Главная / Другое / сайыс"Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз"

сайыс"Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз"

сайыс"Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз"
  • Другое
Описание:

Сайыстың тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

 «Көк тудың желбірегені» әні қойылады.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар,оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік сайысымызға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз,себебі, осынау жүрекжаржы қуанышқа толы күнді ата –бабаларымыз ғасырлар бойы армандап,күтумен өтті.

2-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік- ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

 

1-жүргізуші:

 

Кең- байтақ ,көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман,жасыл жайлау көлім менің

Бүгін де бар әлемге даңқын жетті

Тәуелсіз Қазақстан- елім менің

 

-Бүгін біз еліміздің тәуелсіздігіне байланысты 4 «а» мен  5 «а» сынып оқушылары арасында сайысымызды өткіземіз.

 

1-кезең: «Сәлем-сөздің басы» (топпен таныстыру)

 

1-кезең:  «Бәйге»  (әр топқа 10 сұрақтан қойылады)

 

«Қазақстан» тобы

1.Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз)

2.Қай жылы тәуелсіздік жарияланды? (1991 ж.16 желтоқсан)

3.Рәміздерге не жатады? (ту,елтаңба,әнұран)

4.Қазақстанның астанасы. (Астана)

5.30 тамыз қандай мереке? (конституция мерекесі)

6.Қай жылы мемлекеттік рәміздер бекітілді? (1992ж.4-маусым)

7.1-желтоқсан қандай мереке? (президент күні)

8.Туда не бейнеленген? (күн, қыран ,ою-өрнек)

9.әнұранның авторы кім? (Ж.Нәжімиденов, Н.Ә.Назарбаев)

10.Төл теңгеміз қай жылы дүниеге келді? (1993ж. 15-қараша)

 

«Менің елім» тобы

1.Елтаңбада не бейнеленген? (шаңырақ, қанатты тұлпарлар, жұлдыз.)

2.Қазақстан республикасының президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

3.Астананың бұрыңғы аты. (Ақмола)

4.Тәуелсіздік  сөзінің аудармасы. (независимость)

5.Астанада не бар? (Ақ орда,парламент,Бәйтерек,Ханшатыр т.б)

6.16-желтоқсан қандай мереке? (тәуелсіздік)

7.Қазақстанның он түстік астанасы. (Алматы)

8.Туда кок түс пен сары түс нені білдіреді? (көк,ашық аспан және сары –алтын,яғни байлық)

9.Астананың астанадан айырмашылығы қандай?

10.Рәміздер сөзінің аудармасы. (символы)

 

3-кезең: «Ойлан тап» (әріптерден сөз құрастыру)

 

4-кезең: Капитандар сайысы. (жабық көздерімен тудың  элементін күннің көзін салу)

 

 

5-кезең: «Сөздің көркі- мақал»

 

«Менің елім» тобы

 

Туған жердей жер болмас,

(туған елдей ел болмас)

Ел мен жер (егіз)

 Отан-қуат, (отбасы-шуақ)

Көп ел- (сарқылмас көл)

Егемен елдің (еңсесі биік)

Әркімнің өз жері (Мысыр шахары)

Ердің көркі –елімен,

(Отанкөркі-жерімен)

Отан үшін отқа түс күймейсің

(Арың үшін –алыссан өлмейсің)

Туған елдің (тезегі де дәрі)

 

 

«Қазақстан» тобы

 

1-жүргізіші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

 

2-жүргізуші:

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

 

Әділқазылар қорытындылағанша,оқушылар өлең айтады.

«Қазақстан бақытты»

 

1-жүргізуші:

 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Автор Смаилова Анар Амангельдиновна
Дата добавления 21.12.2014
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 587
Номер материала 9445
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓