Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі»ММ
«Затобол мектеп-гимназиясы»
Сергіту сәттерінің жиынтығы
Құрастырған: Қазақ тілі мұғалімі
Щерботаева Джумагуль Каришқызы
2013-2014 ж.
☼ ☼ ☼
Топ-топ
Доп –доп
Допты теуіп қалдым
Доп жоғалды
Доп жоқ
Қап, қап
Тап,тап
. ☼ ☼ ☼
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп, теріп алайық.
☼ ☼ ☼
Ал балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
☼ ☼ ☼
Шаршамаймыз ешқашанда,
Демаламыз бой жазып
Жүгіреміз, секіреміз,
Көңілденіп ән салып.
☼ ☼ ☼
Секірейік , жүгірейік,
Қуанайық,, күлейік.
Отырайық,, демелайық,
Демалып – ап жүрейік.
☼ ☼ ☼
Қане, балалар тұрайық.
Қолды белге қояйық.
1,2,3 – Достық, берік, күш!
Баста алға түс!
Құстай жылдам ұш!
☼ ☼ ☼
Торғай, торғай, тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап
Бөтегесі томпайып,
Шиқ – шиқ етіп отырады.
☼ ☼ ☼
Жүгіреді тез тышқан,
Мысық оны қуады.
Мияу – мияу – мияулап
Жете алмай қалады.
☼ ☼ ☼
Орнынан тұршы,
Бетінді жұшы,
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы.
☼☼☼
Бір, екі, үш,
Биік секір – толсын күш.
☼ ☼ ☼
Добым, добым, домалақ
Тоқтамайсын домалап.
Қыс келді! Пришла зима!
Много снега принесла.
Қар жауды.Снег идет
Скоро будет -Новый год!
☼☼☼
Прыг- прыг, хлоп – хлоп,
Мы играем с другом в доп.
Мяч взлетает к облакам
И летит обратно к нам.
☼☼☼
Орнымыздан тұрайық,
Шеңбер жасап алайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Қолымызді жаяйық,
Құс боп қанат қағайық.
☼☼☼
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Жоғары қолды созамыз,
Аяқтын ұшында тұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
☼☼☼
Қане, балалар, тұрамыз,
Ұлкен шеңбер құрамыз.
Қолды алға созамыз,
Отырып бір тұрамыз.
Оңға, оңға түзу тұр.
Солға, солға тұзу түр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
☼☼☼
Балық болып жүземіз,
Шынығамыз суда біз.
Шынықсақ біз бәріміз,
Шымыр болып өсеиіз.
Бір, екі, үш- білекке күш.
Бір, екі, үш-аяққа күш.
☼☼☼
Үлгереміз әр іске:
Үйренеміз әріпті,
Үйренеміз санауды,
Ән айтуды, билеуді.
Бәрін білгім,
Бәрін білгім,
Бәрін білгім келеді.
☼☼☼
Аппақ, аппақ-бәрі аппақ,
Ақ қар аппақ. бор аппақ.
Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ.
Ақ сүт, айран, қант аппақ. Е. Өтетілеуұлы
☼☼☼
Тік жүреміз, бұрылыс
Оңға ма, солға ма?
Дың-дың-қоңыраумын,
Дың-дың- соғыламын.
Мені тыңда, жол табамын.
☼ ☼ ☼
Қызыл, жасыл, көк...
Қызыл алма,
Жасыл шөп,
Көк аспан,
Алтын, сары күн.
Тамаша бүгін күн.
☼ ☼ ☼
Он қолымда- бес саусақ
Сол қолымда –бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бәрін санап аламыз.
☼ ☼ ☼
Алақай-ау, алақай!
Қандай жақсы көктем ай!
Нұр жамылды далалар,
Келді ауылға көп торғай.
☼ ☼ ☼
Ертемен күнде мен
Киімімді киемін.
Киімді тәртіппен,
Кию керек-
Білемін.
☼ ☼ ☼
Қолыммен мен жазамын,
Қолыммен мен бояймын.
Аяғымен жүгіремін,
Секіремін, билеймін.
☼ ☼ ☼
Бала,бала,балақан,
Қане, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай былай ойнат.
☼☼☼
Топ,топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жас,.жаса, алтын кұн.
Жаса,жаса, алтын күн.
☼☼☼
Біз аяқпен топылдаймыз,
Біз қолмен шапалақтаймыз,
Баспен біз шайқаймыз,
Қолды жоғары көтереміз.
Одан кейін түсіреміз,
Одан кейін ақырын
Орнымызда жүгіреміз.
☼ ☼ ☼
Бас бармағым –папап.
Балан үйрек-апам.
Ортан терек-ағам.
Шылдыр шүмек-мен.
Кішкентай бөбек-сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
☼☼☼
Бірім-бір,
Екім-екі,
Үшім-үш,
Төртім-төрт,
Бесім-бес,
Алтым-алты,
Жетім-жеті,
Сегізім-сегіз,
Тоғызым-тоғыз,
Оным-он,
Қайталашы, ай-күнім.
☼ ☼ ☼
Қатар-қатар тұрайық,
Сапқа тұрып,сұрайық,
Кімнің болса бойы ұзын-
Бастаушысы қатардың.
Ал, бастаушы, бас алға,
Бәрімізді басқар да.
Алға басып, біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Қалып қойма бірін де,
Біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік!
☼ ☼ ☼
Қызыл, жасыл, көк...
Түрлі түстер көп.
Қызыл алма,
Жасыл шөп,
Көк аспан,
Алтын, сары күн.Тамаша бүгін күн.
☼☼☼
Сағаттың тіліндей,
Иіліп онға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Он аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Алға қарай бір қадам,
Артқа қарай бір қадам,
Солға қарай бір қадам,
Онға қарай бір қадам,
Бір отырып,бір тұрып,
Сәл тынығып, қайтала.
☼ ☼ ☼
Жаңбыр жауды тамшылап,
Жерге түсті жапырақ,
Құстар кетті,балақай,
Күз де келді, алақай!
☼ ☼ ☼
6 654 986 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Щерботаева Джумагуль Каришевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
6 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.