Главная / Другое / "Шебердің қолы ортақ" (8-11 сыныптар)

"Шебердің қолы ортақ" (8-11 сыныптар)

Тақырыбы: Шебердің қолы ортақ

Тәрбие сағатының мақсаты: Тәрбиеленушілердің іскерлік шеберліктерін, өнер туралы түсініктерін дамыту, сөздік қорын байыту.

Көрнекілігі: Суреттер, мақал-мәтелдер, слайд, безендіру.

Өткізілу түрі: Топтық сайыс.

Тәрбиеші сөзі: «Өнер-таусылмас азық, байлық» - демекші, қазақтың қолөнері шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Біз бүгінгі өткелі отырған топтық сайысымызда сайыскерлерімізді шеберлік қырынан сынамақшымыз. Осы орайда

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ.

Топ намысын қорғауға,

Шықты қос топ ортаға- деп сайысқа қатысушы «Өнер» және «Асыл мұра» топтарын ортаға шақырамыз.

Ең алдымен әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1.--------

2.--------

3.--------

Сайыс шарттары:

1.Сәлем сөздің патшасы

2.Кім білгір

3.Ою ойғанның-ойы ұшқыр

4. Шаш үлгісі

5.Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді

6.Ойлы болсаң, озып көр

7.Сән әлемі

«Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемінен танисың» - демекші алғашқы сайысымызды «Сәлем сөздің патшасы» кезеңінен бастаймыз. Мұнда әр топ өз тобының атын, топ мүшелерін, ұранын және төсбелгісін таныстырып өтулері керек. (қос топ кезектесіп өнерлерін ортаға салады)

Келесі «Кім білгір» кезеңіне кезек берейік. Мұнда екі топ өздеріне қойылған сұрақтарға кезектесіп жауап беруі тиіс.

«Өнер» тобының сұрақтары:

1.Композиция дегеніміз не?(өрнектің үйлесімділігі)

2.Икебано дегеніміз қандай өнер? (кепкен өсімдіктерден жасалатын гүл шоғы)

3.Өсімдік тектес ою-өрнектерді ата(үшжапырақ, шиыршықгүл,жауқазын,т.б.)

4.Оригами дегеніміз не? (қағаздан бүктеу әдісімен әртүрлі бұйымдар жасау)

5.Тескіш аспаптарының түрлерін ата. (қашау, бұрғы, электро бұрғы)

«Асыл мұра» тобының сұрақтары:

1.Симметрия дегеніміз не?(өрнектің екі жағының бірдей болуы)

2.Аппликация дегеніміз не? (әртүрлі материалдар мен түрлі бейнелерді суреттеп жапсырмалау)

3.Касмогониялық (ғарыштық) өрнектерді ата. (шеңбер, шимай, төртқұлақ, шұғылы, жұлдыз, айшық, т.б.)

4.Гобелен дегеніміз не? (суретті кілем)

5.Ағаш желімінің түрлерін ата. (мөлдір, шел,сүйек желімдері)

Ою-өрнек қарасаң,

Өңкей мүйіз тізілген.

Қайсысын қаласаң,

Қиып ал сызған ізіңмен.

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер ой керек.

Бос мақтанып жүрмеңдер,

Оюға шебер жан керек – дей келе кезекті «Ою ойғанның - ойы ұшқыр» кезеңіне береміз.

Топ мүшелері өздерінің ойған оюларын түсіндіріп, таныстырып берулері керек.

Келесі «Шаш сәндеу»кезеңі. Мұнда қыз балалардың ғана емес, ер балалардың да шашын сәндеу шарт. Уақыт белгіленеді.Баяу ән қосылып қойылады.

Топ мүшелері өздері жасаған шаш үлгілерін түсіндіріп береді.

«Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді» - кезеңіне де келіп жеттік. Мұнда топ басшылыры бар өнерлерін ортаға салады. Оларға қойылған шарт матаға әр түрлі түймелерді 5 минут ішінде қадап берулері тиіс. (топ басшылары қадаған түймелерін әділ қазыларға көрсетіп, өз бағаларын алады)

Келесі «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңі. Мұнда қос топқа кезектестіріліп мақалдың жартысы оқылады, соны ары қарай жалғастырулары керек. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.

«Өнер» тобы:

1.Өнерлі өрге (жүзер)

2.Қол өнері кілемде(сөз өнері өлеңде)

3.Жігітке жеті (өнер де аз)

4.Өнерді үйрен де (жирен)

5.Ата көрген (оқ жонар)

6.Көңілсіз жұмыс (өнімсіз)

7.Өз үйінде ою оймаған(кісі үйінде сыру сырмас)

8.Білім көп жерде(өнер көп)

9.Ерінбеген (етікші болады)

10.Талаппен бастап, (талғаммен аяқта)

«Асыл мұра» тобы:

1.Асыл қайшы пішуге сән, (күміс қасық ішуге сән)

2.Салтын құрметтегенді (халқы да құрметтейді)

3.Еңбек түбі (береке)

4.Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті)

5.Шебердің көзі мерген (шешеннің сөзі мерген)

6.Көз қорқақ, (қол батыр)

7.Шебердің саусағы (алтын)

8.Батыр адам қорқақты сүймес, (шебер адам шорқақты сүймес)

9.Шебер көп жерде, (өнер көп)

10.Кестені көңіл сызады (көз сынайды)

Келесі кезең «Сән әлемі». «Адам көркі шүберек» демекші тәрбиеленушілеріміз бүгінгі кешке сән үлгілерін алып келген екен. Ендеше сайыскерлеріміздің киімдерінің қаншалықты жарасымды екенін тамашалап көрейік.(қос топ кезектесіп киім үлгілерін көрсетеді)

Кімдер шешен, кімдер іскер білейікші,

Өнерлісі мектептің деп жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал сайыскерлерімізге сәттілік тілейікші.

Қорытынды сөз әділ-қазылар алқасына беріледі.

Сайысқа қатысқан топтар марапатталады.

Тәрбиеші сөзі:

Демеңіз біз өнерді аяп қапты,

Уақыт деген біраз жерге таяп қапты.

Көріскенше қош сау боп тұрыңыздар,

«Шебердің қолы ортақ» сайысымыз осымен аяқталды.

Назарларыңызға рахмет!

"Шебердің қолы ортақ" (8-11 сыныптар)
  • Другое
Описание:

Автор Ибраим Анара Нурлановна
Дата добавления 18.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 1174
Номер материала 56642
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓

Похожие материалы