Инфоурок Другое Рабочие программыСценарий "Осений балл" (9-10 класс)

Сценарий "Осений балл" (9-10 класс)

Скачать материал

03.11.2015 жыл

Сағат: 1500

«Сыбдыры сұлу, Алтын күз!» күзгі балл сайысының сценарийі

9,10 – сынып

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Сыбдыры сұлу, Алтын күз!» атты күзгі балл сайысына ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

«Сыбдыры сұлу, Алтын күз!» күзгі балл сайысының жүрісі

1.     2-жүргізуші шығу

2.     2014-2015 оқу жылының күз ханзадасы мен күз ханшайымын ортаға шақыру

3.     Ханзада мен ханшайымдарды шақыру

4.     Әділқазылар алқасын шақыру

5.     Сайыс бөлімдерін таныстыру

6.     Күзгі вальс биін билеу

Жоспары:

1.     Әр сыныптың өз өнерлері (ән, би, көрініс т.б.)  

2.     Ханзада мен ханшайым сайысы

Шарттары: 1. Таныстыру

                   2. «Кім тапқыр» Сұрақ-жауап

                   3. Күзге байланысты көрме дайындау

4.     Өз өнерін көрсету (ән, би, көрініс, актерлық шеберлік т.б.)

5.     Сән үлгісі

1-жүргізуші:

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Сыбдыры сұлу, Алтын күз» атты күзгі балл кешіне қош келдіңіздер. Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жаз даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық.

2-жүргізуші:

Нағыз сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені  дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.

1-жүргізуші:

Қош келдіңіз көрермен,

«Күзгі балл» сын-кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

«Күзгі балды» тойлаймыз.

2-жүргізуші:

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын – дей отырып  2014-2015 оқу жылындағы күзгі балл  сайысының жеңімпаз  Ханзадасы мен Ханшайымын ортаға шақырамыз, алдарыңызда Қашқынов Сакен мен Елемесова Жайна.

1-жүргізуші:

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Бүгінгі біздің бағдарламамызда:

Келтіретін ардайым сезім күйін,

Көресіздер қызықтың неше түрін

Әншінің анықтаған әнін естіп,

Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.

Осылай бәрі-бәрі болып жатса,

Мақсатқа қалар едік біз де жетіп- дей отырып  бүгінгі күзгі бал кешіне  қатысушы ханшалар мен ханзадаларды ортаға шақырайық.

9 «А» - сыныбының ханзадасы мен ханшайымы Наурызов Дәулет пен Наурызова Сания

9 «Ә» - сыныбының ханзадасы мен ханшайымы Сұлтанов Нұрдаулет пен Кенжебекова Майра

9 «Б» - сыныбының ханзадасы мен ханшайымы Айдынбеков Талғат пен Сәрсенбаева Жансая

9 «В» - сыныбының ханзадасы мен ханшайымы Кадирбаев Айдар мен Хаирбаева Арай

10 «Ә» - сыныбының ханзадасы мен ханшайымы Жұмабек Темірлан мен Қашқынова Әсем

2-жүргізуші:

Күз мейрам құтты болсын баршаңызғы,

Күздің сәні келіп қапты ортамызға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңызға-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.

1.     Тәрбие ісінің меңгерушісі – Мақсымбай Күмісбек

2.     Ұйымдастырушы педагог – Қаражанова Нағима

3.     Қосымша білім беру педагогы – Абенова Нағима

Олай болса алдарыңызда күзгі вальс биімен ханзадаларымыз бен ханшайымдарымызды қарсы алайық.

1-жүргізуші:

Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Сыбдыры сұлу, Алтын күз!»  атты сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.

Олай болса 1-ші бөлім таныстыру

2-жүргізуші:

Ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыз өздерін таныстырып болса, әділқазылар алқасының бағасын көрейік.

1-жүргізуші:

Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің

Тамаша бірдей сұлу күн мен түні

Сондықтан биылғы күз мерекелі,

Байлығы өте-мөте берекелі

Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені,-дей келе келесі бөліміміз  сұрақ-жауап  сайысы.

Олай болса 2-ші бөлім сұрақ-жауап сайысы

2-жүргізуші:

Ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыз сұрақтарға жауап беріп болған болса, әділқазылар алқасының бағасын көрейік.

Олай болса келесі бөліміміз күзг байланысты көрме дайындау.

2-жүргізуші:

Ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыздың күзгі көрмелерін тамашалап болсақ, әділқазылар алқасының бағасын көрейік.

1-жүргізуші:

Күз келіп, хан мен ханшайым

Өткізді күзгі балл айын

Ханшайым тапқыр қыз болды,

Ағызар сөйлеп сөз майын

Ал ханымыз ақылды,

Барша жұртты шақырды

Би де билеп, ән айтты,

Қуаныштан шалқыды.

2-жүргізуші:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер Ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыздың өнерін  тамашалайық. 

Олай болса келесі бөліміміз өз өнерін көрсету.

1-жүргізуші:

Ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыз өз өнерін көрсетіп болған болса, әділқазылар алқасының бағасын көрейік.

2-жүргізуші:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.

Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді.

 Олай болса келесі бөліміміз сән үлгісі

1-жүргізуші:

Ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін тамашаладық, енді әділқазылар алқасының бағасын көрейік.

2-жүргізуші:

Қатысушылармыздың өнерлерін, тапқырлықтарын, шешендіктерін  тамашаладық,  арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)

1-жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес,жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп,жеңілдім  деп ренжіме,

Қатысу да бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын!Қош дейміз әлі талай сайыстар бар.

2-жүргізуші:

Бүгінгі «Сыбдыры сұлу алтын күз»атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!

 

Бас жүлде – 9 «А» сынып оқушылары Наурызов Даулет пен Наурызова Сания

І орын –  10 «Ә» сынып оқушылары Жұмабек Темірлан мен Қашқынова Асем

ІІ орын – 9 «Ә» сынып оқушылары Сұлтанов Нұрдаулет пен Кенжебекова Майра

ІІІ орын – 9 «Б» сынып оқушылары Айдынбеков Талғат пен Сарсенбаева Жансая,   

9 «В» сынып оқушылары Кадірбаев Айдар мен Хаирбаева Арай

 

Сынып өнерлері

І орын – 9 «А»

ІІ орын – 9 «Б»

ІІІ орын – 10 «Ә»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий "Осений балл" (9-10 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Сыбдыры сұлу, Алтын күз!» күзгі балл сайысының сценарийі9,10 – сыныпМақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Сыбдыры сұлу, Алтын күз!» атты күзгі балл сайысына ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.«Сыбдыры сұлу, Алтын күз!» күзгі балл сайысының жүрісі1.2-жүргізуші шығу 2.2014-2015 оқу жылының күз ханзадасы мен күз ханшайымын ортаға шақыру 3.Ханзада мен ханшайымдарды шақыру 4.Әділқазылар алқасын шақыру 5.Сайыс бөлімдерін таныстыру 6.Күзгі вальс биін билеуЖоспары:1.Әр сыныптың өз өнерлері (ән, би, көрініс т.б.) 2.Ханзада мен ханшайым сайысыШарттары: 1. Таныстыру 2. «Кім тапқыр» Сұрақ-жауап 3. Күзге байланысты көрме дайындау4.Өз өнерін көрсету (ән, би, көрініс, актерлық шеберлік т.б.)5.Сән үлгісі

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 944 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.03.2020 795
    • DOCX 26.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Колупаев АРТЕМ Евгеньевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Колупаев АРТЕМ Евгеньевич
    Колупаев АРТЕМ Евгеньевич
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74158
    • Всего материалов: 227

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе