Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыШағын жинақты бастауыш мектепте оқыту Колледж студенттеріне арналған оқу әдістемелік кешені

Шағын жинақты бастауыш мектепте оқыту Колледж студенттеріне арналған оқу әдістемелік кешені

Скачать материал

 

                  Чтобы быть хорошим преподавателем, нужно любить то, что преподаешь и любить тех, кому преподаешь...

 

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

 

Ғ.Т.Сұлтанова

 

 

 

 

Шағын жинақты бастауыш мектепте оқыту

 

Колледж студенттеріне арналған

оқу әдістемелік кешені

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау, 2014

 

 

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

________Ізғалиева А.І.

                                                                                                                                                                                                          «__»__ 2013

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

 

4-курс 8 семестр:0/6 = барлығы 54сағат

 

 

р/с

 

Сабақтың

тақырыбы

 

 

сағаты

мерзі

мі

 

Сабақ

түрі

 

Қолданатын технология,

әдістер

 

Пәнаралық байланыс

 

Оқу

құралдары

Өзіндік жұмыс, тәжірибе, шығарма

шылық жұмыс, үЙ

жұмысы

 

теория

практика

 

І бөлім.  ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

1.1.

Шағын жинақты мектеп. Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен принциптері, ерекшелігі

2

 

 

 

 

 

Кіріспе сабақ

 

Ақпаратты логикалық бөліктерге бөлу

Педагогика, жас ерекшелік  психологиясы, жеке пәндер әдістемелері

ҚР «Білім туралы» заңы: – Алматы, 1999.

ҚР жалпы орта білім берудің мемл жалпыға міндетті станда/ры.. – Алматы, РОНД, 2002.

 ШЖМ лекция материалын оқу, конспектілеу

 

2

ІІ бөлім. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН МЕҢГЕРУ БАРЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

14

 

 

 

 

 

 

3

2.1.ШЖМ білім педагогикалық процестің  ерекшеліктері

2

 

 

Лекция

 

 

ҚР  бастауыш білімнің мемл. стандарттары. –

Бірікт.сыныптаоқыту әдіс-тәсілдері озық тәжірибе жина

4

2.2. Бастауыш ШЖ мектептегі жұмыстың тиімділігін анықтау шарттары (жалпы, жекелей)

2

 

 

Лекция-практика (аралас)

Теорияны блоктау саралау, жинақтау

Педагогика, жас ерекшелік  психологиясы, жеке пәндер әдістемелері

1968 ж Ғ.Сүлейменов, Р.Мұраталиев «Аз комплектілі мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы» мақалалары

 

5

2.3. Сынып. Сынып комплектілерін құрастыру.

ШЖМ-дағы  сыныптардың дұрыс жинақталуы

2

 

 

Практикалық

Салыстыратын обьектіні анықтау. Негізгі белгіні бөліп алу, салыстыру, ұқсас,айырмаш. табу

Педагогика, жас ерекшелік  психологиясы, жеке пәндер әдістемелері

ҚР  бастауыш білімнің мемл. стандарттары.- А.98

1997 ж «ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» әдістемелік нұсқау хаты.

Конспектілеу

6

2.4. Бастауыш шжмектепте сабақ кестесінің түрлері және оларды құру технологиясы

Әр пәндік және бір пәндік  сабақ кестесінің үлгілері

2

 

 

Практикалық

Тірек схемалары, таңбалық үлгі

ЖПТ, педагогика, жеке пәндер әдістемелері

ШЖБ мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы құжаттар, іс-тәжірибелер

Оқушылар шығармашылығын

дамытатын  тапсырмалар

7

2.5. ШЖБМ-дегі сабақ, оның түрлері, сабақты жоспарлау және өткізу ерекшеліктері;

 

2

 

 

Практикалық

Дамыта оқыту технологиялары (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин,В.В.Давыдов жүйелері)

ЖПТ, педагогика, жеке пәндер әдістемелері

Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова, 

Ш ЖБМ педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы-Алм.-2010-оқу құралы

Технология негізінде сабақ жоспарын жазу

8

2.6. Бастауыш шағын жинақталған мектепте оқу пәндері бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы

 

2

 

 

Лекция-практика (аралас)

 

ЖПТ, педагогика, жеке пәндер әдістемелері

Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектеп жұмысын ұйымдастыру. – Алматы, 2001

оқуматериалын біртақырыптық жүйеге ыңғай-ластыру және соғ сәйкес әдіс-тәсілд.таңдау.

9

 2.7. ШЖБМ-дегі өзіндік жұмыс, оның түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі

 

 

2

 

Практикалық

Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту 

ЖПТ, педагогика, психология, жеке пәндер әдістемелері

ШЖБ мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы құжаттар, іс-тәжірибелер

Оқушылар шығармашылығын

дамытатын  тапсырмалар

10

ІІІ бөлім. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

6

 

 

 

 

 

 

11.

3.1. ШЖБМ жағдайында тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері Мектеп-тәрбие жұмысының орталығы.Мектеп және мектептен тыс мекемелер

2

 

 

Лекция

 

ЖПТ, психология, педагогика,тәрбие жұмысы әдістемесі

ШЖБ мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы құжаттар, іс-тәжірибелер

Тәрбие шараларының топтамаларын дайындау

12

3.2. ШЖБМтегі сынып жетекшісінің қызметі,міндеті.

 

 

2

 

Лекция-практика (аралас)

 

педагогика, психология,тәрбие жұмысы әдістемесі

Құсайынұлы Ы.Қ., Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектептердегі бастауыш сыныптардағы оқыту әдістері. – Алматы, 2001

Сынып жетекшісінің жоспарының үлгісін жасау

13

3.3.ШЖБМтегі тәрбие шараларының жоспарлану ерекшелігі ШЖБМ жағдайында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру

 

2

 

практика

 

педагогика, психология,тәрбие жұмысы әдістемесі

Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектеп жұмысын ұйымдастыру. – Алматы, 2001

Оқушылар шығармашылығын

дамытатын  тапсырма

14

4-бөлім ШЖМ білім беру мазмұны

Шағын жинақты бастауыш мектептегі қазақ тілін оқыту ерекшелігі

6

 

 

 

 

 

 

 

15

4.1. ҚР Бастауыш білімнің Мемлекеттік стандартына сай бастауыш сыныптағы қазақ тілі, ана тілі оқулықтарына талдау

 

2

 

практика

Теорияны блоктау саралау, жинақтау,талдау

ЖПТ, педагогика, психология, қазақ тілі, ана тілі пәндерінің әдістемелері

Шағын комплекті мектептердегі әдістемелік жұмыс/А.Т.Турганбаева 

Шағын мектеп. - 2011. - №8-9. - 13,15 б.

Оқу құралдарына талдау

16

4.2.Тіл  сабақтары бойынша  әр пәндік және бір пәндік  жүйе бойынша құрылған  сабақ үлгілері

 

 

2

 

Практикалық

салыстыру, ұқсас айырмашылықты табу

ЖПТ, педагогика, психология, жеке пәндер әдістемелері

ШЖБ мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы құжаттар, іс-тәжірибелер

Сабақ үлгілерін жасау

17

4.3. ШЖБМтегі  тіл сабақтарында  білім алушыларды шығармашылық  жұмыстарға баулу

Тіл сабақтарындағы өз бетіндік жұмыстарды ұйымдастыру:бақылау және өзін-өзі бақылау жұмыстарының түрлері.

 

2

 

Практикалық

Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту 

ЖПТ, педагогика, психология, жеке пәндер әдістемелері

Сламбекова Н.М. Шағын комплектілі бастауыш мектепте жазбаша шығармашылыққа негізделген тіл дамыту әдістемесі. П.ғ.к. ...... диссертация. – Алм, 2001

Оқушылар шығармашылығын

дамытатын  тапсырмалар

18

5-бөлім Бастауыш шағын жинақты мектептегі математика сабағын оқыту ерекшелігі.

6

 

 

 

 

 

 

19

5.1.Бастауыш шағын комплектілі мектептегі математика пәнінің мазмұны мен мақсаты.1-4  кластың математика оқулықтарына талдау жасау.

 

2

 

Практикалық

Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту 

ЖПТ, педагогика, психология, жеке пәндер әдістемелері

Сайпин М. Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту. – Алматы, «Мектеп», 1984

Оқушылар шығармашылығын

дамытатын  тапсырмалар

20

5.2.Бастауыш шағын комплектілі мектепте математика сабағын ұйымдастыру ерекшелігі.

Математикадан үй тапсырмасын тексеру формалары.

 

2

 

Практикалық

 

ЖПТ, педагогика, психология, математика пәні әдістемелері

Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина. Бастауыш мектепте матем/оқыту әдістемесі. Астана,Фолиант,2007.

ШДМ –те математикадан сабақ жоспары

21

5.3.Математика сабағындағы өзбетіндік жұмыстың мақсаты мен міндеті,әдіс-тәсілдері мен түрлері. Математика сабағын жоспарлау жолдары.

А)күнтізбелік-тақырыптық

Б)күнделікті сабақ жоспары.

 

2

 

Практикалық

 

ЖПТ, педагогика, психология, математика пәні әдістемелері

Астамбаева Ж.Қ. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы. Алматы, 2008.

Оқушылар шығармашылығын

дамытатын  тапсырма

22

6 бөлім.  ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ЕҢБЕК САБАҒЫ

4

 

 

 

 

 

 

23

6.1. ҚР Бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты бойынша 1-4 сыныптардағы еңбек түрлеріне шолу

 

 

2

 

Практикалық

Компьютерлік техника  принциптері «ақпараттық қоғам»

ЖПТ, педагогика, психология, жеке пәндер әдістемелері

ШЖБ мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы құжаттар, іс-тәжірибелер

Оқушылар шығармашылығын

дамытатын  тапсырмалар

24

6.2. Бастауыш шағын комплектілі мектепте еңбек сабағын ұйымдастыру ерекшелігі, жолдары

 Еңбек сабағын жоспарлау (бәр пәнділік, бір тақырыптық жүйе бойынша)

 

2

 

Лекция-практика (аралас)

 

ЖПТ, педагогика, жеке пәндер әдістемелері

Астамбаева,Г.И.Уәйісова, 

Ш ЖБМ педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы-Алм.-2010-оқу құралы

Еңбек сабағын жоспарлау

25

7-бөлім.  ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫ

4

 

 

 

 

 

 

26

7.1. ҚР Бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты бойынша 1-4 сыныптардағы денешынықтыру бағдарламасының мазмұны мен мақсаты

2

 

 

Лекция

 

ЖПТ, педагогика, психология, дене тәрбиесі пәні әдістемелері

Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектеп жұмысын ұйымдастыру. – Алматы, 2001

денешынықтыру бағдарламасы мазмұнына шолу

27

7.2. Бастауыш шағын комплектілі мектепте денешынықтыру сабағын ұйымдастыру ерекшелігі. Бастауыш шағын комплектілі мектептегі ертеңгілік жаттығулар, олардың маңызы, түрлері

 

2

 

Лекция-практика (аралас)

 

ЖПТ, педагогика, психология, дене тәрбиесі пәні әдістемелері

Есіркепов Ж.М. Шағын кешенді мектептері үшін дене шынықтыру сабағы

Мәселел.Ж. М. Есіркепов - Білім. - 2007.-№4.

Денеш.сабақ/а өзбет/д жұмыс ұйымдастыру формаларына

шолу/баяндама

28

8-бөлім.  ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНЫҢ ОҚЫТЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ

4

 

 

 

 

.

 

29

8.1. ҚР Бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты бойынша 1-4 сыныптардағы дүниетану пәнінің оқулықтарына талдау

 

 

2

 

Практикалық

 

ЖПТ, педагогика, психология, жеке пәндер әдістемелері

ШЖБ мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы құжаттар, іс-тәжірибелер

дүниетану пәнінің оқулықтарына талдау

30

8.2.ШЖБМектепте табиғатты бақылай білуді ұйымдастырудың маңыздылығы. Шағынжинақталған мектепте дүниетану сабағы бойынша серуендеу мен топ саяхаттарын ұйымдастыру жолдары

 

2

 

Лекция-практика (аралас)

 

ЖПТ, педагогика, психология, дүниетану пәні әдістемелері

Баймолдаев Т.М. және т.б. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). – Алматы, 2002.

Оқушылар шығармашылығын

дамытатын  тапсырма

31

9-бөлім.  ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ОҚЫТЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

4

 

 

 

 

 

 

32

9.1.ҚР Бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты бойынша 1-4 сыныптардағы бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасын талдауШЖМ бейнелеу өнеріне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар құру

 

2

 

Лекция-практика (аралас)

 

ЖПТ, педагогика, психология, бейнелеу өнері пән әдістемелері

Самостоятельная работа учащихся на уроках в малокомплектной школе / под ред. М.А.Мельникова и А.М.Пышкало/ - М., Педагогика, 1974.

бейнелеу өнерін оқыту бағдарламасын талдау

33

9.2.ШЖМ бейнелеу өнерін оқыту әдіс-тәсілдері, сабақ жоспарын құру ерекшелігі

 

2

 

Практикалық

 

 

ЖПТ, педагогика, психология, бейнелеу өнері пән әдістемелері

Баймолдаев Т.М. ШЖ мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары

(Әдіст/к нұс). – Ал, 2002.

Оқушылар шығармашылығын

дамытатын  тапсырма

34

10-бөлім. Бастауыш шжмектептегі музыка сабақтарын ұйымдастыру ерекшелігі

 

4

 

 

 

 

 

 

35

10.1 бойынша 1-4 сыныптардағы музыка пәнінің тоқсандық тақырыптарына шолу

 

2

 

Лекция-практика (аралас)

 

ЖПТ, педагогика, психология, мызыка  пән әдістемелері

Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру (мұғалімге арналған әдістемелік құрал). – А., «Мектеп», 1974

 

сыныптардағы музыка пәнінің тоқсандық тақырыптары

36

10.2 ШЖМ музыка пәнінің арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар құру, үлгі сабақ жоспарын құру әдістері

 

2

 

Практикалық

 

ЖПТ, педагогика, психология, мызыка  пән әдістемелері

Тұрғынбаева Б. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. Алматы , 1998  ж.

 

Оқушылар шығармашылығын

дамытатын  тапсырма

 

барлығы

54 сағат

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

 

1.      Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы: – Алматы, 1999.

2.      ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. – Алматы, РОНД, 2002.

3.      ҚР  бастауыш білімнің мемлекеттік стандарттары. – Алматы, 1998.

4.      Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова Ш ЖБМ педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы-Алм.-2010-оқу құралы

5.      Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. ІІ – бөлім. – А., Республикалық баспа кабинеті, 1996.

6.      Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. – Астана, Фолиант, 2007.

7.      Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. – Алматы, «Атамұра», 2005.

8.      Н.Б.Истомина. Методика обучения математике в начальных классах. – М., 2000.

9.      В.С.Кукушин. Современные педагогические технологии. Начальная школа. Ростов-на-Дону: изд-тво «Феликс», 2003.

10.  Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы (ред. басқарған Ғ.Бегалиев). – А., 1950.

11.  Сайпин М. Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту. – Алматы, «Мектеп», 1984.

12.  Начальная однокомплектная школа (математика, трудовое обучение, изобразительное искусство, музыка, физкультура). – М., «Просвещение», 1980.

13.  Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. – М., АПН  РСФСР, 1956.

14.  Однокомплектная школа /под ред. Т.И.Шамовой, И.В.Прокопофич / . -  М.,1977.

15.  Савченко А.Я. Организация учебнего процесса в малокомплектной школе. -   М., 1970.

16.  Организация и методы работы учителя с несколькими классами. – М., Учпедгиз, 1953.

17.  В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ. – М., Учпедгиз, 1957.

18.  Стрезикозин В.П.Урок в сельской малокомплектной школе. – М., 1972.

19.  Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе. – М., 1969.

20.  Самостоятельная работа учащихся на уроках в малокомплектной школе / под ред. М.А.Мельникова и А.М.Пышкало/ - М., Педагогика, 1974.

21.  Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру (мұғалімге арналған әдістемелік құрал). – А., «Мектеп», 1974

22.  Оспанов Т.Қ. және т.б. «Математика - 1», «Математика – 2», «Математика – 3», «Математика – 4» оқулықтары. – Алматы: «Атамұра», 1997-2000, 2001-2004.

23.  Оспанов Т.Қ. және т.б. Математиканы оқыту әдістемесі. 1,2,3 және 4 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдар. – Алматы: «Атамұра», 1997-2000.

24.  Математикадан дидактикалық материалдар.1,2-сыныптар. (Құрманалина Ш.Х.. Қосанов Б.М. және т.б.) – Алматы: «Атамұра», 1997, 1998.

25.  Фролов П.Т., Соловецкий И.С. Особенности педагогического процесса в малокомплектной школе (Сборник). – М., «Просвещение», 1991.

26.  Моисеева О.И. Формирование самоконтроля у шестилетних детей при обучении математике в МКНШ. Автореферат ..... к.п.н. – М., 1988.

27.  Сламбекова Н.М. Шағын комплектілі бастауыш мектепте жазбаша шығармашылыққа негізделген тіл дамыту әдістемесі. П.ғ.к. ...... диссертация. – Алматы, 2001.

28.  Муканова С.Д., Сламбекова Н.М. Проект «Модель малокомплектной школы Республики Казахстан».- журнал «Открытая школа», № 11,12, 2003.

29.  Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектеп жұмысын ұйымдастыру. – Алматы, 2001.

30.  Құсайынұлы Ы.Қ., Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектептердегі бастауыш сыныптардағы оқыту әдістері. – Алматы, 2001.

31.  Баймолдаев Т.М. және т.б. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). – Алматы, 2002.

32.  Астамбаева Ж.Қ. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы. Алматы, 2008.

33.  Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер: - Алматы, 2002.

 

 

1.1.-тақырып

№ 1-лекция 

Шағын жинақты мектеп. Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен принциптері, ерекшелігі

(Астамбаева,Г.И.Уәйісова Ш ЖБМ педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы-Алм.-2010-оқу құралы негізінде)

 

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. Шағын жинақталған мектепте бір мұғалім бірнеше пәнді оқытуы мүмкін, ал мектеп басшысы әкімшілік міндеттемелерді белсенді оқыту қызметімен ұштастыра алуы тиіс.

Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп».

ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.

Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.

Шағын жинақталған мектепке оқушылар саны аз сыныптары бар (5-8 оқушыдан артпайтын), сондай-ақ құрамында шағын жинақталған бастауыш сыныптары бар негізгі және орта мектеп жатады.

Шағын жинақталған мектептің дамуы (бұдан әрі ШЖМ) әдетте соңғы жиырма жылда жалпы мемлекеттік міндет болып жарияланды. ШЖМ алатын орны ерекше, себебі ол білім беру мекемесі болып қана қоймай, сонымен қатар ауыл социуымының мәдениетіне көпқырлы және ерекше ықпал ететін әлеуметтік институт болып қала бермек.

Ауыл оқушыларының азаматтық көзқарасының қалыптасуына, олардың әлеуметтену үдерісіне айрықша ықпал ететін ауыл мектебінің білім беру ортасына, оның табиғатпен, ауылшаруашылығы өндірісімен байланысына  айрықша көңіл бөлінеді.

Ауыл қоғамы мектепті бала мен оның отбасын әлеуметтік қорғаудың бірден-бір кепілі ретінде қабылдайды, ұсынылып отырған білім беру қызметінің сапасын жақсартуға ғана жауап беріп қоймай, сонымен қатар ондағы тұрақтандыру орталығы болып табылады.

Шағын комплектті мектептегі мұғалімнің еңбегі шығармашылықты, бар ынтасын салушылықты, мейірімділікті және адалдықты, кәсібилікті және кешендікті талап етеді.

Ауыл мектебінде кез келген мұғалімді көбінен құр қалған балаларға деген сүйіспеншілік ұстап қалады.

Жалғыз мәдениет орталығы – мектеп қана бар. Сондықтан болашақ азаматтардың өмірді кеңінен ашық көрулері мұғалімге байланысты.

Шағын комплектті мектептегі оқу үрдісінің маңызды ерекшеліктері бар, олар бір бөлмеде екі, үш, тіпті төрт сыныпта бір мұғалімнің сабақ өткізетіндігі шарт.

Шағын комплектті мектеп мұғалімі қиын жағдайда жұмыс істейді: оған әр түрлі жастағы, әр түрлі сыныптардың оқу бағдарламалары бойынша дайындалған балалармен сабақ жүргізуге тура келеді. 

Шағын комплектті мектепте мұғалім болып жұмыс істеу, күмәнсіз кәдімгі мектепке қарағанда қиын және күрделі.

Бірнеше сыныптармен бір мезгілде сабақ өткізу шағын комплектті мектептің мұғалімінен мұқият дайындықты, оқу жұмысын дұрыс ұйымдастыруды, сабақ кестелерін рационалды құруды, сонымен қатар педагогикалық әдептің ебін тауып  көрсетуді талап етеді.

Шағын комплектті мектептегі жұмыстың ерекшелігі өзіндік жұмыссыз екі-үш сыныппен сабақты ұйымдастыру мүмкін еместігінде. Шағын комплектті мектептегі сабақтарда балалармен өзіндік жұмыс оқу уақытының 50 % алады, ал кәдімгі мектеп өзіндік жұмысқа сабақтың 20%-на жуық уақыт кетіріледі. Сондықтан мұғалім балаларды дербес жұмыс істеуге үйретуі қажет. 

Оқыту үрдісінде балалар кітаппен және дидактикалық материалдармен жұмыс істеуге үйренеді.

 

Лекцияға Қосымша:

Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан  пайда болған құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің  есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер өмір сүруде.

Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.

Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар.

2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде 1014 – бастауыш, 979 – негізгі және 2413 – орта мектептер жұмыс жасайды. 2004 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім беретін мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6 мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі және 364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады.

       Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында «қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн» − деп, дәлелдеген. Ол 1986 жылы 5 болыстық мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай мектебі), Николаевскіде (Убалан мектебі) және жетіқара мектебі, Илецкіде (Буртин мектебі). Ал ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны – 727, ондағы оқушы саны –22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны екі есе өсті.

ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс-қазақ мектептері көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі мектептер). Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық, облыстық (1-кластық, 2-кластық – оқу мерзімі – 6 жылдық) орыс-қазақ училищелері, Жетісу мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі Ордада – старшындық және бөлімшелік училищелер ашылды.

ХХғ. бас кезінде «Бұратана халықтарға арналған бастауыш училищелер туралы» (1906) ережеге сай Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы және Ішкі Ордадағы барлық қазақ мектептері 1-кластық орыс-қазақ училищелеріне айналдырылды.

ХХ ғ. бас кезінде Қазақстандағы мектептердің жанынан 32 кәсіптік бөлімше және 270 қол еңбегін оқытатын кластар ашылды.

Түркі тілдес ұлттық мектептердің оқу бағдарламаларына қатысты алғашқы ескертпелер 1906 жылғы «Россияның шығысында тұратын бұратана халықтар үшін ашылған бастауыш училищелер» туралы ережелерде берілген. «Ережеде» оқу жоспарлары ғана емес, оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар да берілген (арифметика бойынша да қосымшалар бар). Бірдей ортақ типтік бағдарламалар болған жоқ, жер ерекшеліктеріне қарай мектеп директорлары бағдарламаларды не қысқартып, не кеңейтіп, өз жағдайларына қарай үнемі өзгертіп отырды.

Сонымен бірге, бірдей оқулық та болған жоқ. Орыс, орыс-татар, кейінірек башқұрт, латыш, украин, өзбек, татар, чуваш халықтарына арналған кітаптар пайдаланылды.

       Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады.

      Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене араласқандардың бірі – Ғ.Сүлейменов. Оның 1963 жылы «Қазақстан мектебі журналында «Аз комплектілі бастауыш кластарда сабақ кестесін қалай жасау керек ?», 1965 жылы «Екі комплектілі мектепте оқу процесіне басшылық ету туралы», 1968 жылы Р.Мұраталиевпен бірлесе отырып жазған «Аз комплектілі мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы» мақалалары басылды. Ғалым алғашқы мақаласында аталған мектептер үшін сабақ кестесін құрудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Ал келесі мақаласы 1 және 2, 2 және 4-сыныптарды қатар оқытудың әдістері мен тәсілдерін көрсетуге арналды. Мұнда автор алдымен шағын жинақталған мектептерде жұпталған сабақтардың, негізінен, 3 түрі болатындығын айтады: 1) екі сыныпта да жаңа материал өтілетін сабақ; 2) бір сыныпта жаңа материал, ал екіншісінде пысықтау не қайталау (немесе оқушылардың білімін тексеру) жұмысы жүргізілетін сабақ; 3) екі сыныпта да бұрынғы өтілген материал пысықталатын не қайталанатын (немесе бір сыныпта бақылау жұмысы алынатын) сабақ. Одан әрі қарай әрбір түрге байланысты сабақты жоспарлаудың және өткізудің үлгісін мысалдармен түсіндіреді. Р.Мұраталиевпен бірлесіп жазған мақаласында көрнекі құралдар, әсіресе, шағын жинақты мектептер үшін өте қажет деп есептеп, оларды қолдану жолдары туралы пайдалы ұсыныстар білдіреді.

1870 жылғы 26 наурызда жарияланған «Россияда тұратын басқа ұлттарға білім беру шаралары туралы заң» мен «Басқа ұлттарға арналған бастауыш училищелер туралы» ереже (1906, 1907, 1913) Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық бастауыш мектептерде бастауыш оқуды ана тілінде оқытуға рұқсат берді. ХІХ ғ. 70-жылынан бастап орыс-қазақ мектептеріндегі бастауыш оқу қазақ тілінде  жүргізілетін болды.

Орыс-қазақ мектептерінде арифметиканы оқыту бір орынға қарайтын оқу мекемелері басшыларының пікірі бойынша ауызша және жазбаша санауға, арифметикалық амалдарды орындауға үйрету міндеттерін шешуге тиіс болды. Арифметика ғылым ретінде қажет деген пікірге ерекше көңіл бөлінді.

ХІХғ. екінші жартысы мен ХХғ. бас кезінде Ресейдің бастауыш мектептерінде оқытылатын арифметика бойынша 200-ден астам әр түрлі оқулықтар, оқу құралдары, есеп жинақтары басылды. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда аса кең тараған К.П.Арженниковтың, В.А.Евтушевскийдің, Г.М.Вишневскийдің, А.И.Гольденбергтің, К.П.Бурениннің, А.Ф.Малиннің, Н.И.Паульсонның, С.И.Шохор-Троцкийдің кітаптары еді. Бұдан басқа орыс-қазақ училищелеріндегі ұлт мектептеріне арналған Н.А.Бобровниковтың, С.М.Граменицкийдің, Т.Г.Лубенцтің, И.С.Михеевтің т.б. кітаптары пайдаланылды.

Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1987 жылы 10 маусымда «Республикадағы шағын комплектілі мектептердің қазіргі жайы және олардың жұмысын жақсарту шаралары жайында» қарары қабылданды. Ал 1975 жылғы 9 желтоқсанда Қазақ ССР Оқу министрлігі Коллегиясының шешімі бойынша ШЖМ үшін орыс, ана тілі, табиғаттану мен математикадан әдістемелік құралдар дайындау Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Осы тапсырманы орындау үшін Бастауыш білім беру әдістемесі 1974-78 жж. «ШКМ-тегі оқыту мазмұны мен әдістемесін жетілдіру» атты зерттеу жұмыстарын жүргізді.

 

/ Білім және ғылым министрлігінің статистикалық есебі бойынша ШЖМ-де 379319 оқушы дәріс алады, 51796 мұғалім қызмет атқарады. Министрліктің 1997 жылғы «ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» әдістемелік нұсқау хатында ШЖМ-нің негізгі қызметі көрсетілген. Ол: бастауыш сыныптарда оқушы саны − 40-тан, негізгі мектепте 100-ден, ал орта мектепте 280-нен аспаса, шағын жинақталған мектеп болып есептеледі. Ал, ҚР Үкіметінің № 300. 25.02.2000ж қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі сыныптарда кемінде 5 бала оқыса, бастауыш немесе негізгі ШЖМ, ал кемінде 81 бала оқыса, орта ШЖМ деп аталады.

        Тәуелсіздік жылдарында толық орта мектептер саны мен шағын жинақталған мектептер саны өзгерді. 1997-2001 жылдары аралығында ШЖМ 3621-4229-ға жетті, оның 2156-сы (50,9 %) қазақ тіліндегі мектептер. /

Лекция №2

2.1. тақырып:ШЖМ білім педагогикалық процестің  ерекшеліктері

 

Шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшелігі мұғалім бір мезгілде екі, үш, кейде төрт сыныптың оқушыларымен қатар жұмыс істейді. Бұл ерекшелік оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындайды.

Бірнеше сыныппен қатар жұмыс істеу оқу-тәрбие жұмысына айтарлықтай қиындық туғызады. Шағын жинақты мектептердің әлі күнге дейін ШЖМ ерекшелігін ескере отырып әзірлеген қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілмеуі, мұғалімдердің барлығы дерлік мұндай мектептерде жұмыс істеуге арнайы дайындығы жоқ екендігі, оқу-материалдық базаның әлсіздігі де жағдайды күрделендіре түсуде. Сонымен қатар оқу бағдарламалары барлық типтегі мектептер оқушыларының білім, білік, дағдыларына бірдей талап қоятындықтан, шағын жинақты мектептердің білім сапасына, оқушылардың білім, білік, дағдылары мен олардың жалпы дамуына кері әсерін тигізуде. Қолданыстағы оқулықтар мен дидактикалық материалдар шағын жинақты мектептердің оқу процесін ұйымдастыру ерекшелігін ескермейді және қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізуге бағытталмаған. ШЖМ үшін әдістемелік құралдар әзірлеу ШЖМ жағдайында оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттыратыны сөзсіз.

Шағын жинақты мектептерде оқытуды  тиімді ұйымдастыруда сабақтың мынадай түрлері бар: атап айтсақ, бірпәндік және біртақырыптық оқытуға негізделген сабақтар. Шағын жинақты мектепте оқу үдерісінің тиімділігін арттыруда біртақырыптық сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор. Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық оқытудың мақсат-міндеттері төмендегідей:

бірнеше сыныптағы мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіру арқылы жүйелі білім беру;

сабақты тиімді әдіс-тәсілдер негізінде ұйымдастыру арқылы мұғалім қызметін оңтайландыру және уақытын үнемдеу;

әртүрлі жастағы оқушылардың мазмұны ұқсас материалды біріге отырып меңгеруіне жағдай туғызу.

Біртақырыптық сабақтардың тиімділігі мынада:

оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір тақырыптың мазмұнына аударуға мүмкіндік жасалады;

жоғары сынып оқушыларының өткен сыныптағы білімдерін жаңғыртуға және жетілдіруге, ал төменгі сынып оқушыларын осы тақырып төңірегінде оза оқытуға мүмкіндік туады;

мұғалім бір мезгілде әртүрлі жастағы балалармен бір бағыттағы сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым-қатынасқа түсуіне жағдай жасайды, оларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа баулиды;

оқушылардың бірін-бірі тексеруі және бағалауы жүзеге асады, үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімінің сапасын анықтай алады.

Осыған орай, бұл үлгідегі мектептер, мүмкіндігінше, бірнеше сыныптың оқу материалын біртақырыптық жүйеге ыңғайластыруы және соған сәйкес оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау керек.

Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы дамыта оқыту технологиясы негізінде ұйымдастырылатын біртақырыптық сабақтың құрылымы, негізінен, 3 бөлімнен, 3 кезеңнен тұрады. Енді сол құрылымның әр бөлігіне жеке тоқталайық (1-кесте).

 

1-кесте – Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтың құрылымы

 

І Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау – мотивациялық кезең

Бұл кезеңде мұғалім екі сыныпқа қатар үй тапсырмасын тексеру және жаңа сабақты түсіндіру мақсатында оқушылардың қызығушылығын, арттыратындай, екі сыныптың оқушыларына ортақ тапсырма орындатады және жаңа тақырыптың міндеттері айтылып, түсіндіріледі.

Мұғалім тарапынан оқушылардың білімін теңдестіру мақсатында өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыратындай проблемалық жағдаяттар тудырып, сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы ойтүйін жасап, жаңа сабаққа байланысты өзіндік пікірін айтуға және оны дәлелдеуге үйренеді.

ІІ Сараланған бөлім

Операциялық-орындаушылық кезең

Бұл кезеңде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға аса көңіл бөлінеді. Өйткені шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, сабақтың негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан бұл кезеңде тапсырмалар әр сыныптағы оқушыға жеке беріліп, олардың өзіндік жұмыс жасауына бағытталады.

Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары

Мұғалім басшылығымен орындалатын тапсырмалар

ІІІ Кіріктірілген бөлім

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Бұл кезеңде екі сыныпқа да тақырыпты бекітуге бағытталған ортақ тапсырмалар беріледі. Бұл рефлексиялық ойын, түрлі жаттығулар және тест тапсырмаларынан тұрады. Әр тапсырманың жауабы тексеріліп, жинаған ұпай санына байланысты оқушының өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасалады

 

Шағын жинақты мектепте оқушылардың жас ерекшеліктері, олардың сабаққа даярлығы сабақ құрылымына әсерін тигізбей қоймайды. Осы орайда біріктірілген сыныптарда оқу үрдісін ұйымдастыруда «сабақтың құрылымы қандай болу керек?» деген сұрақ туындайды.

Сабақ құрылымында барлық сыныптарға ортақ кезеңде мұғалімнің басқаруымен орындалатын жұмыс басты орын алады. Сабақтың басындағы ортақ кезеңде ұйымдастырушылық жұмыстар атқарылады: жұмысқа дайындау, жұмыс жоспарын, сабақтың мақсатын хабарлау, алдыңғы сабақта өткен материалды қайталау. Оқу пәндерін біртақырыптық жоспарлауда ауызша есептеу, сөздік диктанттары, ережелерді қайталау, т.б. жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Сабақтың ортасындағы ортақ кезеңде бастауыш мектеп оқушыларына үзіліс (жаттығулар) жасатуға болады. Оқу жоспарында ауызша жылдам сұрақ-жауап немесе рөлдік ойындар ұйымдастыруға мүмкіндік жасау қажет. Сабақтың соңындағы ортақ кезеңде нәтижелерді қорытындылау жұмыстары жүргізіледі: сабақ жоспарының орындалуын талдау, жұмысты ауызша бағалау, үй тапсырмасын түсіндіру.

Мұғалім, алдымен, екі сыныпқа ортақ ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарған соң, жаңа материалды түсіндіреді. Содан соң бір сыныптың оқушыларымен жұмыс жасау үшін екінші сыныптың оқушыларына пайдалы жұмыс беріп, оны өз бетінше орындауға тапсырма береді. Бір сыныптың оқушылары оқу тапсырмаларын өз беттерінше орындау барысында мұғалім өткен тақырыпты сұрап, жаңа материалды пысықтау жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ екінші сынып оқушыларына өздік жұмыстары үшін кезекті тапсырмаларды түсіндіреді. Осыған байланысты мұндай, сабақтардың бірінші ерекшелігі: оқушылардың өздік жұмысы қалыпты оқу әрекетінің шартына айналады және шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында сабақтың міндетті компоненті болып табылады. Осыдан сабақтың екінші ерекшелігі шығады: жұмысты мұғалімнің тікелей басшылығымен кезектесе орындауы, мұғаліммен жұмыс және мұғалімнің тапсырмасын орындау немесе өз таңдауы бойынша өздік жұмысы. Үшінші ерекшелігі: жұмысты орындауға кететін өздік жұмысы мен уақыт көлемінің мұғалімнің басқа сыныппен жұмыс уақыты көлеміне тәуелділігі. Сабақ құрылымы екі компоненттің кезектесуінен көрінеді: МЖ – мұғаліммен жұмыс және ӨЖ – оқушылардың өзіндік жұмысы (МЖ-ӨЖ-МЖ-ӨЖ). Сабақ кезеңдерінің кезектесе келуі көптеген талаптарға байланысты: кестенің сипатына (әр пәнді және бірпәндік сабақ), оқу материалының мазмұнына, оқушылардың өздік жұмыс жасау білігіне, сондай-ақ оқушылардың мүмкіндіктеріне. Шағын жинақты мектептегі сабақ мұғалімі ұстанымы тұрғысынан – нақты бір сыныпқа 2-3, кей жағдай 4 сыныпқа дейін біріктіріледі. 45 минут бойы мұғалім бір сабақтан екіншісіне, не болмаса үшіншісіне көшеді – осылайша бірнеше рет жалғасады. Оқушы тұрғысынан да сабақ әдеттегі сабақтан ерекшеленеді: үзілмелілігімен, назарды бір тақырыптың мазмұнына аударуымен. Бала үшін бұл өте қиын, дегенмен шағын жинақты мектеп осы міндетті жүзеге асырып келеді. Шағын жинақты мектеп оқушылары назарды тақырыпқа шоғырландыруымен, өзіндік жұмыс істеу білігімен ерекшеленеді.

Сабақтың жалпы құрылымы мынадай болуы мүмкін:

1-нұсқа:

1-кезең. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.

2-кезең. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.

3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.

4-кезең. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс (қорытындылау).

2-нұсқа:

1-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.

2-кезең. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.

3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.

4-кезең. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс (қорытындылау).

Жоғарыдағы сабақ құрылымының сызбасында мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс барлық сыныпқа ортақ. Сабақтың бастапқы кезеңі ұйымдастырушылық кезеңнен тұрады: сабаққа көңіл аудару, тапсырмалар алу, сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлау, алдыңғы өткен тақырыпты қайталау (терминдер мен сөз тіркестерін айтып түсіндіру, яғни оқу пәндерінің лексикасын меңгеру). Кейде жалпы оқу және интеллектуалдық біліктерді қалыптастыру бойынша түсіндірмелер беру, жаттығулар мен тапсырмаларды орындау: жоспарлау, нақты дереккөздерден алу.

Оқу пәндерінің бірпәндік үйлесуі кезінде: әдебиеттік оқу – әдебиеттік оқу, орыс тілі – орыс тілі, математика – математика, дүниетану – табиғаттану (бастауыш сыныптарда);  жұмыстың ортақ кезеңінде жоғарыда аталғандарға қосымша: ауызша санау; сөздік диктанты; ескерту және түсіндіру диктанттары, талдаудың түрлері; есептер құру жүргізіледі; технология, еңбекке баулу сабақтарында – қауіпсіздік техникасы және қандай болмасын еңбек әрекеттерін орындау тәсілдері көрсетіледі.

Сабақтың жалпы кезеңінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалім әдістемелік қағиданы қатаң сақтауы тиіс, әдістеме бойынша барлық сыныпқа сұрақтар мен тапсырмалар беріледі, оларға төменгі сынып оқушылары жауап береді.

Бір сыныптың оқушыларымен әңгімелескенде, мұғалім екінші сыныптың оқушыларына олардың жауаптарын толықтыруға, мысалдар келтіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жоғарыда айтылғандай, төменгі сынып оқушыларында өзіндік пікір қалыптасады, жоғары сынып оқушыларының жауаптары, әрине, төменгі сынып оқушыларының дамуын ынталандырады.

Жоғары сынып оқушыларының білімі жан-жақты, толығырақ, сондықтан өзіне деген сенімі де жоғары. Сабақтың ортасындағы жалпы кезеңде денені босаңсытуға арналған жаттығулар қосуға болады (барлығына ортақ дене шынықтыру жаттығулары).

Сыныптарға ортақ сұрақ-жауап, ертегілер бойынша ойын, сахналық  қойылымдар ұйымдастыруға болады. Сабақтың соңында – сабақты қорытындылау, сабақ жоспарының орындалу-орындалмауын талдау, оқушыларды бағалау, үйге берілетін тапсырманы түсіндіру секілді жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты туындайтын қиындықтар мен мәселелерге қарамастан, қазіргі педагогикада үздік әдістерді қолданып, бағдарлама материалын сапалы өтуде біртақырыптық сабақтардың маңызы зор.

ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.

- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.

- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен  жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек..

 

 

Лекция №3

2.2. Бастауыш ШЖ мектептегі жұмыстың тиімділігін анықтау шарттары (жалпы, жекелей)

 

Шағын жинақталған мектептердегi оқу үрдiсiнiң тиiмдiлiгi төмендегi жағдайларға байланысты. Олар:

– сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;

– сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы;

– тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды технологиялық үрдiсте дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану;

– сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi құрылуын анықтау;

– оқу-тәрбие жұмысының сабақтық және сабақтан тыс түрлерiн дұрыс үйлестiру;

– оқушылардың өзiндiк жұмысы мен оқытушы басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы;

– балалардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен бiлiм жинай бiлу дағдыларын қалыптастыру;

– оқушылардың бiлiм және тәрбие деңгейлерiнiң дамуының ғылыми диагностикасы;

– оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау;

– әр түрлi жастағы балалардан құралған бiрлестiктердi ұтымды басқару;

– оқытудың техникалық құралдарын қолдану;

– оқу-тәрбие үрдiсiн тұлғалық-бағдарлық ұстаным негiзiнде құру;

– бала өмiрiнiң тұрмыстық жағдайлары және олардың ата-аналары туралы жалпы мәлiметтер жинау;

– ата-аналарды шағын жинақталған мектеп жұмысына тарту.

ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:

- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.

- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.

- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.

- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.

- бір оқу бөлмесінде  күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.

- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.

- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.

ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кемшіліктері, кері жақтары да бар:

- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;

- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;

- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;

- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;

- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;

- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;

- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;

- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;

ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің  өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;

 - егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;

- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.

ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.

 

 

 

 

Лекция №4

2.3. тақырып  Сынып. Сынып комплектілерін құрастыру.

ШЖМ-дағы  сыныптардың дұрыс жинақталуы

 

Сыныптарды бiрiктiруде мектептегi сыныптардың, оқушылар мен мұғалiмдердiң саны ескерiледi. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.

Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).

Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.

«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген.

ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.

ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.

·         өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;

·         сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;

·         осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты.

Екіншіден,  3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.

 

Сыныптарды бiрiктiру тәжiрибесiнде екi жол бар: көршiлес-шектес сыныптарды бiрiктiру және әр түрлi жасты сыныптарды бiрiктiру. Педагогикалық тұрғыдан әр түрлi жасты сыныптарды ұйымдастыру неғұрлым қолайлы, өйткенi ол балаларды ауыспалы жұптарда жұмыс iстетуге, үлкен сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтiп көбiрек көңiл бөлудi керек ететiн кiшi сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.

Мектептiң бастауыш сатысында оқушыларды сынып-кешенге бiрiктiрудiң мынадай варианттары болуы мүмкiн: 2+3, 2+4, 3+4; мұнда 2 және 4 сынып оқушыларын бiрiктiру (2+4) оңтайлы болып табылады.

Бiрiншi сынып оқушыларын сынып-кешендер құрамына енгiзбеген дұрыс. Бұл кезеңде баланың мектепке күнделiктi оқуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн дене және психикалық-физиологиялық дамуы жүрiп жатады. Бұл жастағы балалар болмашы нәрсеге алаңдағыш, зейiнiн ұзақ шоғырландыруға қабiлетi дамымаған, қозғыш, елiктегiш болады. Жаңа әлеуметтiк жағдаяттар баланы қатаң қалыптағы әлемге ендiредi, бала өмiрiн тәртiпке түсiредi, сөйтiп оқу жұмысы шаршау мен беймазалықтың көзiне айналады. Мектепке түскен әрбiр оқушыға психикалық қысым түседi. Бұл тек оның денсаулығында ғана емес, мiнез-құлқында да көрiнiс табатын болады. Сонымен бiрiншi сынып оқушыларының оқу әрекетiне, табысқа ұмтылуына, өзiн-өзi бақылауға дайын болуына, бейiмделу үрдiсiнiң жеңiл өтуiне оң мотивтерi қалыптасуы үшiн оларды сынып-кешенге қоспай, өз қатарластарымен жеке оқыту ұсынылады.

          Үш немесе төрт сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы,1+2+3+4), сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн әрбiр сыныппен жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында (бұл талапты сақтау, әсiресе, бiрiншi сынып оқушылары үшiн ерекше қажет) әр түрлi жастағы балалар үшiн сабақтың жылжымалы кестесiн қолдану дұрыс болады.

          Мектептiң негiзгi және жоғарғы сатыларында сыныптарды бiрiктiру, негiзiнен, әр сыныптағы оқушылар санына байланысты болмақ. Негiзгi және жоғарғы сатыдағы оқушылар санының аздығы жағдайында сыныптарды мынадай тәртiпте қосу тиiмдi болып табылмақ: 5+6; 6+7; 7+8. Мұндай бiрiктiруде математика, химия, физика, биология, мемлекеттiк тiл, ана тiлi және шетел тiлдерi сияқты базалық пәндер әрбiр сыныпта жеке өткiзiлгенi мақұл. Мәжбүрлiк жағдайда пәндер бойынша бiрiктiрудi қолдануға болады, яғни әдебиет, тарих, география пәндерiн өткiзуде сыныптарды қосып оқытуға мүмкiндiк бар. 9, 11 сыныптар бiтiрушi сынып болғандықтан, оларды, тiптi бала саны жетiмсiз болған жағдайда да өзге сыныптармен қосып оқытуға жол берiлмеуi керек.

          Сыныптарды бiрiктiру ШЖМ-де оқу сабақтарын ұйымдастыруда қиындықтар тууына әсерiн тигiзедi. Бастауыш шағын жинақталған мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi сақталуы керек: жазу сабағы бойынша 2 сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан, математика сабағы бойынша 2 сыныпта 15 минуттан, 3 сыныпта 20 минуттан аспауы тиiс. Оқушылардың шаршауының алдын алу мақсатында қосарланған сабақтардың (әсiресе соңғы 4 және 5 сабақтар) ұзақтығын 10-15 минутқа дейiн (дене шынықтыру сабағынан басқа) қысқарту мүмкiндiгi қарастырылады.

 

 

№5-лекция

2.4.-тақырып: Бастауыш шжмектепте сабақ кестесінің түрлері және оларды құру технологиясы

Әр пәндік және бір пәндік  сабақ кестесінің үлгілері

 

Оқу жылындағы оқушы мен оқытушының күнбе-күнгі оқу еңбегі сабақ кестесімен анықталады. Шағын жинақты мектептерде оқыту, тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан-жақты ой елегінен өткізілген сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10-нан аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір комплектілі мектеп, ал 12 оқушы болса, екі комплектілі, 15-тен артық болса, ол үш комплектілі болып есептеледі. Егер мектепте барлық сыныпқа бір оқытушы болса, яғни бір комплектілі мектеп болса, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады. Мектепте екі оқытушы болса, әр сыныптың оқушылар саны мен білім деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі.

Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеру керек.

Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ кестесіндегі пәндерді қалай болса солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пән бойынша, мәселен, қазақ тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл болатынын тәжірбие көрсетіп отыр. Бұл өзінен өзі түсінікті, өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде мұғалімнің зейіні бір пәнге бағытталған болады, сол себептен де жұмыс сапалы жүргізіледі.

            Өзбетінше жұмыс істеуді ұйымдастыруға барлық пәндердің бірдей дәрежеде мүмкіндік бере бермейтінін есте ұстау керек. Мысалы: музыка мен денешынықтыру сабақтарын біріктіруге болмайды, тек сабақты топқа бөліп өткізуге  болады.

Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін комплект құру, пәндерді біріктіру проблемасы негізгі сұрақ болып табылады. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері – оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабақ оқушылардың іскерлігіне әсер ететін, нәтижелі сабақтар болып саналады. Барлық жағдайда екі, үш, төрт сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп, сабақ кестесінің түрлерін әр нұсқада ұсынуға болады. Сабақ кестесінің түрлері қатар оқытылатын сыныптардағы оқытылатын пәндердің ретіне байланысты. Қатар оқытылатын сыныптарда бір пәнді бір мезгілде оқытуға, әр пәндік, бір тақырыптық негізде өткізуге болады. Сонымен бірге, бір сыныпты жеке оқытып, 2-3 сыныпты қатар оқытуға болады.

Сабақ  кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп  жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант,  қызықты тапсырмалар,  дидактикалық ойындар жүргізуге болады. 

      Көп жағдайларда 2-3 сыныпты  біріктіріп сабақ өткізуге тура келеді.  Келесі сыныптарда  3-сабаққа ауыстыруы керек.  Мысалы: қатар оқитын  1-4, 1-3 үшін күніне 1 пән немесе 2 пән қатар оқытылады. Ал қалған пәндер 2 сыныпта 30 мин бөлек жүргізеді. Мұндағы негізгі мақсат 1-сынып оқушыларының  жас ерекшелігін ескеріп,  1-сыныпқа 30 минут бөлек уақыт беру керек. Қатарынан 1-2-3 сынып үшін, 1-3-4 сыныптар үшін, 2-3-4 сынып үшін бұл жағдай сабақ өткізудің  қиындығын болдырады. Сондықтан, күніне 1 рет 1 пәнді қатар өткізеді. Қалғанына өзіндік жұмыстар беріледі. Оқушылардың санына байланысты, сынып комплектісін құру, сабақ кестелерінің үлгілерін оқушыларға түсіндіріп оқыту керек. Мысалы: бақылау  жұмысы мен диктант сабақтарын біріктіру, математика сабақтары үшін тиімді болады. Ал, кей жағдайларда тиімді  бола бермейді. Мұндай кезде еңбек, бейнелеу сабақтарын бірге өткізіп, аталған пәндерді бөлек оқыту керек. Сабақ кестесі жарты жылдық уақытқа арналып құрастырылады..

     Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері күнделікті  8 не 14 сабақ жоспарын жазып, оған көрнекілік дайындайды. Сондықтан да оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі  болуына сабақ кестесінің  әдістемелік тұрғыда дұрыс жасалуының маңызы зор.

 

 

 

 

Н.Базарбаеваның біріктірілген 4 сыныпқа арналған сабақ кестесінің үлгісі:

 

Күні

Р.с

4 - сынып

3 – сынып

2 - сынып

1 -  сынып

Дүйсенбі 

1

2

3

4

5

Қазақ тілі

Математика

Ана тілі

Валеология

Сынып сағаты

 

Математика

Ана тілі

Валеология

Сынып сағ

Қазақ тілі

 

 

Ана тілі

Валеология

Сынып сағ

Қазақ тілі

Математика

 

 

 

Валеология

Сынып сағ

Ана тілі

Математика

Ана тілі

Сейсенбі 

1

2

3

4

5

6

Қазақ тілі

Математика

Ана тілі

Дене –шынық

Дүниетану

 

Математика

Ана тілі

Дене-шынық

Дүниетану

Қазақ тілі

 

 

Ана тілі

Дене шынық

Дүниетану

Қазақ тілі

Математика

 

 

 

Дене шынық

Дүниетану

Ана тілі

Математика

Ана тілі

Сәрсенбі 

1

2

3

4

5

6

Қазақ тілі

Математика

Ана тілі

Бейн.өнері

 

 

 

Ана тілі

Бейн. өнері

Қазақ тілі

 

 

 

Ана тілі

Бейнелеу өнері

Қазақ тілі

Математика

 

 

Бейн. өнері

Ана тілі

Математика

Ана тілі

Бейсенбі 

1

2

3

4

5

Қазақ тілі

Математика

Ана тілі

Дене-шын

Дүн. тану

 

Математика

Ана тілі

Дене-шын

Дүн. Тану

Қазақ тілі

 

 

Ана тілі

Дене-шын

Дүн. Тану

Қазақ тілі

Математика

 

 

 

Дене-шын

Дүн. Тану

Қазақ тілі

Математика

Ана тілі

Жұма 

1

2

3

4

5

Орыс тілі

Математика

Тіл дамыту

Музыка

Қыз. Мат

Орыс тілі

Математика

Тіл дамыту

Музыка

Қыз. Мат

 

 

Тіл дамыту

Музыка

Қыз. Мат

 

 

Тіл дамыту

Музыка

Қыз. Мат

Сенбі 

1

2

3

4

Орыс тілі

Еңбек

Еңбек

Дене-шын

Орыс тілі

Еңбек

Еңбек

Дене-шын

 

Еңбек

Еңбек

Дене-шын

 

Еңбек

Еңбек

Дене-шын

 

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының ғылыми қызметкерлері З.Бейсенбаев, Ә.Наурызбаевалар төмендегідей алты күндік сабақ кестесінің үлгісін келтіреді:

Қатар оқытылатын 1-2 сыныптар үшін

 

Күні

Сабақ реті

1 - сынып

2- сынып

ДҮЙСЕНБІ

1

2

3

4

Әліппе 

Математика 

Денешынықтыру 

Айналамен таныстыру

Қазақ тілі 

Математика 

Денешынықтыру 

Дүниетану

СЕЙСЕНБІ

1

2

3

4

Математика 

Жазу 

Әліппе 

Әліппе

Математика 

Қазақ  тілі 

Ана  тілі 

Ана  тілі

СӘРСЕНБІ

1

2

3

4

Әліппе 

Математика

Еңбек 

Ана  тілі 

Математика 

Еңбек 

Қазақ тілі 

БЕЙСЕНБІ

1

2

3

Әліппе 

Айналамен таныстыру 

Бейнелеу өнері

Қазақ тілі 

Дүниетану 

Бейнелеу  өнері

ЖҰМА

1

2

3

4

Математика

Әліппе 

Ән

Жазу 

Математика 

Ана  тілі

Ән 

Қазақ тілі 

СЕНБІ

1

2

3

Әліппе 

Еңбек 

Денешынықтыру 

Бейнелеу өнері 

Көркем  жазу 

Еңбек 

Денешынықтыру 

Бейнелеу  өнері 

       

Шағын комплектілі бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және жетілдіру мәселесімен жан-жақты айналысқан әдістер Б.Құлмағамбетова: «Аз комплектілі мектептердегі мұғалімнің жұмысында негізгі мәселе - сабақ кестесін дұрыс жасау, сабақ жоспарын жан-жақты ойластыра отырып құрастыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сонымен қатар, әр сыныптағы сабақ уақытын орынды пайдалану»,- дей келіп, төмендегідей сабақ кестесін ұсынады:

Қатар өткізілетін 1, 2, 3 сыныптарға арналған сабақ кестесі:

 

Күні

реті

1 - сынып

2- сынып

3 сынып

Уақыты

ДҮЙСЕНБІ

1

2

3

4

 

5

6

7

Ана тілі 

Жазу    Математика 

Дене шынықтыру 

 

 

 

 

Дене

шынықтыру 

Математика 

Қазақ тілі

Ана тілі

 

 

 

Дене

шынықтыру 

Математика 

Қазақ тілі

Орыс  тілі

30 мин

30 мин

30 мин

30 мин

 

30 мин

30 мин

30 мин

СЕЙСЕНБІ

1

2

3

4

5

6

7

Ана тілі  

Жазу 

Математика 

Еңбек 

 

 

 

Еңбек

Математика 

Дүниетану   

Ана  тілі 

 

 

 

Еңбек

Математика 

Дүниетану   

Ана  тілі 

30 мин

30 мин

45 мин

30 мин

45 мин

45 мин

45 мин

СӘРСЕНБІ

1

2

3

4

5

6

7

Әліппе 

Жазу

Математика 

Сурет  

 

 

 

Сурет   

Математика 

Ана  тілі   

Қазақ тілі 

 

 

 

Сурет 

Математика 

Ана тілі

Қазақ тілі 

30 мин

30 мин

30 мин

45 мин

45 мин

45 мин

45 мин

БЕЙСЕНБІ

1

2

3

4

5

6

Математика 

Ана  тілі 

Жазу 

Ән

 

 

Қазақ тілі 

Ән

Математика 

Ана тілі 

 

 

Қазақ тілі 

Ән

Математика 

Ана тілі

30 мин

30 мин

45 мин

45 мин

45 мин

45 мин

ЖҰМА

1

2

3

4

 

5

6

7

Ана тілі 

Жазу 

Математика

 

 

 

Дене

шынықтыру 

Математика  

Қазақ тілі 

Сурет 

 

 

 

Дене

шынықтыру 

Математика 

Қазақ тілі 

Сурет 

30 мин

30 мин

30 мин

30 мин

 

45 мин

45 мин

45 мин

СЕНБІ

1

2

3

4

5

6

7

Ана тілі 

Жазу 

Математика

Еңбек 

 

 

 

Еңбек 

Ана тілі 

Ән Математика 

 

 

 

Еңбек 

Ана тілі 

Ән

Математика 

30 мин

30 мин

30 мин

45 мин

45 мин

45 мин

4мин

 

 

Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтардың құрылымы

 

Біріктірілген сыныптарда сабақ ұйымдастыруда деңгейлеп-саралап оқыту, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, дамыта оқыту, ынтымақтастықта оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде, оқыту технологиялары қолданылады. Біртақырыптық сабақтар, негізінен, дамыта оқыту технологиясы арқылы жүзеге асырылады.

Дамыта оқытудың тиімділігі – мұғалім мен оқушы арасында тең қарым-қатынас орнайды. Өйткені, дамыта оқытуда мұғалім дайын білімді түсіндіріп беруші, бақылаушы, бағалаушы ғана емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы ретінде көрінеді. Бұлай оқыту бала интеллектісінің көзін ашып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Дамыта оқытудың басты ұстанымдары төмендегідей [1]:

сабақтың құрылымын проблемалық сабақ ретінде құру ұстанымы;

оқушылардың ойлау қызметін белсендіруде көрнекі-нақты, практикалық, көрнекі-бейнелі, дерексіз, абстрактілік, теориялық сияқты түрлі ой операциялары мен амалдарын қолдана отырып, сапалы түрде теориялық ойлау қабілеттерін дамыту ұстанымы;

пәнді оқытуда жеке және саралай оқыту талаптарын ескеру ұстанымы;

оқушылардың тілдік құбылысты оқып-меңгеруіндегі ой қызметінің қадамдық, сатылық, алгоритмдік, эвристикалық, проблемалық, шығармашылық қызмет түрлерін қалыптастыру ұстанымы;

оқытудың тарихилылығы ұстанымы;

оқытудың ғылымилылығы мен жүйелілігі ұстанымы.

Осы ұстанымдар негізінде пәнді дамыта оқыту әдіс-тәсілдері және оқытудың негізгі формалары, сабақ пен сабақтан тыс жұмыстардың құрылымы, оқушылардың ізденімдік қабілетін дамытуға арналған басқа да жұмыс түрлері анықталады.

Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы дамыта оқыту технологиясы негізінде ұйымдастырылатын біртақырыптық сабақтың құрылымы, негізінен, 3 бөлімнен, 3 кезеңнен тұрады. Енді сол құрылымның әр бөлігіне жеке тоқталайық (1-кесте).

 

1-кесте – Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтың құрылымы

 

І Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау – мотивациялық кезең

Бұл кезеңде мұғалім екі сыныпқа қатар үй тапсырмасын тексеру және жаңа сабақты түсіндіру мақсатында оқушылардың қызығушылығын, арттыратындай, екі сыныптың оқушыларына ортақ тапсырма орындатады және жаңа тақырыптың міндеттері айтылып, түсіндіріледі.

Мұғалім тарапынан оқушылардың білімін теңдестіру мақсатында өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыратындай проблемалық жағдаяттар тудырып, сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы ойтүйін жасап, жаңа сабаққа байланысты өзіндік пікірін айтуға және оны дәлелдеуге үйренеді.

ІІ Сараланған бөлім

Операциялық-орындаушылық кезең

Бұл кезеңде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға аса көңіл бөлінеді. Өйткені шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, сабақтың негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан бұл кезеңде тапсырмалар әр сыныптағы оқушыға жеке беріліп, олардың өзіндік жұмыс жасауына бағытталады.

Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары

Мұғалім басшылығымен орындалатын тапсырмалар

ІІІ Кіріктірілген бөлім

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Бұл кезеңде екі сыныпқа да тақырыпты бекітуге бағытталған ортақ тапсырмалар беріледі. Бұл рефлексиялық ойын, түрлі жаттығулар және тест тапсырмаларынан тұрады. Әр тапсырманың жауабы тексеріліп, жинаған ұпай санына байланысты оқушының өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасалады

 

Шағын жинақты мектепте оқушылардың жас ерекшеліктері, олардың сабаққа даярлығы сабақ құрылымына әсерін тигізбей қоймайды. Осы орайда біріктірілген сыныптарда оқу үрдісін ұйымдастыруда «сабақтың құрылымы қандай болу керек?» деген сұрақ туындайды.

Сабақ құрылымында барлық сыныптарға ортақ кезеңде мұғалімнің басқаруымен орындалатын жұмыс басты орын алады. Сабақтың басындағы ортақ кезеңде ұйымдастырушылық жұмыстар атқарылады: жұмысқа дайындау, жұмыс жоспарын, сабақтың мақсатын хабарлау, алдыңғы сабақта өткен материалды қайталау. Оқу пәндерін біртақырыптық жоспарлауда ауызша есептеу, сөздік диктанттары, ережелерді қайталау, т.б. жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Сабақтың ортасындағы ортақ кезеңде бастауыш мектеп оқушыларына үзіліс (жаттығулар) жасатуға болады. Оқу жоспарында ауызша жылдам сұрақ-жауап немесе рөлдік ойындар ұйымдастыруға мүмкіндік жасау қажет. Сабақтың соңындағы ортақ кезеңде нәтижелерді қорытындылау жұмыстары жүргізіледі: сабақ жоспарының орындалуын талдау, жұмысты ауызша бағалау, үй тапсырмасын түсіндіру.

Мұғалім, алдымен, екі сыныпқа ортақ ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарған соң, жаңа материалды түсіндіреді. Содан соң бір сыныптың оқушыларымен жұмыс жасау үшін екінші сыныптың оқушыларына пайдалы жұмыс беріп, оны өз бетінше орындауға тапсырма береді. Бір сыныптың оқушылары оқу тапсырмаларын өз беттерінше орындау барысында мұғалім өткен тақырыпты сұрап, жаңа материалды пысықтау жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ екінші сынып оқушыларына өздік жұмыстары үшін кезекті тапсырмаларды түсіндіреді. Осыған байланысты мұндай, сабақтардың бірінші ерекшелігі: оқушылардың өздік жұмысы қалыпты оқу әрекетінің шартына айналады және шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында сабақтың міндетті компоненті болып табылады. Осыдан сабақтың екінші ерекшелігі шығады: жұмысты мұғалімнің тікелей басшылығымен кезектесе орындауы, мұғаліммен жұмыс және мұғалімнің тапсырмасын орындау немесе өз таңдауы бойынша өздік жұмысы. Үшінші ерекшелігі: жұмысты орындауға кететін өздік жұмысы мен уақыт көлемінің мұғалімнің басқа сыныппен жұмыс уақыты көлеміне тәуелділігі. Сабақ құрылымы екі компоненттің кезектесуінен көрінеді: МЖ – мұғаліммен жұмыс және ӨЖ – оқушылардың өзіндік жұмысы (МЖ-ӨЖ-МЖ-ӨЖ). Сабақ кезеңдерінің кезектесе келуі көптеген талаптарға байланысты: кестенің сипатына (әр пәнді және бірпәндік сабақ), оқу материалының мазмұнына, оқушылардың өздік жұмыс жасау білігіне, сондай-ақ оқушылардың мүмкіндіктеріне. Шағын жинақты мектептегі сабақ мұғалімі ұстанымы тұрғысынан – нақты бір сыныпқа
2-3, кей жағдай 4 сыныпқа дейін біріктіріледі. 45 минут бойы мұғалім бір сабақтан екіншісіне, не болмаса үшіншісіне көшеді – осылайша бірнеше рет жалғасады. Оқушы тұрғысынан да сабақ әдеттегі сабақтан ерекшеленеді: үзілмелілігімен, назарды бір тақырыптың мазмұнына аударуымен. Бала үшін бұл өте қиын, дегенмен шағын жинақты мектеп осы міндетті жүзеге асырып келеді. Шағын жинақты мектеп оқушылары назарды тақырыпқа шоғырландыруымен, өзіндік жұмыс істеу білігімен ерекшеленеді.

Сабақтың жалпы құрылымы мынадай болуы мүмкін:

1-нұсқа:

1-кезең. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.

2-кезең. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.

3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.

4-кезең. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс (қорытындылау).

2-нұсқа:

1-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.

2-кезең. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.

3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.

4-кезең. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс (қорытындылау).

Жоғарыдағы сабақ құрылымының сызбасында мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс барлық сыныпқа ортақ. Сабақтың бастапқы кезеңі ұйымдастырушылық кезеңнен тұрады: сабаққа көңіл аудару, тапсырмалар алу, сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлау, алдыңғы өткен тақырыпты қайталау (терминдер мен сөз тіркестерін айтып түсіндіру, яғни оқу пәндерінің лексикасын меңгеру). Кейде жалпы оқу және интеллектуалдық біліктерді қалыптастыру бойынша түсіндірмелер беру, жаттығулар мен тапсырмаларды орындау: жоспарлау, нақты дереккөздерден алу.

Оқу пәндерінің бірпәндік үйлесуі кезінде: әдебиеттік оқу – әдебиеттік оқу, орыс тілі – орыс тілі, математика – математика, дүниетану – табиғаттану (бастауыш сыныптарда);  жұмыстың ортақ кезеңінде жоғарыда аталғандарға қосымша: ауызша санау; сөздік диктанты; ескерту және түсіндіру диктанттары, талдаудың түрлері; есептер құру жүргізіледі; технология, еңбекке баулу сабақтарында – қауіпсіздік техникасы және қандай болмасын еңбек әрекеттерін орындау тәсілдері көрсетіледі.

Сабақтың жалпы кезеңінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалім әдістемелік қағиданы қатаң сақтауы тиіс, әдістеме бойынша барлық сыныпқа сұрақтар мен тапсырмалар беріледі, оларға төменгі сынып оқушылары жауап береді.

Бір сыныптың оқушыларымен әңгімелескенде, мұғалім екінші сыныптың оқушыларына олардың жауаптарын толықтыруға, мысалдар келтіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жоғарыда айтылғандай, төменгі сынып оқушыларында өзіндік пікір қалыптасады, жоғары сынып оқушыларының жауаптары, әрине, төменгі сынып оқушыларының дамуын ынталандырады.

Жоғары сынып оқушыларының білімі жан-жақты, толығырақ, сондықтан өзіне деген сенімі де жоғары. Сабақтың ортасындағы жалпы кезеңде денені босаңсытуға арналған жаттығулар қосуға болады (барлығына ортақ дене шынықтыру жаттығулары).

Сыныптарға ортақ сұрақ-жауап, ертегілер бойынша ойын, сахналық  қойылымдар ұйымдастыруға болады. Сабақтың соңында – сабақты қорытындылау, сабақ жоспарының орындалу-орындалмауын талдау, оқушыларды бағалау, үйге берілетін тапсырманы түсіндіру секілді жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты туындайтын қиындықтар мен мәселелерге қарамастан, қазіргі педагогикада үздік әдістерді қолданып, бағдарлама материалын сапалы өтуде біртақырыптық сабақтардың маңызы зор.

 

№6-лекция

Тақырып 2.5. ШЖБМ-дегі сабақ, оның түрлері, сабақты жоспарлау және өткізу ерекшеліктері;

Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы

Шағын жинақты бастауыш  мектепте сабақты ұйымдастыру

 

        Екі сыныппен жүргізілетін жұмыстың сапалы болуы үшін күнұзаққа жүргізілетін жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуының да шешуші маңызы бар. Кейбір мұғалімдер екі сыныпты бір мезгілде оқытудан қашып, сабақты екіге бөліп жүргізеді. Бұлай жасауға үзілді-кесілді қарсы болу керек.

       Мұғалім күніне сегіз сағат жұмыс істейтін болса, онда ақырғы сабақтарда мұғалім жұмысының сапасы төмендейтіндігі сөзсіз, сабақты бұлай етіп жүргізу көбінесе сабақтың жетілік сағат санын азайтуға әкеліп соғады. Сонымен бірге, ауылдық жерлерде сабақты екіге бөліп жүргізу кейде мектепке 2-3 км қашықтықтан келетін балалар үшін бірқатар қолайсыздық туғызады.

       Шағын жинақты бастауыш мектептің оқу-тәрбие ісінде уақытты дұрыс пайдалану − ең маңызды мәселелердің бірі. Уақытты дұрыс пайдалану үшін,  мұғалім ең алдымен,  орындалатын жұмыс түрлерін: мазмұндама, шығарма жоспарын,  қазақ тілі, дүниетану,  орыс тілі,  сурет, еңбек сабағына  керекті сызбалар, лото, түрлі-түсті суреттер сериясын  күні бұрын даярлап алудан бастайды. Бұл жерде уақытты үнемдеудің оқушылардың сабаққа деген ынтасына да  елеулі ықпалы барын ескерген жөн. Мысалы, балалар бірден жұмысқа кірісіп кету үшін 5-10 минут шамасында тапсырма берілді. Бұл кезде басқа сынып оқушылары өздігінен орындайтын жұмыстармен  айналысады.  Ал өздігінен  орындалатын тапсырманың мақсаты айқын болуы тиіс. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастырғанда  оқушының білімін бағалау, жеке жұмыс жүргізу, тапсырманы өздігінен қалай орындағандықтарын бақылап, жұмыстарын тексеріп отыру да педагогикалық шеберлікті, жете мән беруді талап етеді. Яғни, 45 минуттық бір сабақтың ішінде шағын жинақты мектеп мұғалімі 3, тіпті кейде 4 сабақты өткізіп, 3 не 4-сынып оқушыларын қатар оқытуға әрі әрбір «кіші сабақтың» білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарының орындалуын қадағалауға мәжбүр болады. Осыған орай сабақтың құрылымы да өзгереді. Бүгінгі күнге дейін сабақтың екі кезеңі анықталған болатын: мұғалім басшылығымен жұмыс және өздігінен орындалатын жұмыс. Бұл екі кезең «үлкен сабақтың» өн бойында бірнеше рет қайталанып отырады. Енді осы сабақтардың ұйымдастыру барысына тоқталайық: ортақ тақырыптық қағиданы ұстанғандықтан белгілі бір тақырыпты барлық сыныпқа бір мезгілде өткізуге болады. Ал, жаңа сабаққа байланысты жаттығулар мен тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай әрбір сыныпқа лайықтап, саралап, әрқайсысына жеке орындатуға болады. Мұнда сабақ екі кезеңнен: біріктірілген (ортақ) бөлімнен және сараланған (дифференцияланған) бөлімнен тұрады. Енді осы екі жағдайды салыстырайық:

 

            2-сынып

          3-сынып

    4-сынып

               М

             Ө

         Ө

               Ө

             М

         Ө

               Ө

             Ө

         М

 

(М − мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс, Ө − өздігінен орындалатын жұмыс).

 

     2-сынып

   3-сынып

  4-сынып

                             Біріктірілген  (ортақ)  бөлім

                      ( жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі)

                                    Сараланған бөлім

                                    (жаттықтыру кезеңі)

                                 Біріктірілген (ортақ) бөлім

                                      (бекіту кезеңі)

 

        Көріп отырғанымыздай, бірінші жағдайда жаңа тақырыпты түсіндіру 4-сыныпта сабақтың ең соңына түсуі мүмкін. Ал психологиялық еңбектердн бастауыш сынып оқушыларының жаңа материалды шамамен сабақтың алғашқы 10-15 минутында ғана жақсы қабылдайтыны туралы пікірлерді кездестіреміз. Сондықтан сабақты бұл жолмен жоспарлау көп қиындық туғызатыны сөзсіз.

       Екінші жағдайға келсек, мазмұны, идеясы жақын тақырыптарды алдын-ала іріктеп, оны барлық сыныпта бір мезгілде өту барысында мұғалім жаңа материал жайлы кіріспе әңгімесін, тіпті материалдың өзін барлығына бірдей түсіндіре алады және оқушыларды қатыстыра отырып, сұрай алады.

      Мұғалім бір сыныпта сабақты түсіндірген кезде, екінші бір сыныптың балалары мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмысқа өз бетімен әзірленеді. Төменгі сыныпта да, жоғары сыныптарда да жаңа материалды түсіндіру балаларға өздігінен істейтін жұмыстарды тапсырумен аяқталады. Балалар өздігінен істейтін жұмыстарды, алдымен мұғалімнің жетекшілігімен орындайды. Бұл үшін жаңа сабақты түсіндіруге арналған уақыттың бірнеше минуты бөлінеді. Содан кейін балалар өздігінен жұмыс істеуге көшеді. Олар уақытқа байланысты тапсырманың біразын сыныпта орындайды, біразын үйде орындайды. Мұғалім сабақтың екінші жартысында жаңа материалды түсіндірген сыныптың балалары сыныпта өздігінен орындайтын жұмыстың аз ғана бөлігін орындайды − жұмысты сыныпта бастап, үйде аяқтайды.

      Бір сыныпта жаңа материалды түсіндіру, ал екінші сыныпта өткенді пысықтау немесе қайталау, оқушылардың білімін есепке алу сабағын жоспарлағанда жұмыстың барысы жаңа материалдың қай сыныпта түсіндірілетініне қарай анықталады. Мәселен,  егер мұғалім жаңа материалды жоғары сыныпта түсіндіретін болса, сабақтың жоспары, шамамен айтқанда, мынадай болып құрылуы мүмкін:

       

Төменгі сынып

Жоғары сынып               

1. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Үйге берілген тапсырманы тексеру; өткенді пысықтау мақсатымен балалардың өздігінен орындауы үшін тапсырма  беру − 10 мин.

 

 1. Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары. Үйге берілген тапсырманы тексеру; Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыстарға даярлануға байланысты  әртүрлі тапсырмаларды  орындау − 10 мин

2. Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары. Әртүрлі жаттығулар орындау (көшіріп жазу)  − 20-25 мин

2. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Оқушылардың өздігінен орындаған жұмыстарын тексеру; жаңа материалды түсіндіру; сыныпта және үйде өздігінен орындау үшін тапсырма                                                                                            беру − 20-25 мин.

3. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Оқушылардың  өздігінен орындаған жұмыстарын тексеру; өткенді пысықтауға байланысты жаттығу жасау немесе әңгіме өткізу; үйге тапсырма беру  − 10-15 мин. 

3. Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары. Мұғалімнің түсіндірген материалын пысықтауға байланысты әртүрлі тапсырмаларды орындау − 10-15 мин.

Сабақ төменгі сыныптарда мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыстан және жоғары сыныптарда балалардың өздігінен істелетін жұмысынан басталады. Бір сыныпта жаңа материалды түсіндіру, екінші бір сыныпта өткенді пысықтау, қайталау немесе балалардың білімін есепке алудан басталатын сабақтың бұл түрі, әдетте көп кездеседі. Егер өткен сабақты пысықтау немесе қайталау жүргізетін сынып өткен сабақта өздігінен жұмыс істеуге тапсырма алған болса немесе балалар осы сабақта үйде орындалған тапсырманы әрі қарай орындайтын болса ғана мұғалім екінші бір сыныпта сабақты балалармен тікелей жұмыс істеуден бастай алады. Осыған байланысты әрбір сыныптағы балалардың сабақта өздігінен істейтін жұмыстарын бөлу де өзгереді. Дегенмен, мұғалім көбінесе мына тәртіпті басшылыққа алуы керек: бұл тәрізді сабақтарды өткенді пысықтау немесе қайталау, оқушылардың білімін жазба жұмыстары арқылы тексеру, белгіленген сыныптарға тапсырма беруден бастау керек. Бұл мұғалімге келесі сыныпқа жаңа материалды түсіндіруге уақытты молырақ қалдыруға мүмкіншілік береді. Дегенмен өткенді пысықтау немесе қайталау болатын сыныпта, балалардың өздігінен істейтін жұмыстарынан кейін, мұғалімнің басшылығымен істейтін жұмыстар үшін 10-15 минут шамасында уақыт қалдыру қажет екендігін естен шығармау керек. Осылай жасағанда ғана өткен материалды пысықтау және қайталау ойдағыдай болады.

       Екі сыныптың екеуінде де өткен материалды қайталауға арналған сабақты құрудың ешбір айтарлықтай қиындығы жоқ. Бұл сияқты сабақтарда, алдағы айтылған сабақты өткізудің екі түрінен гөрі, балалардың өздігінен істейтін жұмыстарын өткізу мүмкіншілігі мол болады. Өткен материалды қайталау арқылы өтетін сабақтың үлгі жоспары мынадай болып жасалуы мүмкін:

          

Төменгі сынып:                               

Жоғары сынып:

1.Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары. Өткенді пысықтау,  қайталау, үйге берілген тапсырманы             әрі қарай жүргізу; мұғалімнің басшылығымен өткізілетін сабаққа даярлану − 10 мин

1. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Өткенді өздігінен қайталау        немесе пысықтау үшін берілген тапсырманы тексеру үшін бақылау жұмысы  − 10 мин.

 

2. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Балалардың өздігінен істеген жұмыстарын тексеру, өткенді қайталауға

немесе пысықтауға байланысты жаттығулар жасау немесе әңгіме өткізу; сыныпта немесе үйде балалардың өздігінен орындауы үшін тапсырма беру − 20-25 мин.

2. Балалардың өздігінен істейтін  жұмыстары Өткенді пысықтауға немесе қайталауға, балалардың білімін тексеру мақсатымен берілген мұғалімнің тапсырмасын орындау (сынып бойынша оқу, жаттығу жұмысы т.б.) − 20-25 мин.                                                                                         

3.Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары. Өткенді пысықтау және

қайталау үшін берілген мұғалім тапсырмасының біразын орындау (жазбаша жаттығу, кітап оқу) − 10 мин.

3. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Балалардың өздігінен істелетін жұмыстарын тексеру; балалармен өткенді қайталау − 10 мин.

Мұғалім мұндай сабақтарда балалармен тікелей жұмыс істеуді өздігінен жұмыс істеу оңайыраққа түсетін сыныптан бастайды немесе балалардың өздігінен орындайтын жұмысы үшін алдын ала ауызша жаттығулар мен әңгімелерді қажет ететін сыныптардан бастайды. Егер де осы айтылған сыныптардың бірінде жазбаша бақылау жұмыстарын өткізу белгіленсе, онда мұғалім жұмысты сол сыныптан бастайды. Мұғалім бақылау жұмысын алғаннан кейін, балалар сол сағат бойына өздігінен жұмыс істей алады.

Ал екі сыныптың екеуінде де өткенді пысықтау немесе қайталау жұмысы жүргізілетін болса, онда мұғалім екі сыныптың екеуімен де тікелей жұмыстар жүргізеді не балалардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда келтірілген сызбада төменгі сыныптарда мұғалімнің басшылығымен тікелей істелетін жұмыстар сабақтың алдында, жоғары сыныпқа беретін тапсырмадан кейін басталады. Ал жоғары сыныптарда мұғалімнің басшылығымен өткенді қайталау немесе пысықтау бойынша балалармен жүргізетін тікелей жұмыстары балалардың өз бетінше жұмыс істеуі үшін берілетін тапсырмаларды түсіндіруге байланысты сабақтың  алдында, одан кейін балалардың өздігінен істеген жұмыстарының нәтижесіне байланысты сабақтың соңында жүргізіледі.

Мұғалім үш және төрт сыныпты қатар оқытудың сабағын жоспарлағанда уақытты бөлу ең алдымен жеке сыныптарда істелетін жұмыстардың күрделілігіне байланысты болады. Сабақтың материалы қиындау болған сыныпта балалармен тікелей жұмыс істеуге мұғалімнің көбірек уақыт бөлетіні өзінен өзі түсінікті. Жаңа материалды түсіндіру, әдетте, өткен сабақты пысықтауға немесе қайталауға қарағанда мұғалімнің балалармен көбірек тікелей жұмыстар жүргізуін талап етеді. Мұғалімнің бұрын даярлап берген материалдары бойынша өздігінен жұмыс істейтін сыныптарда, өздік жұмыс көп уақытты алатындықтан, мұғалімнің басшылығымен тікелей жүргізілетін жұмыстардың шамасы ол сыныптарда 5-10 минуттан аспайды. Балалардың орындаған жұмыстарына қарап шығуға қажетті нұсқаулар беруге, болмаса тапсырманың сипатын өзгертуге бұл уақыт толығынан жетіп жатыр.

Бірнеше сыныппен жүргізілетін сабақ жоспарының  жалпы сызбасын төмендегідей етіп жасауға болады: 1) мұғалімнің алдымен өткізетін сыныбына өздігінен орындауы үшін аздаған тапсырмалар беру; 2) қалған сыныптардың әрқайсысына бұрынғы бастап қойған жаттығуларды әрі қарай жүргізу үшін немесе бұрын даярланып қойылған жұмыстарды балалардың өздігінен орындауы үшін тапсырма беру; 3) мұғалімнің сабақты бастаған сыныбындағы балалардың өздігінен орындаған жұмыстарын тексеру. Осы сыныпта жаңа материалды түсіндіру немесе мұғалімнің тікелей басшылығымен жаттығу жұмыстарын жүргізу. Мұның екеуінде де мұғалімнің басшылығымен тікелей жүргізілетін жұмыстар балалардың сыныпта және үйде өздігінен орындаулары үшін тапсырма берумен аяқталады. 4) Мұның алдындағы сыныпта мұғалімнің тікелей жүргізген жұмыстарының уақытына оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарынаң уақыты сай келетін сыныпқа ауысу; Мұғалім бұл сыныпта балалардың өздігінен орындаған жұмыстарын көз жүгіртіп қарап шығады және оны әрі қарай жүргізе беруге нұсқау береді немесе 10-15 минуттан артық уақыт алмайтын жаңа материалды түсіндіріді, осыдан кейін балалардың өздігінен сыныпта және үйде орындауы үшін тапсырма береді немесе жаттығу жұмыстарын жүргізеді де, оны балалардың өздігінен жұмыс істеуімен жалғастырады; 5) Қалған уақытта басқа сыныптармен де тікелей жұмыс істеу үшін дәл жоғарыдағыдай жолдармен ауысып отыру керек. Егер уақыт шектеулі болса (10-15 мин), екі сыныптың екеуінде де балалардың өздігінен істеген жұмыстарына көз жүгіртіп қарап өтіп, үйге тапсырма беру керек. Ал уақыт жеткілікті болған жағдайда (20-25 мин), балалардың өздігінен істеген жұмыстарын тексеріп оны әрі қарай жүргізе беру жөнінде нұсқаулар береді. Ал, басқа сыныпта жаңа материалды түсіндіреді немесе сабақтың ақырына дейін жаттығу жұмысын жүргізеді.

Лекцияға қосымша:

ШЖБМ-тегі сабақтардың өзара үйлесуі

 

Қоғамымызда болып жатқан саяси және әлеуметтік өзгерістер білім берудің негізгі сатысы ретінде бастауыш мектепке аса зор мән беріп отыр. Өйткені, бастауыш оқытудың негізгі көздейтін мақсаты - оқушыларды  үздіксіз  білім берудің мемлекеттік жүйесінің  талаптарына сай жоғарғы сыныптарда  ғылым негіздерін терең игеруге дайындығын мүмкіндігінше көтере түсу. Осыған орай, бастауыш мектептегі білім мазмұнын жетілдіре түсудің  басты бағыттары айқындала түсуде. Сол бағыттардың  бірі бастауыш буында орындалатын әр түрлі ғылым негіздерінің арасындағы үйлесімді жолдарын анықтауға келіп саяды.  «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында»  осы мәселеге, яғни «бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету» керектігіне ерекше мән берілген.

Жаңа мемлекеттік стандартқа сай дайындалған бастауыш  мектеп бағдарламаларында “Пәнаралық байланыс” деген арнайы бөлім берілген. Математиканы  оқыту үдерісінде балалардың білімі мен біліктерін, танымдық қабілеттерін дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. “Математика” курсының бағдарламасында: пәнаралық байланыс -  “ғылымның әр түрлі салаларының арасында айқын шекара жоқ екендігі және олардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны туралы түсініктерді, сондай-ақ, дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруда табиғат құбылыстарының біртұтастығын, өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік туғызады” делінген. Сонда оқушының бір сабақта алған білімі, әсері, ойы, қиялы басқа пәнге келгенде тежеліп қалмай, ары қарай жалғасып, дами түседі, яғни бір пәннен басқа пәндерге көшудің үздіксіздігі  қамтамасыз етіледі.

Математика мен қазақ тілі арасындағы байланыстар:

грамматикалық және математикалық ережелердің пайдаланылуы;

математикалық терминдер енгізу арқылы тіл байлығының арттырылуы;

сөйлем құрастыру барысында модельдеудің пайдаланылуы;

сөйлемдегі сөздер байланысының сызбасының көмегімен өрнектелуі;

сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамытылуы;

математикалық тілдің қалыптастырылуы. («Математика» бағдарламасы, 1-4-сыныптар).

Математика мен әдебиеттік оқу арасындағы байланыстар:

ортақ немесе дербес белгілерін салыстыру арқылы анықтау немесе ажырату;

халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер, ойын өлеңдердің және т.б. математика сабақтарында қолданылуы;

көркем шынармаларда сипатталатын ата-дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, үлгі-өнеге, тәлім тәрбиелік материалдарды математика мазмұнына сіңіру;

ауызша шығарылатын халықтық логикалық ежелгі есептердің мазмұнын сапалы түсіну;

Математика мен дүниетану арасындағы байланыстар:

өзіндік пікір айту және оны дәлелдеу, өз көзқарасын білдіру;

математикалық есептердің мазмұны арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтіру;

айналадағы дүниеден танып-білген, жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабағында қолдану;

еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, байлығын, шаруашылығының түрлерін, ғылым мен мәдениетін, табиғатын сипаттайтын фактілерді, деректерді, мәліметтерді және анықтағыш материалдарды пайдалану.

Математика мен бейнелеу өнерінің арасындағы байланыстар:

заттарды түсіне, пішініне, өлшеміне қарай салыстыру, теңестіру, кеңістік жайында түсінік қалыптастыру,;

кескіндеу,бейнелеу, безендіру, құрастыру жұмыстары барысында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.

Ұлттық ою-өрнектер мен таңбаларда геометриялық фигуралардың қолданылуы.

Математика мен еңбекке үйретудің арасындағы байланыстар:

баланың еңбекке дайын болуын, математикалық білімдерін өмірде, нақтылы жағдайларда практикалық мәселелерді шешу үшін пайдалана алуын қалыптастыру.

күнделікті өмірге және тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауда математикалық білім, білік, дағдылардың пайдаланылуы;

құрастыру және бұйым жасау жұмыстарында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.

Математика мен саздың арасындағы байланыс:

сазды әуен мен ырғақта матеметикалық дәлсіздіктің және сан мен үлестің пайдаланылуы;

нота сауатында математикалық білімнің пайдаланылуы;

саздық аспаптардың жасалуында және құрылымында математикалық білімнің пайдалануы;

халықтық ән, күй, би, айтыс және терминдерді математика мазмұнына сіңіру;

Математика  мен дене тәрбиесінің арасындағы байланыстар:

баланың кеңістікті болжауы және сәйкес түсінікті пайдалануы;

уақыт аралығы жайындағы түсініктердің қалыптастырылуы;

баланың қимыл қозғалысындағы реттік тәртіп пен дәлдік;

қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы;

 

Шағын жинақталған мектептiң оқу үрдiсiн ұйымдастырудағы педагогикалық қиындықтарды шешудiң маңызды бағыттарының бiрi жаңа педагогикалық технологияларды жасау және енгiзу болмақ. Оның негiзгi белгiсi ретiнде педагогикалық жүйенiң барлық элементтерiнiң бейiмделу деңгейiн, атап айтқанда: мақсатының, мазмұнының, формасының, әдiстерiнiң, құралдарының, оқушылардың танымдық әрекеттерiн ұйымдастыру түрлерiнiң, оқыту нәтижелерiнiң болжаммен сәйкестiгi дәрежелерiн атауға болады.

«Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады:
Бақылаудың орнына ынталандыру;
Мәжбүрлеудің орнына кеңес беру;
Ауыстырудың орнына сенім білдіру;
Үгіттеудің орнына түсіндіру;
Басқарудың орнына қатысу;
Айғайлаудың орнына әзілдеу;
Кінәлаудің орнына қорғау;
Бұйрық беріп тексерудің орнына кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу.»
                                                                                                          Н. Ә. Назарбаев

 

Мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойлаумен шектелмей, денгейіне қарай оқушының әрекетіне де мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет.

Шағын жинақты мектептің педагогикалық ерекшеліктерін ескерген мұғалім ғана өзінің шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алады. Кез - келген әрекет талдаудан басталады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушыларды талдауға үйретуде тәсілдер жүйесін мақсатты түрде пайдалана білген жөн. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізі. Демек әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол - оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыру. Сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстінде сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Сол үшін бүгін жақсы оқытуымыз керек, ал ертең бүгіннен де жақсы оқуға тиіспіз. Ал, ең бастысы оқушының психологиясына айрықша көңіл бөліп, терең зерттеу жүргізіп, оның барлық тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған жөн.
Шағын жинақты бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз болғандықтан, оқушылардың сабақ үстінде бір біріне аландайтындары белгілі. К. Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады».

 

 

№7-сабақ

Тақырып 2.6. Бастауыш шағын жинақталған мектепте оқу пәндері бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау. Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы

 

 

ШЖМ оқу барысын жоспарлау оқу жоспары, оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар және оқулықтарда көрсетілген бағдарламалық материалдардың мазмұнымен анықталады.

Оқу жоспары негізінде күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасалады, онымен толық сәйкестікте белгілі бір тақырып бойынша мысалы, математиканың әр сабағының жоспары дайындалады.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы төмендегідей болуы мүмкін:

Сабақтың тақырыбы мен типіне, сондай-ақ сол сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай сабақтың мақсаты мен міндеттері анықталады:

білімділік міндеттері: жаңа білімді меңгеру, білік және дағды қалыптастыру, бастауыш математика курсының материалдарын игеруге арналған өткенді қайталау, жүйелеу, жетілдіру, тереңдету, кеңейту және тиянақтау.

дамытушылық міндеттері: балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, есін, логикалық ойын; өзіндік, шығармашылық белсенділігін дамыту; бақылау, салыстыру, ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсете алу, талдау, жинақтау, жалпылау, абстрактілеу сияқты ой операцияларын орындай алу біліктерін дамыту; ауызша санау дағдыларын дамыту; дұрыс, нақты, логикалық математикалық тілді дамыту.

тәрбиелік міндеттері: оқытудың өмірмен, ғылымның практикамен байланысын нығайтуға мүмкіндік туғызатын ғылыми диалектикалық көзқарасты тәрбиелеу; математиканы оқып-үйренуге қызығушылықты арттыру, пәнге сүйіспеншілікке тәрбиелеу; Отанына – Қазақстан Республикасына, туған жерге, туған өлкеге сүйіспеншілікке; біздің республикамызда тұратын халықтарды құрметтеу және сүюге тәрбиелеу; халқымыздың салтын, дәстүрін және мәдениетін құрметтеу; дәптермен жұмыс, практикалық жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу; әдемілікті (әдемі көрнекілік, мұғалімнің сырт көрінісі) көре және сезіне білу; жолдастық өзара көмек, жәрдемдесу, қиындыққа ортақтасу сезімі (топтық, пармен жұмыс, жарыс); еңбек етуге, еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке, еңбекті дәл ұйымдастыруға баулу; дербестікке, ұқыптылыққа, ден қоюшылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу, істі аяғына дейін жеткізе білуге үйрету және т.б.

практикалық мақсаттары: алынған теориялық білімді практикада, математика тақырыптары бойынша білімді келесі сыныптарда және басқа пәндерді оқуда қолдана алу; оқулықты, оқу құралдарын, кестелерді, өлшеу және сызба құралдары мен аспаптарын қолдана алуға үйрету; оқу және қосымша әдебиеттерден өз бетінше білім алу біліктеріне дағдыландыру.

Сабақтың құрылымын анықтау: әр кезеңге бөлінетін уақыт пен сабақтың барлық кезеңдері:

Алдыңғы және кейінгі сабақтар арасындағы байланысты ескере отырып, әр кезеңдегі жұмыс мазмұнын іріктеу. Мұндайда мұғалім:

оқу-әдістемелік топтаманы (ОӘТ);

сабақтың жоспарын шығармашылық тұрғыдан дайындауды жүзеге асыру үшін қосымша әдебиетті пайдалануы тиіс.

Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды, яғни оқушылармен жұмыс формасын ойластыру. Ұйымдастырудың негізгі формаларына  сынып жұмысы, сыныптан тыс жұмыс, үй жұмысы жатады. Ұйымдастырудың қосымша формаларына ұжымдық жұмыс, жаппай жұмыс, топтық жұмыс, пармен жұмыс, жеке-дара жұмыс, өзіндік жұмыс, практикалық жұмыс, бақылау жұмысы жатады.

Сонымен бірге, жұмыс дербес, өзіндік, практикалық та болуы мүмкін.

Қандай жұмыс формаларын біріктіруге болады, сабақтың тығыздығын (мысалы, бір уақытта карточка бойынша дербес жұмысты, тақтада өзіндік жұмысты және барлық сыныппен жаппай жұмысты өткізуге болады) көтеру үшін бір уақытта қандай жұмыс атқаруға болатындығы жан-жақты ойластырылуы қажет.

Әсіресе өзіндік жұмысты өткізу және оны тексеру (өзара тексеру, өзін-өзі тексеру, шапшаң тексеру және т.б.) жұмысына ерекше назар аударылады.

  5. Сабақтың әрбір кезеңдеріндегі жұмыстың әдістемесін анықтау. Алдымен оқушының білім, білік, дағдыны өз бетімен алуына, өзін көрсете білуіне, сондай-ақ оқыту мазмұнына сай субъективті қатынастарды жүзеге асыруға себепші болатын қазіргі заман оқыту әдістерін қолдануды; кіші жастағы оқушылардың зейіні 5-7 минут қана тұрақтанатындығын ескеріп, олардың жалығып кетпеуі үшін іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыруды жоспарлау; жаңа материалды қарастыру әдістемесін ойластыру: оны түсіндіру, оқулықпен, дәптермен, оқушылардың дара ерекшеліктеріне сай дидактикалық материалдармен жұмыс, сондай-ақ жаңа материалды алғашқы бекіту мақсатында практикалық жұмыс жүргізу; қандай жаттығулар ауызша, ал қандай жаттығулар жазбаша орындалуы қажеттігін шешу қажет.

   6. Сабақтың көрнекілігін дайындау:

-  алдын-ала дайындау, қажет материалдар өз уақытында көрсетіліп, артық зат баланың назарын аудармас үшін уақытында алынуын қадағалап, оларды тиімді орналастыруды ойластыру;

- тақтаға жазуды ойластыру: қандай жазулар алдын-ала жазылып, жабылады; қандай жазулар сабақ барысында жазыладыжәне оларға арнайы орын қалдыру, тақтадағы артық жазуды өшіру;

-  дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесін дайындау және олардың сапасына назар аудару: әдемілігі, ұқыптылығы, көркемдігі, қолжетерлігі, әсерлілігі.

   7. Жұмысты қорытындылау:

  -  сабақтың әр кезеңінің соңында қандай қорытынды (мұғалім өзі қорытындылайды) жасауға болатынын ойластыру;

  -  сабақтың соңында қорытынды жасау және жалпылау, мұғалімнің жетекші сұрақтарына жауап бере отырып, оқушылардың қорытынды жасауы: жаңа не білдік? Есептеудің қандай тәсілімен таныстық? Не үйрендік? Не қайталадық? Не ұнады? Нені естеріңде сақтап қалдыңдар?

   8. Сабақтың нәтижесін хабарлау:

- қандай оқушылардың жұмыстары бағалануы керектігі алдын-ала ескеріледі;

- мадақтау түрлерін: мақтау, ұялту, жүлде беру және т.б. анықтау.

 9. Үй тапсырмасын ойластыру:

- сабақ тақырыбымен қалай байланысты (өтілетін материалдың күрделілігі мен оны игеру деңгейіне байланысты)?

- тапсырма қандай мақсатпен беріледі?

- балаларға қандай нұсқаулар (оны орындауға арналған) беру қажет: нені қайталау керек, кейде оны орындау үлгісін де беруге болады.

     Мұғалімнің тәжірибесіне байланысты сабақта жұмыстың жазбаша жоспары жасалады:

  а) сабақ жоспары – мұғалімнің сұрақтары және тапсырмаларымен, оқушылардың шамамен беретін жауаптарымен жазылған толық жоспар.

  б) ашық жоспар – оқушылардың жауаптарынсыз, әлдеқайда қысқа жоспар.

  в) қысқаша жоспар, мұнда мұғалімнің сұрақтары мен оқушылардың жауаптары жоспарланбайды.

 

 

 

№8-сабақ

Тақырып: 2.7. ШЖБМ-дегі өзіндік жұмыс, оның түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі

 

 

Өзіндік жұмыс, оның түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі

 

Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерініғ бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше  көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.

Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.

Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:

1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;

Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;

Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;

Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.

Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

оған әсер ететін мотивтер.

Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:

а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).

ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).

Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:

1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.

2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).

3) Міндетті түрде тексерілуі керек.

4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.

5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.

6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.

Қазақ тілі сабақтарында – түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады.  Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады. Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығу ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірибелік жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.

Балалардың қазақ тілі сабақтарында өз беттерінше  грамматикалық талдау жасауы төменгі сыныптардың өзінде-ақ іске асырыла бастайды.

1-сыныптың балалары оқу жылының екінші  жартысынан бастап тақтадан, болмаса оқулықтан қысқа мәтіндерді көшіріп жазатын болады, кейбір сөйлемдерді бөліп, жеке айырып жазып қояды, мұғалім астын сызып көрсетіп берген сөздерді жазып алады, кеспе әріптерден сол сөздерді құрастырып, сөздің әрқайсысын буынға бөледі, мәтіннен көшіріп жазып алған сөздердегі дауысты және дауыссыз әріптерді көрсете алатын болады.

2-сыныптың балалары нәрсені, сапаны, әрекетті білдіретін сөздермен танысып болғаннан кейін, олар мәтінде кездескен сол сөздерді өзбеттерінше тани біледі, оған өздерінше сұрақ қоя алады. Заттың атын, сапасын, әрекетін білдіретін сөздерді алдымен жеке-жеке, содан соң топтап жазады, ол сөздердің астын сызып қояды. Содан кейін заттың атын білдіретін сөздерді, оның сапасын болмаса әрекетін білдіретін сөздермен  біріктіріп құрастырады. Сол сияқты 2-сыныпта сөздерді  буынға бөлу, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды табу,  сөз екпіні түсетін буындардың  астын сызып қою, екпінді дауысты дыбыстарды табу балалардың өз беттерінше істейтін  жұмыстары есебінде жүргізіледі. Сөздің түбірімен танысып болғаннан кейін балалар мұғалімнің оқып берген мәтініндегі біріне-бірі ұқсас сөздердің астын сызып,  көшіріп жазуға дағдыланады. Балалар біраз уақыт дағдыланғаннан кейін сол түбірге ұқсас түбірлі сөздерді  іздеп табуға жаттығады.

Өз бетінше жұмыс істеудің бұл түрлері кейінгі сыныптарда да кеңінен қолданылады.

 3 және 4-сыныптарда балалардың өз бетінше грамматикалық талдау жасауын ұйымдастыру кең өріс алатын болады. Балалар өз беттерінше сөзге морфологиялық,  грамматикалық  талдау жасайды. Жазбаша грамматикалық талдау жұмыстарын алғашқыда сызба бойынша өткізген қолайлы. Сызба балалардың зейінін тәртіпке келтіреді, сөз таптарының грамматикалық тұлғаларын есте сақтауға жәрдемдеседі және әртүрлі грамматикалық   тұлғаларды өзара салыстыруға мүмкіндік туғызады. Сызбаны пайдаланбай мәтінді жазбаша грамматикалық талдау  жасау көбінесе бақылау  жұмыстары сияқты болып жүргізіледі. Балалардың өз беттерінше қандай да болсын грамматикалық талдау жасау түрлері грамматика және орфография  сабақтарының бір бөлімі  болып өтуге тиіс.

Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. 2-сыныпта − 5-10 минут, 3-сыныпта − 10 минут, 4-сыныпта 10-15 минуттық тапсырмалар беріледі.  Мұғалім оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын-ала дайындауы керек.

Өздігінен орындайтын жұмыста ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені, жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың жеке басының қабілетін  дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Ана тілі сабақтарында оқушылардың өздігінен  орындайтын жұмысын басқару ісі 1-сыныптан басталады. Ал, 3-сыныпта жүргізілетін жұмыстар 2-сыныпқа  қарағанда мазмұны және көлемі жағынан күрделі болады. Оқушылардың өздіктерінен жұмыс істеу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте күрделі үдеріс болғандықтан, қарапайым сатыдан жоғары, күрделі сатыға қарай біртіндеп дамиды.

Ана тілі сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын  жұмыстарының түрлеріне тоқтала кетсек: ертегілерге байланысты салынған суреттермен жұмыс, қима қағаздар түрінде жасалған шағын әңгімелерді өз беттерінше оқып мазмұнын айту, тақырыптардың авторлары (ақын, жазушылар) және олардың өмірбаяны туралы қосымша деректер, сюжетті суреттермен жұмыс, оқыған әңгімелері бойынша сурет салу, мазмұндама немесе шығарма жазу, тақырыптаы өз бетінше аяқтау, бөлімдерге бөлу, ат қою, сұрақтарға жауап әзірлеу, газет, журнал материалдарымен жұмыс, сахналық көріністер әзірлеу сияқты жұмыс түрлерін тапсыруға болады.

Әр сыныпта өткізілетін сабаққа тиісінше уақыт бөлінуі оқушылардың өзіндік тапсырмаларды ұқыпты орындауына көмектеседі. Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады. Ал, оқушылардың тапсырманы сыныпта, үйде өздігінен орындай білуі – оның  бойында қалыптасқан білім, білік пен дағдылар сапасының сенімді көрсеткіші.

Математикадан мынадай тапсырмалар жазуға болады:

оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша орындалатын;

оқытушыдан алған білім, білік, дағдыларын өз бетімен пайдалануды талап ететін, бірақ оқытушының басқаруын пайдаланған жағдайда;

алған білім, біліктерін басқа жағдайда пайдаланғанда;

оқушыдан ойлауды, шығармашылықты талап ететін байқау, талдау арқылы жаңа қорытынды, анықтамаға шығаруға болатын тапсырмалар.

арифметикалық амалдар кестесін есте сақтауға арналған;

есептеу тәсілдерін игеруге арналған:

ұқсастық пен айырмашылықты ажырату, талдауға арналған;

белгілі бір түсініктемелердің арифметикалық амалдармен байланысына арналған;

байқау негізінде қандай да бір заңдылықты айыру;

дидактикалық ойындар, қызықты тапсырмалар.

Оқушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет.

Мұғалім оқушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар ұсынады, онда жұмыстың мақсаты, оны бөлімдер бойынша орындау реті (өзін-өзі бақылау); мұғалім тексеру үшін алынған нәтижелерді әзірлеу, реттеу (кері информация) тәсілдері, жұмысты орындау мерзімі келтіріледі.

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын, оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты түсініп меңгергенін анықтайды: Демек, мұғалім бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да, оқушының өздік жұмысын тексеруші де. Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетін бағдарламалайды, оны бір мақсатқа бағыттап, сапасын анықтайды.

Оқушылар тапсырма алады, меңгерген білім қорына сүйене отырып, оның мақсаты мен орындау тәсілдерін ойластырады және ең маңыздысы – жұмысты өздігінен орындау барысында алынуға тиісті нәтижелерді дағдарламалайды. Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын үнемі тексере отырып, тапсырманы бөлімдері бойынша орындайды. Алынған нәтижелерді реттеп әзірлейді (өзін-өзі бақылайды) және жазу жұмысы, цифрлар, сызулар, суреттер, модельдер т.б. тексеру үшін мұғалімге тапсырады. Оқушылардың оқу жұмысын, оқу әрекетінің жемісті болуы – оқу жұмысын тәсілдерін менгеруге байланысты.

 

ШЖБМ жағдайында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

 

Сыныптан  тыс жұмыс бүкіл оқу үдерісінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың табиғи жалғасы болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды көрсетіп, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз еріктерімен қатысуына мүмкіндік береді. Онда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ қандай да бір іс-әрекеттері, есептеу шапшаңдығы, тапқырлығы, ұтымды әдістерді пайдалануы мадақталуы тиіс.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалім сынып-комплектінің балаларының жас ерекшелігін, білім деңгейлерін ескеріп, әр сынып балаларына шамалары келетіндей, қиынырақ материалдарды немесе материалдардың негізгі курсын оқып-үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды таңдап алуға болады. Аталмыш жұмыстардың өзгешелігі – математикалық ойын-есептер, ойындар, жарыс т.б. сипатта болады, онда балаларды қызықтыратын формадағы жаттығулар қолданылады, бірақ ол жаттығулар мәселенің математикалық мәнін түсінуге, математика жөнінен білімдерін тереңдетуге және айқындауға себі тиюі тиіс.

Мұғалім сыныптан тыс жұмыстардың түрін таңдауды, оны ұйымдастыруды, белсенділікті және оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ететіндей мұқият ойластыруы тиіс.

Сыныптан тыс жұмыстарға мыналар жатады: сыныптан тыс сабақтар, математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктер, математика үйірмелері, олимпиадалар, спартакиадалар, ҚМК (КВН), т.б.

Сыныптан тыс сабақтар (қызықты математика сабағы). Сабақ барлық сыныпарға арналып жүргізіледі, сабақтың ұзақтығы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 30-40 минутқа дейін, сабақ айына бір рет болуы мүмкін. Мазмұны жөнінен сабақтағы жұмыспен байланысты болуы керек, бірақ қиын есептер, тапқырлық есептері, ойын-есептер, геометриялық мазмұнды қызықты есептер, логикалық есептерді шығару көзделеді. Сиқырлы шаршыларды толтыру, ойлаған санды табу, ребустарды, шарадаларды, жұмбақтарды шешу (балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріле) ұсынылады. Айшықты бояулармен салынған плакаттар, суреттер пайдаланылады, ертегілердің кейіпкерлері кірістірілсе, сабақ әсерлі өтеді.Онда топтық және жеке-дара жұмыс ұйымдастыруға мүмкіншілік мол, сонымен бірге оқушылардан тапсырмаларды тек дұрыс орындау ғана емес, оны дәлелдей, негіздей білу де ескеріледі, талап етіледі.

1. Біріктірілген 1 және 2-сыныптардағы сыныптан тыс сабақ:

Алдымен оқушыларға сабақтың түрі, балалар деңгейіндегі сабақ мақсаты хабарланады. Содан кейін тақтаны екіге бөліп, бір бөлігіне 1-сынып, келесі бөлігіне 2-сынып деп жазылады.

«Тез есепте!» 1+2+3+4+5+6+7+8+9+10

Топқа бөлініп әр топ капитанын сайлайды, оларға өз деңгейінде (бірінші сыныпқа арналған тапсырма жеке, ал екіншіге- бөлек) тапсырмалар беріледі, неше тапсырма дұрыс орындалғаны есептеледі. Мысалы:

2+8         9+1        10-10                                   20+3       30+10       60-4

10-8        5+5        10-0                                     4+20       50-20        86-6

Әр топқа түстері әр түрлі жетондар дайындалады да, тапсырмаларын Тапқышбектің қалтасына салады.

Эстафета. Әр бала санайды, санаған сандары есте сақталады. Сол сан баланың нөмірі болып есептеледі. Қалтадан бір сан алып, оны өз нөміріне қосады. Келесі бала оған өз нөмірін қосады, осылай соңғы балаға дейін жалғасады, кім бұрын және дұрыс есептесе, сол топ жеңіске жетеді.

2. Математикалық бұрыш. Оны оқушылар мұғалімнің басшылығымен құрады. Онда математикалық дәптерлер көрмесі, есеп құрастыру үшін цифрлі мәліметтері бар газет қиындыларынан жасалған альбомдар, өз бетімен құрастырылған есептер жинағы, математикалық есептер, мысалдар және түрлі жаттығулар орындауға арналған тапсырмалары бар түрлі-түсті кестелер болады. Математикалық газеттің атауы қызықты болуы тиіс, мысалы, «Жас математик», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Тапқышбектер клубы», «Ойлан, тап!», «Ойлайық та, ойнайық!», «Математик-ғалымдар», «Менің білгім келеді» т.б. Газет бетінде берілетін тапсырмалар әр сынып балаларына арналуы тиіс, мүмкін болса, әр сынып балаларына арнап, жеке-жеке газет шығарылса ролі орасан зор болар еді. Әрбір газетте балалардың тізімі, апталық не бір күннің тапсырмалары, оқушының жауабына арналған конверт болуы тиіс. Газет тапсырмалары мерзімі келгенде, міндетті түрде тексеріліп, бағаланып, ұпаймен қорытындыланады.

 3. Математикалық кеш (математикалық ертеңгілік). Математикалық кеш өткізілмес бұрын газет шығарылып, онда әрбір сынып арасында жарыс ұйымдастырылатыны айтылады. Әділ қазылар мүшелері сайланып, карточкалар, тапсырмалар дайындалып, оқушыларға қарсы топқа сұрақтар дайындауға тапсырмалар беріледі. Кеште 3 және 4 сынып оқушылары жарысуы мүмкін.

Жоспары:

Кешті ұйымдастыру.

Әңгіме. (жалпы кеш белгілі бір тақырыпқа құрылуы мүмкін). «Адамдар санауды қалай үйренген?», «Бізді қоршаған ортадағы шамалар»

Жарыс – тапсырмалар (екі топқа ортақ сұрақтар).

Ойын «Арифметикалық жүгіру».

Тақырыпқа берілген тапсырмалар.

Ең мықты есептеушіге сұрақ.

Топтардың қарсы топқа қоятын сұрағы.

Викторина.

Қорытынды.

4. Математика үйірмесі. Онда математикаға ерекше бейімі бар оқушылардан 3-4-сыныптан бастап ұйымдастырылады. Үйірме сабақтары белгілі жоспар бойынша, оқушылардың тұрақты құрамымен жүйелі түрде айына 2-3 рет жүргізіледі. Онда балаларды есептеудің жаңа әдістерімен, қиынырақ есептерді шығару тәсілдерімен, кейбір математика тарихы мәселелерімен таныстырылады. Үйірме мүшелері газет шығаруға, бұрыш жасауға, кеш ұйымдастыруға ерекше тартылады.

 

 

9-тақырып: 3.1. ШЖБМ жағдайында тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері Мектеп-тәрбие жұмысының орталығы. Мектеп және мектептен тыс мекемелер

 

  Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері........

Шағын комплектілі мектептердегі тәрбие процесін ұйымдастыру бағыттары.
Лекцияның мақсаты: Шағын комплектілі мектептердегі тәрбие процесі туралы түсінік. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау және талдау туралы мағлұмат беру.
1. Тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары.
2. Тәрбие шараларын ұйымдастыру талаптары.
3. Еңбек тәрбиесі.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мамырова К.Н. Малокомплектная школа крупным планом. Газета "Учитель Казахстана", № 24-25 от 14 августа 2001 г.
2.Мамырова К.Н., Нурсейтова С.Д. Научно-педагогические основы обновления содержания образования в МКШ. Сб. научных трудов. – Алматы: РИК, 2001.
3.Мамырова К.Н. Развитие малокомплектной школы в Казахстане. – Алматы: Поиск, № 6, 2001.

 

 

 

10-Тақырып 3.2. ШЖБМтегі сынып жетекшісінің қызметі,міндеті.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушалық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, саған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.

1.     Оқушыға тікелей ықпал жасау:

·         Оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын,қоршаған ортасын танып білу;

·         Тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;

·         Жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;

·         Тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.

2.     Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру

Оқушылар ұжымын қалыптастыру;

1.  Онда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру;

2.  Оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру;

3.  Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту.       

3.     Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субьектілерге көмектесу, бақылау жасау:

•        отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;

•        мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау көрсету ; 

•        бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;

•        мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс- қимыл жасау.  

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсатын анықтауы

Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі.Себебі, қандайда болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса,әрекет те болмайды.

Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі

  Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары

Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зерттеудің, саның негізінде тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми- педагогикалық және психологиялық әдістемесін танып білуге  біршама қызығушылығын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар мен ата-аналардың көзқарастарының өзгеруі , біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайды, қоғамның құндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер етуде. Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.

Екіншіден, қоғамның бүгінгі жаңа сипатқа ие болу жағдайында өмір сүріп жатқан балалар өзгеше бір күй кешуде.Ол, бір жағдайда үлкенднр алдында өздерінің тұйықтылығымен әсер қалдырса, яғни ата-аналары мен ұстаздары алданда бір, ал жеке немесе жолдастары ортасында басқа мінезде болып көрінуге тырысады.

Сондықтан, қазіргі мектеп мұғалімінің қоржынында оқушының жеке тұлғасы және оқушылар ұжымын зерттеудің жан-жақты бай ғылыми әдістемесі жинақталған.Олар: педагогикалық, социологиялық, этикалық т.с.с. болып келеді.

Сыныпты жаңадан қабылдап алғаннан кейін, оның жетекшісі  зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды.Оқушыларға жазылған мінездемелер, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналыстарының хаттамалары, денсаулықтарына қатысты анықтамалармен толық танысып,өзінен бұрынғы жетекшілік еткен немесе бастауыш сынып мұғалімінен әрбір оқушы туралы толық мәлімет алады.

Оқушының жеке басын және сынып ұжымын танып білуге болады. Зерттеу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қандай педагогикалық талаптар қалыптасқан:

1.     Зерттеуді бастамас бұрын, ең алдымен оның мақсатын анықтау.

2.     Зерттеу барысында оның жоспары құрылып, жүйелігін қамтамасыз ету.

3.     Зерттеуді оқушының өмірі мен түрлі әрекетінің табиғи жағдайында жүргізу.

4.     Зерттеу жұмыстарының барысында нысананың жариялығын болдырмау.

5.     Зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен нәтижесінің объективтік жағдайларын қамтамасыз етуде әртүрлі тәсілдерді пайдалану.

6.     Зерттеу барысында оқушының жеке басының мінез-құлық ерекшеліктерін жан-жақты танып білуді қамтамасыз ету.

7.     Зерттеу барысында жазба және талдау жұмыстарын үнемі атқару.

8.     Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қорытынды жасау, оқушыларға психологиялық мінездеме жазуды әдетке айналдыру.

Зерттеу жұмыстары барысында аталған талаптардың орындалуын қадағалау, оны нәтижелі ұйымдастырудың басты шарты. Зерттеу жұмысы ұзақ және күрделі процесс. Мұндай жағдайда сынып жетекшілерінен педагогикалық- психологиялық білімдерді терең меңгеруді, зерттеу жұмыстарын шығармашылықпен ұйымдастыруды әрі олардан төзімділікті қажет етеді.

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары- міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.

Жоспар- тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат- міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отырып жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.

Мектептегі сынып жетекшісінің тәжірибесінде оқушылардың қабілеті мен қызығуын, жеке басының ерекшеліктері мен сұраныстарын ескермей, үстірт жасалатын жоспарлар көп кездеседі. Сандай-ақ тәрбие жоспарларын бір-бірінен көшіріп алатын немесе биылғы жоспарын келесі жылы қайта көшіріп қоя салатын сынып жетекшілер көптің қасы.

Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы.

Олай дегеніміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру – одан да қиын туғызады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімде зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалады. Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады. Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігі мен тиімділігін арттырады.   

Тәрбие жоспарының үлгісі

1.     Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен- жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.

2.     Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.

3.     Жаңа оқу жылына сай белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.

1.    Сынып ұжымын ұйымдастыру: (формасы- сынып сағаты), тақырыптық әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ-жауап кеші, олимпиада, көңілділер мен тапқырлар клубы, еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер, бұқаралық шаралар жатады.

2.    Бұл бағытта сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді (Ұйымдастыру формасы- сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты  ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілейді, сынып жетекшісі  әр түрлі үйірмелер мен клубтар жұмысының  тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл-кеңес беру оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.

3.    Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу- тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара жауапкершіліктері анықталады, өзара әректтері көрсетіледі.

4.    Отбасы мен жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату, ата-аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата-аналар комитетінің жоспарынан: ата-аналар жиналысының тақырыбын, мерзімін, олардың отырыстарын , шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету секілді жұмыстар белгіленеді.

5.    Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.            

Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар, және пән мұғалімдерімен бірлесе атқаратын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.  

 

 

Апта аралығын көрсету

Негізгі бөлімдер

Тәрбиелік шаралардың мазмұны

Формасы  мен  тәсілі

Мерзімі, уақыты 

Жауапты адамдар

Өтілгені туралы белгі

 

1.    Сынып ұжымын ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

2.    Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері

 

 

 

 

 

 

 

3.    Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс

 

 

 

 

 

 

4.    Отбасы және жұртшылықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

5.    Жеке оқушымен жұмыс

 

 

 

 

 

 

                        Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар  

1.     Жоспар ұжымдақ еңбектің белгісі. Сондықтан тәәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.

2.                      Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.

3.    Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.

4.    Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.

5.    Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.

6.    Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасымен анықталатын болсын.

7.    Тәрбиелік атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әртартпа және әржақты болуын ескеру керек.

8.    Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгісі келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.

9.    Жаспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.

10.                      Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке-дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.

Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?

1.     Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен міндеттерін анықтайтын мемлеттік құжаттармен танысу; Білім және ғылым минстрлігінің оқу-әдістемелік  журналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселесіне қатысты психология және педагогика, әдістемелік әдебиеттерді оқу.

2.     Балалардың жас ерекшеліктері, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау. Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері белгіленеді.Мысалы: «Мәдениет құндылықтарын меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының (9-11) рухани дамуын ынталандыру». Оның міндеттеріне:

1.    Оқушылардың сабақтан тыс зияттық- танымдық әрекеттерін ұйымдастыру.

2.    Салауатты өмір салтына ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын құру.

3.    Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым –қатынас жасауға ынталандару.

4.    Оқушаларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос уақаттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге  сай әр түрлі әрекеттерін ұйымдастыру. 

1.    Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің  және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдыңғы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибелерімен танысу, пән мұғалімдері және ата-аналармен пікір алмасу.

2.    Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп тану.

3.    Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мейрамдарды анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.

4.    Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.

5.    Жоспарлау. Оқушылардың немесе белсенділерді жоспарлауға, оны талқылауға тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.

Мектептің және сыныптың ерекшелігі, бағдарына байланысты  тағы басқа қосымша әрекеттің болуы мүмкін.

 

Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу

Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті – оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады.  

Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның ең басты, шешуші саласы балалардың достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс. Оқушылар ұжымының өмірін қызықты Ұйымдастырмайынша, мектеп алдында тұрған  міндеттерді орындау мүмкін емес. «Ұжым»- латын тілінен енген ұғым. Ол бізге әр түрлі түсінікті ұғындырады: жиналған жұрт, жиын, топ, бірлестік т.с.с. Нақтылағанда – оны әрекеттің түріне байланысты адамдардың тобы деп түсінген дұрыс.

Дегенмен, қандай да бір топты «ұжым» деп айтуға бола ма?  Әрине, ол олай емес.Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде  «ұжымды» екі  түрде түсіндіреді. Біріншісі, қандай да бір ұйымдасқан адамдар тобы, екіншісі, тек жоғары деңгейде  ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік.

Ал оқушылар ұжымына  келсек, оның өзіндік белгілері бар. Атап айтсақ:

1.    Жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы. Мақсат қандай да болмасын топта болады.Мысалы, көлікке отырған жолаушыда, балалардың тұрғын жайындағы жолдастары ортасында, тіпті қылмыскерлер ортасында да болады.Ал біздің әңгіме қозғап отырған оқушылар ұжымына келсек, ондағы мақсаттың сипаты лоардан тіпті бөлек. Ол қоғам және мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, басымдылық танытатын мемлекеттік идеология және заңдар  мен Ата заңға қайшы келмей, солардың шеңберінде әрекет жасайды.

2.    Әрекет етуде өзара бірлескен іс-қимылдың болуы. Балалар ортақ мақсатқа жетуде бірлесе іс-қимыл жасайды. Ол үшін оның әрбір мүшесі бірлескен өзара әрекетке белсенді қатысуы міндетті.

3.    Өзара қарым-қатынаста жауапкершіліктің болуы. Яғни, өзара әрекеттесу барысында, оның әрбір мүшесінен жағары жауапкершілік талап етіледі.

4.    Ортақ сайланған басқару ұйымның болуы. Ұжымда демократиялық қатынас орнайды. Соған сәйкес белгілі бір басқару ұйымы құрылады. Ол тікелей және ашық сайлау негізінде қалыптасады.

Ұжымда қалыптастырудың жоғарыда аталған белгілерінен басқа тағы да өзгешеліктердің болуы мүмкін. Бұл белгілер бұл ұжымның ішкі қалыптасу құрылымы мен психологиялық жай-күйдің және оның әрбір мүшесінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасының көрінісі немесе өлшемі ретінде сипатталады. Сондықтан , жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек және өзара жауапкершілік, бір-біріне тілектестік  және адал ниеттілік, сын және өзара сын орнығады.

Мектеп ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым  болып – сынып ұжымы есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті  жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-қатынастың  алғы шарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланды.

Олай болса оқушылар ұжымы деп  - ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін  және ортақ сайланбалы ұйымы бар , барлық мүшелерінің құқақтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке  негізделген оқушылар тобын атаймыз.

Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады?

Оқушылар ұжымының күнделікті ісі белгілі бір сыныптағы балалардың басым көпшілігінің мінез құлқына, аңсары ауып тұратын ісіне жауап беретіндей ұйымдастырылуы қажет.

Сынып оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі. Мысалы, сынып жетекшісі сынып ұжымын ұйымдастыруда оған балалардың белсенді қатынасын ескермесе, ол өктемшіл басқару жүйесі болып есептелінеді. Бұған керісінше, оқушылар  өздерінде туындап отырған мәселелерді өздері шешіп отырса, онда ол демократиялық жүйе болып саналады.

Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процесс. Сондықтан да оның қозғалмалы күші ең алдымен оқушыларға бағытталған. Себебі, ол өзінің болашақ қоғамдық маңыздылығымен ерекше.

Олай болса өзін-өзі басқаруы – қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде оқушылар ұжымының өмірін ұйымдастырудың демократиялық бағыттағы формасы. Соған сәйкес оның өзіндік белгілері бар:   

·        Оқушылар ұжымының белгілі бір мәселеге қатысты өз алдына дербес шешім қабылдауы және оны жүзеге асыруы мүмкіндігінің болуы;

·        Дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;

·        Сынып ұжымының өмірін педагогикалық тұрғыдан демократиялық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы;

·        Ұжымның әрбір мүшесінің оқушылардың сынып, мектеп және қоғамдық өмірлерін басқаруға дайын бола білуі ;

Бұдан шығатын қорытынды ретінде, өзін-өзі басқарудың шартты түрде алынған негізгі ұстанымына:

4.  «өзіміз шараны ұйымдастырамыз»; 

5.  «өзіміз жоспарлап, өзіміз оны атқарамыз»;

6.  «өзіміз қорытынды жасаймыз»; қағидаларын жатқызуға болады.

А.С. Макаренконың көзқарасынша  өзін-өзі басқаруды әрекет тудырады, басқадай болуы мүмкін емес. Олай болса, өзін-өзі басқару тек ортақ мақсатқа жетудегі белсенді әрекеттің жемісі.

Өзін-өзі басқару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады.

1.Сынып жағдайында өзін -өзі басқару:оқу, еңбек, көпшілік-мәдени, спорт секторларының жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңесінің төрағасы басшылық жасайды.

1. Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін-өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады. Оны жалпы мектептің өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы және оның орынбасары басқарады.

Олар тек оқушылар есебінен сайланады. Бүгінде мұндай дәстүрлі тәжірибе кейбір алдыңғы қатарлы мектеп практикасында «Парламент» түрінде өзінің жұмысын жалғастыруда. Оның жұмысына мектеп әкімшілігінің тәрбие жөніндегі орынбасары жетекшілік етеді.

3.     Мектеп жағдайында тең төрағалық басқару жүйесі арқылы атқарылады. Оның құрамына оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесі мүшелері (тұрақты комиссиялардың бағытына байланысты шамамен -7 оқушы), кеңесші мұғалімдер – 5, ата-аналар-2 адам кіреді. Мұның қызметі негізінен мектептің даму болашағы мен оның өмірін жақсарту және шешім қабылдау мәселелерін стратегиялық жоспарлауды көздейді. 

Бүгінде оқушылардың өзін-өзі басқаруды дамытуда белсенділерді лидерлерді даярлау міндеті өзекті мәселе болып отыр. Ол үшін олардың мектеп, қоғам өміріндегі саналы көзқарастарын орнықтырып, олардың мектепті басқару ісіне еркін араласуына, әрбір оқушының әлеуметтену процесіне қатысуына жағдай туғызу қажет.

Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқаруды дамыту үлгісін шартты түрде былай көрсетуге болады.

1.Әрекетің мақсатын анықтау. 

2.Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болып талқылау).

3. Басқару мәселесін қою (идея ұсыну). 

4. Шешімді ұжым болып талқылау (жобасын немесе нақты бір нұсқасын таңдау).

5. Шешімді қакбылдау  (жобаны бағалау).

6. Шешімді жүзеге асыру(әрекетті пәрменді түрде ұйымдастыру).

7. Ұжым болып нәтижесін қортындылау(өздерінің мүмкіншілігін бағалау). 

11-сабақ тақырып №3.3.ШЖБМтегі тәрбие шараларының жоспарлану ерекшелігі

ШЖБМ жағдайында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңыздылығы

Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы.

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие  жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан- жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып , қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан түс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады . Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге  үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің  қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді.  

Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жете түсінеді.

Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі болады.

Алтыншыдан,   сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайдылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді. 

Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері  

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

1.     Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.

2.     Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасқан.

3.     Балада әртүрлі көркемөнер әркеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін жіне қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру.  Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.

4.     Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік , эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.

5.     Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды.Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.

 

№12- 13–сабақ

Тақырып 4.1. ҚР Бастауыш білімнің Мемлекеттік стандартына сай бастауыш сыныптағы қазақ тілі, ана тілі оқулықтарына талдау

ШЖБМ-тегі тіл  сабақтары бойынша  әр пәндік және бір пәндік  жүйе бойынша құрылған  сабақ үлгілері

 

Ақтөбе облысы Алға ауданынынң №1орта мектебінің аға мұғалімі Т.Баймурзинаның үш сыныпты (1-2-3) біріктіре жүргізген сабағының жоспарын талдалық.

1-СЫНЫП

Әліппе

2-СЫНЫП

Қазақ тілі

3-СЫНЫП

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Өлең жолдарын баспа түрден жазба түрге аударып жазу

Зат есімнің көпше түрі

 

Зат есімнің барыс септігінде септелуі

 

Сабақта көзделген мақсат:

Оқушыларды жазуға үйрету; тілін дамыту, сауаттылығын арттыру

1)Оқушылардың зат есім туралы білімдерін толықтыру;

2) Көптік мағынасын білдіретін жалғауларды түсіндіру.

Барыс септігінің сұраулары мен жалғаулары, жай және тәуелді түрі, түбір сөздің соңғы буынына орай жалғаулардың түрлері

Сабақтың көрнекілігі:

Түрлі заттардың суреттеі, көрсеткіш сигналдық карточкалар, «Мақтақыз бен мысық» ертегісінің күйтабағы

Жеке және көп затты бейнелейтін суреттер, әр оқушыға арналған тапсырмасы бар конверт, кесте

Барыс септігінің кестесі, зат есімді септеуге арналған перфокарта-лар, барыс септігінің сұрақтары

Сабақтың барысы:

Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы. 1) жеке заттардың доп, шар, гүл, балық, бала және т.б. суреттер бойынша диктант жазуы

 

 

Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыстар.

(2-3- сыныптарға ортақ қайталау)

Зат есім туралы өткен ұғымдар сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады. Сұрақ екі сыныпқа ортақ қойылады:

Зат есім дегеніміз не?

Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? Оқушылар зат есімнің анықтамасын айтып, сигналдық карточкаларынан сұрақтарын көрсетті. Содан соң екінші сынып оқушыларына өздігінен орындайтын жұмыс тапсырылды, ал үшінші сынып оқушыларына ауысып, сұрақтар жалғастырылды.

2) «Қай буынды жоғалттым?» ойыны. Тақтаға сурет ілініп, суреттегі заттың бір буынын оқушының өзі тауып жазуы керек. М: торғай суретінің астына: Тор... деп, бақа суретінің астына ..қа деп жазылған. Көп нүктенің орнына керекті буында оқушылар өздері жазады.

 

Зат есім сөзді қатыстырып, үш сөйлем ойлап жазыңдар да, зат есімнің астын сызыңдар.

Оқушылар жаңа сабаққа даярлық ретінде жеке және көптік мағынаны білдіретін сурет бойынша жұмыс жасады. Сол суретте бойынша оқушылар үстел-үстелдер, ешкі-ешкілер, әтеш-әтештер, бала-балалар, т.б. сөзде-рін жазды. Қосымша заттың көпше түрін қандай жалғау арқылы білетіндігін анықтау да тапсырылды.

Зат есімнің қандай жалғаулары бар? Қан-дай септіктерді өттік? Қазақ тілінде неше септік бар? Сұрақтар-ына жауап алып, өткен материал пысықталды. Жаңа материалды түсін-діру.

Барыс септігінің кесте-сіндегі сөйлемдерді оқытып, оқушыларға бір септіктің жалғауын жабу тапсырылды. Осындай жұмыс арқа-сында оқушылардың өз-деріне «Барыс септігі қандай сұраққа жауап береді және қандай жалғау жалғанып тұр? деп сұралды. Оқулық-тан барыс септігінің ережесін оқытып, өздік-терінен орындайтын жұ-мысқа 237-жаттығу бе-рілді.

3) Мұғалім басшылығы-мен орындалатын жұ-мыс.

1.Суретті диктантты тексеріп, кейбір сөз-дердегі дауысты дыбыс-тарды сигналдық кар-точкалар арқылы қай-талату. М: доп сөзіндегі дауысты дыбыс қайсы?

2. «Қай буынды жо-ғалттым?» тапсырмасы бойынша бір оқушы сөздің бір буынын оқыса, екінші оқушы екінші буынын оқиды. Оны тексерген соң, Әліппедегі өлең оқыл-ды.

Өз бетімен орындала-тын жұмыс.

Өлеңді дәптерлеріне қа-тесіз көшіріп жазу.

 

Өз бетімен орындала-тын жұмыс.

Кестеде жазылған зат есім (жеке және көпше түрін) сөздерін, сұрақ-тарын оқып, танысып, өздеріне мысалдар жазу тапсырылды.

 

 

Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс

а) сурет бойынша жа-зылған сөздерді оқытып, «бұл көп пе, әлде аз ба? екені сұралды.

ә) қалған тапсырмалар да осындай ретпен тек-серілді.

б) кестеде жазылған сөз-дерді оқытып, зат есім-нің жеке түріне –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жалғануы арқылы көпше түрі жасалатыныныа көздері жеткізілді. Оқулықтан ережені оқытып, ауызша мысал айтылды.

 Өз бетімен орындала-тын жұмыс.  Дайын тұрған конверттен кар-точкаларды алып, бе-рілген тапсырмаларды орындату (онда жеке заттарды көпше түрде және керісінше, сөз құ-растыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өз бетімен орындала-тын жұмыс.

Әр оқушы күні бұрын алдарына қойылған конверттен перфокарта алып, берілген сөздерді өздері білетін септікке дейін септейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім басшылы-ғымен орындалатын жұ-мыс.

Орындалған жұмыстар тексерілді. Жаттығу жә-не перфокарта бойынша жазғандарын кезек-тестіріп оқытылды.

Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс.

 Күйтабақтан «Мақтақыз бен мысық» ертегісін тыңдату арқылы оқушыларды сергітіп алып, ертегі үш түрлі мақсатта пайдаланылды.

Бірінші сынып оқушы-лары өздерінің түсін-гендерін айтты.

Екінші сынып оқушы-лары зат есімдерді теріп жазып, оны көпше түрге айналдырылды.

Үшінші сынып оқушы-лары барыс септігінде айтылған сөздері бар сөйлемдерді жазды.

Осылайша сабақ соңында бірінші сыныпта тіл дамыту жұмысы жүргізілсе, екіші және үшінші сыныптарда жаңа материалға қорытынды жасалды.

 Ендігі ретте Орал қаласындағы педагогикалық колледжінің аға оқытушысы Н.Мусинаның 2-3-4-сыныптарды біріктіре өткізген сабағының үлгісін келтірейік.

 

2-СЫНЫП

3-СЫНЫП

4-СЫНЫП

Сабақтың тақырыбы:

Жіңішке дауысты дыбыстар, олардың айтылуы мен жазылуы

Буындардың екі түрлі айтылуы мен жазылуы

 

Қос сөздердің күшейткіш буын арқылы айтылуы.

 

Сабақ мақсаты:

Жіңішке дауысты дыбыстарды игерту, олардың айтылуына қарай жазылатынын есте қалдыру.

Буын туралы білімдерін тиянақтау, дыбыстың әсерінен буынның екі түрлі айтылып, жазыла-тындығын меңгерту.

 

Қос сөз туралы түсі-ніктерін толықтыру, сөздің алдынан кү-шейткіш буын қосу ар-қылы жаңа мағыналы сөз жасауға болатын-дығын меңгерту.

ә) Тәрбиелік мәні:

Отанды сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу, эстетикалық сезімін қалыптастыруға, ізгілікке баулу.

б) Ой-өрісін дамыту

Әр сынып оқушыларынан сұраққа жауап алып, талдау-жинақтау әдісі арқылы оқушылардың ой-өрісін арттыру.

С а б а қ    к ө р н е к і л і г і:

Сурет: (Алма, әтеш, қарбыз, көгершін, орақ, ұя, құс, түйе)

Перфокарта

«Қай дыбысты жоғалт-тым?»

Бар-бер

«Тез тап!»

Асылан-Ерлан

1.Қос сөзге сөйлем жаз.

Сан-сән

Күн-құн

ОР-өр

Ыс-іс

Асан-Әсет

Үміт-Ұлдай

Омар-Өркен

Ыбырай-Іңкәр

2. мына сөздерге (үйрек-қаз, тау-тас) сөйлем құра, жасалуын түсіндір.

3. мына қос сөздерге  (айта-айта, бара-бара) сөйлем құра, жасалуын түсіндір.

Кесте

Жуан дауыстылар:

а, о, ы, ұ;

Жіңішке дауыстылар:

 ә, е, ө, і, ү.

Жуан буынды сөздер: орман, ыдыс, құлын.

Жіңішке буынды сөздер:

бәйшешек, өріс, үлкен.

қып-қызыл, әп-әдемі, біп-биік, тіп-тік, жып-жылы, тәп-тәтті, өп-өткір, қап-қара.

а)Күйтабақ.

ә) Жұмбақ жазылған плакат. Кіп-кішкене қараша,

                                             Тұрған жері тамаша.

                                             Бірақ сәтте жер-көкті,

                                           Алады шарлап қараса. (Көз)

б) магнитофон. «Отан». (Ө.Тұрманжановтың өлеңіне жазылған).

в) мазмұнды сурет (көктемгі табиғат көрінісі).

г) тақтамен жұмыс. «Отан». Ө.Тұрманжанов.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді,

Отан дейміз туған жер, атамекен.

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, тас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгіме.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері.

Сабақтың түрі: шеберлік пен дағдыны қалыптастыру, жаңа білімді хабарлау.

Сабақтың барысы: Тақтаға ілінген суреттер бойынша сөздік диктант жазу.

Жазылған сөздердегі жуан дауысты дыбыс-тардың астын бір, жі-ңішке дауысты дыбыс-тардың астын екі сызу.

 

Жазылған сөздерді шартты белгісімен буынға бөліп, буындардың жуан және жіңішке болып келетінін ажырату.

Перфокартамен жұмыс.

1.Қос сөз деген не?

2.Жазуда қос сөздің арасына қандай белгі қойылады?

3. Қос сөздер қалай жасалады?

4.Қос сөзге екі сөйлем жаз.

5.Мына қос сөздерге  (үйрек-қаз, тау-тас) сөйлем құра.

6. Мына қос сөздерге (айта-айта, бара-бара) сөйлем құра, жасалуын түсіндір.

Ескерту: ...- Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс. ..- Оқушылың өздігінен орындайтын жұмысы.

    Тапсырманы қалай орындағандарын бір-біріне тексерттіру. Осы кезде дайындалған кестені пайдалануға болады.

 

 

Перфокарта бойынша берілген тапсырманы қалай орындағандарын тексеру, бағалау. Көрнекілігіне дайындалған кестені пайдаланып, күшейткіш

буын арқылы да қос сөз жасалатынын түсіндіру.

...Тапсырманы қалай орындағандарын тез қарап шығу.

«Қай дыбысты жоғалттым?», «Тез тап» ойынын ойнату.

 

 

 

 

 

 

Тақтадағы суреттерді пайдаланып, күшейткіш буынды қос сөзі бар сөйлемдер жазуды тапсыру.

Көрнекіліктегі жазылмаған дауысты дыбысты таптырып, оның жуан не жіңішке дауысты дыдыбыс екенін анықтау және сөз мағынасына көңіл бөлу. Әр сөзді мұғалім оқып тұруы керек: Сан-сән,

күн-құн, ор-өр, ыс-іс.

Бірінші дыбысы аталған дауысты дыбыстан басталатын кісі аттарын айту. Айтылған кісі аттарының жуан не жіңішке буынды сөз екенін анықтау. Асан-Әсет; Үміт-Ұлдай;

Омар-Өркен; Ыбырай-Іңкәр.

Мысалы: Ағашта қып-қызыл алма өсіп тұр. Біздің үйде әп-әдемі әтеш бар және т.б.

Оқулықпен жұмыс.

68-жаттығу.

169-жаттығу.

... Сурет бойынша жазған сөйлемдерін тексеру, ондағы қос сөздің жазылуына көңіл бөлу.

...Жаттығуды қалай орындағандарын тексеріп, бір-бірінің білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.

 

 

 

.. Оқулықпен жұмыс.159-жаттығу.

...Жаттығудың қалай орындалғанын тексеріп шығу.

...Сергіту. Музыкамен қозғалыс жасау. (Күйтабақ).

...Жұмбақ жазылған плакат. Шешуін тапқан соң, асты сызылған сөздерге тақырыпқа байланысты талдау жасау. Үш сынып оқушыларын қатар қатыстыруға болады.

Көз сөзіндегі дауысты дыбысты ата, ол жуан дауысты дыбыс па, жіңішке дауысты дыбыс па?

«Көз» сөзінде неше буын бар, ол қандай буын, себебін түсіндір.

Жұмбақта қос сөз бар ма?

Кіп-кішкене (күшейткіш буын), жер-көкті (әр түрлі сөз). Қос сөздер қалай жасалған?

    Сабақты қорытындылау. «Отан» (Ө.Тұрманжанов). ...Өлеңді магнитофоннан тыңдату, мәтін мазмұнына сай сурет пайдалану, өлеңді қалай түсінгендерін сұрау.

     Тақтаға осы өлеңнің бірінші шумағын бұрын жазып қойып, мәтінді қалай түсінгендерін байқаған соң:

Өлеңнің 1-2 тармағынан дауысты дыбыстарды таптыру, астын жаздыру. Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді,

 

Өлеңнің 3-4-тармағындағы сөздерді буынға ажыраттыру.  Отан дейміз туған жер, атамекен.

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

 

Өлеңнің 4-тармағындағы сөздерді пайдаланып, күшейткіш буынды сөз тіркестерін айтқызу.

Біп-биік тау, қап-қалың орман, кеп-кең тоғай, үп-ұлкен көл.

2-3-сынып оқушылары жаңылысса, 4-сынып оқушыларының толықтыруына болады.

...Үйге тапсырма: §4. 67-жаттығу.     §15. 168-жаттығу       §13. 166-жаттығу

 

Бір комлектілі бастауыш мектептің 2 – 3 – 4 сыныптарына ана тілі сабағын өткізуде оқытудың әдіс – тәсілдерін шебер пайдалану үлгісі.

         2 – 3 – 4 сыныптар компьютерге бөлініп отырады.

         Пән – Ана тілі .

         Сабақтың тақырыбы:

2 – сынып

3 – сынып

4 – сынып

Ляззат

Ол ақын болар ма еді.

Желтоқсанда  үзілген жауқазын

Сабақтың мақсаты:

1986ж. Желтоқсан оқиғасының шығу себептері мен тарихта алатын орны туралы әңгімелей отырып, желтоқсан оқиғасында ерлікпен қаза болған

а) Ляззат Асанова туралы айтып отырып, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға баулу, ерлік ісін дәріптеу.

 

 

 

Қайрат Рысқұлбековтың басынан кешкен қиындық туралы әңгімелей отырып, мәтінді өз бетімен оқып, түсіне білуге баулу, айтылатын негізгі ойды анықтай білуге үйрету.

Сабира Мұхамеджанқызы туралы мәтінді өз бетімен оқи отырып, бұрынғы сыныптарда өткен Ляззат, Қайрат ерліктері туралы әңгімелету.

Мәтіндегі оқиғаларға мән бере отырып, оқуға баулу.

б) Ляззаттың ерлік істерін үлгі ете отырып, батылдыққа,

Қайраттың ерлігіне сүйсіне білуге, өз халқын, Отанын

Сабираның желтоқсан оқиғасына қосқан үлесі мен ерлігінен үлгі алуға

                   

шыншылдыққа, өз елін, жерін, Отанын сүйіп, қорғауға тәрбиелеу.

қорғаудағы қайтпас қайсарлығын паш ете отырып, батылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Қазақтың қыздарының қанында бар патриоттық сезімдерін айта отырып, өжет болу, досына адал, дұшпанға қарсы тұра білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау

Әдісі: әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, проблеманы баяндау, көрнекілік, компьютермен жұмыс.

Көрнекілігі: комтьютер, Ляззат, Қайрат, Сабира портреттері, желтоқсан оқиғасы туралы кітаптар, газет – журнал материалдары т.б.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, тарих.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Жаңа сабақ.

2 – сынып                  3 – сынып                4 – сынып   

Компьютерден суреттерді көрсету арқылы 4 – сынып оқушыларынан сұраймыз:

Суретте не бейнеленген?

Кімдердің портреттері?

Олар туралы не білесіңдер? Деген сұрақтар қою арқылы сабақ “Желтоқсан оқиғасы” туралы кіріспе әңгімеден басталады.

 

         1.Біріктірілген ( ортақ ) бөлім – мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

         2.Сараланған бөлім – негізгі бөлім.

        А) дәптермен жұмыс.

       Әр сынып оқушылары дәптерлеріне бүгінгі өтілетін жаңа сабақтың 

       тақырыптарын жазады.

 

Ляззат (Мұхит Жұмаханов)

Ол ақын болар ма еді?

Желтоқсанда үзілген жауқазын.

Мұғалім

 басшылығымен жұмыс

Өздігінен орындалатын жұмыс

Өздігінен орындалатын жұмыс

 

1.Ляззат Асанова

және желтоқсан

оқиғасы туралы әңгімелеп айту.

Компьютерге жазылған мәтінді әр сынып оқушылары ашып алады да, өз беттерімен оқиды.

Түсініксіз сөздерді тауып, INSERT стратегиясы бойынша белгілеп отырады.

 

 

 

 

13-сабақ

4.3. ШЖБМтегі  тіл сабақтарында  білім алушыларды шығармашылық  жұмыстарға баулу

Тіл сабақтарындағы өз бетіндік жұмыстарды ұйымдастыру:бақылау және өзін-өзі бақылау жұмыстарының түрлері

 Шығармашылық  тапсырмалар:

1. Дыбыс пен әріп туралы алған біліміңді пайдалана отырып, жағдаяттан шығып көр.

    Дыбыстар мен әріптердің бірлескен жиналысы болды. Үзілісте ән айтып сергіп қалғысы келген дыбыстар «Ән айтайықшы» деген ұсыныс жасады. «Біз ән айта алмаймыз»,– деп сыбырлады әріптер.

Ізденуді ұйымдастыр. Әріптерді неге айтуға, тыңдауға болмайтынын дәлелде.

2. Сөз құрамы туралы алған біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр.

    Саяхаттап жүрген балалар судың  жанына келгенде айтысып қалды.

– Бұл – көл! –деді Самат.

– Жоқ, бұл көл емес, көлшік! – деді Мақсұт.

   Қалай ойлайсың, балалар «көл» және «көлшік» сөздері үшін неліктен айтысты?

3. Сөйлем түрлері туралы алған біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр.

    Бір топ бала «Қонақтар келді» деген сөйлемге таласты да қалды. Марғұлан бұл сөйлемді хабарлы сөйлем десе, Жәмила лепті сөйлем дейді. – Мұны сұраулы сөйлем деуге болады, – дейді Гүлназ.

   Сендер қалай ойлайсыңдар?

 

Тіл дамыту тапсырмалары

1. Төмендегі сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр.

2. Тірек сөздерді  қолданып, сипаттау мәтінін құрастыр.

 

рус виноград 3.jpg

            

дәмі        түрі          түсі

 

3. Туған күн, басқа да мерекелерге шақыру қағаздарын алып көрдің бе?

Шақыру қағаздарын не үшін және қалай жазады? Ата-анаңа «Алтын күз» мерекесіне шақыру қағазын жазып дайында.

 

Логикалық ойлау тапсырмалары

Түбірлес сөздерді топта.

Берілген сөздердің сын есім екенін дәлелдеп көр.

 Жылы, әдемі, жіңішке, көк.

   Сызбаға қарап жалқы және жалпы есім туралы қорытынды жаса.

 

4. Ребусты дұрыс шешсең, төмендегі жұмбақтың жауабын табасың.

1970.jpg1970.jpg1970.jpg

 

Ақпараттық ізденіс тапсырмалары

1. Оқулық соңында берілген түсіндірме сөздіктен бұрыш, хикая, шіл, түбіт, суат, қой, құрақ сөздерінің мағынасын қарап ал. Мысалы: суат – өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.

  Берілген сөздердің ішінен бірнеше мағынасы барларын іріктеп көшіріп жаз.

2. Керісінше сөзжұмбақ. Сөзжұмбаққа тапсырма-сұрақ жаз. Ол үшін оқулық соңында берілген түсіндірме сөздікті басшылыққа ал.

Көлдеңенінен:

1. ______________________

________________________

2. ______________________

________________________

Тігінен:

1. ______________________

________________________

2. ______________________

________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА СӨЗ МАҒЫНАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

1. Тіл – мәдениеттің негізгі тұғыры, ұлт болып жасауының шарты. Тіл арқылы әрбір адам өз ойын, пікірін жеткізеді, қоршаған ортамен байланысқа түседі. Тілді дұрыс пайдалану адамның сөздік қорына және оны орынды қолдануына байланысты. Сөз байлығы мол балалардың ойы ұшқыр болып, шешен, әсерлі сөйлейді. Бүгінгі білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі – оқушыларда осындай қасиеттерді қалыптастыру және дамыту. Шәкірттердің тілі бай болса, онда ол ұлт тарихын, мәдениетін халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл маржандарын оңай игереді. Бұл - балаларды ұлтжанды етіп тәрбиелеудің алғышарты.

2. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын жетілдіру жұмыстары бірнеше маңызды мәселелерді шешеді:

оқушылар тілдік қатынасқа түсіп, өз ойын емін-еркін жеткізеді;

оқулықта берілген тілдік материалдарды жете ұғынуына мүмкіндік береді;

сөздерді мағынасына қарай орынды қолданып, тіл мәдениеті жетіледі;

шығармашылық  қабілеттері  дамиды;

сөздік қоры молаяды.

3. Бастауыш сыныпта сөз мағынасымен жұмыс 4 бағытта жүргізіледі:

сөз құрамын оқыту барысында;

сөз таптарын оқыту барысында;

Ø  сөз тіркесін оқыту барысында;

Ø  сөйлемді оқыту барысында.

4. Сөз таптарын оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқып, сын есімдерді тап. Сын есімдердің мағынасын түсіндір

              Асау өзен арқырап,

       Асқар таудан дүркіреп.

       Айдын жатыр жарқырап,

       Алды дала бір түлеп.

       (Қ.Аманжолов)

Ø   “Жаман әдеттен жирен” мақалындағы жирен сөзін “Менің  жирен атым бар” сөйлеміндегі жирен сөзімен салыстыр.

Ø  Оқулық соңында берілген түсіндірме сөздіктен бұрыш, хикая, шіл, түбіт, суат, қой, құрақ  зат есімдерінің мағынасын біліп ал. Мысалы: суат – өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.

Ø    Берілген сөздердің ішінен бірнеше мағынасы барларын іріктеп көшіріп жаз.

5. Сөз тіркесін оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс

Ø  Зат есім мен етістіктен тұратын сөз тіркестерін жаса, ондағы сөздердің мағынасын түсіндір.

Ø  Сын есім мен зат есімнен тұратын сөз тіркестерін жаса, ондағы сөздердің мағынасын түсіндір.

Ø  Мәтінді оқып, сөз тіркестерін тап.

Құндыз – ғажап аң. Ол жуан ағаштарды жығады. Өздеріне үйшіктер жасайды. Құндыздың терісі аса бағалы.

6. Сөйлемді оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс

7.

Бірнеше мағынасы бар сөздер

Бірінші мағына

Екінші мағына

   Үшінші мағына

Гүлнұр шашын тарады.

Мен бүгін түс көрдім

 

Оларүйірмеден кешке тарады.

Бұл – қоңыр түс.

 

Сатымен төмен түс.

 

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ «МӘТІН» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ

1. «Мәтін» тақырыбы – бастауыш сыныпқа  кейінгі жылдары енген жаңа тақырыптардың бірі.  Бастауыш сыныптарда мәтін туралы түсінік беріліп, оның құрылымы мен түрлері таныстырылады. Сонымен қатар мәтіндегі негізгі ой анықтатылып, мәтінге ат қоюға және оның идеясын ашуға үйретіледі.

2. Мәтін туралы түсінік беруде мұғалімдердің мына мағлұматты білгендері жөн:

Мәтінге тән ғылыми белгілер

Бастауыш сыныпта берілетін негізгі түсініктер

1. Тақырыптық-мазмұндық бірлігі мен тиянақтылығы

2. Коммуникативті мақсаттылығы, прагматикалық бағыттылығы

3. Құрылымдық біртұтастығы

4. Құрылымдық-логикалық жүйелілігі

1.Мәтіннің белгілі бір тақырыпқа негізделген мазмұны өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұратындығы.

2. Мәтінде негізгі ой болатындығы.

3. Мәтінді құрылымдық бөлімдерге бөлуге болатыны.

4. Мәтіннің құрылымдық-мазмұндық бөлімдері және ондағы сөйлемдер бір-бірімен жүйелі түрде байланысатыны.

3.

4.

 

 

 

5.        Пайымдау мәтіні

          Пайымдау мәтінінің құрылысы мен бөлімдерінің бір-бірімен байланысы оқушылардың есінде жақсы сақталуы үшін мынадай сызба түрінде берген дұрыс:

 

6. «Мәтін» тақырыбы  бойынша мынадай жаттығулар орындатылады:

 

Танымдық талдау жаттығулары

Түзету жаттығулары

Шығармашылық ізденіс жаттығулары

Мәтінге ат қою, негізгі ойды анықтау, мәтіндегі тірек сөздерді табу, мәтінді бөлімге бөлу, әр бөлімнің азат жолдан бастап жазылаты-нын байқату, мәтінге жоспар құруға үйрету, мәтіндегі сөйлемдердің байланысу тәсілдерін ажырату, т.б.

Мәтіндегі сөйлемдер  жігін ажырату, бөліктерінің орны ауысқан мәтінді қал-пына келтіру, мәтін мазмұнына сай кел-мейтін бөлікті алып тастау,  ұйқасы бұ-зылған өлең мәтінін қалпына келтіру, т.б.

Мәтін құрастыру, берілген тақырыпқа байланысты өлең шығаруға үйрету, дайын үлгіге қарап жұмбақ құрастыруға үйрету

 

7. Жаттығулар

1. Қайсысы мәтін екенін тап. мәтін дегеніңді көшіріп жазып, ат қой.

Қоға – шаруашылық үшін пайдалы өсімдік. Оның сабағы мен жапырағынан    себет тоқылады. Ол қағаз жасау үшін де пайдаланылады.

Құрылысшылар үй салды.

Қоға сулы жерде өседі.

Құмырсқалар күні бойы тыным таппайды

2. Мәтін тақырыбы мен негізгі ойға  сәйкес келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді қайта құр.

Қабылан.

Қабылан – аңдардың ішіндегі ең жүйрігі. Негізгі мекені шөл дала мен саванна. Қабылан жемін қуып жетіп ұстайды. Ерекшелігі мысықтарша тырнағын ішке жиып ала алмайды. Оның дене тұрқы – 130 см, құйрығының ұзындығы – 75 см, арландарында шағын  жал болады.

Бұдан ерте кездерде қалың ну орманда аңдарға арналған автобус жүріп тұрыпты. Оның шофері Қоңыр Аю екен. Ол әр кез таңертең орманның бір шетіндегі кәрі еменнің түбіне келіп тоқтайтын көрінеді. Со арада жиналған аңдарды мінгізіп алып, орманның ішіндегі баратын жерлеріне тасып жүріпті.

Жемін күндіз аулайды, ұсақ киіктерді, қарақұйрықтарды, кейде арқарларды, қояндарды, тіпті ұсақ құстарды азық етеді.

3. Берілген сызба бойынша әңгімелеу мәтінін 3. құра.

 

45. Мәтінді көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жазып, ондағы сөйлемдердің бір-бірімен қалай байланысып тұрғанын анықта.

Құрманың адам ағзасына тигізетін пайдалы қасиеттерін азиялықтар ежелден жақсы білген. ... 500-ге тарта түрі бар, отаны – қытай. ... керемет жемісті базар сөрелерінен суық түсе бастағанда кездестіреміз. Себебі ... сортына қарай желтоқсан айларында пісе бастайды. бізге әсіресе королек деген түрінің шоколад сорты мен кавказдық сорты танымал.

Халық медицинасы суық тигенде ... шырынын суға араластырып, тамақ шаюға кеңес береді.

5. Ағашқа мәтіннің бұдан басқа да  белгілерін жаз.

 

1

2

 

 

 

 

14-15сабақ

5.1.Бастауыш шағын комплектілі мектептегі математика пәнінің мазмұны мен мақсаты.1-4  кластың математика оқулықтарына талдау жасау.

5.2.Бастауыш шағын комплектілі мектепте математика сабағын ұйымдастыру ерекшелігі.

Математикадан үй тапсырмасын тексеру формалары.

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ «ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ КЕЗЕҢДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ (слайдтар түрінде)

1. Есеп дегеніміз мынандай мәнді белгілері бар математикалық жаттығудың ерекше түрі:

  1. Есеп мәтінмен беріледі.
  2. Сол мәтінде өмірдегі нақты жағдаят сипатталады.
  3. Есептің сұрағы болады.
  4. Сол сұраққа жауап беру үшін арифметикалық амал орындалады.

2.Есептің түрлері

Жай есеп

 
Есептің екі түрі болады.

 

 

 

 


Жай есептің түрлері:

І.Арифметикалық амалдардың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер

ІІ. Амал қатынастарының мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер

ІІІ. Амал компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысқа негізделген жай есептер

ІҮ. “Үлес және бөлшек” ұғымдарымен байланысты жай есептер

Ү. Пропорционал шамалар арасындағы тәуелділікке негізделген жай есептер

3. 1-сыныпта қарастырылатын есеп түрлері

          Қосындыны табуға арналған жай есеп

          Қалдықты табуға арналған жай есеп

          Бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған жай есеп

Шаршы – 4                                              ¢¢¢¢

Дөңгелек – ?  3-еуі  артық                      Сонша және тағы 3-еу

          Бірнеше бірлікке кем санды табуға арналған жай есеп

Қарындаш – 8                                  ●●●●●●●●

Қалам – ?    3-еуі кем                      сонша болуға 3-еуі жетпейді

          Сандарды айырмалық салыстыруға арналған жай есеп

Дөңгелек – 5    ? артық                         ˜˜˜˜˜  ? артық

Шаршы – 3                                             ¢¢¢

4. 2-сыныпта қарастырылатын жай есептер

          Белгісіз қосылғыштарды табуға арналған жай есептер.

М: Гүлзарда бірнеше ақ және 5 көк гүлдер өсіп тұр. Егер барлығы 10 гүл болса, онда ақ гүлдер нешеу?

          Белгісіз азайғышты табуға арналған жай есептер.

М: Бұтақта бірнеше торғай отырған еді. Оның 2-еуі ұшып кеткенде, 5 торғай қалды. Бұтақта неше торғай отырған еді?

          Белгісіз азайтқышты табуға арналған жай есептер.

М: Бұтақта 7 торғай отыр еді. Оның бірнешеуі ұшып кеткенде 5 торғай қалды. Неше торғай ұшып кетті?

5. 3-сыныпта қарастырылатын жай есептер

          Бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға арналған есептер;

          Теңдей және тиісінше бөлуге арналған есептер;

          Бірнеше бірлікке есе артық және бірнеше бірлікке есе кем санды табуға арналған есептер;

          Сандарды еселік салыстыруға арналған есептер;

          Саны бойынша үлесін табуға және үлесі бойынша санды табуға арналған есептер;

          Бағасы, саны және құны; тік төртбұрыштың ұзындығы, ені және ауданы; бір заттың массасы, заттың саны және барлық заттың массасы, т.б. арасындағы тәуелділікке негізделген есептер.

6. 4-сыныпта қарастырылатын жай есептер

          Амал қатынастарымен байланысты тура және жанама түрде тұжырымдалған жай есептер

М: Аққу 88 км, ал көгершін одан 26 км кем ұшты. Көгершін неше километр ұшты?

Аққу 88 км ұшты. Бұл көгершіннің ұшқанынан 26 км артық. Көгершін неше километр ұшты? (М-4, 23-б, №7)

          Жылдымдық, уақыт және қашықтық арасындағы тәуелділікке негізделген жай есептер

7. Бастауыш сыныптарда қарастырылатын құрама есептер

          Қозғалысқа берілген есептер.

М: Арасы 27 км екі ауылдан бір мезгілде екі жаяу адам бір-біріне қарама-қарсы шықты да, 3 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 4 км/сағ. Екіншісінің жылдамдығы қандай? (М-4, 110-б, №7)

          Пропорционал бөлуге берілген есептер.

М: 4 кг картоп 64 теңге тұрады. Бағасы осындай 40 кг картоп қанша тұрады? (М-4, 88-б, №7)

          Екі айырма бойынша белгісізді табуға арналған есептер.

М: Бір жәшікте 7 кг, ал екінші жәшікте 3 кг алма болды. Бірінші жәшіктегі алма екіншідегіден 320 теңге қымбат. Әр жәшіктегі алма қанша теңге тұрады? (М-4, 126-б, №5)

          “Біріге жұмыс жасауға” арналған есептер.

М: Шеберханада жөнделуге тиіс 18 аяқ киім бар. Мұны шебер 3 күнде, ал шебердің көмекшісі 6 күнде жөндейді. Егер осы жұмысты олар бірігіп істеген болса, онда олар неше күнде бітіреді? (М-4, 146-б, 7)

8. Есепті талдау үлгісі:

          Есеп не жайында? (есеп екі рет оқылады, сөздік жұмысы жүргізіледі);

          Есепте не белгілі? (бұдан есептің шарты шығады);

          Есепте не белгісіз? (бұдан есептің сұрағы шығады);

          Сұраққа бірден жауап бере аламыз ба?

          Алдымен нені тауып алуға болады? (егер құрама есеп болса);

          Қалай табамыз? Қандай амалмен табамыз? (егер берген сұраққа жауап берілмесе, жетекші сұрақтар қойылады);

          Енді сұраққа жауап бердік пе? Есеп неше амалмен шығарылды?

9. Есеп шығаруда қолданылатын көрнекіліктер

          Нақты заттық иллюстрация;

          Схемалық иллюстрация;

          Оқушының түсінігін басшылыққа алу;

          Белгілі түсіндірмелердің үлгілері;

          Есепті қысқаша жазу;

          Тұжырымдалған жалпы ережеге сілтеме жасау;

          Есептің мәтінін, яғни тек қана сөзді басшылыққа алу.

10. Есеппен байланысты шығармашылық жұмыстар:

          Кері есептер құрастыру;

          Тапсырманы есепке айналдыру;

          Сурет бойынша есептер құрастыру және шығару;

          Қысқаша жазу бойынша есептер құрастыру;

          Есептің шартын не сұрағын түрлендіру;

          Белгілі шешуі бойынша есептер құрастыру және шығару.

          Сұраққа сәйкес есептің шартын іріктеп алу және керісінше.

 

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.Есептеу тәсілдерінің түрлері

 

 

 

 


                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Есептеудің “ерекше” жағдайлары

Есептеудің “ерекше” жағдайлары дегеніміз есептеулер жүргізуде 0 мен 1-дің қасиеттерін қолдану.

Есептеудің қосу және азайтумен байланысты “ерек-ше” жағдайлары 1-сыныпта “Он көле-міндегі сандар” та-қырыбын оқытып-үйрету барысында көрнекілікке сүйеніп түсіндіріледі.

                               Көбейту және бөлудің “ерекше” жағдайлары 3-сыныпта үш кезең бойынша оқытылады:

                               1. Көбейту амалының анықтамасына сүйеніп, қорытынды айтылады. М: 0*3; 1*3. 1-ді 3-ке көбейту дегеніміз 1-ді көбейткіш ретінде үш рет ал деген сөз.

                               2. 3*1; 3*0.

                               3. Көбейту мен бөлудің өзара кері амалдар екендігіне сүйеніп түсіндіріледі.

М: 3:3; 3:1; 0:3.

3-ті 3-ке бөлгенде, 1 шығады, өйткені 1*3=3. 

3-ті 1-ге бөлгенде, 3 шығады, өйткені 3*1=3.

0-ге бөлуге болмайды, М: 3:0=3 шықты делік.

Тексеріп көрелік: 3-ті 0-ге көбейткенде, 3 шығуы тиіс. Олай болуы мүмкін емес.

 

3. Көрнекіліктер

 

0=5·0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0,0,: 0,0,3,2,=,0
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


4. Есептеудің кестелік жағдайлары

Есептеудің кестелік жағдайлары дегеніміз бір таңбалы сандарға амалдар қолдану.

          Қосудың кестелік жағдайлары екі кезеңге бөлініп қарастырылады:

І кезеңі 1-сыныпта бір таңбалы санға бір таңбалы санды қосқанда, ондықтан   аттамайтын 16 теңдік және азайтудың сәйкес жағдайлары оқытылып- үйретіледі.

2+2     

3+2            3+3

4+2             4+3          4+4

5+2             5+3          5+4        5+5

6+2             6+3          6+4

7+2             7+3

8+2

ІІ кезеңі 2-сыныпта бір таңбалы санға бір таңбалы санды қосқанда, ондықтан аттайтын 20 теңдік және азайтудың сәйкес жағдайлары оқытылады.

   7+4   7+5   7+6   7+7 

  8+3    8+4   8+5   8+6   8+7   8+8

9+2     9+3    9+4   8+5   9+6   9+7   9+8   9+9

Көбейтудің кестесі 3-сыныпта оқытылады.

 

2*2     

3*2              3*3

4*2              4*3          4*4

5*2              5*3          5*4         5*5

6*2              6*3          6*4         6*5        6*6

7*2              7*3          7*4         7*5        7*6        7*7 

8*2              8*3          8*4         8*5        8*6        8*7        8*8

9*2              9*3          9*4         9*5        9*6        9*7        9*8        9*9

l  Көбейтудің теңдіктерін оқытудың әдістемесі:

М: 6 · 2 – бірдей қосылғыштардың қосындысы ретінде;

       6 · 3=6 · 2+6=18; көбейтудің келесі санға көбейту кестесін оқыту үшін алдыңғы кесте қайталанады және көбейтудің анықтамасына сәйкес қай санға көбейтсек, сол санды қосамыз. 

5. Есептеудің ауызша жағдайлары

Есептеудің ауызша жағдайлары дегеніміз есептеудің кестелік және жазбаша тәсілдерін байланыстыратын тәсіл.

          Есептеудің ауызша жағдайлары алғаш 2-сыныпта қарастырылады. Оның мысалдары: екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды қосу және азайту (ондықтан аттайтын және аттамайтын жағдайлары); екі таңбалы санға екі таңбалы сандарды қосу және азайту; үш таңбалы сандарды қосу және азайту.

М: 24+3= (20+4)+3= 20+(4+3)         

      27-3=(20+7)-3=20+(7-3)

               35+21=(30+5)+(20+1)=(20+30)+(5+1)

               56-21=(50+6)-(20+1)=(50-20)+(6-1)

Көбейту мен бөлудің ауызша жағдайлары

l  3-сыныпта оқытылып-үйретіледі: екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу (ондықтан аттайтын, аттамайтын, жүздіктен аттайтын жағдайлары);  екі таңбалы санды екі таңбалы санға “сынап көру” тәсілі арқылы бөлу.

l  Қалдықпен бөлуге ерекше мән беру қажет: М: 7:2  мен  2:7 жағдайлары.

2:7 мәнін табуда, 2-нің ішінде 7 бір рет те бола алмайды. Сондықтан нәтижесінде 0 шығады және қалдық қалады. Бұл ілгеріде жазбаша бөлуге дайындық болып табылады. М: 24345-ті 23-ке жазбаша бөлу кезінде бірінші толымсыз бөлінгіш 24. Қалдық - 1, 3-ті түсіреміз, 13 шығады, кіші санды үлкен санға бөлгенде, 0 шығады, яғни 0-ді 23-ке көбейткенде, 0 шығады. “Екі санды қатар түсіргенде, нәтижеге 0 түсіріледі” ережесінің қажеттілігі жоқ.

6. Жазбаша есептеулер

 

 
            Жазбаша есептеулер дегеніміз амал алгоритмі. Алгоритм дегеніміз амал орындауда әр қадамды саналы түрде таңдап алу.

                                                                                                   

 

             13546    4      

                 . . . .   

  13546    4 

    12          3. . .

    1

    1<4 кем.

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


             Қосудың жазбаша тәсілдері алғаш 2-сыныпта енгізіледі.

             Бөлудің жазбаша тәсілдерін оқытып-үйретуде мына екі мәселеге оқушылардың назарын аударуларыңыз қажет:

1. Бөліндінің мәнінде неше таңбалы сандар шығатынына;

2. Қалған қалдықтың бөлгіштен кем болатынына.

 

 

 

6. Тестің үлгілері:

Тақырыбы: Көп  таңбалы  сандардың  құрылуы,  оқылуы,  жазылуы. 

 

Берілген  тапсырманың  мазмұны

Жауаптары

1.

Мына сандарды жаз:

Екінші кластың 207 бірлігі, ал  бірінші кластың 435 бірлігі.

Екінші кластың 510 бірлігі, ал  бірінші кластың 25 бірлігі

 

1. 435207;  24510

2. 207435;  510025

3. 207435;  510250

2.

Мына санды разрядтық  қосылғыштардың  қосындысы  түрінде  жаз.  327468

1. 30000 + 2000  +  7000 + 400 +68

2. 300000 + 20000 + 750 + 40 + 60 + 8

3. 300000 + 20000 + 7550 + 450 + 60 + 8

3.

Теңдеуді  шеш:

63 : х =9

1.  х  = 63 – 9 

     х =54

2.  х =63 +9

     х =72

3.  х  =63 : 9

     х =7

4.

Мына фигураның периметрін тап:                                             4  см

                             

                                                                                                                                                                                  

                                              3 см 

5  см

  1. 4 + 5 = 9  (см.)
  2. 4 + 3  =  7 (см.)
  3. 4 + 3 + 5  = 12  (см.)

Тестің келесі үлгісі:

Тақырыбы: Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық.

1.Жылдамдықты табу үшін. -----------------------------------------------

2.Уақытты табу үшін  ------------------------------------------------------

3.Қашықтықты табу үшін  ------------------------------------------------

4. Жылдамдық – 4 км/сағ

    Уақыт – 3 сағат.

    Қашықтық?

А)  12  км.                   Б)  7  км.                        С)  1  км.

5.  Жылдамдық - ?

Уақыт – 5  сағат

Қашықтық  - 20  км.

А)  12  км/сағ              Б)  4  км/сағ                  С)  25  км/сағ

6.  Қашықтықтың  өлшем  бірлігін  тап.

А)  км/сағ                    Б)  сағат                        С)  км.

Тестiң келесi түрi –тапсырмаға сәйкес келетiн жауапты таңдап алу, яғни “сәйкестендiру” тестi. Мұнда тапсырмалар бiр бағанға, жауаптар екiншi бағанға жазылады да, жауап берушi тапсырма – жауап түрiнде жұптар тiзiп жазады. М: а) Тiк төртбұрыштың ұзындығы, екi және ауданының өлшем бiрлiктерiн таңдап ал да, оларды жызып көрсет:

1. Ұзындығы             А   м2

2.  Енi                         Б    см

3.  Ауданы                 В    м

Жауабы:  1-Б, 2-В, 3-А.

ә) 12 : 2 = 6

1. 12 +             А- бөлгiш

2. 6 +               Б – бөлiнгiш

3. 2 +               В – бөлiндiнiң мәнi

Жауабы:  1-Б,  2-В,  3-А.

Тестiң кең тараған түрiнiң бiрi – қарама-қарсы жауаптар (дұрыс –қате, ақиқат-жалған, жоқ-иә) көрсетiлiп берiлетiн тест нұсқасы жауаптардың дұрысын көрсету қажет болады.

М: а) Тiк төртбұрыштың ауданын табу үшiн ұзындығын енiне көбейту қажет.

Жауабы: дұрыс.

ә)  Көбейткiштердiң орны ауысқаннан көбейтiндiнiң мәнi өзгермейдi.

Жауабы: иә.

б)  48-дiң 8-ге бөлiдiсi 9-ға тең.

Жауабы: қате.

в) Егер бөлгiштi бөлiндiнiң мәнiне көбейтсе, онда бөлiнгiш шығады.

Жауабы: иә т.б.

Тестiң ең кең тараған түрi ретiнде нақты тапсырма бойынша бiрнеше жауаптар (iшiнде бiреуi дұрыс) берiлетiн тест түрi.

Мысалы: а) Ауданның өлшем бiрлiгi:

а) см       б) кг         с) сағ         д) см2                   е) см 3

Жауабы: Д.

ә) 8-дiң төрттен бiр бөлiгi:

а) 2-ге          б) 3-ке            с) 4-ке             д) 0-ге               е) 8-ге тең

Жауабы: А.

б) 8 : 2 өрнегi –

а) көбейтiндi      б) бөлiндi      с) қосынды    д) айырма       е) бөлiнгiш

Жауабы: В.

в) Мектеп бағында 4 алмұрт ағашы және одан 2 есе артық алма ағашы бар. Алма ағашы нешеу?

а) 4              б) 5             с) 6            д) 7                   е) 8

Жауабы: Е.

г) 420 : а = 60

а) 10         б) 12        с) 40         д) 70                  е) 7

Жауабы: Е.

6. Бақылау жұмысының үлгілері

Біртекті тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысының үлгісі:

1. Есептің қандай амалмен шығарылатынын жаз:

Қорада 10 қозы бар. Ал лақтардың олардан 5-еуі кем. Қорадағы лақ нешеу?

Назымның 4 шары, ал Шынардың 3 шары бар. Барлық шар нешеу?

Ойын алаңында 9 бала бар еді. Олардың 4-еуі үйлеріне кетті. Алаңда неше бала қалды?

Асқардың 10 кітабы бар. Ерболдың 7 кітабы бар. Асқардың Ерболдан неше кітабы артық? Ерболдың Асқардан неше кітабы кем?

2. Есептің шешуін жаз және шығар:

Ажардың 10 дәптері бар еді. Ол 3 дәптерін інісіне берд. Ажардың неше дәптері қалды?

Дастанның 6 асығы бар, ал Ералидің 4 асығы артық. Ералидің неше асыығы бар?

Әртекті тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысының үлгісі:

1. Мынадай сандарды жаз: үш жүз; төрт жүз алпыс екі; бес жүз он; екі ондық тоғыз бірліктен тұратын; алты жүздік бес ондық үш бірліктен тұратын; тоғыз жүздік үш бірліктен тұратын; тоғыз жүздік алты бірліктен тұратын; жеті жүздік төрт ондықтан тұратын.

2. Өрнек құр және мәнін тап:

а) 400 бен 30 сандарының қосындысына 50-ді қос;

х және 40 сандарының қосындысына 30-ды қос, мұндағы х = 400, 500.

ә) 700 бен 80 сандарының қосындысынан 40-ты азайт;

у пен 70 сандарының қосындысынан 20-ны азайт, мұндағы у= 600, 700.

3.Қабырғасы 3 см болатын шаршы сыз және оның периметрін тап.

4. «Гүлдер» дүкенінде 67 гүл бар еді. Түске дейін 29 гүл, ал түстен кейін 20 гүл сатылды. Дүкенде неше гүл қалды?

7. Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын тапсырма түрлері:

1.\Математикалық мазмұнды өлең есептер

1.Түйе бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұпақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой

Бәрі нешеу айта ғой?  ( 17 бас мал )

 

2.  Бір балық                       Алты арғымақ...

Екі ешкі,                        Ауызша жазбаша

Үш үкі,                           Қосып шық ( 16 )

Төрт түлкі

 

3. Оу, жарандар жарандар!

Бұл қызыққа қараңдар:

Бір кітапта қанша бет?

Білмей отыр Қамшыбек

Отыз парақ санады.

Он бет тағы қарады

Қане санап көріңдер

Досқа көмек беріңдер.      ( 70 бет)

 

4.Ескі жұрттан                                              Үскі төртеу

Таптық олжа:                                              Тоғыз таға,

Кейбіеуі тіпті тозған.                                 Отыз шеге

Кейі жаңа,                                                    Төстен бесеу,

Кәне сан                                                      Сегіз семсер,

Балта екеу,                                                   Алты кепсер..

Жалғыз көсеу,                                             Зерек бала

Қашау бесеу,                                                Қане сана!

Балға жетеу,

Жауабы: ( 2+1+5+7+4+9+30+5+8+6 = 77 )

 

Сабақ жоспары

 

Тақырыбы: ШКМ математика сабағын ұйымдастыру

 

Мақсаты: ШКМ математика сабағының ерекшеліктерімен таныстыру

 

Міндеттері:  1. ШКМ мектептегі піндерді біріктіріп комплект құрастыру тәсілдерімен, сабақ типіне байланысты шкм сабақ жоспарын құрастыру жолдарымен таныстыру.

                       2. ШКМ сабақ жоспарын,кестесін құру дағдыларын дамыту.

                          3. Ұжымдық  жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.

 

Көрнекілігі: қима қағаздар, теориялық материал(дәріс), түсіндіру схемалар, бағалау парағы, жұмыс алгоритмі, бағдарлама, оқулықтар.

 

Әдіс-тәсілдер: ұжымдық, өздік жұмыс,жұппен,ақпарат алмасу, сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың жоспары:

І. Бағыттау мотивациялау блогі

1. Ү/тексеру

2. мотивациялау

ІІ. Операциялық орындау блогі

  1. Жаңа сабақты беру
  2. Бекіту (жұмыс алгоритмін орындау)
  3. Тақырыптарын қорғау

ІІІ Рефлексивті бағалау блогі

 1. Кестені толтыру

 2.Сабақты қорытындылау

 3.Ү/ж беру

 

Сабақтың барысы:

кезеңі

Оқытушының іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті

Нәтиже

І. Бағыттау мотивациялау блогі

1. үй жұмысын тексеру.

 

Қай сабақ типінде жаңа мағлумат алынады?

Өткен тарауды қайталайтын сабақ типін атандар?

 Ал мына схема сабақтың қай типіне жатады?

Білім деңгейін анықтауға арналған сабақ типі?

Бұл сабақта барлық кезеңдер бар?

Ал мынау қай сабақтың схемасы?

 

8

Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы

Қайталау сабағы

 

Пысықтау сабағы

 

Бақылау сабақ

 

Аралас сабақ

 

 

Шағынкомплектілі мектептегі сабақ схемасы.

 

 

 

 

 

 

Алған білімдерін жүйелеу

2. Сабақтың мақсатын анықтау.

 

Бүгінгі сабақта не туралы айтамыз?

 

Тақырыбын анықтадық,ал енді сабақтың мақсат-міндеттерін анықтайық?

 

 

 

 
 


ШКМ туралы не білеміз? Ол үшін мына кестені толтырындар

 

 

 

 

 

ШКМ туралы.

 

 

 

ШКМ сабақ ерекшеліктерін, сабақ кестесін,жоспарын құрастыруға үйрену

ШКМ математика сабақтарының ерекшеліктерін,оған қоса сабақтың тақырыбын,мақсатын өздігімен анықтауға үйрету.

ІІОперациялық орындау блогі

 

 

 

1.Тақтада:

 

 

 

2. Жұмыс алгоритмін беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Қорғау

 

 

ІІІ -Рефлексивті бағалау блогі1.

 

 

1.Рефлексия  (кесте толтыру)

 

 

 

 

2.Бағалау

 

3.Ү/ж беру

 

 

 

 

Бүгінгі сабақта өтетін мәліметтер:

1.                                                                                             ШКМ Математика саб-ң ерекшеліктері.

2.                                                                                             Пәндерді біріктіріп, комплект, сабақ кестесін құру.

3.                                                                                             Өздік жұмыстың  маңызы.

1 қадам жұмыс алгоритмін беру

 

 

 

 

2 қадам жұмыс алгоритмін беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 қадам жұмыс алгоритмі 3 топқа  жеке-жеке  беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 қадам тапсырмаларын қорғау.

 

 

 

 

 

 

 

Ал қазір біз  сабақтын басында толтырған кестеге ораламыз да екінші бағанды толтырамыз.

Келесі сабаққа мақсат қою( нені білгілерін келеді)?

 

Бағалау парақтары бойынша.

 

ШКМ математика сабағынан әртүрлі типтегі сабақтар жоспарын құрып келу

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 қадам

1. Мәтінді оқы,жүппен бөлініп мазмұнын айт.

2. 5 сұрақ құр

3. 5 тест сұрағын құрастыр.

2қадам

  1. Өз мәтінінің мазмұнын айт.
  2. 5 сұрағынды қой,дұрыс жауапқа бағалау парағына 1 ұпай қой.
  3. 5 тест сұрағын қой, дұрыс жауапқа 1ұпай қой.

3 қадам

1 топ

1. Басқа топтардан әкелген материалды ортаға сал,қайтала.

2. Бағдарламамен сәйкестіріп математика 1-2 сынып бойынша жаңа сабақты түсіндіру типіне қосу мен азайту амалдарына байланысты комплект,сабақ жоспарының схемасын құрастыру,әр кезеңге неше уақыт керек екенін анықтау, тапсырмалар жүйесін құру.

3. құрастырған сабақ жоспарын қорғау, неге осындай тапсырмалар жүйесін қолдандың,дәлеледе.

2-топ

1. . Басқа топтардан әкелген материалды ортаға сал,қайтала.

2. Бағдарламамен сәйкестіріп математика 1-2 сынып бойынша қайталау типіне қосу мен азайту амалдарына байланысты комплект,сабақ жоспарының схемасын құрастыру,әр кезеңге неше уақыт керек екенін анықтау, тапсырмалар жүйесін құру.

3. құрастырған сабақ жоспарын қорғау, неге осындай тапсырмалар жүйесін қолдандың,дәлеледе.

3топ

1. . Басқа топтардан әкелген материалды ортаға сал,қайтала.

2. Бағдарламамен сәйкестіріп математика 1-3 сынып бойынша пысықтау типіне қосу мен азайту амалдарына байланысты  комплект,сабақ жоспарының схемасын құрастыру,әр тапсырмаға  неше уақыт керек екенін анықтау, тапсырмалар жүйесін құру.

3. құрастырған сабақ жоспарын қорғау, неге осындай тапсырмалар жүйесін қолдандың,дәлеледе.

 

 

 

 

 

 

 

Нені үйрендік,не білдік? деген сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Үшінші бағанды толтыру

(нені білгін келеді)?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Теориялық материалды өздігімен меңгерту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алған теориялық матермалды тәжірибеде қолдану жолдарын анықтау

 

Бағдарлама бойынша сабақ тақырыптарын анықтай алуға көз жеткізеді.

 ШКМ сабақ жоспарларының схемасын құрастыра алуға үйренеді.

 

Жаңа сабақты түсіндіру ,қайталау сабақтарының тапсырмалар жүйесінін айырмашылығы мен ұқсастығын аңғарту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШКМ өздік тапсырмалардың маңызын түсіну

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ мақсатына жеткен-жетпегенін өздеріне айқындауға үйрету.

 

 

2. Қазақтың ауызша есептері

A)    Екі қарға.

Екі қарғаның біреуі оңтүстікке екіншісі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне бірі :

-                     Достым, мен сені көріп отырмын, - дейді.

Олар бір бірін қалай көреді?

Қарға қарға,  қарғалар,

Қар үстінде жорғалар,

Екі шоқып бір қарар

Жауабы: олар бір-біріне қарама-қарсы отыр, сондықтан бірін-бірі көреді.

B)    Шыпта.

Шыптағы оралған ши мен оралмаған ши алма кезек орналасқан. Шыптада оралған 30 ши болса, оралмағаны нешеу?

Балды бармағыңнан. Шешуі: 29, 30, 31.

3.Қария кішкентай немересіне ескілікті бір әңгіме айтады.»әкесі, - дейді ол, - жеті жасар Лұқпанды базарға жұмсапты. Оған ақша беріп: «үш нәрсе сатып әкел» депті Лұқпан базарға барып, бір қауын сатып әкеліпті.

-                     Балам-ау, әкелгенің бір ғана қауын ғой, депті әке.

-                     Бұл бір ғана нәрсе емес, үш нәрсе, - депті сонда бала.

-                     Қалайша үшеу? – деп сұрапты әке таңданып.Лұқпан әкесінің сұрағынане деп жауап берді екен. ( «Қырық қазына» кітабынан)

Жауабы: Баланың «үш нәрсе» дегені қауынның қабығы, шырыны, дәні.

Балалардың математикалық түсінігін қалыптастыруда қазақ зиялыларының бірі ағартушы-ғалым А. Байтұрсыновтың берген есептерінің ролі өте зор. Олар:

1.      Бір қазақ қалаға бара жатыр еді. Жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды ? (1 адам)

2.      Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Неше мысық отыр? ( 4 мысық)

3.      Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар. Төлептің барлық баласы нешеу болғаны. (6 бала)

4.      Бір үйдің 4 аты бар еді. Еркек жаны 2 әке, 2 ұл еді. Еркектері кісі басы бір аттан мінгенде, бір ат артық болып болып шықты. Бұл қалай? (атасы, әкесі және баласы  бір аттан мінгенде, 1 ат артық қалады.)

3. Математикалық фокустар:

а) Туған айдың реттік номерін 21-ге арттыр, шыққан санды 16-ға кеміт, шыққан санды 5-ке кеміт. Нәтежиесі бойынша туған айды айтуға болады. Мысал : туған ай қыркүйек  болса, онда реті  9-ды 21-ге арттыру керек.

(9 + 21 =30), оны  16-ға кеміту (30-16 =14) керек. Алынған нәтежиені 5-ке кемітіп, ( 14-5 = 9), яғни қыркүйек айы екенін айтып беру керек.

ә) Туған күнге 20-ны қосып, шыққан санна 17-ні азайту керек. Алынған нәтежиені 3-ке кемітсе, туған күн шығады. Мысалы, 27 наурыз, 27+20 = 47,

47-17=30,            30-3 =27

б) Бір сан ойла. Оған 15-ті қосып, шыққан санды 13-ке кеміт. Нәтежиесін айтқызып, оны 2-ге кеміт. Шыққан сан ойлаған сан болады. Мысалы:

6+15 = 21,       21-13 = 8,            8 – 2 = 6

 

 

5.3.Математика сабағындағы өзбетіндік жұмыстың мақсаты мен міндеті,әдіс-тәсілдері мен түрлері. Математика сабағын жоспарлау жолдары.

А)күнтізбелік-тақырыптық

Б)күнделікті сабақ жоспары.

 

М.Сайпин «Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту» атты еңбегінде күнделікті сабақ жоспарын жасауда мұғалімнің  басшылығымен  орындалатын жұмысты екі жұлдызшамен (**), ал өзіндік жұмысты бір жұлдызшамен (*) белгілеуді ұсынады. Біз осы ұсынысты басшылыққа алып, сабақ жоспарымен дайындауда рет нөмірінің маңдайшасына  жұлдызшаларды  сәйкесінше  белгілейміз. 

Біріктірілген 1 және 2 сыныптардың күнделікті сабақ жоспары:

 

1 сынып

2 сынып

6 санын  қосу  және  азайту

Білімді тиянақтау 

Мақсаты

Санға 6-ны қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру, қосылғыштардың  біреуі 6 болатын өрнектер  құрастыра  білуге және  тез  есептеуге  дағдыландыру 

Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту тәсілдерін көрсетіп  беру, оны есептеулер жүргізуде қолдануға машықтандыру; есеп құрастыру  және  шығару, түрлендіру.

Сабақтың  түрі;  аралас

Сабақтың  әдіс-тәсілдері;  әңгіме,  көрнекілік,  оқулықпен  жұмыс. 

Көрнекілігі:  карточкалар, геометриялық  фигуралар, тест тапсырмалары.

Сабақтың  барысы: 

Ескерту: ** - мұғалімнің  басшылығымен  жүргізілетін  жұмыс.

                 * - оқушылардың  өзіндік  жұмысы.

1 сынып

2 сынып

 

1** Ұйымдастыру  кезеңі.

-                    Балалар,  қазір  математика  сабағы, мен сендерге  жұмбақ  оқимын,  шешіп  көріңдер. 

а)  Бір шеңберді бір шеңбер

Көтеріп  тұр білсеңдер.

Бұл не?  (8 саны)

ә) Бүкірлеумін, имекпін

Мойынындай  үйректің

Оқымасаң, білмесең

 Мені аласын  күнде сен. ( 2 саны)

2** Өткен  материалмен  жұмыс 

а) Сандарды  оқы, жаз:

Тақтада мынадай сандар жазылған?

Бір таңбалы  сандарды  1  сынып,  екітаңбалы  сандарды

2 сынып   оқушылары  жазады. 

0, 1, 14, 26, 3, 80, 18, 5, 91, 7.

 (жазу барысында әр сынып оқушыларыда дауыстап, қандай санды жазғанын айтып отырады).

ә) көркем жазу  сәті

6. . . . . . . . .  1                                               66 . . . . . . . . . .  61

3. * + 6, - 6   өрнектер  жазыңдар.

3**. Жаңа  материалмен  жұмыс.

- Балалар № 1 жаттығуға қарайық  не  берілген?

- түсіндірмелер және кесте.

- Осы түсіндірмелер және кестені пайдаланып, жазбаша есептеу тәсілдерін үйренейік.

4**. Қандай  қосындылар  жаздық.

0 + 6               2 + 6             4 + 6

1 + 6               3 + 6             6 + 4

6 + 0               6 + 2            

6 + 1               6 + 3      

Енді  мәнін  табайық

- Неше  қосынды  болды?

- 10 қосынды.

- Басқа қосынды  жаза аламыз ба?  (жоқ)

 

5**. а) Оқулықпен  жұмыс.

№ 3 жаттығуға  қарайық

а) 0-ден болатын өсу  ретімен жазайық. 0, 5, 10.

1-ден бастап, 4 сан аттай жазайық.

1, 6;        2, 7;        3, 8;       4, 9;

ә) Кему  ретімен  жазайық

10,  5,  0.  9, 4;  8, 3;   7, 2;  6, 1;

5*. № 2 жаттығуды талдап  жіберейік.

(Тақтаға плакат ілінеді. Онда жазбаша есептеудің алгоритмі жазылған.) Сандарды баған түрінде жазып орындап көрейік.

 

6**. Сергіту   сәті

Бір, еік, үш,

Дем аламыз  жинап  күш.

Қандай есеп  болса да,

Шығарамыз  біз.

 

 

 

 

 

 

 
7*. Сандардың парын табыңдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әр оқушының тапсырмаларын алып, тексереміз.

1.      ** Балалар, № 3 тапсырмаға  қарайық.

- Берілген  өрнектердің мәнін тауып көрелік.

- Алдымен сандарды қалай жазатынымызды еске түсірейік.

- Бірінің астына бірін келтіріп, жазамыз.

- Осылай етіп, барлық мысалдарды өздерің орындаңдар.

 

8.** Әр оқушының  білім деңгейлерін тексеруге  арналған  тест  тапсырмалары  беріледі. 

№ 1 тест

1.      6 + 1

а) 5       ә) 6        б) 7         в) 4

№ 1 тест

1.      15 + 10

а) 20      ә) 25      б) 30         в) 35

№2 тест 

х + 0 = 5

а) 5    ә) 4      б) 3      в) 6

№2 тест 

х + 2 = 24

а) 22      ә) 24      б) 25      в) 26

№2 тест 

Нүктені  тап.

а) ○   ә)         б),          в) .

№2 тест 

Шаршыны  тап

а) ○   ә)          б),          в) .

9. ** Сабақты қорыту

- Балалар  біз сабақта не өттік?

- Математика сабағы сендерге ұнады ма?

10.** Бағалау:

Әр оқушы тапсырманы орындағанына қарай геометриялық фигуралар («5» - бесбұрыш, «4»-төртбұрыш, «3» –үшбұрыш, «2»-дөңгелек) таратылған.  Фигуралардың санына қарай оқушылардың білімі бағаланады.

 

Кербұлақ ауданы, Көкбастау шағын комплектілі бастауыш мектеп мұғалімі Н.Базарбаеваның біріктірілген 1 және 2 сыныптарға арналған күнделікті сабақ жоспарын келтіреміз. 

Сабақ: математика

 

1- сынып

2 сынып

Тақырыбы :

7 санын қосу және азайту тәсілі.

 (89-90 б.)

78+22 және

100-22 жағдайларындағы

қосу мен азайту тәсілі

Мақсаты :

1.      7 санының құрамын білуге үйрету;

7 санының құрамы жайлы түсінікті 2 санның қосындысы түрінде жазуды,

сәйкес кері амалдарын дұрыс жазуды қалыптастыру.

Санның құрамы, амалдардың қасиеттерісәйкес ондықтар мен бірліктерге амалдар жүргізу сияқты білімге сүйене отырып, орындалатын қосу мен азайту тәсілдерін түсіндіріп беру.

1.      Өз бетімен жұмыс істеу, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;

Цифрларды дәптерге әдемілеп жазуды жаттықтыру.

2.      Оқушыларды адамгершілікке баулу; тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Әдістері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімен.

Көрнекілігі: разрядтық кесте, карточка, суреттер, үнтаспа.

Формасы: Ұжымдық-дербестік.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.   Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру барысында байқалған кемшіліктерді жою, білімін, білікті бағалау.

ІІ. Өткен материалды қайталау:

1.Оқушылардың білімін тексеру

а) тез есептеу сәті.

ә) көркем жазу.

7   . . . .  .  . . 1

70 . . . . . . . . .   79

б) матем  диктант 

7 бірлік 

5 бірлік 

3 бірлік

7 ондық  3 бірлік, 

9 жүздік,   4 бірлік

8 жүздік, 6 ондық

ІІІ. Жаңа  білімді  меңгерту  кезеңі:

Практикалық  іс әрекет:

1.      7 асықты қоржынның  екі басына  қалай  бөліп салуға  болады?

7 = 1 + 6            7=  2 + 5

7 =3 + 4            7 = 4 + 3

7= 5 + 2            7 = 6 +1          7 = 7 + 0

 

 

 

2.  Өздігімен  жұмыс:

№ 1ж.         + 7

қосындыларды  құрастырады

№ 1ж.         - 7

қосынды  кестесінің   негізін туындайтын жағдайларды  қарастыру. 

3. Тақтада  ілініп тұрған сюжетті  суреттерге  сәйкес әңгіме құрып, 7 цифрын пайдаланып, 7 санының құрамын  схемаға сәйкес анықтау.

    7             7             7                7

 

6    1        5    2       3     4        7     0

Бұл тұста қосудың ауыстырымдылық

қасиетін  еске  түсіру  арқылы  білімі 

бекітіледі. 

 

1. 70 асықты қоржынының екі басына  қалай  бөліп  салуға  болады?

70 = 70 + 0      70 = 10 + 60

70 = 20 + 50    70 = 30 + 40

70 = 40 + 30    70 = 50 + 20

70 = 60 + 10     70 =  0  + 70

2.    № 1ж. Мұғ. басш. жұмыс. Оқуш. назарын берілген  4 мысалға  аударту:

78  +  22

70 + 20, 8 + 2.  90 + 10

мұнда, 78 + 22 қосындысын ондықтардың және  бірліктердің  қосындысы түрінде жазып, 78 + 22 =

(70 +8) + (20 + 2), содан кейін терімділік қасиетін  пайдаланып мынандай жазу  шығарып беріледі:

78 + 22 = (70 +20) + (8 + 2),

осыған  сүйеніп ондықтан аттайтың жағдайлардағы  түрлі тәсілдерді қалай  пайдалануға болатының  түсіндіреді:

 78 + 22 = (78 +20) +  2

78 + 22 = (78 +2) +  20

3.               №2 ж. – оқуш өздігімен орындайды:

66 + 34 = (60 +6) = (30 + 4)

66 + 34 = (60 +30) = (6 + 4)

66 + 34 = (66 +4) + 30

66 + 34 = (66 +30)  + 4

Сергіту  сәті.

Үнтаспа  музыка  ырғағына  сәйкес.

Оңға,  оңға  түзу  тұр

Солға, солға  түзу  тұр

Алға қарай  бір  адым,

Атрқы  қарай  бір  адым.

Жоғары- төмен  қарайық

Орнымызды  табайық.

IV. Оқылған  материалды  бекіту  кезеңі:

2.№3 жұмыс. Мұғ.басш жұмыс

100 – 22; 100 – 10;

90 – 20; 10 – 2; 70 + 8;

Мына  жазулар  нені  білдіреді? – деп талдай  отырып

 айырманың  мәнін  түсіндіруге  болады. 

100 – 22 = (100 – 20) – 2;

100 – 22 = (100 – 2) – 20.

 

 

5. 1) №3 – дәптермен , өзіндік  жұмыс

көк к. минус 9 см

қызыл к. + 7 см                   ?

ж.к. – 3 см

9 < 7 + 3

2) Практикалық  жұмыс – дәптерге  кесінділерді  сызып, тапсырмаларды  орындайды.

 

2.                  №4 ж оқуш. өз бетімен  орындайды.

100 – 34; 100 – 0,

90 – 30, 10 – 4,  60 + 6,

100 – 34 = (100 – 30) – 4

100 – 34= (100 – 4) – 30

IV. Оқылған  материалды  бекіту  кезеңі. 

6. Өздігімен   есептер  шығарады:

1)      № 4

Үлкен қ – 10     ? артық

Кіші қ – 7

10 – 7 = 3

3 – үі артық

2)      № 5. Салыстыр.

9 – 3    9 – 4

9 – 5    9 – 6

9 – 7    9 – 8

9 – 1    9 – 2

№ 5.

Қ – 35 тг.

Т. қ. – 28 тг. қымбат                  ?

36 + (36 + 28) = 100 тг.

Жауабы = 10 тг.

№ 6 - әр қатардағы  сандарды кему ретімен  жаз. 

 

 

IV. Өткен сабақты  бекіту  кезені:

Мұғ.:  Балалар, біз  бүгінгі  сабақта  7 санының  құрамымен таныстық, ал  енді одан  басқа 

-              7 саны  қандай  сан, ол сан  туралы  не  білесіңдер?

-              «Жеті ата, «Жеті» қазына;

-              «Жеті күн», «Жеті шелпек»

-              7 саны  туралы  қандай  мақал-мәтелдер білесіңдер?

-              «Жеті рет өлшеп, бір рет  кес»;

-              «Жерден  жеті  қоян  тапқандай».

V. Қорытынды кезен:

1) Үйге:  Жасыл  қоршаумен  берілген   тапсыманың  шешуін табу. 

2) Оқушылардың   білімін  бағалау.

3)      Сабақты  қорытындылау. 

Математика сабағында оқушылардың оқу әрекетін белсендіру және интенсивтендіру негіздеріндегі педагогикалық технологияларға ойын, проблемалық оқыту, тірек сигналдары негізінде оқыту технологияларын жатқызуға болады. ШКБМ математика сабақтарында оқушылардың жас ерекшелеріне қарай ойын түрлерін қолдануға болады. Математикалық ойындардың бір түрлері логикалық ойын мен математикалық сызбаларға негізделеді, ал кейбіреулері тез ойлап, шешуді талап ететін ауызша есептен тұрады. Ондай ойындарға фигураларды бірден сызып шығу, логикалық есептер, өлең есептері, сөзжұмбақтар шештіру сияқты түрлерін жатқызуға болады.

Педагогикалық технологияның келесі түрі - проблемалық оқыту технологиясы. Бұл ғылым негіздерін оқып білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы.  Проблемалық оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, білікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Проблемалық оқыту кезінде оқушылардың алдына бір проблема қойылады. Олар оның шешу жолын іздестіреді, шешудің нұсқаларын қарастырады, қорытынды жасайды, оны практикада қолданады, мысалы, 4-сынып оқулығының  49 – бетіндегі  № 9  жаттығу.

 : 24 + 499 = 501 «әйнекшенің» орнына қандай санды қойғанда тура теңдік шығады? сұрағына жауап беру үшін оқушы іздеу нұсқаларын қарастырады: «Әйнекше орнына 24-тен артық және оған қалдықсыз бөлінетін сан болуы тиіс. Мен сол саннан бастауым мүмкін, яғни орнына сан қойып, сынап көремін. Бұл – бірінші нұсқа. Екіншісі өрнектің нәтижесінен бастап, кері орындаймын. 501-ден 499-ды азайтамын, екі қалады, енді оны 24-ке көбейтемін, белгісіз сан – 48. Дәлелдеу және тексеру: 48: 24=2; 2+499=501.

Бағдарламалап оқыту оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың, оқу үдерісін үйлесімді басқарудың негізгі құралдарының бірі. Бағдарламалап оқытуда қандайда бір материалды бөліктерге бөліп (порциялап) оқиды. Математика сабағында бағдарламалап оқыту амал алгоритмін меңгеру, яғни  көп таңбалы сандарды бір, екі және үш таңбалы сандарға бөлу тәсілдерін меңгеру барысында жүзеге асырылады.

Бірінші «порция» - көп таңбалы сандарды нөлмен аяқталатын сандарға бөлу. Мұнда оқушылар бөлгішті бір таңбалы сан мен 10, 100, 1000-ның көбейтіндісі түрінде ойша жүктеуге үйренеді. Санды алдымен нөлмен аяқталатын санға, сосын бір таңбалы санға бөлуга үйренеді.

Екінші «порция» - бөлінді мәнінде неше таңбалы сан шығатынын анықтау. Мысалы, 5260-ты  жиырмаға бөлу керек болсын. Оқушы бес мыңдықтар қайырады, оны жиырмаға бөлсем, бөлінді мәнінде мығдық шықпайды. Сондықтан 52 жүздіктен қайырамын, жүздікте үш таңбалы сан бар, яғни бөлінді мәнінде үш таңбалы сан шығады, сондықтан үш нүкте қоямын. Сосын бөліндінің мәнін табу үшін оқушы жиырманы, 2·10 түріне келтіреді.

Үшінші «порция» - үш таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу. Мұнда оқушы бөлгішті алдымен өзіне жақын нөлмен аяқталатын санға айналдырады. Мысалы: 756:84. Оқушы санды 84-ке емес, 80-ге бөледі. Ол үшін 75-ті 8-ге бөледі, 9 шығады. Келесі кезең - бөлінді мәніндегі ақтық санды табу. 9 ақтық сан ба, анықтау керек. Ол – байқау цифры. 9·8онд.= 72онд.; 9·4бірл. =3онд. 6бірл. 72онд.+3онд.6бірл.=75онд.6бірл. Олай болса, 9 бөлінді мәні болмайды, енді одан кем санды табу қажет.

Осылай порциялап оқыту бөлу амалының алгоритімін біртіндеп игере отырып,  оқушы  бастауыш  мектеп  математикасының  ең  күрделі  жазбаша  бөлу тәсілі - көп таңбалы сандарды екң және үш таңбалы санға бөлу тәсілін меңгереді.

Қазіргі білім беру саласындағы жеке тұлғаға бағытталған, жан-жақты тәрбиелі тұлға қалыптастыруға ұмтылған тенденцияға орай оқыту мәселесіне ерекше мән беріле бастады. Дифференциялап оқыту дегеніміз оқушының дара ерекшелігіне қарай, дифференциялды өзіндік жұмыс, үйге тапсырмалар беру, өзін - өзі бағалауға үйрету деп ойлаймыз.

Дифференциялды өзіндік жұмысты карточкамен және перфокартамен жұмыс, дифференциалды тест тапсырмалары арқылы ұйымдастыруға болады.

Соңғы жылдары әр мектептің өз мүмкіндіктеріне орай математиканы оқытуда компьютерлік оқыту да кеңінен қолданыла бастады. Ал жаппай ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге балаларды дайындау үшін төртінші сыныптың соңына қарай микрокалькуляторларды пайдаланып, есептеулер жүргізуге машықтандыруға арналған арнайы сабақтар өткізіледі. Оның алғашқы сабағында микрокалькулятор, оның құрылысымен таныстырып, түрлері қарастырылады. Оқушылар өмірден оның бірнеше түрлерін көрген, кейбіреулері оны пайдалануы да мүмкін. Мұғалімдердің мақсаты –оқушыларға микрокалькулятормен үлкен сандармен есептеулер жүргізуде әр түрлі амалдарды тез әрі жеңіл орындауға болатынын түсіндіру

Математика сабағында қолданылатын оқу материалдарын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар қатарына: білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру технологиясын жатқызуға болады. Білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру дегеніміз материалдарды өзара байланыста қатар оқыту деген сөз. Теріс емес бүтін сандардың нумерациясын, оларға амалдар қолдану, сандарды салыстыру, санғы көбейту және бөлу мәселелерін оқытып-үйретуде шамалардың өлшем бірліктері, оларға амал орындау қатар қарастырылады

Дамыта оқыту - оқу процесін жеке тұлғаның потенциалдық мүмкіндіктеріне және оларды жүзеге асыруға бағыттау.

Дамыта оқыту үдерісі кезіндегі мұғалімнің негізгі міндеті – оқушылардың танымдық өз бетінділігін қалыптастыруға, қабілеттерінің дамуы мен қалыптасуына, саяси және адамгершілік көзқарастарына, белсенді іс - әрекеттеріне бағытталған оқу әрекеттерін ұйымдастыру.

Дамыта оқытудың түпкі мақсаты – оқушыларға әр түрлі ситуацияларды талдап, одан қорытынды шығару; бір объектіні екіншісімен салыстырып, ерекшілігін, ұқсастығын ажырату; бақыланған құбылыстарды, жалпылап, белгілі әрекет тәсілдерін таныс емес жағдайларда қолдану.

Дамыта оқыту әдістемелеріндегі ең басты нәрсе - оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу, мұның өзі оқытудың зерттеу әдістеріне ерекше мен берілетінін көрсетеді. Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған арнайы жасыл қоршаумен берілген тапсырмалар бар. Бұған қоса, математика сабақтарында есептермен байланысты, төмендегідей шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға болады: берілген есепте кері есеп құрастыру және шығару; белгілі шешуі, берілген қатынас, сызба, сурет бойынша есеп құрастыру; сұраққа сәйкестендірілген және керісінше, шартқа сәйкестендірілген сұрақты түрлендіру; есептің шартын және сұрағын түрлендіру; жай есепті, екі немесе одан да артық амалдармен шығарылатын есептерді түрлендіру; әр түрлі есептер құрастыру және оны тиімді жолдармен шешу және т.б.

Оқушылардың математикадан алған білімдері, біліктері мен дағдылары күнделікті сабақта ауызша сұрау мен оқушылардың білім деңгейлерін анықтау, яғни бақылау жұмыстары алынатын сабақтарда тексеріледі және бағаланады.

А) Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау: (Т.Қ.Оспанов)

«5» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады;

-        Қойылған сұрақтарға толық және дұрыс жауап берсе;

-        Есептерді дұрыс және барынша тез орындаса;

-        Есеп шығаруда өзіндік жоспар құра алса немесе шығара алса, қзінің амалдарын түсіндіріп және есептің сұрақтарына берген жауаптарын дәл тұжырымдап бере алса;

-        Практикалық жұмыстарды дұрыс орындаса.

Егер оқушының жауабы негізінен «5» деген баға үшін тағайындалған талаптарға сәйкес болып, мына төмендегі жағдайлар орындалса, «4» деген баға қойылады:

-        Жауап берген кездегі тұжырымдауларда жекелеген дәлсіздіктер (мағынасын бұзбайтын) жіберсе;

-        Есептеу берген кездегі жекелеген ұсақ қателер жіберген болса және оны түзетуге шамалары жететін болса;

-        Есептерді шығарған кезде дәлдігі жеткіліксіз (шешу жолы дұрыс) түсініктемелер болса;

-        өлшеулер мен сызулар орындаған кезде дәлсіздік жіберілген болса.

Мұғалім аздап көмектессе, оқушы бұл кемшіліктердің барлықын да оп-оңай түзете алады.

«3» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:

-   есептеулерде жекелеген өрескел қателер жіберсе, бірақ оларды мұғалімнің көмегімен түзете алса;

-   есепті мұғалімнің көмегімен ғана шығара алса.

Егер оқушы өздеріне қойылған сұрақтардың көпшілігіне жауап бере алса, есептерді тіпті, мұғалімнің көмегімен де шығара алмаса және есептеулерді жүргізе алмаса, онда «2» деген баға қойылады.

Егер оқушы бағдарламалық материалды түгелімен білмейтін болса, онда «1» деген баға қойылады.

 

Ә) Жазбаша бақылау жұмыстары бойынша бағалау (Т.Қ.Оспанов)

Бақылау жұмыстарының көлемі оқушылар орындай алатындай өткен материалға байланысты әр тараудың, тоқсан және жылдың соңында беріледі.

45 минут ішінде оқушылар жұмысты орындап және тексеріп үлгерулері тиіс.

Математикадан жазбаша бағылау жұмысын бағалауда өрескел және өрескел емес қателер кездеседі.

Өрескел қателерге мыналар жатады:

-  есепті немесе мысалды есептеуден жіберілген қате;

-  арифметикалық амалдардың орындалу тәртібінен жіберілген қате;

-  есептің шешуін дұрыс орындамау (амалдарды қалдырып кету, амалдарды дұрыс таңдай алмау, артық амалдар орындау);

-  есепті немесе мысалды есептеуде аяқтамау;

-  орындалмаған жұмыстар.

Өрескел емес қателерге мыналар жатады:

-  есептеп шығару тәсілі орынды болмау;

-  есепті шығаруда амалдарға қойылған сұрақ дұрыс болмау;

-  есептің тұжырыдалу жауабы дұрыс алмау;

-  берілген сандардан, белгілерден көшіргенде қате жіберу;

-  қайта құруды соңына дейін аяқтамау.

Жұмысты тексеруге қатысқан адам есептеу дағдыларына баға қоюына болады:

-  егер жұмыс қатесіз орындалса, «5», ал жұмыста 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, «4» деген баға қойылады;

-  егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел, 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, «3», ал өрескел қате 3-тен, өрескел емес қате 2-ден артса, «2» қойылады.

-  барлық тапсырма қате орындалса, «1» деген баға қойылады.

Тек есептерден ғана құралған жұмыс былай бағаланады:

-  егер есеп дұрыс орындалса, «5» деген баға қойылады.

-  егер есепті шығарғанда, 1-2 өрескел қате жіберілсе, «4» деген баға қойылады.

-  егер есепті шығарғанда, 1 өрескел және 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, «3» деген баға қойлады.

-  егер есеп шығарылмаса, «1» деген баға қойылады.

Құрама бақылау жұмыстары былай бағаланады:

-  егер жұмыс қатесіз орындалса, «5» деген баға қойылады;

-  егер орындалған жұмыста 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате болса (есепті шығаруда өрескел қате болмау керек), «4» деген баға қойылады;

-  егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел және 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, бірақ есептің шығарылу жолы дұрыс болса, «3» деген баға қойылады;

-  егер орындалған жұмыста 4 өрескел қате жіберілсе, «2» деген баға қойылады;

-  егер оқушы барлық тапсырманы дұрыс орындамаса, «1» деген баға қойылады.

Математика сабақтарының қызықты өтілуі немесе оқушылардың пәнге деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттыруда презентациялар дайындау және оларды орынды қолдану маңызды болып табылады. Сабақтың бір кезеңінде ғана қолдануға болатын бір-екі слайд түрін немесе бір сабаққа жоспарланған барлық тапсырмалар бойынша бірнеше слайдтар дайындауға болады. Ол PowerPoint бағдарламасы бойынша жүргізіледі және де болашақ мамандар слайдтар дайындау, олардағы суреттер не жазулардың дизайнін жасау, слайдтардың ретін өзгерту, слайдтардың тақырыбы мен мәтінін теру мен сақтауға үйренеді. Презентация автордың түсіндіруі арқылы үлкен экранда ұсынылатын материалдарының негізгі бөлімдері немесе негізгі мәселелерін, қозғалыстағы немесе қозғалмайтын заттарды (суреттер,  видеофильмдер, мультипликациялар) көрсету болып табылады.

Үшінші сынып оқушыларының нөл мен бірдің қасиеттері жөніндегі білімдерін бекіте түсуге арналған сабақтың тапсырмаларын толығымен презентациялап алып, өткізуге болады.

Амалдарды орында:

  1. 3 ∙ 1          1 ∙ 4                 99 ∙ 1

10 ∙ 1         100 ∙ 1             1 ∙ 999

    Қандай қорытынды жасауға болады?

  1. 3 : 3                   100 : 100         

            5 : 5                   10 : 10

    Қандай қорытынды жасауға болады?

     3.  0 ∙ 5                     100 ∙ 0

         10 ∙ 0                    0 ∙ 99

          0 : 10                    0 : 999

    Қандай қорытынды жасауға болады?

2 – жаттығу.

∙ 1

  - бір таңбалы сан

3-жаттығу

1∙      

  - бір таңбалы сан

7-жаттығу7

Мұғалім 10 дәптер әкелді де, оны екі-екіден балаларға бөліп берді. Әр бала неше қалам алды?

          Бұл есеп пе?

          Есепке айналдыруға бола ма?

«Компьютер ойнайық» айдарымен көбейтудің «ерекше» жағдайлары жөніндегі білімді тиянақтау жұмысы жүргізіледі.

Студенттердің көрнекі құралдарды дайындау және оларды математика сабақтарында шығармашылықпен қолдана алуларын үйрету де көзделген. Сондықтан олар компьютердің көмегімен суреттер салу, сәйкес түсті таңдап алу, бояу, заттың контурын түспен бөліп көрсету, қоршау, оларды өшіру және сақтау жұмыстарын орындай алулары тиіс. Аталмыш жұмыстар компьютердің Paint бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатыны белгілі, сондықтан студенттер суреттердің өздері салулары, оларды бояулары мүмкін, сондай-ақ, суреттегі заттардың сызықтарының қалыңдығын және түсін анықтау, суреттерді толығымен бояу (толтыра бояу), қажет емес нәрселерді өшіруі, салнған объектілерді өзге бір бағдарламаға көшіру және сақтау операцияларын орындап, оны ШЖБМ жағдайында қолдана алулары тиіс. Сонымен бірге, компьютерде сақталған суреттерді тауып, оларды көшіру, мөлшерлерін өзгерту (кішірейту не үлкейту), қажетті суреттерді іздестіріп, оларды белгілі бір бағдарламаға көшіре алу, оларды орналастыра алу да жүзеге асырылады.

j0299763                 

 

 

 

 

 

 

6 бөлім.  ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ЕҢБЕК САБАҒЫ

№17-сабақ тақырыбы:  6.1. ҚР Бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты бойынша 1-4 сыныптардағы еңбек түрлеріне шолу

 

Шағын жинақты мектептер үшін бастауыш сыныпта "Еңбекке баулу", ал жоғарғы сыныпта "Технология" пәнінен әрбір мұғалім сабақ бере алады, себебі бұл пән мұғалімдер, оқушылар және жалпы мектеп үшін өте тиімді, бұл сабақта адам өміріне, қоғамға қажетті жұмыстар орындалады.

Ауылды жерлерде "Еңбекке баулу" сабағының өткізу қиындық туғызбайды, осы сабақтың барлық тақырыбына қажетті материалды әрбір жанұядан табуға болады. Жалпы бұл сабақтың тәрбиелік мәні өте зор, оқушыларды тек қана қолөнерге ғана үйретіп қоймай, жанұядағы экономиканы үнемдеуге, тазалықты сақтауға септігін тигізеді. 

«Еңбекке баулу» пәнінің бағдарламасында бірнеше бөлімдер берілген, атап айтатын болсақ: қағаз және қатырма қағаз, ермексаз және сазбалшықпен жұмыс, табиғи материалдармен жұмыс, ағаш және сымтемірмен жұмыс, дизайн сияқты бөлімдер қарастырылған. Осы бөлімдерде берілген тақырыптардың барлығын оқушылар қызығушылықпен орындайды, себебі мұнда олар берілген жұмысты орындау барысында ойлау қабілеттерімен қатар түрлі қиялдар пайда болады. Жалпы оқушылардың басқа гуманитарлық пәндерге қарағанда «Еңбекке баулу» пәніне қызығушылығы мол, олай дейтініміз олар гуманитарлық пәндерден шаршап келіп, осы сабақта қимыл-қозғалыста, өздерінің қиялдары бойынша жұмыстар орындау кезінде қысылмай өздерін еркіндікте сезінеді, міне бұл баланың психологиялық әрекетінің артуына да көптеген әсерін тигізеді.

Мұғалім тақырыпқа байланысты әрбі оқушының орындалған жұмыстарынан шығармашылық көрмелер ұйымдастырып, ондағы жақсы орындалған жұмыстарды іріктеп алып, оларды мектеп қорына сақтайды.

Себебі осы оқушылардың өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарынан ұйымдастырылған шығармашылық көрмелер біздің еліміздың этномәдениетін паш ететіні белгілі. Сонымен қатар ол жұмысы несімен қызықты, неге ол, бұл тақырыпты алды, кім оған көмектескенін анықтай алады.

Егер де оқушы оқу жылы бой жасаған жұмыстарын жинақтап, өзінің шығармашылық қабілетінің қаншалықты өскендігін және де жұмыстың нәтиженін байқай алады. «Еңбекке баулу» сабағында қойылатын талап - балаларға түрлі материалдардың ерекшеліктерін, құрылымын түсіндіру. Оларды қарапайым құралдармен, тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуге үйрету.

Оқушылар сабақта қолданылатын түрлі материалдардың өзіндік қасиеттерін білмесе, өздеріне тән ерекшеліктерінен хабарсыз болса, онда сапалы бұйымдар жасай алмауы мүмкін. Сондықтан, жасалатын бұйымның материалы туралы нақтылы мәліметтерді білулері қажет. 

“Әрбір оқушы – жасап шығарушы”. Бұл оқушылар үшін маңызды. Сондықтан да мұғалім қандай педагогикалық технологияны алмасын, ол баланы жан-жақты дамуына көмектесетін, түрлі техникада жасалатын заттарды орындауға көмегін тигізетін тапсырмалар беруі қажет. Еліміздің дәстүрлі және көңілді кештерін мерекелерде қолөнер бұйымдарының қолданылу жылдан-жылға үлкен сұранысқа ие болып отыр. Міне осындай қолөнерді мектеп қабырғасынан бастап, яғни "Еңбекке баулу", "Технология" пәнінен білім беруде ұлтымыздың қолөнерін жаңғыртып, дәстүрлі және қазіргі заманғы бұйымдарды жасап шығаруларында.

Шағын жинақталған мектептерде мектептерде бастауыш сыныпта "Еңбекке баулу", ал жоғарғы сыныпта "Технология" пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуға даярлау теориясы мен практикасына жасалған талдау мектепте білім беру үдерісін технологиялық қамтамасыз ету мүмкіндігін берді.

Шағын жинақталған мектептерде Технология сабағын жүргізу барысында жеке, жеке-топтық, топтық, ұжымдық жұмыс формалары қолданылды. Соның бірі топтық жұмыс мұнда екі сыныптың оқушыларына бағдарламада берілген бірдей тақырып беріледі. Мұндағы айырмашылық жұмыс оқушыларның жас ерекшелігіне байланысты таңдалады. Атап айтатын болсақ, орындалатын қолөнер жұмысының көлемі мен оның күрделігіне көңіл бөлінеді, бірақ екі сынып та бірдей тәсілді, техниканы қолданады. Мысалы, 3-4 сыныпты алып, оларға "Ою-өрнекті кестелеу" – тақырыбы болса, мұнда 3-сынып қол орамалды кестелесе, 4- сынып киімге немесе қандай да бір кәде сыйлықты кестелейді. Бұдан біз оқушының таңдаған жұмысының және оған түсетін кестенің көлемін байқаймыз. Демек ою-өрнектердің төмендегі берілген топтарын қарастырамыз:



Ай, күн, жұлдыздарға, көк әлеміне байланысты.
Малға, малдың дене мүшесіне байланысты ою-өнектер атауы.
Аңға байланысты ою-өрнек атауы.
Құрт-құмырсқаға байланысты ою-өрнектер атауы.
Құстарға ою-өрнектер атауы.
Жер, су, өсімдікке ою-өрнектер атауы.
Қару құралдарға ою-өрнектер атауы.
Геометриялық фигура тектес.



Жалпы қолөнердің ішінде сәндік бұйымдарға өсімдік тектес ою-өрнектерді қолданғанды жөн көрдік, себебі ол оқушылардың көңіл-күйін көтеретін, эстетикалық жағынан да тартымды, қазіргі заманда интерерге қолдануға да қолайлы өрнектердің бірі блып келеді.
Қорыта келе, шағын жинақталған мектептердің проблемасын шешу үшін мұғалімдерге қажетті әдістемелік тұрғыдан көмек беру қажет. Сонымен қатар, шағын жинақталған мектеп мұғалімдерін ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға тарту, жаңа инновациялық технологияларын мектептің оқу-тәрбие үдерісіне енгізе отырып, жекелеген пәндерден бағдарламалар дайындау, оқу-әдістемелік кешен әзірлеу және олардың электрондық, мультимедиялық нұсқасы дайындап, шығарылса және қашықтан оқытудыға мүмкіндіктер ұйымдастырылса шағын жинақталған мектеп мұғалімдері және келешек мамандарға білім беруге үлкен септігін тигізер еді. 

 «Еңбекке баулу»  оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде оқытылады және «Технология» білім беру саласына енеді. «Еңбекке баулу»  оқу пәнінің нысаны оқушының көркем безендіру, бейнелеу, құрастыру сияқты негізгі көркемдік әрекеттері арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.  Еңбекке баулу тұлғаның эмоционалды-құндылық және сенсорлық мәдениетін дамытып, қоршаған орта мен өнердегі әсемдікті көру, бағалау және оларды өз қолымен жасау қабілеттіліктерін арттырады.

«Еңбекке баулу» оқу пәні әртүрлі өнер түрлері мен көркемдік әрекеттер мазмұнының кешені. Оқушылар «Еңбекке баулу» сабағында әртүрлі өнер шығармаларын көріп, қабылдау, зерделеумен қатар, дербес көркемдік  шығармашылық әрекеттермен айналысады. Оқу материалына халықтық дәстүрлі және заманауи сәндік  қолданбалы өнердегі ұлттық мәдени мұралар тәжірибесі негіз болып табылады. Мектептің бастауыш деңгейінде еңбекке баулу пәнінің басты мақсаты - оқушылардың еңбекке деген оң көзқарастарын қалыптастыру.

Бұл мақсат мынадай міндеттерді анықтайды:

- еңбекке баулу сабағында оқушылар жұмыс орнында материалдар мен құралдарды дүрыс орналастырып қоя білуге үйрету;

- жұмыста қолданылатьш материалдарды үнемді жұсауға үйрету;

- әртүрлі бүйымдарды дайындау барысында эстетикалық талғамын қалыптастыру, оларды құастыруға жөне безендіруге үйрету;

- сәнді-қолданбалы қолөнер туралы түсінік қалыптастыру.

Бастауыш білім беру деңгейінде оқытылатын «Еңбекке баулу» оқу пәнінің мақсаты – оқушының көркемдік шығармашылық әрекеттерін әсемдікті көру, қабылдау  арқылы қалыптастыру, бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік іс-әрекеттеріне қажетті  дағдылары мен шеберліктерін шыңдау болып табылады. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің міндеттері:

- бейнелеу өнерінің түрлерімен (сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме, сурет (графика), мүсіндеу және сәулет өнері) таныстыру;

- оқушыларды әсемдікті бақылау, көру, зерделеу, эстетикалық сезімде әсерлену арқылы сурет салу, мүсін жасау, жапсырмалау және  құрастыру сияқты көркемдік әрекеттеріне баулып, үйрету;

- оқушыларға әртүрлі материалдармен (қағаз, бояу, мата, ермек саз, табиғи материалдар және заманауи технологиялық материалдармен және т.б.) жұмыс жасаудың техникалық тәсілдерін меңгерту;

- көркем еңбек сабағында қолданатын арнайы терминдермен және ұғымдармен таныстыру.

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізгі ережелерінің Типтік оқу жоспарында «Еңбекке баулу» оқу пәніне 1-4 сыныптарда оқу жылында 68 сағат, аптасына 2 сағат көлемінде уақыт бөлінген.

2010-2011 оқу жылында «Еңбекке баулу» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ) сәйкес дайындалған бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

 

 

Қараңыз:   Байтанаева, М. А. 
    Шағын жинақталған мектептегі бастауыш сыныптарда 
еңбекке баулу сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері  / М. А. Байтанаева, А.Қ. Манаспаева // "Үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері" халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Павлодар: ПМПИ, 2012. - Т. 1 . - С. 315-319. 

 

 

 

 

 

 

 

 

№18 -Сабақ  тақырыбы: 7.1. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫ

 «Дене шынықтыру» оқу пәні ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының маңызды компоненті есебінде «Дене шынықтыру» білім беру саласына кіреді. Оқу пәнінің нысаны – пән арқылы дамитын және әлеуметтік ортамен өзара әрекет ететін баланың дамып келе жатқан организмі.

 «Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.

Осы пәннің іс жүзіндегі мақсаты – қозғалыс белсенділігінің заңдылықтары, дене дамуының, жеке гигиенаның ережелері, дене және психикалық саулықты нығайту мен салауатты өмір салты қағидаларына үйрету жөніндегі білімге ие болу.

Пәннің мақсаты оқушылардың физикалық, психикалық және моральдық саулығын нығайту, ақыл-ой және физикалық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамытуда кешенді тұрғы негізінде жеке тұлға қалыптастыру.

Оқу пәнінің міндеттері:

- бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мен оның тарихы туралы және олардың денсаулығын нығайту, күн тәртібін ұйымдастыру, организмді шынықтыру, жеке гигиенаны сақтаумен байланысты қарапайым білімдерді қалыптастыру;

- оқушы ағзасының функционалдық жай-күйінің деңгейін көтеру;

- қозғалыс қасиеттерін дамыту;

- қозғалыс дағдыларын меңгеру, жүйке жүйесі мен тұтас организмді дамытуға көмектесу;

- сенсомоторлық дамуды жандандыру, оңтайлы тұлға мен негізгі қозғалыстарға ұқсас қимылдарды қалыптастыру.

Табиғи көркемдік қағидасы өсіп келе жатқан организм үшін дамытатын оңтайлы қозғалыс ортасын қалыптастыруды және балалардың қозғалыс белсенділігіне сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етуді қарастырады

Практикаға бағыт ұстану қағидасы қимыл-қозғалыс дамуының кезеңдік және соңғы мақсатын сипаттайтын оңтайлы ұқсас қимылды меңгеруді көздейді. Баланың жүйке жүйесі мен психикасын қалыптастыруға тән дамудың негізгі факторларын іске асыру қарастырылады. Бірінші кезекте ілесетін, үйлестіретін бір жағынан көздің, мойын еттерінің сенсорлық ақпараттарды қабылдаудағы құлақтың және екінші жағынан қолдардың, дене бөліктерінің, беттің, еріннің, қимылмен жауап қайтарғандағы тілдің қозғалыстарын дамыту жатады.

Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге негізделген:

- жеке адамға бағытталған тәсіл бала организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді;

- әрекет ету тәсілі бала қозғалыс арқылы дамитындығын қарастырады;

- құзыреттілік тұрғыдан келу негізгі біліктіліктерді меңгеруді көздейді;

- денсаулықты сақтау тәсілі үйрету процесінде баланың денсаулығын міндетті түрде сақтауды қарастырады.

 

 


 

№19-сабақ  тақырыбы:ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫ

 

Дүние тану пәнi – оқушының қоршаған орта жөнiндегі бiлiмiн кеңейтуге, заттарды және қоршаған ортадағы өзгерiстердi бақылау дағдыларын қалыптастыруға негізделген. “Дүние тану” пәнiнiң ерекшелiгi оқу процесiнде оқушының адамды қоршаған ортамен байланыста тануында. Пәннiң мазмұнына  "Табиғат", "Адам", "Қоғам" өзара байланысты бiлiм блоктары енедi. Әрбiр блоктың мазмұны бiрiншi сыныптан төртiншi сыныпқа дейiн үздiксiз оқытылады және сыныптан сыныпқа тiзбектi күрделене түседi.

«Дүние тану» пәнін оқытудың басты мақсаты – оқушыларға адам, табиғат, қоғам және олардың байланысы туралы білім беру арқылы қоршаған ортадағы өз орнын ұғынуға көмектесу, негізгі және орта мектептерде оқытылатын жаратылыстану пәндерінің негізін қалап, келешекте сол пәндерді ғылыми тұрғыдан меңгеруге дайындау, сонымен қатар оқушылардың заттар мен қоршаған ортаны бақылау дағдыларын және тәжірибе жасау дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

«Дүние тану» пәнін оқытудың басты міндеттері:

4.    Оқушылардың дүние туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру;

5.    Денелер, нәрселер, құбылыстар, олардың қасиеттері мен өзара байланысы туралы ұғымдарды түсіндіру;

6.    Оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және дүниені танып білуге қызығушылығын дамыту;

7.    Оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастыру;

8.    Табиғатты қорғау, сақтау, қамқорлық жасау және үнемдеудің жолдарын үйрету;

9.    Қоршаған орта жайлы білімді оқушылардың өздігінен меңгеруі және оны қолдана білуі

Пәннiң мазмұны оқушыларға ғылыми бiлiмнiң әртүрлi салаларынан мағлұмат бере отырып, дүниенi танудың әдiстерiмен (бақылау, тәжiрибе, эксперимент, моделдеу, сараптау, салыстыру, синтездеу және т.б.) таныстырады.

Пән мазмұнының жан-жақтылығы, толыққандылығы, оқу материалының теориялық деңгейiнiң жеткiлiктiлiгi және оның оқушылардардың психологиялық және жас ерекшелiктерiне сәйкестiгi сол пән мазмұнының мектептiң кейiнгi сатыларында география, биология, химия, физика, тарих және қоғам тану курстарын оқып үйренуге мүмкiндiк беретiн пропедевтикалық сипатын анықтайды.

Оқушыларды практикалық iс-әрекетке тарту тәсiлдерi қоршаған орта объектiлерiмен өзара әрекеттесудi, оларды түрлендiрудi және жаңғыртуды ұйымдастыруға көмектеседi. Практикалық пәндiк iс-әрекет оқушылардың дамуына мүмкiндiк беретiн практикалық қимылдарды ойлаумен өзара байланыста дамытуды көздеуi қажет. Дүниетану пәнiн оқытуға 1-4 сыныптарда аптасына 2 сағаттан уақыт бөлiнген.

Оқушылардың пән бойынша білімін тереңдету мақсатында таңдау пәндерін ұйымдастыруға болады. Мысалы: «Адам және табиғат». «Менің отбасымның тарихы». «Табиғатты қорғау». «Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы». «Таза табиғат – халық байлығы». «Экологияның басты проблемалары және оны шешу жолдары». «Қорға, Сақта, Көбейт». «Мені қоршаған әлем».

Өзін-өзі тану

 «Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде  Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта,  жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген. 

Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Мектепте өзін-өзі тануды  оқыту  төмендегідейі міндеттерді жүзеге асырады:

1.                       адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

2.                       оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

3.                       қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.

«Өзін-өзі тану»  пәні рухани-адамгершілік білім беру  бойынша өз алдына мынадай жалпы мақсаттар қояды:

4.                       өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;

5.                       түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

6.                       өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

7.                       адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;

8.                       өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

9.                       жасампаздықпен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

10.                   өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;

11.                   қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

«Өзін-өзі тану»  пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010),  ҚР Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

«Өзін-өзі тану» оқу пәнін  оқытуға аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат бөлiнген.  «Өзін-өзі тану» пәнін бастауыш сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлық курстарынан өткен бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді.  

1-4 сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәнін  оқыту Министрліктің  Адамның үйлесімді дамуы институтымен бірге  (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған жалпы орта білім беретін  мектептерге арналған оқу бағдарламалары  бойынша жүзеге асырылады (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 18 ақпанындағы № 71 бұйрығы).

Орта білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығына, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтарына сәйкес бекітілген  «Өзін-өзі тану» оқу  пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендер пайдаланылатын болады.

 

 

№20-сабақ тақырыбы .  ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ  Бейнелеу өнері

Өнер атаулының табиғаты мен оның дамушы бала тұлғасына әсер ету ерекшеліктерінен шыға отырып, «Өнер» білімдік аймағына кіретін пәндерді оқытудың негізгі мақсаты мен міндеттерін төмендегідей айқындалды:

рухани бай және эстетикалық тұрғыдан дамыған, өз халқын, оның мәдениеті мен өнерін сүйетін, өзге халықтардың дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтейтін адам тәрбиелеу;

оқушылардың бойында білім мен нақты өнер түрлеріндегі  қалыптастыру, әртүрлі өнер түрлерінің тілін меңгеруге көмектесу.

Бастауыш сыныптарда  бейнелеу өнерi пәнiн оқытудың  негiзгi мақсаты  – оқушылардың жеке шығармашылық қабiлеттерiн дамыту, қоршаған орта әсемдігін сезіну және өнер шығармаларын бейнелi қабылдау қасиетін, көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Бастауыш деңгейінде  композициялық шешім негізінде бейнелеу, безендіру, құрастыру, живопись, графика, жапсыру және сәндік-қолданбалы өнер бойынша  қарапайым бiлiктер мен дағдылардың негiзi қаланады.

Пәннiң оқу-тәрбиелiк мiндеттерi:

- оқушылардың көркем-шығармашылық қабiлеттерi мен бейiмдерiн, фантазиясын, көру-бейнелiк жадысын дамыту, шығармашылық даралығын қалыптастыру;

- композициялар, гүлтану, пропорция, көлем, перспектива, көлеңке түсiру, техникалардың әрқилылығы заңдары  туралы алғашқы  бiлiмнiң қажеттi көлемiн қалау;

- кеңiстiктiк түсiнiктi, болмысты көркем-бейнелi қабылдауды, түстiк байлықтардың үйлесiмдiлiгiне деген сезiмд i қалыптастыру;

- отандық және әлемдiк өнер мұраларымен таныстыру.

2010-2011 оқу жылында «Бейнелеу өнері» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 )  сәйкес дайындалған бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

.

 

 

№21-сабақ тақырыбы: Бастауыш шжмектептегі музыка сабақтарын ұйымдастыру ерекшелігі

 

Тема: «Путешествие в Страну Звуков ». (один раз в неделю)

 

 

Содержание тем и разделов.

10 часов

1

Вводный урок года. Легенда о Птице-Музыке. Цыплёнок-Балапан и его друзья. Знакомство с классом.

1

2

Счастливые дорожки в музыку. Музыкальные звуки, какие они? Шумовые и музыкальные звуки. Волшебные ступеньки Соль-Ми.

1

3

Волшебные ступеньки  МИ-ДО-РЕ. Звуки  высокие и низкие. Регистры

Тихое звучание пиано.

1

4

Длительности  звуков. Звуки короткие и длинные. Ступенька СИ Волшебные  звуки маршей.Громкое звучание. Разные марши. Курмангазы "Перовский марш".

1

5

Ритмический и музыкальны орнамент.Волшебные  звуки танцев. Разные танцы. Л.Хамиди "Казахский вальс". Волшебная ступенька ЛЯ. Движение мелодии вверх и вниз. Аккомпанемент.

1

6

Волшебные  звуки песен. Разные песни. Волшебные ступеньки СОЛЬ- ДО-ЛЯ.

Половинка - долгий звук. Динамика.Звуки тихие  и громкие.

1

7

Волшебные  звуки  кюев. Разные кюи. Изобразительность музыки кюев Курмангазы. Темп. «Утёнок и короткая пауза».

1

8

Наступила осень. Закрепление понятий: звуки короткие и длинные, высокие и низкие, громкие и тихие, шумовые и музыкальные. Лига.

1

9

Волшебные ступеньки, дорожки и звуки музыки. Прощальная песенка.

1

10

Обобщающий урок I четверти по теме «Путешествие в страну звуков

1

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы: – Алматы, 1999.

ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. – Алматы, РОНД, 2002.

ҚР  бастауыш білімнің мемлекеттік стандарттары. – Алматы, 1998.

Қазақстан Республикасы  бастауыш жалпы білім беру  Мемлекеттік стандарты. Қазақстан Респуликасының Білім және Ғылым Министрлігі «Білім» Мемлекеттік бағдарламасы - Алматы: 2000.

Қ.Астамбаева, Г.И.Уәйісова,  Ш ЖБМ педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы-Алм.-2010-оқу құралы

Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. ІІ – бөлім. – А., Республикалық баспа кабинеті, 1996.

Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. – Астана, Фолиант, 2007.

Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. – Алматы, «Атамұра», 2005.

Н.Б.Истомина. Методика обучения математике в начальных классах. – М., 2000.

В.С.Кукушин. Современные педагогические технологии. Начальная школа. Ростов-на-Дону: изд-тво «Феликс», 2003.

Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы (ред. басқарған Ғ.Бегалиев). – А., 1950.

Сайпин М. Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту. – Алматы, «Мектеп», 1984.

Начальная однокомплектная школа (математика, трудовое обучение, изобразительное искусство, музыка, физкультура). – М., «Просвещение», 1980.

Малокомплектные школы: из опыта работы учителей однокомплектных и двухкомплектных школ. – М., АПН  РСФСР, 1956.

Однокомплектная школа /под ред. Т.И.Шамовой, И.В.Прокопофич / . -  М.,1977.

Савченко А.Я. Организация учебнего процесса в малокомплектной школе. -   М., 1970.

Организация и методы работы учителя с несколькими классами. – М., Учпедгиз, 1953.

В малокомплектных школах Костромской области: из опыта работ. – М., Учпедгиз, 1957.

Стрезикозин В.П.Урок в сельской малокомплектной школе. – М., 1972.

Стрезикозин В.П. Организация занятий в малокомплектной начальной школе. – М., 1969.

Самостоятельная работа учащихся на уроках в малокомплектной школе / под ред. М.А.Мельникова и А.М.Пышкало/ - М., Педагогика, 1974.

Құлмағанбетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру (мұғалімге арналған әдістемелік құрал). – А., «Мектеп», 1974

Оспанов Т.Қ. және т.б. «Математика - 1», «Математика – 2», «Математика – 3», «Математика – 4» оқулықтары. – Алматы: «Атамұра», 1997-2000, 2001-2004.

Оспанов Т.Қ. және т.б. Математиканы оқыту әдістемесі. 1,2,3 және 4 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдар. – Алматы: «Атамұра», 1997-2000.

Математикадан дидактикалық материалдар.1,2-сыныптар. (Құрманалина Ш.Х.. Қосанов Б.М. және т.б.) – Алматы: «Атамұра», 1997, 1998.

Фролов П.Т., Соловецкий И.С. Особенности педагогического процесса в малокомплектной школе (Сборник). – М., «Просвещение», 1991.

Моисеева О.И. Формирование самоконтроля у шестилетних детей при обучении математике в МКНШ. Автореферат ..... к.п.н. – М., 1988.

Сламбекова Н.М. Шағын комплектілі бастауыш мектепте жазбаша шығармашылыққа негізделген тіл дамыту әдістемесі. П.ғ.к. ...... диссертация. – Алматы, 2001.

Муканова С.Д., Сламбекова Н.М. Проект «Модель малокомплектной школы Республики Казахстан».- журнал «Открытая школа», № 11,12, 2003.

Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектеп жұмысын ұйымдастыру. – Алматы, 2001.

Құсайынұлы Ы.Қ., Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектептердегі бастауыш сыныптардағы оқыту әдістері. – Алматы, 2001.

Баймолдаев Т.М. және т.б. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік нұсқау). – Алматы, 2002.

Астамбаева Ж.Қ. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы. – Алматы, 2008.

Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер: - Алматы, 2002.

Малокомплектные школы:проблемы и перспективы. Дискуссионный  доклад.- Алматы: 2002.

Құрманалина Ш.Х, Құрманалина С.Х. Шағын жинақталған мектептегі математика. -Астана: Фолиант, 2008.

Неусыпова Н.М.  Развитие речи младших школьников в условиях малокомплектной школы. - Москва: Просвещение, 1990.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шағын жинақты бастауыш мектепте оқыту Колледж студенттеріне арналған оқу әдістемелік кешені"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Шағын жинақты мектеп. Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен принциптері, ерекшелігі.Бастауыш шжмектепте сабақ кестесінің түрлері және оларды құру технологиясыШағын жинақты мектеп. Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен принциптері, ерекшелігі

(Астамбаева,Г.И.Уәйісова Ш ЖБМ педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы-Алм.-2010-оқу құралы негізінде)

 

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. Шағын жинақталған мектепте бір мұғалім бірнеше пәнді оқытуы мүмкін, ал мектеп басшысы әкімшілік міндеттемелерді белсенді оқыту қызметімен ұштастыра алуы тиіс.

Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». 

ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.

Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.

Шағын жинақталған мектепке оқушылар саны аз сыныптары бар (5-8 оқушыдан артпайтын), сондай-ақ құрамында шағын жинақталған бастауыш сыныптары бар негізгі және орта мектеп жатады. Шағын жинақталған мектептің дамуы (бұдан әрі ШЖМ) әдетте соңғы жиырма жылда жалпы мемлекеттік міндет болып жарияланды. ШЖМ алатын орны ерекше, себебі ол білім беру мекемесі болып қана қоймай, сонымен қатар ауыл социуымының мәдениетіне көпқырлы және ерекше ықпал ететін әлеуметтік институт болып қала бермек.

Ауыл оқушыларының азаматтық көзқарасының қалыптасуына, олардың әлеуметтену үдерісіне айрықша ықпал ететін ауыл мектебінің білім беру ортасына, оның табиғатпен, ауылшаруашылығы өндірісімен байланысына  айрықша көңіл бөлінеді.

Ауыл қоғамы мектепті бала мен оның отбасын әлеуметтік қорғаудың бірден-бір кепілі ретінде қабылдайды, ұсынылып отырған білім беру қызметінің сапасын жақсартуға ғана жауап беріп қоймай, сонымен қатар ондағы тұрақтандыру орталығы болып табылады.

Шағын комплектті мектептегі мұғалімнің еңбегі шығармашылықты, бар ынтасын салушылықты, мейірімділікті және адалдықты, кәсібилікті және кешендікті талап етеді.

Ауыл мектебінде кез келген мұғалімді көбінен құр қалған балаларға деген сүйіспеншілік ұстап қалады.

Жалғыз мәдениет орталығы – мектеп қана бар. Сондықтан болашақ азаматтардың өмірді кеңінен ашық көрулері мұғалімге байланысты.

Шағын комплектті мектептегі оқу үрдісінің маңызды ерекшеліктері бар, олар бір бөлмеде екі, үш, тіпті төрт сыныпта бір мұғалімнің сабақ өткізетіндігі шарт.

Шағын комплектті мектеп мұғалімі қиын жағдайда жұмыс істейді: оған әр түрлі жастағы, әр түрлі сыныптардың оқу бағдарламалары бойынша дайындалған балалармен сабақ жүргізуге тура келеді. 

Шағын комплектті мектепте мұғалім болып жұмыс істеу, күмәнсіз кәдімгі мектепке қарағанда қиын және күрделі.

Бірнеше сыныптармен бір мезгілде сабақ өткізу шағын комплектті мектептің мұғалімінен мұқият дайындықты, оқу жұмысын дұрыс ұйымдастыруды, сабақ кестелерін рационалды құруды, сонымен қатар педагогикалық әдептің ебін тауып  көрсетуді талап етеді.

Шағын комплектті мектептегі жұмыстың ерекшелігі өзіндік жұмыссыз екі-үш сыныппен сабақты ұйымдастыру мүмкін еместігінде. Шағын комплектті мектептегі сабақтарда балалармен өзіндік жұмыс оқу уақытының 50 % алады, ал кәдімгі мектеп өзіндік жұмысқа сабақтың 20%-на жуық уақыт кетіріледі. Сондықтан мұғалім балаларды дербес жұмыс істеуге үйретуі қажет. 

Оқыту үрдісінде балалар кітаппен және дидактикалық материалдармен жұмыс істеуге үйренеді.

 

 

Әр пәндік және бір пәндік  сабақ кестесінің үлгілері

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 262 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2015 21741
    • DOCX 1.7 мбайт
    • 438 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Cултанова Гайни Тукеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Cултанова Гайни Тукеновна
    Cултанова Гайни Тукеновна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 86795
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Корпоративные финансы

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Методическая деятельность в дополнительном образовании детей и взрослых

Методист организации дополнительного образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 155 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 728 человек

Курс повышения квалификации

Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 76 человек

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе