Главная / Другое / сценарий конкурса на тему: "Қыз өмірдің қызғалдағы"

сценарий конкурса на тему: "Қыз өмірдің қызғалдағы"




78 МЕКТЕП











ҚЫЗ ӨМІРДІҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ




Дайындаған: А.Баймаханова










Сарыбұлақ ауылы





Тәлімгер: Баймаханова Алмагуль Нурпашевна

Сарыбұлақ ауылындағы № 78 орта мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен 2014жылдың5-наурыз күні сағат 17-00 өткізілген "Көктем аруы" атты сайыстың


Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы:


Сайыстың мақсаты:

Қыз балаларды инабаттылыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу, ұлттық өнерге баулу, ұлттық дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттырып, эстетикалық тәрбие беру, тілді сүюге деген ынталарын ояту.


Сайыстың негізгі кезеңдері:

1 Таныстыру. "Мен қазақтың қызымын ".

2 Сұрақ-жауап."Сіз салт дәстүрді білесізбе ?"

3 Гүл жасай білесіңбе?

4 Ас адамның арқауы ( өзінің қолынан келетін

cалат түрін жасау)

5 Үй тапсырмасы. "Қыз еркем кестесімен

көркем"

6 Өз өнері "Өнерлі өрге жүзер"

жүргізуші:

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер, көрермен, сергісін бой.

жүргізуші:

Қыздар, сендер арқауы ән мен күйдің,

Ақ жансыңдар пәктігіңдей сәбидің.

Қандай теңеу айтса дағы жетпейтін,

Қыздар сендер қызғалдағы әр үйдің. – деп Қадір Жүсіп жырлағандай, "Қыз өмірдің қызғалдағы" атты сайысымызға қош келдіңіздер.


жүргізуші:

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нық сын алар, - дегендей, осы сайыстың ара жігін ажырататын, әділдігін айтып, тура шешім шығарар әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.






жүргізуші:

Танадай көзі жайнаған, талпынса қанат талмаған.

Қуанышты арулардың, беті қызыл алмадан.

Алтын кірпік, ай қабақ, жамалы жарқын, айнадан

Көкте болса көгінде, жерде болса жерінде,

Қолға алғанын қопарып, құлшына жеңбей қоймаған.

Алатаудың бақытты бұлбұлындай сайраған.

Бақ. дарыған мектеп арулары мынау жайнаған

. Залға аруларымызды біртіндеп музыканың әуенімен ортаға шақырамыз


жүргізуші:

Сыпайы оның мінезі

Күліп жүрер ақырын

Қыз сынына кеп қкапты

Жүрек жүтқан Балнұр қыз


жүргізуші:

Алайық қарсы Үмітханды

Үлгілі қыз бұл ибалы

Қыз сынына кеп қапты

Әкелген көп бар сыйлары

жүргізуші :

Назерке де өнерлі

Күліп жүрер ақырын

Жолың болсын Назерке

Өнеріңді төк енді.

жүргізуші

Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ бота көзді, сұлу қыз,

Айжандай ержүрек қыз табылмас.


жүргізуші:

I- КЕЗЕҢ

"Мен қазақтың қызымын"


Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен арулар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

(Арулар өздерін таныстыруға шығады. Өзін қара сөзбен, өлеңмен

таныстыру)

жүргізуші:

"Мен қазақтың қызымын" сайысына баға беру үшін әділқазылар

алқасына сөз берейік.

II-кезең

Салт-дәстүрді білесіңбе?


1-сұрақ: Қызға таңдай берудің мәнін түсіндір

Жауабы: таңдайы тақылдаған шешен болсын деген ырым бар.


2-сұрақ: Тымаққа салу

Жауабы: Ел арасында шала туып тымаққа салып өсірген екен деген сөз жиі естіледі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді. Тымақ – жылы, әрі бесікке салуға ыңғайлы болады. Тымақ кереге басына ілініп қойылады.


3-сұрақ: Ит көйлек

Жауабы: Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегін «ит көйлек» деп атайды. Өйткені ол кәдімгідей көйлек сияқты тігілмейді, жөрмелеп, іліп қана тігеді. Бала қырқынан шығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп, оны иттің мойнына байлап жібереді. Итті балалар қуып жетіп, немесе шақырып, ұстап, тәттісін бөліседі. «Иткөйлекті» баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады.


4-сұрақ: «Асар» сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

Жауабы: Бір жанұяның қолынан келмейтін күрделі жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады. Мысалы: үй көтергенде, егін салғанда, жинағанда, шөп шабуға тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады. Асарға шақырылғандар еңбегі үшін төлем ақы талап етпейді.,


5-сұрақ: Ерулік

Жауабы: Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі.


6-сұрақ: Жиенқұрық

Жауабы: Қыздан туған балалар «жиен» деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашыларынан қалаған затын яғни «жиенқұрық» алуға тиіс. Нағашысы жиенінің бетін қайтармай үш рет беруге міндетті. Халық жиенді ренжітпей «жиен назасы жаман» деп еркелетіп ұстаған. Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды деген де сөз бар.


7-СҰРАҚ Байғазы, Көрімдік

Жауабы : балалардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай ,заттай сыйлық

Жаңа туған балаға,жас келінге .күйеуге көрімдік береді

8-сұрақ Бала тәрбиесіне байланысты салт дәстүрлер?( Шілдехана, баланың қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу)

Әділ қазылар алқасының алдында салт-дәстүрге, ырымға

байланысты сұрақтар жасырылған, соған жауап берсеңіздер.



жүргізуші:

Қыздарымыздың жауап беруіне қарай бағаларыңызды берсеңіздер.


III- КЕЗЕҢ

"Гүл жасай білесіңбе ?"



жүргізуші:

IV-КЕЗЕҢ

«Ас – адамның арқауы»

Бұл кезеңде қыздар аналарына көмектесетіндіктерін істерімен дәлелдейді.

Әр сайыскер дайындап келген салат түрін осы жерде жасау керек.

жүргізуші:

Ақ жүзіндей ананың

Күндер келді жалғасты

Аруларды байқайық

Қандай екен дәм асы

- деп, қыздарымыздың салаты дайын болғанша жігіттеріміздің көрінісін

тамашалайық.

жүргізуші:

Қыздарымыздың аспаздық шеберлігін бағалап

әділ бағасын беріп жіберсеңіздер

.

V-КЕЗЕҢ

Үй тапсырмасы

Қыз еркем кестесімен көркем

Шеберлердің өнері тамған қолдан

Жаңылмаған ата-баба жолыннан

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін

Біз айтайық төрелігін соңынан - деп, үй тапсырмасына кезек беріп, аруларымыздың үйден дайындап келген қол өнер кестелерін әділқазы алқасына көрсетеді


жүргізуші:

Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,

Қай қазақта әншісін қарсы алмаған

Бекжандай баламыз ән шырқаса,

Жан барма екен қызығып тамсанбаған

қыздарымыздың шаш үлгісі дайын болам дегенше кезекті әнге берейік


жүргізуші:

VI-кезең

" Өнерлі өрге жүзер"

жүргізуші:

Бастап бүгін арулардың сайысын

Аруларды бар қазағым танысын

Өнерлі өрге жүзер ендеше ,

Аруы боп өзі туған жердің бағы үшін

Аруларымызды өз өнерін көрсету үшін ортаға шақырамыз


Қорытынды:


жүргізуші:

Шешендік, көсемдік бар бар тілімізде,

Оттылық, тектілік бар өзімізде.

Ұрпағымыз – жаңа өмір, жаңа ғасыр,

Жарасып тұр үлгіміз, сәніміз де.

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Аруы деп мектептің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал, аруларға сәттілік тілейікші.

Аруларымызды марапаттау үшін сөз кезегі __Бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Жүргенова Гүлдәурен апайға сөз беріледі

.

жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше хош-сау болыңыздар!
















Байқаудың шарттары:



  1. Мен қазақтың қызымын. (таныстыру)

  2. Өнерлі өрге жүзер. (өз өнерін көрсету)

  3. Ас – адамның арқауы. (өзінің қолынан келетін ас мәзірін дайындау)

  4. «Сұлулық сыры» (сәндік киім үлгісі)

  5. Зерделінің ойы озық. (сұраққа жауап беру)


Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар:

1-сұрақ: Қызға таңдай берудің мәнін түсіндір

Жауабы: таңдайы тақылдаған шешен болсын деген ырым бар.


2-сұрақ: Тымаққа салу

Жауабы: Ел арасында шала туып тымаққа салып өсірген екен деген сөз жиі естіледі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді. Тымақ – жылы, әрі бесікке салуға ыңғайлы болады. Тымақ кереге басына ілініп қойылады.

3-сұрақ: Ит көйлек

Жауабы: Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегін «ит көйлек» деп атайды. Өйткені ол кәдімгідей көйлек сияқты тігілмейді, жөрмелеп, іліп қана тігеді. Бала қырқынан шығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп, оны иттің мойнына байлап жібереді. Итті балалар қуып жетіп, немесе шақырып, ұстап, тәттісін бөліседі. «Иткөйлекті» баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады.

4-сұрақ: «Асар» сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

Жауабы: Бір жанұяның қолынан келмейтін күрделі жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады. Мысалы: үй көтергенде, егін салғанда, жинағанда, шөп шабуға тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады. Асарға шақырылғандар еңбегі үшін төлем ақы талап етпейді.,


5-сұрақ: Ерулік

Жауабы: Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі.


6-сұрақ: Жиенқұрық

Жауабы: Қыздан туған балалар «жиен» деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашыларынан қалаған затын яғни «жиенқұрық» алуға тиіс. Нағашысы жиенінің бетін қайтармай үш рет беруге міндетті. Халық жиенді ренжітпей «жиен назасы жаман» деп еркелетіп ұстаған. Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды деген де сөз бар.


сценарий конкурса на тему: "Қыз өмірдің қызғалдағы"
  • Другое
Описание:

Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы:

Сайыстың мақсаты:

Қыз балаларды инабаттылыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу, ұлттық өнерге баулу, ұлттық дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттырып, эстетикалық тәрбие беру, тілді сүюге деген ынталарын ояту.

Сайыстың негізгі кезеңдері:

1 Таныстыру. "Мен қазақтың қызымын ".

2 Сұрақ-жауап."Сіз салт дәстүрді білесізбе ?"

3 Гүл жасай білесіңбе?

4 Ас адамның арқауы ( өзінің қолынан келетін

cалат түрін жасау)

5 Үй тапсырмасы. "Қыз еркем кестесімен

көркем"

6 Өз өнері "Өнерлі өрге жүзер"

жүргізуші:

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер, көрермен, сергісін бой.

жүргізуші:

Қыздар, сендер арқауы ән мен күйдің,

Ақ жансыңдар пәктігіңдей сәбидің.

Қандай теңеу айтса дағы жетпейтін,

Қыздар сендер қызғалдағы әр үйдің. – деп Қадір Жүсіп жырлағандай, "Қыз өмірдің қызғалдағы" атты сайысымызға қош келдіңіздер.

жүргізуші:

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нық сын алар, - дегендей, осы сайыстың ара жігін ажырататын, әділдігін айтып, тура шешім шығарар әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

жүргізуші:

Танадай көзі жайнаған, талпынса қанат талмаған.

Қуанышты арулардың, беті қызыл алмадан.

Алтын кірпік, ай қабақ, жамалы жарқын, айнадан

Көкте болса көгінде, жерде болса жерінде,

Қолға алғанын қопарып, құлшына жеңбей қоймаған.

Алатаудың бақытты бұлбұлындай сайраған.

Бақ. дарыған мектеп арулары мынау жайнаған

. Залға аруларымызды біртіндеп музыканың әуенімен ортаға шақырамыз

жүргізуші:

Сыпайы оның мінезі

Күліп жүрер ақырын

Қыз сынына кеп қкапты

Жүрек жүтқан Балнұр қыз

жүргізуші:

Алайық қарсы Үмітханды

Үлгілі қыз бұл ибалы

Қыз сынына кеп қапты

Әкелген көп бар сыйлары

жүргізуші :

Назерке де өнерлі

Күліп жүрер ақырын

Жолың болсын Назерке

Өнеріңді төк енді.

жүргізуші

Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ бота көзді, сұлу қыз,

Айжандай ержүрек қыз табылмас.

жүргізуші:

I- КЕЗЕҢ

"Менқазақтыңқызымын"

Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен арулар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

(Арулар өздерін таныстыруға шығады. Өзін қара сөзбен, өлеңмен

таныстыру)

жүргізуші:

"Мен қазақтың қызымын" сайысына баға беру үшін әділқазылар

алқасына сөз берейік.

II-кезең

Салт-дәстүрді білесіңбе?

1-сұрақ: Қызға таңдай берудің мәнін түсіндір

Жауабы: таңдайы тақылдаған шешен болсын деген ырым бар.

2-сұрақ: Тымаққа салу

Жауабы: Ел арасында шала туып тымаққа салып өсірген екен деген сөз жиі естіледі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді. Тымақ – жылы, әрі бесікке салуға ыңғайлы болады. Тымақ кереге басына ілініп қойылады.

3-сұрақ: Ит көйлек

Жауабы: Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегін «ит көйлек» деп атайды. Өйткені ол кәдімгідей көйлек сияқты тігілмейді, жөрмелеп, іліп қана тігеді. Бала қырқынан шығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп, оны иттің мойнына байлап жібереді. Итті балалар қуып жетіп, немесе шақырып, ұстап, тәттісін бөліседі. «Иткөйлекті» баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады.

4-сұрақ: «Асар» сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

Жауабы: Бір жанұяның қолынан келмейтін күрделі жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады. Мысалы: үй көтергенде, егін салғанда, жинағанда, шөп шабуға тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады. Асарға шақырылғандар еңбегі үшін төлем ақы талап етпейді.,

5-сұрақ: Ерулік

Жауабы: Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі.

6-сұрақ: Жиенқұрық

Жауабы: Қыздан туған балалар «жиен» деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашыларынан қалаған затын яғни «жиенқұрық» алуға тиіс. Нағашысы жиенінің бетін қайтармай үш рет беруге міндетті. Халық жиенді ренжітпей «жиен назасы жаман» деп еркелетіп ұстаған. Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды деген де сөз бар.

7-СҰРАҚ Байғазы, Көрімдік

Жауабы : балалардың жаңа киімі
Автор Баймаханова Алмагуль Нурпашевна
Дата добавления 10.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 828
Номер материала 59104
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓