Инфоурок Биология КонспектыЩұбалшаңның қан айналым жүйесі

Щұбалшаңның қан айналым жүйесі

Скачать материал

Сабақтың мақсаты: Білімділік – Буылттық құртты мысалға алып, ішек қуыстылы, жалпақ, жұмыр құрттармен (сыртқы, ішкі құрылысы бойынша) салыстырғанда әлдеқайда күрделі ерекшелік сипатын көрсету. Шұбалшаңның топырақ түзу процесіндегі маңызын анықтау.

Дамытушылық – оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп, талаптануын арттыру.

Тәрбиелік – ойын элементтерін пайдалана отырып, болашаққа көзқарасын қалыптастыру.

Технология, экология, салауаттану, 6 сынып биологиясы пәндерімен пәнаралық байланыста өткен сабақта көрнекті баяндау, ойындар және зертханалық жұмыстар, тест тапсырмалары әдістері қолданылды.

Сабақтың көрнекілігі: «Шұбалшаңның сыртқы және ішкі құрылысы», «Буылтық құрттардың сан алуандығы», «Буылтық құрт денесінің көлденең кесіндісі», «Құрттар типтерінің салыстырмалы кестесі», зертханалық жұмыс үшін: тірі шұбалшаңдар, ұлғайтқыш әйнек, тәрелке су, оқушылар столына бір парақтан ақ қағаз, сапталған инелер, шыны таяқшалар, ұсақталып туралған пияз, сызғыштар таспаланған мата, қысқыш (пинцет).

Сабақ үш түрлі минисабақ түрлерінен құрылды.

1. Жарыс сабақ.

2. Зертханалық жұмыс.

3. Тест тапсырмалары, биологиялық ойындар. 

 

I. Биологиялық ойындар сабағында сынып оқушылары үш топқа бөлінді:

1. Ақсұлама 2. Ішексорғы 3. Шұбалшаң

«Буылтық құрттар типі» тақырыбын түсіндіру үшін оқушылардың шұбалшаң туралы 6 сынып биологиясынан алған білімдеріне (6 сынып, «Биология» §34, 36, 38, 40, 42, 44) сүйене отырып үш топтың арасына жарыс сабақ ұйымдастырдым.

Тақтаға сыртында цифрлары бар қағаздар жапсырылған. Қағаздың келесі бетінде шұбалшаңның сыртқы құрылысы, ас қорыту, қан айналу, зәр шығару, жүйке жүйелері, бұлшық еттері туралы сұрақтар бар.

Үш топ кезегімен сұрақты таңдайды да, сұрақтың жауабын топ болып іздейді. Топтан бір оқушы шығып, тақтаға ілінген таблицаны пайдалана отырып жауап береді. Жауап іздеуге 1 минут уақыт беріледі. Қолдарындағы қағаздағы сурет тұсындағы және жауап тұсындағы ойықтарға бірдей сандар қоюлары керек. 

Алдымен бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбы «Буылтық құрттар типі» екенін айта отырып сынып оқушыларына мынадай сұрақтар қойылады. «Алдарыңдағы ыдыстағы құрт сендерге таныс па, қалай аталады, қандай жерде мекендейді? Неліктен шұбалшаңды буылтық құрттар типіне жатқызады?»

Оқушылар ыдыстағы құрттың шұбалшаң деп аталатынын, оның ылғалды, құнарлы бақша топырағында кездесетінін, денесі көптеген буылтықтан тұратындықтан «буылтық құрттар типіне» жататынын айтады. 

Сосын «жарыс сабақ» басталып, топтағы оқушылар тақтадағы сұрақтарды кезегімен таңдап, жауап бере бастайды.

II. Зертханалық жұмыс оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, теориялық білімін практикамен ұштасу мақсатында жүргізіледі. 

№15. Шұбалшаңның сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркенуге қайтаратын жауабын бақылау.

Құрал-жабдықтар: 1) екі (болмағанда үш) оқушыға бірден келетіндей етіп шұбалшаң әзірлеу; 2) осынша мөлшерде стақан немесе шыны ыдыстар; 3)қолға ұстап қарайтын ұлғайтқыш әйнек; 4)шыны таяшалар; 5)пияздың пиязшығы; 6) қалта электр шамы. Құрттарды шыны ыдысқа салып, оқушылардың үстелдеріне тарату.

1. Ылғалды және құнарлы топырақты үлескіден шұбалшаңның ірі дараларын тауып алу. 

2. Шыны ыдыстағы шұбалшаңды қолмен сипап, анықтап қараңдар. Шұбалшаңның ұзындығын сызғышпен өлшеңдер. Денесінде неше буылтық бар екенін санаңдар. Шұбалшаңның денесі саусақпен сипағанда қалай әсер ететінін байқаңдар. Терісінің саусаққа қалай сезілгенін айтыңдар. 

3. Шұбалшаңның аузы қалай орналасқанын, денесінің алдыңғы және соңғы бөлігін анықтап, ажыратыңдар.

4. Шұбалшаңның арқасы мен құрсақ жағында қандай айырмашылық болатынын байқаңдар. Құрт денесіндегі қылтандарының қалай орналасқанын ұлғайтқыш әйнекпен анықтап қараңдар. Шұбалшаңның әр түрлі тақтайшаға (әйнек, ағаш, топырақ себілген) жіберіп, қалай қозғалатынын бақылаңдар. 

5. Шұбалшаңның денесін шыны таяқшамен түртіңдер. Байқағандарыңды дәптерге жазыңдар. Пияз пиязшығын алдына тастағанда шұбалшаң қандай айла жасайтынын бақылаңдар. Шұбалшаңға қалта электр шамымен жарық түсіріп көріңдер. Оның шұбалшаңға қалай әсер еткенін дәптерге жазыңдар.

III. Оқушылардың теориялық алған білімдерін пысықтап, сабақты бекіту үшін тесттік сұрақтар, биологиялық ойындар жүргізілді. 

1. «Кім шапшаң ойыны»

Мақсаты: Оқушылардың шұбалшаңның ішкі құрылысы туралы алған білімдерін бекіту. 

Ойынның шарты: Үш топқа шұбалшаңның ішкі мүшелері жазылған қиық қағаздар таратылады. Оқушылар оқулықтағы 127-суретке қарай отырып, өздеріне берілген ішкі мүшелерді тез тауып, қолдарындағы қиық қағаздарды магнитті тақтаға жапсырып, тұстарына сәйкес сандарын жазады және өздеріне тапсырылған ішкі мүшелерді таблицадан көрсетеді.

2. «Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны. 

Мақсаты:оқушылардың құрттар типтерінің өкілдерін бір-бірінен ажырата білулерін анықтау. 

Ойынның шарты: Еденге бормен үш дөңгелек сызылады. Бірінші шеңбердің ішіне «жалпақ құрттар типі», екінші шеңбердің ішіне «жұмыр құрттар типі», үшінші шеңбердің ішіне «буылтық құрттар типі» деп жазылған.

Ойынның барысы: «Ақ сұлама», «Ішек сорғы», «Шұбалшаң» топтарынан ортаға шыққан үш оқушы мұғалім белгі берген сәтте өз типтері жазылған шеңберге тез кіруі керек.

3. Ойынның екінші нұсқасы.

Столдың үстіне тип өкілдер жазылған қағаздар жатыр: ішексорғы, сиыр цепені, бауырсорғыш, ақ сұлама, үшкірқұрт, нерейда эхинококк, миқұрт, шұбалшаң, құмқазар, сүлік, айырдене.

Ойынның шарты: Үш топтан үш оқушы шығып «буылтық», «жұмыр», «жалпақ» құрттар типінің өкілдерін шеңбер ішіне орналастыру керек. Қай топ бұрын, әрі дұрыс өкілдерін тапса, сол топ жеңімпаз.

Тесттік сұрақтар.

1. Шұбалшаң қандай мүшесі арқылы тыныс алады?

а) тері жабыны арқылы

ә) желбезек арқылы

б) демтүтікшелер арқылы

2. Шұбалшаңның зәр шығару мүшелері:

а)имек түтікшелер

ә)жасыл түсті без

б)жиырылғыш вакуоль

в)мальпигии түтікшелер

3. Шұбалшаңда «ми» деп қай жүйке түйінін айтады:

а) жұтқыншақасты түйіні

ә) жұтқыншақүсті түйіні

б) құрсақ жүйке тізбекшесі

4. Қандай бұлшықеттің жиырылғанды шұбалшаң денесі ұзарады:

а)сақиналы бұлшықет

ә)біріңғай салалы бұлшықет

 

Қызықты мәліметтер

1. Шұбалшаңды қазақ емшілері дәрі есебінде қолданған. Оны жаңа күйінде, кейбір жағдайда дұрыстап кептіріп алып пайдаланады. 

Адамның кеңірдек өңеші қабынғанда, я болмаса алқынғанда, деміккенде талқандалған 1,2 грамм шұбалшаң үгіндісін  1 грамм өрік дәнінің ұнтағына араластырып, оны 0,6 грамнан екіге бөледі. Дайындалған дәріні күніне екі реттен қайнаған суға қосып ішеді. 

Шұбалшаңды қан қысымы көтерілгенде жиі қолданылады. Шұбалшаңды отқа қақтап кептіреді де, жақсылап талқандайды. 0,5 грамнан күн сайын екі-үш реттен қайнатылған суға араластырып ішу керек. 

2. «Қобыланды» жырында «шұбалшаң салып ат мінген» деген жол бар. Тайбурылды алты қанат ақ ордаға салып, «түтікпенен су беріп, түңдікпенен күн беріп» баптағанда, танауынан шұбалшаң да салады екен. Бұл арғымақтың алысқа шапқанда тынысын кеңейтеді екен. 

Сабақты топаралық жарыс, зертханалық жұмыс, биологиялық ойын, тестік тапсырма түрінде өткізу оқушылардың танымдық қызығуын арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамытып, белсенділігін арттырады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Щұбалшаңның қан айналым жүйесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Шұбалшаңның асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, оның көбеюі және дамуы.Жалпы мақсаты Шұбалшаңның асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, көбеюі және дамуы туралы түсінік беру.Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2. Биология оқыту әдістемесі. 7 сынып 3. 7- сыныпқа арналған биология оқулығы. Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов,Ж.Қожантаева. 4. 4. Биология пәні бойынша дидактикалық материалдарОқушылар үшін оқу нәтижелері: Буылтық құрттарда жүретін физиологиялық процесстердің маңызын түсіну, көбею және даму ерекшеліктерін білу.Негізгі идеялар Шұбалшаңның ішкі мүшелерін біле отырып, оның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіну.Сабақта қолданылатын материалдар: Бейнежазба, электронды оқулық ,плакат, фламастар, стикерлер, жұмыр құрттардың суреттері, Оқыту әдістері: СТОДиалогты оқытуАКТ 1.Топтық жұмыс2. Жеке жұмысДерек көздері Паразит құрттардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы тақырыбында берілген материалдар.Биология жұмыс дәптері. Оқушы анықтамалығы. Интернет материалдарыТапсырмалар Сұрақтарға жауап беру,1.Электронды оқулықтан шұбалшаңның көбеюі туралы сурет көрсету және оған сипаттама бергізу арқылы тақырыпқа шығу.1. Миға шабуыл2. Суретке шұбалшаң мүшелерін белгілеу 4.Биологиялық диктант3. Ситуациялық сұрақтар 5.Қорытынды: СөзжұмбақСабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекетіI.Оқушыларға психология-лық ахуал туғызу. (3 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекетіТренинг: Көз қыстыМұғалім ортадағы орындақта отырады да оқушылардың біріне көзін қысады, оқушы жүгіріп келіп отырады. Оқушылар ортадағы оқушының кімге көз қысқанын білсе оны ұcтап қалу керек. Тренинг осылайша жалғасады.Сірқабық, мезодерма, гиподерма, целом nоптарына бөлінеді. Бағалау бетшесін топ басшыларға тарату. Сірқабық, мезодерма, гиподерма, целом топтарына бірігеді Топ басшысын сайлау. Топ басшылары топ оқушыларының бағаларын бағалау бетшесіне белгілеуі керекМұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекетіII.Үй тапсырмасын сұрау (7 мин) 1.Неліктер буылтық құрттар деп аталған?2. Буылтық құрттар қандай кластарға жіктеледі?3.Алғаш рет оларда қандай жүйе пайда болған?4.Целом дегеніміз не? Берілген сұрақтарға топ болып жауап беру, тапсырманы топ болып орындау.Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекетіIII.Жаңа тақырып (20 мин). 1.тапсырма: Зейінді жинақтауБуылтық құрттар туралы электронды оқулықты пайдаланып суреттер көрсету. Оқушылар сұрақтарға жауап береді1.Суреттен не көрдіңдер?2. Шұбалшаң туралы не білеміз?3.Ол қайда өмір сүреді?4.Оның қандай маңызы бар?2 тапсырма: Суретке шұбалшаң мүшелерін белгілеу№ Ішкі мүшелері Қызметі1 ауыз қоректену2 жүйке түйіні тітіркенгіштерге жауап беру3 жұтқыншақ қоректі ауыздан өңешке өткізу4 жүрекше қанды айдау5 өңеш қоректі жұтқыншақтан жемсауға өткізу6 жемсау қоректі жұмсартады7 қарын қоректі араластырады8 арқа қан тамыры қанайналым9 ішек қоректі қорытып, сіңіреді10 құрсақ жүйке тізбекшесі ішкі мүшелер жұмысын реттеу11 құрсақ қан тамыры ішкі мүшелерге оттекті және қоректік заттарды тасымалдау3 тапсырма: Ситуациялық сұрақтар1.Шұбалшаң неге жаңбырдан кейін топырақтың бетіне шығады?2. Егістіктегі жауынқұртты балалар өлтіріп жүрсе сен не істер едің?3. Шұбалшаң бөлініп жатқан болса сен не істер едің? Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыстанады.1.Тыныс алу үшін2.Пайдасын түсіндіру3.Регенерацияға қабілеттіСергіту сәті: Әуенмен би4 тапсырма: Биологиялық диктант1.Жауынқұрт .... құрттар класының өкілі.2.Жауынқұрттың аузы денесінің ... жағында орналасқан.3.Қанайналым жүйесі ....4.Жауынқұрт ..... қабілетті Оқушылар жұптасып орындайды1.Жауынқұрт азқылтанды құрттар класының өкілі2.Жауынқұрттың аузы денесінің алдыңғы жағында орналасқан.3.Қанайналым жүйесі тұйық4.Жауынқұрт регенерацияға қабілеттіIV.Қорытындылау(5 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті«Шұбалшаң» сөзжұмбағын шешуТоптар біріге отырып тапсырманы орындайдыV.Үйге тапсырма беру (2мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекетіШұбалшаң туралы мәлімет жинау Үй тапсырмасын білу, түртіп алуVI.Бағалау (5мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекетіФормативті, суммативті, топтық, жұптық бағалау Өзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы, бағалау парағына бағаларды түсіріп отырадыVII,Рефлексия (3 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекетіСабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу стикерлер тарату Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 606 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.11.2020 10471
    • DOCX 17 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Новгородова Ольга Тимофеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Новгородова Ольга Тимофеевна
    Новгородова Ольга Тимофеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 95089
    • Всего материалов: 244

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 556 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 809 человек

Курс повышения квалификации

Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 325 человек

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе