тұрардың әкесі, Тұрар Рысқұлдың баласы, қазақ 
халқының болашақ қайраткері.

Приходько - түрме бастығы, 
И. Владимирович – мұғалім,

Атамырза – Айбар мырзаның ұлы,

Семашко – тергеуші,

Қырғызбай – әкесінің туысы,

Салиха бәйбіше – Қырғызбайдың кемпірі,

Броников - жазасын өтеуші. 
3-топ Тұрардың өсу жолдары (ағылшынша баламасын айту)

Пәуеске жүргізушісі

Жұмыскер

Оқушы

Тілмаш




4-топ. Әңгімедегі кейіпкерлер портретін тап.

 Кейіпкердің бет-бейнесін сыртқы пішінін суреттеу.

Аркаша - жасына жетпей сеп-семіз, пәуескеге қорбаңдап әрең мінеді. 

Бронников – ұзын бойлы , кең иықты, 
сары шашын жел дудыратқан, жирен сақалды, ақ жарқын адам. 
Атамырза –тайқы маңдай, бадырақ көз, қара бала. 
И. Владимиорович - сұлу мұртты, бойлы, тіп-тік әскери кісі. 


C:\Users\BALNUR\Desktop\Куанышгул Ерназаровна\IMG-20160325-WA0028.jpgC:\Users\BALNUR\Desktop\Куанышгул Ерназаровна\IMG-20160325-WA0024.jpg












III. «Ойлы болсаң озып көр» Жеке жұмыс.

Cәйкестендіру тест ағылшынша( әр топтан 3 оқушыдан)

IV. Кім тапқыр? Кітаппен жұмыс 
1-топ Тергеушілерге еріп бара жатқан Тұрардың өз достарына деген пейілін көрсететін тұсын тауып оқыңдар. (170- бет) . 

2-топ Бала Тұрардың надзирательден соққы көрген тұстағы халін суреттеген тұсты

тауып оқыңдар. (157- бет)

3-топ Рысқұлдың Тұрармен айырылысатын қиямет – қайым азабын тауып оқу.( 160-бет)

4-топ Иван Владимировичтің Тұрармен қоштасардағы батасын тауып оқы.(172-бет)
V. «Білгенге маржан» Дәптермен жұмыс

Олай болса, әр топ өз топ атаулары етіп алған кейіпкерлерге мінездеме жазу керек.

1-топ. Тұрар

2-топ. Наташа

3-топ. Аркаша

4-топ.Атамырза.( қазақ, ағылшын тілінде.)

VI. Көрініс. «Тақтаға шыққан Тұрар»

C:\Users\BALNUR\Desktop\Куанышгул Ерназаровна\IMG-20160325-WA0029.jpg












VII. Сөйлемді көшіріп жазып, астын сыз.

Төмендегі сөйлемнен етістікті тап, тапқан етістігіңде есімше мен көсемшенің жұрнағы бар ма?

Тұрар енді бір жиырма жылдан кейін әлде бір жазушымен дос болып,өз әкесінің басынан өткен шытырман шындықты оған арман ағысындай етіп айтып берер.








VIII.

1-Тұрарға хат жазу

2-Бес жолды өлең құрастыру (Сын есім, зат есім, етістік, синоним, сөйлемге анықтама береді)

3- Берілген сөздерге аударма жасау

4- Әкеге байланысты мақал-мәтел жазу

IX.Қорытынды.

http://el.kz/media/images/tiny_images/fd8472f41a443e5ae6fc1e22c53fa798.jpg












1.Автор әңгімені неге Тұтқын бала деп атады?

2.Сендер әңгімеге қандай тақырып қояр едіңдер?(ағылшын)

3. Тұрар өзі айтпақшы, ол саналы түрде екі қылмыс жасады. Қандай қылмыс?

4. .Мәтінде неше отбасы бар? Оларды ата.(ағылшын)

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романы арқылы қазақ халқының ғасырлық тарихын паш етсе, Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұлов бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа тұнып тұрған қазақ халқыныңтарихындағы ең ауыр,ең күрделі шынайы суреттей білді.

«Атадан асыл ұл туса,Елінің қамын жейді» демекші Тұрар Рысқұлов туралы айтар сөз әлі де көп? Қазақ халқының біртуар ұлы Тұрар Рысқұлов аңсаған тәуелсіздігімізге биыл неше жыл толды, балалар? 25 жыл. Өте жақсы.

Елбасы Назарбаев: «Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы» деп атап өтті. Біз осы құндылықты бағалай білуіміз қажет.

X.Бағалау Топ басшыларына сөз беріледі, мұғалімнің қорытынды бағасы.


XI.Үйге тапсырма: «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» ойтолғау жазу.

Ағылшынша сұрақтарға жауап жазу.















9 орта мектеп






Ашық сабақ


«Тұтқын бала» әңгімесі

Тұрар бейнесі





Серикмуратова Қ.Е.




Степногор – 2016 жыл



Ш.Мұртаза "Тұтқын бала"
  • Другое
Описание:

Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртаза «Тұтқын бала»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қазақ әдебиетінің көркемсөз зергері Ш.Мұртаза өмірінен, шығармаларынан алған мәліметтерін кеңейту. «Тұтқын бала» әңгімесінің мазмұнын бекіту, кейіпкерлерге талдау жасау дағдысын дамыту. Тұрар бейнесін ашу, мінездеме жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін дамыту, қосымша деректер арқылы дүниетанымдарын дамыту; оқушылардың сөздік қорларын байытып, әдеби тілдерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін, өз бетінше зерттеу жұмыстарына машықтандыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; өз елдерінің біртуар ұлдарын біліп, сыйлауға баулу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ. Ағылшын тілі мен қазақ әдебиеті
Сабақтың әдісі-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, іздену, зерттеу, талдау әдістері, көрініс көрсету
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, Ш.Мұртаза, Т.Рұсқұловтың портреттері.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, Ағылшын тілі, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Автор Серикмуратова Куанышкул Ерназаровна
Дата добавления 05.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 340
Номер материала MA-066179
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓