Главная / Иностранные языки / Шет тілін оқытуда электронды білім ресурстарын білім берудің жаңа парадигмасының ақпараттық коммуникациялық құрал ретінде пайдалану.

Шет тілін оқытуда электронды білім ресурстарын білім берудің жаңа парадигмасының ақпараттық коммуникациялық құрал ретінде пайдалану.

Шет тілін оқытуда электронды білім ресурстарын білім берудің жаңа парадигмасының ақпараттық коммуникациялық құрал ретінде пайдалану.


Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Білім берудің жаңа парадигмасНачало формыы

  3. Ақпараттық коммуникациялық технологиялары

  4. Презентация

  5. Өз тәжірибемізден ЖББ №8 орта мектеп


Начало формыКонец формы

Начало формы

Конец формы

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»
(Н. Ә. Назарбаев)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Жарлығымен 2010 ж. 1-ақпанында бекітілген Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарында барлық білім беру жүйесін одан әрі ақпараттандыру мен электрондық оқытуды жаппай енгізу бағдары анықталған болатын. 2011-2020 жж. Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында адамзаттық ресурстардың әлуетін арттыру мақсатында білім беруді түбегейлі жаңартудың басым бағыты болып электрондық оқыту аталған. Электрондық оқытуды 2015 жылға дейін республика мектептерінің 50%-ына, ал 2020 жылға дейін 90%-ына енгізу жоспарланды.

Электрондық оқытудың арқасында, бірінші кезекте, әрине, оқып үйренетін пән бойынша білімдер мен біліктіліктерді, тағы да ақпаратты іздестіру, сұрыптау, талдау сияқты әмбебап амалдарды, алынған ақпаратты пайдалану мен ұсынуды меңгеру, сондай-ақ ақпараттық қоғамда тұлғаның толық құнды өмірі мен іс-әрекетіне қажетті, ақпараттық мәдениеттің бөлігі болып саналатын, ақпарқатынастық өзараәрекеттестіктің нақты тұрмыстық міндеттерін, тәсілдерін шешу үшін дәстүрлі оқу процесін оқушылардың танымдық іс-әрекетіне түрлендіру болады.

Білім берудің парадигмасын іздестіру қоғамның өз дамуының жоғарырақ сатысына өтудегі білім беру жүйесінің реакциясы ретінде қарастырылады. Оны алмастырудың үлкен мәні бар, өйткені білім беруді одан әрі дамытуға жол ашады

«Парадигма» сөзі гректің paradeigma — өнеге, үлгі сөзінен шығады.Сонымен оқытудың жаңа парадигмасына өту тетігі электрондық оқыту болып саналады

Электрондық оқыту деп:

  • қосымша оқытуды қамтамасыз ету немесе оқытудың дәстүрлі әдістерін және білімдік процесс субъектілерінің өзара әрекеттестігін ішінара алмастыру үшін АҚТ-ды пайдалану.

  • білімдік процесс субъектілері (білім беруші/білім алушы) мен ақпараттық қатынастық технологиялар арасындағы кірігу.

  • АҚТ (CD-ROM, DVD және Интернет) арқылы жүзеге асырылатын оқу іс-әрекеті, контентті жеткізудің синхронды және асинхронды тәсілдері [96];

  • Оқытудың бағдарламалық құралдарымен, компьютерлермен, жергілікті және/немесе ауқымды желілермен және б. бағдарланған оқыту құралдарын пайдаланып білімдерді (е-материалдар, е-курс) жеткізу

түсініледі.

Кейбір зерттеушілер e-learning (электрондық оқыту) ұғымы кез келген уақытта кез келген орында кез келген адамға қол жетерлік оқытуды білдіреді деп есептейді.

Сонымен, елдердің көпшілігінде ақпараттық қоғамның сұранысына жауабы, білім беру жүйесін жаңартудың тетігі ретінде электрондық оқытуға бет бұру үрдісі белсенді түрде артып келеді. Алайда мектептік білім беруде іс жүзінде барлық елде электрондық оқыту енді ғана дами бастады, белсенді ісденіс пен тұжырымдамаларды дайындау жүріп жатыр.

Бірақ электрондық оқыту педагогикалық теориясыз іске асырылатын бола алмайды. Сондықтан біз педагогикалық пен ақпараттық қатынастық технологиялардың кірігу қажеттілігі туралы айтамыз.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті
әдістердің бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.


АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.


Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының шет тіліне танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Шетел тілін оқытуда жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер,оның ішінде шетел тілдері мұғалімдері оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады.
Жаңа АКТ – ны шетел тілдері сабағында пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Жан - жақты ізденушілігін арттырады.


Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.
Шетел сабақтарында видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Ал шетел тілдер сабақтарында бұл әсіресе тиімді болуда.

Қорытынды

Шетел тілін оқыту барысында біздің мектепте (№ 18) электронды (Бәйтерек)оқулықтарды пайдаланудың тиімділігін байқадық келе жатырмыз. Электронды оқулықтар мынандай міндеттерді шешуге көмектеседі:

(Слай бойынша сөйлеу)

  1. Пән бойынша базалық білім алу

  2. Алған білімді қалыптастыру

  3. Білім тексеру және бағалау

  4. Сабақтың кез келген этапында қолдануға болады

  5. Дайын дидактикалық материалдар мұғалімнің уақытын үнемдейді

  6. Көрнекілікті көп пайдалануға тиімді

  7. Мұғалімнің сабаққа дайындалуына,ізденуге ынталандырады Осындай сабақтардан кейін оқушылар өзіндік презентация жасауға құлшыныс білдіреді. Әр түрлі тақырыптарды өз –ара бөлісп шетел тіліне деген қызығушылықтырын танытады.Сондықтыан мұғалімдер үшін тиімді екеніне сенімдімін. Құрметті әріптестер! Біз ақпараттандыру қоғамында өмір сүріп келеміз, ал АКТ пайдалану сабақты жаңаша өткізуге көп мүмкіндіктер беретіні және білім көрсеткішін көтеретіні түсінікті.

























































Баяндама

Шетел тілін оқытудаэлектронды білім ресурстарын білім берудің жаңа парадигмасының ақпараттық коммуникациялық құрал ретінде пайдалану.

















Дайындаған: Закарина М.М.









Балқаш қаласы

Шет тілін оқытуда электронды білім ресурстарын білім берудің жаңа парадигмасының ақпараттық коммуникациялық құрал ретінде пайдалану.
  • Иностранные языки
Описание:

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»

(Н. Ә. Назарбаев)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Жарлығымен 2010 ж. 1-ақпанында бекітілген Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарында барлық білім беру жүйесін одан әрі ақпараттандыру мен электрондық оқытуды жаппай енгізу бағдары анықталған болатын. 2011-2020 жж. Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында адамзаттық ресурстардың әлуетін арттыру мақсатында білім беруді түбегейлі жаңартудың басым бағыты болып электрондық оқыту аталған. Электрондық оқытуды 2015 жылға дейін республика мектептерінің 50%-ына, ал 2020 жылға дейін 90%-ына енгізу жоспарланды.

Автор Айтқұлова Гүлшара Серікқызы
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другое
Просмотров 349
Номер материала MA-063906
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓