Инфоурок Начальные классы КонспектыФизминутки "Сергіту сәті" жинағы

Физминутки "Сергіту сәті" жинағы

Скачать материал

СЕРГІТУ СӘТТЕРІ

 

 

 

Орындаған: Абдрахманова З.С.

 
http://skyclipart.ru/uploads/posts/2010-05/1274675357_mamairina4_all.jpg

АЛҒЫ СӨЗ

 

Балаларды біліммен қаруландырумен қатар олардың дені сау, дене бітімінің көз тоярлықтай болып барлық күшін, шығармашылық  қабілетін сарқа жұмсауы керек. Бүгін алдымызда отырған кішкентай бүлдіршін-ертең еліміздің экономикалық қуатын, мәдени және рухани байлығын молайтатын еңбекқор. Сондықтан еліміздің азаматтарын жан-жақты тәрбиелеуге мұғалімнің атқарар еңбегі зор.

Сергіту жаттығулары адам организміндегі физиологиялық процестердің дұрыс жұмыс істеп, бұлшық еттердің  жаксы жетілуіне, көңіл-күй, есте сақтау, қабілетінің артуына септігін тигізеді.

Үнемі қимыл қозғалыста болу әсерінен сүйек, сіңір мен тамыр мықты болып, арқанның, қол-аяқтың бұлшық еттері шынығып, табиғи бұлшық ет пайда болады. Сонымен қатар оқу процесінде оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, мәнерлеп оқу, ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу, әр дыбысты толықтай меңгеруге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сергіту жаттығуларының мәні зор.


 


СЕРГІТУ СӘТТЕРІ

 

Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
***
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
***
1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
***
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
***
Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.
***
Қане балалар, тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз.
***

Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп,
Жапырақты жамылып,
Жата қалды көбелек.
***
Бармақ болып жұмысқа,
Қырға шықты құмырсқа,
Тоңып кетіп аяғы,
Қырға қайтып шығады.
Ой – ой – ой,
Әне аю келеді.
Құмырсқаны көреді.
Енді қайтып құтылар,
Илеуіне тығылар.
***
Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)
Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)
***
«Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
***
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы,
Желмен бірге ырғалған.
***
Тепе-теңдік жолменен,
Арасында мен келем.
Бір, екі, үш, төрт,
Келе жатқан жете алмай,
Мынау бздің мекен-жай.
***
Қоюланып қара бұлт,

Жауды жаңбыр себелеп.

Жапырақтың астына,

Бұға қалды көбелек.

***
Топ-топ, топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса - жаса жарқын күн,

Жаса -жаса алтын күн.

***
Біздер тату баламыз,

Гүл -гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы серігіп қаламыз.

***
Шаршаса қолымыз,

Оңымыз, солымыз.

Былай - былай ойнаймыз,

Күш жігерді жинаймыз.

***
Жаза, жаз қолымыз,

Талып кетті қолымыз.

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш,

Терезені ашайық.

Шаң тозаңды басайық,

Жалқаулықты тастаймыз,

Қайта сабақ бастаймыз.

***
Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

***
Аспанға қарап ай көрдім,

Жерге қарап жер көрдім.

Оңға бқрылып, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

***
Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп- теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

***

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Қолды сермеп аламыз,

Үлкен адам боламыз.

***
Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып ытқып жүгірді.

***
Ал, кәнеки көжектей,

Ырғып- ырғып қашайық.

Шөпке тойған көжектей,

Танаудан дем алайық.

***
Он, жиырма, тоқсан, жүз,

Тойлаймыз ата тойын біз.

Ғабит ата өзіңдей,

Біз жазушы боламыз.

Жазған аңыз, ертегіңді,

Ынта қоя оқимыз.

***
Қырғаул болып ұшамыз, ұшамыз.

Түлкі болып қашамыз, қашамыз.

Қырғаулдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз, қонамыз.

***
Тік ұста бойыңды,

Жоғары соз қолыңды.

Соз қолыңды тағы да,

Жеткіз жираф мойына.

***
Бір, екі, үш,

Дем аламыз жинап күш.

«Бес»- тік баға аламыз,

Қуанып үйге барамыз.

***
Күнге тосып арқасын,

Шуақтайды тау- тасың.

Қар астынан қылтиып,

Шыға келді жауқазын.

***
Қолдарын кеудесіне қойып -  Менің,

Қолдарын жайып - Отаным,

Шапалақтап - Қазақстан!

Жоғары- төмен қарайық,

Оңға, солға түзу тұр.

Бойымызға күш жинап,

Біз дем алып алайық.

***
Бөбегім тұршы,

Бетінді жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Бала, бала, балақан,

Қәне, қайсы алақан?

Саусақтары әйбат,

Былай- былай ойнат.

***
Орнымыздан тұрайық,

Мойнымызды бұрайық.

Қолымызды көтеріп,

Алақанды созайық.

***
Қол ұстасып тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уықтай боп иіліп,

Киіз үйді құрамыз.

***
Айнаға қараймын,

Шашымды тараймын.

Үстімді түзеймін,

Оңға бұрам басымды,

Солға бұрам басымды.

***
Ұсталардай тарсылдап,

Шегелерді қағамыз.

Әшекейлеп, әдемілеп,

Қағазды да қиямыз.

                                  ***
                              Дүкенге бардым,

Қолшатыр алдым.

Желдеткіш алдым,

Велосипед алдым.

***
Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

***
Менің атым Алма,

Он саусағым талма.

Домбыра тартып берейін,

Билейтінің бар ма?

***
Аппақ болып таң атып,

Түтін тіке шығады.

Қарлығаштар қанатын,

Самғап биік ұшады.

***
Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бесті беске қосқанда,

Болады екен он саусақ.

***
Қарлығашқа ұқсайық,

Қане қанат қағайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып, ұшып қонайық.

***
Аққу болып ұшамыз,

Көлге келіп қонамыз.

Көлдің бетін құшамыз,

Қайта самғап ұшамыз.

***

Қане, балалар, тұрайық,

Мойнымызды әрлі-берлі бұрайық.

Қомдап алып, қанатыңды ұша ғой,

Қайта орлып, анашыңды құша ғой.

***
Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар,

Саусақтармен ойнаңдар,

Сонан соң қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсын,

Саналарын тынықсын.

***
Алға қарай бір қадам,

Артқа қарай бір қадам.

Оңға қарай бір қадам

Солға қарай бір қадам.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл тынығып ал адам.

***
Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

***
Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай - ақ.

***
Бір екі, бір екі, аяқты аламыз.

Адыммен бір келкі, сап түзер баламыз.

Біз жауынгер баламыз.

Бір екі, бір екі, жігерлі ән саламыз.

Тізіліп бір келкі, ертең өсіп жеткенде

Ел қорғайтын боламыз.

***
Оңға қарай бір адым,

Солға қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Оқимыз, жазамыз,

Біз мектепке барамыз.

Оқимыз, жазамыз,

Күнде бестік аламыз.

***
Біз орманда келеміз,

Күн бұлттанды.

Жаңбыр жауды

Жаңбыр қайта жауды.

Күн басылды,

Қабағымыз айдай ашылды.

***
Шаршаса қолымыз,

Оңымыз, солымыз.

Былай былай ойнаймыз,

Күш жігерді жинаймыз.

***
Ал, балалар, бір ауыз,

Рет санын ұғалық.

«Бір» дегенде отырып,

«Екі» дегенде тұралық.

***
Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Қолға қалам аламыз

Әдемі етіп жазамыз.

***
Шынығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай.

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз сосын тыныс жай.

***
Қақпаға туралап,

Доп тепті оң аяқ.

Қақпаға туралап

Доп тепті сол аяқ.

Оң аяқ, сол аяқ.

Жаттығу оңай-ақ.

***
Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз – талапты жас ұлан

Үлгі аламыз жақсыдан.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Физминутки "Сергіту сәті" жинағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 682 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2017 5129
    • DOCX 159.6 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдрахманова Зауреш Сатвалдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32366
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 392 человека из 66 регионов

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе