Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыСценарий проведения праздника ДЕНЬ ПОБЕДЫ в школе

сценарий проведения праздника ДЕНЬ ПОБЕДЫ в школе

Скачать материал

І жүргізуші Саят:

 Құрметті ардагерлер,ұстаздар,
оқушылар,қонақтар.
  Ұлы жеңістің 68 жылдығына байланысты өткізіліп отырған мерекелік концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер.

ІІ жүргізуші Асель: Міне, Ұлы Жеңістің 68 жылдығын
тойлағалы отырмыз. Жеңіс… Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы
минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе?
Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.

І жүргізуші: Соғыс жылдарында біздің
Қазақстанда соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әжелеріміз соғыстың алғашқы сәттерінен –ақ майданға аттанды.

Дәл осынау жадыраңқы жәй күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отан басымды иіп бір минут,

Есіме алам сол бір апат қайғыны.

Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай
болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік.

(1 минут үнсіздік).

ІІ жүргізуші:

 Жеңіс жолында Отан үшін
су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай
шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана – жарын жоғалтқан жесір, бала -
әкесінен, анасынан айырылған жетім атанды.Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама
ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді.Ал, тылда қалған қарттар,аналар мен
бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы – қасіретін арқалай жүріп, бірде
аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. 

Іжүргізуші: Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың
бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт
өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті. Жеңіс күні – адамзат
аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен  -
1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні

ІІ жүргізуші:. Өздеріңізге белгілі, 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді.Халқымыз адам айтқысыз қиын- қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен Совет Одағының шекарасын бұзып, басып кірді.

--соз-----------------------------------------------------------------------

І жүргізуші:  Жеңіс оңайлықпен
келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқандар: Талғат Бегельдинов, Бауыржан
Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Маншүк Маметова, Әлия Молдағұлова және осы
ауылымыздың ардагерлері сияқты есімдері аңызға айналған,

аталарымыз, әжелеріміз
тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.

-номер---------------------------------------------------------------------
І Іжүргізуші: Ұлы Отан соғысына
қатысқан батыр қыздарымыздың бірі Әлия
Молдағұлова 1924 жылы Ақтөбе облысының Қобда ауданының Көкбұлақ деген жерінде
туып, Ойыл ауданындағы Алтықарасу ауылында өскен.

І жүргізуші: 1944 жылы Ленинград
маңындағы елді мекенді азат етуде алдыңғы шепте жүрген Әлия, «Отан үшін алға!»
деп барлық жауынгерді соңынан ертіп, шабуылға шығады. Жаудың бораған оғына
қарамай қыстаққа бәрінен бұрын алдымен өзі кіріп, бірнеше жаудың көзін жояды.
ІІ жүргізуші:

Әлияның соғыс жылдары мергендік атағы шықты. 

Ол небәрі 20 – ға толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмды. Біз Әлияны ешқашанда
ұмытпаймыз.Соз:_________________________________

І жүргізуші: Аты аңызға айналған
Бауыржан ата 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданында Көлбастау
ауылында дүниеге келген

ІІ жүргізуші: Бауыржан атамыздың дүниеге келгенін биыл 100 жыл толады. Бауыржан Момышұлы
– елі үшін ерен еңбек жасаған, өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған.Номер:------------------------------------------------------

І жүргізуші: 68-жыл-бейбіт көктем таң атқалы,

68-жыл –шуақты күн тараты әнін

Есімде сонан бері 68 рет,

Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Соз:--------------------------------             

ІІ Жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың
сыңары,

Жігерленген құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуыныш пен мерекенің бұлағы.

Номер:----------------------------------------------------------

І жүргізуші: Жеңіс!

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі бар балаға.

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән – көрік.

Жеңіс келді, алақай,

Тоя жейтін нан болып.  Номер:---------------------------------------------

ІІ жүргізуші: Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген ардагер аталарымыз бен апаларымыз аға ұрпақтың жауынгерлік және еқбектегі ерліктерін әрқашан мақтан тұтамыз.
Жасасын жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халық түрегел! деп
----------------------------------------әнін қабыл алайык

І жүргізуші: Соғыстың құны – кесілген білек,

Соғыстың құны – тесілген жүрек.

Соғыстың құны – лаулаған орман,

Соғыстың құны – уланған арман.

Соғыстың құны – өртенген   аспан,

Соғыстың құны – төгілген жас қан… Номер-----------------------------

ІІ Жүргізуші:

Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат еткен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,-деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945 жылдың 9-мамырында қайта оралды.

Номер------------------------------------------------------

І жүргізуші:

Сен неткен Отан-анам, ғажап едің,
Әсемдеп көркем тілмен жазар едім,
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, ұлы Отаным-қазақ елім.

Номер------------------------------------------------

ІІ Жүргізуші:

Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды демей ме, дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларға арналады.
номер---------------------------------------------------

І жүргізуші:

Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын,
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отырып, ардагер аталарымызға-әжелерімізге келгендеріне рахмет айта отырып, жылда осы Жеңіс күні біздің арамызда мейрамдай берулеріңізге тілектеспіз. Сіздердің құрметтерінізге

Номер----------------------------------------------------

ІІ Жүргізуші: Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты. Номер---------------------------------------

І жүргізуші:

Болмасын соғыс!
Жасасын Жеңіс – мамыр – ай!
Қозы – лақ шапсын енесін еміп жамырай,
Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,
Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай.

ІІ Жүргізуші:
О, мейлі, қарын ашығып қалса сәл ғана,
Жаралы елді артпай – ақ қойдық арбаға,
Күн күліп, гүл өсіп тұрсын далада
Қан қызыл оқтан жараланбасын ақ дала.

Корытынды соз:

І жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

ІІ Жүргізуші:

Құрметті ардагерлер,ұстаздар,
оқушылар,конактар  осымен
Ұлы жеңістің 68 жылдығына байланысты өткізіліп отырған мерекелік концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз. Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий проведения праздника ДЕНЬ ПОБЕДЫ в школе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сценарий проведения Дня Победы в школе.

Соғыстың құны – кесілген білек,

Соғыстың құны – тесілген жүрек.

Соғыстың құны – лаулаған орман,

Соғыстың құны – уланған арман.

Соғыстың құны – өртенген   аспан,

Соғыстың құны – төгілген жас қан… 

 

Болмасын соғыс!
Жасасын Жеңіс – мамыр – ай!
Қозы – лақ шапсын енесін еміп жамырай,
Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,
Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай.

На праздник приглашены ветераны ВОВ и приравненные.

Перед концертом проводится возложение венков к памятнику /дети,педагоги и родители строем идут в парк/и МИТИНГна школьной площадке .

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 765 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.01.2015 542
    • DOCX 20.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муздыбаева Галина Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 8
    • Всего просмотров: 4122
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мастерство оратора: искусство убедительной и выразительной речи

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 406 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Курс повышения квалификации

STEM-образование для детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 643 человека

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык как иностранный: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель, преподаватель русского языка как иностранного

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 538 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 636 человек

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе